Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық реттелуі



I. КІРІСПЕ:

Жалпы бөлім:

1. Сақтандыру қаржылық құқықтың реттеу обьектісі ретінде.

2. Сақтандыру рыногының мамандандырылған субьектілерінің құқықтық жағдайы.

3. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуі бойынша мемлекеттік шаралары.

II. Қорытынды:
микаға негізделген мемлекеттердің сақтандыру жүйелері экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Адам өміріндегі барлық жағдайлар, яғни меншік иесінің мүлкінің жоюлуының және табыстарының жоғалуының , сақтандыру қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрақтылығының кепілі ретінде болады. Сақтандыру компанияларының резервтері - ірі мөлшердегі инвестициялардың әртүрлі өндірістік және өндірістік емес салаларға құйылуының берік қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, мемлекеттік сақтандырудың манапольдік жүйесінің негізінде пайда болды, бірақ 1990 жылдардың басында түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Отандық нарық өзінің дамуы кезінде, алдыға қадам басқан сайын манаполиядағы болған қарама қайшылықтардан тазартылып, альтернативтік компанияларға жол берілді. Қазіргі кезде біз Республикамыздың сақтандыру кеңістігін шындық бәсекелестікке негізделген бағыт туды деп күдіксіз айтуымызға болады. Бұрындары тек шетел мемлекеттерде ғана жүзеге асқан сақтандыру түрлері бізде де пайда болды. Сақтандыру тәжірибесіне жаңа сақтандыру түрлері енді және сақтандырушылардың сақтанушылардың алдында туындайтын жауапкершілік сезімі жоғарылады.
Қазіргі ағымдағы қазақстандық сақтандыру ғылымының алдында отандық сақтандыру нарығының қалыптасуының және дамуының мәселелерін меңгеру жөнінде сұрақтар туындап тұр. Әсіресе өтпелі нарықтық экономикада, барлығы жеке меншік қатынастарына негізделеді, сол себептен сақтандырудың басты қозғаушы күші ретінде, сақтанушының өзінің жеке меншігінің қорғауы болады. Сонымен бірге адамдардың өмір деңгейінің жақсаруына байланысты, өзіне деген қамқорлығын өсіре түседі, нәтижесінде жеке сақтандыру саласы жоғары дәрежеде дамиды. Жалпы сақтандыру ерекше мәнге ие болғандықтан, оның сақтандыру обьектісі сол сияқты субьектісі де әртүрлі болады. Осы жағдайлардың барлығы сақтандыру заңдылығының күрделенуіне өз әсерін тигізе отырып, сақтандыруды тек көлемді ғана қылып қоймай, сонымен бірге мазмұнын да әртүрлі жасайды. Осындай шарттардың болуы, сақтандыруды шынымен де нарықтық экономиканың бөлінбес бір бөлігі ретінде танытады. Бұлай болудың өзі тек сақтандыру ұйымының өсу санына ғана байланысты емес, сонымен қатар, сақтандыру заңдылығының ұлғаюына да байланысты.
Сақтандыру заңдылығын білу қазіргі заманда көптеген тұлғалардың мақсат мүддесі болып табылады. Әрине, біз бұл жерге сақтандырушыларды қосып отырған жоқпыз, өйткені олар үшін заңдылықты білу міндетті міндет ретінде болады. Өйткені сақтандыру олардың кәсіпкерлік қызметі болып табылады және осы тұлғаларға қоса сақтандыру заңдылығын басқа да бір шаруашылық жүргізетін субьектілері де білулері қажет. Сонымен қоса сақтандыру заңдылығын заңгерлерге де білу, міндетті түрде қажет, өйткені нарықтық экономикалық кезеңіндегі сақтандырудың шарттары олардың кәсіби дайындықтарының бір элементі болып табылады.
Менің оқу орнын бітіру жұмысымның тақырыбы ғылыми және тәжірибелік көз - қараста өте үлкен мәнге ие, өйткені Қазақстан Республикасының сақтандыру қатынастарының құқықтық ретелуі жаңадан қалыптасып отырған заңдар саласы болып табылатын, осы қатынастарды реттеуде қандай құқықтық әдістер қолданылуы қажеттігі туралы сұрақтар туады. Материалдық сақтандыру қатынастары сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы жасалынатын және орындалатын шарттар арқылы жүзеге асырылады. Осы қатынастарға мемлекеттің және оның уәкілетті органының қатысуын барынша шектеу қажет. Өйткені сақтандыру кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылатындықтан, мемлекеттік органдардың сақтандыру шарттарын жасауы және орындау қатынасына араласуы экономиканың маңызды саласы болып табылатын сақтандырудың дамымай қалуына, бәсекелестіктің болмауы, көрсетілетін сақтандыру қызметтерінің сапасының төмендігіне әкеліп соқтырады. Сондықтан да шартқа негізделген материалдық құқықтық қатынастары тараптардың құқықтық теңдігі қағидасына негізделіп жүзеге асырылуы тиіс. Бірақ сақтандыру қызметі көптеген тұлғалардың мүдделері мен құқықтарына байланысты болатын және көп мөлшерде ақша ресурстарының сақтандыру қорларында жинақталатындықтан сақтандыру ісін ұйымдастыру тек мемлекет бір жақты өктемдік ету әдістерін қолдана отырып жүзеге асыра алады. Сақтандыруды ұйымдастыру, құқықтық қатынастарға белсенді қатысу, сақтандыру қызметтерінің тұтынушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінің қорғалуы, сондай – ақ сақтандыру ақша қорларының, сақтандыру резервтерінің заңға сәйкес мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді .
Сондықтан да, осы ғылыми зерттеудің мақсаты, сақтандыру қатынастарын реттеудегі қолданылатын құқықтық әдістердің мәнін көрсету және сақтандыру құқығын азаматтық құқықтық және қаржылық құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын кешенді институт ретіндегі тұжырымда болып отыр.
Сонымен қатар, бұл ғылыми зерттеу жұмысы сақтандыру қатынастарын реттеуде мемлекеттің ролін ашып көрсету және мүмкін болу кемшіліктердің жойылуына ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру ұйымдарының қызметіне негізсіз араласуын доғаруына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қаржылық және
салықтық құқық
кафедрасы

оқу орнын бітіру жұмысы:

"Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық
реттелуі"

Ғылыми жетекші:
оқытушы

I. КІРІСПЕ:

Жалпы бөлім:

1. Сақтандыру қаржылық құқықтың реттеу обьектісі ретінде.

2. Сақтандыру рыногының мамандандырылған субьектілерінің құқықтық жағдайы.

3. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуі бойынша
мемлекеттік шаралары.

II. Қорытынды:

І.КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттердің сақтандыру
жүйелері экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Адам
өміріндегі барлық жағдайлар, яғни меншік иесінің мүлкінің жоюлуының
және табыстарының жоғалуының , сақтандыру қоғамның әлеуметтік
экономикалық тұрақтылығының кепілі ретінде болады. Сақтандыру
компанияларының резервтері - ірі мөлшердегі инвестициялардың әртүрлі
өндірістік және өндірістік емес салаларға құйылуының берік қайнар көзі
болып табылады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, мемлекеттік
сақтандырудың манапольдік жүйесінің негізінде пайда болды, бірақ 1990
жылдардың басында түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Отандық нарық өзінің
дамуы кезінде, алдыға қадам басқан сайын манаполиядағы болған қарама
қайшылықтардан тазартылып, альтернативтік компанияларға жол берілді.
Қазіргі кезде біз Республикамыздың сақтандыру кеңістігін шындық
бәсекелестікке негізделген бағыт туды деп күдіксіз айтуымызға болады.
Бұрындары тек шетел мемлекеттерде ғана жүзеге асқан сақтандыру түрлері
бізде де пайда болды. Сақтандыру тәжірибесіне жаңа сақтандыру түрлері
енді және сақтандырушылардың сақтанушылардың алдында туындайтын
жауапкершілік сезімі жоғарылады.
Қазіргі ағымдағы қазақстандық сақтандыру ғылымының алдында
отандық сақтандыру нарығының қалыптасуының және дамуының мәселелерін
меңгеру жөнінде сұрақтар туындап тұр. Әсіресе өтпелі нарықтық
экономикада, барлығы жеке меншік қатынастарына негізделеді, сол
себептен сақтандырудың басты қозғаушы күші ретінде, сақтанушының өзінің
жеке меншігінің қорғауы болады. Сонымен бірге адамдардың өмір
деңгейінің жақсаруына байланысты, өзіне деген қамқорлығын өсіре түседі,
нәтижесінде жеке сақтандыру саласы жоғары дәрежеде дамиды. Жалпы
сақтандыру ерекше мәнге ие болғандықтан, оның сақтандыру обьектісі сол
сияқты субьектісі де әртүрлі болады. Осы жағдайлардың барлығы
сақтандыру заңдылығының күрделенуіне өз әсерін тигізе отырып,
сақтандыруды тек көлемді ғана қылып қоймай, сонымен бірге мазмұнын да
әртүрлі жасайды. Осындай шарттардың болуы, сақтандыруды шынымен де
нарықтық экономиканың бөлінбес бір бөлігі ретінде танытады. Бұлай
болудың өзі тек сақтандыру ұйымының өсу санына ғана байланысты емес,
сонымен қатар, сақтандыру заңдылығының ұлғаюына да байланысты.
Сақтандыру заңдылығын білу қазіргі заманда көптеген
тұлғалардың мақсат мүддесі болып табылады. Әрине, біз бұл жерге
сақтандырушыларды қосып отырған жоқпыз, өйткені олар үшін заңдылықты
білу міндетті міндет ретінде болады. Өйткені сақтандыру олардың
кәсіпкерлік қызметі болып табылады және осы тұлғаларға қоса сақтандыру
заңдылығын басқа да бір шаруашылық жүргізетін субьектілері де білулері
қажет. Сонымен қоса сақтандыру заңдылығын заңгерлерге де білу,
міндетті түрде қажет, өйткені нарықтық экономикалық кезеңіндегі
сақтандырудың шарттары олардың кәсіби дайындықтарының бір элементі
болып табылады.
Менің оқу орнын бітіру жұмысымның тақырыбы ғылыми және
тәжірибелік көз - қараста өте үлкен мәнге ие, өйткені Қазақстан
Республикасының сақтандыру қатынастарының құқықтық ретелуі жаңадан
қалыптасып отырған заңдар саласы болып табылатын, осы қатынастарды
реттеуде қандай құқықтық әдістер қолданылуы қажеттігі туралы сұрақтар
туады. Материалдық сақтандыру қатынастары сақтандырушы мен
сақтанушының арасындағы жасалынатын және орындалатын шарттар арқылы
жүзеге асырылады. Осы қатынастарға мемлекеттің және оның уәкілетті
органының қатысуын барынша шектеу қажет. Өйткені сақтандыру кәсіпкерлік
қызметтің бір түрі болып табылатындықтан, мемлекеттік органдардың
сақтандыру шарттарын жасауы және орындау қатынасына араласуы
экономиканың маңызды саласы болып табылатын сақтандырудың дамымай
қалуына, бәсекелестіктің болмауы, көрсетілетін сақтандыру қызметтерінің
сапасының төмендігіне әкеліп соқтырады. Сондықтан да шартқа
негізделген материалдық құқықтық қатынастары тараптардың құқықтық
теңдігі қағидасына негізделіп жүзеге асырылуы тиіс. Бірақ сақтандыру
қызметі көптеген тұлғалардың мүдделері мен құқықтарына байланысты
болатын және көп мөлшерде ақша ресурстарының сақтандыру қорларында
жинақталатындықтан сақтандыру ісін ұйымдастыру тек мемлекет бір жақты
өктемдік ету әдістерін қолдана отырып жүзеге асыра алады. Сақтандыруды
ұйымдастыру, құқықтық қатынастарға белсенді қатысу, сақтандыру
қызметтерінің тұтынушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың
мүдделерінің қорғалуы, сондай – ақ сақтандыру ақша қорларының,
сақтандыру резервтерінің заңға сәйкес мақсатты пайдалануын қамтамасыз
етеді[1].
Сондықтан да, осы ғылыми зерттеудің мақсаты, сақтандыру
қатынастарын реттеудегі қолданылатын құқықтық әдістердің мәнін көрсету
және сақтандыру құқығын азаматтық құқықтық және қаржылық құқықтық
нормалардың жиынтығы болып табылатын кешенді институт ретіндегі
тұжырымда болып отыр.
Сонымен қатар, бұл ғылыми зерттеу жұмысы сақтандыру
қатынастарын реттеуде мемлекеттің ролін ашып көрсету және мүмкін болу
кемшіліктердің жойылуына ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органның
сақтандыру ұйымдарының қызметіне негізсіз араласуын доғаруына өз
септігін тигізеді деп ойлаймын.

Сақтандыру қаржылық құқықтың реттеу
обьектісі ретінде
Жалпы барлық мемлекеттер өз Сақтандыру қоғам өміріндегі басты
рольдердің бірін атқаратын сақтандыру қызметін ұйымдастыруға уақытта,
сол өз мемлекетінің ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруды тырысады.
Нәтижесінде мемлекет, өз сақтандыру ұйымының қызметін реттейтін
органның және сақтандыруға қатысатын тараптардың (сақтандырушы мен
сақтанушыға байланысты) пайда болатын көптеген қатынастарды біз
сақтандыруды ұйымдастыруға байланысты қарым-қатынастар деп атаймыз.
Бұл қатынастар ақша қаржылық қозғалысын немесе сақтандыру
төлемін, сақтандыру оқиғасынан келтірілген залалдың орнын толтыруға
байланысты төлемді білдірмейді, олардың бағыты басқаға арналған:
а) мемлекеттегі сақтандыру жүйесінің құрылуына әсер етеді
б) материалдық сақтандыру қатынастарына қатысатын қатысушылардың
сақтандыру қызметін жүргізуге байланысты.
в) сақтандыру заңдылығының сақталуын қадағалайды және бақылайды.
Мемлекет сақтандыруды қоғам өмірінде басты роль ойнайтын сала
екенін біліп, оны қараусыз қалдырмайды, сондықтан да мемлекет оны
реттеу мақсатында нормативтік құқықтық актілер шығарады. Айтылып кеткен
нормалар негізгі институттардың бірін құрайды- ол сақтандыру құқығы.
Сақтандыру құқығы – мемлекеттегі сақтандыру ісін ұйымдастыруға және
сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды. Сондықтан да,
сақтандыру құқығының пәнін, екі сақтандыру қатынастарының тобы құрайды:

а) сақтандыру ісін ұйымдастыруға байланысты қатынастар
б) материалдық сақтандыру қатынастары[2]
Сақтандыру қатынастары құқықтық нормалармен реттелгендіктен,
сақтандырудың нысаны құқықтық қарым-қатынас ретінде жүзеге асырылады.
Ол келесі белгілерден көрінеді:
1. Сақтандыру құқықтық қатынас – сақтандыру қатынастарына байланысты
қатынастардың мемлекетпен реттелуі (материалдық сақтандыру қатынастары)
немесе сақтандыру ісін ұйымдастыруға байланысты қатынастар
(ұйымдастырушылық сақтандыру қатынастары) және олардың құқықтық нысан
ретінде жүзеге асырылуы.
2. Сақтандыру құқықтық қатынас – ол субьектілердің арасындағы заңды
байланыс болып табылады. Материалдық құқықтық қатынастар ондай
субьектілер ретінде міндетті түрде сақтандырушы мен сақтанушы болып
табылады. Ал ұйымдастырушылық сақтандыру қатынасының бір субьектісі
ретінде әрдайым мемлекеттің атынан уәкілеттілік берілген орган болады.
Сақтандыру құқықтық қатынасының мазмұны ретінде, құқықтық
қатынасқа түсетін субьектілердің құқықтары мен міндеттері болады.
Сондықтан материалдық сақтандыру құқықтық қатынаста, сақтанушы
сақтандыру төлемін төлеуге міндетті, бірақ сақтандыру оқиғасы болған
уақытта, оқиғадан келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге
құқылы. Сонымен бұл керісінше де болады, яғни сақтандырушы сақтандыру
шарты бойынша сақтанушыдан мерзімінде сақтандыру төлемін талап етуге
құқылы, бірақ оқиға болған кезде өзі залалдың орнын толтыруға міндетті.
Ұйымдастырушылық сақтандыру қатынастарында мемлекеттік субьект
ретінде : (мемлекеттік сақтандыруды қадағалау органы болады), ол
әрқашанда осы құқықтық қатынаста оған қарама қайшы болатын тараптан
гөрі көбірек құқықтарға ие болады, ол мемлекеттік сақтандыруды
қадағалау органының бақылауында болатын белгілі бір сақтандыру ұйымы
болуы мүмкін.
Сақтандыру құқықтық қатынастар – мемлекетпен қорғалатын
қатынастар болып табылады. Бұлай болудың себебінің өзі, ол мемлекет
тарапынан шығарылатын нормалардың орындалуының қамтамасыз етуіне
байланысты. Мемлекеттің сақтандыру құқығының нормаларының орындалуын
қамтамасыз етілуі, осы нормалармен реттелінетін сақтандыру қатынастарын
қорғайды дегенді білдіреді.
Сонымен сақтандыру құқықтық қатынас дегеніміз – сақтандыруды
ұйымдастыру және орындау процесінде пайда болатын нормалармен
реттелінетін құқықтық қоғамдық қатынастар болып табылады. Өзінің
обьектісі бойынша сақтандыру қатынастары материалдық және
ұйымдастырушылық болып бөлінеді.
Материалдық сақтандыру құқықтық қатынастар – сақтандырушы мен
сақтанушының арасындағы ақша қорының қозғалысын және олардың арасында
болатын басқа да қатынастарды реттейді. Материалдық сақтандыру
қатынастары дизпозитивтік әдіспен реттелінеді және Қазақстан
Республикасының заңдарына байланысты әрқашанда шартты сипатқа ие болады
(кейбір мемлекеттерде осы мемлекеттік сақтандырға байланысты, шартсыз
да болуы мүмкін).
Ал ұйымдастырылған сақтандыру құқықтық қатынастарында
субьектілердің заңды теңсіздігінің болуы, әдеттегідей жағдай деуімізге
болады. Бұл қатынастар, тік сипатқа ие болады және мына формула арқылы
айқындалады Билік – бағынуң. Бұл берілген формуладағы бірнеше билік
етуші судбьект тек құқықтарға ие болады деп, ал екінші бағынушы субьект
тек құқықтарға ие болады деп түсінбеу керек. Мұнда біріншісі сияқты
екінші субьекті де құқықтар мен міндеттерге ие, бірақ бұлардың ара
қатынастарына қарап, бір тараптың екіншісіне қарағанда көбірек
уәкіліттілкке ие болатынын көруге болады. Ұйымдастырушылық құқықтық
қатынастың билік етуші субьектісі ретінде әрқашанда мемлекетттік орган
немесе мемлекеттегі сақтандыруды реттеуге уәкілеттілк берілген орган
немесе тіпті сақтандыру ұйымының қызметіндегі мемлекеттік қадағалау
органы болады[3].
Ұйымдастырушылық сақтандыру қатынастарында бағынушы субьекті
ретінде, сақтандыру ұйымдары сонымен қатар сақтандырушы немесе
сақтанушы ретінде болатын азаматтар және заңды тұлғалар болады.
Шартты сақтандыру қатынастары тараптардың келісіміне
негізделеді, сонымен қатар сақтандыру нормаларымен көзделмеген
сақтандыру міндеттерінің шарттары екі жақтың еріктерін білдіру арқылы
шешіледі. Негізгі материалдық сақтандыру құқықтық қатынасының
субьектілері ретінде сақтандырушы және сақтанушы болады.
Бұдан басқа бұл қатынастар негізгі сақтандыру қатынасына
байланысты, бұлар қосымша көмектесіші қатынастар ретінде болуы мүмкін.
Сақтандырушы өз қызметін сақтандыру агенті арқылы, ал сақтанушы
сақтандыру брокері арқылы жүзеге асырады. Сақтандырушы өзінің
тәуекелдерін қайта сақтандырушыға қайта сақтандырып алуға, сақтанушы –
сақтандырушы адамды немесе пайда алушыны тағайындауға құқығы бар. Осы
барлық тұлғалардың арасында белгілі бір сақтандыру қатынастары пайда
болады. Ұйымдастырушылық сақтандыру құқықтық қатынастың бір субьектісі
ретінде алдында айтылып кеткендей мемлекет атынан уәкілеттілік
берілген орган жүзеге асырады. Қазақстанда бұндай орган ретінде біз
мемлекеттік сақтандыруды қадағалау органын айта аламыз. Сақтандыру
құқықтық қатынастың субьектілерінің құқықтарының қорғалуы: біріншіден
қатынастың түрінен және екіншіден бұл субьектілердің бұл қатынастағы
роліне байланысты болады.
Материалдық сақтандыру құқықтық қатынастың субьектілерінің
өздерінің құқықтарын қорғаудың негізгі тәсілі, ол – сот тәртібі. Егер
материалдық сақтандыру қатынастарының субьектілері сақтандырушы және
сақтанушы болса, шартты қатынас болып табылады. Бұл шарттың әр тарабы
өзінің құқықтарын және мүдделерін жалпы сотқа талап арыз қою арқылы
шеше алады. Ұйымдастырушылық сақтандыру құқықтық қатынастың
субьектілерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы көбінесе бұл
қатынаста осы субьектілердің алатын орнына байланысты болады, яғни ол
тарап билік етуші ме, әлде бағынышты екенін білдіреді. Билік етушінің
іс әрекетіне сотқа бағынушылқ тәртіппен шағымдану арқылы бағынушы тарап
өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады. Бағынушылық тәртіппен
шағымдану дегеніміздің өзі – ол билік етуші тараптың іс әрекетіне
шағымдануды білдіреді, мұндай билік етуші тарап әрқашан мемлекеттік
орган болады. Бұл органға қарағанда жоғарғы тұрған органға шағымдануға
болады. Мысалы: мемлекеттік сақтандыруды қадағалау органының іс
әрекетіне қаржы министрлігіне немесе үкіметке шағымдануға болады.
Бағынушылық тәртіппен шағымдану құқығы мен мүдделерінің қорғалуының жан
- жақты әдісі болып табылады, яғни билік етуші тараптың барлық іс-
әрекетіне және актілеріне әртүрлі негіздер бойынша шағымдануға болады.
Мұндай арыз жоғарғы тұрған органмен қаралған кезде міндетті түрде талап
арыз берушіге оның нәтижесі туралы хабарлануы тиіс және ол міндетті
түрде заңмен белгіленген мерзімінде қаралуы тиіс. Ұйымдастырушылық
сақтандыру құқықтық қатынасының билік етуші тарабының іс-әрекетіне
шағымдануына байланысты болатын сот тәртібі бұл қатынастың бағынышты
субьектілерінің қорғалуының альтернативтік тәсілі болып табылады,
басқаша айтқанда бағынатын тарап бір уақытта ол тарап арызбен жоғары
тұрған органға да және сотқа да шағымдана алады. Мысалы: егер
мемлекеттік сақтандыруды қадағалау органы белгілі бір сақтандыру
ұйымына сақтандыру қызметін жүзеге асыруына байланысты лицензия беруден
бас тартатын болса, онда осы орган тұрған жердің сотымен қаралуы
мүмкін.
Сақтандыру ісінің жүрегі ретінде, біз шартты алуымызға
болады. Сақтандырудың өзі – сақтандыру шартын жасасу және орындалу
нысанында жүзеге асырылады. Сонымен қатар шартсыз нысанында сақтандыру
болуы мүмкін, мұндай шартсыз нысанындағы сақтандыру ретінде, міндетті
сақтандыру жүзеге асырылуы керек.
Дәл осындай жағдайда тараптардың құқықтары мен міндеттері
барлық міндетті сақтандырудың түрлерін реттейтін тікелей нормативтік
актімен анықталады. Егер тараптарға келісімге келу керек болмаса осы
нормативтік актінің ұйғарымын орындауы керек. Сондықтан да шартсыз
сақтандыру қарым қатынасы тууы мүмкін, бірақ мұндай қарым қатынастар
көбінесе мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға тиесілі болады.
Ал нарықтық экономикада сақтандыру көбінесе шарт арқылы
жүзеге асырылады. Азаматтық кодексінің 378 –ші бабына сәйкес шарт
ретінде екі немесе бірнеше тұлғалардың арасында азаматтық құқықтар мен
міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқатылуына байланысты
келісімін айтамыз. Сақтандыру шарты негізінде бір тарап (сақтанушы)
сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап
(сақтандырушы) сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтанушыға немесе пайда
алушыға сақтандыру оқиғасынан туған залалдың орнын толтыруға
міндеттенеді[4].
Сондықтан сақтандыру шартында тараптар: сақтанушы және
сақтандырушы болады. Сақтанушы сақтандыру шартында көзделген ортақ
міндетті төлемдерді тура мөлшерінде, тәртібінде, мерзімінде төлеуі
тиіс. Ал сақтандырушы сақтандыру оқиғасы болғанда міндетті түрде
сақтандыру залалының орнын толтыруы қажет.
Сақтандыру шарты екі жақты және көп жақты мәмлелердің түріне
жатады. Егер сақтандыру шарты бойынша тек бір сақтандырушы мен
сақтанушы болса, онда бұндай мәмле екі жақты болып саналады. Ал егер
сақтандыру бойынша сақтандыру шарты бір мезгілде бірнеше
сақтандырушымен жасалса, онда ол көп жақты мәмле болып есептелінеді.
Мұндай шартқа отыру үшін екі жақтың (екі жақты мәмле) немесе үш немесе
одан да көп тараптардың (көп жақты мәмле) келісімі қажет. Азаматтық
кодекстің жалпы бөлімі 148 – ші бап.
Көптеген авторлар, соның ішінде Жүйіріков сақтандыру
шартын кейінге қалдырылатын шартпен жасалған мәмле деп есептейді[5].
Егер біз Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 156-шы бабына
сәйкес, кейінгіге қалдырылған шартында жасалған мәмле ретінде, егер
тараптар өздерінің құқықтары мен міндеттерін оқиғанын болуы немесе
болмауына тәуелді етіп қойса, онда мұндай сақтандырудың міндетті шарты
ретінде, біз сақтандыру оқиғасының болуын және онымен туған зардаптарды
аламыз. Осы жағдай көбінесе сақтандырушының сақтандыру оқиғасынан туған
зардаптың орнын толтыруға байланысты төлемін төлеу, міндеті болып
табылады. Ал сақтанушыға келетін болсақ,, онда ол сақтандыру оқиғасының
болу немесе болмауына тәуелді емес, яғни оқиға болса да, болмаса да
оның басты міндеті сақтандыру төлемін төлеу болып табылады және осы
шарт мәндетті түрде орындалуы қажет.
2000 жылы қабылданған сақтандыру қызметің жөніндегі заң бойынша
сақтандыру шартының нысаны мен мазмұнына белгілі бір сұраныстар
қойылады. Осы сақтандырудың өзі шарт нысанында жүзеге асырылғандықтан,
оған сақтандыру қарым-қатынасы жүйесінде негізгі орын беріледі[6].
Сақтандыру шарты жазбаша нысанында мынадай жолдармен жүзеге
асырылады:
- тараптар мен бір құжаттың құрастырылуы
- сақтандырушымен біржақты тәртіпте қарастырылған (қосу шарты)
сақтанушының мәмледегі міндеті болатын шарттарына (сақтандыру
тәртібіне) қосылуы
- сақтандырушы мен сақтанушыға берілетін сақтандыру куәлігі (полис,
сертификат және т.б. )
- тараптардың шартқа отыруға деген тілектері және мәмленің барлық
шарттары бойынша келісімге келулері.
Сақтандыру шартының мазмұны мынандай болуы қажет:
- заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және сақтандырушының банктік
реквизиттері
- егер сақтанушы жеке тұлға болса, онда оның фамилиясы, аты-жөні, мекен –
жайы; егер заңды тұлға болса, онда оның атауы, орналасқан жері және
бакнтік реквизиттері
- сақтандыру обьектісін көрсету керек
- сақтандыру оқиғасын көрсету керек
- сақтандыру төлемінің және сақтандыру оқиғасынан келтірілген залалдың
орнын толтыру төлемінің мөлшерін, төлеудің тәртібін және мерзімін
белгілейді.
- шарттың орындалу мерзімін
- сақтанушы және пайда алушы туралы егер олар сақтандыру қарым -
қатынасының қатысушысы болатын болса, мәлімет алу.
Тараптардың келісімімен мәмленің шарттарын өзгертуге болады.
Заңдылықта көзделген жағдайларға қарайтын болсақ, егер сақтандыру
шартында сақтанушының жағдайын нашарлататын шарттар болса, онда
заңдылықта орнатылған тәртіп бойынша болады. Сақтандыру .
шарты тараптарға, сақтанушымен сақтандыру төлемін төлегеннен кейін
міндетті болады, ал сақтанушы бірінші сақтандыру төлемін бөліп
төлейтін болса, онда егер шартпен немесе заңдылықпен өзгеше бірінші рет
болған сақтандыру оқиғасынан келтірілген зардаптың орнын толтырған
сақтандыру төлемі төлегенней кейін аяқталады.
Егер де сақтандыру оқиғасы келесі жағдайларда болатын
болса, онда заң бойынша сақтандырушы сақтандыру оқиғасынан келтірілген
залалдың орнын толтыруға байланысты төлемді толығымен және жартылай
төлемеуге құқысы бар.
- Төтенше жағдайларда және қажетті қорғаныс жағдайларынан басқа. Егер де
сақтанушы, пайда алушы өз іс-әрекеттерімен әдейі, қасақана сақтандыру
оқиғасын тудыратын болса
- Егер де сақтанушының іс-әрекеті сақтандыру оқиғасымен ісімен тығыз
байланысты болса, бірақ ол орнатылған тәртіпке сәйкес қасақана
қылмыстың құрамына немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа жататын болса
- Заңды актілерімен көзделген әскери тәртіптерге байланысты, егер де
сақтандыру шартымен әскери тәуекел көзделмейтін болса, бірақ сақтандыру
осы әскери іс-әрекеттерге немесе солармен байланысты әскери жиындарға
байланысты болса. Әскери тәртіпке байланысты егер де келтірілген
залалдың орнын толтырылмайтын болса, онда сақтанушыға оның сақтандыру
төлемі қайтарылады.
Егер сақтандырушы мүлікті сақтандыруға байланысты
сақтандыру оқиғасынан келтіріліген залалдың орнын толтыратын болса,
онда осы оқиғаның болуына жауапты адамға регрестік талап қоя алады.
Сақтанушы сақтандыру оқиғасынан келтірілген залалдың орнын толтыруға
байланысты төлемді алатын болса, онда ол сақтандырушыға өзінде бар
барлық құжаттарды беруі керек, соңғысының өзінің алдында айтылған
талабын жүзеге асыруы үшін. Егер де сақтанушы сақтандырушыға қажетті
барлық құжаттарды беруге және оқиғаны болдырған тұлғаға талап қоюдан
бас тартатын болса, онда сақтандырушы регрестік талап қою арқылы
өндіріп ала алатын ақша сомасының мөлшерінде залалдың орнын толтырудан
босатылуға құқысы бар. Сақтанушы жауапты тұлғаға талап қою құқығын
сақтандырушыға өткізіп беруіне болады. Ол сақтандыру залалдың орнын
толтырған кезде талап келтірілген залалдан көп болса да болады, ақша
сомасы сияқты бұдан басқа да талаптарды қоюға болады. Мұның барлығы
сақтандыру шартында көзделуі мүмкін. Сақтанушы өзі сақтандырған мүлікке
деген барлық құқықтарды сақтандыру оқиғасы болғаннан кейін өзі
келтірілген залалдың орнын толтыруға байланысты барлық ақша сомаларын
алғаннан кейін, сақтандырушыға өткізіп беруге құқығы бар.
Заңмен сақтанушының, пайда алушының құқықтық жағдайы
сақтандыру шарты бойынша өзгеруі мүмкін. Сақтандыру шарты екі заң
негізінде жүзеге асырылады, олар оферта және акцепт. Оферта дегеніміз-
ол бір немесе бірнеше нақты анықталған тұлғаларға шарт жасасу жөніндегі
ұсыныс, бірақ мұндай тұлға осныдай ұсыныс жасай отырып, егер бұл шарт
қабылданатын болса, өзін осы шартты орындауға бел байлауы қажет. Ұсыныс
негізді деп саналады егер онда шарттың барлық шарттары көзделетін
болса, жарнама және басқа да ұсыныстар нақты анықталмаған тұлғаларға
жасалатын болса, онда оферта жасауға болады. Егер де шартта барлық
шарттың шарттары жазылатын болса, ұсыныс жасап отырған адамның еркін
білдіретін болса, онда мұндай шартқа кім жауап қайтарса сонымен ұсыныс
жасаған тұлға шартқа отыра береді, ол бұқаралық оферта ретінде танылады
(азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің 395 –ші бабы). Акцепт ретінде
оферта жіберген тұлғаның жауабы және келісімі танылады. Акцепт толық
және ескертпесі болуы тиіс (азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің 396 –ші
бабы)[7].
Офертант ретінде сақтандырушы да, сақтанушы да бола алады. Өз
еркімен жүзеге асырылған сақтандыруда шартқа отыру жалпы бұлай болады:
сақтандыру ұйымы өзінің жұмысын жарнама арқылы танытып, өзіне қатысушы
тұлғаларды табады, жоғарыда айтылған ұсыныстарды әлі толығымен оферта
ретінде қарастырмайды. Нақты сақтанушылар сақтандыру ұйымының
ұсынысарына мойындарын бұрып, сақтандыруға байланысты шарттармен
танысады. Егер де сақтанушы сақтандыру ұйымының ұсынылған ұсыныстарымен
қанағат ететін болса, онда ол сақтандыру ұйымының өкілдерімен
сақтандыру төлемін, сақтандыру обьектісін, келтерелген залалдың орнын
толтыруға байланысты төлеммен келіседі. Сақтандыру сомасының мөлшерін
белгілеуге байланысты келіссөздер жүргізеді. Жалпы шарттарын пайдалана
отырып, егер сақтандыру шарты, қосылу шарты ретінде жасалатын болса,
онда сақтанушының белгілі бір сақтандыру обьектісін сақтандыру үшін бір
жақты тәртіп қарастырылады. Сақтандырудың тәртіптерін пайдаланады,
сонда ол сақтанушының офертасы ретінде болады. Сақтандырушының акцепті
сақтанушыға сақтандыру полесін беруімен айқындалады (куәлік,
сертификат). Ал егер сақтандыру шарты бір құжат ретінде қарастырылған
болса, екі жақтың тараптарымен қол қойылған болса, онда сақтандыру
шартының шарттары өзгеше болады. Бұл жерде сақтанушының сақтандыру
ұйымына белгілі бір обьектіні сақтандыру жөніндегі өтініші оферата
ретінде болмайды. Тек сақтандыру шартына отыру жөнінде ұсыныс ретінде
болады және сақтандырушыға, сақтанушыға осындай шартқа отыруға
міндеттеме жүктемейді.
Сақтандыруға байланысты өтінішті ұсынған адамның
ұысынысымен сақтандырушымен дайындалған шарттың жобасы – оферта болады.
Сондықтан да бұл жерде офертант ретінде сақтанушы болады. Сақтанушының
акцепті ретінде шарт жобасына қол қоюымен
айқындалады. Жалпы сақтандырушы мен сақтанушыны офертант немесе
акцептант ретінде алатын болсақ, олардың көп жағдайда орындарын
ауыстыратындарын ескеру қажет.
Негізі сақтандыруда көп адамдардың мүдделерінің сәйкес
келетіндігін біз білеміз, сондықтан айналымға көп мөлшерде ақша
сомаларын түсетіндігінен әртүрлі мүдделердің соқтығысы болады және одан
теріс пайдаланушылық пиғылы пайда болады. Сондықтан мемлекет әртүрлі
нормативтік құқықтарды шығара отырып, сақтандыру қарым қатынасына
түсетін тараптардың орнатқан ережелерінің сақталуын қадағалайтын
арнаулы қызметі ашады. Қазақстанда мұндай қызмет мемлекеттік
сақтандыруды қадағалау органы болып табылады. Мемлекеттік сақтандыруды
қадағалайтын органының атқаратын қызметі мынандай:
1. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның берілуі
2. Орнатылған нормативтердің орындалуын және сақтандырушылардың өздерінің
өзара қаражаттарының және олармен қабылданған міндеттемелерінің
арасындағы сәйкестігін қадағалау.
3. Міндеттемелік сақтандыру бойынша заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың
заңдылықтың орындалуын талап етуін қадағалау.
4. Сақтандырушылармен қарастырылған сақтандыру шартының мазмұнын заңды
талаптарға сәйкестігін қадағалау.
5. Қазақстан Республикасының заңдылығының талабы бойынша республика
аумағында сақтандырушы ретінде шетел сақтандыру компанияларының
қызметін жүзеге асыруына жол берілмеуін қадағалау.
6. Сақтандыру қызметінің тәжірибесін жалпыландыру республикадағы
орнатылған тәртіптегі ұсыныстар бойынша сақтандыру заңдылығын және
сақтандыру нарығының дамуын жетілдіреді.
Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау органы өз қызметін екі
негізгі бағытта жүзеге асырады:
а) сақтандыру қызметіне лицензия беру
б) сақтандыру заңдылығының бұзылмауын қадағалау.
Алдында айтылып кеткен қызметтердің жүзеге асыруылының
кепілдігі ретінде мемлекеттік қадағалау органына жеткілікті көп
өкілеттіліктер беріледі. Оның мынындай құқығы бар:
1. Сақтандырушылардан сақтандыру қызметі жөнінде есеп алып отыруға.
Сақтандыру операцияларының көрсеткіштері және есеп нысандары сонымен
қатар сақтандырушылардан есеп алу мемлекеттік статистика органының
келісімімен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігімен бекітіледі.
2. Сақтандырудың сақтандыру заңдылығының орындалуының тексерісін жүзеге
асырады.
3. Міндетті сақтандырудың және шетел қатысушысы бар кәсіпорындарының
заңдылығының орындалуын тексереді.
4. Сақтандыру жарлығы азаматтық заңдылығының талаптарына сәйкес келмейтін
болған жағдайда сақтандыру қосымша сақтандыру, қайта сақтандыру
шарттарының дұрыс еместігі жөнінде сотқа талап арыз бойынша жүгінеді.
Сақтандыру шартының дұрыс еместігінің негіздері сақтандыру заңының 27-
ші бабында көрсетілген[8].
5. Сақтандырушыларға, заңды тұлғалардың басқармаларына және шетелдіктердің
қатысуы бар ұйымдарға сақтандыру заңдылығының талаптарын орындау
жөнінде немесе болған бұзушылықтарды жою жөнінде орындайтын міндетті
ұйғарымды беруге.
6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру лицензиясын іс-әрекетін тоқтатуға.
7. Сақтандыру заңдылығын бұзғаны үшін сотта айып пұл салу және лицензияны
қайтарып алу мақсатында іс қозғау.
Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау органының ең негізгі
қызметі, ол сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия беру болып
табылады. Лицензия ретінде уәкілеттік мемлекеттік органының азаматқа
немесе заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға (бұл жерде
ол сақтандыру) немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға (бұл жерде ол
сақтандыру шартына отыру) келісімін беру болып табылады.Бұл жерде
айтыла кететін нәрсе ол сақтандыру қызметі заңы бойынша сақтандыру
қызметінде тек қана заң тұлғалары ғана айналыса алады, ал жеке
тұлғаларға мұндай қызметпен айналысуға тиым салынған. Бірінші 1992 жылы
3-ші шілдеде қабылданған сақтандыру заңында сақтандыру қызметінің
лицензиясы жөнінде ештеңе айтылған жоқ болатын, соның салдарына мұндай
қызметті жүзеге асыруға әлі дайын емес көптеген сақтандыру ұйымдары
пайда болды. Сондықтан лицензияның пайда болғаны өте дұрыс болды.
Сақтандыру қызметін жүзеге асрыуға байланысты лицензия тек сақтандыру
ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғаларға ғана беріледі. Осыған
байланысты өзара сақтандыру қоғамыныңң қатысушының қызметіне лицензия
беру тәртібі жөнінде сұрақ туады.
Өзара сақтандыру ұйымның алғашқы нысаны ретінде болады, мұнда
кәсіпкерлердің бір тобы әрқайсысының жағдайы нашарлаған кезде бір-
біріне көмек көрсету жөнінде келісім жасайды. Сондықтан да бұл жерде
қоғамның әр мүшесі, басқа мүшелерге қатысты сақтанушы және
сақтандырушы ретінде өз іс-әрекетін жүзеге асырады. Қазақстан
Республикасының заңдарына сүйенетін болсақ, онда мұндай қоғам арнайы
сақтандыру ұйымын құратын болса, онда ол басқа сақтандыру ұйымдары
сияқты лицензия алуы шарт. Егер де өзара сақтандыру қоғамы арнайы
сақтандыру ұйымын құрмай өзінің қызметін көп жақты шарт негізінде
жүзеге асыратын болса, онда мұндай серттестіктің қатысушыларына
лицензия беру керек емес. Өйткені өзара сақтандыру шарты , толық
сақтандыру шарты ретінде болмайды, ол іскерлік кәсіпкерлік қызметінің
түрі. Ал қайта сақтандыруға келетін болсақ, онда қайта сақтандыруды
барлық сақтандырушылар жүзеге асыра алады. Егер де сақтандыру ұйымы тек
қайта сақтандырумен айналысса, онда оған өз қызметін жүзеге асыруға
жәй, қарапайым лицензия беріледі.
Лицензия мерзімсіз болғандықтан бүкіл Қазақстан
Республикасының территориясына заңды күшке ие . Заңмен уақытша
лицензияның берілуі қарастырылмаған. Заң бойынша сақтандыру ұйымына бір
ортақ лицензия беріледі. Осы лицензия негізінде өмірді сақтандырумен
қоса ол сақтандырудың барлық түрін жүзеге асыра алады. Ал егер де
сақтандыру ұйымының тек өмірді сақтандыруға байланысты, сақтандыру
қызметін жүзеге асыратын болса, онда бұл ұйымға арнайы лицензия берілуі
тиіс. Өмірді сақтандыруға байланысты мұндай сақтандыруды адамның қайтыс
болуына байланысты сақтандыру болып есептелінеді және де мұндай ұйым
сақтанушылардың басқа мүлкіне немесе жеке сақтандыруға байланысты
сақтандыруды жүзеге асырмауы қажет.
А.И. Худяковтің ойынша басшылар жөніндегі анықтама осы басшыға
байланысты сот шешімінің бары не жоқ екендігін тексеру мақсатында керек
болады, өйткені мұндай шешім болуы оған бұл қызмет түрімен айналысуға
тиым салады[9]. Мемлекеттік сақтандырудың қадағалау органы сақтандыру
қызметімен айналысуға лицензия берілген сақтандыру ұйымдарын басылым
бетіне мынандай шарттарға байланысты шығарады:
а) сақтандыру ұйымының аты және орналасқан жері
б) ұйымдық құқықтық нысаны
в) лицензия берілген күн, номері, лицензия берілген сақтандырудың
түрі.
Қазақстан ұлттық банкі тіке бағыныстағы схемасы бар біртұтас
орталықтандырылған құрылым Қазақстан ұлттық банкінің органдары,
басқарма мен директор кеңесі (директорат) болып табылады. Қазақстан
ұлттық банкінің құрамына департаменттерден тұратын орталық аппараттпен
басқа бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер және ұйымдар кіреді. Қазақстан
ұлттық банкінің төрағасын Парламенттің келісімімен Қазақстан
Республикасының президенті алты жыл мерзімге тағайындайды. Төраға
Қазақстан ұлттық банкінің атынан іс-әрекет етеді және мемлекеттік
органдарымен, банктермен қаржы ұйымдарымен, халықаралық ,шетелдік және
басқа ұйымдарымен қарым қатынаста Қазақстан ұлттық банкін сенімхатсыз -
ақ білдіреді
Қазақстан ұлттық банкінің төрағасына Қазақстан ұлттық банкінің
қызметіне байланысты мәселелер бойынша осы заңда Қазақстан ұлттық
банкінің басқармасына арналып ескерілген өкілеттіліктерді қоспағанда,
жедел және атқарушы - өкімші шешімдер қабылдау, Қазақстан ұлттық
банкінің атынан шарттар жасасу өкілеттілігі берілген. Қазақстан ұлттық
банкінің төрағасы Қазақстан ұлттық банкінің қызметі үшін жауапты.
Қазақстан ұлттық банкінің төрағасының орынбасарларын Қазақстан
ұлттық банкісінің төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының
президенті, Қазақстан ұлттық банкісінің төрағасының тағайындалу
мерзіміне қарамай, алты жыл мерзімге тағайындайды. Төрағаның
орынбасарларын Қазақстан ұлттық банкінің сенім хатсыз – ақ біліндіреді,
өз құзіретінің шегінде құжаттарға қол қойылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкң туралы жарлығының 3-ші
бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық банкінің ең жоғары органы басқарма болып
табылады. Қазақстан ұлттық банкі басқармасының негізгі функциялары:
а) мемлекеттік ақша - кредит саясатын әзірлеу
б) Қазақстан Ұлттық банктің банк қызметіне қатысты нормативтік
құқықтық актілерін бекіту.
в) Қазақстан Республикасының президенті бекіткен тұжырымдама
негізінде банкноттар мен тиындардың көрсетілген құнымен дизайынын
анықтау[10].
г) Қазақстан Ұлттық банкінің банктермен жасалатын операциялар
бойынша қайта қаржыландырудың ресим ставкасын белгілеу.
д) Банктерді ашуға рұқсат беру және оны қайтарып алу туралы шешім
қабылдау.
е) Ломбардтарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензияларды
қоспағанда банк операцияларын жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар
беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк
заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешімдер
қабылдау.
е-1) Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық
банкінде банк шоттарын ашу шарттарын белгілеуге.
е-2) Банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан ұлттық банкі берген
кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық банкі алдындағы борыштарын қайта
құрылу шарттарын анықтауға.
е-3) Банктің және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысының
акцияларын Қазақстан Ұлттық банкінің сенімгерлікпен басқаруына,
Қазақстан Республикасының келісімімен банктер кредиторларының
мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капитал мөлшері теріс
екінші деңгейдегі банктердің акцияларын жаңа инвесторларға кейін
міндетті түрде тез арада өткізу шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы
шешімдер қабылдауға және банктерге реквизиттік талаптардың нормативін
бекіту.
з) банктерге реквизиттік талаптардың нормативін бекіту.и) Қазақстан
Республикасы валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту.
к) Қазақстан Ұлттық банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарау,
қабылдау және Қазақстан Республикасының президенитінің бекітуіне ұсыну.
к-1) Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымын жалпы штат санын және
Қазақстан Ұлттық банкі туралы ережені қарау, мақылдау және Қазақстан
Республикасының Президентінің бекітуіне ұсыну
.л) Қазақстан Ұлттық банкінің қаржы шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы жылдық балансымен есебін қарау және бекіту.
м) Қазақстан Ұлттық банкінің өзінің жарғылық және резервтік
капиталын қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі қаражатын
және мүлкін , бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы
ақылы қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін
бекіту, сондай-ақ Қазақстан ұлттық банкі департаметінің директоратының,
филиалының өкілдіктерінің және ұйымадрының басшыларын бекіту.
н) Қолданылып жүрген банк заңдылығының талаптарына сәйкес
банктермен басқа ұйымдар үшін пруденциялдық нормативтермен сақтауға
міндетті өзге де нормалар мен міндеттерді бекіту.
Қазақстан Ұлттық банкі басқармасының құрамы.
Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасының құрамына Қазақстан ұлттық
банкінің төрағасы және бес лауазымды адамы Қазақстан Республикасының
Президентімен бір өкіл және Қазақстан Республикасының үкіметінен екі
өкіл кіреді. Қазақстан Республикасының Президентінен Қазақстан
Республикасының үкіметімен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
төрағасы тағайындайды және босатады.
Қазақстан Ұлттық банкі басшысының мәжілістері Қазақстан
ұлттық банкі басқармасының мәжілістері қажет болуына қарай, бірақ айына
кемінде бір рет өткізіледі. Басқарманың кезектен тыс мәжілістері
Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының немесе басқармасының үш мүшесінің
талап етуі бойынша өткізіледі. Қазақстан Ұлттық банкі басқарма
мүшелері, басқарма мәжілісі тағайындалғандығы туралы уақытылы хабардар
етіледі. Қазақстан ұлттық банкі басқармасының мәжілісін Қазақстан
Ұлттық банкінің төрағасы, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы
адам жүргізеді. Басқарма мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан
жағдайда басқарма шешім қабылдауға құқылы, олардың кемінде Қазақстан
Ұлттық банкінің төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуы тиіс.
Басқарманың шешімі басқарма мүшелерінің жәй көпшілік
дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық банк
төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы қайтара талқылау және
дауыс беру үшін өзі білдірген қарсылығын қосып, басқрам шешімін бір
апта мерзімінен кешіктірмей қайтаруға құқылы. Егер басқарма бұрын
қабылдаған шешімді өз мүшелерінің жалпы санының үштен екі дауысымен
қуаттаса, Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы шешімге қол қояды.
Қазақстан ұлттық банкі директорының кеңесі және оның өкілеттігі.
Қазақстан ұлттық банкінің оралымды басқару органы Қазақстан
ұлттық банкінің директорлар кеңесі (директорат) болып табылады.
Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан ұлттық банкінің
төрағасы оның орынбасарлары, Қазақстан ұлттық банкі төрағасының ұсынуы
бойынша Қазақстан ұлттық банкі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
кіреді. Қазақстан ұлттық банкі директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан
ұлттық банкінің басқармасы бекітеді.
Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Директорлар кеңесінің
мәжілісіне төрағалық етеді. Оның тапсырмасы бойынша директорлар
кеңесінің мәжілісін Қазақстан ұлттық банк төрағасының орынбасары
жүргізе алады. Осы заңға сәйкес директорлар кеңесі Қазақстан ұлттық
банкінің қарауындағы мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды, (бұған
Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы мен төрағалық құзырына енетін
мәселелер ғана қосылмайды немесе оның орынбасарлары). Директорлар
кеңесі өз құзырына енетін мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Ұлттық банкің туралы заңмен және Банктер және банк қызметің туралы
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен директорлар
кеңесі басқару өкілеттігіне жатқызылған кейбір шаралар түрін банктерге
қолдану туралы шешімді, сондай-ақ банк заңдарымен көзделген өзге де
ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. Қазақстан ұлттық банкінің
филиалдарымен өкілдіктері өз қызметін Қазақстан ұлттық банкі белгілеген
өкілеттілк негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан ұлттық банкінің ұйымдары заңды тұлға болып
табылады, осы заңмен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, заң
актілеріне сәйкес құрылады және өз қызметін тоқтатады.
Қазақстан ұлттық банкі өз ұйымдарын құру және өз қызметін
тоқтату туралы шешім қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған
ұйымдарының құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешім қабылдау жүніндегі
өкілеттілікті қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы
субьектісінің қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.

ІІ Қазақстан Республикасының сақтандыру
рыногының қатысушылары:
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының қатысушылары:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы.
2. Сақтандыру брокері.
3. Сақтандыру агенті.
4. Сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы.
5. Актуарий.
6. Уәкілетті аудиторлық ұйым.
7. Өзара сақтандыру қоғамы.
8. Сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де
заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Сақтандыру ұйымының қызметі:
1. Сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге
асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады. Сақтандыру
ұйымы сақтандыру қызметінен басқа қызметтің мынандай түрлерін:
1. Уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті.
2. Тиісті жинақтаушы сақтандыру шараларда көзделгенді сатып алу, сомасы
шегінде, өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін).
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін автоматтандыру үшін
пайдаланылатын арнаулы бағдарламарын қамтамасыз етуді сатуды.
4. Ақпарат берімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және
сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды.
5. Бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынаған (сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы үшін немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға
байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін мүлікті сатуды немесе
жалға беруді).
6. Сақтандыру қызметіне байланысты мәселелері бойынша консультациялық
қызмет көрсетуді.
7. Сақтандыру( қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін
арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді.
8. Сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды.
9. Сақтандыру қызметің туралы заңның 52-ші бабының бірінші тармағында
аталған қызметті жүзеге асыруға құқылы[11].
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсіпкерлік қызметі
ретінде осы баптың бірінші және екінші тармағында көзделген мәмлелерді
жүзеге асырумен операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.
Шеминованың айтуынша сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесін
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады
және өз қызметін осы заңмен Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Коммерциялық
ұйым құрылған және қоғам мүшелері болып табылмайтын адамдардың
мүдделерін сақтандыруды жүзеге асыратын өзара сақтандыру қоғамының
құқықтық мәртебесі , құрылу, лицензиялалар қызметін реттеу мен тоқтату
тәртібі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандырудың экономикалық мәні, арналымы
Ұлттық Банктің несиелері
Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жайлы
Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты залал келтірушінің экономикалық мүддесін сақтандыру арқылы қорғау
Сақтандыру, оның мәні,ролі және маңызы
Несие үшін төлем
Ұлттық банктің басқару құрылымы
Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
Пәндер