Созылмалы аурумен ауыратын науқастар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі таңда қоғамда көптеген созылмалы аурулары бар сәбилер дүниеге келуде. Олар бұл өмірдің ашып келген соң қоршаған орта жақпай, яғни денсаулықтарына зиян келтіруіне байланысты көптеген жағдайлардан шектелулеріне тура келеді. Мүгедек балалар денсаулықтарына байланысты үйлерінде оқуы керек. Қазіргі таңда мемлекет мүмкіндіктері шектеулі балаларға жағдай жасауда. Көптеген ақаулықтары бар және мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу үрдісіне кірістіреді.

Олар дың кеселі болғанмен қоғамнан шектелулеріне болмайды. Мысалы кішкентай балалар басқа балалармен ойнағысы келеді, бірақ денсаулығы көтермеуіне байланысты балалық кезеңнен шектеледі. Жүрегі ауыратын науқастар шумды көтермейді. Сол себепті олар көпшілік жерде жүрмейді. Мысалы мүгедек балалар жағдайын қарастырсақ: медициналық-ұйымдық деңгейде - аурулардың кеш анықталуы, аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті мән берілмеуі, тегін медициналық көмекке қол жеткізудің, медициналық қызметтер сапасының төмендеуі, бірыңғай оңалту жүйесінде мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестірудің болмауы;

Мүгедек-балалардың арасында шамамен әрбір бесіншісі туа біткен даму аномалиясынан немесе хромосомалық сырқаттан зардап шегеді, балалардың 20 %-да мүгедектік себебі

жүйке жүйесінің аурулары болып табылады, ал психиканың бұзылуы 17, 3 %-ды құрайды.

«Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы;

2005 жылға дейін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін қамтыды. Қабылданып жүрген шараларға қарамастан, соңғы жылдары жәрдемақылардың мөлшері шамалы болды. Сондықтан 2005 жылы мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін, немесе 50 %-ға: бірінші топ мүгедектеріне - 3 айлық есептік көрсеткішке (2895 теңгеге) ; екінші топ мүгедектеріне - 2, 5 АЕК-ке (2412, 5 теңгеге) ; үшінші топ мүгедектеріне - 2 АЕК-ке (1930 теңгеге) ; 16 жасқа дейінгі мүгедектерге - 3 АЕК-ке (2895 теңгеге) арттырылды.

Мектеп жасына жеткен бала қандай жағдай болмасын білім алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының МЖБС 2. 003 - 2002 ҚР - ның орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты көрсетеді.

4. 11 Стандарт: Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген арнайы білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылатын даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы жалпы білім беру оқу бағдарламасын әзірлеуді көздейді. Мүгедек науқастар жағдайын қарастырсақ:

Бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі республикамызда интернат-үйлері мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері желісін қамтиды. Қазіргі кезде 79 интернат-үйлері жұмыс істейді, олардың 35-і қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйлері, 26-ы - жүйке-неврологиялық ауруларға, 17-і - ақыл-есі кеміс мүгедектерге, 1-і - дене кемістігі бар балаларға арналған. Бұл мекемелерде 17 мыңнан астам адам толық мемлекет қарауында тұрып жатыр. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді 339 бөлімше мен 7 аумақтық орталық жүзеге асырады. Олар 34 мыңнан астам мүгедектер мен жалғызілікті қарттарға қамқорлық жасайды. Жеке интернат-үйлері пайда болды.

2003-2004 жылдары 10 мыңнан астам мүгедек-балаға қызмет көрсететін осындай 90 бөлімше құрылды.

Соңғы жылдары мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерді қаржыландыру жақсарып келеді. Егер 2003 жылы мүгедек балаларға арналған интернат-үйлерінің қамқорлығындағы бір баланы ұстауға арналған шығындар 231 мың теңгені құраған болса, 2004 жылы бұл сома 286, 7 мың теңгені құрады.

Қазіргі таңда мемлекет бюджетіне байланысты қаражат жеітсеушілігің орын алуына байланысты кемтар науқастарды оқыту ғылыми-әдістемелік, ұйымдық және қаржылық жағынан толық қамтамасыз етілмеген, педагог-дефектолог, әлеуметтік психолог, педагог-психолог және медициналық қызметкерлері жеткіліксіз жалпы мектептерде жүзеге асырылады, бұл дамуында ауытқушылығы бар балалардың өз мұқтажына барабар білім ала алмауына әкеп соғады. Мектеп ғимараттары мен үйлері түзеу-педагогикалық және оңалту шараларының қажетті көлемін жүргізуге бейімделмеген, жиһазы бен жабдықтары да ескірген. Балаларды тасымалдау, оқулықтармен және оқу жабдықтарымен, техникалық және көмекші құралдармен қамтамасыз ету мәселелері шешілмеген.

Төмендегі кестеде мүмкіндіктері шектеулі балалардың жылдар бойынша

мектептерде немесе ұйымдарда алған білімдері:

Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті: Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті
Жылдар: Жылдар
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті: 2002
Жылдар: 2003
2004
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті: Мектепке дейінгі арнаулы мақсаттағы ұйымдар
Жылдар: 36
39
45
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті: Арнаулы топтары бар, жалпы мақсаттағы мектепке дейінгі ұйымдар
Жылдар: 236
201
119
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті:

Мектепке дейінгі түзеу ұйымдарындағы және

топтарындағы бала саны

Жылдар: 9876
9380
11229
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті: Арнаулы білім беру түзеу ұйымдары
Жылдар: 103
102
103
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті: Арнаулы білім беру түзеу ұйымдарындағы және жалпы білім беретін мектептердің арнаулы сыныптарындағы бала саны
Жылдар: 23604
24214
24737

Сонымен қатар инвестициялық қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты мемлекеттің жеке сектордағы бәсекелестерінен әжептәуір қалыс қалуына әкелуде. Осылайша, Қазақстандағы мүгедектіктің және оңалту жөніндегі шаралардың жай-күйін талдау мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудағы оң өзгерістермен қатар бірқатар шешілмеген проблемалардың да бар екенін дәлелдейді.

Шетелдік тәжірибе (Германия, Финляндия, Нидерланды) көрсетіп отырғанындай, жеткілікті регламенттелген күн тәртібімен тұру жағдайлары, ал ең бастысы - мүгедек баланы өзінің үйреншікті ортасынан оқшаулау оның психикалық және физикалық жай-күйіне қолайсыз әсер етеді, бейімсіздендіру реакциясының дамуына ықпал етеді.

Бұл орайда, Орталық Еуропа елдерінің тәжірибесі қызығарлық, олар балаларды интернат ұйымдарында ұстауды қысқарту, оларды отбасыларына қайтару, балаларды күтудің баламалы отбасылық нысандарын дамыту (патронат, асырап алушы отбасылар, басқа да нысандар), қамқорлықтағылардың бұрынғы тұратын жеріне жақындатылған отбасы үлгісіндегі шағын мекемелер, күндізгі және 5 күндік болу мекемелерін құру жөнінде жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері (ұйымдары) желісін кезең-кезеңмен қайта құруды жүргізу, балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер мен арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының базасында оңалту бөлімшелерін, күндізгі және 5 күндік болу бөлімшелерін ашу, қалалар мен аудан орталықтарында шағын интернат-үйлерін салу қажеттігі туындап отыр, бұл мүгедек балаларға үйдікіне жақын жағдай туғызуға ықпал ететін болады.

«Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсету»;

Үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), аумақтық орталықтарда әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік Ережесі қабылданды.

2002 жылы тұрғын үй салу, әлеуметтік инфрақұрылымды жабдықтау кезінде мүгедектердің қажеттіліктерін ескеретін Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер бекітілді.

Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды белсенді өмір сүруге тарту мақсатында көркемөнерпаздар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да шығармашылық түрлерінің облыстық, республикалық конкурстары, мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары шығаратын өнімдердің сату көрмелері, Қазақ зағиптар қоғамының және Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындарының және мүгедектер жұмыс істейтін басқа да кәсіпорындар өнімдерінің көрме-жәрмеңкелері өткізілетін болады.

- Шаранада пайда болатын жүрек - адамға өмірлік берілетін Алланың үлкен сыйы. Тіпті бұлшық еттерінің қызметін ештеңемен теңестіре алмайсыз. Мәңгілік маңызы бар жаңалықтар ашқан адамдардың өзі қоршаған ортасында, яғни табиғатта жүрекпен ештеңені теңей алмайды. Біз осыны күнделікті сезіне бермейтініміз өкінішті. «Моторымыз» шымырлап, шаншып немесе дүрсілі ұлғайғанда ғана назар аударамыз. Былайша керексіз нәрсе секілді жұдырықтай еттің емін іздеуге кеш кірісетіндігіміз де сондықтан. Туабітті науқастар болмаса, былайғы уақытта жүректі ауыртып алатын адамдардың өзі. Айталық, арақ-шарапқа тым үйірсектік, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, семіздік, уақтылы демалмау секілді жат әдеттер жүрек-қан тамырларының бұзылуына әкеліп соғады (жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертония, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек етінің қабынуы) . Жекелей алсақ, стенокардия - жүрек талмасының қауіпті түрі. Оның алдын алмаса, адам жүрек инфарктісіне ұрынады. Бұл - ажалдың алғашқы баспалдағы. Ондай жағдайда адамға оттегі жетіспей, тамырлары тарылады, қан айналымы бұзылады. Сондықтан жүрегі сыр берген кісінің бірден дәрігерге қаралғаны дұрыс. Себебі денсаулығы жақсы, жұмысқа қабілетті адамдар Қазақстанға ауадай қажет.

Жүрек ауруымен ауыратын науқастарға арнайы мектептер ұйымдастыруды мемлекет қолға алынуда Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген, 11. 10. 2004 жыл.

Бірақта жүрек ауруымен ауыратын науқастарға ауруханалар мен емханалар жыл сайын салынып бой көтеруде. Қазақстан Кардиология ҒЗИ орталығы бөлім екі кардиологиялық бөлімше, жан сақтау мен қарқынды терапия бөлімшесі негізінде жұмыс істейді. Мұнда Қазақстан Республикасының әр түкпірінен келген кардиологиялық аурулар емделеді. Жүректің әр түрлі формадағы ишемиялық ауруларымен келген емделушілерді реабилитациялау бойынша жаңа ғылыми технологияларды енгізу және дамытып, жетілдіру, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Алматыда Сызғанов атындағы Ұлттық орталық, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Төрт облыста кардиодиспансер, 235 кардиологиялық кабинет, жедел жәрдем көрсететін 120 мамандандырылған кардиологиялық бригадада 600-ден астам тәжірибелі дәрігерлер қызмет істейді. Үкіметіміз үстіміздегі жылдың 13 ақпанында «Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдары кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламасын бекіту туралы» №102 қаулы қабылдаған. Осыған сәйкес, науқастарға қызмет көрсететін кардиоорталықтарды материалдық-техникалық жағынан жабдықтау қолға алынды.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының І кезеңінің іске асырылу қорытындысы»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының І кезеңінің іске асырылу қорытынды жөнінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой баяндама жасады.

Депутаттық корпусының қолдауымен алғаш рет қант диабетімен ауыратын адамдарды қазіргі заманғы және тиімділігі жоғары қантты азайтатын дәрі-дәрмектермен үздіксіз және толық қамтамасыз ету мәселесі шешілді. 2007 жылы бұл мақсаттарға 2, 4 млрд. теңге бөлінді.

2008 жылы Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарында кардиохирургиялық бөлімшелер ашылады.

2005 жылдан бастап денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесінде маңызды жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда да денсаулық сақтау мәселелеріне айтарлықтай ресурстар бағытталуда. Денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік шығыс көлемі 2007 жылы 309, 5 млрд. теңгеге өсті.

Кіріспе

Қазіргі таңда қоғамда көптеген созылмалы аурулары бар сәбилер дүниеге келуде. Олар бұл өмірдің ашып келген соң қоршаған орта жақпай, яғни денсаулықтарына зиян келтіруіне байланысты көптеген жағдайлардан шектелулеріне тура келеді. Мүгедек балалар денсаулықтарына байланысты үйлерінде оқуы керек. Қазіргі таңда мемлекет мүмкіндіктері шектеулі балаларға жағдай жасауда. Көптеген ақаулықтары бар және мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу үрдісіне кірістіреді.

- Шаранада пайда болатын жүрек - адамға өмірлік берілетін Алланың үлкен сыйы. Тіпті бұлшық еттерінің қызметін ештеңемен теңестіре алмайсыз. Мәңгілік маңызы бар жаңалықтар ашқан адамдардың өзі қоршаған ортасында, яғни табиғатта жүрекпен ештеңені теңей алмайды. Біз осыны күнделікті сезіне бермейтініміз өкінішті. «Моторымыз» шымырлап, шаншып немесе дүрсілі ұлғайғанда ғана назар аударамыз. Былайша керексіз нәрсе секілді жұдырықтай еттің емін іздеуге кеш кірісетіндігіміз де сондықтан. Туабітті науқастар болмаса, былайғы уақытта жүректі ауыртып алатын адамдардың өзі.

Қазақстан Республикасының МЖБС 2. 003 - 2002 ҚР - ның орта білім берудің ме млекеттік жалпыға міндетті стандарты көрсетеді. Науқас қандайда болмасын аурумен ауырсада ол жалпыға бірдей міндетті білім алуы керек. Қазіргі кезде 79 интернат-үйлері жұмыс істейді, олардың 35-і қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйлері, 26-ы - жүйке-неврологиялық ауруларға, 17-і - ақыл-есі кеміс мүгедектерге, 1-і - дене кемістігі бар балаларға арналған. Бұл мекемелерде 17 мыңнан астам адам толық мемлекет қарауында тұрып жатыр. Жеке интернат-үйлері пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант диабетімен ауыратын науқастардың психологиялық ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ересек тұрғындар арасында созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің таралуы, клиникасы және диагностикасы
Қант диабетінің асқынулары
Эпилепсиямен ауратын науқастардың білім деңгейін жоғарылатудағы мейіргер рөлінде жүргізілген шетелдік зерттеулер нәтижелерін анализдеу
Гипертониялық ауру кезіндегі мейірбикелік күтім
Маңызды мәселе - психикалық ауруы бар пациенттердің медициналық қызметкерлерге қарсы агрессиясы
ЭПИЛЕПСИЯЛЫҚ ПРИСТУП КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ересек тұрғындар арасындағы созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің таралуы, клиникасы және диагностикасы
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Скриниг - тұрғындар арасындағы ауруларды ерте диагностикалау әдісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz