Зерттеу үдерісін мониторингтеу



1. Білім беру мониторингісі

2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру мониторингісінің қамтамасыз етілуі.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында, жұмыс жоспарына, штат кестесiне қатысты. Мониторингтiң көп аспектiсi бағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында, сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында.
Педагогикалық мониторингтің анықтамасы ақпараттарды талдау және педагогикалық жүйенің сақталуы туралы мәліметтерді жинақтап, оның қазіргі жай күйіне үзіліссіз бақылау жасау, дер кезінде түзету жүргізіп, даму болашағына болжау жасау. Сондай-ақ, педагогикалық мониторинг арқылы әртүрлі дерек көздерінен түскен мектепке дейінгі ұйымдар қызметі туралы ақпараттарды жүйелеуге қол жеткізуге болады.
Педагогикалық мониторингтің міндеттерін төмендегідей анықтадық:
- мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту қызметіне сараптау жүргізу: ұйымды басқару, ұйымдастыру, тәрбиелеу мен білім беру, психологиялық әлеуметтік, тәжірибелік т.б
- балабақшадағы білім беру сапасын бағалау, оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау;
- тәрбиеші педагогтардың кәсіби шеберлігі мен педагогикалық деңгейіне бақылау жасау;
- балаларға дәрігерлік, психологиялық әлеуметтік диагностика жүргізу;
- балабақшаның инновациялық қызметі және оның тиімділігін бағалау;
Мектепке дейінгі ұйымдардағы мониторинг нәтижелерінің ақпараттар көзі педагогикалық ұжымның балалармен жүргізетін жұмыстарына, жеке тәрбиешілермен ата-аналардың қарым-қатынасына байланысты болады да, оны педагогикалық үдеріс барасында пайдаланады. Педагогикалық мониторинг балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру мазмұнына диагностика жасау мен қалыптасуының бағыт-бағдарын айқындау ретінде жүргізілсе, ол біріншіден, зерттеу жүргізу апектісінің бағыттарын нақтылау және оны талдау; екіншіден, әрбір аспектінің бағалау өлшемдері мен оны тексерудің әдіс - тәсілдерін анықтау; үшіншіден, білім беру мазмұнын жаңарту сапасына бақылау мен басшылық жасау және алынған деректерді талдап, қорытынды шешім қабылдау болып табылады. Осы орайда, мониторингке берілген ғалымдардың анықтамалары мен оның мақсаты және педагогикалық мониторингтің айырмашылығын айқындап алдық. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесінеде педагогикалық мониторинг жүйесін енгізу ол балабақшаның педагогикалық үдерісіне толық бақылау мен басшылық жасауға, талдау жүргізуге, алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда нәтижелерді салыстыруға, басқару қызметіне түзетулер жасауға, ең бастысы тұтас педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасына қол жеткізуге болады.
1. Муканова С.Д. Научно-методические основы совершенствания содержания общего образования в РК.
2. Бейсенбаева А.А. «Теория и практика гуманизации школьного образования».
Алматы. Ғылым. 1998 г. - с. 225.
3. Журавлев И.К. Общественное дошкольное воспитание на современном
этапе. М., Просвещение, 1981. - с. 143.
4. Загвязинский.В.И. Методология и методика дидактического исследования. Москва. Педагогика 1982. - с. 160.
5. Теоретические основы содержания общего среднего образования / Под ред. В.В. Краевского и Н.Я. Лернера. - М.: Педагогика, 1983. - с. 352. 45.Марев И.Методологические основы дидактики.-М.:Педагогика,1987- с.224. 46.Логвинов И.Н. Учебный план: традиции и проблемы, перспективы // Советская педагогика. - 1988, № 3. - с.105-110.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдыр факультеті
Білім технологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Зерттеу үдерісін мониторингтеу

Қабылдаған: п.ғ.к., доц.
Кайбульдаева Г.А.
Орындаған: Анарбаева А
Тобы: ММД-411

Жоспары:

1. Білім беру мониторингісі

2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру мониторингісінің
қамтамасыз етілуі.

Білім беру мониторингісі, оның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда
қамтамасыз етілуі.
Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн
оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие
үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика
педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты
нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес,
мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге
жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай
тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында,
жұмыс жоспарына, штат кестесiне қатысты. Мониторингтiң көп аспектiсi
бағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында,
сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында.
Педагогикалық мониторингтің анықтамасы ақпараттарды талдау және
педагогикалық жүйенің сақталуы туралы мәліметтерді жинақтап, оның қазіргі
жай күйіне үзіліссіз бақылау жасау, дер кезінде түзету жүргізіп, даму
болашағына болжау жасау. Сондай-ақ, педагогикалық мониторинг арқылы әртүрлі
дерек көздерінен түскен мектепке дейінгі ұйымдар қызметі туралы
ақпараттарды жүйелеуге қол жеткізуге болады.
Педагогикалық мониторингтің міндеттерін төмендегідей анықтадық:
мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту қызметіне сараптау
жүргізу: ұйымды басқару, ұйымдастыру, тәрбиелеу мен білім беру,
психологиялық әлеуметтік, тәжірибелік т.б
балабақшадағы білім беру сапасын бағалау, оның мемлекеттік стандартқа
сәйкестігін анықтау;
- тәрбиеші педагогтардың кәсіби шеберлігі мен педагогикалық
деңгейіне бақылау жасау;
балаларға дәрігерлік, психологиялық әлеуметтік диагностика жүргізу;
балабақшаның инновациялық қызметі және оның тиімділігін бағалау;
Мектепке дейінгі ұйымдардағы мониторинг нәтижелерінің ақпараттар көзі
педагогикалық ұжымның балалармен жүргізетін жұмыстарына, жеке
тәрбиешілермен ата-аналардың қарым-қатынасына байланысты болады да, оны
педагогикалық үдеріс барасында пайдаланады. Педагогикалық мониторинг
балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру мазмұнына диагностика жасау мен
қалыптасуының бағыт-бағдарын айқындау ретінде жүргізілсе, ол біріншіден,
зерттеу жүргізу апектісінің бағыттарын нақтылау және оны талдау; екіншіден,
әрбір аспектінің бағалау өлшемдері мен оны тексерудің әдіс - тәсілдерін
анықтау; үшіншіден, білім беру мазмұнын жаңарту сапасына бақылау мен
басшылық жасау және алынған деректерді талдап, қорытынды шешім қабылдау
болып табылады. Осы орайда, мониторингке берілген ғалымдардың анықтамалары
мен оның мақсаты және педагогикалық мониторингтің айырмашылығын айқындап
алдық. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесінеде педагогикалық мониторинг
жүйесін енгізу ол балабақшаның педагогикалық үдерісіне толық бақылау мен
басшылық жасауға, талдау жүргізуге, алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда
нәтижелерді салыстыруға, басқару қызметіне түзетулер жасауға, ең бастысы
тұтас педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасына қол жеткізуге болады.
Мониторинг - белгілі бір маңызды аспектілер бойынша жүйелі және
тұрақты түрде мәліметтер жинақтау болып табылады. Мониторинг - мәліметтерді
жинақтау, талдау, ақпараттарды тарату, сақтау және қандайда бір жүйе немесе
аталған жүйені басқаруға байланысты ақпараттармен қамтамасыз етудің жеке
элементтері жайында, олардың маңызы, қазіргі жағдайы және оның дамуы мен
болашағы жайындағы болжамдар жасауға арналады.
Мониторингтің негізгі мақсаты - басқаруда дер кезінде және толық
ақпараттармен қамтамасыз етіп, шешім қабылдау.
Ал педагогикалық мониторинг - педагогикалық үдерістің мақсаты,
міндеттерін және құралдарын анықтаудың тиімді жолдарын қарастырудың
үзіліссіз ғылыми диагностикалық, прогностикалық көрсеткіштері.
Педагогикалық мониторинг - педагогикалық процесстің мақсаты, мазмұны,
формасы, әдістері, дидактикалық және техникалық құралдары, жағдайы мен
оқытуда нәтижеге жету, жеке тұлғаны дамыту.
Педагогикалық мониторинг - оқушы мен мұғалім іс -әрекетінің сапалық
нәтижесін талдау мен оның даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі.
(Таңатарова П)
Осылайша, мониторинг білім беру ұйымдарының дамуын басқарудың құралы
болып табылады.
Мониторингтің маңызы - бақылауға алынған жүйеге үнемі, тұрақты түрде
оның дамуы жайында ақпарат беріп тұру үшін әртүрлі өлшемдермен диагностика
жасап тұру.
Мониторинг жасауда басшылыққа алатын негізгі тірек ұғымдары мен
қаралатын мәселелер: кімге арналған;
қандай обьектіде жүргізіледі (қандай жүйе бойынша); не үшін өткізіледі
(қандай мақсатта, қандай шешім қабылдау үшін); қандай қажетті ақпараттар
керек (мониторинг не үшін және кімге керек); Келесі кезеңде, зерттейтін
оьектінің жүйесі мен тексеру құрылымының сәйкестігі анықталады:
мониторинг жүйесінінің элементтері анықталады; (деңгейі, жүйенің
бөліктері);
бақылау обьектісі (ақпараттар ағымы қарастырылады);
бақылау субьектісі (ақпарат көздері, обьект мен субьект арасындағы
сәйкестік, оған өзіндік бақылау жасау);
бақылау жасалатын ақпараттардың құрылымы:
ақпараттарды айқындау құралдары (диагностика, өлшемдер т.б);
ақпараттарды беру каналдары, механизмі, талдау жасау;
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық мониторинг бұл тұтас
педагогикалық жүйе, біз оны төмендегідей бірнеше блоктарға бөлеміз: Бірінші
блок тікелей балаларға қатысты:
даму деңгейі;
оқу тәрбие барысындағы жетістіктері:
тәрбиелілік деңгейі;
денсаулық деңгейі;
Екінші блок, қарапайым білім мазмұнын меңгеруі:
оқу жоспарлары;
білім беру бағдарламалары;
педагогикалық технологияларды пайдалана білуі;
білім беру үдерісінің психологиялық негіздері; Үшінші блок, педагогикалық
ұжым туралы ақпараттар:
педагогикалық ұжымның сапалық сипаттамасы;
педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігінің деңгейі;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы мамандардың кәсіби біліктілігін
арттыру жүйесінің тиімділігі;
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық мониторинг жүйесін
қалыптастыру үшін, біз балабақшадағы білім беру мазмұны жайында мәліметтер
жинақтап оған талдау жасадық. Жұмыс мазмұны мониторинг жүргізудің
бағыттарын кеңейту қажеттілігін көрсетті. Мектепке дейінгі ұйымдардың
негізгі міндеттерінің бірі барлық білім беру үдерісіне қатысатын
балалардың қабілеттерін дамытуға жағымды жағдай жасау, бұл міндетті шешуде
педагогикалық мониторинг маңызды рөл атқарады. Педагогикалық мониторинг
білім беру нәтижелерін жүйелі тексеруде және болжам жасауда біздің
зерттеуімізде төмендегідей бағыттарда қолданылды:
білім беру үдерісінде әрбір қатысушыларға өзінің іс-әрекеті барысында
ойлануға көмектеседі;
педагогтарға педагогикалық қызметтің тиімділігін анықтауға, дидактикалық
құралдарды, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және оған
талдау жасайды, ата-аналардың талап тілектері мен балалардың жас ерекшелігі
ескеріледі;
Мониторинг жүйесін жобалаудың мақсаты:
тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңартуға бақылау мен басшылық жасау;
мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беруді басқару сапасының тиімділігін
анықтау.
Мониторинг жүйесін жобалаудың міндеттері:
педагогикалық үдеріске үнемі бақылау жасап оның барысын талдау;
педагогикалық үдеріс барысындағы өзгерістер мен факторларды анықтау;
теріс тенденцияларды болдырмау және оның алдын алу; - оқу әдістемелік
жұмыстардың тиімділігі мен оқу үдерісінің арнаулы мамандармен және қажетті
ресурстармен қамтамасыз етілуі;
Балабақшаларда мониторинг жүргізуде әдістемелік ұйымдастыруға
қойылатын талаптар:
- балабақшаның үнемі талдау жасаған уақыттарына сәйкес тәрбиелеу
мен білім беру көрсеткіштерін тексеруден өткізіп отыру;
- белгіленген кезеңдерде жинақталған көрсеткіштер үйлестіріліп,
өңделіп, түзетіліп, толықтырылып отырады;
Балабақшадағы эсперимент жұмысында педагогкалық мониторинг үш кезеңде
жүргізілді:
Алдын-ала бақылау жүргізу (ориентировочный),
Тәжірибелік (диагностический),
Аналитикалық талдау жасау (постановочный). Алдын-ала бақылау жүргізуде
төмендегідей жұмыстар атқарылды:

оқу үдерісінің сапасына педагогикалық мониторинг жүргізу туралы Ереже
дайындалды;
тәрбиешілердің кәсіби және әдістемелік құзіреттілігін анықтаудың өлшемдері
анықталды;
- мониторинг жүргізу обьектісі анықталды;
- тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңартудың технологияларын
таңдау;
зерттеу нәтижелерін рәсімдеудің формалары анықталды;
жүргізілген экспериментке байланысты балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру
үдерісіне мониторинг жасау жүйесіне талдау жасай келе зерттеудің болжамы
ұсынылып ол бірізділікпен тәжірибеге енгізілуде және тәрибиешілердің өз
білімін дамыту деңгейін жетілдіруге баса назар
аудару;
- ақпараттарды жинақтау және талдаудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
Тәжірибелік екінші кезеңде: тікелей тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын
жаңартуға ерекше мән берілгені туралы мәліметтерге талдау жасалды. Ең
бастысы - біз тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңартудың тиімді жолдарын
анықтаудың слыстырмалы көрсеткіштері мен нәтижелерін және балалар мен
тәрбиешілер іс-әрекетінің нәтижесін обьективті бағалау формаларының
анықталуы.
Үшінші кезеңде, біз балабақшалардың негізгі міндеттерін жүзеге асыру
мен оның бағыттарын жетілдіруге арналған ақпараттарды жүйелеп, басқару
шешімдерін шығарып және талдау жасадық. Бұдан кейін талдау мен тәжірибелік
жұмыстарды үш негізгі мониторинг блоктарына бөліп қарастырдық
Мониторингтің бірінші блогы - білім мазмұнының баланың жеке басын
дамытууға әсері яғни, тәрбиелеу мен білім беру негізінде баланың дамуына,
тәрбиесіне, денсаулығын нығайтуға бағытталды. Бұл мәселелерді шешу
барысында балабақшаның психологиялық қызметі үлкен рөл атқаратындығы
байқалды. Оның негізгі мақсаты тәрбиелеу мен білім беру үдерісін
психологиялық, валеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету және баланың жеке
дамуына толыққанды психологиялық ықпал ету болып табылады. Алға қойған
негізгі міндеттер:
1. Білім мазмұнының баланың жас ерекшелігіне сәйкестігін анықтау,
табиғи дамуы мен әлеуметтік ортаға бейімделуіне бақылау жасау.
Балалардың өздігінен шығармашылықпен дербес әрекет етуіне, олардың қоршаған
ортамен қарым -қатынасын және әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына
жағдай жасау.
Баланың дамуы мен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әлеуметтік
педагогикалық дамытушы орта жабдықтау.
Осы орайда жүргізілген жұмыстардың бағыттары:
Психопрофилактикалық жұмыс.
Психодиагностикалық жұмыс.

Дамыту және түзету жұмыстары.
Педагогтар мен ата - аналарға арналған кеңестер өткізу.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу мен білім беру үдерісін
психологиялық, валеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бұл балабақшаның талап
тілектерінен туындап отыр. Соңғы жылдарды балалардың алуан түрлі
психологиялық проблемалары көбейе түскендігі байқалады. Ол білім беру
үдерісін тиімді ұйымдастыруға кері ықпалын тигізері сөзсіз. Олар атап
айтқанда: ашушаңдық, ызақорлық, тұйықтық, салғыттық, оқу іс-әрекетіне
баяулық т.б (СДВГ, ЗПР) сияқты жағымсыз тенденциялардың етек алуы және
балалардың топта шектен тыс көп болуы білім мазмұнын меңгеруге, оны
педагогикалық, әдістемелік талаптарға сай ұйымдастыруға кедергі
келтіретіндігі анықталды. Ата-аналардың құзіреттлігі мен педагогикалық
сауаттылығының жеткіліксіздігі баланың жеке басының дамуында, тәрбиесінде
кері әсер қалдыратындығы ол балабақшадағы құрбыластарымен, тәрбиешілермен
қарым-қатынаста да өзінің теріс көрністерін беріп қалады. Балабақшаның
жылдық жоспарларына сәйкес психологтің қызметіне байланысты жүйелі түрде
психикалық дамуы мен саулығын қалпына келтіруге, зейіні мен қабілеттерін
дамытуға тұрақты жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай, түзету-дамыту жұмыстары
бірнеше бағытта жүргізілді: таным процестерін дамыту, эмоционалдық ерік -
жігерін, интеллектуалдық қабілеттері мен оқу дағдыларын қалыптастыру, өзара
қарым-қатынасын дамыту, сана,сезімі мен қоршаған ортадағы жақсы іс-
әрекеттерді жағымды қабылдауын дамыту.
Зерттеу барысында ата-аналармен де, тәрбиешілермен де оқу-ағарту
жұмыстары жүргізілді. Ата-аналармен, жас тәрбиешілермен моральдық-
психологиялық ахуалды жақсарту бағытында әңгімелер, жеке кеңестер
жүргізілді. Мысалы: Ызақорлықтың басты себептері, Сіздің балаңыз
қандай?, Педагогикалық гигиена Ережелері, Педагогтар үшін
-конфликтология, Баланы мектепке дайындаудың өзекті мәселелеріт.б.
Балабақша психологтары үнемі балаларға жеке психологиялық көмек көрсетіп,
әртүрлі кездескен жағдаяттардан шығудың жолдарына ұсыныстар жасап отырды.
Баланың жеке дамуындағы психологиялық міселелерге байланысты ата-аналарға
әдістемелік нұсқаулар, тесттік тапсырмалар дайындалды. Психолог мамандардың
жылдық, күнтізбелік жоспарлары жасалып, түзету-дамыту сабақтарының
қорытындысы бойынша жеке кеңес журналдары және ата-аналар мен педагогтарға
арналған ақпараттық материалдар эксперимент барысында жүйелі түрде
ұсынылды. Мектепке дейінгі ұйымдардағы негізгі бағыттардың бірі психолог
мамандардың қызметі:
психологиялық диагностика;
түзету және дамыту жұмыстары;
психологиялық кеңес беру;
псхологиялық сауаттылық;
психопрофилактикалық; Психологиялық қызмет төмендегідей міндеттерді шешеді:

Баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы
Инженерлік желілерді бақылау және мониторингтеу жүйе контроллерін әзірлеу
Жаһандану үдерістерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Нарықтық жағдайда инновацияның экономикалық рөлі
Мемлкеттік билік жүйесі
Аутсорсингке берілетін Логистикалық қызмет түрлерінің спектрі
Желіаралық экрандау құралдары
Кәсіпорындағы электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жете зерттеп жасау
Электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жобалау
Пәндер