Сөйлеу тілін түсінуін дамыту


Сөйлеу тілін түсіну дамытудың әдіс тәсілдердің методикалық әдебиеттерге анализ жасау негізінде ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған түзету жұмыстарының жүйеленген амал тәсілдері іріктелінді. Балаларды оқыту кезінде және амал тәсілдерді жүйелеу және іріктеу кезінде мынадай принциптер басшылыққа алынды.
- Онтоногенетиалық принцип. Психикалық дамытуда сензитист кезеңде жүзеге асады. Ал сөйлеу тілін дамыту үшін сензитивт кезең 1, 5 - 3кезеңі болып табылады. Осы кезеңде бала тілдің негізгі құралдарын игереді. Онтоногенез заңдылығы қалыпты жағдайда көрініс табады. Ал жалпы тілі дамымаған балаларда ұзақ мерзімде көрініс табады. Сондықтан эксперименттік байқауды жүргізу және өңдеу сөйлеу функцияларының формаларының пайда болу бірізділігін ескере отырып жүзеге асырылды.
- Жетекші әрекет принципі. Әлеуметтік тәжірибені игеру балада әрекет процесі кезінде жүзеге асады. Әрбір жас ерекшелік топта бала орындайтын әрекет түрлерінің ішінде біреуі жетекшілік әрекет атқарады. Д. Б. Элькониннің айтуы бойынша туғаннан үш жасқа дейін үлкендермен эмоцианалды қарым қатынас жасау және ерте жастағы баланың тұрмыстық және заттық әрекеттері тән. (6) Бұл принципті ескеру (заттық приактикалық немесе ойын) әртүрлі әрекет түрлерін қолдану кезінде баланың сөйлеу тілін дамытып, қалыптастыруға ықпал етеді. Сөйлеу және әрекет ретінде қарастыру Л. С. Выготский оның компоненттерін мынадай бөліктерге бөлді: мақсат, мотив, сөздік әсері және құрау. Бала сөйлеу әрекетінің кейбір ерекшелігі сөйлеу қарым қатынасының мотивтері мен мақсатының қойылуы. Сонымен қатар, сөйлеу мотивін қандай да бір басқа әрекетпен араластыру, мысалға: ойын. Әртүрлі әрекет түрлерін қолдану балада сөйлеу тілін игерудің қажеттілігін қалыптастырады.
- Сөйлеу дағдыларының біртіндеп қалыптасуы. Бұл принципті кең және тар мағынада қарастыруға болады. Біріншіден, бұл принцип жалпы ана тілінен игеру логикасын ашады. Баланың тілді игеру процесіне талдау жасады А. И. Гвоздев іске асырды. Лингвистикалық аспектіде сөйлеу тілінің дамуын анықтық ретінде бейнелеуге болады: айқай, гуілдеу, былдырлау, сөз словосочетание сөйлеу байланыстары, сөйлей балада өздігінен туындайды. Баланың гуілдеуі, былдырлауы баланың айқай ерекшелігіне қарағанда стихиялық туындайды: олардың пайда болуы үлкендермен эмоционалдық қарым қатынасымен болады. Сөйлеу тілінің келесі этапы сөздердің т. б. (былдыр сөздер, дыбыстық еліктеу, балама сөздер) сөз тіркестері, сөйлем т. б. Ал тар мағынада бұл принцип айқын қолданылмайтын сөздердің қалыптасуын қарастырады. Ерте жастан қалыпты сөйлейтін балалардың сөйлеу тілін анықтайтын сөзді жетік игеру үшін әртүрлі жағдайда оны қайталаудың санын қажет ететінін көрсетті. Бұл процесті мынандай сызба түрінде көрсетуге болады.
4. Жеке және дифференцирленген ықпал ету принципі қалыпты дамуымен балалармен сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілін игеруге бағытталған оқу жұмысы олардың кезіндегі сөйлеу әрекетінің қалпына байланысты ерекшелену қажет. Сондықтан әдіс тәсілдер баланың психикалық және сөйлеу тілінің даму деңгейін кемшілігін ескеру негізінде іріктелініп және қолданылады. Сонымен қатар осы принципке негізінде әрбір балада эмоциональды контакт және дамып қатынастар құрылды.
Сөйлеу тілін түсінуін дамытуға арналған әдіс тәсілдер
Сөйлеу тілі дамымаған балалардың айналадағы заттарды сөзді қаншалықты нашар түсінуіне байланысты үстіртін қарайды. Сондықтан сөйлеу тілін түсінуіне үлкен мән береді.
Баланың сөйлеу тілін дер кезінде дамыту үшін оның алты айлық кезеңінен кейін онымен сөйлесіп қана қоймай ең алғашқы сөзден бастап оның мағынасын түсінуге үйрету қажет.
Үлкеннің баламен қатынасы осы уақытқа дейін таза эмоционалды сипатта болса, болашақта ол «іскерлік» сипатта болу қажет. Үлкендер балаға ойыншықпен ойнауға ойнау әрекетіне үйретеді, өзінің іс әрекетіне еліктетеді, ойыншыққа көңіл аудардаты. Бұл бала тәрбиесінде өте маңызды болып табылады. Егер баламен қарым қатынас эмоционалдық негізде жүзеге сау жалғаса берсе, кейін келе оған бірдеңені үйрету өте қиын болады. Үлкендермен қарым қатынас кезінде бала күледі, еркелейді, өзіне көңіл аудартуға талпынады. Осы уақытта бала ешқандай ойыншықты, үлкендердің көрсеткендерін көрмейді, оның сөзін түсінбейді. «Баланың сөздің мағынаысын түсінуін дамыту үшін эмоционалды қатынас жеткіліксіз. Үлкендердің сөйлемі бойынша заттармен әсер ету үшін қатынас жасау танымдық және практикалық сипатта болу керек». ∕48∕
Балаларға сөз белгілі сигнал ретінде қабылдау үшін қандай жағдай жасау керек екенін білу қажет (көзімен іздейді, аталған затты көрсетеді) . Қандай жағдайда бала жақын адамдарының аттарын, ойыншықтардың аттарын, айнала қоршаған заттардың түсінуді үйренеді және үлкендердің өтініші бойынша әртүрлі әрекетті орындайды.
Әр заттың атын атағанда сол затты көрсету қажет. Сонда бала атауын естігенде сол заттың бейнесін көз алдына елестеді. Бұл амал практикада «Атауымен затты көрсету» деген атқа ие болды.
Егер затты көрсетпей атын ғана атаса, бала оның не екенін түсінбейді, ештеңені ізденуге талпынбайды. Затты атымен қолданғаннан кейін бала сол затпен таныс болады. Мысалы: «Сағат қайда» деген сөзді атасақ, бала бала айналасынан сағатты іздей бастайды, яғни сол сағат деген сөздің мағынасын түсінгенін көреміз.
Бірақ заттың мағынасын түсінуге бұл амал жеткіліксіз. Сондықтан балаға тиісті материалдарды қызыға тыңдау үшін үлкен адамның сөзі монотонды болмау керек. Сол затты атап көрсеткен кезде ерекше интонациямен, сөзге дейін және сөзден кейінгі үзілісі бар сөздерді ерекше айту қажет.
Бала сөзді затпен немесе әрекетпен байланыстырған жағдайда сөздің мағынасын түсінуді ертерек үйренеді. Көрсеткен заттар қызықтырақ болған сайын заттармен жақынырақ және ауқымдырақ таныса алады. Яғни ол затқа қарап қана қоймай, заттты қолымен ұстайды, қозғайды, тарсылдатады, ал егер ол зат тағам ретінде болған жағдайда, оның дәмдік сезім пайда болып, тамақтың жағымды дәмін сезінеді.
Ең бірінші сөздің мағынасын түсінуге үйрету гигиеналық процестер кезінде тамақтандыру, ғ сонымен қатар, үлкендермен ойын әрекеті кезінде жүргізіледі. Бала үшін ең маңызды бала зейінін, көңілін тез аудара алатын зат, ол - ойыншық. Егер ойын кезінде әртүрлі ойыншықтарды қолдана отырып, олардың қасиетімен, құрылымымен танысады. Яғни әр алуан әрекеттер жасап ойнайды. Сол әрекет кезінде үлкендер заттардың және әрекеттердің атын атап кірістірген жағдайда бала да сол айтылған дыбыстарының арасында салыстырмалы түрде тез қалыптасады, (шартты байланыс қимыл қозғалыс тітіркендіргештерінің), сөз ол үшін сигналдық белгіні білдіреді.
Әрекетті білдіретін сөздердің мағынасын түсінуге үйрету үшін (көрсет, «тарсылдат», «лақтыр» т. б. ) сол әрекеттерді баламен немесе үлкендерде жасалынған сәтте оларды атау қажет.
Сөздің мағынасын түсінгенін бекіту үшін бала «көрсет» деген сөздің мағынасын үйрену кезінде үлкендерді атаған затты саусағымен көрсетуге өте тиімді және «бер» деген сөзге, аталған затты беру т. б. Егер бала осыларды орындамаған жағдайда қайталап, затты атауымен көрсету қажет.
Бала аталған затты көрсетсе немесе берген жағдайда, ол басын немесе келбетін ғана жан жағына жасайды: кейде бірнеше басқа заттардың ішінен іздейді, әр түрлі физиологиялық механизмдерге қатысады және сол затқа шартты реакция тұрақтырақ болады.
Дамуында артта қалушылары бар балалар бұндай заттық әсер және үлкендер сөзінің мағынасын түсінуінің дамиды, бұндай деңгейге жету үшін мынадай ойындар көмегімен қарапайым тапсырманы игеру өте қажет.
«Алау қайда» ойыны
Баланы қолға көтеріп ұстап тұрып, шамды жағыңыз. Сондай таң қалған сыңай танытып, «О, жарық, қарашы, әне жарық» деп көрсетеді. Сосын жарықты сөндіріп тастап «О, жарық сөніп қалды, жоқ!». Осы ойынды ойнап болғаннан кейін, бірнеше уақыттан соң сұрақ қойып, «жарық қайда?» дейсіз. Сонда бала басын көтеріп, жоғарыдағы люстраға, жоғарыға қарайды.
«Доп соғу» ойыны
Балаға түсті допты көрсетіңіз. «Мынау доп». Допты жоғары лақтырыңыз. Балаға қарама қарсы алдына тұрып допты сілте соғыңыз. Ол әрекет «допты маған қарай соқ» деген әрекетке жауап қайтара алатындай туғызу керек. Егер бала допты қалай соғуды білмесе, онда бұл ойынды екі адам ойнау қажет. Бірінші адам допты баламен бірге соғыда, ал екіншісі ойын шарты бойынша қарама қарсы тұрады. Баламен бірге ойнау әрекеті кезінде балаға «соқ», «бер» деген сөздерді түсінуге үйретесіз.
«Тап, кел, бер» ойыны
Ол үшін сізге қақпағы бар себет және балалар үшін таныс ойыншықтар қажет. Балаларға таныс ойыншықтарды себетке алдын ала салып қақпағын жауып әкелеміз. Содан кейін себеттің қақпағын ашып, ішінен керекті ойыншықты табуды өтінесіз. Бала тауып алғаннан кейін маған « тауып алып кел және бер деп өтінесіз. Кейін сол ойыншыты қайтадан себетке (мә, апар) салуды өтінесіз.
«затта атау мен көрсету тізімі баланың екі жасында қолданылады, бірақ бұны қолданудың алдында баланың жасын ескері керек. Баланың жасы үлкенныс болған сайын сөзді түсінуге бағытталған жетекші шартты байланыс тезірек жасалынады. Осы уақытта балалар үлкендерге еліктеу дағдысы белгілі түрде қалыптаса бастайды. Көп жағыдайда үлкендер затты көрсеткен жағыдайда бала ұғатындай жеңіл сөзбен айтады, егер ол мүмкін болмаған жағыдайда жалпы атаумен дыбыстық еліктеу бір мезетте айтылады.
«Бет орамал»
Бұл ойын еденде ойналады. Ол үшін ойыншық қажет, мысалы: мысық және жұқа бет орамал. Баланың көзінше мысықты бет орамалдың астына тығып қой. Сосын сұра: «мысық қайда?» «қане таба қойшы».
Үнемі бал ойыншыққа еңбектеп келіп, орамалды ашқаннан кейін айтыңыз « міне мысық, бұл мысық» және оған сол ойыншықпен ойнауға мүмкіндік беріңіз. Сосын тағы да беторамалдың астына ойыншық жасырыңыз.
«Қуыршақ қайда» ойыны
Қуыршақ үнемі шкаф сөресінде отыруы тиіс. Баланы қуыршаққа алып барамыз. Оны бала ұстай берсін, көреді, басынан сипайды, көзін қолымен жабады, көзін ашады. Сол жасаған әрекеті жөнінде баламен әңгімелесуді ұмытпаңыз. Мысалы: «мынау қуыршақ, оның көзі, ауызы, мұрыны т. б» . сосын баладан «қуыршақ қайда?» деп сұраңыз қайта баланы соған бұрыңыз., оны қолынан ұстап ойыншыққа қарай «міне қуыршақ» деп итереміз.
Сөйлеу тілін қолдануды және еліктеуді дамытудың әдіс тәсілдері
«Затты атау мен көрсету баланың сөйлеу тілін дамытуға қолданатын жалғыз тәсіл емес.
Балаға ең қызықты көрсетулерде барлық зейіндерін шоғырландырып үндемей отырады.
«Затты атау мен көрсету» негізінен сөйлеу тілінің мағынасын түсінуін
Дамытуға бағытталған тәсіл болып табылады. Бірақ үлкендердің міндетіне бұдан басқа кәзіргі жас кезеңіндегі баланың а
Ктивті дыбыстық реакциясын дамыту кіреді.
Баламен бес, алты айдан кйін әңгімелесе алады. Әр түрлі дыбыстарды, буындарды мүмкіндігінше көп айту керек. Оларды үнемі қайталап олардың еліктеуін тудыру қажет. Ол үшін ең бірінші бала қандай дыбыстар алды, оларды қағып алу және қайталау.
Балалардың еліктеуін тудыру үшін үлкендердің бет әлпетін көру өте маңызды: балалар оның қозғалған ерініне еріп оған еліктеуге әрекет жасайды. Сонымен қатар дыбыстарды және буындарды белгілі интоноциямен біраз ұзартып қайталау қажет. Егер арнайы дәістер бал
Ны былдырлауға жеңіл дыбыстық және буындық еліктеуге үйретуді жүзеге асыра алмаса «затта атауымен көрсету шектеледі», бірақ көп сөздің мағынасын түсінген мен, өзі ұзақ уақытқа дейін сөйлей алмайды. Себебі былдырлау және үлкендер сөзіне еліктеу баланың өзіндік сөйлеу тілінің дер кезінде дамуы үшін өте қажетті жағыдай болып табылады.
«Еліктейміз» ойыны
Түрлі қимыл қозғалысты орындаңыз: алақанды шапалақтаңыз, аяқпен еденді тебіңіз, үкен доппен соғыңыз. Бұл әрекеттің бәрі былдырлаудың буындарын айтып жасалынады. Сіздің қыймылыңызды және былдыраудың буынын қайталауға үйретіңіз.
«Айна алдындағы қызықтар» ойыны. Айна алдында бала мен бірге отырыңыз. Тіліңізді қызықты дыбыстар арқылы шығару арқылы сыртқа шығарыңыз, жағыңызды үрлеңіз, пырылдаңыз, яғни баланы айнаның көмегімен сөзді бақылауға дағдыландыру. Баланың сөзге еліктеушілігін ояту үшін күлкілі, қызықты дыбыстар шығарыңыз. Баланың былдыр сөздеріне кездеспейтін буындарды айтыңыз.
«Ерінмен ойнайық» ойыны. Арқаңызды қабырғаға сүйеп, тізерлеп отырыңыз. Иекті басып тұрып баланың төменгі жағын төмен түсіріп және қайтадан бұрынғы қалпына келтіреді. Ерінді жымқырған кезде жеңіл дыбыстар шығу керек, яғни мына буындарды айтқызыңыз: «ма ма ма ма, па па па па па, ба ба ба ба». Төменде келтірілген ойында былдыр сөздердің түрліі буындарындың айтуын қалыптастыруға көмектеседі.
«Секіру» ойыны
Үлкен гимнастикалық доптың үстіне отырыңыз. Баланы қатты құшақтап алдыңызға отырғызасыз. Баламен бірге жеңіл секіресіз. Қимылдың ритміне қарай мынадай түрлі буындарды айтыңыз: «да да да, та та та, ду ду ду, ма ма ма, бай бай бай, тай тай тай, доп доп доп. ». Әрбір сөзден, буыннан кейін үзіліс жасап айту керек. Өйткені бала сіздің айтқан буындарыңызға қосылуы үшін.
«Дауысты шелек» ойыны
Баланың арқасы сіздің кеудеңізге тиетіндей етіп отырғызыңыз. Сізге бұл ойынды ойнату үшін мырыштан жасалған шелек керек. Балаға шелекті көрсетіп, сол шелекке еңкейтіп ішіне қарай буын сөздерді айтыңыз. Сонда сіздің дыбыстарыңызды күшейтіп оған ерекше тембр береді. Балаға сіздің артыңыздан қайталауға икемдеңіз. Сосын бала өзінің былдырлауында кездесетін буындарды қайталап сізге еліктеуге үйренеді.
«Текшелер» ойын
Ол үшін екі текше және доп қажет. Балаға көрсетіп мүмкіндігінше қолымен текшені алып оларды соғу керек. Бала оларды соғып тұрғанда сіз кез келген буындарды әуендетіп айтыңыз, мысалы: «тақ тақ тақ, тақ тақ тақ, ай ай ай» деп айтқанда баланың қолын тоқтатыңыз. Қайтадан әуенді айтып соғуды кеңінен жалғастыруды, бірнеше уақыттан кейін бала «ай» деген буынлы естігенде тоқтау керек екенін түсінеді. Содан кейін бааға екі бопты көрсетіп ойынды басынан қайталаңыз.
«Тоқ-тоқ»
Баламен бірге дүмбіршекті соғыңыз, қасықты қасыққа ұрып, мына буындарды ритммен айтыңыз: «тоқ-тоқ, тоқ-тоқ». Оларды түрлі биіктікте соғып, «тоқ-тоқ» сөзін айту керек. Бала сонда сізден кейін алғашқы жеңілірек сөзді қайталауды бастайды.
«Мынау папа, мынау мама» (суреттерді көру)
Баланың жанындағы үстелге жақын туыстарының суреттерін қойыңыз. Суреттерді көрсете отырып: «Міне папа, міне мама, мынау апа, мынау ата» деп айту керек. Сосын баладан сұраңыз: «Папа қайсы?» бала керекті суретті қолымен көрсететіндей болу керек. Суреттерді көрсете отырып: «Мынау кім? Ал, мынау кім?» деген сұрақтарды қойыңыз. Сонда бала алғашқы жеңіл буындарды (па-па, ба-ба, да-да, ма-ма) айтуға үйренеді.
«Берші»
Ол үшін екі немесе үш балаға таныс ойыншық қажет. Ойыншықтарды кезекпен аттарын толық және былдыр сөзбен атап алып шығарыңыз. Барлық ойыншықты баланың алдына қойып, одан соң сол ойыншықтардың ішінен біреуін атап, «Берші, бер» деген сөздерді айта отырып, беруін өтінеді. Қайтадан сол ойыншықты арқа жағыңызға тығып алып, «бер, берші» деп сұрашы дейсіз. Осы әрекетті қайталаңыз. Сонда бала ынталанып, ойыншықты өзі сұрайтын болады. Осы ойынның әрекетінің нәтижесінде бала ойыншықтың атауын атай алуға және оны сұрауға үйренеді.
Балалар өздерінің айтуына жеңіл сөздерді жеке сөздермен айтады. Яғни ол жеке дыбыстардан, буындардан, қайталанған буындардан тұрады.
Кішкентай баланың ерте сөйлеу стадиясына осы және басқа сөздің көп мағыналылығы тән. Ол нақты затпен немесе құбылыспен байланыстырмайды, сол кезде болған оқиға мен, солкездегі өзіне тән атаумен, өзінің түсінігімен, сезінуімен байланыстырады. Бір жарым жастағы балалар бірінші жарты жылдығында айтылуы оңай дыбыстар мен буындарды және қайталанып келетін буындардан тұратын қысқа ғана сөздерді айта бастайды. Дауысты дыбыстардан аяқталатын ашық буындарды жабық буындарға қарағанда оңай айтады.
Бұл жастағы балалар қиын сөздерді айта алмайды. Тек бір жас алты айлық кезден бастап бала қиын сөздерді бұзып айта бастайды. Сондай ақ бір жас алты, сегіз айлықтарында үлкендерге еліктеп сөйлей бастағанда олардың не қайталап тұрғандарын не өздері атап сйлеп тұрғандарын айыра алмайтын кезең болады. Осындай кезеңнен өткеннен кейін (яғни:бала көп сөздерді түсінеді, жаңа сөздердің мағынасын тез меңгереді, үлкендерге тез еліктейді) кейін сөйлеу тілінде күрт өзгеріс болады: бала сөп сөйлейтін болады және бала екі жасқа толғанда қысқа сөйлемдерді айта бастайтын болады. Егер бала өз кезеңінде көп дыбыстарды атап, былдырлап, сөздік жаттығуларды дұрыс жасаса, онда екі жастағы бала анығырақ, нақты сөйлейтін болады. Сөйлеу тілі жеткіліксіз бала түсініксіз, сөзді бұзып айтады. Сондықтан оларды тек жанындағы жақын адамдар ғана түсініп сөздік қоры өте төмен болады.
Екі жасқа толған бала үлкендердің айтқанын түсініп, қойған сұрақтарына жауап беруге үйренеді. Қойылған сұраққа немесе оқиғаға, шартқа байланыстырып жауапберу баланың сөйлеу тілінің дами бастағанын көрсетеді.
Алғашында бір жауапқа ғана негізделген сұрақтар қойылады. (сиыр қалай мөңірейді, ит қалай үреді?), одан кейін екі жарым жаста баланың үлкендердің айтқанына тез еліктеп, сөзін жақсы түсінетін уақытында, біз оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастаймыз.
«Айт», «қайтала» сөзінің мағынасын баланың түсінуінің әдістемелік белгілері
Бір жарым жастағы балалар үлкендердің өздері айта алатындай, оңай дыбыстарды, буындарды, сөздерді қайталап айта алады, сондықтан оларға «айт», «қайтала» деген сөздерді үйрету өте маңызды. Осы сөздерді айтқаннан кейін оларға айтуға жеңіл сөздерді бірнеше рет ататып, еліктеу қажет.
Біраз уақыттан кейін бала үлкендердің артынан тиісті талап бойынша түсініп, тез қайталайтын болады.
Баланың «айт, қайтала» деген сөздерінің мағынасын түсінуі ересектердің оларға әртүрлі дыбыс, буын сөздерді айтқызып, сөз жаттығуларын жасауға мүмкіндік береді.
Керекті сөздерге көмек беру
Көбіне ересек адамдар бала өтінішіне басқа заттарды айту арқылы немесе үндемеу қоя салу арқылы жауап қайтарады. Бұл мүлдем қате әдіс болып табылады. Мұндай әдісті қолдануда бала тілін дамыту кезеңін кешіктіріп, уақыт өткізе береді. Ол үшін балаға айтуға жеңіл сөздермен көмек беріп, бала еліктеп, айтқанша сол сөзді қайта қайта қайталата беру керек.
1, 5 жас кезеңінде балаға қимыл арқылы түсіндіру керек. Сонда бала тез көрсетіп айғайлайды. Ересек адам «Доп жоқ па? Айт: жоқ, жоқ» де. Содан кейін қолын сермейді. Бала соны қайталап, «жоқ» деген сөзді айтады.
Осы қимылды және сөзді біраз қайталағаннан кейін бала, үнемі қолданысына жаратады, яғни бұрынғыдай айғайлап тұрмайды.
Өтіну және тапсыру
Бір істі өтіну және тапсыру баланың сөйлемді қалай түсінгенін білуге көмек болады және өтінген, бұйырған түрдегі мағыналар баланың сөздік қорының молаюына себептігін тигізеді. Осы мақсатта баладан бір іс әрекетті орындауға өтініп қана қоймай, сонымен қатар достарына және үлкендерге іс әрекетті орындауға өтініш жасайды, одан әрі олардың не істегені туралы айтып бергізеді (алып келді, тауып алды, т. б. ) .
Бала тілін дамытуда сөздік қорымен қатар, айналасын болжамдау мәселесін де қамтиды, балаларға берілген іс әрекетті орындау олардың заттық атаулары, белгілері орналасқан орны туралы білімімен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz