Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Бөлім Орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудың теориялық негіздері
1.1. Педагогикалық менеджмент түсінігінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудың мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ Бөлім Қазіргі орта мектептің педагогикалық процесіне басқаруды ұйымдастыру
2.1. Орта мектептегі оқу.тәрбие процесіне басқарудың формалары, принциптері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. Қазіргі орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудағы
ұйымдастырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайда оқушылар тәрбиесіне, оқыту мен дамытуына жаңа талаптар қою білім беру жүйесіне реформа жасаудың маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетті орындауда жалпы білім беретін мектептердің ролі ерекше. Алайда өткен ғасырдың соңғы онжылдығында қоғамда болған өзгерістер барысында мектепте білім беру жүйесі бұл мақсатты толық жүзеге асыра алмады. Ол жалпы білім беретін мектептерді басқарудың тиімділігі жеткіліксіз болуына да байланысты болып келді. Бұның себебі, әлеуметтік қарым-қатынастардың түбегейлі өзгеруінде. Мәселен, қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени жағдайы көбіне миграциялық процестердің ұлғаюы, оның ішінде оралмандар санының көбеюі, тұрғылықты халықтың қарқынды түрде қалаға көшу ерекшеліктерімен сипатталады. Осы процестер жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесін жаңашаландыруды қажет етті.
Жаңашылдықтардың бағыттары Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында былай деп анықталған: «Қарқынды өзгерістер мен ақпарат легінің кең өріс алуы жағдайында негізгі пәндік білім берудің міндетті түрі болып табылғанмен, оның жеткілікті мақсаты емес. Оқушылар білім мен дағдылар жиынтығын тек меңгеріп қана қоймай, оларды өз бетімен іздеп, талдап, құрып, ақпаратты тиімді түрде қолдана отырып, қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті болып шығуы керек».
Демек, қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай туғызатын және олардың үйлесімді дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Олай болса, бұл мақcатқа жету жалпы білім беретін мектептерді басқаруды жетілдірумен астасып жатыр.
Мектепті басқару мәселесі әрқашанда зерттеуші ғалымдар мен педагог практиктердің назарында болды. Мәселен, басқарудың әдіснамалық негіздері В.Г. Афанасьев, А.А. Аганбегян, И.В. Блауберг, М.Р. Захаров, В.П. Кузьмин, М.Н. Кондаков, В.Н. Садовский, Е.Г. Юдин, Д.М. Гвишиани, В.Ю. Кричевский, Г.Х. Попов, И.Т. Фролов және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.
Соңғы уақытта білімді басқару жүйесінің тиімді үлгілерін әзірлеудің қажеттілігі жалпы педагогика теориясына белсенді түрде енгізіліп жатыр. Осы мәселеге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиетті талдау барысында аталмыш саланың бірнеше зерттеу бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттардың ең күрделі және аса өзектісі болып табылатын ұлттық мектепті басқару мәселесі. Осы орайда қазақ халқының ағартушылары мен педагогтары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың көзқарастары біздің зерттеуімізге әдіснамалық негіз болады.
1 Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: ҚР Ғылым Академиясының философия институты, 1994ж.
2 Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, - Алматы:Дарын, 2004ж.
3 Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
4 Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
5 Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.
6 Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы., 2000ж.
7 Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.
8 Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995ж.
9 Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.
10 Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.
11 Мектептегі тәрбие жүйесінің даму үдерісі // КарМУ хабаршысы. – 2007. – № 1(45). – Б. 159-162.
12 Білім беру мазмұнын қалыптастыруда әлеуметтік-мәдени ерекшіліктерді ескеру // Қазіргі заманғы маңызды проблемалар. – 2007. – № 2 (15). – Б. 259-260.
13 Ұлттық мектепті басқару жолдарын жетілдіру // Білім туралы заң талаптарына сай кәсіби маман даярлау және біліктілігін жетілдіру проблемалары: Халықарал. ғылым.-практ. конф. материал. жинағы (13-15 желт. 2007 ж.). –Алматы, 2007. –
14 Мектептегі педагогикалық процесті басқарудың кейбір мәселелері // Казақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнын іске асырудың теориялық және практикалық мәселелері: Респуб.ғыл.-практ. конф. материалдары. – Қарағанды, 2007. –

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Бөлім Орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудың теориялық
негіздері

1.1. Педагогикалық менеджмент түсінігінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2. Орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудың мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ Бөлім Қазіргі орта мектептің педагогикалық процесіне басқаруды
ұйымдастыру

2.1. Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне басқарудың формалары, принциптері
мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .19

2.2. Қазіргі орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудағы
ұйымдастырудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .40

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...42

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі әлеуметтік-саяси және
экономикалық жағдайда оқушылар тәрбиесіне, оқыту мен дамытуына жаңа
талаптар қою білім беру жүйесіне реформа жасаудың маңызды міндеті болып
табылады. Осы міндетті орындауда жалпы білім беретін мектептердің ролі
ерекше. Алайда өткен ғасырдың соңғы онжылдығында қоғамда болған өзгерістер
барысында мектепте білім беру жүйесі бұл мақсатты толық жүзеге асыра
алмады. Ол жалпы білім беретін мектептерді басқарудың тиімділігі
жеткіліксіз болуына да байланысты болып келді. Бұның себебі, әлеуметтік
қарым-қатынастардың түбегейлі өзгеруінде. Мәселен, қазіргі Қазақстанның
әлеуметтік-мәдени жағдайы көбіне миграциялық процестердің ұлғаюы, оның
ішінде оралмандар санының көбеюі, тұрғылықты халықтың қарқынды түрде қалаға
көшу ерекшеліктерімен сипатталады. Осы процестер жалпы білім беретін
мектепті басқару жүйесін жаңашаландыруды қажет етті.
Жаңашылдықтардың бағыттары Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары
білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында былай деп анықталған:
Қарқынды өзгерістер мен ақпарат легінің кең өріс алуы жағдайында негізгі
пәндік білім берудің міндетті түрі болып табылғанмен, оның жеткілікті
мақсаты емес. Оқушылар білім мен дағдылар жиынтығын тек меңгеріп қана
қоймай, оларды өз бетімен іздеп, талдап, құрып, ақпаратты тиімді түрде
қолдана отырып, қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті болып шығуы
керек.
Демек, қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең
бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес
келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай туғызатын және олардың
үйлесімді дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа
үлгідегі мектеп құру болып отыр. Олай болса, бұл мақcатқа жету жалпы білім
беретін мектептерді басқаруды жетілдірумен астасып жатыр.
Мектепті басқару мәселесі әрқашанда зерттеуші ғалымдар мен педагог
практиктердің назарында болды. Мәселен, басқарудың әдіснамалық негіздері
В.Г. Афанасьев, А.А. Аганбегян, И.В. Блауберг, М.Р. Захаров, В.П. Кузьмин,
М.Н. Кондаков, В.Н. Садовский, Е.Г. Юдин, Д.М. Гвишиани, В.Ю. Кричевский,
Г.Х. Попов, И.Т. Фролов және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.
Соңғы уақытта білімді басқару жүйесінің тиімді үлгілерін әзірлеудің
қажеттілігі жалпы педагогика теориясына белсенді түрде енгізіліп жатыр. Осы
мәселеге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиетті талдау барысында аталмыш
саланың бірнеше зерттеу бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттардың ең күрделі және аса өзектісі болып табылатын ұлттық
мектепті басқару мәселесі. Осы орайда қазақ халқының ағартушылары мен
педагогтары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың
көзқарастары біздің зерттеуімізге әдіснамалық негіз болады.
Біз қарастырып отырған мәселе үшін А. Құнанбаев пен Ш. Уалиханов ой-
пікірлерінің маңызы ерекше. Сонымен қатар Т.И. Абжанов, А. Нысанбаев
тәрізді философтардың еңбектері де маңызды болып табылады.
Қазіргі заманның жалпы білім беретін мектебін басқару мәселесі Н.А.
Әбішев, Т.М. Баймолдаев, Ж.О. Жылбаев, М.И. Зверева, В.А. Кальней, К.Д.
Қаракұлов, Ю.А. Конаржевкий, В.В. Краевский, Н.Д. Орлов, С.М. Сантурова,
В.П. Симонов, П.И. Третьяков, И.К. Шалаев, Т.И. Шамова, С.Е. Шишов, Е.А.
Ямбург және т.б еңбектерінде қарастырылған. Олар мектепішілік басқару,
педагогикалық менеджмент мәселелерімен айналысқан және мектепті
педагогикалық жүйе ретінде, әрі ғылыми басқару нысаны ретінде қарастырып,
осы жүйенің тиімді басқарылуы, сәтті қызмет етуі пәрменді басқарушы шағын
жүйенің болуына байланысты деп пайымдаған.
Жалпы білім беретін мектепте иновациялық процестерді басқару мәселелерін
Н.А. Әбішев, С.М. Бахишева, А.А. Захаренко, В.С. Лазарев, Н.А. Лебедева,
Т.А. Линчевская, Г.Л. Лукпанов, А.К. Рысбекова, А.Н. Тихонов, Ж.Б.
Өмірбекова, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. өз еңбектерінде қарастырған.
Педагогтың еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру мәселесін зерттеуге К.Я.
Вазина, Г.И. Горская, Л.Ф. Колесников, И.П. Радченко және т.б. үлес қосқан.
Білім беретін мекемелердің дамуын басқару және басқару технологиясын
құру мәселесіне Т.И. Березина, Г.Г. Габдулин, Т.Н. Давыденко, М.И.
Дмитриенко, Л.П. Кезина, В.С. Лазарев, М.М. Поташник, В.И. Слободчиков,
Т.К. Чикмарева, В.Д. Шадриков, В.А. Якунин өз еңбектерін арнаған.
Басқару және оны жетілдіру қазақ мектебінде өзіндік ерекшелігі бар
өзекті мәселе болып табылады. Себебі, жаңа типтегі мектептерді (гимназия,
лицей және т.б.) басқаруда педагогикалық инноватика орын алғанымен олар
жүйесіз, арнайы дағдысыз енгізілген. Бұл жайт көбінесе педагогикалық
инноватиканың шығу тегі батыс, еуропалық және ресейлік болғандығына
байланысты. Басқаша айтқанда, инновациялық идеяларды жүзеге асыру кезінде
мәденилік принципі көп жағдайда толығымен сақталмайды. Осы орайда, Ш.А
Абдраман, Ш.К. Беркімбаева, Р. Башарұлы, К.Ж. Қожахметова, Ж.Ж. Наурызбай,
және т.б. білім беру жүйесін басқаруға педагогикалық инноватиканы енгізу
мен әзірлеуді қазақ ұлттық мектебінің даму мәселелерімен байланыстыра
зерделеген.
Жаңа типті мектептерді басқару мәселелері (Ж.О. Жылбаев, Н.И. Хван),
соның ішінде ұлттық гимназиядағы педагогикалық инновацияларды басқару
мәселесі (Ш. Әмір, Ә. Садуақасұлы, Л.С. Сырымбетова және т.б.) бірқатар
зерттеулердің негізгі арқауы.
Курстық жұмыстың мақсаты: орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі
басқару үрдісі
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: оқу-тәрбие процесіндегі басқаруды
ұйымдастыру
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Педагогика
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Педагогикалық менеджмент түсінігінің мәнін анықтау;
- Орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудың мәні мен мазмұнын
сипаттау;
- Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне басқарудың формалары,
принциптері мен әдістерін көрсету;
- Қазіргі орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудағы
ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау.

І Бөлім Орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудың теориялық
негіздері

1.1. Педагогикалық менеджмент түсінігінің мәні

Егемен Қазақстанның халық ағарту ісін басқару, халыққа білім беру
ісін шешу, басқа да ағарту мекемелеріне басқару функцияларын анықтайтын
негізгі құжат 18 қаңтар 1992 жылы қабылданған “білім туралы” заңының ІV-ші
бөлімінде “Білім беру жүйесін басқару” бөлімінің 32 бабында анықталады.
Еліміздегі білім жүйесі мемлекеттік қоғамдық сипатқа ие.
Білім беру жүйесі жоғары заң шығарушы орынмен жоғары орындаушы
органның қолында сенат, мәжіліс – парламент, министрлер советі, - оқу
министрлігі. Орталық мемлекеттік басқару орыны оқу министрлігіне беріледі,
сонымен бірге шаруашылықтың түріне байланысты оқу орындары басқа да
министрліктерге бағынады, соларға кадрлар әзірлейді. Барлық жоғары оқу
орындары “Білім беру” Министрлігінің жетекшілігімен жұмыс істейді.
Жергілікті басқару орындары басқару ісіне қоғамдық орындарда еңбек етеді.
Мектепті басқару жан-жақты, әр жақты болып келеді. Оларды үш топқа
бөлуге болады. Бірінші топқа - ұжымдық басқару жүргізетін – жалпы мектептік
конференция жатады. Оған мектеп оқушыларының өкілдері, мектеп
қызметкерлері, ата-аналар, әлеумет, мектеп кеңесі кіреді. Екінші топқа
лауазымды мектеп қызметкерлері, барлық мектеп ісін атқарып жүргізушілер.
Оларға жататындар: мектеп директоры, директордың орынбасарлары оқу-тәрбие
жұмысының меңгерушісі, ұйымдастырушы сыныптан тыс жұмысы т.б. директордың
шаруашылық жөніндегі көмекшісі. Үшінші топқа - әр түрлі қоғамдық ұйымдар,
мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды біріктіретін қоғамдық ұйымдар немесе
жұртшылық өкілдері енеді.
Мектептің басқару структурасының мұндай тарамдалған, әр жақты іс-
әрекетін бірлестіріп, орталықтан, тиімді мақсатты еңбек етуін, әр қайсысы
өз ерекшелігіне сай еңбек етуін қамтамасыз етуге жұмылдыру міндеті
туындайды. Мұның бәрі әр қайсысының басшылық принципін белгілеуге
байланысты. Ондай принципке мыналар жатады:
а) мектептегі барлық басқару орындарының жұмысын орталықтандыру,
үйлестіру және іскерлікпен, атқарылатын істі белгілеу, жетекші мақсатын
анықтау және тиімді шешім қабылдау;
ә) әрбір істі атқарушы қызмет иесі демократиялықты және жариялықты
сақтауы, ісінде пайдалануы, мұғалімдердің, оқушылар ұжымының қоғамдық
пікірмен санаса білуі, сондай-ақ ата-аналардың пікірімен санаса білуі, әр
қызмет орнына сайлап қойылуы қажет;
б) әрбір басқару орындағылардың жеке жауап беруі, мұғалімдердің, сынып
жетекшілерінің, тәрбиешілердің өз ісіне жауап беруі;
в) басты мәселелерді ажырата білуі, педагогикалық және оқушылар
ұжымының күш-жігерін соны шешуге жұмылдыру;
г) педагогикалық және оқушылар ұжымында психологиялық жылылық климатты
қалыптастырып, жоғары жауапкершілікке шығармашылық белсенділікке, әрбір
мүшесін, принципті, саналы жауапкершілікке, іскерлікке жетелеу;
д) педагогикалық шығармашылықты қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасын
арттыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолдап отыру.
Педагогикалық менеджмент сөзіндегі менеджмент - ағылшын сөзі,
басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның манус, яғни қол, күш -
деген сөзінен шығып, ағылшында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ, ат
тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам
қызметінің саласына ауысып, адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын
басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне былай берілген:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі.
2. Билік және басқару мәдениеті.
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
4. Басқару органы, әкімшілік дағды.
Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша да түрлі мағынаны білдіреді.
Менеджмент – басқару сөзінің аналогы болғанымен, оның өзіндік
ерекшеліктері бар. Басқару сөзінің аясы кең, менеджмент белгілі бір
басқару түрін, яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік
корпорациялардың, жеке шаруа (фермер) қожалығының жұмысын әлеуметтік,
экономикалық процесс негізінде басқару.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асру үшін ұйымды басқару мен
ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент – бизнестегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат-
мұратын қою, атқарылатын істің уақытын, орындаушысы, жұмыс барысының
қалай өтететін, барлық деңгейдегі басқару мен ұйымдастыруды бақылау.
Менеджметтің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықты игеруіне
жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Сонымен, менеджментті екі
түрлі түсіну керек. Бірінші, бұл басқару, басшылық ету ұйымы. Екінші, бұл
адамдарды басқару әрекеті.
Менеджмент теориясын алғашқы ұстанушылардың бірі Ф.Тейлор менеджмент
– іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым
деп есептесе, П.Друкер жоғарыдағы аталған элементтері бола тұра, менеджмент
ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, тәжірибеге жуықтау деген.
Менеджмент ұғымын іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда, тауар
өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Ал
менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт мен Лючия Лагн менеджмент
- өндірісті басқарудың әдістері мен тәсілдері, өзін-өзі басқару, өзін-өзі
іштей реттеу, нәтижеге жетудің ізгіленген, пайдалы, тиімді амалы десе,
орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау, мақсатқа жетудің тиімділігі
дейді.
Менеджмент - өндірісіті басқару мен өнімнің артуын іске асырудағы
стратегияның тиіміділігі, өзін-өзі ақтауы, пәлсапасы, принципі, әдіс-
тәсілдері. Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы
американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді: Бұл адамдардың
айналасындағы басқарудың арнайы түрі, яғни, адамдардың өз ісіне
икемдеуге және бірге істейтін істе тиімді нәтижеге жету үшін күш салуға,
осал жақтарын жеңуге бағытталады.
П. Друкер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:
1.Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай
алмасың.
2.Әрбір қызметкердің қажетін білу, мүмкіндігінше оны қанағаттандыру.
3. Адамдардың өзін-өзі дамытудың естен шығармау.
4. Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы, білімі әр
түрлі және олардың атқаратын қызметі де әр түрлі болғандықтан, олардың
өзара қарым-қатынасы өзара түсінушілікке құрылуы керек.
5. Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды.
П. Друкер менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге
талпынбайы. Оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен
алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Менеджмент ұғымына
Э.Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік береді. Олар былай деп
жазады: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз
– адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістің техника
немесе тәсіл. Қандай ұжым болмасын оның өзінің жеке менеджменті болуы
керек. Осы тұрғыдан алғанда менеджмент ұғымын тәсілдер жиынтығы ретінде
қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен
міндеттері белгіленеді, айқындалады.
Менеджмент ұғымы туралы классиктердің тұжырымдары көп жағдайда ұқсас
келеді. Гальвецийдің пікірінше, басқару процесі - өнер. Оның басты мәні
басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін нақты жағдайда қарап қолдану.
Американ экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: Менеджмент – бұл
өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқрау еңбегі, әлеуметтік
қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалқ енгізу мақсатында
фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдерінің,
формаларының жиынтығы.
Осы зерттеп отырған мәселе бойынша қазіргі педагогикалық менеджмент,
мектепті басқарудың жалпы мәселелеріне арналған ғылыми әдебиеттерді
теориялық талдау келесі тұжырымдарға көз жеткізді:
– біріншіден, педагогикалық менеджменттің қазіргі теориясы мен білім
беруді басқару практикасын дамыту үшін белгілі бір алғышарттар
қалыптасқан, олар біз қарастырып отырған мәселенің тарихына және
қазақстандық қоғамның қалыптасуына әсер еткен әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға сәйкестендіріліп жүйелі түрде анықтауды
қажет етеді;
– екіншіден, мектеп басқаруды жетілдіру ұғымын, мектептің жұмыс
жасауын басқару және мектеп дамуын басқару ұғымдарының ара-
қатынасын терминологиялық тұрғыдан ажырату негізінде анықтауды
қажет етеді;
– үшіншіден, қазіргі заман мектебін басқаруды жетілдіру ұғымының
мәнін ашып нақтылау үшін педагогикалық инноватика теориясының
негізгі қағидаларын анықтау қажет.
Сол себепті диссертациялық материалды осы үшінші тұжырымды ашып
көрсетуден бастауды жөн көрдік. Кез келген саланы тиімді түрде
жаңашаландыруда жаңашылдық процестерді қоғамның рухани және материалдық
мәдениет салаларында ұйымдастырып, бекітіп алу керек. Бұл дегеніміз,
жаңашыл-педагогтардың тікелей тәжірибесі саласындағы жанашылдықтарды
қоғамдық-тарихи тәжірибе төңірегіне ауыстыру болып табылады. Мұндай
ауыстыру бірнеше түрде жүзеге асырылады: мәселен, а) практикалық қызмет
нормалары ретінде берілген рухани өндірістің жаңа өнімдерін болжау; ә)
пайда болған жанашылдықтарды ғылыми түрде түсіндіру; б) жаңа ұрпақты
әлеуметтендіру процесінде мәдени үлгілерді жаңашаландыру.
Бүгін қазақстандық қоғам өзінің әлеуметтік институттарының, соның ішінде
білім беру жүйесінің жаппай өзгеруіне куә болып отыр. Бұл арада тағы бір
мәселе өз көкейкестілігін алға шығаруда. Ол – педагогикалық
технологияландыру процесі.
Жалпы алғанда, жаңашылдық әлеуметтік технологиялар дағдарысты, өтпелі
кезеңде жоғары деңгейде дамиды. Себебі, өмірдің басқарушылық, саяси және
рухани салаларының өздері осыны талап етіп отырады. Бұл кезде олардың даму
векторы аса маңызды роль атқарады. Қазіргі таңда педагогикалық іс-әрекетті
басқару ғылыми білімнің түрлі салаларындағы технологияларды қолдануды талап
етеді. Әлеуметтік ұйымдастыру, өзара байланысу, адамтану, ақпараттық
басқару, ұлтаралық қақтығыстарды шешу технологиялары алдыңғы қатардан орын
алады. Керісінше, ғылыми жағынан өте таяз, ескірген әлеуметтік қарым-
қатынастарды құрайтын әкімшілік, жарыс, қоғамдық тапсырыс сияқты
технологиялар бүгінгі кезде екінші қатардан көрініп жүр.
Бұл орайда мектеп басқару технологиясы ғылыми тұрғыдан негізделген
педагогикалық іс-әрекетті алға тартып, заман талабына сәйкестендіретін
процесс деп түсінеміз.
Жоғарыда аталған тұжырымдардың екіншісі педагогикалық жаңашаландыруды
талдауға байланысты, себебі осы талдау барысында қазіргі заман мектебін
басқаруды жетілдіру ұғымына теориялық көзқарастарымызды мектептің жұмыс
жасауын басқару және мектеп дамуын басқару ұғымдарының арақатынасын
терминологиялық тұрғыдан ажырату негізінде нақтылауға мүмкіндік беріп отыр,
яғни:
– мектеп дамуы екі жолмен іске асады, яғни оны басқарумен жүргізуге
болады немесе ол стихиалық түрде өтуі мүмкін;
– басқарылатын даму процесі мектептің педагогикалық жүйесіне бұрын
тән болмаған компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді;
– ал дамудың өзі өзгеру үрдісінің арнайы бір түрі болып табылады.
Өзгерудің екі түрі болады: қызмет ету және даму. Біріншісінде жаңашылдық
болмайды, ал екінші типтің өзгеруі нәтижесінде түрлі сапалы бұрын болмаған
құбылыстарға әкеп соғады. Қазіргі кезде қызмет ету бір ғана вектор бойында
даму ретінде қарастырылады, немесе оны циклдік әрекет деп атайды. Мәселен
В.П. Алексеев пен Б.С. Барулиннің айтуы бойынша, бір вектордағы өзгеріс
даму үшін ешқандай мүмкіндік туғызбайды, ескіні жаңғырту процесі түрлі
кездейсоқ факторлардың әсерінен пайда болған өзгерістермен жүріп жатады.
Сонымен, мектеп дамуын басқару дегеніміз, ол мектептің педагогикалық
жүйесінде бұрын болмаған, мектеп іс-әрекетінің нәтижелерін жоғарылататын
жаңашылдықтарды меңгеруге және ендіруге байланысты қабылданған шешімдерді
жүзеге асыру процесі. Басқарудың жаңашылдық формаларының басымдығы басқару
нысанының даму тәртібінде болуына байланыстығымен айқындалады. Осы жағдай
біздің зерттеу міндеттерімізге сай келіп, оны қазіргі мектепті басқаруды
жетілдіру ұғымына қатарластырдық. Басқаруды жетілдіру – жаңашылдық форма,
ол қалыпты қызмет тәртібінде және даму тәртібінде мектептің іс-әрекетіне
жәрдем береді деп мақұлдай отырып, бірінші жағдайда мектептің педагогикалық
іс-әрекетінің жаңаруының тиімділігіне кепілдік бере алмаймыз. Онда
басқарудың жетілдірілуі туралы ештеңе айту мүмкін емес. Мұнда тек қарапайым
(қарапайым жергілікті) өзгертулер туралы сөз етуге болады, олар жалпы
педагогикалық іс-әрекет тиімділігінің алғышарттарын тудырады. Егер
басқаруды жаңарту мектепті даму тәртібіне ауыстырса, онда басқарудың
жетілдірілуі нақты дәлелденеді деуге негіз бар.
Сонымен, қазіргі мектепті басқаруды жетілдіру мектептің даму тәртібіне
өзгерістер ендірудің көрсеткіші және факторы да болып табылады. Сондықтан,
мектеп дамуын басқару деген ұғымды сол басқаруды жетілдіру деп түсінуге
әбден болады.
Мектепті басқару жүйесін жетілдіру бұрын болған тәжірибені процестен тыс
тастамай, жаңа заманның факторларын есепке алу арқылы жүзеге асуға тиіс.
Сол себепті зерттеуде тарихи-педагогикалық алғышарттарды анықтап алған жөн
болады.
Мектеп басқарудың бүгінгі жүйесі өткен шақтан алынған. Бірақ, қазіргі
заманға сай болмаса, ол қоршаған орта талаптарына жауап бере алмайды.
Мектепті басқару жүйесі кеңес өкіметіне дейін эволюциялық тәртіпте болды
және оның өмір циклы ұзақ уақытқа созылатын. ХХ ғасырда бұл дәстүр жасанды
түрде екі рет бұзылды. Біріншісі жиырмасыншы жылдары, екіншісі – 1991 жылы.
Әрине, мектеп білім беру жаңашылдарын өз бойына сіңіре бастады. Жаңа
типтегі лицей, гимназия, колледж, мектеп-жоғарғы оқу орындары,
мемлекеттік емес мекемелердің саны көбейіп, жалпы білім беру мазмұны қоғам
өміріне сай жаратылыстану, экономика, экология, информатика, тіл білімі
салаларында байып келеді.
Бірақ мектеп басқару жүйесі барынша дамымай қалды. Өндірістің
қысқартылуы, тұрғындардың материалдық жағдайы төмендеуі, өнегелік-этикалық
нормалардың бұзылуы, балалар қылмысының көбеюі, нашақорлық, діни жағдайлар
білім беру саласына әсерін тигізіп, әлі толық шешімін таппаған әлеуметтік-
педагогикалық мәселе болып отыр. Бұл көрсеткіштердің барлығы мектепті
басқару жүйесінде әлі де болса олқылықтар бар екендігін дәлелдейді.
Сондықтан басқару жұмысын жетілдіру өзекті де маңызды мәселе.
Демек, мектепті басқаруды жетілдіру дегеніміз – бұрын мектептің
педагогикалық жүйесінде болмаған және педагогикалық процестерді сапалық
өзгерістерге жеткізетін, соның салдарынан мектеп оқыту мен тәрбие жұмысында
барынша жоғары нәтижелерге жету қабілетіне иеленетін, жаңалықтарды игеру
немесе енгізу туралы шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру болып табылады.
Оған осы заманғы табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлардың ықпалын
қарастырамыз. Белсенді даму режиміне жататын жалпы білім беретін
мектептерде жаңашылдық қызмет аса үлкен мәнге ие. Ортаның бағдарланбаған
өзгерістеріне жауап беруге қабілеті және педагогикалық процеске олардың
кері ықпалын әлсірететін компоненттер, қорлар мен технологиялар құрлымының
резервіне ие болатын осы заманғы мектепті басқарудың жүйесін құруға өтудің
дайындалған үлгісінің негізі қаланды. Мектепті басқару жүйелерін жаңарту
бір мезгілде оның ұйымдық құрылымының қайта құрылуын да көздейді. Қазақстан
қоғамның радикалды жаңару қисыны толығымен алғанда бір мезгілде қайта
ұйымдастырумен, оларды аралық дейгенде қысқартумен немесе таратумен барынша
маңызды, жалпымемлекеттік денгейде көрсетілген жүйенің элементерін құруды
көздейді. Осымен бірге басты көрсеткіш ортамен тек ақпараттық қана емес,
сонымен бірге заттай алмасу жүзеге асатын жүйенің ашықтығы қамтамасыз
етелетін болады.
Осылайша, жалпымемлекеттік идеологиялар мен құндылықтарды құру, білім
беру стандарттары мен тәрбие бағдарламаларын нақты құрастыру олардың
тәуелденетің мемлекеттік жүйлерге енгізуге жұмсалатын шығындарын күрт
төмендетеді. Оның енуін педагогикалық тәжірибеде мектеп қана жүзеге
асырады.

1.2. Орта мектептегі педагогикалық процесті басқарудың мәні мен мазмұны

Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше
компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның
тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал
жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша педагогикалық жүйенің қызметі
қатаң белгіленген уақыт шегінде (9-11 жыл) орындалуы тиіс қоғамның
қажеттілігін орындауға бағытталады. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын
айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан.
Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен
сипатталады.
Педагогикалық құбылыстың диалектикалық табиғатын таныта отырып,
педагогикалық жүйенің компоненттері, оның оңтайлы қызмет етуіне қажетті
және жеткілікті болуы тиіс. Осы негізде алғанда мектеп жүйе құраушы
факторлардың жиынтығы болып табылады.
Жүйені құраушы факторлар мақсат пен нәтиже факторларынан көрінеді;
Қызмет ету шарттары – әлеуметтік-педагогикалық және уақытша шарттарды;
Құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы
(оқушылар ұжымы) жүйені, педагогикалық әрекеттің мазмұны, құралы, формалары
мен әдістерімен түзіледі;
Қызметтік компоненттер – педагогикалық талдау, мақсат қою және
жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, қадағалау және түзетуді құрайды.
Мектепті педагогикалық жүйе басқару нысаны ретінде қарастыру білім
беруді басқару қызмет басқаруды басшылар, мұғалімдер мен оқушылардың
бірдей дәрежеде мақсат қойып, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуын,
педагогикалық және оқушылар ұжымын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды,
оқу-тәрбие жұмыстарының түрлі құралдары мен әдістерін таңдап, пайдалануды
білдіреді. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенің мақсаттылығын сақтауға және
оны құрайтын компоненттерді жақсартуға оң ықпал жасайды.
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің
қызметінің бастау көзі – оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі
айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің
мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты – тұлға қасиетінің ақыл-ой,
адамгершілік,эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның
мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу-тәрбие процесінің жекелеген
бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты
белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару
органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт
кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.
Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары
деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың
шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға
әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шартарды жатқызуға
болады. Ал арнайы шарттар – оқушылардың әлеуметтік-демографиядық құрамы;
мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық); мектептің материалдық
мүмкіндігі; қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден
құралады. Педагогикалық процестің тиімділігің маңызды көрсеткіші
педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың
сипаты, оқушылар ата-аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.
Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес-психологиялық
дамуы және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен
тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін
мектептің үш сатысын (бастауыш – І-ІҮ; негізгі орта – Ү-ІХ; жоғары – Х-ХІ
сыныптар) құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік міндеттерді шешуге
бағытталғанымен ол бала тұлғасын дамыту деп аталатын ортақ міндетке
жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі –
тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады.
Жүйе құраушы факторлар, әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттар
құрылымдық бақылау мен функциялық компоненттердің ерекшеліктерін
айқындайды.

Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттері:

Кез келген әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субъектісі
шешуші рол атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық
компоненттері айқындалатын негіз педагогикалық ұжым және оның басшысын
немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ.
Практикалық істерді талдау және арнайы зерттеулер педагогикалық
ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес,
сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды
үйлестіру арқылы жетуге болатындығын көрсетеді. Осыдан келіп басқару
жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің басқару
жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей – ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған
мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестік
басшылары.
Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психология,
әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық
істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін-өзі басқарушы бірлестіктер мен
органдар.
Үшінші деңгей – оқушылар мен ата-аналарға, балалар бірлестіктері,
сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер,
тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – сыныптық және жалпымектептік оқушылардың өзін-өзі
басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы
қарым-қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым-қатынастың объектісі
болуымен бірге өз дамуының субъектісі де болады.
Бұл келтірілген өзара қарым-қатынастар тізбегінен аңғаратынымыз, әрбір
төменгі деңгейдегі басқару объектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі
басқарудың объектісі болады.
Басқару жүйесінде оқушылар ұжымы негізгі орын алады, оны да
жалпымектептік ұжым және сыныптық ұжым деп басқарудың екі деңгейіне
топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару жүйесі оқушылардың
қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер
деп жіктеледі. Басқару жүйесі оқушылар қатысатын іс-әрекеттің көптүрлілігі
мен біртұтастығын (оқу, ізденушілік, спорт, көркем-эстетикалық, қоғамдық
пайдалы еңбек) танытады.
Тұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненті ретінде мазмұн
білім беретін мекеменің (мектеп, лицей т.б.) алдына қойған мақсатымен
айқындалады. Ал педагогикалық және оқушылар ұжымының оқу-тәрбие процесі
мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім стандарттары негізінде реттеледі.
Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін ізгілендіру, дербестендіру
және дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іске асыру
балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен түрлерін
пайдаланудың ерекшеліктерін айқындайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық
жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі.
Педагогикалық әрекеттегі басқару жүйесінің басқарылушыға ықпал жасау
әдістері де айқын болуы тиіс. Оның тиімділігі – қолданған әдістің нақты
педагогикалық жағдайға сәйкестілігіне байланысты.
Тұтас педагогикалық процестің ұйымдастыру әдістері жүйенің ұйымдық,
функционалдық және ақпараттық бірлігін тоқтатуы тиіс. Сондықтан мұғалім
сендіру, жаттығу, бақылау және өзін-өзі бақылау, ынталандыру сияқты
тәсілдермен бірге ақпарат жинау және оны талдау, дербес дамудың
диагностикасын жасау, түзету және т.б. сияқты әдістерді де игеруі тиіс.
Сонымен, аталған жүйе құрайшы факторлар педагогикалық процесті
ұйымдастырудың ішкі құрылымының өте күрделі екендігін танытады. Сонымен
бірге әрбір компонентті алға қойған мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға
байланысты дер кезінде реттеп отыруды қажет етеді.
Аталған компоненттер өз бетінше өмір сүрмейді, олар мұғалім әрекетімен
тығыз байланысты болады да педагогикалық жүйенің функционалдық
компоненттерін құрайды. Функциялық компоненттердің негізіне педагог
әрекетінің процесінде туындаған тұрақты базалық құрылымдық компоненттер
түзеді. Ал функциялық компоненттер педагогикалық процестің қозғалысын,
өзгерісін танытып, оның даму қисынын айқындайды.

Мектепттің типтері:
1.Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын
іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес
тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім
беретін оқу орны.
2. Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге
асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
3. Шағын жинақталған мектеп – сынып-жанақтамалары аралас және оқу
сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы
білім беретін мектеп.
4. Жалпы білім беретін мектеп – негізгі және қосымша жалпы білім беру
бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш
сатыдан: бастауыш, негізгі және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта білім
беретін оқу орны.
5. Кәсіптік лицей – жалпы орта, бастауыш кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы
кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны.
6. Мектеп-гимназия (мектеп-лицей) – гимназияның жалпы білім беру
бағдарламаларын – гимназия сыныптарында; лицейдің жалпы білім беру
бағдарламаларын лицей сыныптарында іске асыратын жалпы білім беретін орта
оқу орны.
Басқару деп, берілген мақсатпен сәйкестікте басқару объектісіне шешім
шығаруға, ұйымдастыруға, бақылауға, реттеуге, дәйекті ақпараттар негізін
талдауға және қорытындылар шығаруға бағытталған іс-әрекеттер. Басқару
объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйе болуы мүмкін. Әлеуметтік
жүйенің бірі еліміздің, облысымыздың, қаламыздың немесе ауданымыздың
шеңберіндегі жұмыс жасап отырған білім беру жүйесі болуы мүмкін. Білім беру
жүйесінің басқарудың субъектісі ҚР білім және ғылым министрлігі, Облыстық
білім департаменті, аудандық білім беру бөлімдері болуы мүмкін.
Мектепте мектеп директоры басқаратын бірегей педагогтық ұжым жұмыс
жасайды. Мектеп директоры оқу-тәрбие және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарының
көптеген мәселелері жөнінде өзі шешім қабылдай алатын бірегей басшы болып
табылады. Дегемен, ол әдетте оқу мен тәрбиенің барлық негізгі міндеттерін
директордың жанындағы кеңесші орган болып табылатын педагогтық кеңеспен
бірлесе шешеді.
Педкеңестің құрамына тұрақты мүше құқысымен:директор, оның
орынбасарлары, сол мектептің барлық мұғалімдері (тәлімгерлер болса),
кітапханашы, мектеп дәрігері, ата-аналар комитетінің төрағасы.
Педкеңес мектеп директоры жарты жалға жасаған педкеңесте бекітілген
жоспары бойынша жұмыс істейді. Оның мәжілісі тоқсанынан бір рет өткізіліп
отырады. Барлық мәселе жай көпшілік дауыспен шешіледі.
Мектеп директоры мектептегі бүкіл педагогикалық жұмыстың
ұйымдастырушысы болып табылады. Ол бүкіл оқу-тәрбие процесіне жауап беріп,
үш ұжым: педагогтар, оқушылар және ата-аналар ұжымының жұмысына бағыт беріп
отырады.
Мектеп директоры зор құрметке, зор сенімге ие болған адам ретінде
танылуы тиіс. Мектеп директоры – мәдени дәрежесі жоғары, өмірге көзқарасы
берік, өз ісіне адал берілген, мектептік алдында тұрған міндеттерді айқын
түсінетін, оның даму болашағын болжай алатын адам.
Ол педагогикалық ой-өрісі кең, жаңаны сезгіш, оқу-тәрбие жұмысын
жетілдіру мен оның тиімділігін арттыру мақсатымен әдістемелік жұмысты
ұйымдастыруға батыл адам болуға тиіс.
Директор - ұстамды, өз сөзінің иесі болуы қажет. Басқарудың принципін
басшылыққа ала отырып, педагогтар ұжымының мүшелерімен қарым-қатынаста
әділ, әрі талап қоя білетін, қызметкерлердің мұқтаждарына, талап-
тілектеріне көңіл бөле отырып, өзіне де, қатал талап қоя қарауға тиіс.
Мектеп директоры - шебер ұстаз, ұжымды жақсы ұйымдастырушысы, азамат
лайық, үлгілі, талапшыл,
Мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда белгілі рөл
атқарады. Мектеп директорын оқу жұмысын басқарушы орындар тағайындайды
немесе мектеп кеңесінің клнференциясында мектептегі таңдаулы мұғалімдердің
бірін сайлап қояды. Мектеп директорының арнаулы білімі, үш жылдан кем емес
педагогикалық жұмыста еңбек стажы болуы керек.
Директордың атқаратын қызметінің функционалдық міндетіне мыналар
жатады:
➢ Педагогикалық ұжымға басшылық жасау, мұғалімдер кадрын дұрыс іріктеп,
орналастыру, білімін, іскерлігін арттыру, мамандығын жетілдіру,
педагогикалық шығармаларын жетілдіруге мүмкіншілік жасау,
➢ Оқудың сапасын көтеру, оқушылардың тәртібін қадағалау, білімнің сапасын
арттыру, сыныптан, мектептен тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырулық
сапасын бақылау;
➢ Мамандық бағдар беру жұмысын ұйымдастыру;
➢ Оқушылардың өзін-өзі басқару, атамекен бағдарламасының дұрыс жұмыс
істеуіне бағыт-бағдар беру;
➢ қалыптасқан заңдылыққа сәйкес мектептің ішкі тәртібін ішкі режимін, әр
қызметкердің міндеттерін белгілеп, орындауын қадағалау;
➢ жергілікті қоғамдық ұйымдармен, базалық кәсіп орындармен, акционерлік
қоғамдармен байланыс жасау;
➢ ата-аналармен жұмыс жасау;
➢ мектептің материалдық базасын жақсарту;
➢ белгілі дәрежеде мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартуды
қадағалау, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
мұғалімдермен оқушылардың басқада іс-әрекеттерін, техникалық
қызметкерлердің іс-әрекетін ұйымдастыру;
➢ мектептің қосалқы қызметіне алу, және шығару;
➢ мектеп кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен ақылдаса отырып, мұғалімдерді
басқада қызметкерлерді наградаларға ұсыну;
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысын басқаратын орынбасарлары,
сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы және басқалар мектеп
директорының басшылығымен жұмыс істейді.
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары оқу-тәрбие
жұмыстарының дұрыс ұйымдасуына жауап береді, оқу бағдарламаларының,
сабақтың сапасына, оқушы біліміне, оқу-тәрбие жұмысының барысын бақылауға,
тапсырманың дұрыс берілуін реттейді, сабақ кестесін жасап, оқу-тәрбие
жұмысы туралы мектептің есебін жасайды.
Сыныптан, мектептен тыс жұмыстың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы,
мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық жұмыстың сапасына, пайдалы
еңбекке, тәрбие жұмысының барысына, сыныптан тыс жұмысты іс жүзіне асыруға,
тиісті мекемелермен іскерлік байланыс жасайды.
Атамекен жұмысын басқарушылар оның бағдарламаларына байланысты
шығармашылық топтармен жұмыс істейді. Творчестволық одақтар мен ұйымдармен
жұмыс істеп әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерді оның негіздерін үйренеді,
бақылайды. Онымен тәлімгер мұғалім айналысады.
Сонымен, мектеп басқаруына әсер жасайтын қазіргі әлеуметтік-мәдени
жағдайларды анықтау мақсатында біз факторлардың келесі жіктелуіне
сүйендік: объективті және субъективті; сыртқы және ішкі; басқарылатын және
басқарылмайтын.
Олар төрт деңгейге жатады:
– мегадеңгей – барша адамзатты әлеуметтендіруге ықпал етуші
ғарыштық және планетарлық факторлар;
– макродеңгей – мемлекет пен оның институттарының іс-әрекетімен
(саясат, мәдениет, экономика, құқықтық жүйе, тәрбие, білім
беру және т.б.) анықталатын факторлар, олар мемлекеттің барлық
азаматтарына білім беру мен тәрбиелеуге ықпал етеді;
– мезодеңгей – қоғамдағы ұлттық, әлеуметтік топтар, түрлі
жүйелердің қызметі мен өзара іс-әрекетінің нәтижесін (ақша
айналымы, нормалар, дәстүрлер, заңнама, мораль, тәрбие және
білім жүйелері) көрсететін факторлар; олар ірі әлеуметтік және
этникалық топтарды тәрбиелеу мен білім беруге ықпал етеді;
– микродеңгей – мекен тұрағы, отбасы және жеке тұлғалардың
өзара қатынасымен айқындалатын факторлар; олар мектеп ұжымы іс-
әрекетінің нәтижесіне ықпал етеді.
Мегадеңгейдегі факторлар қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардың келесі
ерекшеліктерін тәуелдейді:
– мәдени жаҺандану, қазақстандық қоғамның әлемдік кеңістікке
кіріктірілуі;
– қазақстандық қоғамның ашықтығы;
– әлеуметтік қарым-қатынастардың демократизациялануы,
ізгілендірілуі, ал білім беру саласында сонымен бірге білім
мазмұнының ізгіліктендірілуі.
Макродеңгейдегі факторлар келесі ерекшеліктерді анықтайды:
– қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы;
– көпмәдени, көпұлттық әлеуметтік кеңістікте қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінің қызмет ету аясының қалыптасу барысы.
Мезодеңгейдегі факторлар әлеуметтік-мәдени жағдайдың келесі
ерекшеліктерімен байланысты: қазіргі қоғамда жергілікті тұрғындардың жаппай
қалаға көшуі (урбанизация), оралмандар, этникалық шағын топтар өкілдерінің
шоғырлану мәселелері, сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтар мен
ассоциациалар лауазымды сатысының қалыптасуы; діни экстремизммен күрестің
нығайуы.
Микродеңгейдегі факторлар қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдың келесі
ерекшеліктерін анықтайды: көпбалаы отбасылардың аздығы; толық емес, аралас
және жалғыз балалы отбасының көбеюі; этникалық және жалпыадамзаттық
құндылықтардың қазақстандық патриотизм идеясының төңірегінде кіріктірілуі.
Қоғамның осы әлеуметтік-мәдени сипатымен қатар білім беру саласындағы
жағдайлар (қазақ мектебі мен қазақ тілді мектептің ара жігінің ажыратылуы;
орта 12- жылдық оқудың ұлттық моделі орнықтырылуы; мұғалімнің әлеуметтік
мәртебесінің жеткіліксіздігі; қазақ ұлттық мектебі халқымыздың ана тілін,
ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін жүйелі оқытатын мектеп
ретінде қарастырылады, оның негізгі қызметтері: халқымыздың философиясы,
мәдениеті мен әдебиетін жас ұрпаққа оқу процесінде игерту; дәстүрлі
құндылықтарын арқау ете отырып, ұлттық сана-сезім, қазақи мінез-құлық, тіл
мен рухты оқушылар бойына сіңіру, жүрегіне ұялату мақсатымен
ұйымдастырылған, кешенді әлі жүйелі жүретін тәрбие жұмысын өткізу;
мектептің дидактикалық және тәрбиелік қызметтерін күшейте отырып елдің
әлеуметтік-мәдени өміріне оң ықпал ету; ұлтымыз бен жеке тұлғаның этностық-
мәдени өміріне оң ықпал ету; ұлтымыз бен жеке тұлғаның этностық-мәдени
сұраныстарына педагогтік қолдау көрсету, ата-ананың, тұрғындардың тілдік-
мәдени мүдделеріне қол жеткізу, т.б.) қазіргі қазақ мектебін басқаруды
жетілдірудің ерекшеліктерін шарттастырады.

ІІ Бөлім Қазіргі орта мектептің педагогикалық процесіне басқаруды
ұйымдастыру

2.1. Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне басқарудың формалары,
принциптері мен әдістері

Қазіргі кезде мектепті басқару қалпы сыртқы әлеуметтік-мәдени
факторларға тәуелді болып, бірнеше қарама-қайшылықтарға кездескенімен,
оның жетілдірілуіне бағытталған жағымды жақтары да аз емес. Мәселен, Білім
беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында Қазақстанда білім
беру саласына реформа жасаудың стратегиялық бағыттары айқындалған. Сонымен
бірге Қазақстандағы білім берудің мектеп жүйесіне реформа жасауда мына
құжаттар стратегиялық бағыт нұсқай алады: Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңы, Қазақстан Республикасының этномәдени білім беру тұжырымдамасы
(1996 ж); Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Бүгінгі мектептің қоғамнан алатын орны, өсіп келе жатқан ұрпақты
тәрбиелеу жұмысының іс-жүзіндегі жағдайы, кемшіліктері мен жетістіктерінің
даму амалдары-осылардың бәрі мектепті басқарудағы методологиялық,
теоретикалық және тәжірибелік мәселердің шеңберін анықтайды.
Мектепті басқару үрдісі, оның мақсаты, әдістері, формалары (түрлері)
және маз мазмұны қоғамның әлеуметтік тапсырысы, мемлекеттің (үкіметтің)
білім беру саясатымен анықталаады.Әр түрлі әлеуметтік үрдістер сияқты
мектепті басқару процесі мектепішілік әкімшіліктің басқару әрекеті арқылы
ғана жүзеге асатын белгілі бір заңдылықтарға бағынады.
Заңдылықтарды игеру (білу, түсіну) мектепті ғылыми басқарудың
негізін қалайды, оның қатынастарының мәнін ашады, ішкі және оданда терең
басқарушы мен басқарылушы арасындағы байланыстардың табиғатын түсінуге
үйретеді, ғылыми негізде іс-әрекеттердің мақсатын анықтап алуға және нақты
шешімдерді дайындауға мүмкіндік береді,
Мектепті басқару заңдылықтары-бұл аса мықты, мазмұнды, жалпы, қажетті,
қайталанатын және обьективті байланыстар мен қатынастардың көрінісі. Олар
басқарудың практикалық барысында пайда болады және көрінеді. Енді осы
мектеп басқарудың, біздің көзқарасымызға сай, жалпы заңдылықтарына
сипаттамалар бере кетейік.
Сипаттаманың алғашқы көрінісі мектепті ғылыми басқару тек жоғары
аналитикалық дәреже сақталғанда ғана мүмкін болады. Басқару обьектісін
күрделі әлеуметтік организм есебінде жан-жақты және кешенді зерттеу қажет
екендігін Д.М.Гвишани және басқалар атап көрсетіп отыр.
Қандай да бір әлеуметтік обьектіні басқару үшін оның нақты құрылымы
және әр уақыттар бөлігінде қалай өзгеріп тұратынын білу керек. Мұндай
мәліметті тек қана басқару процесінде дүниетанымдылық іс-әрекеттің тұрақты
жүргізіліп тұрған жағдайында алуға болады. Оның мектеп жағдайындағы нақты
көрінісі-педагогикалық болмысты тану процесі ретінде түсінілетін оқу-тәрбие
процесі.
Басқару принциптері дегенміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері
өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі,
іргелі ережелер.
Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан
басқарылумен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері
тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде
Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т.б. білім беру басқармасының,
педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің
маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру
ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.
Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстаған
мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті
ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып
отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары
көсектеседі. Оның маңызды бөлігі – кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір
қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп
әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін
асыра бағаламайды, кемшіліктері түзетіп отырады.
Басқару теориясындағы принциптердің сипатына келетін-болсақ олар
барлық қызметтерге, ортақ басқару топтамасының қатысы бар.Басқару
принциптері басқару теориясының заңдылықтарының нақты көрінісі және бейнесі
болып табылады.Негізгі заңдылықтар қатарына мектеп ішілік басқару мен
менеджмент мамандары мынадай заңдылықтарды қамтиды оқу – тәрбие жұмысын
басқару жүйесін бір бағытқа келтіру, оның нәтижесі субьект пен обьектіні
басқару мен құрылым әрекеттік деңгейінің байланысына, оқу-тәрбие жұмысын
басқарудың мазмұны мен әдістерінің келісімділігіне, мектептегі
педагогикалық процесті ұйымдастыруының үйлесімділігі мен іс-әрекет сипатына
бағынышты. Мектеп ішілік менеджменттің негізгі заңдылықтар қатарына сондай-
ақ талдағыш, лайықты, иманды, басқарудың қарапайымдылығы, мектеп
басшыларының әртүрлі басқару әрекетінің түрлеріне дайындығын жатқызады.
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқа саланы
басқару сияқты бір мезгілде ғылым және өнер бола алады. Басқаруда әрқашан
обьективті және субьективті, заңды және шығармашылық, жеке және жалпылама
болып қиюласады. Басшылық пен басқару тек сонда ғылыми бола алады, егер
жалпы білім беретін мектептерде іскерлігі мен кәсіби сапасы жоғары адамдар
жұмыс істейтін болса.Білім беру органдарының, мектептің жұмыс әдісі мен
тәсілі кадрлардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне өзінің ықпалын
жасайды, өткені оларды елемеуге болмайды.
Бұның бәрі мектепті басқарудағы әдістердің, сипатын,
тәсіл(стиль) ерекшелігін анықтайды.Директор тек қана педагог-ұйымдастырушы
емес. Ол ең мықты ұстаз және бас менеджер.Бұл тікелей жалпы білім беретін
және кәсіби мектептің қайта- құру талабына сәйкес.
Басқарудың қағидалары методологиялық қағидаларынан шығатын қорытынды,
мектепті басқару аппараты педагогикалық және оқушылар ұжымы арқылы ықпал
етіп, оларға жұмыс істеуі керек. Ал басшының жұмысының тәсіліне келетін
болсақ, оның салғырттығы, бейтараптылығы, кемшіліктерді жоюға қатыспауы
жұмыстағы жалғандық пен бюрократизмнің (шенеуліктің) дамуына жол ашады.
Бюрократизммен күрестің ең тиімді амалдарының бірі педагогикалық
ұжымды мектепті басқару ісіне араластыру. Педагогикалық және оқушылар
ұжымының мүшелері мектепті басқару жұмысына неғұрлым көп араласса, соғұрлым
оның іс-әрекеті жақсы дамып, нәтижесі өте жоғары болады.
Басқарудың теориясы (ілімі) мен методологиясы бұл оқу мен тәрбиені
басқарудың процестері туралы білім, ол мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдардың, ұжымның және жеке адамдардың жүйесімен жүзеге асырылады.
Бұл білім саласының мәселері педагогикалық басқаруды үйренуге,
оның теоретикалық және практикалық мәселерін жасауға, оны жетілдірудің
ғылыми нұсқауларын дайындауға негізделген.Сонымен қатар, білім жүйесін
басқару оның басқа түрлерін жоққа шығармайды, ал барлық мектеп жұмысын
анықтап, реттеуші болып қала береді.
Бірақ мектептегі педагогикалық процесті басқару маман менеджерлер
бағытталуы қажет, өткені олар бұл процесті, оның заңдылықтары мен
принциптерін біліп үйренуі, яғни мектеп тәжірибесі талап еткендей білімді,
тәрбиені оқуды басқару жүйесінің теориясын жасау қажет.
Басқару заңдылықтарынан шығатын басқару принциптері
негізгі қағидалар ретінде көрінеді, директор мен менеджерді тәжірибелік іс-
әрекетке бағыттайды.
Басқарудың принциптеріне жататындар: мектепті басқарудағы
демократизациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Оқытудағы компьютерлік технологиялар
Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде
Негізгі мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Тарих кабинетін безендіру
Мектептегі тәрбие жүйесінің моделі
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі ба ғыттары
Пәндер