«бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі пайда болатын ошақтарында біріншілік медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру»



1. Алғашқы медициналық көмектің анықтамасы, мазмұны, көмек көрсетудің негізгі көздері;
2. Алғашқы медициналық көмектің эффектілігінде ТЖ және АҚ құрылуындағы тұрғындардың дайындығының маңызы мен ролі;
3. Санитарлық дружина, тағайындалуы, ұйымдасу құрылымы, мүмкіндіктері мен зақымдану ошағындағы жұмыстарды ұйымдастыру
ТЖ-да жарақаттанғандарға шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың басты элементі дұрыс негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қалыптасқан жағдайды дұрыс және уақытында бағалау болып табылады. Медициналық жағдайды бағалағанда емдік-эвакуациялық шараларды ұйымдастыруға маңызды септігін тигізетін тактикалық, инженерлік, өрттік, техникалық, радиациялық, химиялық жағдайларды және т.б. факторларды ескеру керек.
Медициналық жағдайды бағалауда негізгі бастапқы мәліметтерге жатады:
- ТЖ ошағындағы халықтың саны, оның орналасуы, қорғаныс ғимараттарымен және жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету дәрежесі;
- АМ күштері мен құралдарының дислокациясы және олардың ТЖ ошағында жұмысқа дайындық дәрежесі.
Картаға (қала, облыс, аудан жоспары) түсірілген бұл мәліметтер келесі есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді:
- шаруашылық объектілерінде және жалпы ошақта санитарлық шығындарды есептеуге;
- алғашқы медициналық және дәрігерлік көмек көрсетуге арналған АМ қызметінің күштері мен құралдарын және оларға деген қажеттіліктерді есептеуге;
- АМ қызметінің күш-құралдарының шығындарын бағалауға;
- Осы күштерді енгізу маршруттарын және зақымдалған халықты эвакуациялау маршруттарын бағалау;
-Зақымданғандарды эвакуациялауға арналған транспортпен қамтамасыздандыруды бағалау;
Шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру апат аймағындағы процестердің даму айырмашылығымен тығыз байланысты. Мысалы, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылатын изоляция фазасы кезеңінде алғашқы медициналық көмекті жарақаттанғандар бір-бірлеріне тек өздері көрсете алады. Бұл кезеңде өзіне және басқаға көрсетілетін көмек ұйымдасқан сипатта болмайды, ол мүмкіндігінше халықтың дайындық және көмек көрсету заттарымен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты көрсетіледі.
Осыдан көрсетеміз, ТЖ-дың медико-санитарлық салдарын тиімді ликвидациялауда халықты апат кезінде дұрыс әрекеттерге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету маңызды болып табылады.
1. Положение о службе медицины катастроф Республики Казахстан
2. Медицина катастроф. М.: 1997 г.
3. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 28.01.1997 г. «О государственной системе предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций»;
4. Гражданская оборона. М.: 1989 г.
5. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф. Ястребов Г.С. Ростов н/Д: Феникс, 2002.-416 с.
6. Антонов В.П., Петриченко А.А., Скидан Н.А. Организационные принципы медико-санитарных мероприятий при крупномасштабной аварии на АЭС по опыту Чернобыля. Вестник АМН, 1992, № 2, С. 14-19
7. Приходько Н. Безопасность жизнедеятельности. Курс лекций. Алматы, 2000

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі пайда болатын
ошақтарында біріншілік медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру.

● Мақсаты: Алғашқы медициналық және бірінші дәрігерлік көмек көрсету
әдістері мен тәсілдерін студенттерге үйретіп, табельді және қолда бар
заттармен қолдануға дағдыландыру.

● Дәріс жоспары:
1. Алғашқы медициналық көмектің анықтамасы, мазмұны, көмек көрсетудің
негізгі көздері;
2. Алғашқы медициналық көмектің эффектілігінде ТЖ және АҚ құрылуындағы
тұрғындардың дайындығының маңызы мен ролі;
3. Санитарлық дружина, тағайындалуы, ұйымдасу құрылымы, мүмкіндіктері мен
зақымдану ошағындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

● Дәріс тезистері:
ТЖ-да жарақаттанғандарға шұғыл медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастырудың басты элементі дұрыс негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік
беретін қалыптасқан жағдайды дұрыс және уақытында бағалау болып табылады.
Медициналық жағдайды бағалағанда емдік-эвакуациялық шараларды ұйымдастыруға
маңызды септігін тигізетін тактикалық, инженерлік, өрттік, техникалық,
радиациялық, химиялық жағдайларды және т.б. факторларды ескеру керек.

Медициналық жағдайды бағалауда негізгі бастапқы мәліметтерге жатады:
- ТЖ ошағындағы халықтың саны, оның орналасуы, қорғаныс
ғимараттарымен және жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету
дәрежесі;
- АМ күштері мен құралдарының дислокациясы және олардың ТЖ ошағында
жұмысқа дайындық дәрежесі.
Картаға (қала, облыс, аудан жоспары) түсірілген бұл мәліметтер келесі
есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді:
- шаруашылық объектілерінде және жалпы ошақта санитарлық шығындарды
есептеуге;
- алғашқы медициналық және дәрігерлік көмек көрсетуге арналған АМ
қызметінің күштері мен құралдарын және оларға деген қажеттіліктерді
есептеуге;
- АМ қызметінің күш-құралдарының шығындарын бағалауға;
- Осы күштерді енгізу маршруттарын және зақымдалған халықты
эвакуациялау маршруттарын бағалау;
-Зақымданғандарды эвакуациялауға арналған транспортпен
қамтамасыздандыруды бағалау;
Шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру апат аймағындағы процестердің
даму айырмашылығымен тығыз байланысты. Мысалы, бірнеше минуттан бірнеше
сағатқа созылатын изоляция фазасы кезеңінде алғашқы медициналық көмекті
жарақаттанғандар бір-бірлеріне тек өздері көрсете алады. Бұл кезеңде өзіне
және басқаға көрсетілетін көмек ұйымдасқан сипатта болмайды, ол
мүмкіндігінше халықтың дайындық және көмек көрсету заттарымен қамтамасыз
етілу дәрежесіне байланысты көрсетіледі.

Осыдан көрсетеміз, ТЖ-дың медико-санитарлық салдарын тиімді
ликвидациялауда халықты апат кезінде дұрыс әрекеттерге және алғашқы
медициналық көмек көрсетуге үйрету маңызды болып табылады.

Апат аймағында жұмысқа медициналық құрамалар және бірінші кезекте,
санитарлық дружиналар, санитарлық посттар, жақын ЕПМ-ның дәрігерлік-
медбикелік бригадалармен күшейтілген линиядағы жедел жәрдем бригадалары
өздерінің әкімшілік тағайындалуына қарамастан түгелі кірістіріледі.

Медициналық күштердің құрамы мен саны апаттың сипаты мен масштабымен,
мүмкін болатын санитарлық шығындармен анықталады.

Кез-келген жағдайда медициналық құрылымдар мен мекемелер, апат
ошағында, басқа құрылымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді
(іздестіру-құтқару, авариялық-техникалық, өрттен қорғау және т.б.).
Ойламаған жерде пайда болатын зілзәлә нәубеттер көп зақым келтіріп (қирау,
құлау), көп адамдардың өліміне әкеледі, сондықтан да медициналық күштердің
белгілі бір бөлігі әрдайым әзір (дайын) болуы керек.

Осы бөлімшелердің әзір болуы, біріншіден олардың жұмыс орынына тез
жиналуына мүмкіндігін, жабдықтарды алуын, эвакуациялау, құтқару
құрылымдарымен бірге апат ошағына барып, құтқару жұмыстарына кірісуді
білдіреді. Құтқару отрядының басқармасы медициналық күштерінің қызметін
басқарып басқа құрылымдармен қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді. Осындай
жағдайда отрядтың командирі барлық құрылымдардың алдына мақсат қойып,
орындау кезегін орынның және жұмыс уақытын анықтайды, құрылымдар арасындағы
байланыс белгісін, орындалған жұмыс туралы мағлұмат беру жиілігін
белгілейді.

Қызмет ететін құрылымдардың көмек көрсетуі керекті заттармен
қамтамасыз етуі үшін шаралар қолданады. Кез-келген жағдайда, медициналық
құрылымдар өз бетімен және құтқару отрядының құрамында қызмет етсе де
олардың жеке құрамы қуатты жұмысты істеп, белгіленген жұмыс учаскесінде
үзбей барлау өткізіп, жарақаттанғандарды іздеп, сұрыптау жүргізуге тиісті.
Шокты жағдайдағы ауыр жарақаттар көмек сұрамайды, сондықтан да медициналық
қызметкерлердің білмегендіктерін оларға көмек көрсетілмей қалуы мүмкін. Осы
себептен барлық жарақаттанғандарды мұқият қарау керек.

Өмір көрсеткіштері бойынша көмекті керек зиян шеккендерге бірінші
кезекте көрсетілуі тиіс. Осы топқа жататындардың ішінде алдымен көмекті
жүкті әйелдерге және балаларға көрсетеді. Зиян шеккендердің арасында
реактивті жағдайдағы науқастар болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Жоғарыда айтылғандай, апаттан кейінгі сәтте “оңашалау кезеңі” –
алғашқы медициналық көмек зиян шеккендер өзін-өзіне немесе бір - біріне
принципіне көмек береді. Бұл кезеңде зиян шеккендер табельді медициналық
құралдарды қолдана алмайды, сондықтан қолда бар заттарды қолданады. ТЖ
ошағына келген авариялық құтқару құрылымдары тұрғындарды құтқаруға арналған
табельді заттармен медициналық көмекті көрсетеді.

Яғни, алғашқы медициналық көмек дегеніміз зиян шеккендердің өмірін
құтқару, аурудың асқынуын азайту немесе алдын-алу, зақымдаушы факторлардың
одан әрі әсер етуін жою мақсатпен, орындалатын қолда бар немесе табельді
медициналық құралды қолданумен, апат болған жерде көрсететін қарапайым
медициналық шаралардың комплексі.

Алғашқы медициналық көмек көрсету оптимальді мерзімі –
жарақатталғаннан кейін 30 минут арасында. АҚ кейбір жағдайларда (тыныс
алудың тоқталуы, профузды сыртқа қан кету) бұл мерзім көпке қысқарады.

Алғашқы медициналық көмектің нақты шараларын зақымдау шараларына және
адамдардың алған жарақатына байланысты. Мысалы, егер механикалық
(динамикалық) зақымдау факторының әсері белсенді болса, онда келесі
шараларды өткізеді:
- қираған ғимараттардың астынан алып шығу;
- жоғары тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру (ауыз
қуысын тазарту) “ауыздан ауызға”, “ауыздан мұрынға” әдістерімен
өкпенің жасанды желдетуін өткізу;
- жарақат алғанда физиологиялы ыңғайлы күйде отырғызу (жатқызу);
- барлық өткізу мүмкін әдістерді қолданып уақытша қанды тоқтату
(саусақпен тамырды қысу, жгут қою);
- жүрекке тікелей емес, жабық массаж жасау;
- сынықта, күйікте, үсікте қол-аяқты қозғалтпайтын жағдайға
келтіру;
- жараға, күйікке байлам салу;
- омыртқа жотасын зақымдағанда денені тақтайға бекіту;
- ½ шай қасық ас содасын және тұз қосып жылы түрінде су ішкізу;
- жарақатталғанды жылыту.
Термиялық жарақаттар көп болатын зақымдалу ошағында, жоғарғы айтылған
шараларға қосымша өткізіледі:
- өртенген киімді өшіру;
- таза шүберекке орау;
Қоршаған ортаға (КӘУЗ) күшті әсер ететін уландыру заттарымен ластанған
аппараттар кезінде алғашқы медициналық көмек ретінде өткізілетін шаралар:
- тыныс алу жолдарын, көзді, теріні КӘУЗ тікелей әсерінен жеке
қорғайтын заттар қолданып қорғау;
- улану аймағынан зиян шеккендерді жедел алып шығу;
- КӘУЗ асқазанға өткен жағдайда;
- Асқазанды “ресторанды” әдістен тазарту мақсатымен мол су беру,
сүт, адсорбенттер беру;
- Дененің ашық жерлеріне жартылай емес санитарлық өңдеу сумен,
сабынмен, 2% сода ерітіндісімен;
Атомды реакторлардың жарылыс болған кезде, апат ауданында орындалады:
- Иодты профилактика;
- Радиопротекторды қабылдау;
- Аяқ киім мен киімді жартылай дезинфекциядан өткізу;
- Зақымдалған орындарда тұрғындарды эвакуациялау және алғ,ашқы
көмек қоса көрсетілу қажет.
Биологиялық ошағында жаппай инфекциялық аурулар пайда болған кезде:
- табельді және қолда бар жедел көмек заттарын қолдану;
-қызуы жоғарлаған және инфекциялық ауруларды белсенді анықтау және
оңашалау;
- шұғыл профилактика заттарын қолдану;
- толық және жартылай санитарлық өңдеу өткізу.
Инфекциялық аурулардың, тағамдық улану жаппай өршу жағдайларда, атомды
реакторлардағы аварияларда, шығындардың көлемі тұрғындарды осы жағдай
туралы дер кезінде хабарландыруымен байланысты. Осы себептен жаппай
хабарландыру құралдары кең қолданылады. Жоғарыда айтылғандарды
қорытындылай отырып, алғашқы медициналық көмек зиян шеккендерге жараланған
жері мен сипатына байланысты, көрсетілетіні туралы айтуға болады.
Апат аймағына жақындағын сайын, шұғыл медициналық көмек көлемі
кеңейеді.
Жоспарлататын медициналық әрекеттердің көлемі медициналық
құрылымдардың қызметкерлердің мамандық дәрежесіне, алып жүретін емдік-
диагностикалық аппаратурасына жеткілікті болуымен байланысты. Медициналық
көмектің көлемі: дәрігерге дейінгі көмек, бірінші дәрігерлік және
мамандандырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел медициналық көмек
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Жарақат, зақымдану және күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Тіршілік әрекетінің қаупсыздігін оқыту әдістері
Пәндер