Қазақ күнтізбесі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ күнтізбесі

№:
Зодиак белгісінің атаулары: Зодиак белгісінің атаулары
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): Арабша атауы және мерзімі
(қазіргі азаматтық күнтізбесімен)
№: Көнетүркіше
Зодиак белгісінің атаулары: Қазақша мағынасы
№: 1
Зодиак белгісінің атаулары: Қозы
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): қозы
Жамал (әл-Жамал) (наурыз - сәуір)
№: 2
Зодиак белгісінің атаулары: Үді
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): торпақ
Сәуір (ай) (сәуір - мамыр)
№: 3
Зодиак белгісінің атаулары: Ерентұз
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): егіздер
Зауза (мамыр - маусым)
№: 4
Зодиак белгісінің атаулары: Құшық
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): шаян
Саратан (маусым - шілде)
№: 5
Зодиак белгісінің атаулары: Арслан
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): арыстан
Әсет (шілде - тамыз)
№: 6
Зодиак белгісінің атаулары: Бұғдай башы
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): бикеш
Сүмбіле (тамыз - қыркүйек)
№: 7
Зодиак белгісінің атаулары: Өлкі
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): таразы
Мизан (қыркүйек - қазан)
№: 8
Зодиак белгісінің атаулары: Чаян
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): сарышаян
Ақырап (қазан - қараша)
№: 9
Зодиак белгісінің атаулары: Иа (Сү)
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): мерген
Қауыс (қараша - желтоқсан)
№: 10
Зодиак белгісінің атаулары: Ұғлақ
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): теке
Жади (әл-Джади) (желтоқсан - қантар)
№: 11
Зодиак белгісінің атаулары: Көнек
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): мираб
Дәлу (қантар - ақпан)
№: 12
Зодиак белгісінің атаулары: Балық
Арабша атауы және мерзімі(қазіргі азаматтық күнтізбесімен): балық
Үт (үт-Хүт) (ақпан - наурыз)

Күнтізбе халықтың ғасырлар бойы жасаған алтын қазыналарының бірі. Атадан балаға қалып келе жатқан асыл мұрасы. Оны жақсарту ғылыми негізге келтіру жолында дүниежүзілік ғылым мен ой-пікірдің Гиппарх пен Птолемей, Бируни мен Хайям, Лаплас пен Гаусс сияқты аса дарынды қайраткерлері еңбек еткен. Сол сияқты Б. А. Куфтин, А. Н. Седельников, Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов ғұламалардың еңбегі жоғары бағаланады.

Күнтізбе жөніндегі мәселе - жеке адамдардың өміріне, мемлекеттердің ішкі істеріне ғана байланысты мәселе емес, халықаралық маңызы бар үлкен мәселе. Сондықтан да дүниежүзілік конференцияларда күнтізбе туралы мәселе сексен жеті жыл бойы талқыланып, көптеген айтыстар тудырып, әлі күнге шейін дұрыс шешімін таппай келеді.

Ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, күнтізбе - күндердің, айлардың және жылдардың саны ретін тәртіптеп отыратын, уақыт есебін жүргізуде қолданылатын ережелердің жинағы.

Күнтізбе оп-оңай жасала қойған жоқ. Оның тууына мыңдаған, тіпті он мыңдаған жылдар керек болды. Күнтізбенің шығуының өзі түркі халықтардан шыққан деп есептеуге болады, себебі, мал шаруашылығы мен егіншілікке бейімделген халықтар жыл мезгілдерін айыра білген. Алғашқы кезде бұл айыру дөрекі, шамалы түрде ғана, мысалы, өзендердің тасуы, тұрақты желдің есуі, қардың жаууы сияқты жер бетіндегі құбылыстар бойынша жүргізілген. Кейін «аласапыран», «күзем», «соғым» секілді ұғымдар негізделіп, табиғи күнтізбенің пайда болуына әсер еткен.

Қазақтардың астрономияда әжептәуір тәжірибелік білімдері болған. Олар көптеген жұлдыздар мен негізгі планеталарды жақсы білген. Аспан өркендері ауыз әдебиетінен, халық өнерінен елеулі орын алған. Алтыншы ғасырдан пайда болған сақ тайпаларының ою-өрнектері тасқа жазылған ежелгі рим күнтізбесінде, гректер мен мысырлықтардың шоқ-жұлдыздарын белгілейтін таңбаларымен ұйқас табады. Олардың әрбір шоқжұлдызын бейнелейтін, құдайлардың атауына байланысты таңбалайтын өрнектері болған. Бұл дерекке мысал бола алатын қазақтың «қошқар мүйіз» ою-өрнегі. Ол римдіктердің тоқтыны белгілейтін таңбасына ұқсас. Ал, сарышаянды «түйе табан» тәрізді оюымен, мергенді «төрт құлақ» тәрізді өрнегімен белгілеген.

Ежелгі кезде аспан денелерін бақылап, уақыт есебін жүргізіп отырған. Түркі тілдес халықтарда есептеулерді жұлдызшылар, қазақтарда есепшілер деп атаған. Олардан басқа жорушы астролог-абыздар да шықты. Олар жұлдыздар бойынша жат жерлерде жол тауып, жыл мезгілдерін айырып, есепшілердің айтуына қарай шаруашылықтарын ұйымдастырып отырған. Оңтүстік Қазақстаннан орта ғасырлардағы ұлы ғалымдардың бірі Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби шыққан. Табиғаттың сырларын ашып, жұмбақтарын шешу үшін алдымен арифметика мен геометрияның қажеттілігін айта келіп, Фараби аспан жайындағы ғылымға тоқталады. Ол: «Бұл - аспан қозғалысы жайындағы ғылым. Біз бұл ғылым арқылы планеталардың жолдары мен олардың өз аспандарында қарама-қарсы жаққа шығатын кездерін, қозғалыстарын, кейін қарай шегіністерін және тоқтайтын кездерін

білеміз», -деп жазады.

Фарабидің жалпы астрономиядан жазған еңбектері сол кездегі күнтізбені жақсартуға әсерін тигізді. «Уақыт», «Аспан сфераларының қозғалысы» атты атақты еңбектері Фарабидің дүние тануы, планеталар қозғалысы туралы пікірлерін көрсетіп тұрды. [1, 150б. ]

Уақыт өлшемдерін астрономдар тапқан. Бұл өлшемдердің «эталондары» аспанда, табиғаттың мәңгілік қоймасында сақтаулы. Ал, жеті күндік өлшемі аптаны береді. «Апта» - жеті деген сөз, ол шет тілдерден енген. Қазақ тіліндегі алғаш атауы “Һапта” деп атаған. Апта ұғымының қазақ елінде қашаннан бері қолданылып келе жатқаның бірден кесіп айту қиын. Ислам дінінің әсерінен күн аптаның жинағын шығаратындықтан жұма аталған. Жұмға - жұма парсы, араб тілдерінде болуымен қатар түркі тілдерінде де кездеседі. Жұмысты жұмыла істеу, жиналу, жинақ, жиын, жұмырық тағы басқа көптеген түркі және қазақ сөздері осы жұмғамен төркіндес. Сондықтан жұма сөзін қазақтың байырғы сөзі деп те айтуға болады.

Вавилон абыздары Күн мен Айды, планеталарды құдайлар деп жариялап, аптадағы әр күнді солардың біреуі билеп тұрады деп түсіндірген. Бирунидің қолынан шыққан кесек шығармалардың бірі - ежелгі Шығыс халықтарының күнтізбесін баяндайтын

«Әл-әсер әл-Бақия», яғни «Өткен буындардың ескерткіштері». «Ескерткіштерде» уақытты есептеу әдістері, жыл мен ай, апта мен күн есептері, көптеген эралар - замандар айтылады. Ол өз еңбегі мен өзгенің еңбегінің арасын ашып айтып отырады. «Жыл санаудың жоғарыда баяндалған системаларындағы айлардың сапалары туралы» деп аталатын кітаптың бесінші тарауы: «Мен алдыңғы тарауда әр халықтың жыл санау жүйесінің өзінше бір ерекшелігі бар екендігін айттым. Осыған байланысты әр системадағы айлардың басы мен айлардағы күндердің саны әр түрлі болады және апта күндері төрт жетілікте қайталанып отырады», -деген сөздермен басталады. Ал, 532 жыл Христос жарық көрген жыл деп алып, бұл сан 19 бен 28 сандарының көбейтіндісі екенін аңғарамыз. 28 саны «Күн дөңгелегі» деп аталады. Әрбір 28 жылда апта күндері қайталанып, айдың сол күніне келіп отырады десек, онда «төрт жетілік» осы 28 жылды береді. 19 саны «Ай дөңгелегі» деп аталады. Әрбір 19 жылда ай орағының фазалары қайталанып, айдың сол күніне келіп отырады.

Вавилон абыздары бірталай жұлдыздардың көрінерлік орындарын анықтап, оларға атаулар берген. Жай көзбен көруге болатын бес үлкен планетаны анықтап, оларға мынадай аттар қойған:

  1. Меркурий - Биббу;
  2. Венера - Дильбату;
  3. Марс - Залбатану;
  4. Юпитер - Мулубаббару;
  5. Сатурн - Кайману.

Планеталар құдайлар деп есептеген. Күн - Шамаш пен Ай - Синді қосып, аспан «құдайларын» вавилондықтар жетіге жеткізген. Осыған сәйкес, жеті күндік аптаны шығарған. Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ақжан Машанов өзінің «Аспан ертегілері» атты мақаласында қазақ мүшелі мен вавилон шоқжұлдызының арасында байланыс болу керек деген пікірді айтқан. [2, 4б. ]

Қазақтардың мүшелді бейнелейтін суретінде күн мен айдың орналасуына қарай, мүшелдерді рет-ретімен орналыстырған. Вавилон шоқжұлдыздары да күн мен ай есебі арқылы жүріп, бұл жерде Күн құдайын - Баббар деп, Ай құдайын - Наннар деп атаған. Күн құдайын бейнелейтін таңба, сақ жазуларының «бь» әрпіне келеді, яғни Баббар атауының басқы әрпіне сәйкес келіп тұр. Бұл қазақ күнтізбесінің вавилондықтардың күнтізбесімен ұқсас екендігіне дәлел.

Ерте заманда, газет пен радио жоқ кезде, жыл мен айдың басын биікке шығып жариялау салты болған. Өзбектер мен тәжіктерде жаңа жылдың бірінші күні «мадхаль» деп, қазақ халқында «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ал, наурыз атауы қазақ тіліне Соғда мен Хорезм арқылы ежелгі парсы тілінен келген. Бұл айды соғдылықтар наусарыз, хорезмдіктер наусарджи деген. Парсы абыздар күнтізбені дұрыс бақылап отырмағандықтан, наурыз жиырма бірінші марттан тайып, жылдың басқа кезеңдеріне шығып кеткен. Бұл жағдай парсы шаруашылығын күйзеліске ұшыратып отыратын болған. Он бірінші ғасырда Джәлеледдин Әбул-фатқа Мәлік-шах ескі күнтізбені жөндеуге мәжбүр болды. 1079 жылы жаңа күнтізбе жасалып, әрдайым 21 найрыз күні «Наурыз» мейрамын өткізуді ұйғарды.

«Күн мен ай - аспанның екі көзі, наурыз бен меһран - уақыттың екі көзі » деп жырлады парсылар. «Мейрам» дейтін сөзіміз осы меһраннан шыққан болу керек.

«Наурыз» парсы сөзі болғанымен, өте ерте заманда кірігіп, қазақ тұрмысына сіңіп кеткен сөз. Б. А. Куфтин айтқандай, аласапыран осы ай болуы мүмкін деген пікірі бар. Сондықтан оны ескі қазақ күнтізбесінен шығару қиын. Ертеде келе жатқан дастандардың бірі «Қобыландыда» :

«Қаз жайлауын саз деймін

Наурыздан соң жаз деймін

Көлден ұшқан қаздаймын,

Наурыздан соңғы жаздаймын»

деген жолдар айғақ болып отыр.

Оңтүстік Қазақстан өлкесі, Жамбыл атындағы колхоздың мүшесі С. Райымбаев қабырға күнтізбесінің редакциясына жазған хатында «наурыз» сөзі нәуірзек деген құстың атынан алынған деп түсіндіреді. Ол кісінің айтуы бойынша нәуірзек - көктемде келетін құс. Бірақ бұл тек жеке адамның ойлап тапқан түсіндірмесі. Наурыз қазақ тұрмысына ислам дінінен бұрын келіп сіңіскен. Ислам дініндегі айт мейрамдары оны недәуір ығыстырған. Бірақ халықтың салт-санасына берік орнап қалғандықтан, бұл ескі мейрам айтпен жарыса ұзақ уақыт өмір сүріп келген. «Наурыз» үйсін, қаңлы, кердәрі тайпаларына біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында келген деуге болады.

Өзбектің ұлы астрономы Тарағай Ұлықбек негізгі ғылыми еңбегі - «Зидж-и Гурагани», яғни «Көрегеннің жаңа астрономиялық кестелері». Бұл еңбегінің құндылығы - күн мен түннің теңелу жөнінде айқын есептеулер жүргізген.

Қазақтың байырғы күнтізбесінде болған айлардың үш жүйесін атап көрсеткен, олар: тоғыс айлар, шоқжұлдыздар айлары және азаматтық айлар.

Бақылаушыға көрінетін орындарына қарай жұлдыздар 88 үйірге бөлінген. Бұл үйірлер, яғни жұлдыз топтарын, “шоқжұлдыздар” деп атаған. Күн аспан күмбезінің бергі жағында қозғалып жүретін сияқты болып көрінеді және жыл ішінде оның көрінетін орындары ауысып отырады. Күннің осы көрінерлік жолында он екі шоқжұлдыз бар.

Х. Әбіштің зерттеулеріне қарағанда шоқжұлдыздарды ертедегі қазақтар «елек» деп атаған. Бұл «лек» сөзінен шығуға ықтимал, өйткені зодиак үйірлері ай сайын лек-лек болып өтіп отырады. Бұл шоқжұлдыз атауларынан ай аттары да шығып отырған. А. Н. Седельниковтың келтірген мағлұматтары бойынша қазақтың ескі күнтізбесінде жыл 12 айға бөлінген, әр ай 4 аптадан құралған. Бұлай болғанда жылдың ұзақтығы 336 күн, ол әдеттегі 11 айға тең.

Ш. Уәлиханов және В. В. Радлов тағы басқалардың айтуынша қазақ жылы 12 айдан құралған, айларда 30 күннен болған. [4, 112б. ]

Олардың ай тізімдерін жасаған кестелерінде айырмашылық бар. Мәселен, Куфтинше жылдың бастапқы айы шілде болса, Ш. Уәлиханов пен Радловша - отамалы. Бірақ бұлардың біріншісі отамалыны Наурызға, екіншісін мамырға балайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христос атының күнтізбеге қатысы шартты ғана
Күнтізбе. Уақытты есептеу жүйелері. Байырғы қазақ күнтізбесі
Ежелгі өркениет күнтізбелері
Григориан күнтізбесі
Қазақ халқының күнтізбесі
Ұлттық күнтізбеңді ұлықта, қазақ!
Қазақтың тұңғыш календарындағы ақпараттық үлгілер
Түркі халықтарының күнтізбесі, астрономиялық ілім-білімдері
Қазақ халқының уақыт есебі
Эралар және олардың дәуірлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz