Компьютер балаға пайдалы ма, зиянды ма?



1 Компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары
2 Компьютер не үшін керек?
Компьютер зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып «байланады».Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады…

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Компьютер балаға пайдалы ма, зиянды ма?

• жазған: Sabions
 
• 680
 
• 11
Компьютер зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан
бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар
мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол
кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

[*]Көздің көру қабілетін төмендетеді
[*]Омыртқалардың қисаюына әкеледі
[*]Жүйкеге салмақ түсіреді
[*]Шаршағыштық,әлсіздік басады

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен
тыс компьютерге тәуелді болып байланады.Мінезі күрт өзгереді, айналасына
немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын
қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер
етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге
бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім жабық әлем
қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе
әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін
достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...
Компьютер не үшін керек?

Расында, сіз осыншама жапа шектіруші компьютердің залалын біле тұра,
балаңызға оны қолдануға рұқсат берер ме едіңіз? ЖОҚ деп кесіп айтуға
асықпаңыз. Өйткені, сіз оған мұлде жоламай қой дегеннен гөрі, қалай дұрыс
пайдалануды біліп алғаныңыз әбден орынды. Мәселен, компьютерде балаларға
арналған қандай бағдарламалар бар деген сұрақты бірінші қоялық. Ондай
бағдарламалар жеткілікті. Шет тілін, соның ішінде ағылшын, француз, неміс,
түрік, корей, қытай тілін үйететін бағдарламалар ойымызға бірден түсіп
отыр. Сосын балалар танымын арттыратын әртүрлі суреттерге толы компьютерлік
энциклопедиялар, табиғат әлемі, өсімдік, жан-жануарлар, мұхит пен тау-
тасты, аспен әлемін тағы басқа тақырыптарды қамтып білімін толықтыратын
бағдарламалар бар. Және ой-қиялын дамытуға арналған, тілін жаттықтыратын
сұрақ-жауап түріндегі ойындар, ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін
жетілдіретін ойындардың компьютерлік нұсқасы толып жатыр. Тек әттең-айы,
мұның барлығы орыс тілінде.Қазақ тілінде бұл бағдарламалар әзірге бұл
бағдарламалар жоқ. Әрине, жаңа ғасырдың тынысына айналған компьютерге
қазақша балалар бағдарламасын енгізу керек. Бұл осы күйі бос кеңістік
болып қалмайды. күндердің күнінде мұндай бағдарламалардың сансыз түрлері
қаптап шығатынына, оны балалар игілеігі үшін пайдаланатынымызға сенімдіміз.
Уақыт қалайда заманның талабын орындайды.
Міне, түрлі ойын түріндегі бағдарламалардың бар екенін айттық. Оны қолданып
көруге кеңес береміз. Енді компьютер-ұстаз балаға адам-ұстаздан асып түсіп,
не бере білуі мүмкін деген теңіректі зерттеп көрейікші.
Алдымен, компьютердегі балалар бағдарламасының қайсысы болмасын ойын
түрінде ұсынылады.Бірақ, қандай ойын-сабақ болса да бала белгілі бір шамада
шалығады, Сол себепті баланың ынтасын жоғалтып алмау үшін қызықтыру
амалдарын ойлап табу қажет.
Мысал: Анасы бес жасар баласына әріптердді жаңадан үйретіп жүрді. Бір күні
баланың әріп жаттауға ықыласы болмай ұалады. Арада үш күннен кейін әлгі
бала шешесінің компьютердегі әріптерге қолдарын тез жүгіртіп, текст жазып
жатқанын байқап қызыға қарап тұрады. Сосын шешесінен "әріптерді мен өзім
жазып көрейінші" деп сұранды. Анасы кенет компьютер әріптерін ірі етіп
ұлғайтып берді де, баласын үстелге ыңғайластырды. Ол бұл тәсілді қуана
орындады. Сөйтіп күніне 10 минут уақыт бөлу арқылы бала әліппедегі барлық
әріптерді жаттап алды.
Екіншіден, компьютердің ойын-сабақтары баланың есте сақтау жады мен мұқият
болу қабілетін арттырады. Қалай десеңіз, ондағы ойындар өте ашық түстерден
құралған. Және бала ол жерде әрбір заттың егжей-тегжейіне дейін мән беріп
қарап, жаттап алады.Мысалы, пілдің бейнесі. Оның түсі қандай, бойы-тұрқы
қалай, ол қай жерде мекен етеді? Осы сұрақтарға бала кейбір ажағдайда ата-
анасының көмегінен тыс жауап ала алады.
Үшіншіден, қолдарының жүйріктігі артады. Пернетақталарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер - адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі
Компьютердің бала денсаулығына кері әсері
Вертуальды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектілері
Жaсөспiрiмдiк шaқтaғы интернет-тәyелдiлiк прoблемaлaры және oны төмендетy жoлдaры
Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің теориялық негіздері
ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП
Бастауыш сынып оқушыларындағы мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру
Компьютер ойындарының бала психологиясына әсері
Компьютердің балаға әсері
Зиянды бағдарламалардан қорғау
Пәндер