Баланың таным процестері дамуының теориялық мәселелері


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан халқы Қазақстан Президентінің тәуелсіз елімізді өркендетуге бағытталған бастамалары мен шешімдеріне қолдау көрсетіп, іске асыруға міндетті екендігін терең сезінуі қажет. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды даму жағдайы білімді тұлғалардың шығармашылық деңгейінен, қабілеті және белсенділігінен айқындалады.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында жеке тұлғаның шығармашылығының: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» ұлттық жауапкершілікті сезінуді көздейді [1] .
Еліміздің сапалы дамуының жаңа сатысына, биік белестерге көтерілуіне бағыт берген бұл маңызды құжатта еліміздің бәсекеге шынайы қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру жүйесін реформалау қажеттігі атап көрсетілді. “Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз” етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деуі соған дәлел деп білеміз.
Елбасы атап өткендей, білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Осыған орай Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер қойылды.
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын толықтыру, балалардың жекелік ерекшелігін ескеру қабілетіне және тұлғалық бағыттылығына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.
Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан - 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Ұлы бабамыз Әл-Фараби білім мен тәрбиенің ұрпақ өмірінде алатын орнын жоғары қойып: “Адамға ең алдымен тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы” деп түйіндеген екен [2] .
Біз мектептегі оқу мен тәрбиені осы ұлы қағидаға сүйеніп қатар жүргізіп келеміз.
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Бала - бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе.
Баланың өздігінен танымдылығын дамыту үшін көптеген факторлар әсер етеді: стихиялық (апаттық) және арнайы ұйымшылдық, табиғи және әлеуметтік факторлар. Басқа факторлармен қатар ғалымдар мен педагог-практиканттар қоршаған ортаның әсерін көрсетеді. Ол ортада бала жеке адам ретінде дамиды, оған әсер етудің арқасында өзінің өздігін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерін зерттеу - психологиялық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан оны жүргізу жолдарын көптеген психологтар мен педагогтар зерттеуде. Тәжірибелік психологияда П. Я. Гальперин [3], В. В. Давыдов [4], Д. Б. Эльконин [5], А. Г. Зак [6], Мухина В. С. [7] т. б. жасаған әдістемелер кеңінен пайдаланылуда. Дамыта оқыту проблемалары ХҮІІІ ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И. Г. Песталоции [8] оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К. Д. Ушинский [9], Л. С. Выготский [10] жалғастырған. Д. Б. Занков [11] дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасында барлық таным процестерін жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлес қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.
Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршауы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап, қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады. Зерттеу жұмысының өзектілігін келесі факторлармен көрсетуге болады:
- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;
- мектеп оқушыларының өздігінен танымдылығын дамытуды зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі.
Оқушылардың таным процестерін зерттеудің маңызы психологиялық, қызметті ұйымдастыруда өте үлкен. Сондықтан әр психолог оның әдістемелерін жақсы меңгеріп, қолдану ережелеріне толық түсінік алғанда ғана ол өз қызметіне қажетті деңгейде атқаруға даярльқтан өтеді.
Таным процестерін зерттеу әдіс тәсілдерін тереңірек меңгеріп алу үшін жұмыс тақырыбын «Оқыту барысында баланың танымдық іс-әрекетін дамыту» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: бастауыш мектеп оқушылары.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Оқыту барысында баланың танымдық іс-әрекетін дамыту жолдарын теориялық, әдіснамалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеті:
- оқыту барысында баланың танымдық іс-әрекетін зерттеу;
- оқыту барысында баланы белсендендіру әдістерін зерттеу;
- оқыту барысында баланың сөйлеу, ойлау және қиялының дамуын зерттеу;
Зерттеудің теориялық қолданымы. Оқыту үрдісі барысында танымдық процестерді дамытуға әсер ететін факторларды қолдану.
Зерттеудің практикалық қолданымы.
Баланың іс-әрекеті барысындағы танымдық іс-әрекет
Зерттеу әдісі: Бала әрекетінің өнімін талдау, педагогикалық эксперимент, анкета, сұхбаттасу, бақылау; математикалық және статисталық материалдарды зерттеу әдістері, теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер - бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды.
Зерттеудің эксперименталдық базасы Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 БАЛАНЫҢ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Баланың таным процестері дамуының теориялық негіздері
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты темпераментке жан-жақты сипаттама берілді. Сеченов, Павлов жүргізген зерттеулер нәтижесінде олар екінші сигналдық жүйенің, нағыз адамдық, қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезді тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып психофизиологиялық кезең деп атауға болады.
А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симонның интеллекті өлшеу шкаласы деп қолданыла бастады.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жеке қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге арналған Я. Морреноның социометриялық зерттеу әдісі, К. Левиннің өлшеу әдістемелері, Я. Коменскийдің ұжымның қалыптасу деңгейін бағалау тестері кеңінен қолданылады [12, 13] .
Таным процестерін өлшеу және дамыту тестері балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жіктеліп, мектепте оқытуға даярлықты анықтау әдістемелері, Йирасек-Керн әдістемелері, Венгер, Давыдов, Эльконин жасаған көптеген тапсырмалар, бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу тестері, орта және сынып оқушыларына арналған тестер тағы көптеген үлкендердің интеллeктyaлдық қабілетінің коэффициентін анықтау әдістемелері деп аталған.
Таным - қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой, көңіл-күй, іс-әрекеттер мен олардың нәтижесі, яғни, білім, жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі.
Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы - тікелей байқап, сезуден нақты ойлауға, одан практикаға өту. Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандай да құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Нақты ойлау әрекеті танымға түскен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтауға, түсінік, пікір, ұғымдарды игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті де тұрақты байланыстарды ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуі мүмкіндік береді.
Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білімді игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқытудың міндеті - табиғат, қоғам және адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.
Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Алайда таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу мүмкін емес. Таным - бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам және адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни, ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды.
Танымның мәнін, зандылықтарын түсіну үшін оның субъектісі кім екенін, яғни оны іске асыратын кім екенін анықтау қажет. Мұның қиын еместігі, танымның субъектісі адам екені өзінен-өзі түсінікті. Бірақ, біріншіден, философия тарихы заттардың мәнін адамның танып білуі мүмкін емес деп санайтын ойшылдарды біледі. Екіншіден, қазіргі уақытта таным процесі және оның теориялық ойлау сияқты формасы адамға ғана тән емес, олар сондай-ақ адам жасаған электрондық-есептеу машинасы сияқты техникалық қондырғыларға да тән деген пікір тарап жүр. Үшіншіден, адам - танымның субъектісі деп жай айта салу жеткіліксіз, оны таным субъектісіне айналдыратын не екенін анықтау қажет, ал бұл үшін адамның қоғамдық мәнін білу керек.
Кезінде Л. Фейербах танымның субъектісі сана деп түсіндірген идеалистік көзқарасты сынай отырып, сана адамға тән рухани құбылыс екенін дұрыс атап көрсетті. Адам, Фейербахтың түсінігінше, кеңістік пен уақытта өмір сүретін, табиғатпен екі арадағы байланысының арқасында дүниені танып білуге қабілетті тәні бар жан. Фейербах өзінің таным жайындағы түсінігінде табиғи мәні бар нақты адам жайында айтып отырған сияқты. Алайда, дейді Маркс пен Энгельс" . . . Фейербах шындықта өмір сүретін әрекетшіл адамдарға ешқашан жете алмайды, "адам" деген абстракциядан өте алмай тек сезім саласындағы „шын, тәні бар, дара адамды мойындаумен ғана шектеледі . . . ".
Адам өзінің нақты, шын мәніне қалайша ие болады? Адамға табиғи тіршілік қасиеттері, оның ішінде сезімділік қасиет те тән, бірақ ол өзінің екінші, әлеуметтік табиғатын - мәдениетін, цивилизацияны өзі жасайды, еңбектің арқасында өзін-өзі жасайды, табиғат нәрселерін жай ғана иемденбестен, оларды өзінің қажеттеріне сәйкес өзгертеді. Адам мұны қоғамдық, тіршілік иесі болғандықтан, өзі сияқты басқалармен белгілі бір қатынастар орната отырып қана жасай алады.
« . . . Адам, -деп жазды К. Маркс - дүниеден тыс бір жерді паналайтын абстрактілі тіршілік иесі емес. Адам дегеніміз - адам дүниесі, мемлекет, қоғам». Қоғамнан тыс адам жоқ, олай болса, қоғамсыз танымның субъектісі жоқ. Осыған орай, оқырманға мынадай занды сұрақ тууы мүмкін: сонда Пифагор, Аристотель, Ньютон, Эйнштейн сияқты көрнекті тұлғаларсыз және басқа сан мыңдаған қатардағы адамдарсыз қоғам, бүкіл адамзат дүниені бірден танып біле ала ма? Әрине, ақыл-ойы бар, өндіре алатын, жеке басының ерекшеліктері мен қабілеттілігі бар дара адамдарсыз қоғам өмір сүре алмайды. Бірақ ол дара адамдар өзара белгілі бір қоғамдық қатынастар орната отырып, әлеуметтік құрылыстың сол сатысында қол жеткен өндірістік құрал-жабдықтарды қолдану арқылы ғана танымның субъектісі бола алады.
Сөйтіп, таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан қабілеттерінің құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты, ал бұл соңғы кездегі қоғамдық жағдайлар мен тәуелділікке байланысты. Мысалы, И. Ньютон қаншалықты данышпан болса да, бірақ өз кезінде ол қатыстық теориясын жасай алмас еді. Объективтік идеализм сананың, ақыл-ойдың сол тұста қоғамда өмір сүріп жатқан жеке-дара адамдарға тәуелсіз екенін айта келіп, танымның бұл ерекшелігін бұрмалап, теріс түсіндірді: адамдардың іс-әрекетінің сана формаларында жинақталған нәтижесін бөліп алып, оны өзінің ғана логикасы бойынша әрекет ететін дербес мән, субстанция түрінде көрсетті. Сондықтан ойлау процесі өзінің шын иесі - адамнан ғана қол үзген жоқ, сондай-ақ объектіден де, яғни субъектіден тыс тұрған нәрселер мен құбылыстардан қол үзді.
Таным үшін субъект қана қажет емес, сондай объект те қажет, өйткені субъект адам онымен өзі әрекетке түседі. Танымның субъектісі - адамның өзі туралы оның танымы мен практикасының объектісі екеніне қарай пікір айтуға болады. Мысалы, Демокрит пен Аристотельдің тұсында ғана емес, сондай-ақ Галлилей мен Ньютонның кезінде де электрон объективтік шындық ретінде өмір сүрді, бірақ ол адамның дүниетану қызметінің аумағына енбеді, өйткені адам ол кезде электронды өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің объектісі ретінде ашуға қабілетсіз еді. Тек қоғамның даму дәрежесін білгеннен соң ғана табиғаттың қай нәрсесі адамдардың дүниетанымының объектісі болатыны жайында қорытынды жасауға болады. Мысалы, қазіргі қоғамдық практиканың деңгейінің жоғарылығы сонша, адамның практикалық іс-әрекетінің объектісіне біртіндеп біздің Жерді қоршаған ғарыш кеңістігін және Күн системасының басқа планеталарын іс жүзінде игеру еніп келе жатыр.
Адам белгілі бір шамада "адамданған" табиғатта өмір сүріп келеді. Ол өз болмысының орбитасына барған сайын табиғаттың жаңа құбылыстарын қосып алып, оларды өзнің практикалық іс-әрекетінің объектісіне айналдыруда. Адамзат дүниесі осылайша кеңейе және тереңдей түсуде. Л. Фейербахтың шыңдықты түсінуін сынай келе, К. Маркс пен Ф. Энгельс былай деп жазды: "Ол өзін қоршаған сезімдік дүние ғасырлар бойы дәл сол күйінде берілген, әрдайым өзіне-өзі тең зат емес екенін, керісінше, ол өнеркәсіп пен қоғамдық жағдайдың жемісі екенін байқамады . . . Барлық дерлік басқа жеміс ағаштары сияқты, шие ағашы да біздің жақта сауданың арқасында бірнеше ғасырлар бұрын ғана пайда болғаны белгілі, сөйтіл ол белгілі бір қоғамның белгілі бір уақыттағы сол әрекеті арқасында ғана Фейербахтың „сезімдік қабылдауына айналды» [14] .
.
Дүниетаным дегеніміз - объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі, дүниетаным, сенім, адам мұраты.
Сөйтіп, таным объектісінің көпшілік бөлігі табиғаттың адамзат өзгерткен құбылыстары болып табылады. Танымның бұл объектілері айтарлықтай дәрежеде адамның практикалық іс-әрекетіне тәуелді. Осы практикалық іс-әрекеттің нәтижесінде мәдениет жасалады, ал мәдениеттің негізгі бір элементі танымның нәтижесі - білім.
Баланың негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды.
Қабылдау саласында адамдар объективтік және субъективтік типтер болып та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен құбылыстарды дәл, айқын, ешбір қоспасыз, сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал субъективтік типтегі адамдардың қабылдауында долбарлау, қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады.
Мұндайда қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей, елжіреу, алдану т. б. ) ерекше әсер ететін болады. Субъективтік типті кейде қабылдаудың эмоциялық типі деп те атайды.
Қабылдау синтездік (сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын үнемі тұтастай қабылдап, бірақ оның ұсақ-түйегіне жөнді мән бермейтіндер), анализдік (мұндайлар, керісінше, заттардың ұсақ-түйектерінен шыға алмағандықтан, оны тұтастай қабылдауға шорқақ болады) типтер де кездеседі.
Тұрмыс, дағды-әдет, іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны, адамның жас жөне дара ерекшеліктері т. б. белгілі жағдайларда қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.
Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру - оның мағынасын ұғынуға жәрдем етеді. Мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді.
Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау үрдістері арқылы жүзеге асырылады.
Зейін - таным үрдісінің басты факторы, зейін - ырықты, ырықсыз, үйреншікті деп аталатын үш түрге бөлінеді. Зейін дербес үрдіс ретінде емес, ол танымдық әрекеттердің іске асуына басты жағдай ретінде орындалады.
Зейіннің өзгеше және арнайы заты туралы айту қиын. Оның нәтижесі кез-келген іс-әрекетке еніп, сапасын жақсарту болып табылады.
Ырықсыз зейін адамның саналы әрекетінсіз-ақ орнығып, қолданыла береді.
Ырықты зейін саналы бағытталып, реттеледі. Субъектінің санасымен объект таңдалады, соған бағытталады. Ырықты зейін ырықсыз зейіннен дамиды. Сонымен бірге ырықты зейін ырықсыз зейінге ешқандай күшсіз ауысады.
Ырықсыз зейін тікелей қызығушылықпен айқындалады.
Ырықты зейінде ондай қызығушылық болмағанымен, біздің міндетімізге, мақсатымызға байланысты, сондықтан зейінімізді санамыз арқылы бағыттаймыз.
Зейін өзін-өзі бақылаумен тығыз байланысты. Адамның әрбір әрекетінде бағыттаушы, орындалатын және бақыланатын бөлімдері бар.
Бақылау - әрекетті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау іс-әрекетінің өзінің бөлек заты болмайды, ол басқа үрдістердің жасап жатқанына бағытталған. Сондықтан зейіннің бақылаушы функциясы да соны көрсетеді.
Зейіннің жеке актісі, бақылаудың әрекеті ақыл-ойға айналғанда және қысқа түрде болғанда пайда болады. Бақылау үрдісі - затқа бағытталып орындалатын іс-әрекет. Сондықтан бақылау іс-әрекетін орындау кезінде зейінді талап етеді. Тек қана бақылаудың жаңа әрекеті ақыл-ойға және қысқартылған жағдайда ол зейін болады.
Кез келген бақылау зейін емес, ал кез келген зейін - ол бақылау. Бақылау іс-әрекетті немесе оның нәтижесін бағалайды, ал зейін оны дамытады, жақсартады. Оның себебі, бақылау белгілі бір критерий, өлшем, үлгі арқылы іске асады, “үлгіні ескерте”, нақты салыстыруға және айыруға жағдай туғыза отырып, құбылысты жақсырақ тануға жетелейді. Үлгіні қолдану зейіннің негізгі екі қасиеттерін түсіндіреді - таңдамалылықты (әр уақытта қызығушылықты көрсете бермейді) және өзі байланысқан әр іс-әрекетке жағымды әсер етеді.
Ырықты зейін әрдайым жоспарлы. Алдын-ала белгіленген критерийлер және тәсілдерді пайдалана отырып әрекетті бақылау болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz