Зейін түрлері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р :

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Зейін туралы жалпы ұғым.

2. Зейін түрлері

3. Зейіннің негізгі қасиеттері

Қорытынды

Зейін

Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылсысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейіпінен жақсы көрінеді ( бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б. ) . Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісіні шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді.

Психикалық әрекеттердің бет алуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып отвыратындығын, заттардың, құбылыстадың сәулесін, санамызға түсіретінін көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбекте де зейін үлкен орын алады.

Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінде де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне, мұғалімнің әңгімесіне зейін қойып құлақ салмаса, оларды жақсы ұғып, есінде қалдыра алмайды. Оқушылардың үйреншікті зейіні жақсы болғанда ғана, олар материалды жақсы түсініп, көп ұғып алады.

Зейінді психологиялық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше бір сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән - күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Зейіннің пайда болуына, көтермеленіп отыруына бірнеше жағдайлар себеп болуы мүмкін. Мысалы, әсер етуші заттардың күші және әсер ету уақытының мөлшері т. б. Егер әсер етуші заттар күшті, көрнекті, ашық болса, соншама ол заттарға адам зейінін молырақ бөледі. Сондай - ақ тітіркендіргіштердің әсер ету мөлшері ұзақ болса, оларға да адам еріксізден зейін аударады. Біріне бірі қарама - қарсы заттар да еріксіз адам зейінін туғызады. Мысалы, электр шамы жанып тұрса біз оған көңіл бұрмаймыз. Ал енді ол біресе жанып, біресе сөніп тұрса, біз оған еріксізден зейінімізді бұрамыз. Эмоциялық әсерлерге де адам көбірек зейіңнін бұрады. Адамның өткен тәжірибесімен байланысты тітіркендіргіштер де зейінді өзіне тартады.

Зейіннің физиологик негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И. П. Павлов егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы) .

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.

Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атайды. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлзіз қозу процестерін өзіне тартып лаып отырады. Осыдан мидың күшті қозғыш алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу Әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың «Қозудың оптимальдық алабы» дейтін теориясы одан сайын толықтыра түседі.

И. П. Павловтың оптимальды қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.

Қозу процесі ешқашан да ми қабығына бірқалыпты тегіс тарамайды, өйткені ондаәр уақытта қозупайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: « Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болмсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдып көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуыосы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.

Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір- біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатындығын жақсы көрсетеді.

2. Зейін түрлері

Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Ырықсыз зейін - ең қарапайым және адамда көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар (пассив), еріксіз деп те атйды, себебі ол адамның алдына қойған мақсатына тәуелсіз туындайды, әрі әрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды өзінің қызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады.

Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл түрі адамеың еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектіккүш салуларының нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп те сипатталады.

Сыртқы дүниенің кез-келген объектілері кейде ырықсыз - ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т. б. ) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерлерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өиірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - ырықсыз зейіннің бұлағы. өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Еріксіз зейін - адам әдейілеп алдына мақсат қойып, жігерін жұмсамаса да, дүниедегі заттардың әсері арқылы өздігінен пайда болған зейін. Мысалы, лекцияда отырғанда бір адам жүгіріп келіп, есікті ашып қалса, студенттердің барлығыда оған жалт етіпқарайды немесе даладан біреудің қатты дауысы шықса, барлығы да соған еріксіз қарайды. Еріксіз зейін көбінесе адамның қызығумен байланысты, оның рухани мақсаттары мен байланысты. Егер театрда көрген ойынымыз, я болмаса естіп отырған лекциямыз өте қызық болса, біз әдейілеп күш жұмсамай - ақ, оларды көріп, тамашалаймыз. Ал ерікті зейін адамның ерік-жігерін жұмсап, алдына саналы түрде мақсат қоюды керек етеді. Адамда ерікті зейін пайда болу үшін ол әдейілеп зейәнні басқа заттарға, болмыстарға, құбылыстарға бөліп отыруы керек. Оқу - тәрбие процесінде ерікті зейін өте үлкен орын алады. Адамда ерікті зейін болмаса, жақсылып еңбек өнімін де арттыра алмай, оқуды да жақсылап ұға алмайды. Бұл зейіннің осы екі түрі біріне - бірі ауысып, көшіп отыруы мүмкін. Ерікті зейін еріксізге, еріксіз зейін ерікті зейінге ауысады.

Егер емтиханға дайындалу үшін бір кітапты оқу керек болса, оның ешбір қызық емес екендігін білсек те, ол бізге керек болғандықтан, бар зейінімізді жұмсап, оқи береміз. Ал енді сол кітапты біраз оқыған соң, бара-бара жаңағы кітап өте қызық болып кетеді. Енді соның ішіндегі уақиғалар бізге әсер етіп, біз әдейілеп ерік-жігерімізді жұмсап оқымасақ та, оны ары қарай қызыға оқимыз. Зейіннің физиологиялық негіздері жөнінде бірнеше теориялар бар: ол теориялар түрлі -түрлі болғанмен негізінде бір - біріне өте ұқсас. Мысалы, Англия физиологы Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар бір-бірін толықтырып, я болмаса бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама - қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып ілсіздері жеңіліп, күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психологияларға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. Өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғышқы ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді. Академик И. П. Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін мида пайда болатын индукция заңдары мен байланыстырады. Бұл заң бойынша мидың бір саласында пайда болған қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы, я болмаса пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. Мысалы, егер мидың бір саласында күшті қозу пайда болса, ол мидың басқа салаларына әрекет етіп, оларға бөгет жасап, қозуды тудырмайды, я болмаса қозу мидың бірнеше салаларында бірдей пайда болса, қозулардың ең күштісі басқаларын меңгеріп отыруы мүмкін. Павловтың пікірінше, зейін кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметмен байланыстырады. Мәселен, итке бір дегеннен бірнеше тітіркендіргіш әсер етсе, ит олардың бәріне жауап қайтармай, сол қоздырғыштың ең күштісіне ғана, әсіресе бұрыннан өзіне таныс болғандарына ғана жауап қайтарады.

Зейіннің негізгі қасиеттері

Зейін сананың белгілі нысанымен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиеттерін айқындайды. Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі кіреді. Тұрақтылық - зейіннің уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгілі бір нысанға көзделу мерзімінің ұзақтығын аңдатады. Тұрақтылық - перифериялық (шеткі) және орталық жүйке факторларына тәуелді. Эксперименттік зерттеулерге қарағанда, зейін белгілі уақыт аралығында қайталанып отыратын ырықсыз тербеліс сиптында болады. Бұл тербелістердің уақыт ұзақтығы 12 секундқа дейін созылуы мүмкін. (Н. Ланге) . Мысалы, сағат тықылына зейін қоятын болсақ, бірде ол тықыл естіліп, бірде байқалмайтынын сеземіз. Ал күрделі объекттерге назар аударсақ, ондағы тербелістер басқаша - заттың кейде бір бөлігі, екіншідңе басқа бөлігі фигура түрінде елестейді. Бірақ ескеретін жайт: шын мәнінде, зейіннің өте қысқа уақыт аралығындағы майда тербелістері жалпыланған заңдылық сипатына ие емес. Бір жағдайда зейін жиі ауыспалы қысқа тербелістерге келетін болса, ендігі бір жағдайларда ұзақ мерзімді тұрақтылығымен сипатталады.

Қазіргі күнде дәлелденгендей, зейін тұрақтылығының ең бір мәнді шарты - назардағы нысанның жаңа тараптары мен байланыстарының ашылу мүмкіндігінің болуы. Алға қойған мақсатқа орай зат көзге алынып, оның бөліктерінің өзара байланыстары мен бір-біріне кірігулерінің жаңа қырларын ашатын болсақ, зейін узақ уақыт өзінің тұрақтылығын жоғалтпайды. Ал еазарға алынған заттың мазмұны одан әрі зерттеуде өзінің жаңа ерекшеліктерін таныту мүмкіндігіне ие болмаса, зейін күйзеліске келіп, алаңдауға түседі. Басқаша айтсақ, қандай да бір нысанға бағытталған зейіннің тұрақты болуы сананың қозғалысты қалпына байланысты. Көздеген нысанымыз дамуда болып өзінің жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажетті.

Егер де зейін барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрініс тапса, онда қандай да ақыл-ой жұмысы болуы мүмкін емес. Кезегінде, затты тануға ақыл-ой әрекетінің араласуымен зейін турақтылығы күшейе түседі. Сонымен бірге, зейін тұрақтылығы бірқанша жағдайларға байланысты келеді. Олардың ішінде: материал ерекшелігі, оның қиындық деңгейі, бұрыннан таныс, не белгісіз болуы, түсініктілігі, субъекттің оған деген қатанасы,

сондай-ақ зерттеуші-үйренушінің дарлық қасиеттері.

Зейіннің шоғырлануы - оның белгілі бір нысанға бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс - әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Зейіннің шоғырлануы ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты ( Н. А. Ухтомский ) . Дәлірек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтары қозудың және сонымен бір уақытта жүретін бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуінің салдарынан келіп шығады.

Зейіннің бөлінуі деп адамның өз зейінінің ауқымында бір уақытта бірнеше әртүрлі нысандарда ұстай алу қабілетін түсінеміз. Осы қабілетіне ора й әр адам бір мезгілде бірнеше әрекеттердіөз зейінінде ұстап, орындау мүмкіндігіне ие. Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, адам тек қана бір істі, кейде екі істі саналы орындау мүмкіндігіне ие. Бұл жағдайда орындалып жатқан жұмыстың бірі саналы зейінді қажет етпейтіндей, автоматтандырылған дәрежеде болуы қажет. Егер бұл шарт сақталмаса іс-әрекетті біріктіріп орындау мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін және оның қасиеттері
Зейін және оның түрлері
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Ырықты зейін
Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі баланың зейін ерекшеліктері
Адам психологиясы
Зейін және тұлға
Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz