ҚХР (тарихы және қазіргі заман)


Қытай Халық Республикасы (төте жазу: جۇڭحۋا حالىق رەسپۋبليكاسى - Жұңxуа Халық Республикасы ; жеңіл. қытайша: 中华人民共和国; дәст. қытайша: 中華人民共和國; пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) - Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1, 3 млрд санынан астам, халық көпшілігі - этникалық қытайлықтар, өз атауы - хән) ; жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам Социалистік Республикасы.
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны - өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.
Толық мақаласы: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды - адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті - әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б. з. д. 1 ғ. ) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Қытай тарихын мерзімдеу
Қытай тарих ғылымында қабылданған қысқа реттік кесте
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.
1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т. б. )
Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны) : жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.
Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті.
Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды.
2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы) .
ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары - 10, 3%, 1998-2001 жылдары - 10%, 2002-2005 жылдары - 9% құрады.
ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр[4] . Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд доллардан асып кетті.
Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.
Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті революцияларға" күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік ықпалды шектетті.
2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын соттау басталды.
ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.
2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды.
Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7, 5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы) . ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп) .
Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14, 7%-ға көбейіп, 284 млрд юаньды құрайды (35, 5 млрд доллар) . Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады.
Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.
Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі
Толық мақаласы: Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі
Саясат жағдайы
1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982) . Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР - халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы - жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ) . БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.
Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам) .
Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.
Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.
БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.
Қытай мен Қазақстанның байланысы
Толық мақаласы: Қытай мен Қазақстанның байланысы
Экономикасы
Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін кеңейту үшін қолдануға ұмтылады.
ҚХР және шетелдік Қытай буржуазиясы бөлігі арасындағы ерекше қатынастар нәтижесінің бірі Қытай экономикалық негізі жоқ және дамушы елдердің экономика үшін орнын толтырмайтын тауарлы және қаржылы аударылымдар болды. Қытай дамушы елдермен экономикалық байланыс облысында Қытай басшылығының «теориялық» құрылуы.
Қытай басшылығы өзінің сыртқы саяси жаспарларында дамушы елдердің экономикалық бағынуына маңызды орын бөледі. Осы мақсаттарда Пекин оларға экономикалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстарының концепциясын байланыстыруға тырысады. Осылай бола тұра «өз көршіне сүйену» деген модификацияланған концепциясы насихатына қытайдың дамушысоциалисттік ел рольіне әрекеттенуіне және бұл ерекше характерден шығатын оның дамушы елдермен экономикалық баланысына басты орын беріледі.
Маоизмтар ұлттық көзқарастардан және Қытай экономикасы үшін социалисттік елдердің интерпоционолдық көмегіне сүйене отрып «өз күшіне сүйену» концепциясында бейнеленген халықаралық еңбектің бөлінуінде қатысуының мақсаттың сәйкестілігін жоққа шығарады. Бұл концепция Қытайдың экономикалық дамуына үлкен зиян тигізеді. Әлемдік шаруашылық байланыста ғылыми - техникалық революцияда. Социалисттік экономикалық потенциялының өсуінде және социалисттік носондар бойынша Қытай дүниежүзілік сүйену 3 шаруашылықпен айналасу.
Халықаралық күш салу бәсеңділіктері дамуына елдер үшін, алахронизм болып табылады. Жеткілікті ғылыми техникалық потенциялдары бар және экономикалық құрылу қажеттіліктері үшін сыртқы ресурстарды бірқалыпты жұмылдыруға мұқият елдер, ең бірінші социалисттік елдермен және шетелдермен экономикалық байланыстарды шарты бойынша ұлттық экономикалық деңгейді қазіргі уақыттағы талаптарға сай көтере алады. Маонистік доктринаның ауқатсыздығы «өз күшіне сүйену» теориясы дамушы елдерге байланыстыра отырып шығады және маонистерді өздері Қытайдың сыртқы экономикалық қатынастары практикасында оның ережелерінен аймақтады. Қытай «тор» модернизациясы программасын жүзеге асыру барысында «Батыс монополиясы үшін экономикалық есігін біртіндеп ашады.
Қазір Пекин «өз күшіне сүйену» маонисттік доктринасының банкротқа ұшырауынынң куәчі болатын, Қытай территориясында аралас кәсіпкерлікер шығаруды ұсынады. Қытайлық өкіл 1974 жылы 1 сәуірде БҰҰ басты Ассемблеясының ҮІ арнайы сессиясында «өз күшіне сүйену» біраз түзетілген баяндамасын берді. Ол сонымен қатар «өз күшіне сүйену» шетелдік кенеттен бас тарту немесе «тұйықтық» дегенді білдірмейді деді. Біз бір - бірінің орнан толтырушылық, бір - біріне пайдалылық және мемлекеттің суверенитеті сыйлау негізіндегі экономикалық және технолгиялық алмасуды, әртүрлі елдердің ұлтты экономикасының дамуына пайдалы және ажет деп ойлаймын.
Пекин халықаралық экономикалық қатынас практикасында ешқандай сипттары және өнегелері жоқ Қытайдың дамушы елдермен сыртқы экономикалық байланысын қатынастардағы жаңа үлгі ретінде көрсетуге тырысады. Соңғы 20 - 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі - Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея.
Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.
Әкімшілік бөлінісі
Қытай өлкелері
ҚХР автономиялық өлкелері
Орталыққа бағынышты қалалар
Арнайы әкімшілік аудандары
Тайвань аралы және Республикасы
Тағы қараңыз: Тайвань (Қытай Республикасы)
Тайвань картасы
Тайвань - Шығыс Қытай теңізіндегі арал. Жер аумағы 35961 квадрат километр. Халқы - 22 миллион (1998) . Әкімшілік орталығы - Тайбэй (2, 7 миллионнан астам) . Халқының 97%-ы қытайлар. (қытайлық деген қазақстандық деген сияқты, ал ондай ұлт өмірде жоқ, сондықтан "ҚЫТАЙЛАР" болады)
1949 жылы ҚКП-дан жеңілген Чан-Кайши өкіметі Тайвань аралына көшті. 1950 жылы өзара келісім арқылы аралға АҚШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. Қытай Тайвань аралын өзінің бір бөлшегі деп санайды әрі онымен «бір мемлекет, екі жүйе» принципі бойынша бірігуді ұсынып отыр. Ал Тайвань «бір ел, екі үкімет» принципі бойынша бірігуді қалайды. Жалпы Тайваньды әлемнің көпшілік елдері (соның ішінде Қазақстан) жеке мемлекет емес, Қытайдың бір бөлшегі деп есептейді. Әрі онымен дипломатиялық байланыстар жасамайды.
Тайвань жеке мемлекет ретінде АҚШ-тың әскери көмегі арқасында ғана өмір сүріп отыр. Олардың одағын Жапония қолдайды. Тайвань 2-дүниежүзілік соғыстан кейін өте жоғары қарқынмен дамып, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты аса дамыған елдердің қатарына кірді. 1997 жылы есеп бойынша елдің ішкі өнімі - 290 миллиард доллардан астам, кісі басына шаққанда - 13, 3 мың долларға жеткен. Импортқа аса ірі мөлшерде компьютерлер, электронды тұрмыс тауарлары, киім-кешек, химия өнімдерін шығарады. [5]
Халқы
Қытайлар
Толық мақаласы: Қытайлар
Тілі мен жазуы
Толық мақалалары: Қытай тілі және Қытай жазуы
Қытай жазуы
Қытай жазуы морфема-логографтық жазу саналады. Көне қытай тілінде сөздер бір буынмен, яғни бір ғана иероглифпен жазылса, кейін көп буынды - бірнеше иероглифті сөздер саны ұлғайып, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің түбір морфемаларына айналған. Қытай жазуы Дауынкоу өңірінен табылған алғашқы жазудан (қыш ыдыстағы жазу) басталады, бес мыңжылдық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер жазудың қытайдың Инь-шан дәуірінде (б. з. б. 2140 - 1711) пайда болғандығын көрсетті. Хань дәуірі тұсында түрліше жазылып жүрген иероглифтер бірізділікке түсті. Қытай жазуы дамудың үш түрлі кезеңін бастан кешірді:
- сауыт-сүйек жазуынан қола, Дачуан, Шиау жуан жазуларына дейінгі дәуір;
- Шиау жуаннан Линшу үлгісіне дейін;
- Линшу жазуынан Жие шу, Сау шу, Шиң шу уақыты және жазудың бергі дәуірі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz