Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы


М А З М Ұ Н Ы
КlРlСПЕ . . . 2
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
- Коммерциялық банк жүйесі және оның дамуының ерекшелiктерi . . . 4
1. 2 Екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің негізгі түрлері . . . 6
1. 3 Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң
қажеттiлiгi және оның экономикадағы мәні . . . 13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК КӨЛЕМІН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2. 1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің даму ерекшелігін және банк көлемін талдау . . . 19
2. 2 Коммерциялық банк қызметін экономикалық талдау
(ААҚ “Алматы Сауда-қаржылық Банк” маретиалдары негізінде ) . . . 25
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3. 1 Банк қызметтерін енгізудің халықаралық тәжірибесі және оны
Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктері . . . 30
3. 2 Банк жүйесін дамыту проблемаларының шешу жолдары
және басқару . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 38
Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Қазақстан Республикасында жаңа банк қызметін дамыту және ұйымдастыру
1. 1. Банк қызметтерін енгізудің халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктері . . . 5
1. 2. Банк жүйесін дамыту проблемаларының шешу жолдары және басқару . . . 8
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Коммерциялық банктердің пассив және актив операциялары . . . 11
2. 2. Екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің негізгі түрлері . . . 14
2. 3. Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң
қажеттiлiгi және оның экономикадағы мәні . . . 21
ІII Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банк көлемін және қызметінің ерекшелігін талдау
3. 1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің даму
ерекшелігін және банк көлемін талдау . . . 27
3. 2. Коммерциялық банк қызметін экономикалық талдау
(ААҚ “Алматы Сауда-қаржылық Банк” маретиалдары негізінде ) . . . 33
Қорытынды . . . 38
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н. Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''БанкЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.
1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.
1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.
Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденциялрды, оны басқару ёдiстерi Іазақстанның банк жүйесiн дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.
Факторлың талдау негiзiнде банк қызметiне әсер ету үшiн бiз әлемдiк тәжiрибеден үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы банк iсiндегi қызметтердi аныңтау, оны дамыту үшiн әдiстердi саралап отырмыз. Сонымен, коммерциялың банктердiң iс-әрекетi саласы кебеюде. Бiрақ отандың банктер әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлың қызмет түрлерiн енгiздi деуге болмайды. Бұл проблема Қазақстанның банк жүйсi үшiн жаңа бағыт болып табылады, сондыңтан да банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларында қандай да бiр түпкiлiктi зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда әлемдiк банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi Қазақстан тәжiрибесiнде енгiзу банк жүйесiн реформалаудағы ең өзектi мәселе болып отыр. Барлы аталған себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның ақсатары мен негiзгi мiндеттерiн белгiлеуге өз әсерiн тигiздi.
Курстық жұмыстың мақсаты банк жүйесінің дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтап, әлемдiк банк тәжiрибесiн оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайда бейiмделуi болып табылады.
І. Қазақстан Республикасында жаңа банк қызметін дамыту және ұйымдастыру
1. 1. Банк қызметтерін енгізудің халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктері
Егер біз қазіргі уақытта экономиканың дамуына әсер ететін күшті фактордың бірі ретінде банк секторын атап өтетін болсақ қателеспеген болар едік. Жалпы олардың мемлекеттік өмірде ойнайтын ролі және соған қатысты маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Қазіргі кезде тұтас банк саласының капиталдануы дәрежесі капиталадың жеткіліктілік номативіне сәйкес келеді. Соған қарамастан, капиталдың төменгі өсіміне активтер өсімінің қарқынды өсуі банк саласы үшін тәуекел деңгейін арттыруда.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда, яғни кейдір банктер капиталдың жеткіліктілік нормасын сақтау үшін несиелендіру операцияларын қысқартуы кезінде капиталды арттыру проблемасы өзекті проблемаға айналып отыр. Таза табыс жеткіліксіз болғандықтан, субардинацияланған қарыздарды тарту мүмкіндігінің болмауынан (бірінші деңгейлі капиталдан 25% шектеулігінен), акционерлік капиталды (жарғалық капиталады) арттыру қажет, ал бұл өз кезегінде біршама қиындықтармен ерекшеленеді.
Біріншіден, акцияларды шығару және оларды орналастыру процедуралары біршама уақытты талап етеді.
Екіншіден, ірі банктер өздерінің акцияларын сыртқы нарықтарға депозиттік қолхаттар түрінде (IPO) орналастырады, ал бұл қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігінің (келесі жағдайларда ҚҚА) акцияларды иеленудің ашық болмауынан қарсылығын тудырады.
Банктер 2004 жылдың екінші жартысында капиталдарды толықтыру бойынша іс-әрекеттерін белсенділей түсті.
МСФО максимальді түрде жақындау мақсатында екінші деңгейлі банктерді пруденциалдық реттеу нормаларына өзгерістер ендіру қажет.
Екінші деңгейлі банктердің пруденциалдық нормативтер ережесінің логикасы бойынша, банктер, еншілес компанияларға субардинацияланған қарыз және инвестицияларды есептен шығаруларға ұсынылады, ал бұл дегеніміз, банктер еншілес компаниялардың тәуекелдерін өзіндік капиталдармен жабады дегенді білдіреді.
Банктер мұндай жағдайдың, тәуекелді менеджмент көзқарасынан, шешімін таба алмауда, өйкені ҚР пруденциалдық реттеулерінің өзге де нормалары бар.
Банк топтарының пруденциалдық нормативтері туралы ереженің мазмұның қарсақ, банктер еншілес қампаниялардың тәуекелдерін өзіндік капиталмен, олардың өздерініңкі жеткіліксіз болған жағдайда ғана қолдануы қажет. Мұндай жағдайда, бас банктің субардинацияланқан қарыз немесе инвестицияларға салымдарна көңіл бөлінбейді.
Өкілетті органдардың есеп берулері "Облигацияларды шығару және орналастыру туралы есеп беру" бойынша Қазақстан Республикасында, біздің қөзқарасымызша облигацияларды орналастыру барысына орай, банк каиталындағы орналастыру сомасын арттыру мүмкіндігін бермейтін, қатаң формасы қызмет атқарады.
Банктер үшін қолайлы жағдайлардың бірі, сыйақылардың алымдары бойынша лимиттің алынуы (ЛИБОР және қайта қаржыландырудың екі есе ставкасы ) .
Мұнда, резидент еместерге төленетін сыйақылар бойынша шеті левередж коэффициенті (қаржы саласы үшін- 7, өзге ұйымдар үшін - 4) лимиті ендірілді.
Бұл тағайындалған лимит банктердің сырқы қарыз алу мүмкіндіктерін шектейді.
ҚР Салық кодексі бойынша жұмыстар шеңберінде ҚҚА және ҚР Қаржы министірлігіне провизиялар бойынша алымдарды қандайда бір коэффициентпен (активтерден 1, 3 %) шектеу ұсынысы жасалған.
Бірақ, бұл мәселерердің екінші жақтары бар, алымдарды шектеу банк қызметтерінің өзіндік құныңың және банк клиентері үшін тарифтер мен ставкалардың өсуіне әкеледі.
2002 жылы алтын және өзге де құндылықтармен операцияларға ҚҚС ендіріуімен банктердің алтындармен операциялары күрт қысқарды. Ендеше банкер үшін бұл операциялардың қызығушылығы төмендегенін білдіреді.
Банктер қазіргі есеп кассалық бөлімдердің негізінде ауыл және аудан аймақратына банк қызметтерірінің қол жетізерліктей болуы, олардың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында банктік әмбебап қызметтерді көрсетудің орталықтарын ашу ұсынысы жасалған.
ҚҚА заңды және жек тұлғалар үшін сейфтік операциялар, қарыз және кепілдік операцияларын, банктік шоттарды жүргізге байланысты ЕКБ үшін, операциялар тізімін кеңейту ұсынысын қабылдады, ол АФН №197 от 12. 07. 2004ж. қаулысымен ережеде көрініс алды.
Осыған орай ЕКБ- де клиенттердің импортты - экспортты операциялары бойынша төлем немесе аударымдарды жүргізу ұсыныстары ашақ күйде қалды.
ҚР Ұлттық банкнің клиентерге сапалы да тез қызмет көрсетуі, банктердің қаржаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктері талапқа сай болмағандықтан, оған жаңа көзұарас қажет деген үшін талап қойылды.
Банк несиелерінің сыйақы ставкаларының төмендеу мүмкіндіктері бойынша мәселеге келсек, онда сыйақы ставкасын төмендету және жағдай жасауға бағытталған іс шараларды қалыптастаруда, оған әртүрлі маро және микро деңгейдегі көптеген факторлардың әсер ететіндігін ескерген жөн.
ӘВҚ және Әлемдік банктердің қаржы саласын бағалау бойынша мақсаттарының бірі, осы өткен жылдан бастап, ұзартылған қадағалау жүйесі.
Осыны ескергенде, және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын даму конценсиясына сәйкес Евро одақ стандарттарына жетуді көздейтін мақсата, ҚҚА банктік операцияларды лицензиялау тәртібі және принциптері, ұзақ мерзімді қадағалау және оның шарттарын жүзеге асыруда банкттік заңдылықтарды өзгерту бойынша ұсыныстарды жасайтын топ құрды.
Қазақстан республмикасының Ұлттық банкі 2004 жылдың 1-ші шілдесінен бастап МТ-102 төлем құжатының форматын алып тастады, банктердің ойынша, бұл клиенттер үшін тарфиптердің көтерілуіне, төлемдерді өңдеу процесінің қиындауына және тәуеклдің арттыуына, операция жүргізу бойынша қателіктердің жіберілу тәуекелінің арттыуна әкеледі. Өткен жылы бұл форматтың алынып тасталуына байланысты КЦМР ақпараттарды өңдейтін қосымша жаңа тариф ендірілді (СОБС) .
Қазақстан Республикасында төлем карталарының қызмет етуімен байланысты қойылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің талаптары банктер үшін болашағы бар қызметтердің нарықтық ортасын шектейді. Осыған орай банктердің карталық бизнес рентабелдігін төмендетуді болдырмау және тәуекелділігінің арттыруын болдырмау мақсатында Ұлттық Процессинг орталығымен банктердің өзара қатынасының тиімді формалары мен әдістерін анықтау қажет.
ҚҚА бірқатар жаңылықтардың (заңды тұлғалардың депозиттері, қорлардың банктерді несиелендіруі, «VIP»- ірі депозиттердің сақтандыру ерекшеліктерін алып тастау, банк мүліктерін бағалау ерекшеліктерін ендіру) ендірілуін, кепіл болушылық жүйесі бойынша заң жобасын жасауда. Мұндай өзгерістер банктердің түбегейлі талдауын қажет етеді, өйткені бұрынғымен салыстырмалы бұл жүйе бірқатар өзгерістерге ұшыраған, яғни жүйе қатысушылары арасында мүдде балансын белгілі бір дәрежесі қалыптасқан.
Осы мәселелерге орай, қазіргі банк жүйесінде несие бюросы құрылып, қызмет атақаруда.
Елімізде тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесін тиімді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен" "Қазақстан Республикасындағы тұрғын-үй құрылысы жинағы туралы" Заңға "өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" ҚР Заң жобасы жасалынған. Бұл жоба тұрғын -үй құрылысы банктерінің және салымшларның мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар мәселлелерді ескеруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен валюталық бақылау және валюталық реттеу туралы заңның жаңа жобасы жасалынған. Бұл жоба, 2007 жылға дейінгі Қазақстанда валюталық либерализация режимі бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды ескере отырып, валюталық заңдылықтың негізін қалаушы маңызды принциптер мен нормаларын тағайындайды. Бұл заң жобасының бірқатар кемшіліктерінің бірі, экспорттық несиелерді сақтандыру және шетелдік капитал нарықтарындағы қаржы институттарының инвестициялық қызметін лицензиялау саласында өңдеулерді талап етеді.
Төлем карталарының Ұлттық банк аралық жүйесін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыруды дамыту шаралары ретінде " төлем карталарын пайдалану арқылы төлем қабылдауға міндетті сауда ұйымдарының категорияларын бекіту туралы" Қаулы жобасын жасады.
Соңғы уақыттарда әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттармен мәліметтерді сұрауы мен талап етулерінің көлемі артты. Мұндай ақпараттар көп жағдайда өзара сәйкес. Бір мемлекеттік органның ақпарат жіберуі өзге мемлекеттік органға жіберілген ақпаратпен мәліметтер сай келеді.
1. 2. Банк жүйесін дамыту проблемаларының шешу жолдары және басқару
Қазақстан Республикасының экономикасының қазіргі жағдайындағы қызмет атқарып отырған қаржы -несие саясатын одан әрі жетілдіруде негізді бөлікті банктер алатын болғандықтан, бірінші кезекте, банк жүйесі ақша қаражаттарының негізгі шоғырландырушы және ақша айналымын реттеу негізгі органы ретінде олардың қызметтерін жетілдіру жолдарына тоқталамыз.
Активтердің өсім қарқыныңың жоғары болуына байланысты, банк қызметінің тәуекелінің арттуы және капиталдану деңгейінің төмендеуі мынадай шараларды қолдануды талап етеді:
- банктердегі тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру;
- капитал бойынша жаңа келісімді ендіру (Базель - II) ;
- Базель - II талаптарын ендіру бойынша жұмыс тобын құру;
- банктер есеп саясаты және бағдарламалық қамтамасыздануына өзгерістер ендіру қажет;
- әлеуметтік және жалпы провизияларды есепке алу тәртібі кезеңмен енгізу мерзімін ұзарту қажет;
- МСФО талаптарына жету мақсатында екінші деңгейлі банктерді пруденциялыды реттеу нормаларына өзгерістер енгізу қажет;
- банк топтары және банк үшін проденциялдық нормативтерге сәйкес өзіндік капиталдан еншілес компанияларға инвестициялық салымдарды аудару мәселлелерін реттеу қажет.
Қазақстанның сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінің тез өсу қарқының ескерсек, онда:
Қазақстаның қаржы нарығы соңғы жылдарда бірқалыпты дамуда. Осыған қармастан оны жетілдіру барысында бірқатар шаралар жүргізілуі тиіс:
- жобалық бағалы қағаздарды шығарушы Қазақстанның даму банк және өзге де эмитенттерге облигацияларды орналастыруды реттеу үшін ішкі нарықта валюталық позицияны теңгемен белгілеу;
- ҚР Үкіметі және ҚҚА зейнет ақы қорларына зейнетақы активтерін инвестициялауда несиелік тәуеклдерді валюталық тәуекелдерді, сондай-ақ, болашақта сыйақы ставкаларының өзеру тәуекелін хеджирлеудің жекелген құралдарын ұсынуы қажет;
- Екінш деңгейлі банктердің салымдарына инвестициялаудың лимитін 10% - 25% көтеру;
- Арнайы сауда тізіміне неген ипотекалық облигацияларына орналастырудың лимитін 20% дейін арттыру;
- Зейнет ақы активтерін Қазақстандық компанияларға SPV көмегімен шығарылған бағалы қағаздарға инвестициялауға рұқсат беру;
Инвестициялық портфелдің сапасын және бәсекелік қабілетін жоғарылату мақсатында зейнет ақы қорларының активтерітің бір бөлігін белгілі бір рейтингі бар шет елдік қаржылық институттарға сенімдік басқаруға беруге рұқсат ету;
Эмитент-резиденттерді бағалы қағаздарды сыртқы нарықтарда орналасытруы үшін ұлттық сауда ұйымдастырушының ресми тіркеуінен өтуді міндеттеу.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты - теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқының азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары карқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздык мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздык мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекетгік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді.
Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспондентгік шоттағы каражаттар) резервтік талаптардын мөлшерін азайтып қана коймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыкқа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын) . Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несие-лер және тартылған депозитгер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінін тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғүрлым несие эммиссиясының ықтималдығы ұлкен болады да, ол инфляцияға ыкпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
Ақша-несие саясатының мақсаты төлем балансы, инфляция және экономикалық өсімге байланысты үкіметтің мақсаттарына елдің ішкі өтімділігінің өсімі сәйкестендіру. Кең мағанада алатын болсақ, қаржы саясатының мәні қаржы ресурстарының жинақталынуы және қолданылыуы процестеріне ықпалын тигізетін, экономиканың ресурстарды тиімді пайдалану дәрежесін анықтау болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердің көптеген жылдардағы тәжірибесітиімді экономикалық өсім және тұрақты баға деңгейін, тұрғындардың жұмыс бастылығынаықпалын тигізетін, айналымдағы ақша қаражатының іскерлік белсенділігінің көлемі үшін қажетті, ақша ұсынысын қамтамсыз етуі қажет.
... жалғасыІІ Негізгі бөлім
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz