Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы жылдары қоғамымыздағы жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар нәтижесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие саласының жұмыс мазмұнына жаңаша бағыт-бағдар беріп отыр. Жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымына жүктелетін міндеттерді ел Президенті өзінің Қазақстан халқына жолдауында, ҚР "Білім туралы" заңында, "Мәдени-этностық білім беру" тұжырымдамаларында айқындап берді.

Қазіргі жас ұрпаққа тәуелсіздікке дейінгі күрделі күрес жолының өткен тарихын таныту міндеті қойылып, тәлім-тәрбие мен ұлттық психологияға қатысты халықтық ой-танымдарды ғылыми теориялық бағытта қайта жаңғыртуға жедел бет бұрыстар жасалынуы Қазақстандық психология ғылымының алдына жаңаша міндеттер қойып отыр. Халқымыздың рухани дүниесін, ұлттық мәдениеті мен психологиясының тарихын терең зерделеп, ғылыми сараптау кезек күттірмейтін келесі іс болып табылады.

Елбасының қабылдаған "Мәдени мұра" бағдарламасынан да халық тарихын қалпына келтіру, өткен тарихымыздың тағылымдық тұжырымдарын қайта жаңғырту жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезімді дамытудың жолы ретіңде тұжырымдалады.

Қазақ халқын ғасырлар бойы жинақтаған тағылымдық, өнегелік мұраларын күні бүгінге дейін мұраларын анықтап, ұрпақ тәрбиесінде пайдаға жарату. "Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі- ұлттық жантану ғылымының саласында да жаңаша сараптауларды қажет етеді. Қазақ психологиясының даму тарихы мен өзіндік сипатын зерделеген ғалым Қ. Б. Жарықбаев "Ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер төркіні ұлттық салт-дәстүрден Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қарастыра отырып, қазақ психологиясының ғылыми-теориялық дәрежеге көтерілмеу себептерін ашады [1] . Ол себептер: біріншіден, Қазақстанда қоғамдык, гуманитарлық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, бөлініп, олардың ғылыми атаулары қалыптаса қоймағандығын, екіншіден, әр ғылымның жекелеген ерекшеліктерін мұқият зерттейтін маман ғалымдардың тапшылығын, үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық материалдық базаның жоқтығын себеп болғандығын" атайды.

Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастарының даму, қалыптасу тарихы аса маңызды кезеңдерін танытады [2] .

Егеменді еліміздің бүгінгі жаңаша сипаттағы даму үрдісіне сәйкес, тарих қойнауында қалып қойған тарихи тұлғалардың тәлім-тәрбие туралы ойларын тану мақсатында XX ғасыр басындағы казақтың рухани ой-әлеміндегі көрнекті тұлға Абай Құнанбаевтың психологиялық мұрасын арнайы қарастыру осындай заман талабынан туындап отыр.

XX ғасыр басындағы саяси қысым қазақ ұлтының қалыпты дамуына кедергі жасап, сырттан танылған жат психология қыспағында ұстады. Ол кеңестік идеологиядағы аз ұлттың табиғи дамуын тежеу саясатымен ұласты. Осы саясаттың зардабын бірғасыр бұрын Абай Құнанбаев секілді дара тұлғалар алдын ала көре білді және халықты сақтап қалудың бірден-бір жолы заман талабына тетеп беретін жаңаша сипатты ұлт өкілдерін, жас ұрпақты тәрбиелеу жолдарын ұсынды.

Абай Құнанбаевтың тұлғалық даралығы интеллектілік, эмоциялық, еріктік сфералардың тұтастай психологиялық ой-пікірлердің барлық саласында танылды. Ол басқалардың көрмейтінін көре, сезе білетін қабілетінен, жаңалықтарды қабылдау, өңдеу ерекшелігінен және оны шеше білудің даралығынан көрінеді.

Әр адамның даму өрісі заманға, екінші туып өскен әлеуметіне, үшінші нәсіліне байланысты болады десек, Абай тұлғасының даралығында осы үш фактордың өзіндік орнынан айқындау - бүкіл зерттеудің өзекті мәселелерінің бірі. Психология тарихының тәжірибесіндегі ой-пікірлерге сүйене отырып, Абайдың психолог ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлардың мәні ашылды.

Абай өзінің өткен өмір жолындағы қоғамдық жағдайлардың бәріне сын көзбен қарап, өзін өзі анықтауға, өзінің идеяларын жүзеге асырып қоғам үшін құнды тұлғаға айналады. А. Н. Леонтьев тұжырымдамасындағы "тұлғаның жүйелі қасиеттерге ие болуға, танымдық қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерінің дамып жетілуі, сыртқы ортамен әрекеттестігі жағдайында жүзеге асады", - деген тұжырымдарын Абай тұлғасын тану арқылы көз жеткізуге болады [3] . Ғалым ұстанған тұжырымның мазмұны бойынша этномәдени сәйкестіліктің дұрыс қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына, жеке даралық қасиеттерінің ашылып, көрінуіне әсер ететін әлеуметтік -психологиялық механизм болып табылады.

Абай Құнанбаев мұраларын психологиялық деңгейде сараптау - қазақ психологиясының тұтастығы мен сабақтастығын айқындап, тарихи даму жолын қалпына келтірудің негізгі көзі болып есептеледі. Сондықтан да Абай Құнанбаев мұраларын бүгінгі тәлім-тәрбиелік мақсатта пайдалану негізінде жазылған осы психологиялық зерттеу жұмысы келелі де, өзекті объективті қажеттіліктен туындап отыр.

Ғалым С. Л. Рубинштейн адамның белсенділігін сыртқы орта әсерімен оның ішкі жан дүниесінің өзара әрекеттестігі нәтижесінде қарастырса, ал ғалым С. М. Жақыповтың "адамның өмірде сәтті әрекеттенуі қоғамда болып жатқан жаңалықтарға, өзгерістерге бейімделгіштік қасиетімен байланысты" - деп тұжырымдағанындай, Абай тұлғасының даралығы ұлттық төл тума даму жолын әлемдік дамудың ағымынан ажырата алды және дұниежұзілік өркениетгің оң ықпалын таңдап, талғап қабылдап, ұлт қажетіне жарата білді [4, 5] .

Саяси құрсаудың қамытын халқына кигізбеудің амал-әдісін қарастырып, ел болып халық сипатын сақтап қалудың жолы ретінде ұлтын сұйген білімді, парасатты тұлғалар тәрбиелеуді басты мақсат ретінде ұсынды. Тәрбиенің алғашқы бастаулары - отбасы, мектеп, оқулық деп танып, олардың ұлттық сипатының басымдығына назар аударды. Осы жолмен жалпы адамды сүйетін, заман өзгерістерінде жұтылып кетпейтін дара тұлғалар тәрбиелеп шығаруға болатындығын тұжырымдады.

Европа, орыс медениетімен жетік таныс Абай оларды үйренудің өзіне сын көзбен қарады. Кез келген өзгенің әсерін (мейлі тәрбиеде, әдебиетте болсын) қабылдамас бұрын қазақтың төлтума тарихы мен мәдениетін меңгеру керек деген тұғырнама ұсынды. Ғалымның осы ой-пікірлерінің ғылыми мәнін ашып, бүгінгі жаһандану кезеңіндегі ұлттық тәлім-тәрбие психологиясына енгізу өзекті мөселе болып табылады. Осыған мән бермей жатқанына күйзеліп "Казақтың өзінің жаратылысқа, өмірге, тұрмыска көзқарасы, өзінше философиясы терең сезімі болған ән бар. Осылардың бірі туралы әлі айтарлық қалам тартылған жоқ, қазақтың өткені мен кешегісі, бүтінгісі айтарлықтай суретке түспеді", - деп атап көрсетті.

Абай шығармаларын философиялық тұрғыда зерттеген: зерттеушілер Ә. Нысанбаев пен Ә. Дербісәлиев еңбектерінде де біздің зерттеуімізге қатысты құнды пікірлер дәйектеледі.

Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаевтың психологиялық мұраларын қолдану мәселелерін дәйектеу.

Зерттеу объектісі - Абай Құнанбаевтың тәлім - тәрбиелік көзқарасындағы «Толық адам» идеясы.

Зерттеу пәні - Абай Құнанбаевтың психологиялық көзқарастарындағы Толық адам» идеясын оқу-тәрбие жұмысында пайдалану үрдісі.

Зерттеудің міндеттері:

- Абай Құнанбаевтың философиялық-психологиялық көзқарастарының қалыптасу жолын айқыңдау, тәлімдік көзқарастарындағы тұлға қалыптасуының үрдісін зерделеу.

- Абай Құнанбаевтың мұраларындағы «Толық адам» идеясының мазмұнын айқындау;

- Абай Құнанбаевтың мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың жолдарын көрсету;

Диплом жұмысының құрылымы :Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

  1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен педагогикалық көзқарастарының қалыптасуы

Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев қазіргі Семей облысы Абай ауданында 22-ші тамыз 1845 жылы дүниеге келген [6-10] .

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:

Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,

Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

Сірә да оңбас торғайым, -

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар, арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған. Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден - Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан - Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан - Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодалдық рулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриархалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынан айқын түсінді. Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-78 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары Абай оз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалған арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтижесіз қалды.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеум. Көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ А. Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Гертсен, Чернышевский, Салтыков-щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды. ” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің генерал-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губерниясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Құнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаган дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1897 жылдар аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған.

Абай 3 әйел алған. Бәйбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Турағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.

Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т. б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма - деп артына өшпестей ізін қалдырған Абай мұрасын танушылардың алғашқы тыңдаушыларының куәлік алу салтанатына Астана қаласының жұртшылығы жиналды [11, 12] .

Ұлы ақынның мұрасын зерттеп, танып, білу мақсатында жоғарғы оқу орындарында алғаш рет арнаулы пән ретінде Қазақ ҰУ-дегі қазақ әдебиеті кафедрасында 1942-43 оқу жылдарында М. Әуезовтың ұйымдастыруымен Абайдың әдеби мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеу басталған болатын. Абайдың шығармашылық байланысы, жаңа жазба әдебиетінің көшбасшылық қалыптасу жолы батыс және шығыс әдебиетінің әлеуметтік ағартушылық патриоттық идеяларын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Астана қаласында Қазақстан-Ресей университеті жанынан «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы ашылған болатын.

Бір жылдан енді ғана асқан бұл орталықта Абай шығармашылығы мен Абайдың ақындық айналасы, Абай жинаған мұралар мен қазақ этнографиясын салыстыра зерттеп, оқу орындарының негізгі бағдарламасын түзу мақсатында біршама ғылыми жұмыстар жүргізді.

Абайдың ой танымындағы бірегей шәкіртті Шәкәрім. Ол Абайды ең терең түсінген, сөзін тыңдап, өнегесін алған, данагөй сөзін жаттаған. Абай толық адам ілімін айтып, ар ғылымы оқылса, деп армандады. Ар ғылымы оқылса, адамдарды тәрбиелеп, дұрыс жолға түсіре алар еді, деді және дін туралы қатты ізденді. Шәкәрімнің дүниетанымы мүлде тереңде жатыр. Біздер оны әлі аша алғанымыз жоқ. Мысалға "Жаралыс басы қозғалыс, Қозғауға керек қолғабыс, Жан де мейлі бір мәнде, Сол қуатпен бол таныс, Дүниені сол жаратқан", деп кім жайында айтып отыр, оны қалай түсінеміз, оны ешкім ашып берген жоқ әлі. Оның бір жаман жері, шығармаларының текстологиясы адамды адастырады. Егер, Шәкәрім Құдайбердіұлы толық ашылса, Абайдың жаңа бейнесі ашылады. Екеуінің суфизмге қатысы терең ашылады және олардың дүниетанымы да терең ашыла түспек. Шәкәрімнің бір жақсы жері ол оқыған кітаптарының бәрін жазып отырған. Оның ақындық кітапханасы даяр, ал, Абай жазып қалдырмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz