Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi


Жоспар
Кiрiспе
I. Мемлекеттiк бюджеттiң мәнi және нарықтық экономикада алатын орны
- Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi және құрылымы
- Бюджет балансы және бюджет тапшылығы
- Бюджет жүйесiн жетiлдiрудiң негiзгi принциптерi
II Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi
2. 1Мемлекеттiк бюджет жүйесi және Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
2. 2 Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiгiн талдау
2. 3 Қазақстан Республикасының бюджеттiк рәсiмi
III Қазақстан Республикасының бюджетаралық қатынастары
3. 1 Бюджетаралық қатынас - бюджет процесiн дамытудың бiрден-бiр қайнар көзi
- Қазақстан Республикасының бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерiнiң Қазақстан Республикасы Президентi Н. Назарбаевтың халыққа жолдауында алатын орны
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер тiзiмi
Кiрiспе.
Қаржы жүйесiнiң негiзгi буыны мемлекеттiк бюджет болып табылады. Мемлекеттiк бюджет - мемлекеттiң негiзгi қаржылыққ жоспары ол мемлекеттiң шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзi немесе табыс пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикада елдiң мемлекеттiк бюджетi жеке баптар бойынша арасындағы салмағын көрсетедi.
Мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланыста болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастарда және заңды нормаларға негізделген бюджеттің барлық түрлерінің жиынтығын білдіреді.
Бүгiн Қазақстан егемендi ел болған соң республикасына үкімет өзiнiң ұлттық мемлекеттiк бюджетiн құрды. Себебi, бюджет егемен елiмiздiң ең басты нышаны және елiмiздiң сыртқы, iшкi экономикалық әрекеттердi жүргiзудiң басты көзi.
Қазақстан Республикасының кодексiне жыл сайын Қазақстан Республикасы туралы заң күшi бар нормативтi актi қабылданады. Мұнда яғни сол жылға арналған бюджет көлемi кiрiстер, шығыстар сомасы көрсетiледi. Жалпы бюджет Республиканың ең басты қаржы құжаты болып табылады.
Қазiргi нарықтық және бүкiләлемдiк жахандану процесiнде елдiң басты әлеуметтiк - экономикалық мәселелердiң шешiмдерi көбiнесе тiкелей түрде мемлекет бюджетiне байланысты болады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді.
Бюджет процесі-бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет болып табылады.
- Мемлекеттiк бюджеттiқ мәнi және нарықтық экономикада алатын орныМемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi және құрылымы
Бюджет дегеніміз-мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады. Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықт ы қоғамдық арналымды орындайды - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекетітк бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
- мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны б. т
- құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасындағы құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік сферада да тауар ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады.
Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарында пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айырмашылығымен айқындалады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар ж. т. т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды.
Нарықтық механизмге көшу жағдайындамемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті керекті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясаттын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Дағдыдағыдай кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады. Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
- кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
- шығындар;
- операциялық сальдо;
- таза бюджеттік ркедит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
- қаржы активтері мен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
- бюджет тапшылығын (профициті) ;
- бюжет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджет кірістері.
- Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекеттке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады.
- Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
- Салықтық емес түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттермен басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.
- Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; мелекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша; мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерін өзге құқықтық нысандарда өткізуден түсетін ақша; мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша;
- Ресми трансферттер түсімдері - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.
- Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
- Нысаналы ресми трансфертетрді қоспағанда кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Жаңа бюжеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік.
Функционалдық сыныптамаға байланысты шығыстар 5 бөлімге бөлінеді: функционалдық топ, ішкі функция, мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама. Аталған деңгейлердің ұштастырылуы шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодын құрайды.
Бюджет шығындары
Қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
- мемлекеттік мекемелердің қызметін қастамасыз ететін шығындар;
- тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
- мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
- жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
- заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
- ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыыптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама - функциналдық, ведостволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Бюджеттің шығыстары - бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар
Республикалық бюджеттен шығыстар мен кредиттердің жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдағыдан басқа, өзге нормативтік құқықтық актілерде шығыстар мен несилендірудің ең аз, шекті немесе тіркелген мөлшерлерін белгілеуге жол берілмейді.
Нарықтық жағдайларға көшу республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшрауда - ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.
Экономика мен әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыру шығыстарының едәуір бөлігі төмен бюджеттерге субвенциялар нысанында беріледі.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Үкімет атынан республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде кредиттер бере алады. Кредиттер берудің тәртібі мен шарттарын Үкімет белгілейді.
1. 2. Бюджет балансы және бюджет тапшылығы
Әрбір бюджетте кіріс және шығыс бөліктерінің теңестірілуі, яғни тепе-теңдікке келтірілуі тиіс. Бюджетті жасаған кезде ақшалай түсімдер мен мемлекет шығындарының тепе-теңдігіне жету негізгі мәселе болып табылады. Ол мемлекеттік борышты қайтаруға жұмсалуы немесе бюджет қаражаттарының бос қалдығын құруға жұмсалуы мүмкін. Бұл қаржы бюджет кезеңі аяқталған соң Министрлер Кабинетінің және жергілікті өкілетті, атқарушы органдардың банктердегі арнайы шот есебіне аударылады да, кассадағы қолма-қол ақша айналымын өсіруге пайдаланады, содан соң мемлекеттік борыштарды өтеуге жұмсалады. Мұндай қажеттілік тумаса, шешімді тиісті билік жүргізуші органдар қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып кетуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Зор көлемде ұдайы тапшылық орын алса, қаржының дағдарысқа ұшырағаны. Елдегі жалпы ұлттық өнімнің 2-3%-ы көлемінде бюджет тапшылығы қалыпты деңгей деп саналады. Мұндайда тапшылық мемлекеттік заемдар немесе қағаз ақша шығарылу арқылы шығарылады. Бұл шаралар тапшылық тым өсіп кеткен жағдайда тиімсіз. Мұның өзі инфляцияның тым қарқын алып, ақша айналымы заңдарының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын-профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың бас қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда, бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
- Елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
- Қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
- Айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару,
- Бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
- Әскери-өнеркәсіптік кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
- «Көлеңкелі » экономиканың ірі ауқымды айналымы
- Ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығындар мен ысыраптар.
Бюджет тапшылығын жабудың әдістері:
- Мемлекеттік қарыздар
- Салық салуды көбейту
- Ақша эмиссиясы
Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік қарыздар, қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу туралы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өздерінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат іш тұжырымдамаға негiзделедi.
1. Жыл сайынғы теңдестiрiлетiн бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейiн фискалдық саясаттық мақсаты деп есептелдi. Алайда бюджеттiң мұндай жай-күйi фискалдық саясаттың тұрлауландырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджеттi теңдестiру тiптi экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкiн. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезiнде салық түсiмдерi автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджеттi теңдестiру үшiн мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерiн арттыруы, не мемлекеттiң шығыстарын қысқартуы, не бұл екi әрекеттiде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндiрiстiң одан сайын құлдырауы болып табылады.
Бюджеттi теңдестiру саясаты сонымен бiрге инфляцияны үдетуi мүмкiн. Инфляцияның болуы кезiнде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсiмдерiн көбейтедi. Бюджеттiң артығын жою үшiн мемлекет мына шараларды қолдануы тиiс: не салықтардың мөлшерлемелерiн төмендетуi, не мемлекеттiң шығыстарын көбейтуi, не бұл екi шараның ұштастырылуын пайдалануы тиiс.
2. Циклдiк негiзде теңдестiрiлетiн бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңдестiрiледi. өндiрiстiң құлдырауын болдырмау үшiн мемлекет тапшылықты әдейлеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтедi. Экономикалық келесi өрлеуi кезiнде мемлекет салықтарды көбейтедi және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттiң артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтiп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл iшiнде бюджеттi теңгеру жүргiзiледi. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдiгi мен ұзақтығы бойынша бiрдей болмайтындығы, мұнңы өзi бюджеттiң циклдық теңгерiмдiлiгiн бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсiз буыны болып табылады.
3. Қаржының функционалдық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшiн жалпы экономиканы теңдестiру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезiнде бюджеттi теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттiк борыштыңт да, бюджет артығының да болуына рұхсат етiледi. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесi бюджетке түсетiн түсiмдердi автоматты түрде қамтамасыз етедi, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсудi ынталандыратын болады, мұның нәтижесiнде тапшылық өзiн-өзi қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен iс жүзiнде шексiз айла-шарғы жасай алады және бюджеттiң тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бiрге тапшылықтар мен iрi мемлекеттiк борыштың болуы қалыпты экономика үшiн қауыптi емес деп шамаланады.
Циклдiк негiзде және функционалдық қаржы тұжырымдамасында теңдестiрiлетiн бюджеттiң тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай күйiн есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиiмдi шараларды қаржыландыруды камтамасыз ететiн қаржылық шаралардың негiзделген бағдарламасын әзiрлеудi қажет етедi.
1. 3. Бюджет жүйесiн жетiлдiрудiң негiзгi принциптерi
Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
- Біртұтастық принципке бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;
Біртұтастық мемлекетте бірыңғай бюджет жүйесінің елдің аумағында әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде, қаржы құжаттарының бюджет жүктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың әдістері мен ұйымдастырылуының бірыңғайлығын, оның «әлеуметтік-экономикалық болжаммен өзара байланысын қамтамасыз етеді». Бюджеттің біртұтастығы принципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына бақылау орнату.
- Толықтық принципі үкіметтің барлық қаржы операцияларының, барлық жиналатын кірістер мен жұмсалынатын шығындардың бюджетте шоғырландырылып, бағдарламалары көрсеткіштеріне негізделіп, бюджет резервтерімен нығайтылған барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің негіздемелеріне қарай анықталады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz