Маңызды көкөніс дақылдары


№1сабақ Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары
№2сабақ Сабақтың тақырыбы: Асқабақтар тұқымдасын өсіру тәсілі
6.сынып .№1сабақ Сабақтың тақырыбы:
Ас үй. Қазіргі пәтерлердің ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.
6.сынып .№2сабақ Сабақтың тақырыбы: Тағам даярлаудың негізгі әдістері
І. тарау.
Тігін бұйымдарының түрлері
ІІ. Негізгі бөлім
Педогогикалық тәжірибе
а. Үлгі таңдау, өлшемдердің түрлері.
ә. Тігін бұйымдарын пішу ерекшеліктері.
б. Тігін бұйымдарын оқушыларға оқыту әдістері.
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 52 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге


№1сабақ 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары .
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік - тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы,оларды қалай дайындау керек екенін үйрету.Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге үйрету.
2.Дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру,эстетикалық талғамдарын дамыту;
3.Тәрбиелік - еңбек мәдениетіне,іскерлікке,ұқыптылыққа,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: биология,химия,информатика.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тұқымдар,бұрыш тұқымдары,тыңайтқыш түрлері.
Қажетті құралдар: интерактифті тақта,күрек, кетпен, тырма,тыңайтқыш, полиэтилен.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Бүгінгі сабақтың ерекшелігі теориямен практиканы байланыстыра өту;
2.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
ІІ.Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау.
1.Сорт дегеніміз не?
2.Тұқым сапасына қандай талаптар қойылады?
3.Тұқымның өңгіштігін қалай анықтап бере аласың?
4.Тұқымның дымқылдануы неліктен болады?
5.Қуатты өсімдіктер дегенді қалай түсінесің?
6.Тұқымды сақтау ережесін айтыңдар?
7.Практикалық тапсырма :а)берілген тұқымдарды ажырату;
б)тұқымның өңгіштігін анықтау.
ІІІ.Жаңа сабақ:Теориялық бөлім.
Тұқымды себер алдында арнайы өңдеуден өткізеді.Сонда ғана тұқымның өніп-шығуына және өсімдіктердің одан әрі өсуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осындай жағдаларды атап өтелік:1)ылғалды барынша сақтау,
2)арамшөмтерді отау,
3)өсімдіктің бойына қоректік заттар жинақтау,
4)топырақты су,ауа және жылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу,
5)дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу.
Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу,культивациялау және тегістеу арқылы жүзеге асырылады.
Тырмалау арқылы топырақтың үстіңгі қабатын қопсытып,арамшөмтерді жоямыз. Ылғалдың бұға айналып,ұшып кетуін азайту үшін,егістіктің бетін тегістейді.
Бұл үшін ауыр,орташа және жеңіл тырмаларды пайдаланады.Ауыр тырмалар топырақтың беткі қабатын терең әрі күшті қопсытады.Тырмалардың түрін топырақтың жағдайына қарай таңдап алу.Тұқым сепкенге дейінгі культивациялаудың мақсаты тырмалаудың мақсатымен бірдей,яғни арамшөмтерден тазарту,ылғалды жинап,сақтау.Егер тырмалаған кезде топырақтың үстіңгі қабаты 4-7 см тереңдікте өңделіп, қопсытылатын болса, культивациялаған кезде 8-14 см тереңдікте өңделіп,қопсытылады.
Тығыз топырақтың су және ауа өткіштігі төмен болады,онда өсімдіктердің тамыр жүйесі нашар өсіп дамиды,тез сіңетін минералды қосындылар саны азаяды,микробиологиялық процестер баяу өтеді,сондықтан оны қопсыту керек.Тұқымның қалыпты өсіп-өнуі үшін су, жылу мен ауа қажет. Тұқымда суды өз бойына сіңіріп алатын заттар бар.Құрғақ тұқым ылғал тұқымға қарағанда суды көбірек сіңіреді.Тұқымға ылғал келмей қалса, оның өсіп-өнуі тоқтайды.Малалау топырақтың белгілі бір қабатын нығыздауға мүмкіндік береді,ал мұның өзі ылғалдың капилляр арқылы төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа көтерілуін және дәннің нығыз болуын қамтамасыз етеді, сондықтан тұқымның өнгіштігі жоғары болады.Топырақтың құнарлығын ,егіннің өнімділігін арттыру үшін топыраққа органикалық және минаралды заттар қосады.Тыңайтқыш топырақтағы физикалық, химиялық және микробиологиялық процестерге әсер етеді.Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық,минералдық бактериялық болып үш топқа бөленеді.
Органикалық :шымтезек , қи, көң , өсімдік шіріндісі,
құс саңғырығы.
Органикалық :шымтезек , қи, көң , өсімдік шіріндісі,
құс саңғырығы.
Тыңайтқыш
Тыңайтқыш
Минералдық :азот , фосфор , калий , әк , пеш күлі , құрамында калий мен әк бар.
Минералдық :азот , фосфор , калий , әк , пеш күлі , құрамында калий мен әк бар.
Бактериялық
Бактериялық
Минералдық тыңайтқыш көп қаржыны қажет етеді,сондықтан өз ауылымызда бақшаға органикалык тыңайтқыш пайдаланған жөн.
Бітік егін алынған жылы оның ішінен бірігей тұқымдарын таңдап алып, дұрыс сақтау, дер кезінде тұқымдық сапасын тексеріп, тұқым себуге жақсылап әзірлеу керек.Тұқымды тазалаудағы мақсат-оны әр түрлі қоспалардан тазарту,ал сорттаудың мақсаты-тазартылған дәнді тұқымға және азық-түлікке арнап бөлу.
Тұқым танап бетіне біркелкі себілуі тиіс.Себу кезінде тұқымның танап бетінде біркелкі орналысуы, қажетті тереңдікке сіңірілуі және нығыздалған топыраққа түсуі, өсіп шыққан сабақтақтар жиілігінің бірқалыпты болуы қажет.Дақылдардың себудің түрлі әдістері бар,олардың ең көп тарағаны-қатарлап себу.Ол жаппай ,тар қатарлы,таспалы, кең қатарлы және ұялап себу деп бөленеді.
IV. Сабақты қорытыңдылау. Жас бағбандарға кеңес.
1.Көкөністер егетін жерді әзірлеу.
2.Жерді тыңайту.
3.Дақылдарды егу.
4.Тұқымды әзірлеу.
5.Тұқымды себу мерзімі.
6.Тұқым себудің тереңдігі.
1001 ұсақ - түйек.
Тұқым себу.
* Әсірісе ұсақ тұқымды себу кезінде мұқият болған жөн.
* Ұсақ тұқымды ұшталған шыбықпен тайыздау қазған жүйекке себеді;
* Тұқымды тым жиі салуға болмайды;
* Жүйекке тұқымды салған соң оның бетіне 0,5 см қалындықта шіріген көң аралыстырылған топырақты салады да алақанмен нығыздау керек;
* Соңсон оның үстіне тағы да 1-2см қалындықта көң не шымтезек себеді,бұл жүйекті тез кеуіп кетуден сақтайды.
V.Бағалау.Бүгінгі сабаққа білімдерін көрсетіп, белсенділікпен қатысқан барлық оқушыларды бағалау.
VI.Үйге тапсырма. §2;6;7;8;9.
VII.Практикалық бөлім.
Тәуелсіздік алып ,Республика атанған сәттен бастап,еліміз өз таңдауы бойынша нарықтық экономикаға бет алды.Казіргі уақыттағы жаһандану кезіндегі нарықтың бір бөлігі болу үшін бізге тез арада жаңа жағдайларда бейімделіп,жаңа қағидаларға сүйенуіміз қажет болды.Соған орай үкімет ауылда орналасқан мекптерге жержәне техника тегін бөліп отыр.Біздің мектепке де жер берілген соңы игеру үшін тұқым себіп,көшеттер дайындау керек. .
1.Жартылай күрек жердің бетіңдегі топырақты аламыз.
№2сабақ 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Асқабақтар тұқымдасын өсіру тәсілі
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы бөлімін және оған жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар туралы мағлұмат беру
дамытушылығы: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырап,оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын,жадысын,шығармашылық қабілеттерін арттырып, сабаққа қызығушылықтарын ояту
тәрбиелігі: Оқушыларды өз беттеріменжұмыс жасауға,тапсырылған
жұмысты мұқият орындауға,алған білімдерін іс-жүзінде қолдана
білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
6-сынып .№1сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Ас үй. Қазіргі пәтерлердің ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.
Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеле атқарылады. Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін ас үй, тамақ ішетін ас үй, яғни асхана деп бөлінеді.
Тамақ әзірлейтін ас үй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай ас үйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.Тамақ ішетін ас үйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.Ас үйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі -- уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны -- тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне ас үйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Ас үйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.
Ас үй түрлері


Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2 -- 1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді.
Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік ас үйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.[1]
6-сынып .№2сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тағам даярлаудың негізгі әдістері
Сабақтың мақсаты: II тарау бойынша білімдерін жинақтау және жүйелеу.
Білімділік: тамақ әзірлеу және қамыр түрлерінен өнімдер даярлау технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу, білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: қиялдай білуге, елестете білуге, еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап, өзін - өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету.
Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру, жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету, қарым - қатынас мәдениетіне, өз күшіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өтілген материалды жалпы қайталау және жүйелендіру сабағы.
Пәнаралық байланыс: биология, химия, әдебиет.
Сабақ өтудің әдістемелік ерекшеліктері:
- сабақ ойын түрінде өтеді, топ арасындағы жарыс.
- бұл сабақ осы тараудың соңғы тақырыбы болып табылады.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаны қолдану, слайдтар көрсету.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың сабаққа қатысымын қарау.
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Бүгін біз тарауы бойынша соңғы сабақ өткіземіз. Өз туған күндеріңді естеріңе алыңдаршы, үй іші жарқырап, дәмді күлшелердің иісі аңқып және осы иістен жайлы сезім туып, көңілденесіңдер. Әрине, күлшелер мен бәліштерді дүкеннен де сатып алуға болады. Бірақ осы дәмді тағамдарды әзірлеп үйрену соншалықты қиын емес. Сондай - ақ сендер менің ойымша, көп нәрсені жасай аласыңдар және білесіңдер.
Бүгін біз бұған көз жеткізуге тырысамыз. Ал біз мұны білу үшін сабағымызды топтар арасындағы жарыс түрінде өткіземіз.
II Жарыс - ойын
1. Таныстыру.
2. Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
3. Үй тапсырмасы.
4. Біліммен шықтық жарысқа.
5. Ойлан тап.
6. Мақал - мәтелдер сайысы.
7. Капитандар сайысы.
8. Қорытынды.
Ойын ережесі.
Ойын топтар арасында жарыс түрінде өтеді, сайыс тапсырмалары балмен бағаланады. Жеңген топ жинаған бал саны бойынша анықталады.
Бағалау критерилері: дұрыс және толық орындау шешімнің өзіндік ерекшелігі тапсырманы берілген уақытта орындау.
Мадақтау ұпайлары: қосымша жауап (3 ұпай)
уақыттан бұрын айтылған жауап (2 ұпай)
айыпты болған жағдайда шегерілетін ұпайлар:
дәптер қолдану (2 ұпай)
мұғалімнің көмегі (2 ұпай)
қате талдау жасау (2 ұпай)
Мынадай кесте тақтаға ілінеді:
Топтар. Байқау. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
I Витаминдер
II Крахмал
1 Таныстыру
Әр топ басшысы топ мүшелерімен таныстырады.
2 Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
1. Ішек жұқпалы аурулары қалай жұғады? (Қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған, тазартылмаған жеміс - жидектер жегенде т. б)
2. Бұл аталған аурудың алдын алу қалай жүзеге асырылады?(Жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау керек)
3. Сальмонеллаза ауруына адам қалай шалдығады?(Пісірілмеген сүтті, етті,
№1 сабақ 7-сынып -------------
Оқу ісінің меңгерушісі
________20 ж
Сабақ тақырыбы:
Сабақ мақсаты: Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары
Білімділігі: Ұлттық тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Ұлттық танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбилігі: Ұлт - жандылыққа ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастрыу кезеңі
- сәлемдесу
ІІ. Жаңа сабақ барысы
Бауырсақ - шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса даболады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады. 4-5 стақан бидай ұны, 1стақан сүт (немесе су), 1 шай қасық тұз, 2 ас қасық сары май, 2 жұмыртқа керек.Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі. 4-5 стақан бидай ұны, бір ас қасық ашытқы, 2 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз, 1 стақан сұйық май, 1 стақан сүт (немесе су), 2 жұмыртқа.

-------------
Оқу ісінің меңгерушісі
________20 ж
№2 сабақ 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дастархан жабдықтау түрлері ,салт-дәстүрлер
Мерекелік дастархан жабдықтау түрлері.
Білімділігі: Ұлттық тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Ұлттық танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбилігі: Ұлт - жандылыққа ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мне мақсатын хабарлау.
3. Осы сабақ - аралас, тақырыбы
II.Кіріспе нұсқау
Сабақ теориялық дайындықпен, күнделікті дастархан жабдықтау және мерекелік жиын өткізуге арналады. Қазіргі заманғы этикет талабына сай әдемілікті, ісемдікті, білімділікті және дұрыс жабдықтауды қажет етеді.Қазіргі заманның қажеттілігі бүгінгі күні - өзін өзі ұстау, өкінішке орай әдептілікке, тәрбие мәдениетіне, жақсы мәнер ережелеріне немқұрайлы қарайтындар да кездеседі. Ең қарапайым өмірде кездесетін жағдай: қалай қонақтарды қарсы алу?. Мерекелік дастарханды қалай жабдықтау? Осыған орай үстел басында өзін-өзі қалай ұстауын адамдармен қарым-қатынасын, тәрбиелік дәрежесін анықтауға болады. Соңғы жылдары біздің өміріміз әр түрлі жаңалықтарға толы: іскерлік, шет мемлекеттерден экономикалық байланыстар көбірек дамыды. Сондықтан әр адам өз серіктерінің арасында артық көрінгісі келетіні орынды. Әр түрлі орынсыз жайлар қарапайым тәртіп ережелерін сақтау адамды сүйкімді, адамгершілік қатынасын жағымды етіп көрсетеді, әр түрлі көзқарастағы адамдарды жақындатады.Дастархан жабдықтауды әртүрлі қарастыруға болады. Тек кейбір ережелер қатал сақталған. Қалғандары - әр адамның талғамына, жағдайына және сезіміне байланысты. Ең бастысы - ыңғайлы, әдемі, жағымды болуында.Адамның күннен күнге тамақтанатын орны негізгі мәселе болып табылады. Өз отбасында таңертеңгілік асты дұрыс қабылдаса, күні бойы жақсы көңілмен жүреді. Ал кешкілік аста әдемі жинақталған үстел басында, барлық отбасы адамдары өз ойларымен, жаңалықтарымен алмасып шүйіркелессе, сол күн жақсы аяқталғаны болып табылады.Басқа жағдайда - мүмкін ол отбасының түскі ас жақын достарымен кездесу, шақырылған адамдаремен немесе мерекелік кеш - үстел әдемі және ыңғайлы жасақталуы тиіс.
Салтанатты түрде тамақтану кезінде дастархан жабдықтау әртүрлі болады.
:: таңертеңгілік ас;
:: түскі ас;
:: кешкі қонақтарды күту.
Тамақтану кезінде үстелде аз құралдар (қасық, шанышқы, тәрелке) және қағаз сүлгілер қолдану заманы өтті. Енді өзгеше қатаң талап қойылады: дастархан жабдықтау түрлерінің ерекшеліктері туралы білімі, кез-келген жағдайда өзін еркін сезінуге көмектеседі: зайырлы қабылдауда, мейрамханада, шақырылған кешкі аста. Құралдардың қолданылуы туралы оқушыларға әңгімелеу.сызба бойынша қосымша 1.
1. Пышақ май жағуға арналған. 2. Тарелка - нан және май жағуға арналған. 3. Қасық (бірінші тағамға арналған). 4. Шанышқы (салқын тағамға арналған). 5. Пышақ (барлық тағамға арналған). 6. Шанышқы ет және салатқа негізгі тағамға арналған. 7. Асханалық пышақ. 8. Сәндік тәрелке. 9. Көже құйатын тәрелке. 10. Десертке арналған қасық. 11. Шанышқы-десертке арналған. 12. Су ішуге арналған стакан. 13.Бокал шампан құюға арналған. 14. Бокал қызыл виноға арналған. 15. Бокал ақвино құюға арналған.
2. Дастархан жабдықтау кезінде қолданылатын қажетті кездемелік сүлгі.Қолданылуына қарай оларды әртүрлі әдістермен бүктеледі, тез, оңай ашылуы ескеріледі, ерінді сүрту үшін немесе тізеге жайып қою үшін. Сонымен бірге тазалық ережелерін сақтау үшін де қолданылады. Егер де дастархан жабдықтауға дәмханада тәрелке берілмеген жағдайда, оның артына төрт бүктелген кездемелік сулықты қойып қояды.
Оқулықта схема бойынша, кездемелік сүлгіні бүктеу тақырыбында сарамандық жұмыс өткізіңдер. Эксперимент үшін кездемелік сүлгінің орнына қағаз салфетканы қолдануға болады.
6 сурет. Салфетка бүктеу әдістерінің түрлері.
1. Фуршет үстелінің банкет үстелінен айырмашылығы қандай?
2. Салфетка этикетінің ережелерін атаңдар?
Ең алғашқы кезде кім салфетка туралы ой салды?
III.Қорытынды нұсқау
Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:
5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
Үй тапсырмасы:
№3сабақ 7-сынып -------------
Оқу ісінің меңгерушісі
________20 ж
Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудың негізгі ережелері
Білімділігі: Тамақтану кезіндегі ережелермен таныстыра отырып ,дұрыс қалыптастыру.
Дамытушылығы: Дұрыс тамақтану ,танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбилігі: Тамақтанған кезде ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дай
№1 сабақ 8-сынып
Сабақ тақырыбы: Тамақтан улану
алдын ала сақтандыру. Уланудан алғашқы көмек.
Сабақтың мақсаты:
.
1. Білімділік: Тағам атауларына байланысты түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын меңгерту.
2. Дамытушылық: Гигиеналық талаптардың барлық кезеңдерінде қайта өңдеу және азық түліктерді сақтау өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік:. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту, дағдыландыру, машықтандыру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, мәзір, грамматикалық кесте, конверттер, мақал - мәтелдер,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. САбақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3. Осы сабақ - теориялық, сабақ-әңгімелесу, түрлендіріп, жан-жақты түсініктеме беріледі.
а). Қойылған сұрақтардың көмегімен (қосымша 1) адам өміріне тамақтану физиологиясының маңызы туралы, тамақтанудың биологиялық мәні және оның химиялық құрамы туралы әңгіме өткізіңіздер. Осы төңіректе туындаған ойларын оқушылардың ой өрісін анықтағаннан кейін, қосымша материал ретінде рационалды дұрыс тамақтануда, ақуыздар, майлар, көміртегінің адам өміріне қажеттілігі туралы мазмұндау. Оқушы қыздарға әсіресе бағалы дәрумендер құндылықтарға жататын су, минералды заттар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, пигменттер, фитондықтар, сірінді заттар. Осы заттар кездесетін көкөністер мен жемістерге мысал келтіріңіздер.
Жалпы түсініктемеден басқа, оқулықта пайдалы мәліметтер де берілген. Курсивті белгілері бар бөлімдерді оқушы қыздармен талдау.
Бөлімдегі материалдармен таныстыруда оқушы қыздарға ақуыздар, майлар, көміртегі туралы жүйелі түрде жалпы мағлұматтар және кестеге кіргізілді (қосымша 2).
б). Бұл бөлімде тамақтану тазалығына, жұқпалы аурулардан сақтану шараларына көп көңіл бөлінген. Материалды мазмұндау барысында микроорганизмдердің ас қорыту процесіне ерекше қатысуына және ауру тудыратын бактериясынан айырмашылығын айтып түсіндіру пайдалы. Жұқпалы аурулардың таралу жолдарын және себептерін мазмұндап айтуға көшу керектігі айтылады. Жұқпалы ауру мен ішек инфекциясының айырмашылығын дұрыс анықтай білу қажет. Ішек инфекциясын жұғудан және тамақтан уланудан алдын-ала сақтану мақсатында, азық-түліктердің сапасын анықтаудың маңызы ерекше. Оқушы қыздармен тренинг өткізуге болады - рольдік ойын тамақтан улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Өткізілген ойынның қорытындысы, оқушы төтенше жағдайда, тұрақты өзін ұстау тәртібі қалыптасады. Тамақтану гигиенасына ерекше көңіл аударыңыздар. Инфекцияның алдын алу шараларына жатады:
1. Тұрғын үйдің орналасу тазалығы, азық түлік сақтау блоктары, сумен қамтамасыз ету;
2. Жеке тазалық гигиеналық ережесінің қатаң сақталуы.
3. Тазалық талаптарының сақталуы, тағам дайындау орындары, жабдықтар, ыдыстар мен құралдарды сақтау;
4. Гигиеналық талаптардың барлық кезеңдерінде қайта өңдеу және азық түліктерді сақтау;
5. Эпидемиялық көрсеткішке байланысты ішек инфекциясына қарсы сақтандыру екпелерін өткізу.
III. Қорытынды нұсқау
Сабақтағы қорытынды жұмыстарды өткізу.
1. Оқушылардың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау.
2. Жақсы жасалған жұмыстың қорытындысын атап көрсету.
3. Оқушының жасаған жұмысын бағалау.
IV. Үй тапсырмасы. Сыныпты топтарға бөлу. Еттің түрлері туралы және етті қолдануда, еттен тағам дайындау мақсатында мәлімет беру.
Қосымша 1.
Бөлімге сұрақтар а).
1. Ағзаның функциясына қорек қалай әсер етеді?
2. Шығын энергияның орны қалай толықтырылады?
3. Жасушаның құрылысына, жүйесіне тағамның тигізетін әсері қандай?
4. Дұрыс тамақтануға әсер ететін ішкі және сыртқы ықпалды атаңдар?
5. Кәдімгі адам және спортпен шұғылданатын адамның тамақтануында айырмашылығы неде?
6. Азық түліктің тамақтану құндылығы неге байланысты?
Қосымша 2
Заттың атауы
Құрамы неде
Энергиялық сыйымдылығы
Не үшін қажет
№2 сабақ 8-сынып
Сабақтың тақырыбы :Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі
Білімділігі:Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру;
Дамытушылығы:Халқымыздың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге, тапсырмаларды орындау кезінде топтасып, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Тәрбилегі:Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарының қасиетін ұғындыру
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: , слайд
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
-оқушыларды түгендеу;
-жұмыс орнын жабдықтау
ІІ. Үй тапсырмасы
1-тапсырма:
-Қауіпсіздік ережелерін ата?
-Санитарлық гигиеналық ережелері
-Тамақтану мәдениеті деген не?
2-тапсырма:
3-тапсырма:
Стафилоктар қуат алу, өмір сүру
Тамақ таза жүру, қолды жуу
Жеке бастың гигиенасы жылы жерде сақталған азық-түліктер
№1 сарамандық жұмыс "Еттен жасалған тағамдар"
№2 сарамандық жұмыс "Бірінші тағамдар дайындау"
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақ халқы барлық уақытта өзінің қонақжайлылығымен және ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар халықта деген мақал бар. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған.
Ұлттық тағамдар
Ет тағамдары сүт тағамдары Ұн тағамдары
Қазақша ет Айран, Қатық Бауырсақ, Таба нан
(Бесбармақ, Бешбармақ) Шалап, Шұбат Май шелпек, Қаттама
Қазы, Қарта , Қымыз , Балқаймақ Талқан, Тары
Жал Жая Кілегей ,Қаймақ Жент (қоспа)
Сорпа , Борша Құрт ,Сары май Майсөк (майтары)
Жөргем ,Шұжық Сүзбе, Уыз, Ірімшік Бидай
Сірне , Ми палау ,Құйрық-бауыр ,Қуырдақ
Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді. Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.
Айран - ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1 - 2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.Бауырсақ - шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса да болады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.
IV.Бекіту тапсырмалары
1. Қазақша еттің құрамы
Қазақша ет: 1-2 бас жуа, картоп, қамыр, тұз, су, ет
2. Ұлттық
Сусындар тағамдар, қымыз қазы-қарта, шұбат қуырдақ, айран қазқша ет,сүт
3. Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып, астындағы әріптерден сөйлем құра.
Тәбетіңіз ашылсын!
V. Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма: §4.
Отбасындағы мерекелік ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын жазып әкелу
№3 сабақ 8-сынып
Сабақтың тақырыбы : Ет тағамның құнарлығы және сапасы
Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері.
Пәнаралық байланыс: тарих,
I. Ұйымдастыру кезеңі:
:: Оқушылармен сәлемдесемін;
:: Оқушыларды түгендеймін;
:: Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу;
:: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ
Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз - су, 15-20 пайыз - белок, 5,8 - 29,4 пайыз - май, 0,8 - 1,1 пайыз - күл, құс етінде 50 - 64,4 пайыз су, 18,2 - 19,8 пайыз - белок, 15,5 - 31,2 пайыз - май, 0,9 - 1,1 пайыз - күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір-бірінен айырмашылығы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.Қазақша ет - малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет - қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.
Бас тарту - сыйлы, алыстан келген қонақтарға мал сойып (қой), етпен бірге бас ұсынады. Сиырдың жарты шекесі, қойдың басы тұтас, жылқының басы кеңсірігінен шабылып, тұтас немесе екіге бөлініп асылады. Қойдың, сиырдың басын үйітіп, тісін бір-екі жерден қағып, жуып тазалап алып барып қазанға салады.
Мипалау - піскен малдың миын алып, оған бауыр, құйрық майын, бастың дәмді құйқасын қосып, үстіне тұздық немесе айран, қымыз қосып, немесе сорпаға салып әзірлеп, үлкендерге ұсынады
Шұжық - малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады.
Қуырдақ - соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті.
Кісе қуырдақ - жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөпті салады.
Қазы-қарта, жал-жая - құрметті қонақтарға тартылады. Етпен бірге пісіріледі.
Бұқпа - марқаның жіліктері мен омыртқа, қабырғаларын балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін жауып дайындайды.
Сірне - туғанына 2-4 күн болған жас қозының етін қазанға салып, үстіне бие сүті мен сұйық қаймақ құйып әзірлейтін тағам.
Сырбаз қуырдақ - жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды. Оны деп те ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар72 бет
Айқышгүлді егістік, жемдік,көкөніс дақылдарының зиянкестері13 бет
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері25 бет
Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану негізінде суару11 бет
Дәндi дақылдар9 бет
Егістік тәжірибелер жүргізу40 бет
Жамбыл облысындағы спирт өндірісінің пайдасы мен зияны туралы4 бет
Жеміс – жидек түрлері13 бет
Жемістер және көкөністер8 бет
Картоп және көкөніс зиянкестері туралы мәлімет14 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь