Оқу материалдары және түйсік


Оқу материалдары және түйсік
Түйсік түсінігі
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектіні арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар
Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Бірақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған мұндай көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келеді.
Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г. Гельмгольц) "сезім мүшелерінің ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлақ, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пікір жатыр. Бұған идеалистердің келтіретін дәлелі: көзге қандай да әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлі әсерден ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің объектив әсерлеріне үшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін бейнлейтін өзінің субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезім көзі-түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзіннн басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.
Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объектив бейнелеу мүмкіндігі жөніндеп ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі ретіңде объектив болмыстағы материя қозғалысының формаларын қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбыстық тербелістерге жауап қатушы тері рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электро-магниттік толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Оргаиизм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқы энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзде қандай да әсерден ызың не жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы "мамандандырылғанын", сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару сипатына тура келмеген әсерлерге жауап қатпайтынын көрсетеді.
Әртүрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жіктелуі олар негізінде ерекше құрылым - "рецепторлардың" болуынан ғана емес, сондай-ақ шеткі сезім органдары қабылдаған сигналдарды орталық жүйке аппаратына жеткізуші жоғары дәрежеде "маманданып", жетітіген нейрондарға да байланысты.
Түйсіктердің физиологиялық негізі
Сонымен, түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегіңде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады; 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененін шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітір-кендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркеңдіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т. б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.
Сонымен, түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше жауап әрекетке келу қасиетінен туындап отыр.
Түйсік түрлері
Түйсіктер сезім мүшелсрімізге байланысты көру түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Ежелден-ақ адам өзінің сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бары белгілі. А. Р. Лурияның пайымдауынша, түйсіктер негізгі екі принцип бойынша жіктеледі: а) жүйелі-генетикалық (қызметіне орай), б) құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.
Түйсіктердің ең маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған: интероцептік, проприоцептік, экстероиептік.
Интероцептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қап тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілердің әрі өте қарапайым түрі. Интероцептік түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүрісін түсіндіріп білу өте қиын, сонымен бірге нақты қозу нүктесіне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның кеңіл-күй қалпына жақындау келеді.
Проприоцептік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қатамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген (телъца Паччини) . Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді. Аталған топқа, сонымен бірге, ерекше қасиеттерге ие теңдестік және тұрақтылық түйсіктері де кіреді. Олардың перифериялық рецепторлары ішкі құлақтың шеңберлі сайларында жайласқан.
Экстероцептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл түйсіктердің қызметі сьгртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаган ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстероцептік түйсіктер тобы шартты түрде аралық және түйісу түйсіктері деп аталған екі белікке жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері сезуі мен дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту және көру түйсіктері.
Генетикалық жіктсуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы (аффекті), толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т. б. ) ; 2) эпикритикалық - жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім мүшелерінде пайда болатын түйсіктер.
Түйсік қасиеттері
Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
Түйсік сапасы - нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз саналуандығын далелдейді.
Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецет ордың қызметтік жағдайымен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz