ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ИСЛАМ ДІНІ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫНАН


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ИСЛАМ ДІНІ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫНАН
Біз - тегіміз Түрік, дінміз - Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін Қасиетті кітап - Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек.
Ислам - тек дін ғана емес, ол - біздің мәдениетіміз.
Біз суннит (Пайғамбар жолын ұсаған) мұсылмандармыз және осы жолдан айнымауға тиіспіз.
. . . біз терроризмді ешқашан қолдаған емеспіз және осы тұжырымды мықтап ұстанамыз.
«Свобода» радиосына берген сұқбатынан
. . . біз дінді қару етіп үкімет басына келушілерді құптамаймыз. Қазір жалған діндер көп және соларға еріп жүргендерді де құптамаймыз.
Саясат күнде өзгереді, ал дін - мәңгілік.
1999 жылы 29 шілдеде Алматыдағы Бас мешітті көруге келгенде сөйлеген сөзінен
Дінді зорлық пен қудалау қаруы етіп пайдалану - біздің жүрегіміздегі Құдайдың айтқанымен емес, саяси әзәзілдердің айтқанымен етек алып жүрген әдет.
«Ғасырлар тоғысы» кітабынан
Біз оның пайғамбарлығын мойындауға міндеттіміз
Мұхаммед христиан діні мен иудаизм дініндегі адасушылықтың қауіптілігін түсінді. Ол өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп пұтқа табынушыларды бір Құдайға иман келтіруге шақырды және мәңгілік өмір дәнін себе бастады. Оны адамзат тарихындағытек қана ұлы адамдарқатарына қосып қою әділетсіздік болар еді. Біз оның пайғамбарлығын және ол Аллаһтың жердегі Елшісі екенін мойындауға міндеттіміз.
Карл Маркс
«Иләһи ғажайыптар» кітабынан
Еуропаны Ислам құтқарады.
Еуропа үлкен құлдырау жолында тұр. Салтанатты сарайлардың саясында жан күйзелісі, ақылдан адасу, өзіне қол салу, ұятсыздық, нашақорлық, маскүнемдік, әйел зорлау, қарақшылық, жыныс аурулары қозып жатыр. Адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сезімі жоғалды. Бәрі өлімнен үрейлене қорқады. Отбасы тұтастығы мен оның мүшелері арасындағы байланыс үзілген. Мемлекет басшылары бұл жағдайдан шығудың жолдарын таба алмай дал болуда. Зиялы қауым рухани жұтаңдықтан әрекетсіз. Еуропаның алдында жалғыз жол тұр. Құтылудың жалғыз жолы. Бұл - Ислам жолы. Басқа таңдау жоқ.
Ричар Белл
«Иләһи ғажайыптар» кітабынан
Гете - Ислам туралы
1995 жылы Веймар қаласында шейх Абдулқадыр әл-Мураби бастаған бір топ зерттеушілер ақынның көптеген шығармаларын зерттейді. Зерттеу нәтижесінде шейх әл-Мурабидің ақынды мұсылман деп танып, пәтуа шығару үшін дәлелдер жеткілікті жинақталған.
Енді Гетенің Ислам туралы пікірдерінен мысал келтірелік:
Анау-мынау нәрсе туралы оңды-солды ой толғау - қандай ақымақтық. Егер Ислам Аллаһқа мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз.
Бір Аллаһқа деген сенім әр уақытта рухыңды биік етеді, өйткені ол - адамның рухани тұтастығының өлшемі!
«Біз бүкіл адамзат баласына нұр шашқан киелі Құран түскен - Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, пайғамбарға мәңглік қарыздармыз»
Аллаһтың тоқсан тоғыз сипатын айтып, мұсылмандардың таспих тартуының өзі өте ұлық ғибадат. Тәңірге тән барлық сипаттарды бір негізде еске алу оның құдіретінің аса шексіздігін білдіреді, сондықтан мұсылмандар Оның еркіне бағынып, тыныштық табады.
«Батыс-Шығыс Диуаны туралы ескертпелер мен очерктер»
«Ұйқыдағы жетеу» деген өлеңінде Гете Исаны екінші пайғамбар деп атаған. Иса - пәк, ол - бір Аллаһтың құлы, Оны Құдай дәрежесіне көтеру - Тәңірді мазақ ету. Аллаһтың бірлігін таныту арқылы бүкіл әлемге бас идірген Мұхаммед әкелген шындық салтанат құрсын!
Диуан өлеңдерінің бірінен
Мені мұсылман деп санауыңызды өтінемін
Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой шіркеуден қол үзіп, жалғыздыққа бой ұрады. Оны христиан дінінің қағидалары қанағаттандырмайды. Сөйтіп 1910 жылы 81 жасында үйін тастап шығып, жолда кетіп бара жатып, Астапова деревнясында қайтыс болады. Ұлы жазушының өмірінің соңы неге қайғылы аяқталады? Бәлкім, оған оның жазған кейбір хаттарынан жауап табуға болатын шығар . . .
Толстой шіркеу туралы былай жазады:
«Өмірдің мәнін өзінше түсіндіруде шіркеу ойына келгенін істеп бақты. өмір заңы Иисус қағидаларына қайшы келді, ал шіркеу жалған түсініктер ойлап тапты, яғни халық Иисус қағидаларына қайшы емес, керісінше үйлесімді өмір сүріп келеді-мыс. Бұл ақырында халықтың пұтқа табынушылардан бетер күн кешуімен аяқталды, ал шіркеу мұндай өмірді ақтағаны былай тұрсын, Иисус ілімінің мәні осында деп тұжырымдады ».
Ясная Поляна
1909 жыл, наурыз
Мұсылманға күйеуге шыққан орыс әйелі Е. Векилованың Толстойға жазған хатында балаларының Ислам дінін қабылдағысы келетінін айтып, осыған кеңес беруін сұраған. Жазушы оған былай деп жауап берген:
«Православиеге қарағанда, мұсылмандықты жоғары қоюға келетін болсақ . . . мен мұндай таңдауды жан-тәніммен қолдаймын. Шын мәніндегі христиандық мұраттар мен христиандық ілімді жоғары қоятын мен ұшін бұлай айту - таң қаларлық нәрсе, дегенмен мен үшін Ислам өзінің мән-мазмұнымен шіркеулік православиеден айрықша биік тұрғандығында ешқандай күдік жоқ. Сондықтан, егер адамға не шіркеулік православиені, не Ислам дінін таңдау еркі қойылса, онда кез-келген саналы адамның күрделі де түсініксіз үштік, күнәні жуу, құпия суреттері бейнеленген әулиелер мен құлшылықтың күрделі түрінің орнына кімде-кімнің Аллаһтың жалғыздығы мен Елшісін мойындау қағидасын ұстанатын Исламды таңдайтынына еш күдік жоқ . . . »
Ясная Поляна,
15 наурыз, 1909 жыл.
Жазушының азапты ізденістерінен туындаған, ойшылдың өмірлік көзқарасы айқын көрінетін тағы бір хатынан үзінді келтірелік:
«Егер сіз менімен бірге бір дінде болсаңыз мен аса қуанышта болар едім. Сонда сіз менің өмірімді аздап ұғынар едіңіз. Байлық, даңқ, құрмет секілді жетістіктер қазір менде жоқ. Достарым, тіпті туыстарым да менен бет бұрды.
Либералдар мен эстеттер мені есуас санайды немесе Гоголь тәрізді ақылы таяз деп біледі, революционерлер мен радикалдар қиялшыл мылжың көреді, үкімет адамдары зиянкес революционер деп ұғады, ал православиеліктер тажал санайды. Мұның мен үшін өте ауыр екенін мойындаймын. Сондықтан мені мейірімді мұсылман деп қана санауыңызды өтінемін».
Л. Толстой
Ясная Поляна, 1884жыл. көкек
Ислам дінін қабылдаған коммунист
Роже Гароди, француз жазушысы, философ, Франция компартиясының бұрынғы мүшесі, «Юманте» газетінің бас редакторы, коммунистік қозғалыстың көрнекті теоретигі. 1982 жылы 3 шілдеде Рамазан айының жұма күні Ислам дінін қабылдаған. Өзінің баспасөз мәжілістерінің бірінде ол былай деген:
«Иә, мен бүгін мұсылманмын! Сіздер: «Неге Исламды таңдадыңыз?» деп сұрап жатырсыздар. Мен өз таңдауым арқылы өз дәуірімнен озып кеттім».
Төменде оның Ислам дінін таңдау себебін түсіндіретін әңгімелерінен бірнеше үзінділер келтіре кетейік:
Біз, Ислам Пайғамбарының: «Ертең өлетіндей Ақыретке дайын болыңдар, ешқашан өлмейтіндей осы дүниеге дайын болыңдар» деген өсиетін әңгіме еткенімізде «Ислам дегеніміз не?» - деген сұраққа түпкілікті жауап береміз. ислам - материалдық дүниеге де, арналған жүйе, өйткені ол екеуі бір-бірінен бөлінбейтін тұтас дүние.
Аллаһтың елшісі «Білімді Қытайдан болса да үйреніңдер» деген, өйткені ғылым мен ақыл діннің ажырамас бөлшегі.
Ислам ілімінің шет-шегі жоқ. Ислам әлемді қамтыған бұл екі дүниенің (материалдық, рухани) арасына шек қоймай, жалпы ғаламды тұтас дүние ретінде қарастырады. Мұны қалай байланыстырады? Ислам адамды Аллаһтың жаратқандарының ішіндегі ең кемелі әрі құрметтісі ретінде қарастыра отырып, Аллаһтың өзіне сыйға берген нәрселерін қалай пайдалануды үйретті. Ислам адамдарға өсім алу мен лас байлыққа малынуға, харам жолмен дүние жинауға тыйым салды, маңдай тер, табан ақымен тапқан ақшаны халал етті, жалқаулық пен адамды құлдыққа түсіруге әкелетін өсімқорлықты харам етті, байға да, кедейге де әділетті ұстануды бұйырды, сөйтіп заңсыз харам жолмен байлық жинаудың және осыдан келіп шығатын, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздіктің жолын кесті.
Ислам ханға да, қараға да бірдей заң жүйесін қалыптастырды. Қылыштан да өткір бір мысал айтайын: Бірде Омар, ради Аллаһ анһу, қасына құлын ертіп бір қаладан екінші қалаға сапар шекті. Олар түйеге кезек-кезек мінді. Түйені бірде халиф, бірде құлы жетектеді. Әділет пен заңның шынайы реформасы дегеніміз - міне, осы!
Роже Гароди
(«Естеліктер» кітабынан)
Иммануил Кант және Ислам
Немістің ұлы ойшылы Иммануил Кант көптеген философиялық кітаптар жазған. Философ өмірінің соңында «Ең жақсы - Ислам» деген. Өзінің өтініші бойынша басына қойылған тасқа: «Төбемде жұлдызды аспан, онда имандылық қағидасы жазылған» деген тіркес қашалған. Зерттеу барысында оның еңбектерінің шығыс ойшылдары мен сопылары Ғазали мен Мұхиддин Арабидің әсерімен жазылғаны анықталған. Мына бір қызық факт назар аударарлық: Кант дипломына өз қолымен арабша «Бисмилләһир-рахманир-рахим» деп жазыпты.
«Иләһи ғажайыптар» кітабынан
Еуропа Ислам дінін қабылдайды.
Мен мұхаммед әкелген дінге оның ғажайып өміршеңдігі үшін үлкен құрметпен қарадым. Менің түсінігімше, бұл - өмірдің ауыспалы жағдайларына тез бейімделетін қабілетке ие бірден-бір дін, сондықтан барлық жастағы адамдарға сөзсіз ұнауы мүмкін. Мен оның өмірімен таныстым, меніңше, ол ғажайып жан, антихрист емес, қайта оны адамзаттың құтқарушысы деп білу керек.
Егер қазіргі әлемді басқару құқы сол секілді бір адамға берілетін болса ол барлық мәселелерді шешер еді және бұл шешімдер сондайлық тыныштық пен бақыт әкелер еді. Мен ертеңгі Еуропаның Мұхаммед дінін қабылдайтынын болжаймын, тіпті Еуропа оны қазірдің өзінде қабылдай бастады.
Бернард Шоу
«Шынайы ислам» 1т. 1936 ж
Қазір мен Исламның сол заманда лайықты орнын алуына қылыш емес, Пайғамбардың айнымас қарапайымдылығы, ерекше байсалдылығы, уәдеге беріктігі, оның сахабалары мен соңынан ерушілерге деген ғажайып сүйіспеншілігі, күш-жігері, ержүректілігі және Құдайға, өз ісіне деген нық сенімі көмектескеніне бұрынғыдан бетер сенемін.
Махатма Ганди
«Жас Индия», 1924 жыл
Мен әркез намазға сапқа тұрған мұсылмандарды көргенде өзімнің мұсылман болмағаныма өкінемін.
Ренан
Француз философы, «Адамзатқа шұғыл хабар» кітабынан
Исламға күні бүгінге дейін өшпенділікпен қарауға христиандарды өздерінің жеке көзқарастары және өшпенділікпен теріс түсіндірушілер мәжбүр етіп келеді. Олардың бұл зұлымдықтары біздерге әр түрлі тұрғыда көрініс беріп отыр.
Хайдар Бомот, жазушы.
«Ислам дүниесі және христиандар үгіті» кітабынан
Мұсылман жауынгерін бір қолына қылыш, бір қолына Құран ұстатып суреттеу - барып тұрған жала.
А. С. Трипттон
«Ислам», Лондон 1951ж. 21 бет
Еуропа өзінің жетілген әкімшілік-сауда заңдарын қалыптастыруда Исламның алдында қарыздар екені айтпаса да анық.
Вильз, ағылшын тарихшысы
«Адамзат тарихының қырлары» кітабынан.
Ислам дінінің басқа діндерге байланысты ұстаған әділетті жолы, мархаметке тола мәмілесі маған өте әсер етті. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мұсылмандарды христиан және яһудилерге жақсы мәміледе болуды бұйыратын еді. Құран Адамнан, айлейһиссәлам, бастап Мұса мен Исаның, алейһиссәлам, хақ пайғамбар екндігін айтады. Бұл - басқа ешқандай дінде жоқ үлкен туралық, ұлық ақиқат. Басқа діннің өкілдері Ислам жөнінде ақылға сыймайтын бұзық сөздер айтып жатса, мұсылмандар оларға жұмсақтық, сыпайылықпен қарсылық көрсетеді.
Дональд Роквелл
«Біз неге мұсылман болдық?» кітабынан
«Наполеон кодексі» (1804 жылғы француздардың азаматтық кодексі) белгілі Ислам факихы имам Маликтің кітаптарынан алынғаны айқын шындық.
Сайдю, француз тарихшысы
Біздің қыздарға зауыт-фабрикаларда жұмыс істегенше үйде отырған артық болар еді. Олар онда тазалықтың жоқтығынан әртүрлі жарақаттарға тап болады, бұл олардың өміріне өшпестей қаяу түсіреді. Неге біздің әйелдер мұсылман әйелдеріндей парасат пен сый құрметке бөленбейді? . . . Бүкіл әлем алдында Англияның жезөкшелерімен аты шығуы қандай масқара!
Ано Руд, ағылшын жазушысы,
«Астран мил» газетінен
Тарих білетін Иисус өзін Құдай дәрежесіне көтеруге келіспес еді.
Пауль Шварценау
«Құран - христиандар үшін жолбасшы» кітабынан
Егер Құранды зерттегендей тәсілдерді қолдансақ, Інжілден не қалар еді?
Игнац Гольцнер
Мен христиан дініне сенуші әке-шешемнің қолында тәрбиеленіп, өте жас кезімнен бастап дін ілімін үйренуге кірістім және ағылшын шіркеуіне байланып, миссионерлікке біршама күш жұмсадым. Бірақ бұл салада ешқандай сәттілікке жете алмадым.
Біраз уақыттан бері барлық адамдар мәңгілік азап үшін жаратылған деген тұжырымға таң қалып, күмәнданатын едім. Христиан діні ілімі бойынша «дүниедгі әрбір адам азапқа душар, тек белгілі, сайлап алынғандар ғана азапқа ұшырамайды» дейді. Менің түсінігімше, егер бұлай болса адамдарды өз құдіретімен жаратқан Құдайды мейірбан, ұлық, әділетті деп есептеуге болмайды.
Осындай күмәнмен екіұдай пікірде болуыма қарамастан, жүрегімде Жаратушының барлығына деген сенім мықты еді. Сондықтан болса керек, «Аллаһ адам сипатында халайыққа көрінген» деген сөзге сене алмайтын едім. Сөйтіп, басқа діндерді де үйрене бастадым. Бірақ, күмәнданудан басқа еш нәрсе өндіре алмадым.
Ал жүрегімде хақиқи Раббыға деген құштарлық, тек оған ғана ғибадат ету қажеттілігі күннен-күнге артып бара жатты.
Христиан ғалымдарының үгіттеуінше, христиан діні Інжілге сүйенеді. Бірақ бұл үгітті мүлдем теріс деп білдім. Інжіл мен Исаның, алейһиссәлам, тағылымының өзгертілуі, қосымшалар қосылуы және бұзылуы менің пікірімнің туралығына жарқын дәлел. Сол себепті Інжілді бастан-аяқ зер салып оқып шықтым және одан мен айтып жеткізе алмайтындай дәрежедегі кемшіліктер табылды.
Сол кезден бастап, адамдардың сенімдеріне мән бермеймін деп ниет еттім және де: «әрбір кісінің өзіне лайық рухы болады, онда мәңгі жасырын қуат бар, кімде-кім жақсылық немесе жамандық істесе жазасын осы дүниеде де және Ақыретте де алады. Егер олар істеген істеріне шындығында да өкінген болса, Жаратушы Өзінің кешірімі және жарылқауымен пенделерінің күнәларын кешіреді» деген қорытындыға келдім.
Жан түкпірінде, жол қаншалық ұзақ, қиын болса да хақиқи «қымбат бағалы інжу-маржанға» жететініме сенімім мол еді. Сол себепті бүкіл уақытымды мән-мағынасы ақыл-ойымды қанағаттандырған Ислам дінн үйренуге бағыштадым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz