Оқушылар ұжымы және оның қалыптасу кезеңдері


Оқушылар ұжымы және оның қалыптасу кезеңдері
Жеке тұлғаны, адамды өмірге, белгілі бір ұжым арқылы кәсіпке баулып қалыптастыру барысы - объективті қасиеттілік. Адам тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамыта отырып, оның қоғам алдындағы борышын орындау, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыру үшін оның бойында еңбек сүйгіштік, рухани, құқықтық, күш-қуаттың саналарды, өзіндік іс ерекеттерді жеке қасиеттері арқылы дамытып, тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын жүзеге асырады. Оқушыларды оқытудағы саналығы, тәрбиелілігі олардың белсенділігімен тығыз байланысты. Белсенділік танымдық іс - әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, бойындағы жеке ерекшелік қасиетгерін қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Саналылық пен белсеңділіктің демек, өзін - өзі басқара білудің ең жоғарғы керінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде, қоғамдық сұраныс қажет етіп отырған замана талабына лайық нәтижені пайдалана білуі болып отыр. Тәрбиелену және білімді игеру, кәсіби біліктілікті қалыптастыру барысында қоғамда белгіленген ережелерге окуыылардың өз тәртібін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады. Жаппай оқыту, тәрбиелеу жұмыстары оқушылар ұжымы және топтарға бөлу арқылы жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептерде оқупылар ұжымы жас ерекшеліктеріне қарай сыныпқа бөлінсе, кәсіптік білім беретін оку орындарында мамандық саласына қарай топтарға бөлінеді. Мұндай білім алушылар, тыңдаушылар ұжымын арнаулы және жоғарғы оқу орнында оқушылар я студенттер контингентті д еп атайды.
Бұл әлеуметтік бірлік мына төмендегі жағдайларды жүзеге асырғанда ғана ұжымдық міндетін атқара алады.
- Белгілі бір нәтижеге бағытталғанмақсат пен іс-әрекет негізіндеұйымдасады.
2. Ұжым мен әрбір жеке адам арасындағы мақсаттың өзара үйлесімділігі.
3. Ұжым мен оның әрбір мүше арасындағы өзара жауапкершілік.
4. Барлық ұжым мүшелерінің өзара теңдігі мен өздері сайлап алған басшыларына бағыныштылығы.
5. Әрбір ұжым мүшелерінің жеке қасиеттерін дамыт у алғышарттарының болуы.
6. Ұжымдык іс - әрекет қызметіне оның көпшілік бөлігінің канағаттануы.
7. Ұжымның барлық мүшелері бірігіп шығарған өнімінің теңдей бөлінуі.
8. Басқа ұжымдармен (оқу орны басшылық ұжымы, кәсіподақ, жастар ұйымы т. б. ) өзара мақсатқа жұмылдырылған сыйластық қарым-қатынаста болуы.
9. Кәсіптік мектептің жалпы әкімшілік ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуы. Оның қалыптасу кезеңдері бар (сатылары) .
Бірінші саты. Мұндай жағдайдағы талап негізінен оқушыларға тек педагогтер ғана қояды. Мұғалім педагогикалық талаптарға дұрыс жауап бере алатын, білімге қызығушылығы бар оқупылар мен оқу топтарын анықтай алады. Бұл оқушылар мен топтар келешекте белсенділік танытып, ұжым ұйытқысы болуы мүмкін. Егер олар тәртіпті болып, топта оқытушы мен шеберлер, кураторлар талаптары орындалатын болса, топтық белсенділері оларды қолдап, жақсы жетістіктерге жетер болса, онда бұл саты өз деңгейінде қала береді.
Екінші саты. Оқу тобының белсенділері педагогтердің талаптарын қолдап қана қоймай, қалған оқушыларды да өз қатарына тартып, жетелейтін болса, онда бұл ұжым ұйымдасқан барлық қажетті нәрселерді өздері шеше алатын өмірге бейім, жоғары мақсаттарға қол жеткізе алатын ұжым. Берік сенімге ие болуда өзін - өзі тәрбиелеу мен өз бетімен білім алып, ғылыми мақсатқа жетуде мүмкіндігі мол екендігін айқындайды.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы, оның мақсаттары мен міндеттері
Адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғары сатысында тұрғандығы.
Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мүраларын жасау түрлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.
Жеке тұлға өз бетімен білім алуымен айналыса отырып, өзінің рухани, талғамдық және басқа да мәдени талап-тілектерін қанағатгандырады, өзінің бойындағы бар білімін толықтырады. Оқупының өмірмен белсенді үстамы - оның дүниетануды жалпы және кәсіптік білім алуды меңгерудегі күш-жігерінің, сенімдерінің туындысы.
Өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі басқара білу тұлғаның өмір шарттарымен және қоғамдық тәрбие ықпалымен пайда болатын құндылықтарына, әлеуметтік бағдарына, мүддесіне, мақсатына сәйкес өз саналарын жасауға, жетілдіруге немесе өзгертуге бағытталған іс - әрекет. Бұл адамның өзіндік тәрбиесінің, өз бетімен білім алудын, саяси кұқықтың, еңбектік, талғамдық, қуаттық жетілудің әрі объекті, әрі субъекті жасайтын бағыт.
Оқу, еңбек, қоғамдық пайдалы іс - әрекет барысында ұғынудың және өзін - өзі ұғыньш басқара білудің белгілі бір деңгейіне жетеміз, адам өзіне - өзі талдау жасау, байқау, бағалау қабілеті пайда болып дамиды, өзінің тұлғалық сапаларын қоғам талабы деңгейіне жеткізу қажеттігі ұғымылады, өзін - өзі жетілдіруге ұмтылыс туындайды. Өзін - өзі басқарудың ең маңызды әдістері өзін - өзі талдау, өзіне - өзі міндет арту, оның орындалуына сыни көзбен карап, жүйелі тексеру, байқау, өзіише пайымдау болып табылады. Қойылған мақсатқа жетуде мұндай тексеру, қиындықтарды саналы түрде жеңу, өз бойындағы кемшіліктерге төзбеу адамның еркін дыңдай түседі, өзін - өзі басқару, тәрбиелей білу мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі. Өзін - өзі тәрбиелеу нәтижесі қоғам белгілеген ережелерге сай тұлғаны жетілдірудегі орнымен, кәсіпті игеру шеберлігімен тексеріледі. Жанұя, мектеп, жоғары арнаулы оқу орны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, ақпарат құралдары әрбір жеке тұлғаның өзін - өзі жетілдіру ұмтылысын туғызуы қажет, өйткені қоғамдық тәрбие мен адамдардаң өзін - өзі тәрбиелеуі мен басқаруының өзара үйлесім табуы ең жоғаріи нәтижеге жетуге кепіл бола алады. Қазіргі жағдайда еліміз әдемдік өркениетке еніп коғамды демократияландыру процесінің кең құралын жая бастаған кезде, жас ұрпак бойына ізгілік белгілерін қалыптастырып, жаңа өмірге бейімдеу қажеттігі туындап отыр. Тіпті кейінгі уақытта билік тармақтарының кіші бөлігі - «жергілікті өзін-өзі басқару органы» атты құрылымдар пайда болып, өз жемісін бере бастады. Ал, жоғары және арнаулы оку орындарында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істеудс орнылардың өзін - өзі басқаруының басты мақсаты оларды еңбек ұжымдарын түрлі қоғамдық ұйымдар мен құрылымдарда басқаруға үйрету, ең сонында - мемлекетті, елді басқара білу қабілетіи жетілдіру болып табылады. Оның негізгі міндеттері мыналар:
- ұжымдық өзін - өзі басқаруда оқушыларда дағды мен білікті қалыптастыру және дамыту;
- әрбір жеке тұлғаға көшбасшы (лидер) бола білу қабілетін оятып, оны жетілдіру.
- ұжымды басқаруда оқушыларды орталықтандыру мен демократиялық алғы шарттарды үйлестіре білуге үйрету;
- түрлі мәселелерді шешіп, шешім қабылдауда (оқу, өндірістік, тәрбиелік, тұрмыстық т. б. ) жеке және ұжымдық жауапкершілікті ажырата білу;
- өндірістік және әлеуметтік жағдайларға байланысты қарым-қатынасты болашақта оқушыларға модельдей білу;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жетілдіру,
- әкімшілік, кәсіподақ ұйымы және үлкен кісілермен өзара үйлесімді жұмыс істеу қабілетіи өз кұқықтары мен еркіндігі негізінде қалыптастыра білу.
Өзін-өзі басқару органы құрылымы
Оқушылардың өзін-өзі басқару құрамының негізі - оқушылардың іс-әрекеті. Кәсіптік мектептерде оқушылардың осындай қызметінің мынадай құрылымдық түрлері бар:
- оқу-еңбекті ұйымдастыру;
- бос уақытын ұйымдастыру;
- қоғамдық
- тұрмыстық.
Оқу- еңбек қызметі дегеніміз - белгілі бір мамандық алуға қажет оку процесі мен осы кәсіптегі еңбек ету көрінісі.
Еңбек - адамдардың табиғатты түрлендіретін, қоғамның материалдық және рухани мәдениетін өзгертетін саналы, орынды іс - әрекеггің барысы, адамның өмір сүруінің бастап кіші және негізгі шарты. Кәсіптік білім беру мекемелерінде, әсіресе, оқу мен еңбекті бір-бірінен ажыратуға болмайды. Соңғы курстарда өндірістік практикаға қомақты сағаттар бөлінген, сондықтан кәсіби білікті қалыптастыруға, оқу-еңбек қызметін ұштастыруға толық мүмкіндік бар деп айтуға болады. Студентердің бос уақытын ұйымдастырудың мынадай түрлері бар:
- үйірмелер мен клубтар;
- спорттық-сауықтыру шаралары;
- мәдени -көпшілікшаралар.
Өткен тарауларда айтып кеткеніміздей кәсіптік мектептерде барлық іс-шаралар кәсіби бағдар бағыты бойынша жүргізілуі тиіс. Клубтар мен үйірмелерде оқушылар жеке қабілеттерінің мүмкіндігіне қарай қатысып, үйірме не студияны старосталар, ал клубтарды президенттер мен төрағалар басқарады.
Спорттық-сауықтыру жұ мыстары жаппай сипат алып, салауатты өмір салтын насихаттап, жеке тұлғаның денсаулығын нығайтуға бағытталуы керек. Оған команда капитаны не спорт секциясы старостасы басшылық жасайды.
Мәдени-кепшілік т араларды оку орны әкімшілігі мен бірлесе отырып, топты мәдени-шаралар секция жетекшісі, клуб президенті жүргізеді. Мәдени-көпшілік шаралар әр-түрлі болуы мүмкін.
Мысалы: кітапқұмарлар клубы, көркем өнер паздар, театр - кино сүйер қауымдастығы, дискотека т. б. Өкінішке орай, қоғамдың қызметке қазіргі кезде кәсіподақ ұйымы ғана қалғаны мәлім. 1991 жылға дейін жастар тәрбиесінде өте манызды рөл атқарған пиопер, комсомол ұйымдары мен оның штабтары, басқа да саяси ұйымдар қазір жоқ.
Тұрмыстық қызмет аясына көбінесе студенттердің жатақханадағы жағдайын түзеуге байланысты және тәрбие алушы жұмыстары жатады. Оны тек тәрбиешілер күшімен ұйымдастыру қиын, оған ата-аналар, оку орны, базалық кәсіпорын, құрылтайшылар мен студенттер кеңесі белсене ат салысса игі нәтижесін берері сөзсіз. Оқушылардың өзін - өзі басқару процесін мына кестеден байқауға болады:
Өзін - өзі басқару компонентінің әрқайсысы өзінің басшылық органын белгілейді. Өзін - өзі басқарудың жоғарғы органы - жиналыс.
Әкімшілік бірлестіктерге: оқушылар бригадасы, топ, курс, лицей, жатақхана, т. б. жатады.
Қоғамдық бірлестікке: кәсіподақ, клуб, үйірме, студия, т. б. жатады.
Басқару құрылымының иерархиясы былай іске асырылады: таңдап алынған баспы тұлға сайланбалы органға бағынады, ал сайланбалы орган - жалпы жиналыс алдында есеп береді. Егер құрылымдық иерархия қаралмаса, онда ол оқу орнының, не қоғамдык ұйымның әкімшілігіне бағынады.
Қыркүйек айында оқу жылы басталысымен жалпы мектептік жиналыста жоспар жасалып, ұйымдық мәселелер шешіледі.
II - семестр басында бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы есеп беріледі, іске асырылмаған не түгелдей жүзеге аспаған жұмыстардың себебі анықталады,
II - жарты жылдыққа міндеттер белгілейді. Мамыр - маусым айларында қорытынды жиналыс өткізіліп, есеп беріледі, үлгілі, белсенді оқушылар марапатталады, байқау жеңімпаздарына сыйлықтар беріледі, экспонаттарды көрмеге қояды.
Кәсіптік мектептердегі оқушылардың өзін - өзі басқару жұмысын ұйымдастыру мен жетілдіруді топ жетекшісі мен өндірістік оқыту шеберінің қызметтері
Бейімділік - белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға оқушыларда пайда болатын бағыттылық нышаны. Оқушы не студенттің таңдамалы белсеңділігімен, оның өз еңбегіие тұлғалық берілгендігімен сипатталады, толық еңбек, оқу, кез келгеи шығармаиылық іс - әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралады. Іс - әрекет - қабілеттердің дамуына тәуелді. Бейімділіқ пеіі көшбасиы болу қандай іс - әрекетпен айналасуына, оның қарқыны мен шеңберіне, көшпілікті артына ерте алу қасиетіне қарай айқындалады. Оқытушының, тәрбиешінің не топ жетекшісініц міндеті оқушыға өз бойындағы ерекшелігі мен бейімділігін көріп, анықтау, белгілі шешімге келуіне көмектесу және олардың дамуына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі таңда педагогикальщ процесте басшылықтың, оны таңдаудың демократиялық принциптері алға шығып отыр. Сондықтан да, оқушылар активін дұрыс орналастырып, олардың күш-жігерін белгілі бір мақсат жұмылдыру қажеттілігі туындап отырғаны белгілі. Жастар - үлкен күш. Тек оларға сенім арта білу керек. Сенім атауы адамның берік көзқарастарьш, жүріс-түрыс тәртібінің межелетін. ой-мақсаттарын іске асыру мүддесіне сай педагогикалық және басқа да тәрбиелеу жолдарындағы негізгі әдіс. Ол әртүрлі деңгейде жүзеге асады. Бұл әрекет ең алдымен түсіндіру, дәлелді ақыл-кеңес беру арқылы немесе ұжымдык өнеге арқасында және саяси белсенді іс - әрекет арқылы іске асырылады.
Сенімділік ғ ылыми білімнің дәлдігіне сүйенеді, адамның қабылдаған, қажет екендігін терең түсінген идеяға немесе іске тұлғаның көтеріңкі көңіл күй сезімімен қатынасы арқылы көшбасшылық қабілеті беки түскенін көрсетеді. Оған логикалық қорытындылар, тұжырымдамалар, коммуникативтік қатынастар арқылы қол жетеді. Кәсіптік мектепке алғаш келген оқушыларға ұжымымен тіл табысу қиынға түседі. Себебі, бейтаныс окушылар, түрлі ұжымдар мен аймақтардан келген, балалардың білім деңгейі әркелкі, белсенділік қабілеттілігі әлі байқалмаған. Осы жағдайда сөз жоқ, олар үшін шебердің не оқытушының, тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі, нақты, ұйымдастырушылық қабілеті өте қажет. Оларды алғашкы сәттен бастап өзін - өзі басқару процесіне жұмылдыра білу керек. Ұжымды тез арада зерттеп, алдымен топ белсенділеріне лайық окушыларды таңдай білу керек. Осы қызметтердің негізгі кезеңдеріне тоқталайық:
I. Оқу тобы ұжымын зерделеу, тану. Оқытудың өндірістік шебері мен топ жетекшісі тарапынан мына жұмыстар атқарылуы тиіс.
1. Әрбір оқушы не қабылданған студенттің жеке іс қағаздарымен танысып болған соң, олардың ата-анасымен, өздерімен сұхбатгасу арқылы мына көрсеткіштер бойынша топтың сапалық құрамына мінездеме жасауға болады.
1. Топтағы оқушылардың жалпы даму деңгейін зерттеу үшін:
- оларды топшалар бойынша деңгейлеп бөліп, олардың басым бағыттарыи айқындау;
- олардың осы кәсіп саласын таңдау себебіне назар аудару;
- оларды үлгерім, білім сапасы т. б. қасиеттеріне қарай жіктеу;
- оларды тәрбие ортасы мен тәрбиешілік сипатына қарай бөлу;
- олардың қоғамдық жұмысқа қызығушылығын, егер бұрын істесе атқару мүмкіндігін зерттеу.
2. Топтың бірігушілік қабілетін зерттеу үшін:
- топ ішінен жікке бөліну мүмкіндігі бар ма, соны білу;
- олардың өзара әсері мен сипаттамасы қалай екенін білу;
- жалпы топтағы істерге қарым-қатынасы қалай екенін білу;
- жалпы мектеп бойынша атқарылатын жұмыстарға кезқарасы, қатысуы қалай екенін білу;
- топтың жетістіктері мен кемшіліктеріне қалай қабылдауын білу.
3. Топтың ұйымшылдық сипатын анықтау үшін:
- тапсырылған істі ұжым болып ұйымдаса аткара алуы қалай екенін білу;
- жұмысты өзара бөліп атқару қабілеттілігі қалай екенін білу;
- өзін - өзі басқару процесін жүзеге асыру деңгейі қалай екенін білу.
4. Ton оқушылары арасындағы қоғамдық пікірді білу үшін:
- қандай істерге қолдау білдіреді, ал қандай істерді көпшілік талқысына үсынатынын білу;
- қоғамдық пікірді білдірудің негізгі түрі қандай екенін білу;
- топ арасындағы сын мен өзара сынға қалай қарайтынын білу.
5. Ton арасындағы достық, сыйластық ұғымдарының қалыптасуы үшін:
- бір-біріне қарым-қатынастың басым түрлерін назар аудару;
- олар ынтымақтаса шеше алуына назар аудару;
- бір-біріне талап қоя біле ме, қойса кандай түрде екенін білу;
- өзара көмек көрсетуі қандай екендігін анықтау;
- достарының жетістіктері мен кемшіліктеріне кезқарасы қалай екендігін білу.
6. Ton оқушыларының топ белсенділеріне көзкарасын білу үшін:
- топ белсенділерінің топ алдындағы беделіне назар аудару қажет;
- ұжымды басқаруда олардың істі атқарудағы өзіндік дәрежесін білу;
- топ белсенділерінің топ жетекшісі, недагогикалық ұжым жөне мектеп әкімшілігімен қарым-қатынасының дәрежесін білу қажет.
7. Ton ұжымының жалпы педлглгткалық ұжыммен байланысын зерттеу үшін:
- жалпы мектептік іс-шараларға қатысу қажет;
- кәсіптік мектеп пен басқа топтардағы істерден хабардар болу керек;
- топ белсенділіп мен атқарылған істер сапасын талдау қажет;
- қоғамдык, оқу-тәрбие процесін, демалу мен тұрмыс жағдайларын жетілдіруге қажет.
Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды
қалыптастыру мәселелері
Қоғамдык пайдалы еңбек ұжымды біріктіретін негізгі құрал. Ол арқылы мына нәтижелер алуға болады:
- жұмыс нәтижесіне қанағаттану;
- қиықтықты жеңе білу;
- бірлескен жемісті еңбек нәтижесін қуанышын бөлісу,
- топтың әр мүшесінің қатысу деңгейін анықтау т. с. с;
Негізгі қоғамдық пайдалы еңбек түрлері мыналар:
- жалпы мектептік кезекшілікті атқару,
- топқа бөлінген аймақты тазарту;
- ауыл шаруашылық науқанды жұмыстарға ат салысу;
- сенбіліктер мен жаппай аудандық, қалалық іс-шараларға қатысу т. с. с.
Білімалу- студенттер үшін негізгі қызмет. Оқытудың жаппай, топтық және жеке түрлерін ұштастырып отыруды қалайтын дидактикалық талапқа сәйкес әрбір нақты жағдайда оқыту сипатының тиімді деңгейін табу қажет. Оқушыға жеке тұлға ретінде езіндік тұрғыдан қарау сабақта, өндірістік оқуды ұйымдастыруда жүзеге асырылады. Бұл мұғалімнің оқушылардың оқу іс - әрекеттерін, қоғамдьқ және еңбектік белсенділіктерін, оқуға ынтасын, жұмысыны біліктілігін қалыптастыру, т. б. қабілеттерін байқау, талдау әдістерімен зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Оқудыға не студентке өзіндік тұрғысынан қарау оған берілетін оку тапсырмаларының көлемі мен күрделілігін жіктеуден, ол тапсырмаларды орындауда оған берілетін өз бетінше әрекеттердің деңгейлілігінен, тіпті бірде мадақтау, бірде талапты күшейту және басқа да оку себептерінің сипатынан көрінеді. Оқушыларды тәрбиелеу арқылы оның білімге қызығушылығын арнайы түсіндіру жұмыстары арқылы мынандай қоғамдық түрлері қамтылады:
- ұжым арасындағы достық, жолдастық қарым-катынас құралы-әңгіме не лекция;
- оқушылардың ғылыми конференциясы;
- пікірталас, дебат өткізу;
- фильмдер, пьессалар көру.
Осы аталған жүйенің орындалуын мына сұлба арқылы көруге болады:
Ton оқушыларының өзін-өзі басқаруын жетілдіру
Бұл кезең негізінен оқу тобындағы белсенділерді сайлауға қатысты. Оқытушы, өндірістік оқыту шебері не топ жетекшісінің қызметінің кейбір түрлер топ белсенділеріне біртіндеп жүктелсе, олардың жауапкершілігін, тапсырылған істі тындыру әрекеті артады. Бұл педагогтер шетте қалады деген сөз емес. Қоғамымыздағы болып жатқан демократияландыру, ізгілендіру процестерін тереңдету үшін педагогтің кейбір өктемшілдік басшылық рөлін, элементтерін ұжымдық басқаруда топ белсенділеріне педагогикалық ынтымақтастық аясында біртіндеп ұластыру деген сөз. Мұндағы басты нәрсе топ белсенділерін міндетті түрде ұжым мүшелері жалпы жиналыста сайдап алулары қажет. Ұжымның құзыреттілігі мұнда басты мәнге ие болуы керек. Онсыз баспы фукциясын топ белсенділеріые беру кейде анархияға да әкеліп соғуы ықтимал. Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі «оқу топтары белсенділері» дегеніміз не? Оның құрылымы қандай? Осы сұрауларға жауапты жоғарыдағы сұлбадан көрдік.
Ton белсенділері дегеніміз - оку тобы ішіндегі микроұжым, олар топ ішінен суырылып шығып түрлі бағытта (оқу-тәрбие, демалыс, тұрмыстьж қызмет) оқушыларды өзін-өзі басқаруға ұмтылдырған, бастамашыл топ. Айта кету керек, жатақханада құрылған тұрмыстық қызмет аясындағы белсенді топтар оку топтарындағы белсенділер қатарына кіреді.
Оқу топтары белсенділеріне жататындар:
1. Ton старостасы мен оның орынбасары.
2. Оқушылар бригадаеының бригадирі
3. Toп мәдениет секторы.
4. Спорт секторы.
5. Кәсіподақ ұйымы.
Бұл жерде топ старостасының рөліи ерекше айтып өткен жөн. Оның қабілеттілігі барлық билік өкілдерін ынтымақпен топтастыра білуде. Кез-келген мәселені байыппен, сабырлы, келісіп шеше алуында. Әрине, бұл үшін белсенділердің өз қабілеттеріне лайық білімдерін жетілдіріп, толықтырып отыру кажет. Ton белсенділерін оқыту өндірістік шебер мен топ жетекшісіне тапсырылып, олар мына компоненттерді оқыту мазмұнына міндетті түрде кіргізуі керек:
1. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі заңдылықтары;
2. Кикілжіңдердіқ түсінбеушіліктердід туындау себептері мен олардың алдын aлy.
3. Басқару теориясы туралы жалпы мағлұмат, өзін - өзі басқару процесінің құрылымы және оны өндіру тәсілдері.
4. Ұжымды және оның мүшелерін зерттеу, тану әдістері.
5. Ішкі еңбек тәртібі, кәсіби білім туралы заң актілері, оқу кабинеттері мен шеберханаларда, өндірістік практикада оқушыларды өзін - өзі үстауы;
6. Кәсіби білім берудегі кәсіподақ ұйымының өзіне төн ерекшелігі.
7. Жастарды әлеуметтік қорғау туралы негізгі заң актілері (халықаралық, республикалық аймақтық) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz