Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығының пайда болуы және оның мәні


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-4
I. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығының пайда болуы және оның мәні . . . 5-11
1. 1. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылықтың тарихы және пайда болу кезеңдері . . . 5-7
1. 2. Ауыл шаруашылығының мәні және маңыздылығы . . . 7-11
II. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылықтың атқаратын қызметтері мен түрлері . . . 12-16
2. 1. Ауыл шаруашылықтың түрлері атқаратын қызметтері . . . 12-13
2. 2. Рыноктық экономикадағы ауыл шаруашылықтың түлері . . . 14-15
2. 3. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығының алатын орны . . . 15-16
III. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығының саналарын реттеу мен қадағалау . . . 17-22
3. 1. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын дамыту саясаты . . . 17-19
3. 2. Ауыл шаруашылығын реттеу түрлері мен жүйелері . . . 19-22
ІV. Ауыл шаруашылық кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары . . . 23-29
4. 1. Ауыл шаруашылық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту . . . 23-25
4. 2. Ауыл шаруашылық кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары . . . … . . . 25-29
Қорытынды . . . 30-32
Пайдаланған әдебиет . . . 33
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикасы кәзіргі таңда қарқынды әрі өркениетті дамып келе жатыр. Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Нарықтық экономикадағы меншікті нысандардың түрлері өте көп.
Соның бір нысаны ауыл шаруашылық болып табылады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өте қарқынды дамып келе жатыр.
Қазақтың алтын тамыры, ыстық ұясы, асырайтын анасы дала. Жердің перзенті ауыл. Ауылсыз даланың құны жоқ. Ауыл тағдыры жер тағдырынан келіп туады, -дегендей ауылсыз адам тұралмайды. Көптеген елдерді ауыл шаруашылық асырап отыр. Байлықтың негізгі көзі ауыл шаруашылықта жатыр
Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап, күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: « . . . барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді . . . ». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
- Егемен мемлекет құру;
- Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
- Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
- Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;
- Табиғи аймақтардың потенциальдық биоклиматтық мүмкіндіктері;
- Аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;
- Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі;
- Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының мақсаты, міндеттері мен өлшемдері;
Бағдарламада жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәісп үшін шикізат өңдірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан обьективті және қатаң түрде талданды.
Тұжырымдық бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.
Әңгіме - ауылды қазіргі орын алып отырған дағдарыс жағдайынан шығаруда ғана емес. Әрине, егіндікке жарайтын жер, шабындық, су толық және тиімді пайдаланылмай келеді. Ауыл шаруашылығы жұмыстары жан -жақты қамтылған, арзандау техника емес, білектің күшіне қарап қалды. Негізінен соның салдарынан егіндік пен мал басы кеміп кетті. Ауылдық жерде жұмыссыздық бой көтеріп, колхоз, совхоз тараған тұста жастардың қалаға қаш - қаштауы кең орын алып кеткені де белгілі. Көптеген денсаулық, мәдениет орындары қаңырап қалды.
Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр. Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске асуы мүмкін.
Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде бір - бірімен байланысты мынадай екі міндет шешілуге тиіс: нарықтық қатынастарды қалыптастыруды аяқтау және дағдарыстан шығу. Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында едәуір оң өзгерістерге қол жеткіздік: біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды; екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастадық. Сөйтіп, мемлекеттік - ұжымдық дүниетанымды жекешіл дербес дүниетаныммен ауыстырдық. Дегенмен де, экономикалық әл - ауқатымыз әлі де болса күрделі, шиеленіскен жағдайда тұр. Мысалы, бәсекелестерге қабілетсіздік, көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуы, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалту, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауы, міне, осылардың барлығы, бізде соңғы жылдары өндіріс деңгейінің екі еседен артық қысқаруына, ал бюджеттік түсімдердің одан да көбірек қысқарылуына әкелді. Сол себепті жағдайдың оңалуы үшін көп іс істеу қажет. Осы тұрғыдан шыға келіп, оқырман қауым назарына ұсынылып отырған дипломдық жұмысымда қарапайымда белгілі қағидалармен қатар аграрлық шаруашылықтың күрделі мәселері, алға қойылған мемлекеттік бағдарламалар қозғалады.
Осы дипломдық жұмыста нарықтық өзгерістерге байланысты болатын процестер мен құбылыстарды бір жүйеге келтіру, аграрлық рынокті қалыптастыру, мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, салық салу проблемалары - зерттеудің одан кейінгі маңызды тақырыптарын бір жүйеге келтіруге талпыныс жасалады.
I. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығының пайда болуы және оның мәні.
1. 1. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылықтың тарихы және пайда болу кезеңдері.
Біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ-ІХ ғасырларда қазақ даласын, оның ішінде Арал мен Каспий арасын мекен еткен сақтар, бұлардың құрамына кіретін массагет, дай, каспий т. б. тайпалар үнемі қозғалыста мал шаруашылығымен айналысып, көші-қон мен күн кешкен: шығыс Римнің елшілері Валентин мен Земарк Түрік қағаны Истемиде (Дизабул) болған сапарынан «Бұрын өздерін сақ деп атаушы, бұл ел енді түрік деп аталатын болыпты. Жылқы, қой, түйе, сиыр малдарын ұстайды» деп император Юстинан екіншіге ресми мәләмдеме жасаған.
Тарихтың атсы Геродот пен географы Страбон бірі скиф, бірі сақ деп жаза келіп, олардың бір тарамы массагеттер мен дайлар туралы: «Өздері ат үстінде де, жаяу да мықты жауынгерлер, қарулары-садақ, қылыш, қалқан, балта», - деп келтіреді. Бұл сөздерге қарағанда, массагеттер мен дайлар және оған көрші тайпалардың жылқы өсіріп, оны күш-көлік ретінде жақсы пайдаланғанына көз жеткізуге болады.
Археологтар Г. Ф. Коробкова, Б. Х. Батыровтың айтуынша. Орта Азия мен Қазақстанда алғаш қолға үйретілген мал - ешкі. Біздің дәуірімізге дейінгі алтыншы мың жылдықтар тұсындағы неолит заманы мекен-жайларынан табылған сүйектердің 80 проценті ешкінің сүйегң болса, одан кейініректегі көне мекен-жайлардан табыл, ан сүйектердің басым көпшілігі қойдың сүйектері болып шыққан. Ешкі мен қойдың қолда көптеп өсірілуі, адамдарды алыс жайылымдарды игеруге, тыңнан су көздерін іздеуге, көшпелі мал шаруашылығын кеңінен өрістетуге итермелеген. Сөйтіп үнемі қозғалыстағы мал шаруашылығы, тасымал жүктерінің ұлғаюы, күш-көліктің қажеттілігі түйе түлігін көптеп өсіруге әкеліп тірейді. Ал теңіз жағасы, аралдар, бұлақтар мен сулы қамысшылықтарды сағалаған отырықшыларда сиыр малы өсіріледі.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келеді. Қазақ жерінде Б. З. Д. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, қой, түйе өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел-археол, қазбалардан табылған қыш құмыралардағы арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамды. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерлер өңделеді. XVI-XVII ғасырдан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістандағы сарайында болған Ресей елшісі В. Кобяков жергіліктк тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетінін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығы мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық жасалды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау бақша егілді. ХХ ғасырдың 30 жылдарынан 90 жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымдар) құрады.
Қазақстанда балық шаруашылығы 1907-1910 жылдан бастап қармақпен мұзастынан аулып басталған. Кейінгірек ықпа аулармен алабұға ауланып тек 1930 жылдан бастап ғана ондағы балық өнеркәсібі бірсыдырғы дами бастады. Балқаштың негізгі кәсіптік балықтары шармай мен Балқаш алабұғасы. Балқаш көлінде тіршілік ететін балықтардың жоғарыда келтірілген бес түрінен бастағанның барлығы кейінгі жылдары жерсіндірілген. Балқаштың соңғы жылдары 118 мың центнерге жуық балық ауланды. Мұнда сазанның, көксеркенің табан балықтарының түрі басым. Көксерке Балқаш көліне 1918-1958 жылдары ңана Орал өзенінің сағасынан әкеліп жіберілді. Қазір жақсы жерсініп кетті. Ал сазан Балқаш көліне ең алғаш жерсендірілген балықтардың бірінен саналады. Ол 1905 жылы ғана Балқаш көлінен 54 шың центнер сазан ауланған. Табан балық Балқашқа Сырдария өзенінен 1949 жылы әкелінген. Алғаш әкелінген 598 табан. Жаңа ротаға тез қалыптасып 1961 жылдан бастап оны кәсіптік мақсатта аулауға рұқсат етілген. Он жыл өткен соң жылма жыл 18 мың центнерден астам табан ауланғаны туралы мәлімет бар. 1933-1934 жылдары Іле өзеніне Арал теңізінде тіршілік еткен пілмай деп аталатын 289 балық жерсіндірілді. Балқаш көлінде кездесетін пілмайдың дене тұрқы 1 м 30 см салмағы 9-9, 5 кг болып келеді. Пілмайлар 30 жыл жасайды. Жайын ақшарқа, ақ амур және т. б. балықтар да Балқаш көліне мүлде жерсініп кетті, кейінгі жылдары әкелінген дөңмаңдай (1958 жылы), ақ амур (1962 жылы) балықтары сондай ақ сазан мен тұқының күріш плантацияларында агротехникалық шараларда «жүргізеді». Олар күрішке зиян келтірмейтін, оның тамыр жүйелері мен сабақтарының қалыпты өсуіне жағдай жасайды, топырақты қопсытып, оны тыңайтады. Зиянды жәндіктерді құртады, күрішшілерге жәрдем етеді.
Жандары ашитын Алаш басшылары жасаған, ұсынған жер туралы заң жобасында олар әуел бастан жер сату деген болмауы, әркім өз жерін өзі пайдалануы керек деп көрсеткен . Пайдасынан артық жер астығы байлығы қазынанікі болып билігі земство қолында болуы тиіс. Аса зор ағаш (орман) ірі өзендер мемлекеттік болып аз ағаш көл байлықтары болып земство мүмкіне салынуға тиіс. Бұл заң жобасында Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов барлығы жеті адам болып қол қойған. Кешегі өткен ХХ ғасырдың осы қазақ даласында 40 млн. қой, 5 млн. жылқы, жарты млн. түйе өсірілген кезде солардың панасы да қорғаны да болған қазақ ауылдары. Қазақтың өоралары мен киіз үйлері қазақ өлкесінде алғаш өнркәсіп орындары орындай бастағанда соларға келіп жұмысқа тұрған жер астына түсіп кен қазған тұз тасып мұнай шығарған сол қазақ ауылының азаматтары. Түркісіптің қос шегін тартып, ”қара айыр тізгінін” ұстаған да сол Мұхтар Қаптағаев пен Әбілхан Қастеев та, үй-үйді аралап айтыс өткізген. Жамбылда сахнадан сөйлеген Қалибек Қуанышбаев осылардың бәрі де ауылда өскен. Сонау тарихты шолып өтсек, ауылға деген ынта-ықаластың қамқорлықтың аз болғанын көреміз. Брежнев 1980-ші жылдар басында Қазақстанда қой санын 50 млн-ға жеткізейік деген міндет қойған. Оған күдіктенушілерге Димекең (Д. Қонаев) “Жігіттер, саспаңдар бұдан Қазақстанға пайда болса зиян келмейді. Осының арқасында орталықтан қаржы алып, далада жолдар салып, су тартып аламыз”-деген.
Осындай қамқорлық жақсылықтыңда екінші бір жағы болды. Ауылды аялайтын емес, ауыл адамдарына аяншақ жағдай жасауға тырысқан кеңес үкіметі кей кезде күткен нәтижеден шыға алмайтын. Бұрын ауылда қалай тіршілік болғанын бір газетте былай суреттейді.
“Малшыларға шөпті біреу дайындайды, жемді біреу әкеп береді, қорасын біреу салып үйін басқа біреу үшін біреуі бәрі үшін деген заманның жанашырлығы, жақсылығы болар. Бірақ ақырында сол қамқорлық жақсылық та болып шықпайды. Бірақ ол үшін кешегі заманды кінәлауға болмайды. Қазақстан секілді табиғаты қатал, жем шөбі аз аймақта соншама малды бағып, өсіру, көбейту ойға түспейтін”.
1. 2. Ауыл шаруашылығының мәні және маңыздылығы.
Ауыл шаруашылықтың-материалдық өндірістің ең маңызды түрі. Негізгі салалары-егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына ауыл шаруашылық дақылдарының, малдық түрі, топтары, т. б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Ол халықты азық түлікпен (сүт, май, ет тоңмай, т. б. ) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің шикізатпен қамтамасыз етеді. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік экономикалық өзгерістер болды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағында 149, 1 млн. га жер бар. Оның 25, 7 млн. га егістік 3, 6 млн. га жайылым (1998) . Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңарту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық
қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды. [247-249]
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына келсек әлемде жайлау-жайылымы жан бпсына шаққанда бізден асатын ел жоқ. Бізден 180 млн. гектар егіндікке, шабындыққа, жайылымға жарайтын жер бар. Табиғаттың өзі бұл өлкені мал бақсын ең алдымен қой мен жылқы өсірсін деп жаратқан. Осынша жайылымды суландырып қыста қар тоқтатып көктемде тоғандар тоспалар салып күтіп баптаса 2 гектар жайылымда бір қой ұстауға болар еді. Ондай жоспар-жобалар талай рет жасалған. Расында 1916 жылы 18 млн. қой болған. Солақай саясат, қолдан жасалған ашаршылықтан кейін 1930-шы жылдардың басын да 2 жарым млн. ғана қалды. Даланың шөлімен бірге туысып өскен қой қайта көбейе бастады. Ақыры 1980-ші жылдардың аяғында 36 млн. жетті Содан жаппай реформа асығыс жүріп шаруашылықтар таратылып, ұсақ қожалықтар орнын басты. Жайылым жайлаудың ортасында отырған адамдарға жеке меншігіне мал берсек ол малды асырайтын жер бөлсек нарық, баршаруаны өзі бағыттап, бастап алып кетеді ғой деген жоспар жақсы ой болған еді. Бірақ бар мал мен байлықтың бестен бірін қолдарына алған ауыл басшылары сонша малды талапайға салып берекесін кетірді. Ақыры 4-5 жылдың ішінде 36 млн. қойдан 9 млн. қой ғана қалды. Миллиондаған бас қой болып мыңдаған тонна ет дайындалып жатқан кездерде сондағы үкімет басшылары бізге сонша малдың сонша еттің, не керегі бар қажет болса етті Австралия мен Аргентинадан алып келеміз өзіміздің еті аз және дәмсіз деп көкіді. Ал шынында ет бал татитын құйрығы қазандай еділбай тұқымбас қойлар қандай еді. Олардағы арабтар алғаш көргенде ұшаққа салып алып кетіп жатты ғой.
Балық шаруашылығының маңызына келетін болсақ. ТМД суларында әлемдегі барлық балықтардың 1500-ге жуық түрі. Ал, республикамызда балықтардың 140 түрі тіршілік етеді деп есептеледі. Совет Одағы әсіресе кәсіптік балықтарға бай. Елімізде кездесетін балықтардың 250 түрі кәсіби балық және олардың 100-ге жуық түрі басқа ел суларында мүлде тіршілік етпейді. Мысалы: дүние жүзінде етінің дәмділігімен өндірілетін өнімдерінің құндылығы және қара уылдырығымен танымал болған бекіре тұқымдас балықтардың 95%-і ТМД елдерінің суларынан ғана ауланады. Еліміз көксерке, ақсаха, сазан, хамса, қамбыла, табан балықтардың малшылығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Балық аулау негізінен мұхит пен ашық теңіз арқылы жүзеге асырылады. Алайда соңғы кездерде көптеген мемлекеттер өз территориясындағы балық ауланатын су аймағы ұлғайта түскендіктен мұхиттан балық аулауды дамыту мәселесі біраз қиындық келтіруде. Бізге 1960 жылдардан бастап тоғанда балық өсіру ісінің дамығаны белгілі, товар түрінде балық өсіру ісінің дамығаны белгі товар түрінде балық өсіру жөніндегі балық шаруашылығының жаңа формасы балықтарды тоғандарда өсіру негізінде пайда болды. Товар түрінде балық өсіру дегеніміз балықтарды бақылауға болатын жағдайларда:бассейндерде, жылы суларда, көлдерде, күріш плантацияларында және ирригациялық, су қоймаларында өсіру, сондай-ақ молюскілерді шаян тәрізділерді, балдырларды және т. б. өсіру
Балықтарды тоғандарда өсіру және оларды жетілдіру нәтижесінде балық шаруашылығында екі сала пайда болады:балығы бар су қоймаларында (теңіз, көл, су қоймасы және өзендер) пайдалану негізінде балық аулау мұнда балық табиғи жағдайда ұрпақ беріп отырды. товар түрлерінде балықтарды аулау балықтарды бақылауға болатын жағдайда өсіру негізделген. Тоған шаруашылығы техникалық процестің барлығын тікелей адам бақылап отырды, сондықтан оның тиімділігі жұмсалған адам күшінің мөлшері мен сапасына байланысты анықталады, бұл жерде табиғи фактордың айтарлықтай тигізер әсері жоқ. Қазіргі кезде ішкі судан балық аулауға да баса назар аударылуда. КПСС XXV съезінің негізгі бағыттарында ішкі су каналдарда балықтың және бағалы түрлерінің қоры көбейтілсін. Мемлекеттік тоған шаруашылығында балық өндіруді 1, 7 есе өсіру кездессін» деп көрсетілген. Қазақ ССР министрлер советінің балық шаруашылығын дамыту жағдайындағы бұдан барлығы қараған мәселесінде-бір жастағы тұқы мен басқа да бағалы балықтардың бағалы біржылдық шабақтарын тоғандарда және ьалық шаруашылығында өсіру 1975 жылы миллион данаға жеткізілген және кәсіптік бағалы балықтар шабағының 22 миллион данасын Республикамыздың ішкі су қоймаларына жіберу жүзеге асырылсын-деп көрсетуі республикалардың ішкі су қоймаларындағы шаруашылығына баса назар аударғандары болып табылады. Бұл жерде ішкі су қоймаларының халық шаруашылығы су қоры ретінде маңызын ескертусіз қалдыруға болмайды. «Сусыз өмір тұссыз аспен тең», «Су-табиғаттың ажары», «Сулы жер пулы жер», «Сулы жер тұрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»-деген халық даналығы адам өміріндегі судың маңызын қосымша анықтамасыз ақ дәлелдеп отыр. Табиғаттағы су қорын сақтап, оны ұлғайту себебін де осы халық даналығынан түсінуге болады.
Біздің Республмкада жалпы көлемі 7 миллион гектардан астам үлкенді-кішілі көлдер бар. Осы судың 3 миллион 300 мың гектары балық өнеркәсібіне бекітіліп берілген, сондай-ақ Қазақстанда көлемі 900 мың гектардан астам салынып жатқан және салынып болған 29 су қоймасы бар. Олардан ауланатын балыұтардың түрі де сан алуан осыған орай Республика суларындағы балықтар әлемінде түрліше болып келеді. Республиканың солтүстік өзен көлеміндегі балықтардың түрі еліміздің европалық су қоймаларында тіршілік ететін балықтар түрін қамтиды. Мұндай балықтарға:алабұға, аққайран, нәлім, сазан, сылан, таймень, шортан, ақбалық, мөңке, т. б. балықтарды кездестіруге болады. Қазақстандағы ішкі сулардың ксіптік маңызы және олардан ауланған балық пен балықтан әзірленген тағамдар жағынан Республикамыз ТМД елдері бойынша екінші орын алады. Каспий, Арал теңіздері Балқаш көлі, Қашағай су қоймасы, сондай-ақ Жамбыл, Шымкент, Астана, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Орал, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Торғай, Қызыл-Орда, Алматы, обылыстарындағы өзендер мен көлдер кәсіптік маңызы бар балықтардың мекені болып табылады. Олардың ішінде балық малшылығы жөнінен Каспий теңізінің алатын орны ерекше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz