Алмалы-салмалы протезді бекітумен тұрақтандырудың қазіргі заманғы әдістері


Қазақстан ұлттық Денсаулық Сақтау Министрлігі
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра: Ортопедиялық стоматология
СӨЖ
Тақырыбы: Алмалы-салмалы протезді бекітумен тұрақтандырудың қазіргі заманғы әдістері
Орындаған: Ахметшиева Б. Б.
Факультеті: Стоматология
Курс: 2
Топ: 202
Тексерген: Нысанова Б. Ж.
Алматы 2009
Алмалы-салмалы тіс протездері.
- Жартылай алмалы-салмалы протездердің конструкциялық элементтері.
- Жартылай алмалы-салмалы тіс протездерінің негізгі конструкциялық элементтеріне жататындар:тірегіш, байланыстырушы немес ұстатқыш, теңгергіш элементтер, протездің орнынан жылжып-қозғалып кетуіне қарсылық көрсететін элементтер жатады.
- Жартылай алмалы-салмалы протездің кострукциялық элементтерінің жиынтығы, оның жалпы конструциясымен протездің жалпы құрамын дәрігер тарапынан тістер жартылай болмағанда клиникалық картинаға тіс қатарының кетіктерінің түрі мен шашырандылығына, ауызда сақталған тістердің саны мен жағдайларына және протездің орналасатын шырышты қабықтың күйлеріне байланысты болады.
- Тірегіш элементтер.
- Жартылай алмалы-салмалы протездің конструкциясының құрамына тірегіш элементтер шайнау қысымының протез орналасқан тіндерге пародонт-қызылиекке әдісімен (рационалды) қысымды түсіру үшін ендіріледі. Бұдан басқа, тірек элементері жартылай алмалы-салмалы протездердің ұстатқыштығын (фиксациясын) жақсартады. Тірегіш элементтеріне жататындар: окклюзиялық бастырмаларда (окклюар MS клад) жасанды тіс сауыттары, көпір тәрізді протездер, түбір салмалары, түбір штифтері.
- Теңестірігш немесе теңгеруші элементтер.
- Теңестіргіш элементтерге бәрінен бұрын жатқызамын жартылай протездің негізі (базисі) пласмасса немесе металл түрінде оның ершік сияқты бөлімдерін жалғастырады, доғалы (бюгелді) протездің тіс, таңдай және ерін бетіндегі доғалары, олардың ершіктерінде жалғастырып жатады. Тіл немес ерін доғалар өздерінің серпімділігін қажеттеріне байланысты протездің ерекшеліктерінің арасында физикалық жүктемесі біркелкі таратып, протездің стабилизациясын жақсартып, протездің жиысқан тіндерінің сақталуын да қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда, олардың мөлшерлері мен орналасулары, олардың қызметтік жүктемелерге қарсы тұруы терімен анықталады. Теңгергіш элементтерге қабілеттілігі фонетиклық және гигиеналық талаптарда қойылады. Теңгергіш элементтер олардың байланыстырушы қызыметтерімен қатар, протездің талаптарда қойылады. Теңгергіш элементтер олардың байланыстырушы қызыметтерімен қатар, протездің жылжымауына да қарсы болу әсерін көрсетеді.
- Протездің артынан жылжуына қарсы әсер көрсететін элементтер.
- Қызметтік әсерге байланысты горизантальды туындайтын жартылай протез алға-артқа немесе бүйір жаққа жылжуы мүмкін. Бұндай жылжуда ең бірінші қарсы тұратын элементтерге әр түрлі ұстатқыш элементтер (кламерлер, құлыпты бекіткіштер, балталы ұстатқыштар) жатады. Парадонт тіндерінің ауруларында протездің жылжуына қарсы әсер ететін элементтерге Албрехтың шеңдеуішін (шинасы) көп мүшелі үзілмейтін кламердің тырнақты өсінділерін Ней фирмасының кламмерлері мен Альберхтың шеңдеуіштерінің араласқан түрлерін жатқызуға болады.
- Жасанды тіс сауыттары және көпір тәрізді протездер протездің жылжуына қарсы әсерін кламмерлер арқылы жанама түрде көрсетеді. Кейбір шетел әдебиеттерінде оларды, жылжуға қарсылық көрсетін екінші кезектегі мәлеметтер ерінде санайды.
- Бұл элементтерді қолдануда басқа да клинитикалық көрсеткіштермен қатар, сақталған табиғи тістердің парадонттарына да көңіл бөлу керек.
- Адгезия
- Жанасу беттері тегістелген 2 иығының немесе басқа материалдардың арасындағы туындайтын жабысу күштерін адгезия деп атаймыз. Бұл күтер екі дененің ортасында аздаған сұйықтық болса жақсы байқалады. Адгезия құбылысы ауыз қуысында тіс протезі мен шырышты қабаттың арасында пайда болады. Бұл күштің мөлшері жанасу беттері ұлғайған сайын артады. Протездің астындағы адгезия сілкейдің жұқалығына байланысты арта түседі. Жоғарғы жақта таңдай жайпақ болғанда, протездің вертикальды бағытта қозғалуында адгезия өседі, ал бүйір қозғалысында төмендейді. Егер де таңдай күмбезі терең болса вертикальды бағытта түсетін қысым адгезия күшін азайтады, өйткені протез шырышты қабыққа салыстырғанда паралелль жазықтықта қозғалады.
- Жабысу құбылысы.
- Ылғалданып жабысу-физикалық құбылыс жабысудың негізі болып табылады және бұл құбылыс сұйықта молекулалық жабысу қүші. сұйықтың молекулалары мен қатты дененің арасындағы күштен аз болған жағдайда.
- Бұл процесс сұйықтыққа иілгентомпайған минсктердің пайда болуымен сипатталады. Өйткені сұйықтықтың беткі қабаты беттік керілуге байланысты қысым астында болады, минискілердің пішіндері сұйықтық сыртқы және ішкі түсілген қысымның таралуына байланысты сипатталады. Адгезия мен жабысудың арасында үлкен бір айырмашылық жоқ, өйткені жабысу адгезияның бір түрі болып табылады.
- Тіс протезі және шырышты қабаттың беттері сілкеймен жақсы ылғалданатын беттер болып табылады, осыған байланысты иілген немесе ілмек минскілер пайда болады. Бұл ілмек минскілерді жазатын күштер сыртқы жаққа бағытталған және протезді қабыққа жабытырады. Минскілердің радиусы аз болған сайын, бұл күш арта түседі.
- Анатомиялық ретенция.
- Анатомиялық ретенция дегеніміз жақ сүйектерінің табиғи анатомиялық мүшелері, бұл мүшелер өздерінің пішіндеріне және орналасуыларына байланысты протездің бекуін тыныштық кезінде және қызметтік жағадайда да (тамақ шайнау, сөлеу, жұтыну) қамтамасыз етеді. Анатомиялық ретенцияға жататындар:жақ сүйектерінің аквольды өсінділері, таңбай күмбезі, жоғарғы жақ сүйегінің төмпешіктері, тіс аралықтары, тістердің мойын бөліктерінің сайлары.
- Байланыстырушы (фиксірлеші) элементтер.
- Протезді бекіту үшін арнайы механикалық тетіктер қолданылады, бұларды бекіткіштер (фиксаторлар) деп атайды және олар екіге бөлінеді (тура және жанама) . Тура бекітушілер тістерде орналасып протездің ұстап-тұруын және оның вертикалды бағытта жылжуын болдырмайды. Тура бекіткіштерге кламер мен атачмендердің барлық түрлері жатады. Тура немесе тікелей бекіткіштер сауыт іші (интакароналы) және сауыт сыртқы (экстракароналы) болып бөлінеді. Сауыт іші бекіткіштерге атачмендер мен құлыптық байланыстырушылар, ал сыртқыларға кламмер жатады.
- Жанама немесе тікелейше бекіткіштер протездің орнынан жылжып аударылмауын арналған. Бекіткіштің бұл түріне протез негізі өсінділерін, протездің қаңқаларының көп мүшелі (көп тармақты) кламмерлерді, акториялық үстемелерді жатқызамыз.
- Алмалы-салмалы протездерді бекіту үшін бекіткіш (фиксаторлар) тетіктердің ішіндегі ең жиі қолданыс табатыны кламмерлер болып табылады.
- Протезді бекітудің кламмерлік жүйесі.
- Жартылай алмалы-салмалы потезді бекіту немесе ұстату күрделі биотехникалық проблемаларға жатады. Біріншіден кламмерлер тірек тістердің пирадонттарина зиянды әсерлерін тигізбеулері қажет.
- Тірек тіске кламмер арқылы түсетін шайнау қысымның бір бөлігі протез жанасатын шырышты қабатқа бөліну арқылы, альвиолды өсінуінің уақытынан семуін алдын-ала білу керек. Альволды өсіндісін қаптайтын шырышты қабат серпімдігі және табиғи тістердің физиологиялық қозғалғыштығы арасындағы айырмашылық протез арқылы тірек тістер не протез орналасатын тіндерге түсетін қысымды анықтауда есептеуді қажет етуі.
- Екіншіден, қолданылатын кламмерлер немесе кламмер ақауларында, олардың пішіндері мен мөлшерлерінің, альвеолды өсіндінің семуінде.
- Тірек тістердің пішіндері, мөлшерлері, орналасуы және олардың тұрақтылығында, қарама-қарсы тістердің әртүрлі окклюзиялық өзара байланыстарында кламмер протездің жақсы бекіп тұруын жүзеге асырады.
- Үшіншіден, кламмерлерді қолданғанда эстетикалық сұранысты қанағаттандыруда өте күрделі. Тірек тістерге кламмер элементтерін орналастыру, олардың әдеттегі сыртқы пішіндерін өзгертеді, металл бөлшекетер сөйлегенде және күлгенде көрінеді, сыртқы мөлшері мен сыртқы жағын үлкейтеді, бұл тіс протезіне бейімделу уақытын ұзартады.
- Қорыта айтқанда, протезді кламмерлер арқылы бекіту, оның жақсы қызмет атқаруы, кламмерлер құрамындағы ерекшіліктерін, тіс қатарларының кетіктерінің клиникасы терең зерттеу және тіс протезінің орналасатын тіндердің қызметтік жағдайы туралы нақты білімді қажет етеді.
- Кламмерлер белгілері бойынша келесі топтарға бөлінеді: дайындау әдісі бойынша (иілген және құйылған) ; көлденең кесіндісінің пішініне байланысты (домалақ, жартылайдомалақ, лента тәрізді) ; тісті қармау мөлшерінен қармайтын тістердің санына байланысты (біриықты, екіиықты, аспалы, қосарланған, көпмүшелі (көптармақты) ) ; атқаратын қызметтеріне байланысты (ұстатқыш, тірек, тіреп, ұстатқыш) ; протездің негізімен байланысуына қарай қатаң, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы-шартерлі) ; материалына байланысты (металдан, пласмассадан) ; иықтарының орналасатын жеріне байланысты (дентальды, альвеоальды, дента-альвеоальды) деп бөлінеді.
- Кламмерлердің түрлерінің көптігіне қарамастан оларға қойылатын негізгі және жалпы талаптар болады. Кламмерлерге қойылатын ең алғашқы талап, ол кламмер тыныштық және қызмет кезінде жақ ұстағыштық қасиетінің сақталуы. Кламмер тіс экваторынан өткен кезде өзінің серпімділік қасиетінің арқасында деформацияға, яғни өзгерісіне ұшыратқанда және өзінің ұстағыштық қасиетінде жоғалтпайды. Тістің қатты және парадонттық тіндеріне кламмер зиянды әсерін тигізбеуі қажет. Ауыз қуысы ішінде қасиеттерін өзгертпеулері керек, антогонист тістердің акклюзиялық өзара қатынастарына кедергі жасамауы керек, эстетикалық талапты бұзбауы және активті әсерлерге қабілеттілігі болуы керек.
- Кламмердің негізгі түрлеріне талдап берудің алдында, тірек, стабилизациялық және бекітуші (фиксациялық) сияқты түсініктерді анықтау қажет.
- Тірек функциясы дегеніміз-шайнау құысымының кламмердің арнайы тірек элементтері арқылы тістерге берілу, бұл тірек элементтері протездің шырышты қабатқа батуын болдырмайды.
- Стабилизация (тұрақтылық) функциясы дегеніміз-протездің бүйір бағытта қозғалыстарын тежеу.
- Ұстағыштық (фисациялық) функциясы дегеніміз-кламмердің протезді орналасқан жерінде бекітіп тұратын қызметі.
- Аталған, үш функцияны атқаратын кламмер жаңадан жетілдірілген кламмер болып табылады. Мысалы: тірек-бекіткіш кламмер жатады.
- Кламмердің қарапайым түрлері тек қана ұстағыштық қызметті атқарады. Класикалық акрилды жартылай пластинкалы протезді жасағанда дөңгелек (жұмыр) иілген сым темір кламмерлер кеңінен қолданылады. ү
- Ұстағыш кламмерлер.
- Классикалық акрилды жартылай алмалы протездерді дайындауда кеңінен қолданылатын кламмер-біриықты сымтемірлі кламмер. Бұл кламмер бірнеше бөліктен тұрады-иығынан, денесінен және өсіндісінен (сурет) . Кламмердің бұл түрін А. Hromatks (1963) ойлап тапқан. Ұстағыш-қайтарымды деп те аталады. Өйткені кламмер статикалық тыныштық жағдайында протезді ұстап тұрады, ал оның жылжып-қозғалуында бастапқы орнынан қайтарады. Ұстағыш кламмердің иығы оның тістің ұрт және ерін жағын айналып жататын серпімді бөлігі. Кламмердің иығының орналасуы тістің анатомиялық пішінімен және протезді бекіту талабымен анықталады.
- Тістің анатомиялық пішіні, кламмерді орналастырудың бастапқа шарты болады. Тістің сауыт бөлігін шартты түрде екіге бөлуге болады-окктозиялық және мойын бөлігінің айналасы (ұстатқыш) . Тістердің әртүрлі топтарында бұл бөліктердің пішіні әр түрлі болып келеді. Дегенмен, бұл бөліктердің арасындағы шекара экватор немесе меже сызығы болып табылады. Кламмердің конструкциясы (құрлымы) экватормен меже сызығының топографиясына, яғни орналасуна байланысты. Мысалы: күрек тістерде экватор кесу қырына жақын болғандықтан, мойын бөлігіне іргелес бөлімінің жалпақ кең болуын көрсетеді. Бұған қосымша тіс мойнына қарай бұл бөлім күрт жіңішкереді. Күрек тістерде кламмерлерде орналастыруда эстетикалық көріністі ұмытпаған жөн. Көпшілік кісілерде күлкі кезде, сөйлегенде және басқа да қызметтік күйде күрек тістер түгелдей ашылып көрініп тұрады.
- Сондықтан ұстағыш кламмердің иығын тістердің мойын бөлігіне өте жақын, қызыл иекке паралелль орналастырамыз, қызыл иек пен кламмер арасы орташа 0, 5-1, 0 мм. Бұл жағдай кламердің көрінбеуін қамтамасыз етеді, кламмерді жасыруға диаметірінің аз болуы да әсер етеді.
- Сүйір және премолярларда кламмердің ыңғайлы орналастыруға болады.
- Бұл тістерде экватор немесе меже сызықтарының орналасуы. Күрек тістермен салыстырғанда бөлекеше, және тістің сауыт бөлігінің ортасына жақын орналасады. Экватордың немесе меже сызығының тістің ортасынан өтеді, тісті өзара теңдей екі бөлікке (окклюзиялық және мойынға іргелес) бөледі. Премолярлар күлгенде жақсы көрінетін болғандықтан, эстетикалық талапқа байланысты, кламмердің иығын барынша қызыл иекке жақын орналастырамыз.
- Молярдың (үлкен азу тістердің) өздеріне тән анатомиялық пішіндері-олардың экваторлары бүйір беттерінің ортасында орналасады.
- Үлкен азу тістердің сауыт бөліктерінің үлкен болуы кламмерлердің иықтарын дайындауды жеңілдетеді және оның ұстатқыштығы да жоғары.
- Кламмердің иығының экватор астында орналасуы оның ұстатқыштық қабілетінің артуында. Сонымен қатар кламмерлерді күлу кезінде жасырудың қажеттілігі болмауы, ал кламмердің иығын тістің мойын бөлігіне жақындату оныңұстатқыштығын төмендетеді.
- Кламмердің иығы тістің қандай бетінде орналасуына (ерін немесе тіл) қарамастан, түгелдей жанасып жатуы керек. Кламмердің иығының бір нүктеде немесе топтық жанаспауы тіске түсетін қысымның топтық түспеуімен бұл тістің эмаль нерозының себебі болады. Дұрыс дайындалмаған кламмер тіске түсетін қысымның бағытының өзгеруіне байланысты жарақаттанушы окклюзияның пайда болуна әкеледі.
- Прогтез орнынан қозғалғанда кламмердің кламмердің иығы серпімділік көрсетуі тиіс. Серпімділігі жақсы кламмер әдетте сым темірлі болады. Керекті серпімділік деформация металл қоспаның қасиетіне, оның термиялық өңделу реттілігіне, кламмердің иығының ұзындығына, диаметріне және көлденең кесіндісінің пішініне байланысты. Ең қолайлы серпімділік көлденең кесіндінің жұмыр түріне тән. Жақсы серпімділік қасиет алтынның платинасымен қысылған қортпасы болып есептеді.
- Кламмер денесі иық бөлімінің өсіндіге өтетін жері, яғни калммердің өтпелі қатты бөлімі. Кламмердің денесі тістің медиальды немес дистальды жағында экватордың деңгейінде немесе одан сәл жоғары орналасады.
- Кламмер денесін экватордан немесе меже сызығынан төмен тістің мойын бөлігіне іргелес аймақта орналастыруға болмайды. Егер кламмер денесі тістің мойын бөлігіне жақын орналасса протезді орнына отырғызу өте қыиынға түседі. Бұл қателік көпшілік жағдайда кламмерлерді алдыңғы күрек тістерге дайындағанда және тістердің экваторлары айқын яғни мойын бөліктеріне іргелес аймақтар терең болғанда байқалады. Қорыта айтқанда, клеммер денесін орналсатырғанда тістердегі конвергенция және дивергенция құбылыстарын есте сақтаған жөн болады.
- Кламмердің денесі протезде кламмерді бекіту үшін өсіндісіне өтеді. Өсінді протездің металл қаңқасының элементі ретінде немесе пласмасса негізінде орналасады. Егер өсінді пласмасса негіззінде орналасатын болса, онда ол альвеола өсіндісінің боймен жасанды тістердің астында орналасады. Өсіндінің өз өсінен айналмауы үшін оған жалпақ пішін нмесе альвеолды өсіндісін паралелль жазықтықта ирек түрінде иеміз. Кламмер өсіндісінің ұшын аз мөлшерде иілген түрде болуы оның айналып кетпеуін қамтамасыз ете береді. Өсіндінің таңдай немесе тіл жағына жылжуы негіздің әлсіреуіне және сынуына соқтыруы мүмкін.
- Жоғарыда көрсетілген кламмерлердің бөлімдері кез келген ұстатқыш кламмерлерге міндетті түрде кіреді.
- Протез функциясы кезінде микроэкспурсияға ұшырап, кламмердің иығы тірек тістің бетімен қозғалады, ал протез негізі түсен қысымның бір бөлігін альвеолды өсіндінің шырышты қабатына түсіреді. Тірек элементтері жоқ болған кезде (окклюзиялық үстеме) шайнау қысымы альвеола бөліміне түсіп, одағы атрофиялдық жылдамдықты артырады. Тек ғана бүйір қозғалыстарда ғана, ұстатқыш кламмер тірек тістерге горизантальды ссалмақтарды түсіреді.
- Сымнан жасалған ілгек сияқты кламмерлер.
- Ұстатқыш қасиетін күшейту үшін, ұстатқыш кламмердің иығын 180% бұрауымен ұзартамыз. Кері қарай июдің арқасында ол ілгек сияқты болады. Бұл кламмердің басқа түрлеріне біржақты немесе екіжақты ілгек түріндегі клеммерлер жатады. Ұстатқыштық қасиеті жоғары бөліктік кламмерлер, тістердіңэкваторының үстінде және астыңғы жағында орналасады. Кламмердің бұл түрі алдыңғы тістерде қолданылуы эстетикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады. Ілгек сияқты кламмерлер, әдетте клиникалық тіс сауыттары биік тістерде, яғни үстіңгі және астыңғы иықтары бір-бірінен алшақ орналасып, олардың алшақ оналасу мен серпімділік қасиеттері жоғарлайды. Бұл кламмерді окклюзиялық үстемені қосу арқылы ұстатқыш-тіректі кңламмерлерге айналдыруға болады.
- Екі иықты сымнан жасалған ұстатқыш кламмер.
- Ұстатқыш кламмердің екінші иығы тірек тістің тіл жағында орналасады және ол сыртқы иыққа қарама-қарсы әсер етуші болып табылады (реципрокты әсер), егер де оны экватор астына орналастыратын болсақ, ішкі иықта ұстатқыш әсер беруі мүмкін.
- Екі иықты кламмерді қолданғанда тірек тіс тіл жағынан протездің негізінен (базисінен) толық немес жартылай ашылады, геер де кламмер экваторға дейін немесе одан да жоғары көтерілсе. Екі иықты кламмерлер жеке дарадайындалуы да мүмкін, яғни екі бөлек болумен қатар, олардың денелері және өсінділері ілмеку түрінде ортақ болуы мүмкін.
- Ұзартылған кламмер.
- Кламмердің бұл түрін көпшілікжағадайда қосарланған немесе ұзартылған деп аталады. Бірінші анықтама тура келмейді, өйткені бұл ұғым екі иықты кламмерге жақын ұғым. Кламмердің құрамында, оның иығының ұзартылуы көрші тіске өтуімен, яғни кламмердің иығы екі қатар тұрған тістерді каптайды және екі тізбекті (екі тармақты, екі мүшелі) болады.
- Шындығына келгенде бұл кламмерлер көп тармақты (көптіректі) кламмердің бастапқы түрі, парадонт тіндерінің қабынуында шектеуіш ретінде қолданылады. Кламмердің иығын ұзарту оның серпімділік қасиетін жоғарлатқанымен, оның ұстатқыш қасиетін төмендетеді.
- Кламмердің бұл түрін дайындау өте жоғары дәлдікті талап етеді, өйткені кейбір нүктелердің дұрыс тиіспеуі, қалған бөлімінің толық тиіспеуіне әсерін тигізеді. Серпімділіктің жоғары болуына байланысты кламмердің иығының денесіне өтетін әсерінде оңай сынуы мүмкін. Кламмердің бұл түрін қолдану үшін клиникалық тіс сауыттары биік және экваторлы шығыңқы тістер қолайлы болып келеді, мысалы: премолярлар. Бұл кламмер пародонт тіндерінің ауруларында протезді ұстату үшін тиімді.
- Қызыл иек кламмерлері.
- Протездің өсінділері жақ сүйектің альвеолды өсіндісінің бойын қуалай өтперлі қатпардан жоғары немесе төмен орналасса, бұны қызыл иек кламмерлері деп атаймыз . Бұл кламмердің негіздің бір бөлігі болғандықтан қаттылығы жоғары, осыған байланысты оны пайдалануға ерекше талап қойлады.
- Кламмердің бұл түрі табиғи тістер түгел болмаған жағдайда қолданылады немесе тірек тістер протезді ұстауға жарамағанда қолданылады. Кейбір жағдайда бұл кламмердің ұстатқыш қасетін қөтеру үшін протездің негізімен сым арқылы жалғастырылады. Өкінішке орай, кламмердің белсенділігін арттыру, шырышты қабаттың жарақаттануына соқтыруы мүмкін.
- Тіс-альвеолды кламмер (Денто-альвеолды) .
- Кламмердің бұл түрі Венгрияның Имери Кеменимен ұсынылып, ретенциялық (ұстатқыш) деп аталады . Егер протез негізінің өсіндісін табиғи тістердің экваторларын дейін жеткізетін болсақ, онда олар өздерінің ұзындықтарына эластикалық, яғни серпімділік қасиеттеріне байланысты, протезді кигізгенде тістер арқылы еркін өтеді. Өсінділердің экваторлардың астарында орналсуына байланысты протезді жақсы ұстайды. Кламмердің соңдарынан тістердің мойын бөліктерінде ерін жағынан орналасуы ерінді көтереді. Сонымен қатар, түссіз пластмассаны қолданған жағдайда, олардың табиғи тістерден айырмасы болады. Кламмердің бұл түрі тірек тістердің клиникалық сауыттары өте жоғар ы болғанда және олар бір-біріне альволды өсіндісіне паралелль орналасқан жағадайда қолданылады. Альвеолды өсіндінің шеттері немесе қырлары алмұрт тәріздес болса бұл кламмердің түрін қолдану мүмкін емес.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz