Бала тәрбиелеудегі отбасы тәрбиесінің кейбір мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі қоғам жан-жақты білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасының мектеп жасына дейінгі балаға тәрбиелік ықпалына зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Адам болмысы мен мінез-құлқын қалыптастыру міндеті әлі күнге дейін отбасы мойынынан түскен жоқ. Қалай болғанда да тәлімді үлгіні ата-аналар көрсетеді. Балалар көргенін қайталайды. «Алдыңғы арбаның дөңгелегі қайда жүрсе, соңы да сонда жүреді». Ата-анасының ізденіп, кітап оқып, пайдалы іспен айналысқанын көрген бала жаман әдеттен бойын аулақ ұстауға тырысады. Даунз хю Мелкольм атты ғалым «Ешқандай да утопиялық жүйе, ешқандай да әлеуметтік эксперименттер, ешқандай ұжым бала тәрбиелеп, адам етіп қалыптастыруда отбасын алмастыра алмайды» дейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) : «Ешқандай әке баласына сыпайы көркем мінез-құлықпен мағыналы тәлім-тәрбиеден басқа артық сыйлық жасай алмайды»-дейді. Әкеден қалған рухани тәрбие, қауырсынын жақсаң сусылдап ұшып келетін ертегідегі самұрық құс секілді. Бәле атаулыға ұрындырмай, аман-сақтап отырады. Шыны керек қазақ халқына «бала тәрбиесін кімнен үйренеміз? Нені үлгі етеміз?» деп бас қатырудың қажеті жоқ. Жүрек көзі ашылған әулие қарттардың дайындап кеткен рухани тәжірибесін пайдаланса жетіп жатыр.

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский аталар мен әжелерді тәрбиенің нәзік түсінетін «табиғи педагогтар» деп санады. Аталар мен әжелер және басқа адамдар үйелменде жеке адамның қалыптасуына, өсіп жетілуіне орасан зор әсер етеді. Қазіргі ата-аналар балаларына барлық жағдайды жасауға тырысады. Сұрағанын, аузынан шыққанын алдына тосуға әзір. Тәрбиенің орнына байлықтың, мансаптың дәмін татып үлгерген тентек бала дүниеңіздің парқын да біле бермесі анық. Ол аз болғандай, баланың күні бойы, теледидар мен компьютердің алдында қозғалмай отыруды әдетке айналдырғанына да мән бермейтін болдық. Өкінішке орай біз қазіргі таңда балаға тәлім беріп, теледидардан алшақ ұстаудың орнына, жығылғанға жұдырық етіп, DVD, не болмаса, компьютер ойындарын сатып алып береміз. Бір зиялы: «Қазіргі таңда ата-аналар балаларын тәрбиелемейді, тек қаржыландырады» деген екен. Олай болса баланы тек қаржыландыруды емес, оның бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыру отбасының, қоғам мен балабақшаның міндеті болмақ. [1]

Қазіргі заман отбасындағы қарым-қатынасты тәлім-тәрбиелік ықпалы тұрғысынан қарастырсақ, онда бұл отбасының іргесін нығайтатын тұрақты, күнделікті өмірдегі өзара түсіністік, келісім, достық сипатындағы байланыстар деуге болады. Бұның ерекшелігі достық, жолдастық, сүйіспеншілік сезімдеріне негізделуінде. Сөйтіп, бүгінгі отбасындағы қарым-қатынас сипатын - біреудің ерекше орынға ие болуы, билік және психологилық жақындыққа негізделген деп айқындауға болады. Қазіргі кездегі отбасындағы қарым-қатынасты «патриархат» - әке билігінің үстемділігі, «матриархат» - ана билігінің үстемдігі, барлығы бала төңірегінде топтастырылса, қарым-қатынасы шайқалса, «тұрақсыз» деп бөлуге болады. Ең тұрақты, «нормалды» отбасы, бұл бір адам жауапкер, басқарушы, ал қалғандары соның төңірегінде шоғырланып, топтасқан отбасы саналады (К. Витек, Л. Я. Гозман, Н. А. Минкин) [2] .

Қазақ отбасының тарихы ұлттық отбасының ерекшеліктерін зерделесек, әкесі отбасы үшін жауапты және басқарушы, ал, қалғандары соның төңірегінде топтасып бағынушы, бойсынушылар болып саналады. Алайда, отбасының анасы көсемдік (лидер) болған жағдайлар да тарихта белгілі. Әр адам отбасында дүниеге келіп өсіп өнеді. Сондықтан, оның тұлға ретінде қалыптасуына отбасының ықпалы зор. Ол отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тұлғааралық мәміле болуымен бірге рөлдік сипатқа ие. Өйткені, әр қайсысы өз рөлін орындауға кіріседі. Адам әлеуметтік ортаның қоршауында дүниеге келіп, өмір өткізеді.

Халқымыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» - дейді. Бұл сөздің астарында балалардың ересектерге еліктейтіні, солардай болғысы келетіні, солардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін басшылыққа алатыны, өздерінің іс-әрекетін солар ұстанған бағытқа дәлдейтініне меңзейді. Әке-шешесімен қарым-қатынасқа кіру арқылы балалардың қоршаған ортаға мәмілесі қалыптасады, Десек те, балаларды ата-аналарының дәлме-дәл қайталануы деуге әрине келмейді. [3] .

Баланың ата-анаға ұқсауына тосқауыл келтіретін тетіктері қатарында қазымырлық пен еріксіздіктен баланың қыңыр не болмаса шексіз еркіндіктен, тиымсыздықтан, алаңғасарлық, ата-ананың асқан беделінен ырықсыз, ынжық, не жағымпаз, сараңдықты үнемі сезінуден «мал шашар» тағы сол сияқты мәмілелер салдарынан балалар ата-анасына ұқсамай, басқаша болуы заңды дейді. Кішкене бала үшін ата-ана не істесе де жақсы мұрат болса, өскен сайын олар бұл пікірден бас тартып, басқа эталон басқа мұрат іздейді. Сондықтан бала тәрбиесіндегі отбасының ерекше маңызын белгілей отырып, одан басқа факторлардың да бар екенін ескергеніміз жөн. Өйткені, отбасы тәрбиесіне баланың да ықпал ететін жайттар бар: мәселен баланың өз басының дамуы; оның ішкі жан дүниесі, мәміле және қарым-қатынас.

Қазіргі заман отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны силау, қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосып отыр, сол себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкерлікті өз мойындарына алуда.

Осы заманның тағы бір ерекшелігі - толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т. б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр:

1. Отбасында балалар мен ересектердің қарым-қатынасы әрдайым, жан-жақты, әрі қызғылықты да тартымды үдеу мүмкіндігіне ие; басқа ешқандай ұжым, не мекемеде мұндай психологиялық тыныстың қуатты күшін қолдан жасау мүмкін емес. Өйткені, мұнда тәрбиеші мен тәрбиеленуші туысқандық сезімнің қайталанбас және нәзік, бірақ мығым көзге көрінбейтін қуатты түйіні байланыстырып тұр.

2. Отбасы үнемі кеңейіп отыратын құрбы-құрдас, көрші-қолаң, сынып, мектеп, басқа да оқу орындарында, еңбек ұйымдарында адамдармен түсетін қарым-қатынас әлемінде баланың өзіне ғана тән сипатын, стилін таңдап алуына шарт түзеді.

3. Балалар өз ата-аналарының жағымды мінез-құлқы мен іс-әрекетінің куәсі болуына шарт түзіп жағдай жасау, әдейілеп болса да балаға оны көрсету, не көрінуіне мүмкіндік туғызуы шарт. Әйтпегенде, халқымыздың «жақсыдан жаман туар бір табақ кебекке алғысыз» дегені дәл келіп қалуы әбден мүмкін.

Егер де ата-ана өзінің кетірген кемшіліктерін елемей, ал баланың сондай қателіктері үшін сөгіс не жаза қолданса, бұл да олардың санасында теріс ұғым қалыптастырып, өтірік айту, жарамсақ-жағымпаз «екіжүзділік» психологиясын орната бастайды. Балалар ата-анасы, отбасының ересек мүшелерінің жақсы мінез-құлқын іс-әрекетін үздіксіз, үнемі байқап, көріп оның пайдасын сезініп өсуі де ата-ана ықпалын нығайта түседі.

4. Қазіргі заман отбасының тәрбиелік маңызы бір ғана мақсатты ықпал ету емес, сонымен бірге ондағы бүкіл қарым-қатынас жүйесі балалардың нашар құлқын басып, жақсы жақтарын асырып отыратындай ықпалында. Балаға өнегелі ықпалын бағалауда отбасының мәдени деңгейі, ондағы ересектердің отбасының психологиялық тынысын қалыптастыру мүмкіндіктері, тұрмыстық қарым-қатынаста осыған мән бере ме, өзара тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін түсіне ме, міне, осыларды да есепке алған жөн.

5. Отбасының ықпалы аса қуатты, ұрымтал және нәтижелі болуы оның барлық жақтарына бірдей әсерінің үздіксіз, ұзақ жылдар бойына әке-шеше мен баланың эмоционалды мәмілесінің тұрақтылығымен белгіленеді. Мұнда, баланың отбасында өзін қауіпсіз сезінуі, қорғау, қайғы-қуанышына ортақ адамдардың болуы, қиналса көмек аларына сенімділігі де аса маңызды. Осыдан келіп отбасылық қарым-қатынас барысында ересек буын жастарға өмірлік, мәдени, рухани, құлық тәжірибелерін өткізіп береді деп, қорытындылауға болады. [4] .

Отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді төмендегідей жіктеуге болады:

- баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан-дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігі - гиперпротекция деп аталады

- қазымырлықпен бір елі таса қалмай бақылаудың да жақсылық әкелмейтіндігін белгілеп, оны әсіреқамқорлық (гиперпротекцияның) күшті түрі деп белгілейді. Бұған душар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты аңсайды да, оған қолы жеткен кезден бастап, жүгенсіз кеткен жылқы секілді алды-артына қарамай әр түрлі жағымсыз жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алу қиынға соғады да, баланы болашағы күмәнді істерге соқтырады.

- баланың жүріс-тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен жігерсіздікке, қанағатсыздыққа, тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады.

- ауруын сылтаулатып ата-анаға дегенін істету - өзімшілдік пен бағасын арттыру секілді қылықтардың қалыптасуына соқтырады. Сондықтан, ауру баланың жағдайы қаншалықты назар аударуды талап ететінін нақты мөлшерлеу күрделі болса да аса маңызды мәселе екенін естен шығармау керек.

- баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп сезінуі, тұрлаусыз секем алғыш секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және талма ауруына бейімділігін арттырады.

- отбасындағы қаталдық: ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы, олардың балаларға қатынасындағы қаталдық-рақымсыздық пен қатігездікке жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттілік істейтін бейбастық, содырлыққа соқтырады «тазы ашуын тырнадан алады» - дейді қазақ мұндай мінезді.

- балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше үміт күту - сағын сындырып, кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі, ол әке-шешесі күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқынышта болып, шамасы келмейтініне көзі жеткендіктен өзін нашар, әлсіз сезінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Педагоикадағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Оқушылардың отбасына бару
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Отбасы тәрбиесінің функциялары
Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбиенің үйлесімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz