Қр-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару


Мазмұны
Кіріспе . . . 5-7
1. Бюджеттің экономикалық мәні және ондағы рөлі . . . 7-17
1. 1 Бюджет түсінігі мен оның қажеттілігі . . . 7-12
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің құрлысы және бюджет жүйесі . . . 12-17
2. Қазақстан Республикасындағы бюджеттің тапшылығы және бюджет балансы . . . 17-25
2. 1 Бюджет тапшылығы мен оның қаржыландыру көздері . . . 17-21
2. 2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрлымы . . . 21-25
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қарыздары және оларды басқару . . . 25-34
3. 1 Мемлекеттік қарыздардың пайда болуы . . . 25-29
3. 2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік борыштарын басқарудың жолдары . . . 29-34
Қортынды . . . 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Курстық жұмысымды қорғамас бұрын, мен оны елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. «Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сенімен ілгерілеп келеді. Бүгінгі экономика өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Осы жоғарыда айтылған жетістіктерімізге қол жеткізуге үлкен ықпал тигізген біздің қаржыгерлеріміз және бюджет саласындағы қызметкерлеріміз десек қателеспеген болар едік»
Менің бүгінгі қорғағалы жатқан курстық жұмысымның тақырыбы «ҚР-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару» біз алдымен тақырыпқа кіріспес бұрын «бюджет» дегеніміз не?
Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бұл енді ресми анықтама болса, қарапайым тілмен айтқанда бюджет мемлекеттің «әмияны» деп айтсақ артық айтпаған болар едік. Ал енді мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәніне келетін болсақ оның мұнда аса ауқымды қызмет атқаратын айта кеткеніміз жөн.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығын жеке ортақ ерекшеліктермен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру мен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болған экономикалық қатынастарды білдіреді. қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болған экономикалық қатынастарды білдіреді. Ал енді курстық жұмыста басты қарастырылып отырған мәелелердің бірі бюджет профицитіне тоқталатын болсақ, бюджет профициті - таза бюджеттік несие беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең тапшылық (профицит) . Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, ал оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығына жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзіміді жоспарымен белгіленеді.
Ал мемлекеттің қарыздарына келетін болсақ - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ҚР-ның Үкіметінің, ҚР-сы Ұлттық банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдарының борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттің қарыздардың белгілі бір күнге сомасы болып табылады. Ал енді осы айтылған және де мемлекеттік бюджеттің басқа да қырларына толығырақ тоқтала кетейік.
1. Бюджеттің экономикалық мәні және ондағы рөлі.
1. 1Бюджет түсінігі мен оның маңыздылығы.
Бюджет - ол жалпы қаржы котегорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық котегория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей анықтама берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары біріңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық фармациядан басқа фармацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалдық негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қаржы жүйесі болса, яғни мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни мемлекеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т. б) қаржыландыруға арн, алған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монаграфиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет ол - заңнамалық құжат; бюджет ол - коммуникация құралы; бюджет ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы мен фискалдық саясатың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- ол өз алдына жеке бір экономикалық категория;
- ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол экономиканы реттеуге арн, алған құрал (бюджеттік механизм арқылы) ;
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- ол барлыцқ бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективті түрде сипатталады. өз алдына бюджеттік сала болу адамзаттың субъективті пікғіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын обьективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саяси мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодекісінде мемлекеттік бюджетке мынадай анықтама берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің араксындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қортындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланылады.
Бүгінгі күндегі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал.
Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (кампромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмек көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшылығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның - іс әрекетінің өзіндік ерекшілігі сол, қоғамдық өнімнің құны, қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысының ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттік орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизімінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және тағы басқалар өзінің шоғырланған қызметін табатындықтан бюдлжет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарын шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржылық жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің негізі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлтық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджетті орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы: келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) . Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрлымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білімберу мен мәдениет мекемелерінің әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Қаржылық жоспарлау процесіндегі бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің қаржы қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
Құндылық бөлінудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаржыландыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми - техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрлымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар және басқада шығындар қамтамасыз етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:
- Бөлулік қарым-қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүдденіқамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
- Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
- Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланыста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
- Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;
- Бюджетті бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрлымы аен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалдық құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалдық түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттар көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатыда - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемелекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптастыру көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жаряланады. Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті. Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқада салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесе соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің ролі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілері) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады. Мемлекеттің бюджеттік салық саясатында қаржылық жоспар бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік салық саясаты ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс әрекеті. Бұл саясат еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механиздері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен шығыс болып табылады.
1. 2Мемлекеттік бюджеттің құрлысы және бюджет жүйесі
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елдің аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларджы қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құралады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет құрлысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрлысы мемлекеттің құрлысына, аумақтық әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешіліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық және құқықтық нормаларға негізделген түрлі дейгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрлымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрлысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрлымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрлымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буынан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да - жерлердің (ландтардың), Канадада-провинцимялардың, Ресейде-федерация субъектілерінің бюджеттері), жергілікті бюджеттер;
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, экономикалық-әлеуметтік процестерді басқаруды орталықтандыру денгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламентті бар унитарлық мемлекет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz