Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты - Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы ХорасанныңНишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімұшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның «Еуклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған.

Омар Һайям, Ғийас әд-Дин Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-һайям [18 наурыз 1048, Нишапур - 4 желтоқсан 1122 (1112/1131), Мерв] - көрнекті парсы-тәжік ақыны, математик, астроном, философ. [1]

Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, “һайям” - осы кәсіпке байланысты туған атау. Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т. б. қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның философиялық көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080), “Үш сауалға жауап”, “Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы трактат” (1980 - 91), “Наурызнама” (1095 - 98), “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат” (1105 - 10), т. б. философиялық еңбектер жазды. Салжұқ сұлтанының тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 33 жылда 8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет 5 жылдан кейін болады. Мұндағы уақыт айырмасы 5000 жылда 1 тәулікке теңеледі. Оның жыл санауы Григорий күнтізбесінен анағұрлым дәл. Омар Һайям еңбектерінің басым бөлігі математика ғылымының үлесінде. “Алгебра және әлмұқабала мәселелерін дәлелдеу туралы” трактатында математикалық тарихында тұңғыш рет үшінші дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға талпынды, куб теңдеулердің әр түрінің (барлығы 19) түбірін геометриялық тәсілмен шешуді ұсынды. Үш кітаптан тұратын “Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға түсініктеме” зерттеуінің “Параллель түзулердің шын мәні туралы” деп аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін параллель түзулердің жаңа теориясы баяндалған. “Қатынастар, пропорциялар және олардың нақтылы мәні туралы” атты екінші кітабында Евклидтің қатынастар теориясын жетілдіріп, сандар мен шамаларға ортақ теория жасауға күш салды. “Қатынастарды құру және оларды зерттеу” туралы кітабында шамалардың рационал және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әбу Наср әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттігін дәлелдеді. Омар Һайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Әбу Жафар ат-Туси, т. б. математиктер дамытты. “Дене құрамындағы алтын мен күмістің мөлшерін анықтау тәсілі туралы” трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді жетілдірді. Омар Һайям медицина, музыкалық теориясымен де шұғылданды.

[өңдеу] Тағандары

Омар Һайям әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы. Өлеңдерін парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки еді. Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды. Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта білді. Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды. Мысалы, құмыра, пияла, дүкен, шеберхананы жырлау арқылы жаратушы мен әлемнің, адамның арақатынасын сипаттаса, адам мүрдесі топыраққа айналған жерден өсіп шыққан гүлді өмір мен материяның мәңгілік құбылысы ретінде бейнеледі. Ақын өлеңдерінде махаббатты жырлау арқылы метафоралық терең ой тұжырымдалды. Оның өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін парықтау мен енжарлықты, екіжүзділікті әжуәлау сарыны байқалады. Омар Һайям өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді. 19 ғасырда Э. Фицджеральд ақын өлеңдерін ағылшын тіліне аударды (1859) . Бұл аударманы ғалым Теннисон “жаңадан ашылған планетаға” теңесе, кей ғалымдар тақырып әуендерін өзінше өзгертіп, кейде қосымшалар енгізіп жіберген деген пікір айтады (Идрис Шах “Суфизм”, М., 1994, 193 - 201-б. ) . Омар Һайям рубайларының І. Шаңғытбаев аударған нұсқасы (325 рубай) 1965 жылы жеке кітап болып шықты. Ө. Күмісбаев “Иранбақтың бұлбұлдары” атты жинағында бірнеше шығыс ақындарымен қатар Омар Һайям өлеңдерін аударды (2004) . Омар Һайямның кесенесі Нишапур қаласында орналасқан.

Омар Хаям

Дүниенің саф асылы, сарасы - біз,

Мақсаты, майса гүлі, санасы - біз.

Бұл жаһан дөп-дөңгелек жүзік болса,

Жауһардай жанған соның шарасы - біз.

Уақыт бәрін өзгертеді: ол шөлдегі құйыннан да қуатты, онымен тіпті теңіздің ақ шулан толқындары да теңесе алмайды. Оның ерекшелігі: ешкімге көрінбей өз дегенін істейтіндігінде. Бүкіл әлем ұйқыға кеткенде, боран тыйылып, толқындар тыншығанда уақыт қана көз ілмейді, оның құдіретінің, күш қуатының өзі осы тынымсыз тіршілігінде. Ол тіпті құдайлар Зороастр, Заратуштра табынған оттан да күшті. Барлық зұлымдық пен қараңғылықтың бастауы - Ахриман деседі. Мүмкін, уақыттың алапат күшінің бір сыры осында жатқан болар. Әрине, мұны ұғыну үшін, ең әуелі, отқа табынушы зороастриттердің жазбаларында айтылған нәрселердің бәрін еске түсіріп, ойланып алғанның терістігі жоқ.

Уақыт үлкен қаланы күл етіп, көзге қораш мекенді көркейтіп, жаңартып жібереді. Мысалы, кезінде ғажайып қала атанған Нишапур мен жадау қала Нокан осындай күйге ұшырады. Соңғысы қазіргі Хорасанның астанасы - Мешхедке айналды. Ал алдыңғысы қарапайым ғана қала, оның бар қасиеті - Омар Хайямның бейітінің болуында. Егер мұнда осы бейіт болмаса, Нишапур не күйге ұшырар еді? Тіпті атақты көгілдір ақық өндірілетін кен көзінің өзі де оның атын шығара алмас еді.

Бірақ бұл Нишапур жөніндегі әңгіме емес, бұл әңгіме осы қаланың атын шығарған ұлы парсы философы, «Батыс пен Шығыс философтарының патшасы», «Шындықтың білгірі», «Хорасан Имамы» және тағы да басқа мәртебе иесі - Омар Хайямның даналығы жайлы.

Біздің заманымыз бен ол тіршілік еткен кездің арасында жүздеген жылдар жатыр. Бірақ Омар Хайям ұмыт болды ма? Оны кім білмейді? Оның уытты, жалынды рубаиына ерімейтін жүрек бар ма? Омар Хайямды бүкіл әлем біледі.

Омар Хайям туралы айтылған да жазылған да сөздер көп. Бірақ оның әлемге атының кең тарауы ХІХ ғасырда ғана мүмкін болды. Хайям зерттеушілер осы жайға орай мынандай деректер келтіреді. 1859 жылы ағылшын әдебиетшісі Эдвард Фитцджеральд өз ақшасына «Омар Хайямның рубаяттары» деген жұқа кітапша шығарады. Ол оған дейін Хафиз, Низами, Аттар, Руми және Жәмидің шығармаларын түп-нұсқадан оқыған болатын. Сондықтан да Фитцджеральдтың енді Омар Хайямға көңіл бөлуі орынды іс. Бірақ «Омар Хайямның рубаяттары» ағылшынның белгілі баспагері әрі кітап саудагері Бернарды Кворичтің дүкенінде екі жыл жатып қалды. Рубаяттарға ешкім көңіл бөлмеді. Эдвард кітаптың өтпесіне әбден көзі жетті. Бірақ бір күні кітап қлома-қло таралып кетті, ол небәрі 250 дана еді. Осыдан бастап Хайямға сұраныс тек Англия емес, Европаның өзге елдерінде, Америкада, Шығыста көп болды. Фитцджеральд көзі тірісінде үш рет басып шығарды, бесінші басылым ол өлген соң жарық көрді. Одан кейін «Омар Хайямның рубаяттары» тек 1926 жылға дейін 139 рет қайтадан басылып шықты.

Орыс тілінде Омар Хайям тұңғыш рет 1891 жылы «Европа Вестнигінде» ақын В. Л. Величконың аудармасында жарық көрді. Ол Хайямның 52 рубаятын орысшаға аударды. 1910 жылы орыс ақыны Н. Д. Бальмонт Омар Хайямның он бір рубаятын аударды. Жалпы Омар Хайямды аударушылар саны қырық шақты. Олардың ішінде мамандар Д. Державин мен Г. Плисецкийдің аудармаларын мойындайды.

Сонда Омар Хайям деген кім, неліктен ол әлемдегі ең озық ақынның бірі болып саналады, оның көзқарасын қалай ұғынуға болады. Осы мәселелер төңірегінде біраз ой қозғалық.

Бұл адам тіршілігін математика мен астрономияға бағыштады, өзін Әбу-әли Ибн Синаның шәкіртімін деп есептеді және поэзиямен қолы бос кезде ғана айналысты. Бірақ оның есімін өлмес даңққа бөлеген поэзиясы болды. Фирдоусиден кейін өзін ақынмын деп атауға жүрексінген адам үшін бұл нағыз ақындық бақыт қой!

Ақынның толық аты Гийас ад-Дин Абу-л-Хатх Омар ибн Ибрахим Хайям. Ол шамамен 1048 жылы Нишапур қаласында дүниеге келген кезінде, яғни ХІ ғасырда Иранның шығысында орналасқан Нишапур ел аузына ілінген шаһар болатын. Мұнда бай кітапхана, жоғары және орта білім беретін медресесі болыпты. Омардың балалық шағы осы қалада өткен, оның әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, «Хайям» - осы кәсіпке байланысты туған атау. Омар алғашқы білімді медреседен алып, әрі қарай Балхы Самарқандта білім алған.

Омар Хайям - жасынан тынығу дегенді білмеген жан, оны әркез математика мәселелері толғандырды. Дегенмен ол поэтикалық ізденістері кезінде демалды десек қателеспеспіз. Бірақ бұның да еңбек етудің бір түрі екенін есте ұстағанымыз жөн . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омар һайям
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері жайлы
Омар Хайям шығармашылығының қазақ тіліне аударылуы
Омар хайямның ағартушылық ой-пікірлері
Мектеп математикасының тарихи мағлұматтары
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Философиялық көзқарастары
Ортағасырлық суфизм ілімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz