Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеуде ертегілерді пайдаланудың педагогикалық шарттары



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ

І ЕСТИЯР ТОП БАЛАЛАРЫН ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЕРТЕГІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық шарттары
1.2 Ертегілерді пайдалану арқылы естияр поп балаларын елжандылыққа тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері

ІІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЕСТИЯР ТОП БАЛАЛАРЫН ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЕРТЕГІЛЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Естияр топ балаларын ертегілерді пайдалану арқылы елжандылыққа тәрбиелеу жолдары
2.2 Балабақшадағы оқу.тәрбие үдерісінде балаларды елжандылыққа тәрбиелеуде ертегілерді тиімді қолдану әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамның қалың талқылауына ұласқан Елбасы Н.Назарбаевтың ағымдағы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту − Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолауының негізгі бағыты алдағы дағдарысқа қарсы ұлттың экономикалық қуатын еселеп, соған жан-жақты әзірлікті қамту болып отырғаны айқын [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында [2], «Тіл туралы» [3], «Білім туралы» Заңдарында [4], «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы» [5], «Мәдени мұра» бағдарламасы [6], «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» [7], «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» [8] жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге, олардың бойындағы адами, рухани байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.
Қ.Сейталиев «Педагогика тарихы» оқулығында патриотизм тәрбиесінің әр саласының үзіліссіз байланыста болу қажеттілігі жайында кезінде М.И.Калинин, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко баса көрсеткен. Патриоттық тәрбиенің көптеген саласы Кеңес үкіметі жылдары ғалым-педагогтердің, философтардың, тарихшылардың (П.Н.Федосеев, Г.Н.Волков, Г.Н.Филонов және т.б.) еңбектерінде зерттелген. Н.К.Гончаровтың, М.А.Даниловтың, И.С.Марынконың, Э.И.Моносзонның, М.Н.Скоткинның және т.б. жалпыпедагогикалық еңбектерінде патриоттық тәрбиенің мәні мен теориялық әдістемесі, эмпирикалық зерттеу проблемалары қарастырылған. [ 9]
Бірқатар ғалымдар (К.Ш.Ахияров, М.И.Богатов, Л.Я.Бондарев, А.Ю.Гордин, И.И.Зарецкая, Т.П.Иванченко, П.П.Костенков, И.П.Майорова, Н.И.Остапенко, Ю.П.Сокольников, В.И.Ширинский т.б.) оқушылардың еңбек тәрбтесінің ерекше жүйесін тұтастықта зерттеген И.Д.Чернышенконың ғылыми еңбегінің орны бөлек.
Патриоттық тәрбие мәселесі жалпы психологиялық-педагогикалық еңбектерде (Э.И.Моносзон, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, В.В.Лебединский, Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.И.Божович және т.б.) біраз орын алған. Патриоттық тәрбие проблемаларының кейбір салалары да арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нысанасы болды, С.Р.Раджабовтың, А.Э.Измайловтың, П.Сайфуллаеваның, Р.Ержанованың, А.Жұмақановтың, С.Нұрмұқашеваның, И.Меликованың, К.Құнантаеваның, С.Ұзақбаеваның (халықтық) еңбектерінде кең баяндалады [10].
Академик М.К.Қозыбаев бүгінгі ұрпақты ерлікке баулудың ұлтжандылыққа тәрбиелеудің нағыз қайнар көзі-халықтық педагогика ұлттық дәстүрлерде жатқанына тоқтала келе, «бізге тірек болып, болашақ батыр ұрпақ өсіруге көмектесер бір фактор халықтық педагогикалық ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі», − деп ұлттық жауынгерлік дәстүрлердің маңызы зор екенін атап көрсетеді [11].
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтары күнгі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: 1998, 48 б.
3. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы. 11 шілде, 1997.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана: 2007, 27 шілде.
5. Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы. Алматы: 1992. -95 б.
6. Назарбаев Н.Ә. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болу тиіс. Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2003.
7. «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы». Астана: 2001.
8. Ұзақбаева С., Қожахметова К. «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» Алматы: «Өнер» 1998. 32 б.
9. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Оқулық. Алматы: «Білім», 2008, 416 бет.
10. Беркімбаева Ш.К.,- Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мазмұны, Этнопедагогика, 1/2005, 12-15 бет
11. Қозыбаев. Мектеп психологіне көмекші құрал. - Астана: Фолиант, 2010. 008.-96 б.
12. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения: В 6 т. Т. 1/Сост. С.Ф. Егоров. - М.: Педагогика, 1998 г. -300 с.
13. Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы. Алматы: 1992, 12 б.
14. Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. Құр. –Алматы: 1991. – Т.2.
15. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір анталогиясы, Алматы: Рауан, 1994 ж -89 б.
16. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы: Ғылым, 1973 ж. –220 б.
17. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы: 1980. 167 б.
18. Иманбаева С. Ұлттық патриотизм негіздері, Алматы: ҚазМемҚызПИ, 2004ж.-205 б.
19. Момышұлы Б. Психология войны. Алматы: 1996, 176 б.
20. Ғабдуллин, М. Алтын жұлдыз: очерктер, хаттар және күнделік. Алматы: Ана тілі, 2005. - 288 б.
21. Әбиев Ж. Педагогика тарихы- А:, 2006. -196 б.
22. Подласый И.П. Педагогика. Москва: Новый курс. В 2-х книгах. Владос. 2001. 576 с.
23. Христова Е. Л. , - Народная педагогика: исторические и теоретическо-методические проблемы М, 1988. 214 б.
24. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. –Т.1. Алматы: Жазушы, 2004. – 172 б.
25. Джунусов М.С. Национализм в различных измерениях. А-Ата:, 1990. -203 б.
26. Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы: Қазақстан, 1973. Т.2. -168 б.
27. Жұмаханов Ә. Орта мектептің жоғары класс оқушыларын аға ұрпақтың ерлік және еңбек дәстүрлеріне тәрбиелеу. –Алматы: Қазақ унив-ті, 1991, -48 б.
28. Бөлеев Қ.,- Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы, Тараз: 2001, 343 бет.
29. Ұлттық Энциклопедия, А:, 1998, 5 том.
30. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Үшінші кітап. Алматы: «Дайк-Пресс» 2004. 312 б.
31. Қосымша білім және тәрбие. Республикалық оқу-әдістемелік журнал.,А:, №2-3, 2006 жыл, 22 б.
32. Қасқабасов С.А. Қиял-ғажайып ертегілері. Алматы: 1991. -256 б.
33. Тұрсынов Е.Д. Тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегі. Монография. Алматы: 1996. – 112 б.
34. Әмірова Ә. Ересек тобында балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу (5-6 жас). Пед.ғыл.канд.дис. 13.00.01.-Алматы: 1994. -2006. 210 б.
35. Әуезов М. Таңдамалы шығармалары. –Алматы: Жазушы, 1999. -249 6.
36. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы Б. Баймұратова. Алматы: - 1991. -269 б.
37. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – Астана: 1992 – 114 б
38. Губанов Н.И. Является ли философия наукой? Философия и общество. Выпуск №1(49) 2008. -214 б.
39. Сауытбеков С.Л. Тағылым тегi, Көкшетау: 2003, 195 бет
40. Қосымша білім және тәрбие. Республикалық оқу-әдістемелік журнал.,А:, №2-3, 2006 жыл, 22 б.
41. Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы: Ана тілі, 1992. - 170 б.
42. Мұқанова Б. Этнопедагогика. Астана: Фолиант, 2008. - 439 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қасымбек Насихат

Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеуде ертегілерді пайдаланудың
педагогикалық шарттары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Түркістан 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қорғауға жіберілді
Білім технологиялары кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д.,доцент
_____________ Б.Ортаев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеуде ертегілерді пайдаланудың
педагогикалық шарттары

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Орындаған Қасымбек Насихат

Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы Исахова Шахизада

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 2

АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5

І ЕСТИЯР ТОП БАЛАЛАРЫН ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЕРТЕГІЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.2 Ертегілерді пайдалану арқылы естияр поп балаларын елжандылыққа
тәрбиелеудің өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..25

ІІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЕСТИЯР ТОП БАЛАЛАРЫН ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА
ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЕРТЕГІЛЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Естияр топ балаларын ертегілерді пайдалану арқылы елжандылыққа
тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...44
2.2 Балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісінде балаларды елжандылыққа
тәрбиелеуде ертегілерді тиімді қолдану
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..61

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңы
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. - Астана, 2004.
ҚР МЖМБС 5.01.021 - 2008. Негізгі ережелер. 2008. – 8 б.
Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы

АНЫҚТАМАЛАР

Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты – жоғары білім беру
құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін
анықтайтын құжат.
Білім беру бағдарламасы – білім беру мазмұны мен оқу үдерісін
ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік
– басқару құжаттары.
Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту,
тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым.
Елжандылық — тарихи тамыры терең әлеуметтік, саяси, психологиялық
құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы демократиялық
дүниетанымға, адамгершілікке, бөтенді жатырқамайтын қазақы
ұлттық менталитет пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін барлық ұлттардың
шынайы Отанына айналдыру, тілін, дінін дамытып, өркениетжолына
салатын идеология мен саясат.
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың
мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.
Отаншылдық, отан сүйгіштік, патриотизм (грек, patris - Отан) - адамның
Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген
сүйіспеншілік сезімі. 
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры
– халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни
фольклорлық көркем проза.
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен
шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған
ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы,
ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде
фантастикалық түрде баяндалған.
Тәрбие − халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруді, балалардың
айналамен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-
құлқын қалыптастыруды көздейді.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры
– халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни
фольклорлық көркем проза.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты
ЖОО – жоғары оқу орны

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамның қалың талқылауына ұласқан
Елбасы Н.Назарбаевтың ағымдағы жылғы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту −
Қазақстан дамуының басты бағыты атты Жолауының негізгі бағыты алдағы
дағдарысқа қарсы ұлттың экономикалық қуатын еселеп, соған жан-жақты
әзірлікті қамту болып отырғаны айқын [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында [2], Тіл туралы [3], Білім
туралы Заңдарында [4], Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы [5], Мәдени мұра
бағдарламасы [6], Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы [7], Жоғары мектеп студенттеріне
этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы [8] жас ұрпақты тәрбиелеу мен
білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге, олардың бойындағы адами, рухани
байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-
бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.
Қ.Сейталиев Педагогика тарихы оқулығында патриотизм тәрбиесінің әр
саласының үзіліссіз байланыста болу қажеттілігі жайында кезінде
М.И.Калинин, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко баса көрсеткен.
Патриоттық тәрбиенің көптеген саласы Кеңес үкіметі жылдары ғалым-
педагогтердің, философтардың, тарихшылардың (П.Н.Федосеев, Г.Н.Волков,
Г.Н.Филонов және т.б.) еңбектерінде зерттелген. Н.К.Гончаровтың,
М.А.Даниловтың, И.С.Марынконың, Э.И.Моносзонның, М.Н.Скоткинның және т.б.
жалпыпедагогикалық еңбектерінде патриоттық тәрбиенің мәні мен теориялық
әдістемесі, эмпирикалық зерттеу проблемалары қарастырылған. [ 9]
Бірқатар ғалымдар (К.Ш.Ахияров, М.И.Богатов, Л.Я.Бондарев, А.Ю.Гордин,
И.И.Зарецкая, Т.П.Иванченко, П.П.Костенков, И.П.Майорова, Н.И.Остапенко,
Ю.П.Сокольников, В.И.Ширинский т.б.) оқушылардың еңбек тәрбтесінің ерекше
жүйесін тұтастықта зерттеген И.Д.Чернышенконың ғылыми еңбегінің орны бөлек.

Патриоттық тәрбие мәселесі жалпы психологиялық-педагогикалық
еңбектерде (Э.И.Моносзон, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, В.В.Лебединский,
Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.И.Божович және т.б.) біраз орын алған.
Патриоттық тәрбие проблемаларының кейбір салалары да арнайы ғылыми-
педагогикалық зерттеулердің нысанасы болды, С.Р.Раджабовтың,
А.Э.Измайловтың, П.Сайфуллаеваның, Р.Ержанованың, А.Жұмақановтың,
С.Нұрмұқашеваның, И.Меликованың, К.Құнантаеваның, С.Ұзақбаеваның (халықтық)
еңбектерінде кең баяндалады [10].
Академик М.К.Қозыбаев бүгінгі ұрпақты ерлікке баулудың ұлтжандылыққа
тәрбиелеудің нағыз қайнар көзі-халықтық педагогика ұлттық дәстүрлерде
жатқанына тоқтала келе, бізге тірек болып, болашақ батыр ұрпақ өсіруге
көмектесер бір фактор халықтық педагогикалық ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі, −
деп ұлттық жауынгерлік дәстүрлердің маңызы зор екенін атап көрсетеді [11].
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр Найза-
ның ұшымен, білектің күшімен, Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай
аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік
қасиет еді.
Өз ұлтына деген патриотттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Алаш Орда қайраткерлері М.Дулатов, М.Жұмабаев,
А.Байтұрсынов және т.б. нақтылы іс-әрекеттері мен шығармаларынан да
байқауға болады. Елжандылық сезімінің объектісі мен қайнар көзі − Отан
десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр,
тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам
көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік
істердің қайнар көзіне айналуы елжандылыққа тәрбиелеудің арқауы.
Педагогика мен тәрбиенің, халықтың ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс
педагогі К.Д.Ушинский: Өмірінде де, ғалымда да  барлық халықтарға бірдей
тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі де
әртүрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі
халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де басқа, − деп
жазғаны белгілі [12].
Жоғарыда көрсетілген анықтамалардан, көрнекті ғалымның педагогикалық
тұжырымынан халықтың тек психологиялық, педагогикалық категорияларын
аңғармаймыз, мұнымен бірге туған елінің қоғамдық-экономикалық өзіне тән
материалдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени-ағартушылық мақсатын
өмірде жетістікке жеткізу үшін жиған әдіс-амалдарды байқаймыз.
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық
педагогикасының қасиетін қаділеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап,
көңіл бөле бастағанымыз – болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы
іспетті. Адамды адам еткен пен тәрбие болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп,
адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы,
әдептік хадистері мен тұжырымдары – мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – бұл ұлттық мәдениеттің бір
бөлігі. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәрбиелік
мәні зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті, өнері жас ұрпақтың ұлттық
сана сезімін оятып қалыптастырады.
Халқымыздың өзінің бүгінгі биік, озық мәдениетіне оңайлықпен жетпеген.
Бұл жолда ол талай заманғы шым-шытырман оқиғалардың сәулесін бойына
сіңіріп, небір асу-қия, бел-белестерді басып өткен. Ата-бабамыздың шетсіз
де, шексіз далада ертелі-кеш жер кезіп, бостан-босқа жүре бермей, олар
ежелгі заманнан ер жүрек, еңбексүйгіш, талапты да талантты, өзіндік
мәдениеті бар еңселі ел болған.
Халық педагогикасының озық үлгілері бала бітімін жетілдіру, ана
тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру сапасын арттыру, ұлттық дүниетанымдық
көзқарасымызды нығайту құралының бірі болып табылады. Елжандылық тәрбиені
ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету
тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет,
оның еліне, туған жеріне,  өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына
жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім
көрсеткіші болып табылады. Елжандылық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне
Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи
ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.
Дегенмен, жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жасалынған
талдау зерттеп отырған мәселенің әлі де болса толық шеміні таппағанын
байқатты. Осыдан келіп, қазіргі жаңа қоғамда балаларға патриоттық тәрбие
беруде ертегілерді пайдалануды арнайы жеке зерттеу пәні ретінде
қарастырылмаған деп тұжырымдауға болады. Жоғары оқу орындарында патриоттық
тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен
бірге жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында мектеп
жасына дейінгі балаларды патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық
тұрғыдан толық зерделенбеуі мен бүгінгі күнде балаларды ел жанды, отанының
нағыз патриоттары болып қалыптасуында ертегілерді қолдану қағидаларын
пайдаланудың қажеттілігі, қазақ ертегілері арқылы балаларға патриоттық
тәрбие берудің шынайы мүмкіндіктері мен олардың мектепке дейінгі
мекемелерде жүйелі пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар туып отыр.
Сондықтан балаларды елжандылыққа тәрбиелеуді қазақ халық ертегілерінің
негізінде ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу біздің зерттеу
проблемамызды айқындайды.
Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын Естияр топ
балаларын елжандылыққа тәрбиелеуде ертегілерді пайдаланудың педагогикалық
шарттары деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: естияр топ балаларын ертегілерді пайдалану
негізінде елжандылыққа тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның
әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеуде
ертегілерді пайдаланудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу міндеттері:
− Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық
шарттары.
− Ертегілерді пайдалану арқылы естияр поп балаларын елжандылыққа
тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері
− Естияр топ балаларын ертегілерді пайдалану арқылы елжандылыққа
тәрбиелеу жолдары
− Балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісінде балаларды елжандылыққа
тәрбиелеуде ертегілерді тиімді қолдану әдістері
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдарда ертегілер
арқылы балаларды елжандылыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері айқындалып, сол
арқылы оның үлгісі жасалып, сонымен қатар педагогикалық бағыттарын
жетілдіріп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектепке дейінгі ұйымдарда
қазақ халық ертегілері арқылы балаларды тәрбиелеудің тиімділігі артады,
өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үдерістің жүйелілігі мен
тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық,
әдебиеттерге талдау жасау; мектепке дейінгі мекемелерде балалардың оқу-
тәрбие процесін бақылау; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа
сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы
тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері.
Зерттеудің көздері: әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың тәлім-
тәрбиелік мұралары; Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы; Қазақстан Республикасы орта және
жоғары білім беру тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан
Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы; Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
тәрбие берудің кешенді бағдарламасы (2000); оқу және тәрбие процесінің
бағдарламалары; психологтар мен педагог ғалымдардың, жазушылардың, соғыс
ардагерлерінің оқу және тәрбиеге арналған еңбектері.
Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы №31
бастауыш мектеп – балабақша кешені.
Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЕСТИЯР ТОП БАЛАЛАРЫН ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЕРТЕГІЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық
шарттары.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында атап қөрсеткендей
азаматтыққа, елжандылыққа, мемлекеттік рәміздер мен халықтың салт-
дәстүрін құрметтеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне
бейімделуге, конституцияға қарсы келетін және қоғамдық жат іс-әрекеттерге
көнбейтін тұлға тәрбиелеу білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып
табылады. Сондықтан білім алу барысында балалар екі маңызды әлеуметтік
рөлді: азаматтықпен патриот рөлін саналы түрде меңгеруі тиіс.
Елжандылық тәрбиесі – ол адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін
парызын, намыстық сезімін тәрбиелеумен тікелей байланысты. Елжандылық пен
азаматтық тұлғаның ең маңызды қасиеттерінің бірі ретінде
анықталатын түсініктер. Ал азаматтық – ол тұлғалық қасиеттердің мынадай
компоненттерін: өзінің құқықтарын пайдалана білу қабілеттілігі және жеке
басының қажеттілігіне тиісті міндеттерді қоғам игілігі үшін орындау мен
мемлекеттік көлемде кең түрде ойлау болып табылады. Бүгінгі күні қоғамда
шынайы елжандылық пен азаматтықты рухани-адамгершілік пен әлеуметтік
құндылық ретінде қайта өрлетудің маңызы зор болып отыр.
Ұлттың атақ-абыройын сезінетін, ұлттық мұраттарға сүйенетін адам ғана
елінің нағыз патриоты мен азаматы бола алады. Кез-келген халықтың өмір
салтына негізделген өзіндік ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр
ерекшеліктері, сыртқы ортаны қабылдау психологиясына негізделеді. Әрбір
этностың өзіне тән ділі, өмір салты, ойлау тәсілі, ой тұрпаты, айналаны
қабылдауы, адамгершілікті бағыты бар. Ең маңыздысы осы қасиеттердің бәрін
үлкен өмірге аттаған әрбір жас ұрпақ қабылдайды.
Әрбір адамның өмірінде кәсіби бейімделуі мен өзінің болашақ еңбек
жолын анықтауы, өзін-өзі іске асыру дағдылары кенже қалып қоймауы тиіс. Жас
адамға дәл осы мәселені шешуге алғашқы мәліметтерді балабақшада беруі
қажет. Тәрбиенің педагогикалық парадигмасында XX-ғасырдың аяғында басты
идеясы ізгілік, еркін білім беру мен тәрбиелеу, бала тұлғасының бар күшін
дамыту, оның шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, сол арқылы адамның жағымды
қасиеттерінің бәрі ашылуы мүмкіндік жасау, оған қоса қоршаған әлеуметтік
ортасы әсер етсе, онда бұл оның әлеуметтенуі болып табылады. Сондықтан
бүгінгі күні ұстаздар қауымының жалпы педагогикалық қызметі тәрбиенің
ізгілік тұжырымдамасын анықтауға бағытталған. Осыған орай білім
беруді ізгілендіру бағыты қоғамдық сананың өзгеруімен өте тығыз байланысты.
Адамның тұлға ретінде өзіне баға беруі, оның құқықтары мен
еркіндіктерін мойындауы, оған сырттан ғана жағдай жасап қана қоймай,
баланың жеке өміріне қажет бар мүмкіндіктерін ашу. Тәрбие үрдісінің
нәтижесінде баланың өзін-өзі тану қажеттілігі, өзін-өзі бақылауы, өз
бетінше өмір принциптері мен шындықтарды іздеуі, сөйте отырып жеке
дүниетанымы, жеке мінезі, ерік-жігері қалыптасып, қажет болғанда өзінің
әлсіз жақтарын түзей отырып, әр бала өзін тұлға етіп қалыптастыра алады.
Бала біздің өміріміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу баршамыздың ісіміз
екенін жақсы түсінуіміз керек. Сондықтан бүгінгі тәрбие −
ол өмір тәжірибесі бір бағытта берілген аға буынның осы заманғы ұрпақ жайлы
пікірі емес, ол ересектер мен балалардың тіршілік іс-әрекеті барысында
өзара бірлескен қызмет екенін, ал ұстаздар мен ата-аналар тарапынан
қоғамдық маңызы бар терең ізгілік мағынасында тынымсыз да мазасыз еңбекті
көрсетеді. Осыған орай атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін көтерудің
бірден-бір шарты ол ата-аналармен жүргізілетін жұмысты жетілдіру, мекпке
дейінгі мекеме және ата-ана қауымдастығының өзара тығыз байланысы болып
табылады.
Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақастанадық патриотизм мен отансүйгіштік
рухта тәрбиелеу барысында Қазақастанның білім және ғылым қызметкерелерінің
ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: Қазақстанның отанашылдық
сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу
орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып
табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халақын сүюге тәрбиелеу –
мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты парызы – деген сөзіне үңілсек, онда
Қазақстан мемелекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы
және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни наным-
сенімдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.
Қазастан Республикасы Білім министрлігі ұсынған Тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын ұрпаққа
еріктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру;
өз жерін, елін қорғай алатын ұлтжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар
тәрбиелеу, − деп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-
дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән береді.
ҚР Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасында Елжандылық − тарихи тамыры терең
әлеуметтік, саяси, психологиялық құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы
демократиялық дүниетанымға,  адамгершілікке, бөтенді жатырқамайтын қазақы
ұлттық менталитет пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін барлық ұлттардың
шынайы Отанына айналдыру, тілін, дінін дамытып, өркениетжолына
салатын идеология мен саясат − деп берілген [13].
Отаншылдық, отан сүйгіштік, патриотизм (грек, patris − Отан) − адамның
Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген
сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде отаншылдық ең қасиетті
міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған
Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің отаншылдық үлгісі көрініс
тапқан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және 20
ғасырдың басындағы  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейхан,  Ж.Аймауытов,
С.Торайғыров, М.Жұмабаев,т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлер отаншылдықты
сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би Өмірім
халықтікі, өлімім ғана өзімдікі деп халыққа қызмет етудің, отаншылдықтың
айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында отаншылдық байлықтан
да жоғары бағаланды. Көптеген елдерде отаншылдық халықтың өз ұлтының тілін,
ділін, дінін берік сақтауымен және мақтан тұтуымен тікелей байланыстырылды.
Ғасырлар бойы басқа халықтарды басып- жаншып, отарлық үстемдік жүргізген
алпауыт мемлекеттерде ұлы державалық патриотизм санасы мемлекеттік ұран
ретінде насихатталған. Қазіргі батыс зерттеушілері отаншылдық ұғымы
қоғамдық-саяси феномен ретінде ескіріп тозды, маңызы жоқ деген пікірлер
айтады. Планеталық, ғаламдық ойлау жеке елдікті уағыздайтын отаншылдықты
жұтып, жоюда. Еуропаның кейбір ғалымдары отаншылдықты ұлт, азаматтық
ұғымдармен алмастырды. 1931 жылы неміс социологисті Р.Михельс отаншылдықтың
Отанға деген сүйіспеншілік қасиетін кеңейтіп, оған нәсіл мен тек, дін мен
тілдің бірлігі, мәдениет пен тағдыр ортақтығы, мемлекет ортақтығы мен
мақсаттар бірлігі секілді қасиеттерді қосты. Қазіргі кезде Қазақстан
өмірінде қазақстандық патриотизм ұғымы қалыптаса бастады. ҚР-ның
Конституциясы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және оны
азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен,
отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар.
Қазақстандық патриотизм − ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты
өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті.
Отаншылдық сана − халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, халықтың күш-
жігерін, тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Сондықтан елдегі тәлім-
тәрбие, идеология мен ақпарат жүйесі ел тұрғындарының бойында өзін
республиканың толық азаматы ретінде сезіну көңіл-күйін қалыптастыруы керек.
Отаншылдық, елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы
мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан отаншылдықтың қайнар
көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық.
Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл
болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен, биліктің
басқаруымен енгізу мүмкін емес. Отаншылдық тәрбиеге қатысы бар барлық
институттар мақсатты әрі нәтижелі жұмыс істегенде ғана санаға сіңеді.
Қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндет − өмірдің қай саласы
болмасын әлемдік кеңістікке ену. Ал, әлемдік кеңестікке енуде әр қоғамдық
құрылым өздігінен енуі керек. Бұл құрылымдықтың өзіндігі оның теориялық
негізгі ұлттық сана, дәстүр, салт мәселелерімен тығыз байланысты болады.
Қалыптасқан ұлттық сана, дәстүр, салт біздің қазақ халқында тәрбиенің
пәрменді құралы болып табылады, сондай-ақ, қоғамдық өмірде айрықша орын
алады. Әсіресе, қазіргі таңда елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу
мәселесінің барынша нақты қойылып отыруының өзіндік үлкен мәні бар.
Еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында,
қоғамдық өміріміздің барлық салаларына патриоттық тәрбие берудің
қажеттілігі айқын сезіле түсуде және бұл қажеттіліктің онан әрі өсе
түсетіндігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл − мемлекетіміздің
Ата заңы, Республикамыздың егемендігі және қазақ жерін мекендеген ұлттар
мен ұлыстар, түрлі халық өкілдерінің бірлігін сақтау − Отансүйгіштік,
елжандылық пен патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізі болмақ.
Республикамызда қабылданған Білім беру тұжырымдамасы, Білім берудің
дамыту бағдарламасы талаптары деңгейінде жаңаша мән бере қарауымыз керек.
Тәрбиенің кең салаларының бірі − елжандылық тәрбие екенін еліміздің тұңғыш
президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының өзекті мәселелердің қатарына
қойып қарауы тегін емес және Қазақстандық елжандылықтың теориялық негізін
тереңдете түсті.
Елжандылық өткеннің тәжірибесінсіз, сол тәжірибенің негізінде
қалыптасқан дәстүрсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бұл, негізінен, өткен
тарихи тұлғалардың іс-әрекет мен қарым-қатынасының нәтижесі ретінде
қалыптасқан тәжірибеге тәуелді болады. Біз, қазақ халқы, өз тарихында жас
ұрпаққа үлгі боларлық алып тұлғаларға бай халықпыз.
Тәрбие – көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол мектептен
нәр алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз. Сан ғасырдан бері қазақ
халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен істері, тұрмысы, мәдениеті,
өнері, өмір тәжірибесі отансүйгіштік сезімнен бастау алып жатыр. Әрбір
халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар
бойы тәрбие әдістермен қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік,
сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық,
еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді
олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде патриотизмнің
қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.
Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті оқулығында халықтың даналық
ойлары ұлттық патриотизмнің шамшырағы болған. Ата-бабамыз ұрпағының бойына
мақал-мәтел, ертегі-өлең, жыр түрінде, ақын-жыраулардың, шешендердің
сөздері, толғау, өсиет өлеңдері арқылы отансүйгіштік сезімін сіңдіре
білген. Ұлан-ғайыр сайын даласын ақ найзаның ұшымен, ай балтаның күшімен
қорғай білгендігінің өзі − осы елжандылық жемісі. Көне түркі заманнан
бастау алған елжандылық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп
суреттеледі: Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі
Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді [14]. Демек, патриоттық құндылық ана
сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір анталогиясында Ата-
бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп
кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы да, міне
осында. Жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктер сонау
Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен басталады. Тарихи мұрамызда ұлттық
нақышымыз былай бейнеленеді: Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз
бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты
өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда ешнәрседен мұқтаждық көрмейсің... ер жүрек
халық – күшті халық... бізге жеңіс әперген жер-суымыз – Отанымыз деп білу
керек [15]. Мінекей, ескерткіштен елжандылықтың халықты көбейтіп, байыту
үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл
білгірлігін қорғау екендігін байқаймыз. Жоңғар сияқты алып империямен
алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне қылышпен қарсы шабуылға жетелеген
де осы елжандылықтың қуатты күші.
Егеменді еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде олардың өн
бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін, жерін,
отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы
ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін негізге ұстануды қажет етеді.
Ықылым заманнан бізге жеткен Қорқыт ата кітабы − түркі тілдес
халықтардың барлығының ортақ игілігі. Аталған еңбекте тәлімдік мәні күшті,
қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: Анадан
өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел
басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. ...Ата даңқын шығарып, өзінің
тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Халыққа білім беруді армандаған, адамзат бойында ағарту мен дамуды
біріктіргісі келген ұлы баба Әбу Насыр Әл-Фараби ұстанған мұраттың бір
парасы мынадай: Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге
негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз... тәрбиелеу
кезінде халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын
іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке
жігерлендеріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, сөйтіп, осы
қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан дүниесін баурап
алатындай және адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы
көзделеді Сонымен қатар, Отанына деген сүйіспеншіліктің, сағыныштың ерен
үлгісін Әл-Фарабидің мына бір өлеңінен байқаймыз:
Кеткенім жоқ, елім сенен, атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жұртым шалғай жерден ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның,
Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын [16].
Адамбаев Б. Шешендік сөздер: Атамекенге деген құрметті, туған жерге
деген ыстық сезімді, халқына деген қалтқысыз сүйіспеншілікті халқымыздың би-
шешендері, жыршы-жыраулары Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді,
Шалкиіз, Бұқар және Махамбеттердің шешендік сөздерінен, өлең-жырларынан
табамыз.
Ерлік жасауға үлгі болған ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы
күресін, батырлардың қуат-күшін, майдан даласындағы шайқастарын, олардың
соғыс өнеріне жетік екенін көрсетеді. Қазақтардың патриотизмін жоңғар
қонтайшысына Қазыбек би былай деп сипаттаған: Біз – қазақ деген мал баққан
елміз, ешкімге соқтықпай жат жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын
деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір
дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса,
құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды! Ұл мен
қызды қаматып отыра алмайтын елміз. ...Танымайтын жат жерге танысқалы
келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен – қабылан болсаң,
мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жс тұлпар – жарысқалы
келгенбіз, тұтқыр саты желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп біті
-
міңді айт, не тұрысатын жеріңді айт! [17].
Иманбаева С. Ұлттық патриотизм негіздері еңбегінде қазақ елінің
жоңғарларға қарсы ХVІ-ХVIII ғасырдағы күресі Отан соғысы болып табылады.
Ш.Уәлиханов Абылай ғасыры − ерліктің ғасыры деп атап көрсеткендей
тарих майданында талай батыр сынға түсіп, қайталанбас ерекше
сипатымен халықтың жадында мәңгі сақталды. Халықтық ерлік мұралар
− халықтық, педагогиканың ең биік тұғыры. Қазақтың жауынгерлік дәстүрін
қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым
ерекшелігіне байланысты қарастыратын болсақ жауынгерлік дәстүр − қазақ
қолының тұтас жауынгерлік сипаттағы әзірлігін үзбей ұстауы. Бұл жерде
қазақ халқы ұлт болып қалыптасу дәуірінен бастап, күні кешеге
дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі
қорғап, отыруға тура келді. Сол себепті қоғамның қолына қару ұстауға
жарайтын азаматы кез-келген уақытта қазақ әскерінің жауынгері
болып табылатын. Қоғамдық болмыс өзінің қайталанбас тұлғаларын
тудырып отырды. ХVІІІ ғасырда елдің бірлігін, жердің тұтастығын
сақтап қалған Абылай хан, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай
батыр, Қанкелді батыр, Қойгелді батыр, Көкжал Барақ, Байғозы батыр, Баян
батыр, Қасабай батыр, Ер Жәнібек т.б. ерліктері ұлттық ерлік мұрамыздың
алтын арқауы болып табылады. Ұлы тұлғалардың қаһармандық жолдары
бүгінгі жас ұрпақты ерлікке баулудың темір қазығы
іспеттес. Жауынгерлік замандағы жыр-жоқтаулар, аңыз-әңгімелер
үлкен тәрбиелік мәні бар білім мен өнегенің нағыз қайнар көзі. Ауыз
әдебиетіндегі ақын-жыраулар шығармасының тәлім-тәрбиелік мәні болуымен
қатар, сол кездегі өмір сүрген ірі тұлғалардың өзіндік орындарын айқын
байқауға болады. Түркі халқы − батыр халық, түркі халқы арыстан ер халық
деп бабамыз Мұстафа Шоқай айтқандай, Күлтегін, Тоныкөк батырлардан бастау
алған Жалаңтөс, Қарасай, Ақша, Қожакелді сынды баһадүрлеріміздің ерлік
істері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне негізгі тәлімдік құрал болып табылады
[18].
Халқымыздың ауыз әдебиеті мұралары арқылы бізге жеткен ұлттық ерлік
дәстүрлерінің ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше. Халқымыздың жауынгерлік
және ерлік дәстүрлерінің мол тарихын ескере отырып ұлттық сананы
қалыптастыруда, білім ордаларындағы оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық ерлік
дәстүрінің негізгі элементтерін, оның ішінде адамгершілік тәрбиесінің
негізгі бағыттарының бірі ерлік және жауынгерлік тәрбиенің мазмұнын жан-
жақты қарастырып, кеңінен енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасы әскери докторинасы мен әскери Құрылыс
тұжырымдамасында Елжандылық тұрғыда тәрбие беруді жақсартуға бағытталған
кешенді бағдарлама қажет деп атап көрсетуі халқымыздың ерлік дәстүрін
ғылыми негіздей отырып ұрпақ тәрбиесіне пайдаланудың негізгі стратегиялық
бағыты болып табылады. Еліміздің ертеңі үшін жас ұрпақты ұлттық рухта
тәрбиелеуде бабаларымыздың ерлік істерін үлгі-өнеге ету аса қажет.
Халық батыры Б.Момышұлы Бұрындары жасалған ерліктерді сыйла -
май, қадірлемей тұрып, жаңа ерлікке шақыру бекершілік. ...Солдаттардың
бойына жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтың басынан өткен жауынгерлік
жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы аса зор екеніне көзім жетті дей
келе, жауынгерлердің бойындағы ерліктің қалыптасуына ықпал ететін ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасқан ұлттық мұра екенін әскери ғалым ретінде ғылыми
тұжырымдайды [ 19].
Патриотизм ұғымы ХV ғасырдың басында француз халқының ұлттық батыры
Жанна д'Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншылармен күресіп, өз Отанының
дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болған.
Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген жаулап
алушыларға, әр түрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.
Қазақ халқының бертінгі тарихында бірқатар кемшіліктерге бой алдырып,
дәрменділігі төмендеген жүйе − патриоттық тәрбие жүйесі. Бұл бір жағынан –
қазақ елінің жат жұрттың бодандық шырмауына түскендігінен болса, екінші бір
жағы – кейінгі КСРО империялық, мемлекеттік саяси – идеологиялық тұрғыдан
басқарған тоталитарлық жүйенің жеке адамның Отанына, бабалар мұраты мен
халық дәстүріне сүйенген елжандылық тәрбие көздерін жалған идеология арқылы
бұрмалауында еді. Жалпы адамзат өркениетіне тән ізгілікке жеткізер жолдың
бастауы – патриоттық тәрбие түп негізінен айырылып, тоталитарлық мүддеге
қызмет етті. Соның салдарынан жеке адамның Отанына, халқына деген
сүйіспеншілік негіздерінің бірі болып табылатын патриоттық сезім, ой-сана
қуғынға ұшырады. Шығармашылығына патриоттық сезімдері қуат берген ақын
О.Сүлейменовтың АЗиЯ еңбегі үшін, ақын Ж.Молдағалиев: Мен қазақпын
мың өліп, мың тірілген, − деп жырлаған Мен қазақпын поэмасы үшін
әкімшілік қысымға ұшырады [20]. Сондықтан да, республикамыз тәуелсіздік
алғаннан бері балалардың, жасөспірімдер мен жеткіншектердің оқу-тәрбие
ісінің әлі де болса назар аударып, жіті қарауды қажет ететін салаларының
бірі – елжандылық тәрбие екендігін баса айтқымыз келеді.
Мәселенің шешімін өркениеттілікке, ізгілікке ұмтылудан қарастырғанымыз
жөн. Сол жағдайда ғана патриоттық тәрбие жаңа сапаға көтеріліп, уақыт
талаптарына жауап бере алады, жаңа идеологияны қалыптастырушы нысандардың
алдыңғы қатарында болады.
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп гүлденуі
ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары – ана
тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Ұлттық Мен
дегізерлік қасиеттерді сақтап қалудың кепілі − әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен
Атамекен деген киелі атқа ие туған жер. Бұлар қазақтардың ұлттық Менінің
қайнар көзі, таусылмас бұлағы. Қай заманда, қай дәуірді алып қарасақ та,
біртұтас халықтың, ұлттық ерлігі не жеке қаһармандардың батырлық істеріне
осылар қозғаушы күш болып отырған.
Жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі дүниежүзі халықтарының
барлығына да ортақ. Жас ұрпақ бойында елжандылық сананы қалыптастыру, ол
үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін оқу-
тәрбие процесінде елжандылық тәрбие беру қажеттілігі туындап отыр. Олай
болса, балаларға елжандылық тәрбие беруде − өткені мен бүгінгі күнді және
болашағын байланыстыру қажет. Патриотизм гректің (раtris) – Отан, ел деген
сөзінен шыққан. Соңғы кездері оның қолданылу ауқымы кеңіп, ол Отанға, елге,
туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіретін, жиынтық ұғымға
ұласқан.
Байқап қарасақ, революционер-демократтар патриотизмнің тарихи
тамырларын зерттеуге, оның халықтарды жақындастыру идеясымен тығыз
байланыстылығын түсіндіуге материалистік тұрғыдан кіріседі, патриотизмге
қарсы күресуші расизм, шовинизм, т.б. күштерді сынға алады.
Ж.Әбиев  Англияның буржуазиялық педагогикасындағы азаматтарды
тәрбиелеу мәселелері деген еңбегіне көз жүгіртсек онда азаматтық және
еңбек мектебі педдагогикасы деген атпен тарихта белгілі болған
педагогикалық ағымдар XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Англиядағы
мектептерде діннің күшімен, оқытылатын пәндер қатаң тәртіппен жүргізілді.
1897 жылы бұл мемлекетте Адамгершілікке тәрбиелеу Лигасы құрылып, онда
педагогтар мектептің маңызды мәселелерін тілге тиек етіп келелі мәселелерді
қозғады. Лиганың мүшелері ағылшын мектебінің тарихында тұңғыш рет 7-14 жас
аралығынджағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге қатысты бағдарлама
қабылдады. Бағдарламаны жасаушылар мынандай мәселелерге мән берді: басқа
адамдардың құқығын сыйлау, әділеттілік; еңбексүйгіштік және Өз Отанын сүйіп
оған қызмет ету [21].
Жасөспірім жеткіншектерді патриоттық рухта тәрбиелеуге қатысты идеялар
Англияда ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қайта жалғасын тапты. 20 жылдары
П.Нанн, С.Норвуд, Дж.Адамс еңбектерінде тәрбиені − әрбір тұлғаның рухани
тұрғыда жетілуі деп қарастырды. 30 жылдардағы ағылшын педагогикасында өз
Отанының патриоттарын тәрбиелеу мәселесіне айрықша ден қойылды. Бұған
көптеген тарихи жағдайлар себеп болды. Ең бастысы фашистік Германияның
басқыншылығы еді. Сондықтан да төніп келе жатқан соғысқа қарсы тұрып, туған
жері мен елін жат жаудың қанды тырнағынан қорғай алатын патриоттар өсіріп
шығару мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Ағылшын филосолфы әрі педагог Р.Ливингсон азаматтық деген сөзге
түсінік беріп мұның астарында өз мемлекеті мен жеріне деген патриоттық
сезім жатқанына назар аудартты. Ал, Лондон университетінің профессоры
адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі мәні демократиялық қоғамның
азаматтарын тәрбиелеу деп тұжырымдады. Ол жасөспірім жеткіншектерді
азаматтық және патриоттық рухта тәрбиелеудің аса қажеттігін дәлелдеген.
Подласый И.П. француз орта мектебіндегі азаматтық тәрбие берудің
кейбір мәселелері атты жұмысында Франциядағы қоғамдық-педагогикалық ортаны
азаматтық мәселені қатты толғандыру себептері қаралған. Франциядағы
көптеген педагогтар тарих, философия және азаматтану пәндері жасөспірім
жеткіншектерді еңбекті сүюге, өзгелерді сыйлауға және әр оқушының жеке
тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуі керек деп есептеген [22].
Францияның көптеген мектептерінде оқушылардың бойына патриоттық
сезім ұялату үшін патриоттық тақырыптардағы көркем фильмдерді көріп,
талқылаулар өткізу дәстүрге айналған.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ГДР-де әрбір оқушының жадына Отан
қорғау туралы түсініктерді сіңірумен қатар, олардың саясат, техника т.б.
ғылым негіздерімен қаруландырып дамыту қажеттігіне жете көңіл бөлінді.
Патриоттық тәрбие беру мәселелеріне бүкіл қоғамдық ұйымдар мен баспасөз,
мектеп және бесқа да мекемелер бірлесіп кірісті. Бұдан патриоттық тәрбиеге
айрықша көңіл бөлініп маңыздылығы артқаны байқалады.
1970-80 жылдары Болгариядағы патриоттық тәрбие жүргізудің қандай
ерекшеліктері бар болғаны туралы Х.Л.Христова Жоғары сынып оқушыларына
әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызды тіні – бастапқы әскери тәлім
деген еңбегінде дұрыс ашқан. Мұнда патриоттық тәрбие берудің негізгі жүйесі
анықталған. Әсіресе, әскери патриоттық тәрбиеге баулудың әртүрлі тәсілдері
айқындалған [23].
Көптеген шетелдіктердің патриоттық тәрбие берудегі тәжірибесіне ден
қойсақ, бастауыш мектеп жасындағы балаларға туған жер, өскен өлке туралы
көркем шығармаларды оқып таныстырудың патриоттық сезім қалыптастыруға үлкен
әсер ететіндігі дәлелденген. Сонымен қоса, жаңа оқу жылы басталған кезден
бастап, оқытушының жеке жұмыс жоспарында патриоттық тәрбие беруге
бағытталған жүйелі бағдарламасы болу қажет. Онда оқушылардың шығармашылық
ойлануына жол ашатындай тәсілдер қамтылуы керек.
Сонымен шетелдіктердің жасөспірім жеткіншектерді патриоттық рухта
тәрбиелеу тәжірибесінде әртүрлі формалардың бар екеніне көз жеткіздік.
Алдағы уақытта кейбір озық тәсілдерді біздің елімізде де тәжірибеге кіргізу
артықтық етпейтін тәрізді.
Б.Момышұлы елжандылықтың маңызды элементтерінің бірі – онымен етене
байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет.
Ұлттық рух пен патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі
мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, адам өз халқымен қан жағынан
да және шыққан тегі, аумағы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы,
психологиялық және этностық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері
жағынан да, әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен
де байланысты. Мұның бәрін міндетті түрде есепке алу үшін әрі бұл сезімді
әскерлерге күш-жігер беретін мықты құрал ретінде пайдалана отырып,
патриотизм, отанға, ұлтқа сүйіспеншілік ұғымының жалпы арансына бағыттап
жіберу үшін білу қажет, − дейді [24].
Кімде-кім халыққа, оның болашағына сенбесе, өз тағдыры үшін де
үрейленеді, өз Отанын жат жұрттықтардың жаулап алуынан қауіптенеді,
Отанының патриоты, батыры бола алмайды.
Отан – халық топтары өмір сүріп, еңбек ететін белгілі бір саяси,
мәдени, әлеумекттік және аумақтық орта. М.С.Жүнісов Отан құрылымы үш
элементтің берік байланысы ретінде түсінілуге тиіс деп дұрыс баға берген.
Олар:
1. Халық тарихымен ұштасқан, сол халық субъект ретінде, тарихты жасаушы
ретінде көрінетін туған жері, этностық аймағы.
2. Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті, дәстүрлері бар белгілі бір халық.
3. Мемлекет түрін анықтайтын қоғамдық – экономикалық және әлеуметтік-
саяси құрылыс [25]. Елжандылық сана отандық атрибуттардың жалпы санада
бейнеленуінің нәтижесінде қалыптасады. Отан деген ұғымға белгілі бір
жеке адамның, адам топтарының, жалпы халықтың ден қоюшылығы мен
қажетсінуі тұрғысынан қарағандағы шынайы маңызы бар қоғамдық тұрмыстың
элементтері кіреді.
Елжандылық тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне
сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда
елжандылықтың мазмұны да таптық тұрғы да көрініс табады, өйткені әрбір тап
Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді.
Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі
үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар – өз отанының жалынды
патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары.
Өз отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін отан мүддесіне
арнаған адамға тән терең сезім
Қазақ совет энциклопедиясында “патриотизм” – дегеніміз (грек patriotеs
– отандас, patrio – Отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы
күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана
тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм
элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды – деп көрсеткен [26]. Бұл
берілген түсініктемелердің барлығы жалпы патриотизмнің мән-мағынасын ашып
береді, бірақ оны әлі де болса толықтыра түсу қажет.
Патриотизм деген ұғымға бүгінгі ғылыми еңбектерде бірқатар түсінік –
анықтамалар берілген. Мысалы:
Ғылыми – зерттеу жұмысын патриоттық-интернационалдық тәрбие мәселесіне
арнаған Ә.Жұмахановтың еңбектерінде тәрбие мәселесін кешенді түрде тәрбие
бағыттарымен ұштастыра отырып жүргізу көзделеді [27].
Патриоттық интернационалдық тәрбиені адамгершілік, саяси-идеялық
тәрбиелермен және білімнің мазмұнымен байланыстыра жүргізу қарастырылады.
Ғалымның соңғы шыққан еңбегінде аға ұрпақтың ерлік және еңбек дәстүрі
арқылы балалардың сезімдерін жетілдіру, дамыту мәселесіне айрықша көңіл
бөлінген.
Елжандылық сезім адамдардың, халықтардың әлеуметтік-экономикалық
тұрмыс жағдайы әсерімен пайда болады. Бұл жағдайлардың өзгеруі елжандылық
мазмұнының өзгеруіне апарып соғады.
Әрбір халық өз Отанының, яғни өзі еңбек етіп, өмір сүретін саяси,
мәдени, әлеуметтік ортаның әлеуметтік және мәдени дамуына мүдделі; әрбір
халықтың Отанын, туған тілін, мәдениетін жат елдік басқыншылардан қорғауға
байланысты белгілі бір ортақ мүддесі бар.
Елжандылық сезімнің ұрпақтан-ұрпаққа дамып, нығайып жететін себебі –
әрбір халықтың Отанын қандай да бір тарихи кезеңде халықты тонап, құлдыққа
ұшыратып, аяусыз езгіге салғысы келген жат жерліктердің басып алғысы
келгендігі.
Қазақтың ұлан-байтақ даласын ғасырлар бойы ата-бабаларымыз
ұйымшылдықпен аман сақтап, нағыз отансүйгіштік қасиет көрсетті.
Елжандылық әрбір адамның өз халқына, Отанына деген сүйіспеншілігіне,
мүдде ортақтастығына негізделеді. Елжандылық өз халқының шығармашылық күші
мен болашағына деген сенімсіздікпен қатар өмір сүре алмайды.
Ұлы Отан соғысы кеңестік елжандылық сезімнің дамуына өзінің игі әсерін
тигізді. Барша халық неміс басқыншыларына төтеп беру үшін бар күш-жігерін
аямады.
Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық өнеге істері халқымыздың ерлік даңқын
асырды. Отан қорғау жолында өмірін қиған ерлерді еске алып отыруды,
әкелердің ерлік істеріне құрметпен қарауды жас буынға үйретіп отыру қажет.
Сондықтан да оқушыларды халқымыздың ерлігі рухында тәрбиелеу – бүгінгі
мектептің тәрбие жұмысының басты саласы болуы тиіс.
Соғыстан кейінгі жылдары да жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі
өз өзекітілігін жойған жоқ. Бұл жылдары Орталық комитет идеология
мәселелеріне байланысты жас жеткіншектер тәрбиесін жетілдіру мен бүкіл Одақ
еңбекшілеріне бағытталған қаулы-қарарлар шығарылды. Одақтас
Республикалардың барлығында осы қаулы-қарарларға байланысты оқу-тәрбие
жұмыстары халықтар достығы мен кеңестік патриотизм рухында жүргізілді.
Соңғы жылдары қазақстандық елжандылық ұғымына зор мән берілуде.
– Бұл ҚР қайталанбас, ерекше мемлекет екендігімен байланысты. Қазақстандық
елжандылық – өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде
сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын,
тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын
тәрбиелеу.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы – көпұлтты, іргелі ел.
Сондықтан Қазақстан Республикасындағы көп ұлтты халықтардың патриоттық
этностық ерекшеліктерін қамти отырып, олардың барлығына ортақ, ортақ ел мен
мемлекет тәуелсіздігіне игі үрдісін тигізетін, оның болашақ дамуына үлес
қосатын қазақстандық елжандылық идеологияның алғы шарттарын түзу қажет.
Әрине осы орайда азшылық ұлттардың да патриоттық тәрбиеге мүдделілігі
ескерілуі тиіс.
Қоғамда Қазақстан – біздің отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді
деген қарапайым ойды қалыптастыру керек – деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
сөзі терең ойдан туындаған пікір. Қай ұлттан шыққанына қарамай, әрбір
азаматтың парызы, ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім
ахуалын қолдауы. Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек
гүлденіп отырған мемлекеттер әлі де аз емес. Сонымен қатар, бұл елдерде
елжандылық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәсімдерге
құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, балабақшада, мектептерде сабақ
басталғанда ант қабылдағанда, көптеген бұқаралық іс-шаралар кезінде
Мемлекеттік ту көтеріп, Әнұран орындалады.
Қазіргі кезде республикамызда болып жатқан түрлі әлеуметтік-
экономикалық процестерде: халықтың ұлттық сезімін оятуды, тарихи мұраға
аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы факторларды дамытуды,
жеткіншектерді ұлттық мәдени мұра арқылы елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстарын
жақсартуды талап етеді.
Елжандылық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиеттерді қалыптастыруды
көздейді: Отанын сүю және өзінің азаматтығын мақтан тұту; өз Отанының
болашағы үшін, амандығы үшін қызмет ету; ана тілін жетік меңгеріп сүйе
білу; халқының салт-дәстүрін, ерекшеліктерін білу, сақтау, дамыту; өз
Отанының тарихын, табиғатын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін білу; дінге,
тарихи мұраларға құрметпен қарау; өз отандастарына, сондай-ақ басқа ұлт
өкілдеріне гумандық көзқарас білдіру.
Қазіргі кезде, егеменді еліміздің білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеуге сипаттама
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Пәндер