Жуан және жіңішке дауыстылардың алмасуын морфонологиялық тұрғыдан қарастыру


Жуан және жіңішке дауыстылардың алмасуын морфонологиялық тұрғыдан қарастыру
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып жіктелетіні белгілі. Х. Досмұхаммедұлы: “Қазақ тіліндегі дыбыстарда жұптық я қостық бар. Бұл ескі түркі тілінің заңы” - деп дауысты дыбыстардың жіктелуін үндестік заңымен байланыстырады [1, 83-б] . Профессор А. Салқынбай дауысты дыбыстардың жіктелісін а-е-ә; у-ұ-о-ө; и-ы-і [2, 150-б], - деп көрсетеді. Олардың сөз мағынасына әсер етпей, бірде жуан, бірде жіңішке айтылуына жіктелу тарихының да ықпалы болуы мүмкін. Жіңішке дауыстыларды айту жуан дауыстыларды айтуға қарағанда жеңілірек, себебі тіл алдыға қарай жылжып, жұтқынщақ резонаторы кеңейеді. Яғни сөйлеуші сөзді жеңіл, оңай айтуға тырысады. Мұнда тіл үнемі принципінің тікелей көмегі бар. Ал қазіргі тілімізде тіл алдына жылжу үрдісімен алмасатындар осы шығу тегі жағынан жақын дыбыстар. Профессор А. Айғабылұлы осы құбылысты морфологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Оның дәлелі бойынша, қазақ тіліндегі арқ-а-лы - арқылы болып түбір сөздің соңңы дыбысының а - ы алмасуын қосымша қосылуы жағдайынан морфологияға жатқызып, атқып - ытқып дегендегі а-ы алмасуының жайын бөліп тастағанмен оларға басқа - басқа түсінік беру мүмкін емес. Бұл екеуіде сөйлеу барысында ашық дауысты дыбыстың қысаңға алмасуы ғана. Морфеманың, сөз және сөз формалардың фонологиялық тұрпатын анықтау морфология үшін критерий бола алатынына сенсек, дыбыстар сәйкестігінен пайда болған морфеманың сөздік тілімізде варианттар жасап, жарыса қолданылуын морфонология үшін неге қолдануға болмайды [3, 37 - 38-б. б. ] . Қазақ, жалпы түркі тілдерінде орыс тіліндегі сияқты носить - ношу, друг- друзья, дружба сияқты морфологиялық мақсатқа қолданатын дыбыс алмасулар сирек. Бірақ бұл жерде қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу жасаған жөн.
А-ә дыбыстарының алмасуы. Акустикалық артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай а жуан, езулік, ашық дауысты дыбыс. Тілімізде а дыбысы көне түркі тілдерінен бері қолданылып келе жатқаны белгілі. Ал ә дыбысы Н. А. Баскаков, С. К. Кеңесбаев, Н. В. Юшманов, Е. Д. Паливанов сияқты ғалымдар арап -парсы тілдерінің әскерінен кейінірек қалыптасқан деген пікір білдіреді. Бірақ кейінгі кездегі тіл мамандары ә дыбысының түркі тілдерінің төл дыбысы екенін дәлелдеп шықты. Академик В. В. Радлов «К истории тюркского вокализма» атты мақаласында көне түркі ескерткіштеріндегі 150 - дей сөздің құрамында кездесетіндегін айтқан. Профессор А. Салқынбай деахронды зерттеудің нәтижесінде «ә дыбысы орта ғасырда араб тілінің әсерінен пайда болған дыбыс емес, қазақ тілінің төл дыбысы. «а» дыбысының жіңішке аллафоны негізінде пайда болған», - деп көрсетеді. [2, 153 б] .
Ал басқа түркү тілдерінен алсақ, әзербайжан, ұцғыр, татар, ә дыбысы түбірлерінде де, қосымшаларда да қолданылады. Қазақ тіліндегі ә сөздің кейінгі буыны тән емес деген біржақты пікірлерден барып кейбір сөздер жазудың жетегінде кетіп дұрыс айтылмай жүргені белгілі. Мысалы, Кәмилә, Жәмилә, Күләш деген адам аттары профессор С. Мырзабеков «а және ә» артикуляциялық (жақ, ерін) жақтан жуық фонемалар. Олардың арасындағы алмасулардың көп сыры осында жатса керек»деп көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілінде а-ә алмасуы алғашқы буынында жиі кездеседі. Сөз басында азар-әзер, аужай-әужай (әужәй), аппақ-әппақ (әппәқ), айгөлек-әйгөлек, аупірім-әупірім, ары-әрі, ары- бері-арлы-берлі, абжылан-әбжылан, аспетте-әспетте, арман- әрмен-әрмен, абыржы- әбіржі, алай-түлей-әлей-түлей, ажырық-әжірік, астамсы-әстемсі, ажым-әжім сияқты сөздерде гөлек, аупірім-әупірім, ары-әрі, ары - бері-арлы-берлі сияқты сөздердегі а-ә алмасуы сөздің кейінгі буындардағы жіңішке дыбыстардың әсерінен бірыңғай жіңішке айтылып, үндестік заңының әсерін де, сөзді оңай айтуға деген ұмтылу процесінің әсерін байқауға болады. Ал абжылан-әбжылан дегенде сөздің басында ғана алмасады. Көне түркі тілінде «ав» сөзі «аң аулау» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі қазақ тілінде «үлкен жылан» деген мағынада қолданылып, әбжылан деп те айтылады. Аужай сөзінде ау-ға жай қосымшасы жалғанғаннан кейін барып әужай (әужәй) -ға айналып тұрғандығы түсінікті. Ал аппақ пен әппақ (әппәқ) - ті былай түсіндіру мүмкін емес. Мұнда тек қана үнемі принципі, сөйлеу процесінің әсері. Ә. Нұрмағамбетов алжуаз - әлжуаз сөзінің басқа түркі тілдерінде байқалмайтындығын ескертеді. Бұл араб тіліндегі хал («әл») сөзімен парсыша джәстэ («аз») сөздерінің бірігуінен жасалған. Яғни хал > ал >джәстэ > әлжәсте > әлжәс(тә) > әлжас > әлжуас. Ал тілімізде алжуаз - әлжуаз болып бастапқы дыбыстардың алмасуы сөйлеу тілінде алғашқы нұсқасының сақталып қалғанын байқаймыз.
Апке-әпке варианттарының пайда болуында да олардың алғашқы нұсқасының қатар қолдануы себеп болған. Әдеби тілде нормаға айтылған әпке сөзі апа сөзіне зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнағы - еке қосылғанда «апеке», одан үндестік заңы бойынша «әпеке», одан қысқара келе әпке болған.
Шайыр-шәйір, шайпау-шәйкау, шай-шәй, жай- жәй, жайлы-жәйлі, жайымен-жәйімен, жайлап-жәйлеп, жайылым-жәйілім, жайлау-жәйлеу, жайбарақат-жәйбарақат сияқты сөздердегі а-ә алмасуын туркологтар ш , ж және й дыбыстарының жұмсартушылық қасиетінің әсері деп түсіндіреді. Осыған ұқсас құбылыс басқа түрк тілдерінде де кездеседі. Профессор С. Мырзабеков «Жуан вариантын қолдану ол жазудың жетегінде кетіп, ә -ден көз жазып қалу» [4, 25-б], - деп есептеді. Негізінен бұл сөздердің құрамындағы ә дыбысы. Осы құбылыстарды А. Айғабылов фонетикалық өзгеріске жатқызбайды, себебі ж, ш, й дыбыстарының «ықпалы шексіз емес, бір сөзде әсері болса екінші сөзде әсері жоқ. Бұл дыбыстардың арасында келген о, ұ, ы дыбыстары тіпті жіңішкеріп ө, ү, і түрінде дыбысталмайды. Мәселен, жой, шойын, сой, сый сияқты сөздердің жіңішке айтылуы кездеспейді. Демек, бұл құбылыстар сөйлеу барысында қалыптасқан морфонологиялық құбылыстар»[3, 19 - б] .
Жаудырау-жәудіреу, жампаңдау-жәмпеңдеу, жадыгой- жәдігөй сияқты сөздердегі а-ә алмасуын көрші дыбыстың әсерімен түсідіру мүмкін емес.
Қазақ тіліне араб - парсы тілдерінен еңген сөздердің біразы жуан-жіңішке вариантта қолданылып жүр. Сөз барысында аруа/әруақ, амин/әмин, ажуа/әжуа, ауаз/әуез, алжуаз-әлжуаз, абзал-(әбзел, абдыра) әбдіре, абдесте-әбдесте (құман) .
Араб - парсы сөздерінің қазақ тіліне енуі тікелей емес, әртүрлі тілдер арқылы енгендіктен көптеген өзгерістерге ұшыраған. Кейбір сөздердің жуан варианты әдеби тілде нормаға айналса, кейбіреулерінің жіңішке варианты нормаға айналып, қалыптасты. Қалған варианттары ауызеки тілде қалыптасып қалған. Сөздердің басқа тілге енгенде түпнұсқасынан әлдеқайда алшақтап, өзгеріске түсуі әр тілдің артикуляциялық мүмкіндіктеріне байланысты. Сөйлеу процесінде ешқандай артикуляциялық шек болмайды. Бұл құбылысты әсіресе басқа тілден енген сөздерден байқаймыз. Қазақ тіліне сөздер енгенде белгілі бір заңдылыққа бағыну жоқ, бұл жерде сөйлесушінің артикуляциялық мүмкіндігі басты роль атқарады. Мысалы, ауаз/әуез парсыша [ аваз], ауаз/әуез арабша [huz’atun], абзал/әбзел [asda:lun] болып өзгеріске түскен. Л. Рустемов «Қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері» атты кітабында табиғи жолмен енген сөздер өзінің түпнұсқасына біршама жақын түрде сақталғанын атап көрсетеді» [5, 100-б] . Олардың құрамының өзгеріске ұшырау сөйлеу тілінде көп байқалады. Х. Досмұхамедұлы: «Кейбір араб, парсы сөздерін екі түрлі айтуға болады: ғылым-ғылымға, ілім-ілімге, ғұмырға-ғұмырға, өмір-өмірге, ғалым-ғалымға. Былай айтылуынан тілімізге келетін зиян жоқ. Тек жалғауларын ұйқастыру керек. Арабша, парсыша сөздерді арабша, парсыша айту керек емес, қазақша айту керек, қазақ тілінің заңына көндіріп қолдану керек » » [1, 84-б], - деп өз артикуляциялық мүмкіндігімізді дұрыс пайдаланып, тіл тазалығын сақтауды жөн көреді.
Ғазалыл, ғажап, ғаділет, ғаскер, ғазиз сияқты араб сөздері қазақ тілінде қолдану барысында әзәзіл, әжеп, әділет, әскер, әзіз деп өзгеріске түскен. Яғни ғ, қ дыбыстарының сөз басында, сөз ортасында редукцияға ұшырауы дыбыстардың алмасуына себеп болған. Сөз ортасында араб тілінің көмей дыбыстары шаһар-шәр, қаһар-кәр, тағат-дәт, заһар-зәр кейде сақталып, кейде редукцияға түскен.
А-ә алмасуы араб - парсы сөздерінің алғашқы буынында кездеседі. Балгер-бәлгер, бал-бәл, даттау-дәттеу, зарапат-зәрепет, залым-зәлім, қари-кәри, қалке-кәлпе, қаріп-кәріп, ғаусар-каусар-кәусә, қазірет-әзірет, қатер-кәтер, қате-кәте, қаде-кәде, қадір-кәдір, қазір-кәзір, лазым-ләзім, лағынет-ләғнет, лаж-ләж, лайым-ләйім, мауыт-мәуіт, мұсатыр-мүсәтір, мүбада-мүбәде, мансап-мәнсап, нам-нәм, пара-пәре, патшағар-пәтшағар, тауба-тәубе, таж-тәж, талай-тәлей, таспиқ-тәсбиқ-тәслі.
Сөздің екінші, үшінші буындарында а-ә алмасуы сирек кездеседі. Мысалы: діндар-діндәр, зілзала-зілзәлә, ислам-исләм, кәмалат-кәмәлә.
Деалектолог ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, С. Омарбеков, Н. Жүнісов бұл құбылыстың оңтүстік аймақта басым болуын көрші өзбек, қарақалпақ тілдерінің әсері, сонымен бірге бұл өмірдегі ә дауыстысымен айтылатын сөзінің көбі кірме сөздер екенін айтады. Бірақ олар а-ә алмасуын көрші тілдердің ықпалы деп қарай беруге болмайтындығын ескертеді.
Оңтүстікте ары, арман (отыр), арманырақ, араң деп жуан айтылатын сөздер Қазақстанның батыс, орталығында әрі, әрмен, әрменірек, әрең болып жіңішке айтылатындығын атап көрсетеді [6, 36-б] . Деалектологтар а мен ә-нің керісінше алмасуы қырғыз тілінің әсерінен болуы мүмкін деген пікір білдіреді.
«Бір сыңары жуан, бір сыңары жіңішке жұп дауыстылардың бір-бірімен алмасуы байқалмайтын ешбір түркі тілі де, түркі диалектісі де жоқ десек, қателескен болмаймыз. Біз сөз етіп отырған а-ә алмасуы да солардың жуан ортасында. Тіліміздегі дыбыстардың алмасуы құбылысының сан қилы себептері бар екені рас. Бір анығы: дыбыс алмасуының барлық типін қамтитын, оның бәрін бір принциппен түсіндіріп берерліктей универсал заңдылық жоқ. Егер бөгде бір тілдің ықпалынсыз да қазақ тілінің өзінің ішкі дамуы барысында туған дыбыс алмасуының бөлу мүмкіндігін мойындасақ, онда оның а-ә алмасуына да қатысы бар екенін айтуымыз керек » » [7, 36-б] .
Бұдан сөздер тілден-тілге енгенде қалай болса солай өзгереді деген түсінік тумауы қажет. Бұл құбылыстардың тілдік үрдістерге байланысты жүзеге асқандығын көрсетеді. Яғни тілден тілге сөздер енгенде бір тілдің элементтері екінші тілдегі артикуляциялық жағынан жақындау деген элементке ауысады.
С. Бизақов мағыналық жағынан саралана бастаған сөздер қатарына: мағлұмат-мәлімет, жаудыр-жәудір, ақтау-әктеу, доңғалақ-дөңгелек, қате-кәте, тағлым-тәлім, ғаламат- әлемет, ғаділет-әділет сияқты сөздерді жатқызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz