Ара шаруашылығын ұйымдастыру



1. Ара шаруашылығын ұйымдастыру.Ара тұқымдары.
2. Ара ұясының биологиясы.
3. Ара ұясның қорегі және тіршілігі
4. Омартадағы жұмыстар
5. Ара шаруашылығының өнімдері
Республиканың шаруашылығында бал арасының 192 мыңнан астам ұясы бар.Бал арасы ұясының санына шаққанда облыстардың арасалмағы төмендегідей:Шығыс Қазақстан-54,7%,Алматы-25,9,солтүстіктегі 5 облыста (Қостанай,Павлодар ,Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) -9,1,оңтүстігіндегі 3облыста (Жамбыл,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облыстары)- 88,Қарағанды-1 және батыстағы 3 облыста (Ақтөбе,Атырау және Батыс Қазақстан облыстары )-0,5%
Ең ірі омарта мен бал арасын өсіретін шаруашылықтар Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында болып отыр.Шығыс Қазақстан облысында бал арасын өсіретін ірі шаруашылықтар-«Черемшанский», «Путинцевский», «Коробихинский» және «Осиновский» шаруашылықтары,олар республика бойынша арзан бал өндіреді.
Тұрақты ара шаруашылығы республиканың көптеген облыстарында жойылды.Қазіргі кезде шырынды өсімдіктерге байлығы біршама келетін таулы жерлердің өзінде омарталар байлығы біршама келетін таулы жерлердің өзінде омарталар жылына 1-2 рет ауыстырылды.
Өсімдіктердің бал беру мүмкіндігін және олардың егіс көлемін,сондай-ақ бұл өсімдіктердің гүл шашатын уақытын білу арқылы ара өсіруші омартаны көшіру мерзімін анықтай алады.Шырынды өсімдіктер базасын жақсартып,аралардың жем жинайтын кезеңін ұзарту үшін омарта маңында шырынды өсімдіктерді егу қажет.
Омарта жасау.Омартаны тауарлы балдың мол алынуын қамтамасыз еткендей,шырынды өсімдіктерді көп жерлерде орналастыру керек.
Жұмысшы араның өсімдіктер шырынын жинап қайтуға ұшып баратын қашықтығының радиусы таулы жерлерде -2км,жазықтықта 3 км-ге дейін.
Бір орында сол жердегі шырынды өсімдіктер базасы қамтамасыз ете алатындай ғана бал арасының жүзге тарта ұясын,жақсы базада жүзден астам ұясын ұстауға болады.Омарталарды орналастыру үшін құрғақ ,суық жел соғып тұрмайтын ,ықтасын қатынасқа жолы жақсы жер таңдап алынады.Омартаны шырынды өсімдіктері шамалы жерлерде,терең сайларда,солтүстік ылғалды беткейлерде,жел соғып тұратын орындарды және үлкен жол бойында,мал қораларының маңында орналастыруға болмайды.
Шырынды өсімдіктер базасын ұйымдастыру.Түрлі өсімдіктерге мейлінше бай келетін таулы алқаптарда омарта негізінен тұрақты болады.Бірақ таулы жерлерде де көптеген жағдайларда жаздың алғашқы жартысында омартаны тау етегіне көшіруге тура келеді.
Омарта үшін негізінен шырынды екпе шөптер пайдаланылытын қырлы жерлерде шырынды өсімдіктер базасын ұйымдастырудың жоспар-есеьін жасау керек.Бұл жағдайда бал алуға әсер ететін жайт,егіс,көшет отырғызу және табиғи шөп өсетін алқаптар есепке алынады.Егер олардың бал алуға жеткіліксіз екені анықталса,қосымша егіс салу қажет.Төменде қырлы жердегі 100 балл арасы ұясынан құрылған шырынды өсімдіктер базасындағы омарта үшін шығарылған жоспар-есептің үлгісін келтіріп отырмыз.Майда 50 га жеміс ағаштары немесе осыншама көлемде қырлық жердің бұта өсімдіктері болмаса 10 га сары қараған алқабы,маусымда-50 га тұқымдық эспарцет немесе осыншама көлемдегі қыша егісі болмаса 10 га күзде егілген фацелин,шілдеде- 50 га тұқымдық түйежоңышқа немесе 65га қарақұмық болмаса 35га фацелин егісі,шілденің соңы және тамызда-200 га дәнге арналған күнбағыс егісі немесе 60 га шөбі шауып алынған 2 жылдық түйежоңышқа алқабы болмаса 20 га кеш егілген фацелин алқабы.Көлемі осындай алқапта шырынды өсімдіктер өсіргенде және омартада ауа райы қолайлы болған жағдайда 100 ара ұясы өсімдіктерді тозаңдата алады және балдың көп алынуын қамтамасыз етеді

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
8-ТАРАУ.АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ

8.1. Ара шаруашылығын ұйымдастыру.Ара тұқымдары.

Республиканың шаруашылығында бал арасының 192 мыңнан астам ұясы
бар.Бал арасы ұясының санына шаққанда облыстардың арасалмағы
төмендегідей:Шығыс Қазақстан-54,7%,Алматы-25,9,солтүст іктегі 5 облыста
(Қостанай,Павлодар ,Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары)
-9,1,оңтүстігіндегі 3облыста (Жамбыл,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан
облыстары)- 88,Қарағанды-1 және батыстағы 3 облыста (Ақтөбе,Атырау және
Батыс Қазақстан облыстары )-0,5%
Ең ірі омарта мен бал арасын өсіретін шаруашылықтар Шығыс Қазақстан
және Алматы облыстарында болып отыр.Шығыс Қазақстан облысында бал арасын
өсіретін ірі шаруашылықтар-Черемшанский, Путинцевский, Коробихинский
және Осиновский шаруашылықтары,олар республика бойынша арзан бал
өндіреді.
Тұрақты ара шаруашылығы республиканың көптеген облыстарында
жойылды.Қазіргі кезде шырынды өсімдіктерге байлығы біршама келетін таулы
жерлердің өзінде омарталар байлығы біршама келетін таулы жерлердің өзінде
омарталар жылына 1-2 рет ауыстырылды.
Өсімдіктердің бал беру мүмкіндігін және олардың егіс көлемін,сондай-ақ
бұл өсімдіктердің гүл шашатын уақытын білу арқылы ара өсіруші омартаны
көшіру мерзімін анықтай алады.Шырынды өсімдіктер базасын
жақсартып,аралардың жем жинайтын кезеңін ұзарту үшін омарта маңында шырынды
өсімдіктерді егу қажет.
Омарта жасау.Омартаны тауарлы балдың мол алынуын қамтамасыз
еткендей,шырынды өсімдіктерді көп жерлерде орналастыру керек.
Жұмысшы араның өсімдіктер шырынын жинап қайтуға ұшып баратын
қашықтығының радиусы таулы жерлерде -2км,жазықтықта 3 км-ге дейін.
Бір орында сол жердегі шырынды өсімдіктер базасы қамтамасыз ете
алатындай ғана бал арасының жүзге тарта ұясын,жақсы базада жүзден астам
ұясын ұстауға болады.Омарталарды орналастыру үшін құрғақ ,суық жел соғып
тұрмайтын ,ықтасын қатынасқа жолы жақсы жер таңдап алынады.Омартаны шырынды
өсімдіктері шамалы жерлерде,терең сайларда,солтүстік ылғалды
беткейлерде,жел соғып тұратын орындарды және үлкен жол бойында,мал
қораларының маңында орналастыруға болмайды.
Шырынды өсімдіктер базасын ұйымдастыру.Түрлі өсімдіктерге мейлінше бай
келетін таулы алқаптарда омарта негізінен тұрақты болады.Бірақ таулы
жерлерде де көптеген жағдайларда жаздың алғашқы жартысында омартаны тау
етегіне көшіруге тура келеді.
Омарта үшін негізінен шырынды екпе шөптер пайдаланылытын қырлы
жерлерде шырынды өсімдіктер базасын ұйымдастырудың жоспар-есеьін жасау
керек.Бұл жағдайда бал алуға әсер ететін жайт,егіс,көшет отырғызу және
табиғи шөп өсетін алқаптар есепке алынады.Егер олардың бал алуға
жеткіліксіз екені анықталса,қосымша егіс салу қажет.Төменде қырлы жердегі
100 балл арасы ұясынан құрылған шырынды өсімдіктер базасындағы омарта үшін
шығарылған жоспар-есептің үлгісін келтіріп отырмыз.Майда 50 га жеміс
ағаштары немесе осыншама көлемде қырлық жердің бұта өсімдіктері болмаса 10
га сары қараған алқабы,маусымда-50 га тұқымдық эспарцет немесе осыншама
көлемдегі қыша егісі болмаса 10 га күзде егілген фацелин,шілдеде- 50 га
тұқымдық түйежоңышқа немесе 65га қарақұмық болмаса 35га фацелин
егісі,шілденің соңы және тамызда-200 га дәнге арналған күнбағыс егісі
немесе 60 га шөбі шауып алынған 2 жылдық түйежоңышқа алқабы болмаса 20 га
кеш егілген фацелин алқабы.Көлемі осындай алқапта шырынды өсімдіктер
өсіргенде және омартада ауа райы қолайлы болған жағдайда 100 ара ұясы
өсімдіктерді тозаңдата алады және балдың көп алынуын қамтамасыз етеді.
Омартамен көшіп-қону.Республиканың оңтүстігінде ағаш-бұта өсімдіктер
және тау бөктерінде жеміс-жидек бақтары,Сырдария мен Шу өзендерінің
қойнауындағы ағаш-бұта өсімдіктер (әсіресе,шеңгеғл алқабы) және шөл жердегі
бұталар шырынды ерте береді.Шырын негізінен,ақ
қурайдан,айдаргүлден,Сырдарияның қойнауында жантақ алқабынан және тоғайлық
шөптерден алынады.Алматы облысында бал расы шырынды негізінен,таулы жердегі
ағаш-бұтадан және түрлі өсімдіктерден алынады.Алайда таулы жер-омартаның
шырын жинауын әрдайым толық қамтамасыз етіп отыра алмайды.Ерте көктемнің
жылуын,жеміс-жидектің және арамшөптердің гүл атауын пайдаланып қалу үшін
таудағы омартаны тау бөктеріне көшірген пайдалы.Шырын алынатын негізгі
өсімдіктердің шығымы нашар болатын қуаңшылық жылдары бал араларын биік
таулы жерлерге көшіріп,омартаны субалпі тоғайлығына жақын жерлерде
орналастыру қажет.
Шығыс Қазақстанның таулы жерлерінде омарта негізінен тұрақты
болады,бұл арасы шырынды ағаш-бұта және басқа өсімдіктерден
алады.Дейтұрғанмен,таудағы омартаның пайдалылығын арттыру үшін омартаны
көктемде сары қараған өсетін алқапта (жақсы гүлдейтін жылы,ол 2 жылда 1 рет
жақсы гүлдейді) көшіреді.
Далалы жерлерде омартамен көшіп қону төмендегі тәртіппен
жүргізіледі.Ерте көктемде шырын алу үшін жемі бағы немесе ағаш-бұта
өсімдіктер,содан соң эспарцеттің тұқымдық учаскелері,қыша өсетін
алқап,кейінірек түйежоңышқа,қарақұмық,бақша өсімдіктер егісі,арамшөптер
және өзен алқабының шөбі,ал жазғы маусымның соңында –күнбағыс егісі,шауып
алынған түйе жоңышқаның көрпекөгі пайдаланылады.
Ауылшаруашылық дақылдарын тозаңдандыру.Тұқым мен жемістің шығымдылығын
арттыру үшін бал арасын төмендегі мөлшерде:жеміс-жидек дақылдарының
(сүйекті жемістердің барлық түрлері,алма,алмұрт,таңқурай және жүзім) 1
гектарына бал арасының 2 ұясы:бау-бақша өсімдіктерінің ,атап айтқанда,қияр
мен асқабақ егісінің 4 гектарына -1 ұя,шалқам,басты пияз және капуста
егісінің 1 гектарына-1 ұя,томаттың 1 гектарына (хош иісті тыңайтқышты
қолдану арқылы)-1 ұя,бұршақ тектес өсімдіктер егісінің (эспарцет пен түйе
жоңышқа) 1 гектарына-2 ұя,майлы өсімдіктердің,атап айтқанда,күнбағыс пен
сояның 2гектарына-1ұя,жарма дақылдар егісінің (қарақұмық) 1 гектарына 2ұя
ұстау ұсынылады.
Ара тұқымдары.Еліміздің әр түрлі аймақтарының табиғаты да,климаты да
әр түрлі.Сондықтан да ара тұқымдары да әр түрлі болып келеді.Олар мыңдағын
жылдар бойы сол табиғи жағдайға бейімделген.Бір-бірінен сыртқы түрі ,мінез-
құлқы және шаруашылыққа пайдалы белгілері арқылы ажыратылады.Негізгі кең
тараған тұқымдарға орман арасы,украина арасы,кавказ арасы жатады.
Орман арасы Орманды жерлерде өседі.Украина арасынан үлкен,түсі қаралау
болып келеді.Балауыз ұяшықтарын аппақ балмен жабады.
Украина арасы далалы және қара топырақты аймақта өсіріледі.Орманды
аймақта өсірілетін аралардан айырмашылығы-түсі ақшылдау,тұмсығы ұзын,гүл
тозаңдарын жинауға епті келеді.Балауыз ұяшықтарын,олар да орман аралары
сияқты,аппақ балмен жабады.Оларға түтінсіз және арнайы жасалған тор
маскасыз жақындау қиын.
Кавказ арасы Кавказда өсіріледі.Оларды түсіне қарай сары,таулық
сұр,абхаз арасы және солтүстік Кавказ арасы деп төрт топқа бөледі.Бұл
аралардың тұмсығы ұзын.Сондықтан басқалармен салыстырғанда олар қызыл
жоңышқаны жиі пайдаланады.Кавказда өсрілетін аралардың барлық тұқымы
адамдарды шақпайды.Сондықтан оларман түтінсіз және арнаулы тор маскасыз
жұмыс істеуге болады.

8.2. Ара ұясының биологиясы.

Аралар үлкен ұя болып тіршілік етеді.Жұмысшы ара мен аналық ара
ұрғашылары,ал еркектері трутни деп аталады.Олар ұяда көктемнің соңында және
жаздың басында пайда болады,аз тіршілік етіп,күздің аяғында өліп
қалады.Еркек аралардың қызметі тек қана жас аналық араларды ұрықтандыру
екендігін көрсетеді.Омарта тұрғындары бір ұя болып тіршілік етеді
де,омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады.Мұнда
тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі және оны
мүлтіксіз орындайды.
Аналық ара.Ара ұясындағы ең ірісі,оның сыртқы көрінісі ерекшк
болады.Ол жұмысшы арадан екі есеге жуық ұзын (20-25мм),салмағы-230-
280мг.Сыртынан қарағанда аналық араның құрсағы ұзын,қанаты жартысын жауып
тұрады.Ал жұмысшы араның қанаты құрсағын толық жауып тұрады.Еркек араның
қанаты құрсағынан ұзын болады.Аналық араның көбею мүшесі жұмысшы арамен
салыстырғанда әлдеқайда жақсы жетілген және олар еркек аралармен шағылыса
алады.Ұрғашы араның биологиялық қызметі-ұрпақ өрбіту.Ол күн сайын балауыз
ұяшығында 1-2 мың,кейде одан да көп ұрықтандырылған жұмыртқа салады.Ұрғашы
ара кейде ұрықтандырылмаған да жұмыртқа салады,одан тек еркек аралар ғана
шығады.Ал ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы аралар,жұмысшы аралар мен аналық
аралар шығады.Аналық ара барлық ара ұясының анасы болып есептеледі.
Ұрғашы ара балауыз ұяшығынан шыққаннан кейін 5-7күн ішінде жынысытық
бездері жақсы жетіліп,еркек араман шағылысу қабілетіне жетеді.Аналық ара
еркек араман шағылысу қабілетіне жетеді.Аналық ара еркек арамен омартада
емес,ауада ұшып жүріп шағылысады.Еркек араман кездесу үшін аналық араның
ұшып шығуын некелік ұшу дейді.Некелік ұшу кезінде аналық ара айналаны
байқап,өзінің омартасы қай жерге орналасқан,сыртқы пішіні қандай
екендігімен танысады.Алғашқы ұшу қашықтығы небәрі бірнеше метр болса,ьірте-
бірте қашықтап 2-3 тіпті 5-6 км-ге жетеді.Некелік ұшу жылы күндері
таңертеңгі сағак 10-нан кешкі 5 аралығында өтеді.
Егер некелік ұшудың бірінші күндерінде шағылыса алмаса келесі күні
қайталанады.Олар қайткен күнде де шағылысқанға дейін ұша береді.
Ұрғашы ара тек арамен шағылысқаннан кейін екі-үш күн аралығында
балауыз ұяға жұмыртқа сала бастайды.Жұмыртқаны балауыз ұяның түбіне
желіндеп жабыстырып тастайды.
Жұмыртқа салмастан бұрын,аналық ара балауыз ұяны тексеріп,байқап
алады.Егер балауыз ұя дайын болмас,басқасын қарап,дұрысын тауып алады.Содан
кейін жұмыртқа салу үшін балауыз ұяға құрсағын ұяға құрсағын салып,10-
15секундтай кідіріп жұмыцртқа салады да ,құрсағын ұядан алып,келесі ұя
іздестіруге кіріседі.Сайып келгенде,бір минут ішінде жақсы дайындалған
балауыз ұя болса орта есеппен. Екі-үш жұмыртқа салады.20-25минут салғаннан
кейін 5-7минут қоректеніп,тынығады.
Күтімі жақсы аналық ара көктем мен жазда бір тәулікте 1500-200
жұмыртқа ,ал көктем мен күз маусымында 200мыңға дейін жұмыртқа салады.
Жұмыртқа салу кезінде аналық араларды үнемі қоректендіріп отыру
керек.Сондықтан некелік ұшудан кейін аналық араға қамқорлық жасап,омартадан
сыртқа шықпайтын араларды нөкерлер деп атайды.Олар ұрғашы араның денесін
таза ұстаумен қатар оны азықтық сапасы жоғары сүтпен қоректендіреді.Сапасы
жоғары сүт түгелімен және тез қорытылып,аналық араның организміне сіңіреді
де,жұмыртқаның түзілуіне жұмсалады.
Ара шаруашылығында аналық ара өсімталдығының маңызы зор.Ара ұясының мол
өнімді болуы да,бал мен балауыздың көп болуы да мол өнімді аналық араға
байланысты мәселе.
Табиғи жағдайда ағаштың қуысында,тау-тастың арасында,сол сияқты басқа
жерлерде тіршілік ететін аралардың ұясында ұрғашы аралар 5-6жыл тіршілік
етеді.Ара шаруашылығындағы аналық аралар көктем-күз маусымдарында 100-200
мың жұмыртқа салады да,олардың жалпы күйі нашарлайды.алайда жасы ұлғайған
сайын тұқым тарату қабілеті азая береді.Осыған орай ұрғашы араны екі жылда
ауыстырып отырған жөн.
Аналық араның жан ұясындағы негізгі міндеті тек жұмыртқа салумен
шектеледі.Оның көбею мүшелері (жыныс мүшелері) өте жақсы жетілген.Басқа
мүшелері,мысалы дернәсілді қоректендіру,табиғатта өз бетімен
қоректену,балауыз ұяшықтарын жасау,омартаны қорғау, т.б. мүшелері тіпті
жетілмеген,егер жетілсе нашар жетілген.Аналық арада жұмысшы арамен немесе
еркек аралармен салыстырғанда қанаттары да нашар дамыған.Өйткені аналық ара
қанатын жиі пайдаланбайды.
Еркек ара.Көктемнің аяғында немесе жазда ара ұясын ашып
көрсең,құжынаған аралардың ішінен әрең қозғалып жүрген араларды байқап
қаласың.Оларды көздері шодырайған,басы үлкен,кеудесі де қуатты.Себебі
аяқтары мен қанаттарын қозғалысқа келтіретін кеудесінде орналасқан бұлшық
еті жуан,ұүрсағы қысқа келген.
Еркек ара жұмысшы аралардан ірірек те,ұрғашы арадан кішілеу:денеснің
ұзындығы-15-17мм,салмағы 200мг.Олардың жұмыс істеуге ешқандай мүшесі
бейімделген.Сондықтан олар ұяда ешқандай жұмыс істемейді.Еркек аралар
ұрғашы аралар сияқтыөз бетімен қорек тауып жей алмайтындықтан,олар жұмысшы
аралардың есебінене күн көреді.Сөйтіа аралар жұмысшы аралар дайындаған
балмен қоректенеді.Еркек аралардың шағатын піспегі болмағандықтан ол өзін-
өзі қорғайда алмайды.Оның негізгі міндеті-ұрықтанбаған аналық араны
ұрықтандыру.
Еркек араның көру қабілеті жақсы.Мұның некелік ұшу кезінде шапшаң
ұшатын арадан көз жазбауы үшін маңызы зор.Соның нәтижесінде ұрғашы араны
қуып жетіп,ауада ұрықтандырады.
Аналық ара омартаға ұрықтанып оралады.Миллиондаған сперматазоидтар
аналық араның тұқым қабылдағышына сол ауада-ақ кіріп үлгереді.Сол тұқым
қабылдағышта сперматазоидтар аналық араның барлық тіршілігіне жететіндей
болып сақталады.Ал еркек ара ьолса,сол ұрықтандырған сәтте-ақ өледі.Демек
еркек ара тек жазда ғана тіршілік етеді.
Еркек араның жұмыртқадан өсіп-жетілуі үшін 24күн қажет.Жұмыртқадан
шыққаннан кейін жыныс бездері жетіліп,ұрғашы араларды ұрықтандыру үшін
некелік ұшуға кіріседі.Олар үнемі (күн жылы болса) ауада жас ұрғашы
араларды аңдумен жүреді.Омартаға олар тек ұшу кезінде балдан босап қалған
бал қарындашын (зоб)балға толтыру үшін ғана келеді.Жалпы еркек араларда
белгілі бір омартаға тұрақтылық жоқ.
Жұмысшы ара.Омартаның негізін қалайтын-жұмысшы ара.Оның саны ара
ұясында әр түрлі болады.Қыстан шыққан орташа ара ұясында,яғни көктемде
олардың саны 14-18мың,күшті ара ұясында жазда нағыз бал беріп жатқан кезде
олардың саны 80мың,кейде тіпті 100 мыңға дейін жетеді.
Көлемі жағынан да ара ұясының ішіндегі ең кішісі-жұмысшы ара.Олардың
денесінің ұзындығы-12-15мм,салмағы-90мг.
Бірқалыпты ара ұясындағы барлық жұмысшы араны екі топқа бөлуге
болады:ұшпайтын (омартада) және ұшатын (далада).Ұшпайтын топқа 14-20 күндік
аралар жатады.Олар омартаның ішіндегі жұмысты орындайды.Сыртқа тек ішіндегі
артық заттарды шығарып тастау үшін ғана шығады.Ұшатын топқа сақа ара
жатады.Олар өте жақсы ұшады,күніне бірнеше рет ұшып шығып гүл
тозаңдарын,тәтті шырындарды жинап,бүкіл ұяны азықпен қамтамасыз етеді.
Жұмысшы ара дегеніміз-көбею мүшелері толық жетілмеген ұрғашы ара.Олар
еркек аралармен шағылысы алмайды.Соған орай ұрықтанған жұмыртқаларды
балауыз ұяшықтарға салуға мүмкіндігі жоқ.Сайып келгенде ,жұмысшы аралар
ұрғашы аралар бола тұра,ара ұясының тіршілігін қамтамасыз ете алмайды.Бірақ
оларда түйсік жақсы дамыған.
Жұмысшы ара өздерінің бар тіршілігін (30-35күн) тынымсыз,пайдалы
еңбекпен өткізеді.Аралардың үлесіне балалық шақ тимеген десе де
болады.Өйткені тіршілігінің екінші немесе үшінші күнінен кейін-ақ жас ара
балауыз ұяшықтың түбін,қабырғасн тазалап,оның санитарлық жағдайын қадағалай
бастайды.Төрт күн тіршілік еткеннен кейін бал және гүл тозаңдандарының
қосындысымен дернәсілдерді қоректендіруге кіріседі.Омарта маңын бағдарлап
ұша бастайды.Өздерінің болашақ қанатты қарындастарын қоректендірген
6күннің ішінде олар әрбір дернәсілге 8мың рет азық тасиды.Жетінші күннен
бастап жұмысшы араның ұрғашысы мен болашық ұрғашы араның дернәсілдерін
қоректендіруге қажетті,сүт шығатын жоғары жақ бездер қызмет істей
бастайды.12-18 күннен кейін олардың балауыз ұяшықтары құрылысын салуға
кіріседі.Осы кезеңде жұмысшы ара күзет және тәтті шырын қабылдау қызметін
де атқарады.Сондай-ақ ара тұқымдары маңында тірі көрпе ретінде қажетті
жылу сақтайды.Жұмысшы ара болашық ұрпақтың жақсы жетілуі үшін омартада ауа
алмасуының ойдағыдай болуын қадағалайды.15-18күннен кейін ара өзінің ең
құрметті борышы-тәтті шырын мен гүл тозаңдарын эинауға кіріседі.
Ара тәтті шырынның,гүл тозаңдары мен судың мол көздерін барлауға шығып
тұрады.Олар гүл тозаңдарын көп мөлшерде жинап,тәтті шырынды сілекейлерімен
ылғалдап,артқы екі аяғында болатын арнайы қуысқа салады.
Омартада әрдайым тазалық сақталады.Ара ұяшық қабырғасын,саңылауларды
прополиспен жалтыратып бітеу жерлерін жете меңгерген.Кездейсоқ тәтті бал
жеп рахаттанғысы келген тышқан омарта ішіне кіріп кетсе,аралар өткір
бізгектерімен оны шағып өлтіреді.Өліктің шіріп,иістенбеуі үшін оны қолма-
қол иіс өткізбейтін прополиспен жабындап тастайды.Ара омыртқасының ауасын
жеңілдетіп қана қоймай ,ондағы температураның біркелкі болуын да қадағалап
отырады.
Жаздың ыстық күндерінде омартаның кірер жеріндегі алаңшада,қанаттарын
қаққан аралар тізбегін көруге болады.Олар-омарта ішіне салқын ауа айдап
тұрған желдеткіш аралар.Сыртта ауа салқындаса,аралар шоғырланып,жылу
шығынына жол бермейді,зат алмасуын ұлғайту арқылы денелерінің жылуын
арттырып,омарта ішінде бірқалыпты температура сақтайды.Кейбір аралар
омартаға кіре берістегі алаңшаны күзету қызметін атқарады.Олар алғашқы
дабыл бойынша кездейсоқ жәндікке қарсы тұрады.
Егер омартаны ашып,ұяшықтарда құжынып жүрген мыңдаған араның қимылына
көңіл аударсаңыз,олардың бір сәт те дем алмай,өздерінің шегі жоқ толып
жатқан міндеттерін тынымсыз атқаратынына көзіңіз жетеді.
Аралар тіршілігінің ұзақтығы. Аралар жасының ұзақтығы олардың
қорегінің сапасы мен жасаған жұмыстарының мөлшеріне тікелей байланысты.
Жұмысшы ара сақайған шағында балмен қоректенеді.Көміртектес азық
ыдырағанда жылу және бұлшық ет қуатына айналады.Белокты азықтар тозған
,қажыған ағзаларды қалпына келтіру үшін қажет.Сондықтан жаз айында
жұмыртқадан шыққан аралар онша ұзақ тіршілік ете алмайды.Олар бар болғаны
35-37 күн ғана тіршілік ете алады.Өйткені олар тыным таппай гүл
тозаңдарын,тәтті шырын жинаумен қажып шаршайды.Шамадан тыс көп уақыт
жұмсайды.Ал жұмыртқадан қыркүйекте шыққан араларға жаздағыдай көп жұмыс
жоқ.Олардың үлесіне жас жұмысшы араларды баулу тиеді.Сондықтан олар 7-8
ай,кейде одан да көп ай тіршілік етеді.
Бал жинауға ауа райы қолайлы болса,аралар да тынымсыз жұмыс
істейді.Соның салдарынан олар ұзақ тіршілік ете алмайды.
Ұрғашы аралар бірнеше жыл кейде 5 жылға дейін тіршілік етеді.Ол көп
уақыт жұмсайтын бал жинау жұмысына қатынаспайды.Жұмыртқа салатын кезінде
күтімі өте жақсы,қорегінің құрамында организмдерді тез қалпына келтіретін
белокты заттар көп болады.Міне,осы жағдайлардың бәрі ұрғашы араның ұзақ
тіршілік етуіне себебін тигізеді.
Еркек аралардың тіршілігі 4 айға ғана жетеді.Әрине еркек аралардың
бәрі бірдей бұл шамаға жете бермейді.Өйткені негізгі бал жинау жұмысы
аяқталысымен,оларды омартадан қуып шығады.Ал ұрықтандыра сала өліп қалатын
еркек аралар туралы айтып қажеті де жоқ.Өйткені олар ұрғашы аралармен
шағылысқан сәтте-ақ өледі.Оның жыныстық бездері жетілгеннен кейін бірнеше
күннен соң-ақ өліп қалуы ықтимал.

8.3. Ара ұясның қорегі және
тіршілігі

Араның қорегі және оның көздері.Араның тіршілігі гүлдермен тығыз
байланысты.Олар негізігі қорегін-гүлдерден тәтті шырындар мен гүл
тозаңдарын жинайды.Аралар өсімдіктерге үлкен пайда келтіреді.Олар бір
гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандыру жұмысын жүргізеді.
Тәтті шырын (нектар)-жүзім,жеміс және қамыс қанттарының аздап
қышқыл,минералдқ тұздар,сол сияқты эфир майы мен ароматты заттар қосылған
қою ерітіндісі.Тәтті шырынның құрамында 94%-дан 34%-ға дейін су
болады.Судың мөлшері өсімдіктің түріне,ауаның ылғалдылығына және
температураға байланысты.Барлық қанттың орташа мөлшері тәтті шырында 35-40%
болады.Тәтті шырынның түсі әр түрлі,мөлдір,қызыл қоңыр,жасыл сары т.б.
болып келеді.
Бал-тәтті шырынды ара организмде қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған
өнім (азық).Ара организмінде жүретін негізгі процесс-судың булануы және
қамыс қантының жүзім қантына айналуы,ал жеміс қантының ферменттер арқылы
интерфазаға айналуы.Жақсы балда су 18-20%,декетриндер мен минералды тұздар
5%-ға дейін және қант шамамен-75%.Қант ерітіндісінің осындай концентрацияда
болуы балдың жақсы сақталып,ашымауына себін тигізеді.
Гүл тозаңы мен перга.Гүл тозаңын аралар көктем мен жаздың басында
жинайды.Осы уақыт кезінде аралар ұрпақ тәрбиелеуді бастайды.Жаңа өсіп келе
жатқан ара денесінің дұрыс жетілмеуі үшін белокты заттар қажет,ол белокты
заттар гүл тозаңында көптеп кездеседі.Мысалы,ақ қайыңның гүл тозаңында
белок-24%,орман жаңғақшасының гүл тозаңында 30% болады.Гүл тозаңындағы
белок-араның негізгі қорегі.Сонымен бірге тозаңның құрамында
май,крахмал,қант,гүл және басқа заттар да бар.Мысалы,ақ қайынның гүл
тозаңында 3,33% май,18,5%қант,бақбақтың гүл тозаңында 12,87%май,40,17% қант
кездеседі.
Аралар дұрыс өсіп-жетілуі үшін тек тозаңмен ғана қоректеніп
қоймайды,пергемен де қоректенеді.Перга немесе ара наны дегеніміз-ара
ұяшықтарына нығыздалған,үстіне күрделі ферментативтік прцестен өткен бал
құйылған гүл тозаңы.Бұл өнім гүл тозаңына да балға да ұқсамайды.Пергада
белое өте көп кездеседі.Араның бір дернәсілін тойдыру үшін 0,145г перга
қажет,ал 11000 дернәсілді тойдыру үшін 1,6 кг перга қажет.Сондықтан ара
ұясына бір жылға 16-20 кг перга болу керек.
Су-араға су ішу үшін және дернәсілге қорек дайындау үшін
қажет.1000дернәсілді өсіруге 33 г су кетеді.7-9мың дернәсіл өсіретін орташа
ұя үшін тәулігіне 40-50г су қажет,ал құрғақ желді күндері судың қажеттілігі
артып,тәулігіне 150-200 г су керек болады.Суды аралар өзеннен,су
қоймаларынан,т.б. су көздерінен алады.Ара шаруашылығында қосымша су ішетін
науалар жасап қояды.
Ара ұясының жыл маусымындағы тіршілігі
Көктем.Қар еріп күн жылынады.Таңертең омартаны қыстақтан
шығарып,алаңға орнатады.Ара өсіруші омартаның ара ұшып шығатын есігін
ашады.Олар омрта маңында ұшып жүріп,оның сыртқы пішінін,сол ортадағы
заттардың орналасу жағдайын жадына сақтап қалуға тырысады.Көктемде бірінші
рет ұшып шыққанда.олар қыс бойы қорытылмай ішектерінде жиналып қалған керек
емес заттардан құтылады.Содан кейін аралар өздері тұрған жерлерін тәртіпке
келтіреді,көгерген пергаларды балауыз ұяшықтардан шығарады,қыс бойы жиналып
қалған шаң-тозаңдардан тазалайды,қыстан шыға алмай өліп қалған аралардың
өлімтігін шығарады.Осыдан соң тездетіп рамкаларға балауыз ұяшықтарды сала
бастайды,ұрғашы ара болса оларды жұмыртқамен толтырады.Содан кейін еркек
араларға арналған балауыз ұяшықтарды жасауға кіріседі.Ара тіршілігі одан
әрі жалғасады.
Жаз бен күз.Жаз айындағы ара жұмысының сипаты-тыным таппай гүл тозаңын
жинау.Оған негізгі себепші сол жердегі бал көп беретін өсімдіктердің
уақытында гүлдеп,балды көп бөлуі.Жаз айының тағы бір ерекшелігі-ра ұясының
тіршілігінде еркек араларды омартадан қуып шығу.Күзге қарай аралар
тіршілігі бәсеңдеп бірте-бірте төмендей береді.Олар балауыз ұяшықтардың
аузын жетіліп келе жатқан дернәсілдерімен бірге бекітіп,жауып
тастайды.Осыдан кейін аралар пергамен қоректенудітоқтанып,тек балмен
қоректенеді.
Қыс қатал жерде аралар жарты жыл ұшпай,тіршілігін омартада
өткізеді.Бұл уақыт ішінде аралар ұйқыға кетпейді.Өйткені олардың денесінде
жиналған қорек қоры жоқ (анабиоз).Ара ұясы жыл құстары сияқты жылы жаққа
ұшып кете алмайды.Сондықтан өздерін сақтап қалу үшін араларда бір-ақ әдіс
бар.Ол-ұяларына бүкіл суық кезеңге жететін қорек (бал) жинау және сол
қоректі тиімді пайдалана отырып,ара ұясын сақтайтындай жылылық
туғзу.Жақсылап күтіп,қыстайтын жері таза жлы,құрғақ болса,құнды азықпен
қамтамасыз етілсе,ара қыстан қысылмай шығады.Тек әлсіз,қартайған аралар
ғана өледі.

8.4. Омартадағы
жұмыстар

Омартадағы көктемдегі жұмыстар
Бал арасын үйшіктен шығару.Қыстың соңында бал арасының ұясында
тіршілік әрекеті күшейе түседі.Бұл кезде аналық ара аздаған мөлшерде
жұмыртқа салады,ұяның тнмпературасы 34-35%-ға дейін жоғарылайды.Егер бал
арасының ұялары көктемде қыстатылса,бұл жағдайда омартамен оны желдетуде
күшейтіп,ондағы ауаның тазаруын ойластыру керек.Жертөле кешқұрым
желдетіледі.Азықтың сапасы төмен болса және бал арасы өте мазасызданып
кетсе,оларды үйшіктерден неғұрлым ерте шығарған жөн.
Бал арасының ерте ұшуына мүмкіндік беру үшін қары алдында алдын ала
тазартылған алаң жасалады.Үйшіктердің түбіне жылытатын материалдар
(сабын,пішен,құрғақ жапырақтар) салынады.Қазық үстіне орнатлған тесігі
оңтүстікке немесе оңтүстік шығысқа қаратылып жасалады,бірақ желдің әрдайым
қай жақтан соғып тұратынын ескеру керек.Бал арасы 8-10°С температурада
сергек ұша алады.Бал арасын үйшіктерден шығарғаннан кейін және ұшып
үйренген соң,барлық бал арасы ұялары ұясының төменгі тесігін қарау және
оларды өлі аралардан және балауыз қалдықтарынан тазарту керек.
Алғашқы жайма шуақ күні-ақ омартадағы барлық ара ұясы түгелдей
бақылаудан өткізіледі.Бақылау жүргізген кезде аналық араның бар-
жоқтығы,сондай-ақ азық қорының мөлшері,оның сапасы,ұяларында үсіген,іші
өтетін аралардың болуы,ұялардың көгеріп кетуі және басқа жайттар
анықталады.Бақылаудан кейін омарташаны анықталған кемшіліктерді жоюға
бағытталған шараларды жүзеге асырады.
Көктемгі негізгі бақылау.Омартада көктемгі негізгі бақылау жұмыстары
күн әбден жылынған шақта жүргізіледі.Бақылау кезінде бал арасы ұясының хал-
жағдайы,аналық араның бар-жоқтығы және азық қорының мөлшері омарта
журналына жазылады.Ұя көлемін олар орналасқан үйшіктің санына қарай
анықтайды.2корпусты үйшікте бал арасы тығыз орналасқанда 435х 300 м-лік 300
г ара,ал көп корпусты ұяда 200 г-ға жуық ара ұялайды деп есептелінеді.Бұл
арасының көбею ережесін дернәсілдері бар рамалар санын жалпы рама санына
есептеу арқылы анықтайды.Егер бал арасы ұясында ұрық аз болса,яғни ұрықсыз
рамалар көп болса,бұл ұядағы аналық бал арасы алмастырылуы тиіс.Балдың және
перганың мөлшері көзбен болжап анықталады.Көктемде ара ұясында 6-8 кг-дай
бал болуы керек.Арасы көп ұяларда балдың мөлшері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балды өсімдіктер
Негізгі балды табиғи өсімдіктер
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Бал өнімдерінің сапасы және оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешендер
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Ара балын ветеринарлық санитарлық сараптау
Ара шаруашылығының өнімдерінің түрлері,сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары
Дамыған елдердердің ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру тәжірибесі
Пәндер