Патшалық ресейдің оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтың өрістеуі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
3: 3
КІРІСПЕ:

1 ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ

1. 1 Оңтүстік Қазақстанда патша өкіметі үстемдігінің орнауы

1. 2 Оңтүстік Қазақстандағы қоныс аудару саясатының орыстандыру ісімен байланыстырылуы

1. 3 Оңтүстік Қазақстандағы рухани отарлаудың барысы

3:

15

15

28

42

КІРІСПЕ:

2 ОРЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ ӨРІСТЕУІ

2. 1 Панисламизм, пантюркизм және жадидизм - Оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясатына қарсы қазақтардың күресі

2. 2 Түркістан өлкесінде ұлттық саяси элитаның отаршылдыққа қарсы күресі

2. 3 Патшалы Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы отарлау саясаты: салдары және тарихи маңызы

3:

57

57

66

78

КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 85
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 89

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының саласында Кеңес заманында бұрмалауға ұшыраған тарихымызды қайта зерделеуден өткізіп, оны қалпына келтіруге үлкен назар қойды. Әсіресе, Патшалы Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты, соның ішінде әлеуметтік- мәдени және рухани отарлау саясатының зерттелу өзектілігін арттыра түсуде.

Патшалық Ресей империясы әр өлкеде өзіндік рухани, әлеуметтік-мәдени отарлау саясатын жүргізгізе отарып, сонымен бірге Ресей меншігіне қазақ жерін айналдырып, халқын орыстандыруға бағытталған бір қатар іс-шаралар жүргізді. Кеңестік тарихнама сауаттылық өлшемі тек орыс тілінде ғана болды, ал өркениетке қол жеткізу орыс тілін білу арқылы ғана іске асырылады деген түсінікті халық санасына сатылы түрде енгізіп келді.

Магистрлік жұмыста жалпы және арнайы әдебиеттер, деректер үлкен көлемдегі концептуалды негізде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы патшалы Ресейдің Оңтүстік Қазақстан жерінде орыстандыру саясатын жүргізуі туралы қаралған.

Қазіргі заманғы зертеушілердің назарын ғасыр тоғысындағы оқиғалар қызықтырды, себебі қоғамда белең алып жатқан жағдайлар сол кезде айқын байқалды . Отаршылдық кезеңдегі Қазақстан тарихы туралы көптеген отандық тарихнамаларға қарамастан пікірталас, зерделеуді немесе зерттелмеген мәселелер, терең талдауды және жан-жақты бағалауды қажет ететін тұстары әліде аз емес. Осындай мәселлердің бірі патшалы Ресейдің Қазақстанда жүргізген орыстандыру саясаты.

Адамзат тарихы - бұл адамдардың өмір сүру жолындағы көрген қиындығы, кедейшілік пен аштыққа қарсы көтерілісі, өркендеуден және сұрапыл соғыстан тұратын драмалық тағдыр. Мұның бәрінің артында миллиондаған адам тағдыры жатыр. Мемлекеттердің өркендеуі және өрлеуі шарасыз олардың құлдырау кезеңіне әкеп соғады. Көптеген мемлекеттер құлдыраудан кейін отарланып, тарих сахнасына қайта шығады және билікке жеткен. Тариз сахнасына шығу үшін мемлекеттің халқы өзінің өткенін, өзінің тарихын білу жеткілікті. Үлкен тарихы бар, өзінің тарихи ескерткішін жаңғыртқан, ұлттық рух және отаншылдыққа ие халық қана жоғары биікке шыға бастайды, бірақ бұл тек ұзақ үшғасырлық саяси тәуелділіктен кейін болады.

Сол кезде бұл тек ғылыми емес саяси өзекті мәселеге айналады, яғни «халықымыздың өткенін білу қазіргісін жақсы түсінуге және болашағына жол ашады» [1] .

Жетпіс жыл бойы отандық тарих ғылымы кеңестік маркстік-лениндік методология құрсауында дамып келді. Көптеген тарихи мәселелердің шынайы беті ашылмай біржақты қаралды. Қазақстан тарихы басқа түркі халықтарының тарихынан бөлек зерттеліп, "қызыл империяның" тұншықтырушы идеологиясы аясында ұзақ жылдар бойы бұрмаланып дамыды. Империяны басқарып отырған коммунистік партия басшылары қазақ халқының тарихына екінші дәрежелі сипат беріп, “прогрессивті даму тек орыс халқының арасында ғана болды” деген ұғымды енгізді де халықтың солай түсінуіне мәжбүр етті. Партиялық принциптер негізінде жасалған бұл тар ұғым, халық санасына жоспарлы түрде бірте-бірте сіңісіп келді [2] .

Патша өкіметінің отарлық идеологиясы негізінде империяның ұлттық идеологиясы қалыптасып, қазақ халқының ой-өрісін, ділін өзгертуге, сана-сезімін біртіндеп рухани кіріптар етіп, орыстандыруға бағыттады. Сондықтан да тарихтың “ақтандақ” беттерінің шынайы көзін аша түсетін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесінде жүргізілген орыстандыру саясатын жан-жақты зерттеу мәселесі екеніне күман жоқ.

Қазіргі таңда егеменді еліміздің халықаралық қауымдастықта өз орнын табуы, бізге отандық тарихымызды қайта зерттеуге мүмкіндік береді. Сол үшін шындығы ашылмаған немесе осы күнге дейін айтылмаған тарихи оқиғаларды зерттеп, оған тарихи принцип негізінде объективті түрде баға беру үлкен жауапкершілікті арттыра түседі.

Дүниежүзілік саяси-экономикалық және мәдени өзгерістер Қазақстан Республикасының даму стратегиясына өз әсерін тигізуде. Егеменді ел болып, еңсемізді көтеріп әлемдік қауымдастықтарда өзімізді жан-жақты таныта білудеміз. Яғни, осы негізде егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани бағыттарындағы жаңалықтары отандық тарих ғылымы алдында шынайы тарихын жетік қарауды талап етуде. Осы орайда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан жерінде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени және рухани-ағартушылық салаларда жүргізген орыстандыру мен шоқындыру саясаты өз орнын иеленіп отыр.

Оңтүстік Қазақстан жерінің бүгінгі күнде екі миллионнан астам тұрғыны бар. Мұнда он қала, сондай-ақ Кеңес өкіметі жылдарында 174 кеңестік және республикалық деңгейдегі өнеркәсіп орталықтары жұмыс істеген. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан өңірі өзінің территориялық ауқымдылығы мен экономикалық даму ерекшелігі жағынан еліміздің маңызды аймақтарының бірі болып саналады. Бұл өңір патшалы Ресей империясының құрамына ең соңғы қосылды. Бұ аймақта қазақ халқы көптеген жылдар бойы басым болды. Осыған қарамастан патшалы Ресей Қазақстанның оңтүстік аймағын өзінің құрамына ендіру үшін көптеген жұмыстар жүргізді. Әсіресе халық ағарту саласы да, сонымен бірге орыс мұжықтарын, келімсектері мен шаруаларын қоныстандыру арқылы орыстандыруды бірінші кезекке қойды. Осы күнге дейін мұрағат қорларында патшалық Ресейдің орыстандыру және шоқындыру салаларында жүргізген тарихи бетбұрыстарына байланысты құнды материалдар сақталып келуде. Бұл мұрағат қорлар Кеңес өкіметі жылдарында ашылмай келді. Сондықтан мұрағат қорларындағы жарияланбаған материалдарды ғылыми айналымға тартып, нақты дерек көздерін аша отырып, оны шетел зерттеушілерінің еңбектерімен салыстыра отырып, патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының беймәлім тұстарын ашу, отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелер қатарында қарасырамыз.

Зерттеудің негізгі нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы патшалы Ресейдің Оңтүстік Қазақстан территориясын отарлау саясаты болып табылады.

Ресей империясының Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аймақтары бойынша жүргізген орыстандыру саясатының тәсілдері мен барысы Н. И. Ильминскийдің әзірлеген жоспары негізінде жүргізілгені баршаға аян. Оңтүстік Қазақстанға келгенде аталмыш жоспар негізінде орыстандыру саясатын жүргізу отар әкімшілігі үшін қиынға соқты. Оның өзіндік себептері болды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстандағы мұсылмандық пен исламның кең өріс алуы мен жерге деген меншіктің болуы. Осы тұста отар әкімшілігінің қазақ халқын орыстандырудағы әзірлеген екі жоспары ойластырылды. Біріншіден, қазақтарды мүмкіндігінше мұсылмандық әсерінен аулақ ұстау, екіншіден, жер-су реформасын жүргізіп, барынша орыс шаруаларын қоныстандыру. Егер Қазақстанның басқа аймақтарында орыстар жаппай қоныстанса, Оңтүстік Қазақстанда бұл мәселенің іс-жүзіне асуы отар әкімшілігін қиынға соққан-ды. 1867-1868 ж. ж. реформалардың жүргізілуі Оңтүстік Қазақстанда жерге деген меншікті жойып, орыстардың еншісіне өткізу болған еді.

Жаңа деректер негізінде патшалы Ресейдің Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі отарлау саясаты мен жергілікті халық арасындағы қатынастарын, орыстандыру мен шоқындыру саясатындағы даму үрдісін ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі аралықтағы қарастыру.

Зерттеу жұмысының пәні - тақырыпта атап көрсетілгеніндей, диссертация мазмұны Оңтүстік Қазақстандағы патшалық Ресейдің әскери-отарлық әкімшілігі мен жергілікті халық арасындағы қатынастарының тарихын қарастырып, талдаулар жасайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін көптеген тарихи мәселелерді қайта қарастыруға мүмкіндігі туды. Ресей империясының отаршылдық саясатының саяси-экономикалық тұстры жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар жарық көрді. Алайда патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген рухани отарлау саясатының қыр-сырына әлі күнге дейін нақты баға берілген жоқ.

Бүгінгі таңда патшалы Ресейдің Оңтүстік Қазақстан территориясын отарлау саясатының тарихы толық зерттелмеген. Кеңестік кезеңде тарихшы ғалымдар бұл проблемаға ғылыми-объективті тұрғыда нақты тоқталмады. Тек Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана бұл мәселеге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндіктер туды. Сол себепті диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты патшалы Ресейдің Оңтүстік Қазақстан территориясын отарлау саясатының негізгі бағыттары зерртеу болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес, келесі зерттеу міндеттері қойылды:

- патшалы Ресейдің мұсылманша оқытуға қатнасы;

- зерттеу барысында революцияға дейінгі Оңтүстік Қазақстандағы өлкені аграрлық отарлау мен қоныс аудары процестерін жаңаша концептуалды көзқараспен теориялық және методологиялық негізде көрсету

- орыстандыру тәсілдерін ойластырған және оны іс жүзінде қазақ даласына енгізген ғалым-миссионерлердің қызметіне талдау жасау, өлкеде жүргізілген миссионерлік саясатқа объективті баға беру;

- аралас орыс-түзем мектептерінің орыстандыру саясатындағы рөлін ашу;

- жәдидшілдік қозғалыстың ұлттық мүддеге прогрессивті әрекет болғанын дәлелдеу;

- революцияға дейінгі оңтүстік Қазақстандағы отарлау саясатының нәтижесі мен салдарын жаңаша тұрғыда бағалау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі. Мәселені тарихнамалық жағынан қарасақ, хронологиялық зерттеулер арқылы үш топқа бөлуге болады - революцияға дейін, кеңестік және қазіргі.

1917 жылғы ақпан революциясына дейін орыстандыру саясаты толық зерттелмеген еді. Отаршылдық әкімшілік жүргізген зерттеулерден олардың өзіндік мәдени ерекшелігіне қарамастан, көшпенді-қазақ мәдениетін түбірімен құрту керектігіне көздері жеткен еді. Мұндай мақсатқа жету үшін орыстандыру саясатын тек білім жүйесіне енгізу арқылы мүмкін болды. Маңызы зор көріністің бірі - орыстандыру саясатының ұйғарымы бойынша тұрғылықты халықтың этникалық-ұлттық құрамын өзгерту үшін жеделту саясаты арқылы Ресейдің Орталық аудандарынан шаруаларды жаппай көшіру болды. Бұл дерек сонымен қатар магистрлік жұмысыма арқау болады.

Кеңестік тарихнама осы сұрақтың ақиқатын анықтауға мүмкіндік бермеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында орыс тарихнамасында қазақ мәдениетін орыс мәдениетінің қол астына өткізу міндеті негізінде көптеген еңбектер жазылып, өз кезегінде Қазақстан аймағында отаршылдықты күштеп енгізу орыстандыру саясатының міндеті болды.

Осы мәселеге байланысты орыстандыру саясатын жүргізу және халықты шоқындыру үшін бірінші орында Н. П. Остроумов, С. Граменицкий, А. Е. Алекторов, И. Н. Ильминский секілді миссионер - ғалымдар тұрды [3] .

Мемлекеттің мектеп қайраткерлері ауданның орыс емес халқына оқу ағартушылық мақсатта таралып К. Белавина, А. Васильева, А. Алекторованың еңбектері ұсынылды. ХІХ ғасырдың 60 жылдары ауданда Ресейдің ұстанымын күшейтіп, орыс билігі аралас орыс - түзем мектептеріне қарқынды түрде кірісті, себебі халықтың «азаматтық» рухын идеологиялық тұрғыдан өңдеуге «ыңғайлы» болу үшін. Саркина Н, Коблова Я, Алекторова А және басқалардың еңбектерінің пайда бола бастағаны тегін емес еді, татар молдалары мен соған туыстас халықтың мұғалімдері «теріс» оқу ағарту ісімен айналысты, негізгі орында миссионерлер болды, орыс билігінің жүргізіп отырған орыстандыру және христиандандыру саясаты осы жағдайға дәйектеме еді.

Түркістан генерал-губернаторы К. П. Кауфманның жұмысы үлкен қызығушылық танытады. Осы ағымды пайдаланып, К. П. Кауфман өлкеде аралас орыс-түзем мектептердің санын көбейтіп, орыстандыру жолдарын қарастырды. Оның пікірінше, “өзге халықты шоқындырмай, аралас орыс-түзем мектептер ашылса империя мүддесін өз дәрежесінде орындап”, бұратана халықты орыстандыруды оңайлата түсер деп білсе [4] .

Н. П. Остроумов мұсылмандық мектептер мен медреселер тарихына байланысты бір қатар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олар “К истории мусульманского образовательного движения в России в ХІХ и ХХ столетиях”, “Мусульманские мактабы и русско-туземные школы в Туркестанском крае” [5] болып есептеледі. Н. П. Остроумов, мұсылман оқу орындарының дамуына тосқауыл болу жолдарын егжей-тегжей зерделеп, осы еңбектерін жазған. Себебі сол жылдары мұсылмандық оқу орындар өлкенің орыстандырылуымен оның халқын православиелік дінге кіріптар етуге кедергі болған. Ол “Туркестанские ведомости” газетінде орыстандыру саясатының бірден-бір жолы - “қазақтар мен орыстарды біртұтас саяси-мемлекеттік құрылымға біріктіру арқылы іске асыратынын және бұл бағыттағы негізгі буынды оқу-ағарту саласы” алатынын жазған [6] .

Сондай-ақ, орыстандыру тәсілдерін қазақ даласында оқу ағарату саласы арқылы жүргізуге болатынын И. Н. Ильминский де өз жұмыстарында ашық көрсеткен. Оның “Из переписки по вопросу о применении русского алфавита к инородческим языкам” (Казань, 1883) атты еңбегінде орыстандыру мәселесі бірінші қатарға қойылған. И. Н. Ильминский бұратана халық үшін арнайы әліппе жобасын әзірлеп, аталмыш әліппені міндетті түрде мұсылман оқу орындарында пайдалануды ұсынған. Ол обер прокурор Қасиетті Синод К. П. Победоносовқа (Казань 1895) жазған хатында қазақ даласын шоқындыру тәсілдері жөнінде жазған. Оның барлық еңбектері орыс православиелік миссиясы тұрғысынан жазылған. И. Н. Ильминский православиелік миссияны жүргізетін бірқатар шәкірттерде тәрбиелеген. Олардың арасынан миссионер Н. П. Остроумовты атауға болады [2, 5 б. ] .

А. Е. Алекторовтың “Очерки из истории инородческого образования в России” атты мақаласында “жергілікті халықтың орыстандырылуы тек білім арқылы ғана іс жүзіне асады”- деген пікрі орыс әкімшілігінің өлкедегі негізгі мақсатын анық көрсеткен [7] . Осылайша орыс-миссионер ғалымдары өлкенің орыстандырылуының ең оңай жолы халық ағарту саласын таңдады.

С. М. Граменицкий, өлкедегі мұсылмандық оқу орындары мен ашылған орыс оқу орындардың статистикалық есебін жүргізіп, бұл көрсеткішті теңестіру арқылы ғана орыс әкімшілігі орыстандыру мақсатына қол жеткізе алатыны жөнінде пікірлерін тілге тиек еткен [8] .

Қазақ өлкесін орыстандыру бағыттарын іздестірген ғалым-миссионерлердің еңбектері, патшалы Ресейдің миссиясы тұрғысынан жазылғаны нақты байқалады. Өз еңбектерінде ағартушы-миссионерлер, орыстандыру барысында мұсылмандық ағартушылыққа тосқауыл қоюдың жолы - шет аймақтағы халықтарды орыс оқу орындарына тартумен іске асады деп тұжырымдады.

Өлкені орыстандыру мәселесі - патшалық өкіметтің тапсырмасымен революцияға дейін шыққан ресми басылымдарда көрінісін тапты. Бұл басылымдар арасында “Туркестанские ведомости” газеті өз белсенділігімен көзге түсті. Н. Васильев “К вопросу о школьном образовании у современных мусульман” атты мақаласында “өлкені оқу-білім арқылы орыстандыру қажет”- деген ойын мына сөздермен білдірген: “Выражаясь языком математики, можно сказать что школа есть функция от множества переменных величин, с изменением которых изменяется и она сама” [9] . Сонымен қатар бұл газеттің 1870 жылы 16 санында Ресей империясының Түркістан өлкесіне уақытша келіп, әскери жаулап алушылықты көздемегенін, керісінше бұл аймақтың Ресейдің мемлекеттік жеріне қосуды және орыс “элементіне” жақындатуды мақсат еткенін ашық жазған.

ХХ ғасырдың басына дейін орыс әкімшілігі мұсылмандық оқу орындарымен күресі - басты күрестерінің біріне айналды. Баспа беттерінде орыс тіліне байланысты және оны бұратаналар арасында нақты орнықтыру мәселесі мен қазақ даласын орыстандыру қажеттілігі жөнінде көптеген мақалалар жарияланды. 1884 жылы жарияланған “К вопросу о распространении образования среди туземцев Туркестана” [10] атты мақаладағы “Полная ассимиляция элементов, чуждых русской народности подлежит задачами будущего”- деп жазылған сөздер, орыстардың өлкедегі жоспарлаған стратегиялық мақсатын айқын көрсетіп отыр.

Қазақ даласын орыстандыру және шоқындыру қажеттілігі туралы ұсыныстар ХХ ғасырдың басында жарық көрген еңбектерде кездеседі. Бұл мәселені А. Добросмыслов, А. Марков, А. Л. Кун, И. А. Бобровников, А. Хорошкин, С. Рыбаков, М. Бродовской, А. В. Кривошеин, К. К. Пален және С. Н. Веселецкий сынды зерттеушілер қолға алған [11] .

“Русский язык среди туземцев” [12] атты мақаласы өлкені орыстандыру саясаты патша өкіметінің мемлекеттік мүддесі тұрғысынан жүргізілгенін ашып отыр. Бұл мақалада автор, түзем тіліндегі кітаппды орыс жазуына көшіріп, кейбір тармақтарын орыс тіліне аудару керектігін ұсынып, басылған кітаппды төмен бағамен немесе тегін таратуды ұйғарған. Бұл ұстаным өлкені орыстандырудың жаңа әдісі болып, бұратана халықтың ой-өрісін орысша ойлау қабілетіне әкеліп тіреген.

ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында патшалық Ресейдің оқу-ағарту саласындағы жүргізген саясаты “Дала уалаяты” газетінде жарияланған. Бұл газетте “Орысша қазақ балаларын оқытатын школ”, “Қазақтардың медресе ашқандары”, “Дала уалаятында қандай мектептер пайдалы” атты мақалаларда патша өкіметінің оқу-ағарту саласында жүргізген орыстандыру саясаты ашық дәріптелген [13] . Оқу-ағарту саласындағы орыс әкімшілігінің бүркемеленген орыстандыру саясаты ұлттық басылымдарда осылай көрініс тапты. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінде орыстандыру мәселесіне байланысты көптеген мақалалар жарық көрген. Бұл басылымдарда жарық көрген мақалалар ұлттық тұрғыдан жазылған [14] .

ХІХ соңы мен ХХ ғасырдың басы түркі тілдес халықтарда «джадидизм» феноменінің пайда болуымен сипатталады. Ол мұсылман қауымының рухани дамуына ықпал етті. Бұл құбылысты зерттеу ХХ ғасырдың 20 - шы жылдарынан басталды. Г. Ибрагимова, Дж. Валидова [15] еңбектерінде джадидизм «ақылдың оянуы» ретінде қарастырылды. Ол еуропалық мәдениетпен жақындастыру, заман талабына сай қоғамды қайта құруға бағытталған. Джадидизм түсінігі ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында өзгере бастады. Қазандық ғалым Я. Г. Абдуллин джадидизмді ағартушылық кезең ретінде түсіндіріп ағартушылық пен джадидизмнің айырмашылығын көрсетті [15, 88 б. ] .

1) джадидизм - бұл тәжірибелік бағыттағы қозғалыс; 2) джадидистік қозғалысқа қатысушылар шеңбері ауқымды (мұғалімдер, шәкірттер, алдыңғы қатардағы кәсіпкерлер) болды.

Я. Абдуллина концепциясы өзінде ағартушылық діни-реформатырлық және қоғамдық саяси бағыттарды біріктірегн джадидизмге тереңірек талдау жасауға түрткі болды. И. Гаспринскидің «Джадидизмнің әкесі» және «Терджиман» газеті туралы шындықты алғаш рет қайта қалпына келтіргендердің бірі Л. И. Климович болды [16] .

Алғаш рет отандық тарихнамада өмір аспектілерін жаңғырту және джадидизмнің белсенді жақтаушыларымен «Шуро» журналының, мүфти Ризаетдин Фахретдиннің, «Қазақ» журналының редакторы А. Байтурсунов, М. Дулатов секілді қайраткерлердің қоғамдық көзқарастары жарыққа шыға бастады.

1905-1907 жылдары тарихи әдебиеттерде джадидизмнің объективті қозғалысы жарыққа шыға бастады және түрік тілдес халықтардың санасына сіңе бастады, сонымен қатар либералдық-демократиялық қозғалысты дамытуға және жаңа саяси ойлар іске аса бастады. Екі бірдей мәдениет қайраткерлері Ш. Ш. Уалиханов және А. Н. Букейхановтарда қазақтың діні туралы мәселені қайта - қайта көтере бастады. Ш. Уалиханов қазақ жеріндегі исламның әрі қарай дамуы болашақта бөлінуге әкеп соғады деп ойлады. А. Бөкейханов болса ислам діні ол ұлттық сананы сақтап қалудың бірден бір жолы деді [17] .

Зерттеуші Н. Чернавский Ресей елінің Қазақстандағы ислам діні туралы саясатын мемлекетке пайда келтірмейтін іс деп баға берді. Оның ойынша қазақтарға ислам дінін таңу (оның ойынша қазақ жерінде ислам діні дамымайды) арқылы үкімет оларды өзінен одан әрмен алыстататынын айтады [18] . Торғай облысының әкімі А. И. Добромыслов басқа жағынан дәйектеме келтіреді. Ол қазақ жеріндегі исламның дамуына және оның халықтың ұлттық сана сезіміне әсерін тигізетінін айтады [19] .

Кеңестік тарихнама өкілдері партиялық принциптерді ұстана отырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтарды қараңғы халық ретінде сипаттауды іске асырды. Партиялық принциптер зерттеушілерді қазақ халқының артта қалғанын және олардың Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін ғана даму мүмкіндігіне қол жеткізгенін дәлелдеуге мәжбүр еткен. Мұндай жағдайда тарихи шындықты жазу мүмкін емес екендігі жұртшылыққа аян. Дегенмен, орыс әкімшілігінің мұсылмандық ағартушылыққа деген ұстанымы М. Вахабов [20] және И. Брагинский жұмыстарында кездеседі [21] .

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында С. Асфендияров [22] пен М. Тынышпаевтың [23] еңбектері жарыққ шыға бастады. Олардың еңбектерінде патшалы Ресейдің мемлекеттің, қоғамның қайраткерлерін Қазақстан жеріне қоныс аудару саясаты туралы айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясаты
Қазақстандағы білім беру және кәсіби мамандар дайындау саласында патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдарлары мен зардаптары
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы, сипаты және себептері
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Түркия Республикасында жарық көрген түрікшілдердің еңбектері
Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы және отарлау саясатына қарсы күресі
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz