Жастар арасында салауатты өмір салты


Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
- Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы
- «Жастар және салауатты өмір салты»
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
Ел басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және Т. С. С. бағытталған» делінген.
«Денсаулық -зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой -пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік -жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын .
Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50 % дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз.
Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, дәрігерлерді, ғылымдарды шындап толғандыруда.
Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы « Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз -азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады» - деп атап көрсетті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты -салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.
Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды.
Салауатты өмір тіршілігі -денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі) ; көңіл күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы, ауаның, судың бұзылуы; дәрі-дәрмекті және тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі - қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол - қимыл - қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады. Қимыл -қозғалыстың аздығы (гипокенезия) денсаулықты бұзатын себептердің бірі.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты: 1. Оқушы жастардың дене тәрбиесі сабағы мен салауатты өмір тіршілігіне әртүрлі көзқарастардың себебін; 2. Оқушы жастардың дене шынықтырумен шұғылдануына кедергі келтіретін факторларды нықтау.
Арнайы сұрақтар тізіміне берілген жауаптар нәтижелері:
- «Денсаулық дегеніміз не?» - деген сұраққа дұрыс жауапты 65 % білімгерлер берді.
- «Ішімдік пен есірткенің денсаулыққа әсері» - деген сұраққа -70 % білімгерлер -ол «Денсаулықты бұзады» - деп жауап берді. Ал, «Ішімдікке қалай қарайсыз? -деген сұраққа» «Аз мөлшерде ішемін» - деп 50%, «Ішпеймін» - деп 50% жауап берді. «Ішемін» деп жауап бергендер оны оқта-текте, тиіп қашып ішетіндер. Салынып ішетіндер қатарына жатпайды.
- Гигиена және санитария ережелерін сақтайсыз ба? - деген сұраққа 70 % білімгерлер «сақтаймыз», 30 % -«анда санда, әр қалай»- деп жауап берді.
- «Салауатты өмір тіршілігі туралы не айтасыз?» - деген сұраққа -75 % білімгерлер дұрыс жауап берді.
Екінші міндет -оқушы -жастардың дене тәрбиесі сабағына және салауатты өмір салтына әртүрлі көзқарастардың себебі. Сұрақтар тізіміне жауап берген оқушыларды дене шынықтыру сабағына көзқарастарына байланысты үш топқа бөлдік: 1 топқа дене шынықтыру сабағына көзқарастары төмен, онымен шұғылдануды қаламайтындар жатты. Бұл топқа барлық сұраққа жауап бергендердің -36-41 % ; 2-топқа -бейтарап, жақсы да емес, жаман да емес, сабаққа көзқарастары әлі толық қалыптаспаған -45-57 % ; 3-топқа -көзқарастары дұрыс, сабаққа ынта қойып қатысатындар жатты, тек олардың саны 2, 8-7 % дейін ғана болды.
Сонымен, жіктеу нәтижесінде оқушылардың көпшілігінің дене тәрбиесі сабағына көзқарастары төмен, қалыптаспаған.
Оның себептері:
- Дене тәрбиесіне қызығушылықтың жоқтығы -38 %;
- Нашар материалды техникалық база -35 %;
- Денсаулықтың төмен деңгейі -28 %;
- Сабақтың, сауықтыру іс-шаралардың төмен деңгейде өтуі -47 %;
- Әдістемелік, спорттық әдебиеттердің жеткіліксіздігі -40 %;
- Дене тәрбиесі жөніндегі теориялық білімінің жеткіліксіздігі -45 %.
Бұл деректерден оқушылардың дене тәрбиесі сабағына көзқарастары әлі төмен деңгейде екенін, оның себептері: оған қызығушылықтың жоқтығы, спорт жабдықтарының материалды -техникалық базаларының нашарлығы, сабақтың төмен деңгейде өтуі т. б. жатады. Сол себептен, біздің ойымызша, қоғамдық сауықтандыру бағдарламасында салауатты өмір салтын жасөспірімдердің арасында қалыптастыру мақсатында осы жайларға баса көңіл бөлу қажет.
«Дене тәрбиесімен шұғылдану сіздің денсаулығыңыздың, жалпы жағдайыңыздың, көңіл-күйіңіздің, жұмыс істеу қабілетіңіздің жақсаруына әсер ете ме?» - деген сұраққа жауап берген бітімгерлердің:
- 44 % - денсаулығымызды жақсартады;
- 50-54 % - жалпы жағдайымызды, көңіл күйімізді көтереді;
- 28 % - жұмыс істеу қабілетімізді жоғарлатады;
- 7 % - жауап бермеді.
«Дене жаттығуларымен аптасына неше рет шұғылданғыңыз келеді» - деген сұраққа берілген жауаптар:
- 35 %- 1 рет
- 40 %- 2 рет
- 11 %- 3 рет
- 4, 8 %- 4 рет
Бұл жауаптардың 40 % бітімгерлердің аптасына 2 рет міндетті түрде дене тәрбиесі сабағымен шұғылдануды қалайды. Соған байланысты біз жалпы бітімгерлерге аптасына 4 сағат дене тәрбиесіне бөлу жөнінде ұсыныс жасаймыз.
Дене тәрбиесі мен шұғылдануға қай сағаттар ыңғайлы? -деген сұраққа, жауаптар:
- 26 % -8-10
- 11 % -10-12
- 12 % -12-14
- 31 % -14-16
- 9 % -16-18
- 12 % -18-20
- 8 % -20-22
Оқу ісін ұйымдастырушылардың пікірінше дене тәрбиесі сабағынан кейін бітімгерлердің назарын келесі пәнге жұмылдыру өте ауыр, сұрақтар тізімінде дене тәрбиесі саған -бірінші сағаттарға (8-10) -26 %, ал ақырғы сағатқа (14-16) қоюды -31 % қалады.
Білімгерлер сұраққа берген жазбаша жауаптарында дене тәрбиесінің керектігін мойындайды: 49 % -ол денсаулыққа жақсы әсер етеді, 53 % - жалпы жағдайының жақсарғанын, 38 % - жұмыс істеу қабілеті жоғарлағанын, 51 % - оның денсаулыққа, жұмыс істеу қабілетіне, көңіл -күйіне жақсы әсер ететінін атап өтті.
Біздің зерттеуіміздің нәтижелері Тараз мемлекеттік педагогикалық институтінің бітімгерлерінің қимыл -қозғалыс деңгейі (қажетті физиологиялық деңгеймен салыстырғанда) -56-65 %, ал емтихан, демалыс кездерінде -39-46 % екенін көрсетті. Бұл деректер бітімгерлердің жыл бойы гипокинезия жағдайында болатындығын көрсетеді. Ол бітімгерлердің арасында ауру санын көбейтуге әсер ететін факторлардың бірі.
Салауатты өмір салтының білімгерлер арасында қалыптасуы, оларға дәрігерлік гигиеналық білім берудің деңгейіне байланысты, біздің институтта бұл мәселе әлі шешім тапқан жоқ. Гигиеналық тәрбие үзбей жүру керек, әсіресе биология циклінің пәндерінде және арнайы «валеология» пәнінің оқу бағдарламасына енуі керек.
Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру- қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы- қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы хал-ахуалына, экологияның нашарлауына, жастардың өз денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түсуде. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе болып табылады. Осы мәселе бойынша «Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбын зерттеулерге талдау жасау барысында мынадай қағидаларды ескеру қажеттілігі жайлы тұжырымға келдік: денсаулықты «біртұтас феномен» ретінде қабылдау және оның жеке тұлғаның өмір сүру салтына байланыстылығын түсіну; салауатты өмір салтын биологиялық және әлеуметтік факторлар арқылы анықтап, жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және экологиялық қолайсыздық бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отырғаны баршамызға аян.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауаты» тармағында « . . . азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының, ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының, ҚР-сы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасының қабылдануы жас ұрпақтың болашағын жақсартудың, оның педагогикалық негіздерінің талапқа сай елеулі орнықтырылуын айқындауды талап етеді. Осының негізінде факультеттің тәрбие жоспарында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мәселелері бойынша бейнефильмдердің көрсетілімін ұйымдастыру жоспарланып талқыланса өте жақсы болары сөзсіз.
Салауатты өмір салты - ол адекваттық тәртіп арқылы денсаулықты басқару. Яғни, өз кезегінде Индивидуалдық қажеттілікке негіздеп, керекті білімді таңдап алуға мүмкіндік береді. Имандылық негізіндегі салауатты өмір салты біртұтас, ғылыми тиімді жүйеде қалыптастырылуы қажет.
Ол үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәжірибелік- әдістемелік кезеңдерін үш бағытта қарастыруға болады:
1. тәрбиелік әрекет;
2. денсаулық деңгейінің диагностикасы;
3. денсаулық денгейін коррекциялау, түзету.
Тәрбие - қоғамдық, өндірістік, мәдени іс-әрекеттегі рухани және дене дамуына әсер ететін мақсатқа бағытталған жүйелі үрдіс. Ол оқу және ағарту саласымен тығыз байланысты. Тәрбиенің ұйымдастырылуы және мазмұны, мақсаты мемлекеттік және қоғамдық қарым-қатынаспен анықталады. Оның дәлелі (айғағы) - жыл сайын өтетін «Денсаулық фестивалін» атап өтуге болады. Қыркүйек айында өткен денсаулық фестивалі университет көлемінде емес, барлық мекемелерде, оқу орындарында өткізілген іс-шара.
Тән саулығы- бұл дененің әзірленген бағдарламаны жүзеге асыру және болжанбаған тосын және төтенше жағдайлардан қаймықпай шыға білу қабілеті.
Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, денеміздің саулығы.
Жан саулығы мен тән саулығы бір-бірімен тұрақты жарасымды бірлігінде болуға тиіс, өйткені бұл адамның жеке тұлғалық денсаулығының ажырамас бөлігі.
Қазіргі таңда біздің университеттерде жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыруға, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары сапалы білім беріп жүрген профессор оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Жыл сайын университет көлемінде оқытушылардың арасында спорттың 22-түрінен спартакиада өткізіліп тұрады.
Спорттың өзара көмек және ұжымдық сезімді қалыптастырып, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтіндігі жақсы мәлім. Адамның материалдық қажеттіліктерінің бірі- дене мүшесінің саулығы. Яғни, адамның денесінің саулығы, сақталуы, нығаюы, ширауы.
Жас ұрпақты рухани-интелектуалды тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Отбасында ата-ананың бала тәрбиесінде жіберген олқылықтары, қадағаламаушылық, жауапсыздық және тәлім-тәрбие деңгейінің төмендеуі салдарынан жастардың жан түршігерлік іс-әрекеттерді жасаған жастар, білім мен тәрбие деңгейінің төмендігі, денсаулық жағдайының нашарлығы, салауаттылық, имандылық, адамгершілік туралы құндылықтардың парқын түсінбейтіндігі жасырын емес. Салауатты өмір сүрудің мән-мағынасын түсінбегендіктен жағымсыз іс-әрекеттерге әуестілік, рухани құндылықтың төмендеуіне әкеліп соғуда.
Сол себепті, рухани құндылық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісінде басты мәселеле ретінде қарастырылып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 50-0/0 -ы, әйелдердің 20-0/0-ы, жастардың 30-0/0 темекі тартып, жастардың 20, 50/0-ы нашақорлыққа ауызданған. Осының негізінде қазіргі таңда ақпараттық құралдарда, теледидарда бейнефильмдер арқылы осы бір дертке тосқауыл қою барысында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер көптеп көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. Бұның жалғасы біздің М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жалғасуда.
Мына өркениетті дамыған қоғамды тек - дені сау адам ғана құра алады. Жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу . . .
«Тәні саудың - жаны сау", "Шынықсаң шымыр боласың, "Есірткіге елікпе, спортты ал серікке"-деген қанатты сөздермен студент жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеуіміз шарт.
«Жастар және салауатты өмір салты»
Салауатты өмір салтын насихаттауға Ұлт көшбасшысы, Елбасымыздың өзі айрықша мән беріп келе жатқаны ақиқат. Биылғы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында да халықтың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамтуға, спорт алаңдары желісін кеңейтуге тапсырма белгілегені ұрпақ қамын тереңнен ойлағанның жарқын үлгісі. Сонымен бірге Елордамыз - Астанада қазіргі заманғы озық үлгідегі медицина құралдарымен жарақтандырылған емдеу орталықтарының, жоғары деңгейдегі спорт кешендерінің бой көтергені халыққа жасалған қамқорлықтың, салауатты өмір салтына бейімдеудің бір нышаны.
Бүгінде осының бәрінің игілігін барша қауым көріп, уақтылы дәрігерге қарануға мүмкіндік алып келеді. Ал спорт алаңдарында өз елімізбен бірге алыс-жақын шет елдік спорт майталмандарымен дүбірлі бәсеке ұйымдастырылса, сол байрақты жарыстарда жерлестеріміздің де мерейі үстем болып жатқаны зор мақтаныш. Басқасын былай қойғанда 2011 жылдың қаңтар айында зор абыроймен өткен «Азиада-2011» қысқы Азия ойындарын атауымыздың өзі жеткілікті.
Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық -зор байлық» деген аталы сөзі тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар да, біліктілігі күшті дәрігерлер де, «Денсаулық» ұғымына әлі де толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Байқап отырсаңыз: жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Жастар - болашағымыздың алтын тірегі; тәуелсіз еліміздің қарлығаштары, нұрлы шамшырақтары. Әттең, өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға құлықсыз, немқұрайлы қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де, жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі шегеді, салынып арақ ішеді, тіпті есірткіге де әуестік танытады. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг: «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық дертті жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кімнің болса да өз денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Саламатты өмір салтына бойды шынықтыру, күнделікті жаттығу, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, тынығар алдында таза ауада бір-екі сағат серуендеп қайтудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде игілігіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдай ойластыруды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар - темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекіден аулақ бол. Жастарға: есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени-көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулықтың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолын таңдап, жылына бір келетін Ораза тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz