Есірткі және нашақорлық


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3 бет

1. Тарау. Есірткі және нашақорлық түсінігі және

олардың әлеуметтік қауіптілігі 5 бет

2. Тарау. Есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін
заттардың бақылауын жүзеге асыру құқықтық
нормаларының даму тарихы 18 бет

3. Тарау. Есірткімен байланысты қылмыстардың

жалпы қылмыс қүрамы 23 бет

4. Тарау. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттар мен
байланысты қылмыстардың квалификациясы 27 бет

4. 1. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау,

тасымалдау, жөнелту немесе сату 27 бет

4. 2. Есірткі заттарды немесе жүйкеге өсер ететін

заттарды ұрлау не қорқытып алу 42 бет

4. 3. Есірткі заттарды немесе жүйкеге өсер ететін

заттарды түтынуга көндіру 48 бет

4. 4. Қүрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым

салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру 53 бет

4. 5. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды

тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе үстау 57 бст

4. 6. есірткі заттарды, жүйкеге әсср стетін немесе улы

заттарды үстау ережелерін бұзу, 61 бст

4. 7. Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жуйкеге
әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе
ұқсатуіға пайдаланатын заттардың, құрал-саймандардың

немесе жабдыктардың заңсыз айналымы , 67 бет

5. Тарау. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың
контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік 72 бет

Қорытынды 83 бет

Түп нұсқау 93 бет

Колданылған әдебиеттер 94 бет

КІРІСПЕ

Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем қоғамдастығының назарында. Өркениеттілік үшін ең қауіптісі -есірткі заттарын заңсыз өндіру, өткізу, айналымға жіберіп, тарату 1998 жылы 8-10 маусым күндері Нью-Иорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының Арнаулы Сессиясы болып, ол осы мәселені талқьлауға арналды. Бүл сессия қабылдаған құжаттар заңсыз есірткіні айналымға жіберумен күрес саласындағы Казақстанда жүзеге асырылып жатқан шараларға ықпал етуге тиіс.

Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар жонінде, оны өндіру, тарату, өткізу немесе тұтыну жөніндегі халыктың денсаулығына қауіпті істерге байланысты оны алдын алу шараларына даусыз артықшылық бере отырып, есірткіге байланысты әлеуметтік қауіпке қарсы қылмыстык-күқықтық шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өту қажет. Елдегі криминогендік ахуалды зерттей отырып, Казақстанда есірткіге байланысты ахуалды одан әрі шиеленістіру ұлттың генофондына(генофонда) нақты кауіп төңдіреді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Казақстан статистикасының көрсетіп отырғанындай есірткіні негізінен 15-тен 18-жаска дейінгі жастар пайдаланады екен. Тек бір Алматының өзінде есірткі диспансерінде 3000 -ға жуық жасөспірімдер есепте тұрады. Бірак сол уақытта мамандардың айтуынша, егер осы сандарды батыл 10- ға көбейтсек сол мәлімет нақгы жағдайға жакын болар еді. Бір нашақор жылына 17 адамды есірткі пайдалануға тартады екен. Тек бір 1999 жылы Казақстан заң қорғау органдары тарапынан 23 тоннадан астам есірткілік заттар қолға түсірілді.

Есірткіге қарсы күресте маңызды аспектілерінің бірі есірткіге байланысты қылмыстардың дұрыс квалификациясы болып табылады. 1997 жылы қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан

4

бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне есірткімен байланысты қылмыстар бөліміне белгілі бір өзгерістер енгізілді. Есірткі айналымының бақылауын реттейтін заң жүйесі және басқа да нормативтік заң актілері өзгерді және тағы да өзгерістер енгізілуде. 1998 ж. 10 шілдесінде «Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды, прекурсорларды және оларды заңсыз айналымға жіберуге қарсы шаралар туралы Казақстан Республикасының 1998 жылғы 9 наурызында арнайы Заңы қабылданды. Казақстан Республикасы Үкіметі «Бақылауға жататын есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлар туралы Каулы қабылдады.

Қоғамдық аса қауіпті қылмыстар, есебі оған қарсы шаралардың тиімділігін арттыру қажеттілігі, және оны жан-жақты қамтамасыз ету, істің барлық жағдайын нақты және толық тексеру, оған жол берілу себептері мен жағдайларын ашып, қалпына келтіру туралы 1998 жылы 14 мамырында Казақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумында «Есірткі заттарды, жүйкеге қатты әсер ететін заттарды және улы заттарды заңсыз айналымға жіберуге байланысты істер бойынша зандарды қолдану туралы қарауында Қылмыстық Кодекстің 250, 259-265 баптарын қолдануға байланысты, басшылық түсініктеме беретін қаулы кабылдауды қажет етті.

Осы кұжаттарда айтылған ережелерге сүйене отырып, автор осы диплом жүмысында есірткі заттарын заңсыз айналымға жіберуге байланысты қызмет квалификациясының теориялық ережелерін қарауға, оның қоғамдық қауіптілігін көрсетуге ұмтылды.

1. Тарау. Есірткі және нашақорлықтың түсінігі және олардың

әлеуметтік қауіптілігі.

"Нашақорлық" түсінігі медицинаға бүрыннан белгілі, адамның физикалық жөне психологиялық ахуалдарына теріс әсер ететін және тек қана күнделікті түрде белгіленген мөлшерде есірткі заттарын қабылдаса ғана жүйкенің әрекеттік белсенділігі артылатын, аурулар тобы болып табылады.

Нашақорлықтың негізгі қауіптілігі - есірткілердің жүйкеге әсерінде, яғни адамды өлермен сезімге апаратын және одан босатылу мүмкін емес қасиеттілігінде.

Есірткі заттары шынында да күшті қасиеттерге ие, бірақта бұлар жансызда да, әрі еріксіз ғана заттар. Ешбір есірткі өздігінен өз құрбанына секірмейді ғой, солай емес па? (құрбан деп -нашақорды айтып отырмын) . Есірткіні адамдардың өздері қызу қүмарлығымен пайдаланады, ал енді мұнда мөселенің барлығы, олар соны, яғни, есірткіні - қайдан алады, қалай жасайды. Барлығы бір заттар сияқты ғой? Мысалыға, опиатты алатын болсақ, ол науқастарды аурудан құтқарады жөне сонымен бірге адамды ауру қыла алады, бұлар у есебінде де және оған қарама-қарсы, яғни уға қарсы дәрі есбінде де қолданылады.

Нашақорлық - бүл негізінен (грек тілінен аударғанда- "нарко" ақыл-ойдың бүлінуі және "мания" құмартушылық деген сөзі) кішкентай дозада қолданғанда эйфория сезімі болатын, ал үлкен мөлшердегі дозаларда - ессіздену, есірткі үйқысына шалдықтыратын, ссірткіге дүлей құмарлықта сипатталатын өзімшілдердің ауруы болып табылады. 1

Есірткіні жүйелі түрде қабылдау денсаулықтың тез бұзылуына,

1 Буянов М. И. Размышления о наркомании. М., 1995.

Ішкі мүшелердің құлдырауына, невралогиялық және жүйке жүйелерінің бұзылуына, өлеуметтік кері кетуінің дамуына әкеледі.

Адамда, әдетте есірткі заттарын бірнеше рет қабылдағаннан кейін есірткіге психикалық тәуелділіктен күшті құмарлық есірткілік жындануын шақыратын жағдай пайда болады.

Сонымен бірге, физикалық немесе физиологиялық деп аталатын тәуелділіктің тереңірек болатын түрі бар. Бұл есірткіні белгілі бір мөлшермен қабылдағаннан кейін жүйкенің химиялык құрамды тканьдарына кіріп, жүйкенің әдетті заттарына айналады. Соның салдарынан есірткі жүйкенің химиялық және биологиялық тканьдарын бірқалыпты сақтаудың негізгі жолы болып қалады.

Физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін есірткінің болмауы абстиненті синдром - есірткі аштығына әкеліп соғады. Оның айқындалуы нашақордың есірткілік жындану жағдайын шақыруы үшін, әр кез дозаны үлкейтіп, есірткіні жүйелі қабылдауына душар етеді. Есірткі керек кезінде болмаса, нашақордың көңілі құлазып, сәл нәрсеге ашуланғыш болады. Катты толғанулар бірте - бірте қорқынышқа айналып, әр кез үрейленгіш болады. Нашақор өзін өте төмен сезініп, құлазып, жалғызсырап, қолайсыз сезімдерге душар болады. Ақырында өзін өзі өлтіру ойлары келіп, тіпті кейбір жағдайларда өзін-өзі өлтіруге дейін барады.

Нашақор есірткіге ашынған кезінде, нақты бір жүмысты,
ойды ойлап, оған тоқтап, шешуі мүмкін емес жағдайында болады.
Оның барлық ойы тек есірткіде болады. Ол оны қалай, қандай
жолдармен қалай да табудың амалын іздейді, аш күнде,
нашақорда, әр түрлі жағымсыз, мысалыға: қатты бас аурып,
жүйкелерінің қозуы, буындарының жансыздануы.

бұлшықеттердің талуы, әлсіреуі сияқты сезімдері пайда болады. Адамның есірткіге тәуелділігінің бастапқы кезеңдері осылай байқалады. Сонымен адам есірткінің тұтқынына қалай түскенін білмей қалады.

Есірткінің жетіспеуінен, алдында айтқанымдай абстиненттік синдром пайда болады. Әдетте бұндай сезімдер ішкі жан дүниесінің есірткіні талап етуімен байланысты, темекі шеккіш адамның қолында бірде-бір темекісі жоқ кезде, шеккісі келуімен салыстыруға болады. Содан кейін жағымсыздық болады, есіней береді, қатты терлейді, түмауға үқсас көзден жас ағып, мұрынынан су ағады. Терісі "қазыныңкідей" болып, жоғары температура кезіндегідей басы айналып, жүрегі айнып, құсқысы келеді. Буын, аяқ-қол бүлшықеттері сырқырап, қалтырап арқанмен бүрап жаткандай болып, тіпті кей күндерде өміріне қауіпті қан айналымы, тынысы тарылып есінен танып кұлау жағдайларына дейін жетуі мүмкін. Бүл жағдайлар әр түрлі болуы мүмкін. Абстиненттік синдром көп жағдайларда әр түрлі елестермсн және лақап шалықтармен және сонымсн бірге күйзеліс жағдайы, селқостық және үрей сияқты әртүрлі әсерлі ауру түрінде өтеді.

Есірткіні қабылдағаннан кейін осы жағымсыз сезімдердік барлығы басылып, тарап кетеді, бірақ үзаққа емес, өйткені бірнеше сағаттан кейін есірткі әсер етпейді де, организм барлық ауруларымен есірткіні қайта талап етеді.

Есірткіні қабылдау психикалық, физикалық тәуелділігімен бірге әр уақытта организмнің қайтымсыз өрескел бүзылуына және әлеуметтік кері кетуіне әкеледі.

Біріншіден, организмді есірткемен улау жүйке жүйесінің опасыздығына, тұлғаның құлдырауына жеткізеді. Нашақор қоғамдық ортада өзінің қылықтарының жоғары моральдық

сарындарынан айырылып, қоршаған ортаға қажетсіз болып қалады. Оның алға талаптануы және жанұяға деген, балаларына деген қызығушылығын, ата-анасының алдындағы мүддесі мем міндеттерін жоғалтаты. Бүл әсіресе қоғамға маңызды, жеке басын әлі калыптастырмаған енді қалыптастырып келе жатқан жас түлғалар мен жасөспірімдер туралы болса, үрейлене түседі. Нашақор ортаның қысымымен өзінің кемістігін жасыруы керек, бірақта ол өзін қолдайтын және кабылдайтын тілек іздейді. Өзі іздегендей топты тауып, оған кіргеннен кейін өзін өзінің әдетті, үйреншікті ортасынан сызады.

Екіншіден, дамыған немесе енді дамып келе жатқан кемістік есірткіні қабылдануды және мөлшерін әр дайым үлкейтіп отыруын талап етеді. Бұларды күнделікті сатып алуға ақша табу үшін есірткіні ұрлау, дәріханаларды бұзу, жалған рецептерді жасау, азғыру және адам өлтіру сияқты қылмыстарға дейін барады.

Үшіншіден, нашақорлық ақырында организімнің әлсіруіне, денесінің салмағын жоғалтуына және физикалық күштерінің құлдырауына әкеледі. Терісі - сұрлау құрғақ, жердің беті сияқты түске айналып, қозғалыс үйлесімділігі мен бірқалыптылығының бүзылуы пайда болады.

Организмнің улануы - ішкі мүшелердің, әсіресе соның ішінде бауыр және бүйрек ауруларының себебі больш табьшады. Сонымен бірге, ішкі тамырға егуде лас инелер мен щприцтерді қолданғанда жағымсыз салдар пайда болады. Нашақорларда терінің іріңдеуі, тромбоза - қан тамырларының салқындауы, сонымен бірге жұқпалы аурулар, мысалы гепатит, көп кездеседі.

Нашақорлар арасында жезөкшелілік, гомосексуалистік және басқада сексуалдық ауытқушылыктар кең тараған. Импотентік аурудың көрсеткіші өте жоғары, көбісі жыныстықпен

ауырады. 1984-1985 жылдары әлі ғылыми зерттеліп жетілмеген эпидемия кең етек жайды. Организмнің иммундік жүйссі бұзыльш, қорытындысында адам кез-келген хал-жағдайларға душар болады, микроорганизмнің алдында әлсіз болатын. сондықтан бұл ауру СПИД - деп аталады, (яғни, синдром пробретения иммуно дефицита) . Бүл ауру ең негізгі екі жолмен жұғуы мүмкін - жыныстық немесе кан құю арқылы.

Нашақорларға жезөкшелілік және сол сияқты көптеген басқа да бұрмалау қасиеттері тән болғандықтан, олар жай қарапайым адамдарға қарағанда СПИД ауруларымен ауруы 2 есе қауіпті, өйткені деректерге сүйенетін болсақ СПИД-пен ауыратындардың көбісі (барлығы десек те болады) - гомосексуалистер мен нашақорлар. СПИД ауруынан емделу мүмкін емес болғандықтан, бұл дертпен ауырғандар ақырында өледі. Сондықтан нашақор есірткіден өлу керек болса, СПИД-пен ауырған жагдайда ол ажалынан немесе күнінен бұрын өледі.

Нашақорлардың есірткінің дозасын үлкейтіп, оның саддарынан қатты уланып, сандырақтап, ломкалар болып, соңында өліммен аяқталатын жағдайлар сирек кездеспейді емес. Статистика бойынша Казақстанда жыл сайын передазировкадан кем дегенде 3 адам өледі.

Наркотизмде - нашақорлық ауруы сияқты нашақорлыкпен тығыз байланысты әлеуметтік құбылыс, бірақ бұл жеке топтардың есірткіні маңызды түрде сатып алып, жеке қолданатын түрі болып табылады.

Зандылық жүзінде есірткіні пайдаланудың дамуына әсер ететін және маңызды ролін - мода, еліктеушілік, конформизм сияқты әлеуметтік, психикалық феномендер атқарады және онымен тығыз байланыста болады.

"Наркотизм" түсінігі нашакорлық түсінігінен ғылыми және

тәжірибе жағынан ерекшеле неді.

Біріншіден, ол мәселелерді шешуіне қажетті кешенді

әдістемелердің жүзеге асырылуын бағдарлайды.

Нашақорлық нақты белгіленген медициналық аспектісі бар, басқа бір деңгейге (дәрежеге) өткен кезде тану құбылысы және тәжірибе күресі өте-мөте медициналық жиналыстарда ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік басқарушылықты, ұйымшылдықты талап етеді. Нақты белгіленген медициналық тұрғысы бар нашақорлық құбылысты тану және күресу тәжірибесіне өткен кезде өте-мөте медициналық отырыстарды ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік басқарушылықты, ұйымшылдықты және тағыда басқаларын талап етеді.

Екіншіден, айтылған түсініс ауруларды туғызушы нақты жағдайлар мен себептерден наркотизмнің себептерінің түсінігіне өтіп кетуге болмайды.

Үшіншіден, осындай ерекшеліктерді тағы да сол аспектіде, яғни әлеуметтік пен есірткіні күрделі қолдануды, яғни, наркотизімді - медициналық көмекті қажет ететін нашақорлық ауруымен араластыруға болмайтынын бекітемін.

Төртіншіден, жеке адамның алдына қойылған жанжалды шешуден кетіп қалу әрекетін жасаудан тұратын, есірткілерді қолданудың нақты жағдайларының негізінде наркотизм және нашақорлық мәселелері айырықша. Әдеби таңдарға және элепирикалық зерттеу материалдарының тұрақтануына мүмкіндік береді.

Әлеуметтік сұрастыруларымен келісе отырып, 43%
жағдайларында жас адамдар, олар өздерінің есірткімен

байланысқанын оған деген сезімінің, қызу құштарлығының

асқынуымен түсіндіреді, ал 17% жалғыздықтан және жеке мақсатсыздықтан, ниетсіздіктен деп түсіндіреді.

Наркотизмнің әлеуметтік жаратылысы құбылмалы (әр қоғамда оның әр даму кезеңі де өзіндік кешендік себептері мен елеулі байланыстары), жайылу дәрежесі, есірткілік тәуелділік түрі арнайы кезеңдеріне типті (мыс: олиомания, гашишимизм ит. д. ) .

Адам көшпелі өмірінін отырықшылық тұрмысына көшкеннен бері егіншілікпен айналысып келеді. Егіншілікпен айналысқаннан кейін өзі пайдаланатын және пайдалану салдарынан есеңгірететін кейбір есірткілік эффект беретін заттарды ашты. Дегенмен практикада бұл заттардың адам дамуының ерте кезеңдерінде де бұл есірткі заттарды қолдану қоғамның дамуына қауіпті екенін түсініп, олардың қолданылуын әр дайым шектеп, қадағалап отыруға тырысқан. Егер халық аңыздарына қарасақ, XIII ғасырда өмір кешкен Бейбарыс Сұлтанда сол кезде қайыр шахарында үнді сорасынан алынатын (гашиш) есірткілерді жойып отырып, от басьн талақ еткендермен аяусыз күрес жүргізген екен.

Қоғамның нашақорларға жағымсыз қарым-қатынасы олардың дамуын шектеуге, есірткі заттарын медициналық емес мақсаттарда қолдануына, өндіруіне, жоюына тыйым салуына бағытталган бірінші, жеке елдерде, кейін халықаралық заңдар, келісімдер және конвенциялар шықты. Опиіндік, нашақорлық -адам тарихының ең ертеректен келе жатқан түрі. Ол қабылданатын дәрілердің көкнөрдән және көкнөрдің өзінен дайындалатын түрі.

1806 жылы Наполеон соғысында соғысқан әскери химик Сеген Морфийді опитден бөліп шығарды, бірақ та бұл ашылу тек қана Сегенді емес, сонымен бірге қаншама ағылшындарды, мыс морфийді тері астына жіберуге ұсыныс еткен Вудта "жазаланды.

1875 жылы "Морфинизм" деген термин пайда болды. Морфинистер тез жүдейді, қартаяды, жыныстық қатынасқа қызығушылығы жоғалады, ақыл-есі бұзылады, шығармашылық өнімділігі бірден төмендейді, едіреңдеген жүріс пайда болады, бауыр және бүйрек аурулары тез дамиды. Олар есірткілердің мөлшерін үнемі көбейтуді талап ететіндіктен, тәртіп бұзушылық жолдарына тез барады. 1

Нашақорлықтың қарасораны пайдаланумен байланысты дүние жүзінің көп жерлерінде өсетін, біздің Қазақстанның Шу даласында жиі кездесетін түрі бар. Мұның құрамында оның лақап шалықтар шақыратын канна - бионадиками атты заттар бар. Гашин, анаша, қарасора - бұлардың барлығы есірткі қарасораның әр түрлі түрлерінде болатын есірткілік заттардыц синонимі көп.

Опиіндік нашақорлық пен салыстырғанда қарасораны қабылдау нашақорлығында бірінші орында адам психикалық тәуелді болады, ал физикалық төуелділігі аз-маз болады, сондықган нашақор анашадан, дәрігердің көмегінсіз оңай бас тарта алады, әрине, егер ол осы есірткіні қабылдауда сорып алмаса. Егер опиндік жәнс гашиштік нашақорлық бұрыннан белгілі болса, онда есірткінің түрлерін салыстырғанда дәрілерді жинақтаумен байланысты жақында пайда болады. Мысалыға, кейбір синтетикалық дәрі-дәрмектерді үлкен дозода қабылдағанда жылжымпаздық және эмоционалдық қызығушылық, жағымды сезімдер пайда болады. Мұндай жағдай 3-5 сағатқа созылады, кейін бейжайсыздықпен, көңіл-күйінің күрт төмендеуімен, н ашақорды осы дәрілерді қайта қабылдауын мәжбүрлейтін сезімдерге айналады. Нашақорлық тез дамиды, нашақорлар

' Лсвин М. Б. . Лсвин Б. М. Н; Ірком; шия и инркоманы. М, 1997.

бірден арықтап, терісі сұрланып, көздері үңірейіп, ауық-ауык қорқыныштар, үрейлер, жөне аңду идеялары болады. Бұрыннан кофеистер мен теистер бар, олар әсіресе сотталғандардың арасында көп болады. Кофеистер - үлкен мөлшерде кофе ішеді, ал теистер - шай ішеді. Шайдың үлкен қоспасы - чефир деп аталады. Бүл нашақорлықтың жеңіл түрі, дегенмен мұнда да аз құмарлық бар. Теистерде, кофиестерде жүрек түтікшелердің ауруынан өледі.

Нашақорлықтың тағы бір түрі дәрі-дәрмекті қабылдағаннан
кейін снатворныйдың шарттастық әсер ететін түрі бар. Бұларда
физикалык және психикалық тәуелділік ондай күшті емес,
сондықтан бұдан нашақорлар өздері емделеді. Ертеден келе
жатқан коканиндік нашақорлық бар. Кокаинистерде жиі
шалықтаулар, көңіл-күінің жоғары болуы, өзінің

мүмкіншіліктерін асыра бағалау, бейжайлық, аппетитінің жоғалуы, жүдеулік, ұйқысыздық, физиологиялық құштарлығың болмауы жиі кездеседі. Кокаин организмде тез үйлесетіндіктен, нашақорлар (кокаинестер) оны жиі қабылдануына тура келеді.

Нашақорлық біздің елімізде соңғы 10 жыл бойы көп өрістендігі бір деңгей де түр. Бірақта 90-жылдарынаң басқа кездері нашакордың дамуының ең әйгілі кездері екендігі халықаралық қорғау органдарының жөне сонымен бірге денсаулык сақтау мекемелерінің бақылауымен дәлелденген. Есірткілерді медициналық емес мақсатта қолданатын тұлғалардың саны жылдан-жылға көбеюде. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының және денсаулық мекемелерінің есептік тіркеуінде 26 мыңға жуық адам туралы, «нашақорлық диагнозымен - 10 мыңнан жоғары адам тұрды. Бірақ та бұл ресми деректерді мамандар шындықтан тіптен алыс дейді. Мамандардың мәлімдемесі бойынша Қазақстанда жалпы

халықтың 1, 3% нашақор дейді. Бұл мәлімдеменің негізгі қауіптілігі болып берілген санның 65 %-зьт 30-дан төмен жас адамдар, ал әр 14-адам кәмелетке толмағандар болып табылады. Алуан деректер арасындагы жастардың есірткі жөне есеңгіртетін заттарды қабылдауға апаратын батылдықтың негізгі ролін атқаратындар, жас ұрпақтың калыптасуы мен тәрбиеленуінде, оның жекелілігінде және қоршаған ортамен өзара қатынасындағы мінез-құлқының қалыптасуында. Бұл 3 дерек өзара тығыз байланыста. Дегенмен қалыптасу және басқада жағымсыз көріністер сияқты ұнамсыз қасиеттердің барысында, олар есірткілік және есеңгіртетін заттар мен танысуын елеулі түрде жоғарылатады (мысалы: темекі шегу, ішімдік ішу толық айтқанда әлеуметке қарсы әрекеттер) . Жанұядағы, мектептегі, мектепке дейінгі мекемелерде беретін тәрбиелердегі кемістіктер жеке баланың өз жасына сай нормалардан ауытқып, дұрыс емес қалыптасуына әкелетіндігі белгілі, ал қалыптасулар болса оның қоршаған ортамен озара. қатынасының бұзылуына әкеледі.

Әлеуметтік сұрастыруларға қарай жастардың көбі 26-28%-зы есірткілермен қатынасын арнайы шығармалар, порнографиялык және нашақорлық насихаттармен түсіндіреді. Қоғамда әрекеттерді жасауға мүмкіндік беретін, және әсер ететін немесе есірткілермен қатынасуына қысым көрсететін достар мен таныстар деп түсіндіреді.

Жалпы нашақорлықпен ауыратындардың көбісі әсіресе жасөспірімдер жасына қасиеті - психологиялық піспегендік, бұл тек аса итерлі түрде. Жас адамның есірткіге бейімділігі көбінесе оның жүйкесінің негіздерімен анықталады. Жасөспірім нашақордың арасында кішкентай кезінде тілек талаптарын қанағаттандырмағанда немесе оларды қанағаттандыра

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық - қылмыс бастауы
Есірткіге қарсы күрес
Нашақорлық - ғасыр дерті. Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Нашақорлық - қоғам дерті туралы ақпарат
Нашақорлық – тұңғиық түбі
Нашақорлық, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында
Маскүнемдік, есірткіге әуесқой, темекі тарту денсаулығын нығайту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz