1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс


Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыты өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді.
Тәуелсіздік жолы қиын - қыстау кезеңдерден, қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, азаға толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, отан тарихындағы ұлт - азаттық қозғалыс пен ұлт зиялыларының азаттық жолында жүргізген қажымас күресін өз дәрежесінде объективті түрде зерттеу және оны халық санасына дұрыс жеткізу - тәуелсіз ел тарихшыларының алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күнмен бастап, коммунистік идеялар мен бүркенген отаршыл ұлы державалық орыс шовимизмінің біздің ұлтымызға «құрастырып» берген, саясаттандырған «ұлттық тарихымызды» - ұлттық көзқарас тұрғысынан жаңаша объективті зерделеу процесі басталып, әлемдік ортақ өркениет пен адамзаттық игілік құндылықтарын басшылыққа алған отандық тарих ғылымы ізденіс үстінде дамып келеді.
Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мақсаты - ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру. Ұлт-азаттық қозғалыс тек ұлтты азат етумен шектелмеуі мүмкін, шаруалардың жер үшін, халықтың демократиялық дамуы үшін болған қозғалысын да осыған қосуға болады. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс көп қырлы. Ал ұлт-азаттық көтеріліс - ұлтазаттық қозғалыстың бір түрі, ол көп халық қатысқан қарулы түрі. Көбіне онша ұзақ болмайтын, белгілі бір нақты аймақты қамтитын бір оқиға аймақтық шеңберден шығып, қамтитын аймағы ұлғайып бүкілхалықтық дәрежеге көтерілсе, ол ұлт-азаттық қозғалыс, ұлтазаттық революция дәрежесіне жетеді.
XX ғасырдың басында ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық бағытпен дамытпақ болған реформатор зиялы қауым бастады. Олар бүкілхалықтық мүддені алға қойды. Федеративті Ресейдің құрамында демократиялық автономияалуды көздеген Алаш елінің буржуазиялық демократия жолымен даму бағытын ұстады. Қазақ зиялы кауымының бір бөлігі - демократия мен дамудың еуропалық бағытын, ал екінші бөлігі социал-демократиялық дамудың радикалдыбағытын ұстады.
1916 жылы Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс революцияға ұласты, 1917 жылы Ресейде Ақпан революциясыбасталған сәтте оның құрамдас бөлігіне айналды. 1916 жылдың екінші жартысында отаршылдыққа карсы наразылық Қазақ хандығының негізін қайта калпына келтіруден көрінді. Қазақ даласында хандар сайланды, сардарбектер тағайындалды, әскер құрылды, хан кеңесі, қазылар алқасы, ел бектері, қазынашылар, басқаша айтқанда, билік жүйесі қалыптасты. Міне, осылай қазақ мемлекеттігінің құрамды белгілері қалпына келтірілді. Бұл - Ресейге бодан болғаннан бергі ең ірі қозғалыс. Халық каһарына мініп, өз ерлігін керсеткен 1916 жыл ұлтазаттық қозғалысының ең жоғары шыңы болды.
Ұлт-азаттық қозғалыстар мен 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі азаматтық қарама-қарсылықтар кезінде дамыды да, үлкен көтеріліске ұласты. Бұл күшпен ұжымдастыру 370-тен астам шаруалар қарсылығының жеңілісімен аяқталды.
Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған Түркістан тарихы, әсіресе оның ұлттық - мемлекеттік межеулерге дейінгі кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырып комцептуалды тұрғыда терең қарастыруды қажет етеді. Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады:
- Патшалы Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияны отарлауы нәтижесінде құрылған әкімшілік - мемлекеттік бірлік ретінде Түркістан генерал - губернаторлығы мен кеңестік негіздегі Түркістан автономиялы республикасының тарихы отандық тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажат етеді. Тарихи жағдайлармен Түрістанға қосылған қазақ елі мен жерінің ұлттық мемлекеттілігімізде қалыптастырудағы маңызды өте зор. Жарты ғасыр әкімшілік - территориялық оқшаулық жағдайында бұл өлкеде патшалық, кеңестік биліктер отарлық тәртіпке тән озбырлық пен еркін ой - сананы бұғаулап, ұлттық рухани болмыста деформациялық саясатын жүргізді ХХ ғ басындағы дүниежүзілік ұлт - азаттық қозғалыстың Ресей отарындағы аймақтық көріністері түрінде пайда болып, даму барысында дербес саяси құбылыстарға айналған Түркістандағы ұлт - азаттық қозғалстар қазіргі кезде тарихи ойдың қызығушылығын оятып отыр. Қазақстан мен Орта Азия республикалары тәуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен және бірін-бірі қайталамайтын ерекшеліктерімен дара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң көмескі тарта бастаған тарихи санамызды жаңғырту - өзімізден басталады. Бүгінгі таңа Еуразияның элицентрінде тұрған Қазақстан Республикасының XX ғ-I жартысында Батыс Түріктерінің құрамына кірген бөліктерінің саяси жайдайын ашып көрсету жұмыстың өзекті мәселелерінің бірінен саналады.
ХХ ғ. басындағы Түркістан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар өзінің бағдарламалық мақсаттары, қызмет аясы, әлеуметтік-саяси негізі, тіпті ұйымдық құрылымы бойынша әлемде теңдесі жоқ қайталанбас ерекшеліктері мол таризи құбылыс болатын.
ХХ ғ. басындағы Түркістан ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихнамасы аса қомақты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырып тарихнамасының күрделі сипат алуының бірнеше себебі бар:
Тақырыптың тарихнамасы. Әр кезеннің, әр ұғыменың тақырыпқа қатысты зерттеулерінің деректік, әдістемелік негізі әр түрлі болғандықтан олардың арасында бір-біріне қарама-қарсы бағалар кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туындайды.
Сонымен қатар, «Егемен Қазақстан», «ҚазҰУ хабаршысы», «Түркістан», «Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ хабаршысы», «Қазақ әдебиеті», «Ақиқат», «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Азия Транзит», «Алматы ақ шашы», «Хабаршы тарих», «Оңтүстік Қазақстан» газет-журналдары кеңінен қолданылады. Газет-журналдармен қатар көптеген әдебиеттерде қолданылады.
Керейхан Аманжоловтың «Түркі халықтарының тарихы» Жақып Мырзантайдың «Түркістан өлкесі баспасөзінде патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау саясатының жазылуы», Асанованың «Қаһарлы 1916 жыл», Тұрсынбаевтың «Казахстан в революций 1905-1907 годов», «Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс», «Из истории южных областей Казахстана», «Страницы русских исследований в Казахстане XIX-XX в в», «Восстание киргизов», «Казахов в 1916 году», «Туркестан», «Турар Рыскулов», «Қазақстан тарихы», «Қазақ ССР тарихы 3 том», «Тұрар Рысқұлов 1916 ж. көтеріліс», «Қазақстан тарихы хрестоматиясы».
Диплом жұмысының мақсаты. Тарих ғылымындағы айналымдағы дереккөздерді пайдалана отырып ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі ұлт-азаттық козғалыстар мен көтерілістердің негізгі себептері мен оқиғаларын ашып зертту болып табылады.
Диплом жұмысының міндеті. Диплом жұмысын жазу барысында көптеген ғылыми әдебиттер мен мақақаларды оқып шығуға тура келді. Осыған байланысты диплом жұмысының негізгі мақсаты да айқындалды. ХХ ғасырдың басынан бастап Қазақстан мен Орта Азияда Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көптеген козғалдыстар мен көтерілістер болағны анық. Осы көтерілістер мен қозғалыстардың шыңы 1916 жылына келіп тіреледі. Халықтың отаршылдық саясатқа нарызылығы осыдан білінеді. Жалпы айтқанда, мақсатым, халықтың Рессей үкіметінің отаршылдық саясатына наразылықтың себептерін ашып, осыған байланысты көтерілістер мен қозғалыстардың негізгі мақсаттарын ашу болып табылады.
Зерттеу пәні. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстары мен көтерілістерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі себептері мен түрткі болған оқиғалар.
Зерттеу жұсыстарының метологиясы. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстары мен көтерілістер тұралы жазылған ғылыми әдебиттерді пайдалана отырып сол кездегі тарихи оқиғаларға тарихи көзқарас бойынша талдау жасау.
Зерттеу объектісі. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстары мен көтерілістер.
Зерттеудің хронологялық шеңбері. Зерттеу жұмысы ХХ ғасырдың басынан 1917-18 жылдар аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі зерттеу бөлімінен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1916 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ-ЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ МЕН БАРЫСЫ
1. 1 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің себептері
Он алтыншы жылғы көтеріліс, 1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтеріліс - патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. 1914 ж. басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпы дағдарысты шырқау шегіне жеткізді. Көтерілістің басты себептері әлеум. -экон. және саяси мәселелерге тікелей байланысты болды. Ол отаршылдық езгінің күшеюінен, Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарының жерін тартып алудың қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқа да алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан, патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның әлеум. жағдайының күрт төмендеуінен көрініс тапты. Көтерілістің басталуына Николай ІІ патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы “Реквизициялау туралы” жарлығы тікелей себеп болды. Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия мен ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынас жолдарын салу, окоптар қазу, т. б. ) 400 мың адам (оның ішінде қазақтардан 240 мыңға жуық) алу белгіленді [1, 21 б. ] .
Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және жергілікті әкімш-тердің басқа да қызметкерлері ұшырады, өйткені жасалған тізімдер әуел бастан жаппай парақорлық, көзбояушылық пен қиянатқа негізделді [2, 34] .
Әкімшілік жүйе ол кезде қазақтарда тууы туралы куәліктердің болмағандығын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізіп, ал ауқатты әулеттерден пара алып, олардың өкілдерін шақырудан босатты. Оның үстіне патшалық өкімет орындары өлке тұрғындарының кейбір әлеум. топтарының өкілдерін (болыс басқарушылары, жергілікті халықтан шыққан төм. шенді полицейлер, имамдар мен молдалар, ақсүйектер мен құрметті азамат құқықтары барлар, т. б. ) майданның қара жұмысынан босатты. Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді. Стихиялы қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады. Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері - отарлық езгіден күрт кедейленген шаруалардың қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды. Көтеріліске, сондай-ақ қазақ халқының басқа әлеум. топтарының (байлар, болыстар мен билер, интеллигенция) өкілдері де қатынасты. Соңғылары кейбір аймақтарда жетекші рөл атқарды. Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер, т. б. ұлт өкілдері қатысқан оңт. облыстарды (Жетісу мен Сырдария) қоспағанда О. а. ж. к. құрамы жағынан бір ұлттық қозғалыс болды. Сол кездегі қазақ қоғамындағы саяси қайраткерлердің арасында көтеріліске бірыңғай көзқарас болған жоқ.
Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. Рысқұлов, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жангелдин, т. б. ) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды. Ал “Қазақ” газетінің төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, т. б. ) патша әкімш-нен тыл жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, керісінше дайындық шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады, көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды [3, 58] .
Жаппай көтеріліс тек қазақ даласын ғана емес, көршілес Орта Азия елдерін де қамтыды, Самарқанд облысыныңның Ходжент қласынданда 4 шілдеде басталды. А. Мамадинов, Ж. Закиров, Д. Машарипов бастаған 6 - 7 мыңдай көтерілісшілер полиция басқармасына басып кіріп, тізім жасауды тоқтатуды талап етті. Көмекке келген қарауыл отряды көтерілісшілерге қарсы оқ атып, бірнеше адам оққа ұшты. Ұра-Төбе кедейлері ходженттіктерге жәрдемге аттанғанда жергілікті патша әкімш. оларды әрең тоқтатты. Көп ұзамай көтеріліс облыстың басқа уездерін қамтыды. Жазалаушы отряд көтерілісті қаталдықпен басты. 11 шілдеде ескі Самарқанд қ-ның, 13 шілдеде ескі Жизақ қ-ның тұрғындары көтеріліске шықты. Жизақта көтерілісшілер уезд бастығын, приставты, тілмашты өлтірді. Жаңа Жизаққа беттеген көтерілісшілерді жергілікті отряд оқ жаудырып қарсы алды. 11 шілдеде Ташкент қ-нда көтеріліс басталып, 12 - 14 шілде аралығында Ташкент у-нің барлық болыстарында патша өкіметіне қарсы толқу болып өтті. Қарақалпақтар арасындағы ірі көтеріліс 28 шілдеде Шымбайда басталды. 1000-ға тарта көтерілісші приставты өлтіріп, кеңсе қағаздарын, патша портретін өртеді. Маргелан қ-ндағы ең ірі көтеріліске 20 - 25 мың адам қатысты [5, 78] .
Пржевальск уезінің Маринск, Көксу, Түп, Түрген, Барынауыл, т. б. болыстарының қырғыздары патша жарлығына қарсылығын ашық айтты. Пішпек у-нің Тілеуберді, Жамансарт, Қарабалта болыстарының қырғыздары патша жарлығын орындаудан бас тартса, Нарын ауданы мен Құланды көтерілісшілері тізім жасаған адамдарды өлтірді.
Ашхабад уезініңнің Гоек-Тепе, Бахардан аудандарында, Красноводск, Мерв, Тедженд, Маңғыстау у-нің көптеген аудандарында ірі көтерілістер болып өтті. Жергілікті өкімет орындары көтерілісті болдырмауға бар күшін салды. Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтерілісті патша өкіметі аяусыз басты. Жазалаушы отряд ескі Жизақ қ-н түгелдей өртеп жіберді. Он мыңдаған қырғыз кедейлер қоныстарынан қуылып, мал-мүлік, жерлерінен айырылды. Жизақ у. диқандарының 2 мың десятина жері тартып алынды. 25 шілде мен 15 желтоқсан аралығында Орт. Азияда көтерілісшілерден 3 мың адам сотқа тартылып, 201 адам өлім жазасына, 104 адам жер аударуға кесілді [7, 124 б. ] .
Батыс Қазақстандағы Ілбішін уезінде қарулы топтар Суналы және Қызылжар болысын сойылға жығып, әскерге шақыру жөніндегі тізімді тартып алды. Орал у-нің Шыңғырлау, Науым, Шілік болыстары көтерілісшілерін А. Ізбасов, К. Ажаев, И. Байғошақов сияқты шаруалар басқарды. Шыңғырлау болысы мен тілмашы өлтірілді. Бірақ көтеріліс басшылары бай-болыстардың көмегімен қолға түсіп, өлім жазасына кесілді. Орал у. халқының қарсылығы іргелес Темір, Гурьев у., Бөкей ордасы, Маңғыстау түбегі қазақтарына ықпал етті [6, 57 б. ] .
Шілдеде басталған Сырдария көтерілісшілері Перовск (Қызылорда) және Қазалы уезінде бірнеше болыстық кеңсеге шабуыл жасап, тізімдерді тартып алды, бір болысты тілмашымен бірге өлтірді (қ. Сырдария көтерілісі) . Қызу басталған Жетісу көтерілісіне қазақ, қырғыз, ұйғыр, дүнген еңбекшілері жұмыла ат салысты. Бірақ жергілікті ұсақ белсенділер арандату әрекетін жасап, бейбіт халықты апатқа ұшыратып отырды. Түркістан ген. -губернаторы бірнеше жазалау отрядын жасақтап, көтерілісшілерге қарсы жөнелтті. Көтерілісшілер Самсы төңірегінде отрядқа шабуыл жасап, оларды Верныйға (Алматы) қарай шегінуге мәжбүр етті. Т. Бокин бастаған көтерілісшілер (10 мыңнан астам) тамызда шабуылға шығып, Верный мен Пішпек арасындағы байланысты үзді. Көтерілісшілер арасынан Бекболат Әшекеұлы, Нұқа Сатыбеков сияқты басшылар шықты. Бұл кезде Жаркент және Лепсі у-ндегі көтеріліс күшейе түскен еді. Патша үкіметі Жетісу көтерілісін тез басу үшін 7 атқыштар ротасын, 5 казак-орыс жүздігін, 3 ерікті жүздік пен 17 зеңбірек жіберді. Артынша 7 орынборлық, 9 сібірлік казак-орыс полктері зеңбірек, пулеметтерімен қоса аттандырылды. Жетісу обл-ндағы ірі көтерілістің бірі - Қарқара жайлауында болды (қ. Қарқара көтерілісі) . Жетісудағы көтеріліс тарихын үш кезеңге: 1) шілде - стихиялық-наразылық көріністері; 2) тамыз - оның қарулы күреске ұласуы; 3) қыркүйек - қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деп бөлуге болады. 1916 ж. шілдеде Қарқаралы (Семей обл. ) мен Өскемен у-нің, Көкпекті мен Зайсанның көтерілісшілері майданға жіберілетін адамдардың тізімін тартып алып, болыстарға күш қолданды (қ. Семей көтерілісі) . Петропавл (Қызылжар) қ-на жақын жерлердегі болыстарда басталған халық көтерілісі Ақмола обл-ның у-н түгел қамтыды (қ. Ақмола көтерілісі) . Жетісу, Сырдария, Ақмола, Семей облыстары мен Бат. Қазақстанның бірқатар аудандарында көтерілістер басылып-жаншылған немесе оларды басып-жаныштау үрдісі жүріп жатқан кезде Торғай даласында ол күн сайын өрістей түсті. Әбдіғапар Жанбосынұлы пен Амангелді Иманов басқарған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды және ұзаққа созылған азаттық үшін күрес аймағына айналды (қ. Торғай көтерілісі) . О. а. ж. к. Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жанышталды. Бұл көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Қазақстан мен Орт. Азиядағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеум. -экон. дағдарыстың одан әрі шиеленісе түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-әкімш. және отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және Шығыстық отар халықтардың 20 ғ-дың басында өріс алған ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс - 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т. б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т. б. ) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.
Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 - 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz