Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты


Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты.
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагошкалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз кеіеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және-дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсснді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірбиемен бірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса мүғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетлдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жен ары оқу орындарының арнаулы факулыативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытылып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мектептің типі, оның орналасқан жері және т. б. жағдайларға байланысты түбірінен ерекшеленуі мүмкін. Бұндай жағдайда 50-ден 100-ге дейін оқушысы, 10-12 мұғалімі бар шағын комплектілі орта мектептерде едәуір қиындық кездеседі. Ауыл мектептерінің тәжірбиесі осындай бірнеше мектепті ірі ауыл мектебінің базасында құрылған әдістемелік бірлестікке топтастырудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері
Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері өзгермелі болып келеді. Олар мынадай негізгі факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.
Білім беру төңірегіндегі мемелекеттік саясат, заң актілері, құжаттар;
Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың жеке кәсіптік өлшемдері болжамдау процесінде анықталған әдістемелік сауаттылығы.
Мектеп ұжымының моральдық-психологиялық ауа-райы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы материалдық-техникалық мүмкіндігі.
Мектептегі педагогикалық тәжірбиені оқып үйрену, мұғалімдердің инновациялық белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты кәсіптік деңгейде іскс асыруға дайындығы; мұғалімдердің арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы нақты жағдай.
Көптеген мектептерде әдістемелік жұмыстарды үйлестіретін әдістемелік кеңестер жұмыс істейді. Мектептің педагогикалық кеңесіне қарағанда әдістемелік кеңестің бір ғана функциясы барлық - әрбір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көрсету. Оның жұмысымың тиімділігі ең кемі екі жағдайға төуенді: кеңеске кімнің жетекшілік жасауы және мүшелерінің құрамының қандай екендігі. Әдістемелік кеңеске білім берудің әр түрлі оқу пәндерінен сабақ беретін барынша тәжірибелі мұғалімдер енеді. Олар әртүрлі әдістемелік құрылымдардың жетекшілері болуы мүмкін. Көбіне әдістемелік кеңеске Оқу ісінің меңгерушісі басшылық жасайды.
Мектеп әдістемелік кеңесі мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың тақырыбын айқындайды. Кеңес бірлестікте, комиссияларда қаралатын мәселелерді жоспарландырады. Мектептің әдістемелік жұмыстарының жалпы бағдарламасын, семинар, практикалық материалдардың жоспары жасайды.
Осылайша, әдістемелік: кеңес мектептегі әрбір мұғалімнің көсштік-педагогикалық мәдениетін көтеру жұмысын басқаруда сайла^балы жөне ақылы өкілдікті танытады.
Мектептің әдістемелік жұмыстарының өзін ақтаған мынадай түрлерін атауға болады;
Пәңдік өдіс гемелік бір тестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, п роблемалық семинарлар мен практикумды, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу, ғылыми-педагогакалық конференциялар, педагогикалық оқу, рөлдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткерлік ойындар, педагогикалық жағдайды талдау және модельдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т. б.
Әдістемелік жұмыстардың тиімді түрлерінің бірі бірыңғай әдістемелік күн (мектептің барлық педагог қызметкерлері үшін оқу тоқсанына бір рет) екі тоқсан аралығында атқарылған әдістсмслік жұмыстарды қорытындылауға арналады. Бірыңғай әдістемелік күннің тақырыбы мүғалімдерге алдын ала хабарланады. Бірыңғай әдістемелік күннің қарсаңында арнайы тақырыпқа педагогикалық бюллетень шығарылып, әдістемелік талдамалардың, мүғалімдермен оқушылар шғармашылығын, психологиялық-педагогикалық әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылады.
Бірыңғай әдістемелік күні атқарылар жұмыстың мазмұны мыналарды қамтиды: ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу, оларға талдау жасап, кеңінен талқылап жаңа әдәстемелік әдебиеттерге шолу жасау, өткізілген іс шараларға баға беріп, талдау жасайтындай бірыңғай әдістемелік күннің қорытынды мен "доңгелек үстел", мәжіліс немесе баспасөз конференциясын өткізу.
Мұғалімнің теориялық және практикалық дайындықсыз оның бір тұтастығы проблемалық семинарлар мен практикумдар байланысында көрінеді. Олар мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетін ынталандырып, оны педагогикалық инновацияға ұмтылдырылады. Проблемалық семинар жұмыстарының мазмұны қазіргі заманғы педагогикалық теорияны қамтиды .
Соңғы жылдары әдістемелік жұмыстық жүйесінде практикалық сабақтардың белсенді түрлері кеңінен қолданылуда. Олар іскерлік, рөлдік ойындар, ойын практикумдар, ұйымдық-әрекеттік ойындар, түрлі тренинттер. Бұл жүмыс түрлерінің даусыз жетістігі - орындалған әрекеттің көп нұсқалылығы, нақты практикаға барынша жақындығы ұжым болып талқылауға қоыйлылығы және т. б. Әйтседе практикумдарды ұйымдастырушылар мұғалімдердің бұндай шараларға қатысуға ықылассыздығы, оларды жүргізуге әдістемелік дайындықтың аздығы сияқты кедергілерге тап болуда. Бұның бәріде проблемалық семинарлар мен практикумдарды ұйымдастыруға білікті басшылықтың керектігін танытады.
Озат тәжірибе мектебі негізінен дербес және ұжымдық тәлімгерліктің мақсатымен міндетін іске асыратын әдістемелік жұмыс түрі Қазақстан мектептерінде тәлімгерлік дәстүрдің бай тарихы бар болғанымен бір мектеп қабырғасында ұйымдастырылған озат тәжірбие мақсатты, толыққанды сипаталады. Бұл мектепттің негізгі міндеті - тәжірибелі мұғалімнің, басшының тәжірибесі өз әріптесіне әдістемелік кемек көрсету. Бұндай мектепті қалыптастыру көбіне ерікті негізде басталады.
Озат тәжірибе мектебі жұмысын бағалау екі жақты тиімділікті ескеру тиіс . Мектеп басшысы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оларға сабақ технологиясы мен -әдістемесі, жоспарластыру мәселелерімен ақыл-кеңес беріп, білім берудің теориялық мәселелерін талқылаумен бірге мектептің педагогикалық жүйесін жетілдіреді, өзнің кәсіптік позициясының дұрыстығнша көз жеткізеді. Озат тәжірбие мектебінің екінші тиімділігі - мұғалім әрілтестердің жаңашыл, шебер мұғалімнің шығармашылық лабораториясымен тікелей танысуға мүмкіндігінің болуы деп білеміз.
Озат тәжірбие мектебінің құрылымында оның бір көрінісі немесе дербес буыны ретінде жас мұғалім мектебінің жұмысын ұйымдастыруғы болады. Оның мәні - жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдер тәжірибелі мұғалімнің немесе мектеп басшысының жетекшілігімен бірлестікте бірігеді. Оның жұмысы сабақтың және сыныптан тыс шараның мақсатын белгілеудің техникасы мен әдістемесі, сынып жетекшісі жұмысын жоспарластырудың ерекшеліктері, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін анықтау сияқты арнайы жоспармен жүргізілді. Жас мұғалім мектебіндегі оқуларда сабақтың технологиялық картасын жасау, оқу процесінде компьютер құралдарын қолдану сияқты практикалық шаралар қарастырылады. Тәжірибелі педагогика, жетекшілігімен бір-бірімен араласқан жас мұғалімдер кәсіптік дамуын жолға қойып, өзінің шығармашылық қасиетін іске асыруға ұмтылады.
Көптеген мұғалімдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, педагогикалық шығармашылық пен белсенді әрекеттің күрт бәсеңдеуі болашақ мұғалімдердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерден соң мектептегі алғашқы жылдары бірден таза практикалық қызметпен айналысуынан туындайды. Сондықтан бұл кезеңде арнайы теориялық дайындықты үзбей оны практикада қолдану арқылы тереңдетудің маңызы зор. Жас мүғалім мектебі міне осы маңызды міңдетгі шеше алады.
Мектептерге эксперименпік жұмыстар ұйымдастыруға кең мүмкіндік беріп отырған кезеіне проблемалық (ииновациялық) топтың әрексті қызу қолдау табуда. Мұғалімдердің мұндай табыс мектеп басшыларының, ғалым-педагогтардың, мұғалімдермен өзінің бастамасымен құрылуы мүмкін. Бұл топ озат тәжірибені өз мектебінде және одан тысқары жерлерге де жинақтап, таратуға күш салады.
Егер проблемалық топ өз концепциясын немесе әдістемелік жаңалығының талдамасын жасап, практикаға енгізумен айналысатын болса, онда ол топ ғылыми- зерттеу жұмыстар шың негізін белгілері бар эксперимент-тік-тәжірбиелік әрекет жүргізеді. Ал ондай жұмыстар зерттеу тақырыбы мен мәселелерін негіздеу, күткен нәтижелерге болжам жасау, зерттеу әдістерін таңдау сияқты маңызды міндеттерді қамтиды. Бұл жұмыстар педагогикалық ЖОО, ҒЗИ және МБА педагог оқытушыларының ғылыми жетекшілігімен іске асады. Проблемалық топтың қызметіне басшылық тарапынан ықылас қойылып, мүдделік танытылса, ол мектептің педагогикалық ұжымнда жақсы инновациялық атмосфера қалыптастыра алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz