Дене шынықтыру пәнінде ойнатылатын ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні



1 Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті
2 Ұлттық ойындар
3 Салауатты өмір салтын ынталандыру
4 Әр ұлттық ойынның мазмұны мен әдістемелерінің өз ерекшеліктері
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу.
1. «Қазақстан кәсіпкері» журналы № 2, №5 2007 жыл
2. «Мектептегі дене шынықтыру» №5 2008 жыл
3. Е. Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы «Рауан» 1991 жыл
4. С. Бегалин «Заман белестері»
5. «Спорт және дене шынықтыру» №6,8 2007 жыл

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дене шынықтыру пәнінде ойнатылатын ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: Бәйге, Көкпар, Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ Ақ серек,көк серек, Соқыр теке, Асық ойыны, Ине, жіп және түйіншек, Әтештер қақтығысы, Қызыл ту, Мысық пен Тышқан,Теңге алу, т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі. Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерi құралдары арқылы жеткiншек ұрпақты тәрбиелеудiң бай тәжiрибесiн пайдалану қажет. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында Денсаулық -зор байлық деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру - жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар деп санаймын.
Ұлттық ойындар қатарындағы мазмұнды, бейнелік, еліктеу сияқты ойындарға ақсүйек, алтыбақан, жасырынбақ жатады. Ой ойындарына тоғызқұмалақ, дойбы, жұмбақ, мақал-мәтел, асық ойындары кіреді. Спорттық бағыттағы ойындар мыналар: күрес, жаяу көкпар,жаяу бәйге. Дәл басу, бөрік, ұшты-ұшты, еркін, мазмұнсыз ойындар қатарындағылар.
Осы ұлттық ойындардың ішінде көпшілігімізге белгілі асық ойнына тоқталмақпын.
Асық - саясатқа бай қазақтың қадым заманынан қазірге дейін жеткен ұлттық ойыны. Асық - адамның ақыл-ойын өрістететін, қиялына қанат бітіретін, тынысы кең, астарлы, алысқа меңзейтін ойын. Соның бірі - "Тәртікем". Оның ендігі бір атауы - "Төрт тарап, жеті ықылым, қырық тақта". Ертеректе ол Шыңғысханның кіндігінен тараған текті тұқым төре ұрпақтарының соғыс ойыны саналды. Кем дегенде 200 мыңға дейін, одан асса 500 мыңға жететін асықтармен ойналды. "Тәртікем" - аумағы ат шаптырым, айнадай жарқыраған ақ тақырда өткізілген. Ойынның тартысты өтетіні сондай, кейде бір күнге, тіпті бірнеше тәулікке созылады екен. Бейсауат жүрген мал ойынның стратегиясын бұзбас үшін, алаңды айналдырып қаз-қатар жауынгерлер қойылған. Ойынға ат үстінде де, жаяу жүріп те қатысуға болған көрінеді.
Ойынға асықтардың әр алуан түрі - қойдың, сайғақтың, құланның, арқардың, жылқының, түйенің асықтары қолданылып, түрлі-түрлі түске боялатын болған. Ал асықтардың түсіне қарай олардың дәрежесі анықталған. Қызыл асықтар төре тұқымының атақ-даңқын танытса, көк түстер "Шың-Лашын" әскерін, яғни Қытай мен Оңтүстік Азияны білдіреді. Әсіресе, арқардың асықтары құнды саналып, бұлар қою қоңыр түске боялып, асықатар сақа ретінде қолданылған. Қырық телімге сызбаланған ойын алаңының қақ ортасында "Бақ" деп аталатын қала орналасады. Ойынға қатысатын тараптар осы қалаға иелік ету үшін жан алысып, жан беріскен тартысқа түсетін болған. Алғашқыда айқас алаңның алақандай ғана бұрыштарында өткізілсе, кейін үлкен бөліктеріне дейін жетіп, "қанды сойқан" соғыс басталады екен. Бұл арада асықтар әскердің қызметін атқарып, өз ішінде жаушы, жауынгер, қолбасшы, сатқынға бөлінеді. Бұл ойынның астары белгілі бір оқиғаға, жөн-жосыққа негіздегендіктен, соғыс тағдыры алдын-ала шешіліп қойылатын болған. Сайып келгенде, қазіргі компьютерлік стратегиялық ойындар тәртікемнің ауылынан алыс жатқан жоқ. Қорыта айтқанда, "Тәртікем" қалтарыс-бұлтарысы көп, амал-айлаға, ақылға құрылған, күрмеуі күрделі, қызықты ойын. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай болып келеді. Бұл ойындар секіруді, жүгіруді туғызуға мүмкіндік жасайтын қабілетті дамытады. Халық арасында "Денсаулық - зор байлық" деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада таза ауада жүру жас ағзаның дұрыс та сергек дамуының көзі болған және балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез құлқының ерекшеліктері
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез - құлқын қалыптастырудың теориялық негіздіері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Дене тәрбиесі және спорт
Ойын баланың әлеуметтік қарым - қатынас ортасы
Дене тәрбиесі пәнінде ойын арқылы оқушылардың белсенділігін дамыту
Казақ спорт және туризм академиясы
Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін ойындар негізінде арттыру (дене тәрбиесі пәнін оқыту мысалында)
Сабақта ойын түрлерін қолданудың маңызы
Пәндер