Ультрадыбыстың организмге әсері


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлімі
- Ультрадыбыстың организмге әсері.
- Аппаратура
- Әдістеме
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ультрадыбыс бұл тығыз физикалық ортаның жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпінді механикалық тербелістері, яғни толқындары ұзына бойлап тарайтын және ортаның жиырылуы мен созылуына алып келетін жиіліктердің жоғары дыбысты акустикалық диапазонында. Терапиялық тәжірибеде жиілік диапазоны 800-3000 кГц ультрадыбыс қолданылады.
Ультрадыбыстың организм ұлпаларына терең енуі үшін ультрадыбыс тербелістерінің жиілігі мен оған байланысты толқын ұзындығы маңызды. Тербелістер жиілігі қанша көп болса, ену тереңдігі сонша кем болады. 1600-2600 кГц ультрадыбыс 1 см тереңдікке енеді, ал 800-900 кГц -4-5 см. Сонымен бірге ультрадыбыстың ұлпаларда тарау жылдамдығының да ролі бар. Ол ортаның тығыздылығына және акустикалық қарсылықтың мөлшеріне байланысты. Мысалы, сұйық орталарда ультрадыбыс толқындарының тарау жылдамдығы 1500 м/с, қатты ортада -4000 м/с. Сондықтан біріңғай емес орталарда (организм ұлпалары) ультрадыбыстың тарауы біріңғай емес. Ультрадыбыс қуаты сүйек ұлпаларында, әртүрлі ұлпалар шегарасында, клеткалардың ішкі мембранасында көп сіңіріледі. Ультрадыбыс толқындарын ауада шағылысуы төмен болғандықтан емдеу үшін контактты ауасыз орталар қолданылады- вазелин майы, глицерин, су және т. б.
Ультрадыбыспен әсер ету режимі үздіксіз және импульсты түрде болады. Үздіксіз режимде ультрадыбыс біртұтас ағым түрінде бағытталады. Импульсты режимде қуат ағымы үзіліспен кезектеседі. Ультрадыбыс қуатын жіберу және үзіліс уақыттары әртүрлі болуы мүмкін. Импульс ұзақтығы 2 мс болса үзіліс 18 мс созылады, импульс 4 мс болса - 16 мс. Импульс ұзақтығы қанша кем болса, ультрадыбыс әсері сонша аз болады. Физиотерапиялық аппараттарда ультрадыбыс тербелістерін алу үшін кері пьезоэлектрлік эффект қолданылады, яғни бұл кейбір кристаллдарда (кварц, барий титанаты) пайда болатын физикалық құбылыс. Мұндай кристаллдарға (пьезоэлементтерге) жоғары жиілікті айнымалы тоқпен әсер еткенде олар кезек-кезек жиырылады және созылады, яғни тербелістер пайда болу негіздері түзіледі.
Ультрадыбыстың организмге әсері.
Ультрадыбыс организмге механикалық, физикалық-химиялық сипатта әлсіз жылулық ретінде әсер етеді.
Ультрадыбыстың механикалық әсері - айнымалы акустика-лық қысым ұлпаларға микромассаж жасайды, жасушалардың қызметтері өзгереді: олардың мембраналарының өткізгіштігі артып, диффузиялық және осмостық процестері күшейеді, қышқыл-негіз тепе-теңдігі, жасушалардағы субмикроскопиялық структуралардың өзара байланысы өзгереді. Ультра-дыбыстың термиялық әсері біріншіден механикалық қуаттың жылуға айналуына, екіншіден биохимиялық процестердің күшеюіне байланысты. Ұлпаларда пайда болатын эндогенді жылу тегіс тарамай, көбінесе тығыз ұлпаларда және олардың шегара-ларында болады. Ұлпалар қызуының көтерілуінен қан және лимфа тамырларын кеңееді, микроциркуляция өзгереді, мұның нәтижесінде ұлпаларда зат алмасу процестерінің белсенділігі артады. Ультрадыбыстың қабынуға қарсы және сіңіру әсері бар.
Ультрадыбыстың физика-химиялық әсері - клетка іші моле-кула комплекстері кеңістігінің қайта құрылуы. Бірқатар фермен-ттердің белсенділігі, ұлпаларда тотығу-тотықсыздану процестері күшееді, клеткалардың митоздық белсенділігі жоғарылайды, ұлпаларда биологиялық белсенді заттар пайда болады (гепарин, гистамин, серотонин және т. б) .
Ультрадыбыс жалпылай және жергілікті жағдайда әсер етуі мүмкін.
Ультрадыбыс ауырсынуды басу, сіңіру, қабынуға қарсы, фибринолитикалық әсер етеді. Оның әсерінен регенерация және репарация процестері күшееді, жүйке-бұлшық ет аппаратының қозуы жоғарылайды, шеткі жүйке талшықтарынан импульс өтуі күшееді.
Ультрадыбыстың жаңа әдісі- дәрілік заттардың ультрафонофорезі (фонофорез) . Бұл ультрадыбыс пен дәрілік заттардың бірге әсер ету әдісі. Дәрілік заттар ультрадыбыспен тері және шырышты қабықтар арқылы денеге өтеді. Фонофорез процедурасын жүргізгенде контактты орталардың (вазелин, ланолин, глицерин) орнына дәрілік сұйықтықтар, майлар, эмульсиялар қолданылады.
Ультрадыбыс терапиясы тірек-қимыл аппараты ауруларында (артрит, артроз, ревматоидты артрит) ; шеткі жүйке жүйесінің жарақаты мен ауруларын; ас қорыту жүйесінің ауруларын (асқазан және ұлтабар жарасы) ; көз ауруларын (конъюнктивит, кератит) ; құлақ, тамақ, мұрын ауруларын (тонзиллит, фарингит) ; урологиялық аурулар (простатит) ; әйелдер жыныс аурулары (сальпинго-офорит) ; стоматологиялық ауруларды (парадонтоз) және кейбір тері ауруларынемдеуде қолданылады.
Ультрадыбысты терапияны қолдануға болмайтын жағдайлар: жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, аритмия), гипертониялық аурудың ІІ-ІІІ дәрежелері, тромбофлебит.
Ультрадыбыс терапиясының әсері оның қарқындылығына, әсер ету аймағына және процедураның ұзақтығына байланысты. Ультрадыбыс тербелістерінің қарқындылығы (Вт/см2) - 1 с ішінде ауданы 1 см 2 болған аппарат сәулелендіргіші арқылы өтетін ультрадыбыс қуатының саны (ватт) .
Төмен қарқындылықты ультрадыбыс тербелістері әдетте бас аймағы мен симпатикалық ганглияларға, ал жоғары қарқын-дылықты тербелістер - аяқ немесе қолға әсер ету үшін қолданы-лады. Ультрадыбыспен жеке учаскелерге әсер етуге болады, бұл кезде бір учаскенің ауданы 150-250 см 2 -тан аспау керек. Жеке учаскелерге әсер ету ұзақтығы орташа 5-10 минут, бірнеше учаскелерге - 5 минуттан артық емес. Процедураның жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек. Процедура күнде немесе күнара жүргізіледі. Емдеу курсы 8-10 процедура.
Ультрадыбыс толқынының графикалық бейнесі
Аппаратура
Ультрадыбыс терапиясында қолданылатын аппараттар: ультрадыбысты терапиялы стационарлы (УТС-1, УТС-1М) және портативті (УТП-1, УТП-3М, УЗ-Т5, УЗТ-101, УЗТ-102, УЗТ-103, УЗТ-104, УЗТ-31, ЛОР-1А, ЛОР-2, ЛОР-3) аппараттары.
УЗТ сериялы аппараттарының әртүрлі сәулелендіргіші бар. УЗТ-101 аппараты ішкі ағзалар, сүйек-бұлшық ет және жүйке жүйесі ауруларын емдеуде, УЗТ-102 - стоматологиялық аурулар-ды, УЗТ-103 - урологиялық ауруларды, УЗТ-104 - көз аурула-рын, УЗТ-31 - гинекологиялық ауруларды емдеу үшін қолданы-лады.
ЛОР-1А, ЛОР-2, ЛОР-3 аппараттары отоларингологиялық тәжірибеде қолданылады. Ультрадыбысты терапияның барлық аппараттары қоректендіру блогі бар жоғары жиілікті электр тоғы генераторы мен пьезоэлемент пластинкасы бар ультрадыбыс сәулелендіргішке ие. Қазіргі заманда көп қолданылатын аппарат болып УЗТ-101 есептеледі, жермен байланысты талап етпейді. Ол импульсты және үздіксіз режимде жиілігі 800 кГц ультрадыбыс тербелістерін таратады.
Аппараттың басқару панелінде сәулелендіргіш кабелін қосу ұясы, жоғары кернеулі индикатор шамы, кернеу желісінің (сеть) индикатор лампашасы, желіге қосу клавишасы, сәулелендіргішті ауыстыру клавишалары, ультрадыбыстың тербеліс қарқындылығын ауыстырғыш клавишалары (барлығы бесеу - 0, 05; 0, 2; 0, 4; 0, 7; 1, 0 Вт/см2), жұмыс режимін ауыстырғыш тұтқа (үздіксіз, импульсты) және процедура сағаты орналасады.
Әдістеме
Дәрігердің нұсқауымен танысқаннан соң мейірбике науқасты процедураға даындайды. Науқасты әсер ету аймағына қарай өзіне қолайлы етіп жатқызу немесе отырғызу керек. Науқасқа процедура кезінде жылу сезетіндігін ескертеді. Егер науқас ашыну немесе ауырсыну сезсе бұл процедура дұрыс жүргізілмегендіктің, ультрады-быстың қарқындылығының жоғары болғандығының немесе ультрадыбысқа сезімтал екендігінің белгісі болып табылады.
Ультрадыбыс терапиясы көбінесе контактты әдіспен жүргізіледі, яғни науқас терісіне вазелин, ланолин немесе глицерин жағып әсер етеді. Тегіс емес аймақтарға су арқылы, яғни су толтырылған ыдысқа науқас денесінің учаскесін батырып әсер етеді. Бұл кезде су температурасы 32-36қС және оны газсыздандыру үшін қайнату керек. Су арқылы әсер еткенде сәулелендіргіш пен науқас денесінің арасы 1-2 см болу керек.
Офтальмологияда контактты орталар (май, су) үшін арнайы ваннашалар болады.
Аппаратты іске қосудың алдында сәулелендіргіштің кабелін ұясына жалғайды. Одан кейін аппаратты тоққа қосып желіге қосу клавишасын басу керек, бұл кезде жасыл сигнал шамы жанады. Жұмыс режимі, сәулелендіргіш нөмірі, ультрадыбыс қарқындылығы дәрігердің нұсқауымен белгіленеді. Процедура сағатын ақырына дейін айналдырып, процедура уақытын белгілеу керек, бұл кезде жоғары кернеулі индикатор шамы жануы тиіс.
Аппаратты тоққа қосқаннан кейін оның жұмысын тексерген жөн, себебі, сәулелендіргіште орналасқан пьезоэлемент уақыт өтуімен істен шығуы мүмкіе. Сәулелендіргішті тексерудің екі әдісі бар:
1) сәулелендіргішті суы бар ыдысқа салғанда ыдыста су көпіршіктері пайда болады;
2) сәулелендіргіштің бетіне бірнеше тамшы су немесе вазелин майын тамызғанда ол “қайнау” керек.
Процедура беру тұрақты және тұрақсыз түрде болуы мүмкін. Тұрақсыз әдісте сәулелендіргішті науқас денесі бетімен жаймен, жиілігі 1-1, 5 см/сек жалдамдықпен жылжытады, ал тұрақты әдісте сәулелендіргішті науқас денесіне бекітіп қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz