Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері


Кіріспе
1 бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен байланысты психологиялық қызмет көрсету міндеттері
1.1. Баланың жеке тұлғалық дамуының құрылымы
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету
2 бөлім. Бастауыш сынып оқушыларын психологиялық зерттеудің және дамытудың маңызы
2.1. Мектепке қабылданған балалардың оқу мотивацияларын зерттеу
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерін зерттеу психологиялық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан оны жүргізу жолдарын көптеген психологтар мен педагогтар зерттеуде. Тәжірибелік психологияда Йирасек-Керн, Л.А.Венгер, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, А.Г.Зак, И.В.Забрамная, Е.И.Рогов, Мотков т.б. жасаған әдістемелер кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар бастауыш мектептің әртүрлі сыныптарында оқитын балалардың танымдық әрекеттерін жетілдіру әдістемелері және балалардың түйсіну, қабылдау, есте сақтау, ойлау сөйлеу, қиял процестерін бағалап, олардың дамуында ауытқулар болса оның себептері анықтау және дамыту әдістемелері ұсынылған.. Мысалы ойлау логикалық емес сипат алуы мүмкін. Ойлау дегеніміз танымдық іс-әрекеттің бір түрі. Сондықтан да ол, Б.М.Тепловтың айтуы бойынша, сыртқы негіздермен (міндеттермен және объективті мәліметтермен) ғана анықталмайды, сонымен бірге ішкі, жеке негіздермен, яғни әуестену мен бағдарлар формасындағы қажеттіліктермен де анықталады. Оларды тиімді пайдалану арқылы баланың жалпы танымдық қызығушылығын және интеллектуалдық бедлсенділіген дамытуға болатыны дәлелденген. Сондықтан баланы мектепке қабылдаған күннен бастап мектеп психологі мен сынып оқытушысы балалардың оқуға даярлығын және таным процестерінің даму деңгейін бағалап оны дамытуға барлық мүмкіншіліктерді толық пайдалануы керек.
Осы проблеманы жан-жақты меңгеріп алу мақсатымен диплом жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының таным процестерінің даму ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу нәтижесінде дамуында нормадан ауытқуы байқалған оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.
1. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. Алматы, 2004.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
4. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981.
5. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
6. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. М., 1984.
7. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.
8. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.
9. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
10. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. С-Пб,. 1998.
11. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991.
12. Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1966.
13. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей детей школьного возраста. (Для психологов-консультантов), М., 1989.
14. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. М., 1967.
15. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо и др. М., 1984.
16. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
17. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.
18. Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. М., 1991.
19. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991.
20. Диагностика готовности детей к обучению в школе – анализ поведения. М., 1993.
21. Дьяченко О.М. Об основных направлениях развития воображения у детей. Ж. «Вопросы психологии», 1988, № 16.
22. Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. М., 1992.
23. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989.
24. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989.
25. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж. «Вопросы психологии», 1972, № 2.
26. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М., 1996.
27. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигене общения. М., 1987.
28. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.
29. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970.
30. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекуты). Ростов-на-Дону, 1976.
31. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000.
32. Зинченко В.П., Смирнов С.Д. Методологические вопросы психологии. М., 1983.
33. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001.
34. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.
35. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая психология на каждый день. М., 1998.
36. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
37. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
38. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.
39. Матейчик З. Родители и дети. Книга для учителя. М., 1992.
40. Морозов А.В. Деловая психология. С-Пб., 2000.
41. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық қызмет. Алматы, 2004.
42. Нұрмұхамбетова Т.Р., Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2004.
43. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.
44. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.3. М., 1996.
45. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.
46. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
47. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.
48. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М., 1990.
49. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.
50. Платонов К.К. Психологический практикум. М., 1980.
51. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.
52. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.
53. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1996.
54. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996.
55. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.
56. Римский С., Римская Р. Практическая психология. М., 1999.
57. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
58. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина. М., 1999.
59. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. М., 1991.
60. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.
61. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.
62. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1961.
63. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.
64. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов. Киев, 1991.
65. Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.
66. Холмогоров А.Б. Психические аспекты микросоциального в контексте психических расстройств. М., 2000.
67. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.
68. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.
69. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
70. Чернявская А.П. Психологическое консультирование. М., 2004.
71. Чирков Р.И. Оценка школьной зрелости ребенка. М., 1993.
72. Эльконин Д.Б. Детская психология. М., 1990.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 70 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге
Таңдаулыға:   




Ф.4.7-007-03

Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті

Психология кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

А.Г.Маджуга

ЗПО-03-3КС тобы студенті

Бориева А.С.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к.,
Аға оқытушы М.У Тусеев

КПН. Доцент кафедры педагогики
МКТУ им. Яссауи
Абдукадырова С.А.

ШЫМКЕНТ – 2006

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 3

1. бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен байланысты
психологиялық қызмет көрсету міндеттері

1.1. Баланың жеке тұлғалық дамуының құрылымы ... ... ..5

1.2. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...28

2. бөлім. Бастауыш сынып оқушыларын психологиялық зерттеудің және
дамытудың маңызы

1. Мектепке қабылданған балалардың оқу мотивацияларын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

2. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 56

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .58

Кіріспе

Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерін зерттеу
психологиялық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан
оны жүргізу жолдарын көптеген психологтар мен педагогтар зерттеуде.
Тәжірибелік психологияда Йирасек-Керн, Л.А.Венгер, П.Я.Гальперин,
В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, А.Г.Зак, И.В.Забрамная, Е.И.Рогов, Мотков
т.б. жасаған әдістемелер кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар бастауыш
мектептің әртүрлі сыныптарында оқитын балалардың танымдық әрекеттерін
жетілдіру әдістемелері және балалардың түйсіну, қабылдау, есте сақтау,
ойлау сөйлеу, қиял процестерін бағалап, олардың дамуында ауытқулар болса
оның себептері анықтау және дамыту әдістемелері ұсынылған.. Мысалы ойлау
логикалық емес сипат алуы мүмкін. Ойлау дегеніміз танымдық іс-әрекеттің
бір түрі. Сондықтан да ол, Б.М.Тепловтың айтуы бойынша, сыртқы
негіздермен (міндеттермен және объективті мәліметтермен) ғана
анықталмайды, сонымен бірге ішкі, жеке негіздермен, яғни әуестену мен
бағдарлар формасындағы қажеттіліктермен де анықталады. Оларды тиімді
пайдалану арқылы баланың жалпы танымдық қызығушылығын және
интеллектуалдық бедлсенділіген дамытуға болатыны дәлелденген. Сондықтан
баланы мектепке қабылдаған күннен бастап мектеп психологі мен сынып
оқытушысы балалардың оқуға даярлығын және таным процестерінің даму
деңгейін бағалап оны дамытуға барлық мүмкіншіліктерді толық пайдалануы
керек.
Осы проблеманы жан-жақты меңгеріп алу мақсатымен диплом жұмысымның
тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері деп
анықтадық.
Зерттеу объектісі: мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының таным процестерінің даму
ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін
зерттеу нәтижесінде дамуында нормадан ауытқуы байқалған оқушылардың
танымдық қабілетін дамыту.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі қвзмет атқаратын психолог қызметідегі
оқушылардың таным процестерін зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-
әдістемелік еңбектеді талдау;
- мектеп психологінің бастауыш сынып оқушыларының танымдық
әрекеттері мен танымдақ қызығушылығын зерттеу тестілері мен
арнайы әдістемелерін жинақтау;
- бастауыш сынып оқушылардың таным процестерін зерттеу және
олардың нәтижесіне байланысты түзету-дамыту жұмыстарын
ұйымдастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын
диагностикалау және олардың таным процестерін дамытуға ықпал
жасайтын коррекция жүргізу.
Дипломдық зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды:
бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту
проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау, мектепке
қабылданған оқушылардың таным процестерін бағалау үшін Л.А.Венгер,
В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин тестерімен бастауыш сыныптарға қабылданған
балалардың таным процестерін зерттеу, Сөздер қатары, сандар қатары, АДМТ
және басқа әдістемелер көмегімен 3-4 сынып оқушыларының таным
процестерін зерттеу, оларға арналған дамыту жаттығуларын пайдалану.
Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.
Бірінші кезеңде психологиялық қызметтің қалыптасу тарихы, мазмұны
және әдіс-тәсілдерімен танысу мақсатымен ғылыми әдістемелік әдебиеттер
талданды, дипломдық зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты
анықталды.Екінші кезеңде мектеп оқушыларының таным процестерін зерттеп,
нәтижелері талданды, оқушылардың танымдық қызығушылығы зерттелінді және
оны дамытуға арналған арнайы жаттығулар көмегімен оқуға деген
қызығушылықты дамыту жолдары анықталды.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1. бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен
байланысты психологиялық қызмет көрсету міндеттері

1.1. Баланың жеке тұлғалық дамуының құрылымы

Жеке тұлғаның психихологиялық қаситеттерін зерттеп, оның даму
ерекшеліктеріне сипаттама беру, оларды сандық және сапалық жағынан
бағалап беруге қызығушылық психология ғылымында ертеден бері орын алып
келе жатыр. 19 ғасырдың аяғынан бастап психодиагностикалық әдістемелер
көп мөлшерде жасалып оны адамдарға өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-
сырын анықтап алуға ұсынылды. Осы кезден бастап тәжірибелік
психологиялық зерттеулерге сұраныс қалыптаса бастады. Соның арқасында
батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл
зертханаларды Германияда - Вундт, Францияда - Бине, АҚШ-да –
Мюнстерберг, Торндайк т.б. ғалымдар ұйымдастырып жеке тұлғалық
қасиеттерді толық және жан-жақты бағалау тестілерін жинақтады.. Бұл
зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін
анықтауға, кәсіби жарамдылығын анқтап, мамандыққа буалу жұмыстары
жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша темт көмегімен
өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі
ескерілді.
Сол кездерде неміс психиатры және психолог Э.Кречмер және АҚШ
психологі У.Шелдон өз зерттеулерінің нәтижесінде адам мінездерінің
типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э.Фромм, К.Леонгард, А.Е.Личко
және басқалар типологиялық зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде
кеңінен пайдаланып жүрген мінез акцентуациясы туралы ілімнің негізін
құрды. Олар мінез типін анықтау негізіне келесі қағидаларды ұсынды:
а) адам мінезі онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қалыптасып
өмірдің барлық кезеңдерінде тұрақты көрініс береді;
б) мінез көрсеткіштерінің топтасуы кездейсоқ мәселе емес. Олар
адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар болып ерекше тұлға болуына негіз
болатын тұрақты көріністер, сондықтан олар негізінде мінез типологиясын
құруға мүмкіндік туады;
в) адамдардың басым көпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше
топқа бөліп, олардың жекелік ерекшеліктерін сипаттауға болады.
Психологиялық зерттеулерге математикалық және статистикалық
тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер
психологиялық орталықтарда қызмет жасауға шақырылды. Олар биологиялық
зерттеулерде мироэлементтердің фотосинтезге тигізетін әсерін анықтауға
пайдаланған әдістемелерін психологияда жекелік психикалық қасиеттердің
бір-бірімен корреляциялық байланыста екендігін дәлелдеуге ыңғайлы етіп
өңдеп шығарды. Нәтижесінде Спирмен факторлық талдауды жүргізу жолдарын
тауып, ал Фишер дисперсиялық талдау әдістемесін жасап шығарды.
Дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент
нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға байқалатын
ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен.
Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан
психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жургізіледі.
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді
және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте
кеңінен пайдалану қажеттілігі тугандықтан батыс елдер тәжірибесін
зерттеп оны біздің мектепте пайдалану жолдарын анықтаған ғалымдар
З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова,
А.С.Овчинников, И.О.Татур. Олар бұрынғы Кеңес мектептерінде
психологиялық қызмет құру проблемасын зерттеу барысында шет ел
тәжірибесін пайдалануға болатынын дәлелдеді. Бұл қажеттілікті
қанағаттандыру мақсатымен мектеп психологиялық қызметін құру және басқа
елдерде қалыптасқан тәжірибесін қолдану жолдарын М.Р.Битянова,
И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан анықтады. Олардың еңбектерінде психолог
қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектегі
психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері
анықталған.
Жеке адам дегшеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның
рухани байлығы оның басқа адамдармен байласының алуан түрлілігіне,
өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшесі жеке адам әр турлі қатнастардың, әсір есе материалдық
игіліктерді өндіру және тұтынуға байланымты туындайтын қатнастардың
ықпалында болады. Жеке адам сондай-ақ саяси қатнастардың әсеріне де
тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүрме, саяси құқығы
бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық
өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана
орындаушы ма-осылардың бәр-бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып
отырады. Жеке адам сондай –ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің
ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке
адамның психологиясын, дүние танымын, әлеуметтік бағдарларын
қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдың
құбылыстарда дұрыс бағдар ұстануына және қоғам дамуындағы өзінің орны
мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам жеке адамға мектептегі оқу
мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары
арқылы идеологиялық ықпал етеді.
Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі
кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым-қатнас
процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде
көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген
қатнастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамарға, өз басының
қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің
материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік
топтардың, ал социализм жағдайында-тұтас қоғамның идеологиясы мен
психиологиясына орайласып келеді екен. Жеке адамның сыртқы ортамен қарым
– қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әрқилы жақтарымен
байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне
соғұрлым тереңірек болады, соғүрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.
К.Маркс: Индивидтің шын мәніндегі рухани байлығы оның шын мәніндегі
қатынастарының ықпалдылығына бүтіндей тәуелді деп жазған болатын. К.
Маркс пен Ф. Энгельс Неміс идеологиясында осы ойды дамыта келіп, жеке
адамдар өз қажетеінулері мен оларды қанағаттандыру әдістеріне
байланысты, сөз жоқ, бір – бірімен өзара қатынаста болады және осындай
қатынас адамдардың рухани, адамгершілік- психологиялық дамуының факторы
болып табылады деп атап көрсетті.
Жеке адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес сондай-ақ
субъекті де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым-
қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті
қоғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи
қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын да, өз
мінез-құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.
Детерминизм идеясы адам қылықтарының қажетті іс екенін анықтай
отырып, еркін бостандығы жалған ертегіні теріске шығара отырып, адамның
ақылын да, ар-ұятын да, адамның әрекеттеріне баға беруді де ешбір
жоймайды. Мүлде мұның керісінше, тек детерминистік көзқарасты ұстанғанда
ғана кез келген нәрсені адамның азат рекіне аудара салмай, дәл және
дұрыс баға беруге болады. Сондай-ақ тарихи қажеттілік идеясы да жеке
адамның тарихтағы ролін ешбір кемітпейді: бүкіл тарих нағыз қайраткерлер
ретіндегі жеке адамдардың іс әрекетінен құралады.
Жеке адам – саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын таңдай
алады: езгідегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздікке қарсы
күресе ме, барлық күш-жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма, немесе жеке
басының мүддесін ғана ойлайма – оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық
жағдайына ған.а байланысты емес, сонымен қатар оның қоғам дамуының
объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты. Әрбір
жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың
дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай
жұртшылықтың адам правосы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес
жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады, оның
қоғамдық іс - әрекетін жандандыра түседі. Адамды феодализм құлдығынан
азат ету жеке адам дамуындағы революциялық қадам болады, ол адамның
қоғамдағы ролін арттыра түсті, ал капиталистік құлдықтан құтқару жаңа
әрі аса ұлы революция болды, ол жеке адам дамуына шексіз мүмкіндіктер
ашты және оны қоғам дамуына нағыз қайраткеріне айналдырады.
Қоғам дамуы мен жеке адамның дамуы арасында тығыз әрі тікелей
байланыс, өзара ықпал бар. Алайда, тек социалистік қоғам жағдайында ғана
бұл байланыс анағұрлым үйлесімді сипатқа ие бола алады. Қоғам әр жеке
адамға қызмет етеді, себебі, адам барлық қамқорлыққа бөленген, оның
материалдық және рухани талап-тілегін қанағаттандыру басты назарда; өз
тарапынан әрбір жеке адам қоғам үшін еңбек етеді және өзінің рухани,
әлеуметтік және материалдық мүддесі неғұрлым толық қанағаттандырылса, ол
соғұрлым үлкен күш – жігерімен әрі құлшыныспен еңбек етеді. Жеке адамның
социализм мен коммунизм жағдайындағы дамуы өмірдің коллективтік
негіздерінің дамуымен тығыз байланысты. Тек коллективте ғана, -деп
жазды К Маркс, - жеке адамның шын бостандығы, оның әлеуметтік қорғалуы
мүмкін болмақ және тек коллективте ғана жеке адамның жан-жақты дамып
жетілуі, оның барлық қабілеті мен дарыны гүлдене өркен жаймақ. Басқа
ешбір құоғамда емес, тек коммунистік қоғамда ғана жеке адам мен
қоғамның, жеке бас пен қоғам мүдделерінің тығыз бірлігі пайда болатыны
өз - өзінен түсінікті. Бұдан коллективте өмір сүру мен еңбек етуге
талпыну туындайды және коллективизм адамның ең басты өмірлік қажетіне
айналады.
Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты
назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ
өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу – оның іс әрекетін тиімді
басқарудың алғы шарты. Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да
қамтиді. Сондықтан жасалған теориялық, әлбетте , олардың авторларының
саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты
идеалистік немесе материалистік сипатта болады.
Биологизм, әсіресе З. Фрейдтің жеке адам жөніндегі
түсініктемесінде айқын да анық көрініс тапқан. Фрейдтің ілімі бойынша,
жеке адам дегеніміз – үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ықпалын
сезінуші, сонымен бірге қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан иесі. Жеке
адамның мінез-құлқы биологиялық әсерлермен немесе инстинктермен, ең
алдымен жыныстық елігуімен бағытталып отырады. Фрейд сондай-ақ бейне
бір адамның өлім және қирату инстинктерін қанағаттандырушы ретінде
болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуінен туындайды деп
санайды . Фрейд концепциясы – жеке адамның тек қана биологиялық
индивидуализмнің концепциясы. Бұл концепция реакцияға қызмет етеді.
Биоәлеуметтік концепцияның өкілдері (олар көпшілік) адамды шартты
түрде екі бөлікке бөледі де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік
құбылыстармен анықталып отырған тұста, адамның психикалық процестерінде
биологиялық табиғат бар деп санайды. Бұл қате түсінік, себебі сезінудің
қарапайым процесінің өзі де адамның әлеуметтік тұрғыдан айқындалатын
талғам мүддесі арқылы күрделілене түскен, ол тек қана еңбекте қол
жететін сенсорлық даму деңгейіне тәуелді болады.
Америка Құрама Штаттарында әлеуметтендіру теориясы деп аталатын
концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан
ретінде өмірге келген адам өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсері
арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өзара қарым-
қатынасқа және психиологиялық өзара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол
адамдардың экономикалық және саяси қатынастары мен олардың жеке адамға
әсері есепке алынбайды. Бұл концепцияның өкілдері конформизм
құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтың
ықпалына көп назар аударады. Буржуазиялық группизм психологтары
топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, буржуазиялық тәртіптер жеке
адамның саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей
заңдылық деп даурығады. Бұл ретте комформизмді универсал механизм деп
санайды.
Шындығында, топтың, коллективтің жеке адамға ықпалы әр түрлі
сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялық
көзқарасына, мінез-құлқына да сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшеліктеріне де
байланысты. Жолдастық ынтымақ және өзара көмек жағдайында коллектив пен
жеке адам арасындағы өзара қатынас принципті, ал көллектив мүшесінің
көпшілік мүддесі үшін істеген әрекеті – нағыз коллектившіл адамның ісі
болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу тұрғысындағы мінез-құлыққа
ешқандай қатысы жоқ.
Ендігі бір әлеуметтік – псхологиялық концепция оқып-тоқу теориясы
дегенге саяды. Бұл теория бойынша, жеке адамның өмірі, оның қаьынастары
– оқудың, бірқатар білімді меңгерудің нәтижесі (Э. Торндайк және
басқалар). Әрине, оқу мен білімнің өиірлік, оның ішінде, жеке адамды
қалыптастыруда да үлкен маңызы бар. Алайда жеке адамның бүкіл дамуын тек
оқудың ғана нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Оның қалыптасуына
өмірдің өзі, еңбек, адамдар арасындағы қатынастар шешуші ықпал етеді.
Шетел психологиясында рольдер теориясы өте кең тараған. Бұл теория
бойынша әр адам өмірде өзіне ғана арналған белгілі бір рольді орындаушы
ғана. Орындайтын роліне байланысты жеке адамның мінез-құлық сипаты мен
оның басқа адамдармен қатынасы анықталады.
Әрине, жеке адамның ролін зерттеу психологиялық теория үшін де,
әлеуметтік практиканы түсіну үшін де маңызды. Алайда буржуазиялық
психологияда роль тек психологиялық қатынастар жүйесінде ғана
қарастырылып, онда жеке адамның ұсынатын позициясын да, оның қоғамдық
өмірдегі орнын да анықтайтын материалдық, саяси және идеологиялық
қатынастар есепке алынбайды. Жеке адамның әлеуметтік ролін түсінуге
таптық тұрғыдан келмеу – роль теориясын зерттеушілердің бәріне де тән
құбылыс.
Ақырында, жеке адам психологиясын талдаудағы белгілі бағыт Курт
Левин және оның көптеген шәкірттері ұсынған өріс теориясы болып
табылады. Бұл концепция бойынша индивид мінез-құлқы шарасыз. Жеке адам
тартылыс және кері тебу күштерінің сыртқы өрісі бойымен қозғалады. Левин
концепциясы гештальттық болып табылады. Жеке адам ситуацияда, топта
қарастырылғанымен мұнда оның мінез – құлқын айқындайтын экономикалық
және саяси жайттар есепке алынбайда.
Көріп отырғанымыздай, бұл теориялардың қай-қайсысы да адамның
әлеуметтік мінез-құлқын жеке адамның немесе ортаның томаға-тұйық
қасиеттеріне сүйене отырып түсіндіреді.Бұл ретте адамның мінез-құлқын
айқындайтын объективті қоғамдық өмір жағдайлары мүлде ескерілмейді. Бұл
теориялар шындығында қоғамның, әлеуметтік топтар мен жеке адамның
дамуының шынайы заңдылықтарын елеусіз қалдырады. Жеке адам теориясын
жасауда отандық психологияды тұңғыш рет қатынастар проблемасын күн
тәртібіне қоюшы және қатынастар жүйесінің өмірдің әлеуметтік
жағдайларына тәуелділігін нақтылы көрсетіп берген орыс психологы А.Ф.
Лазурский еңбектерінің маңызы өте зор.
Қоғамдық ғылымдарда да, сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, жеке
адам, даралықтүсініктер кенінең қолданылады. Соның өзінде олар не бір
мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұның
алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір.
Түпкі және тектік, бастапқы түсінік адам болуға тиіс. Адам –
бұл, ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүт қоректілер класына жататын
биологиялық тіршілік иесі. Бақа жануарлардан айырмашылығы адамда сана
бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып біледі
және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды. Адам
биологиялық тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын
айрықша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, таңу мен
еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз
танымында бейнелеп және оны өз қажеттілігіне, мүддесі мен мұраттарына
қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.
Адам сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі әрі бұл оның ең елеулі
белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрлымын жетілдіріп
қана қойған жоқ, сондай-ақ оны өз еркініне бағындырды да. Адам-өзінен
өзі қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананың таратушы. Тек қоғамда
және қоғамның игі әсері арқасында ғана адам танып-білуге және еңбек
етуге қабылетті болып қоймайды, сонымен қатар өзінің ішкі процесстерін
сезінуге, тілегі мен жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре
білуге, парасатты түрде іс-әрекет жасауға бейімделеді. Өзіндік сана-
сезім адам санасы дамуының филогенездегі (тектің тарихы) де, сондай-ақ
онтогенездегі (индивидтің өмір тарихы) де шыңы болып табылады.
Адам алуан қырлы міне, сондықтан да ол жаратылыс тану
ғылымдарының да, қоғамдық ғылымдардың да зерртеу объектісі болып
табылады. Жеке адам түсінігі адам түсінігіне қарағанда біршама тар
мағынаға ие, Жеке адам – қоғамдық – тарихи категория. Оның қоғамдық мәні
мен әлеуметтік функциясы жкек адам сипаттамасынан ен басты
көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам – тек қана қоғамдық ғылымдардың:
тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика
тағы басқалардың зерттеу объектісі.
Жеке адам – қоғамда белгілі бір жағдайда ие және белгілі бір
қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз – жеке адмның
атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата-ананың ролі – балаларын
тәрбиелеу, мектеп директорының ролі- мұғалімдер коллективін басқару
және оқушгыларды оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі.
Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына,
қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдық,
еңбек міндеттеріне, деген т.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке
адамның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана
айырмайды, сондай-ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады.
Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз
аңғарылатын қатынастар дегеніміз – ұнату мен жек көру сезімдері. Терең
түсіну дегеніміз – принципті қатынастар, олар ситуация талаптарымен
емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен,
парыз бен міндеттерді сезінумен анықталады.
Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамды
әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады. Жеке адам дегеніміз – ол да сол
адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан
қарастырылады. Физиолог адамды организм ретінде зерртейді, социолог
адамды жеке адам ретінде қарайды. Міне, сондықтан да жеке адам мен оның
құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын
беретін кейбір психологтармен келісуге болады. Жеке адам дегеніміз –
саналы индивид. Жеке адамның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай
тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналасу себебін, қабылеті мен
мінез - құлқын, ал кейбір жағдайларда тіпті дене құрылысын мысалы нерв
жүйесінің типін тексеруге тура келеді.
Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдене емес. Даралық
дегеніміз - өзіндік өзгешелігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз
қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр сипатын айтады. Әдетте
даралық деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын
қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Кез келген адам өзінше дара,
бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға таңба басқандай, мен мұндалап
айқын көрініп тұрады да, басқаларынікі онша байқала қоймайды. Даралық
интелектілік, эмоциялық, еріктік сфераларда немесе психикалық іс-
әрекеттің барлық саласында бірден көрінуі мүмкін. Интелектің өзіндік
ерекшелігі бар.
Оның басқалар байқай бермейтіді көре білу қабылетінде,
информацияны өндеу ерекшеліктерінде, яғни алдына проблема қойып, оны
шеше білуінде болып табылады. Сезімдердің ерекшелігі олардын белгілі
біреуінің (интелектілік немесе моральдық) шектен тыс дамуынан,
эмоциясының өте шапшаңдығынан көрінуі мүмкін. Ерік ерекшелігі ерік-
жігердің күшінен, таңғажайып ерліктен немесе асқан ұстамдылықтан көрініс
табады. Өзінділікті нақтылы адамның бойындағы қасиеттердің оның мінез-
құлқы мен іс-әрекеттеріне ерекше өң беріп, үйлесім табуы деу керек.
Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек, солай болған соң да
толығырақ сипаттайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де,
сондай-ақ психологиясының басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің
тұрақты объектісі болып табылады. Күнделікті тұрмыста, сондай-ақ ғылымда
даралық сөзімен қатар, индивид деген сөз де қлданылады. Индивид деп
өзіне тән барлық ерекшеліктерімен бірлікте алынған нақтылы адамды
айтамыз.
Кез келген ұйым сияқты, психикалық өмірдің де өзіндік құрамы бар.
Психикалық қалыптын даралық ерекшеліктерін ауызға алмайтын блсақ, жеке
адамның типтік құрылымын анықтай аламыз.
Құрылымның бірінші компоненті (блогы) жеке адамның бағыттылығын,
немесе адамның болмыс қатнасын сипаттайды. Бағыттылық әр алуан
қасиеттерден, өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, идеялық және
практикалық пиғыл-әрекеттер жүйесінен құралады. Соның өзінде бағыттылық
компоненттерінің бірі дараланып шығады және жетекшілік мәнге ие болады,
ла қалғандары көмекшілік ролін атқарады. Дараланып шыққан бағыттылық
жеке адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін анықтайды. Мысалы, танып-білу
қажеттілігінің дараланыпшығуы соған лайықты ерік-жігер және көңіл күйін
туғызады, ал мұның өзі интеллектілік іс-әрекетті жандандырады. Осымен
бір мезгілде табиғи қажеттіліктер бір шама тежеліске ұшырайды,
күнделікті тірілік мәселелері артқы кезекке жылжытылады. Жеке адам өз
әуестенуінің мақсаттылығын негіздейді, оған ерекше қоғамдық және жеке
мән бере бастайды.
Екінші блокты жеке адамның мүмкіншілігі анықтайды және іс-
әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттілік жүйесін қамтиды.
Қабылеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекеттес
болады. Әдетте қабылеттіліктердің бірі үстем күйде болады да қалғандары
оған бағынышты болып келеді. Мысалы, А.С. Пушкин өзін тарихшы ретінде
танытса да, тәп-тәуір сурет сала білсе де оның ақындық дарыны басым
түсті. М.Ю.Лермонтов жайында да нақ омыны айту керек. Ал Ф.И. Шаляпиннің
негізгі қабылеті – сахналық қабылет. Ол да өзіне бейнелеушілік
қабылеттерді бағындырған да, оларды сахна үшін қызмет етуге мәжбүр
еткен.Заңды түрде бағынышты қабылеттер негізгі, жетекші қабылетті
күшейте түседі.
Тегінде, қабілеттер арақатнасына бығыттылұтың құрылымы әсер ететін
болса керек. Ал қабілеттерді саралау өз тарапынан жеке адамның болмысқа
қандай қатнаста болуына әсер етеді.
Жеке адам құрылымдағы үшінші блок мінез немесе адамның әлеуметтік
ортадағы мінез-құлқына сипаты болып табылады. Мінез дегеніміз-күрделі
синтетикалық құралым, онда адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасы
бірлікте көрініс танытады. Мінез жеке адамды толық сипаттай алмайды,
алайда оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен еркінің, интеллектілік және
эмоциялық сапаларының, темпераменнтен байқалатын типологиялық
ерекшеліктерінің күрделі жүйесін құрайды.
Мінез жүйесінен де жетекші қасиеттерді бөліп алуға болады. Оларға,
ең алдымен, моральдық адамдармен қатнастағы мейірімділік немесе
қатігездік, қоғамдық міндеттерге деген жауапкершілік, қарапайымдылық,
екінші кезекте- ерік-жігер саналады (батылдылық, табандылық, ерлік және
ұстамдылық) жатады, бұл белгілі бір мінез-құлық сипаты мен практикалық
міндеттерді шешу әдісін қамтамасыз етеді. Міне, сондықтан да мінездің
нақтылы негізің моральдық-еріктік қасиеттер құрайды дейміз.
Басқа барлық блоктардан үстем тұратын төртінші блок басқару
жүйесі болып табылады, оны әдетте мен сөзімен белгілейді. Мен өзін-
өзі реттеу қызметін атқарады: іс-әрекеттін күшейе түсуі немесе әлсіреуі,
өзін-өзі бақылау, әрекеттер мен мінез-құлықтардың түзетілуі, алдын ала
таң-тамаша болу және өмір мен іс-әрекетті жоспарлау.
Егер де оның құрамынан психикалық процестер мен күйді алып
тастаса, онда психикалық құрылым толық болмайды.
Психикалық процестер дегеніміз – болмыстың психикалық
құбылыстардың әр алуан формасында динамикалық түрде бейнеленуі. Ең
алдымен психикалық процестерін жеке адам мен болмыс арасындағы байланыс
қамтамасыз ететіндігін атап айту керек. Осы арада жеке адамның
қасиеттері қалыптасады. Пайда болған қасиеттер өз тарапынан процестің
өтуіне ықпал жасайды. Мысалы, түйсіктер процесінде нақтылы сенсорлық
қасиеттер мен жеке адамның болашақта түйсіктердің сандық-сапалық
сипаттамасын анықтайды толық сенсорлық құрылымы қалыптасады. Теориялық
және практикалық міндеттерді шешу процесінде жеке адамның еріктік
құрылымы қалыптасады, ол міндеттердің қалай қабылданатынын да, олардың
қалай жүзеге асырылатынын айқындап беріп отырады.
Жеке адамның бойында қалыптасқан бағыттылық онымен байланысты
қабылдаулар мен эмоциялық реакциялардың таңдалып алунына әкеліп соғады.
Міне, сондықтан да адам болмыстың қажеттілігіне, мүддесіне және
бағдарына байланысты өзі көргісі келетін жайттарды ғана аңғарады.
Бейнелеу – объективті процесс болғанымен ол жеке адамның субъективті
қасиеттерімен күрделілене түседі.
Психикалық процестер негізінде психикалық қасиеттер, олардың
психикалық процестердің өтуін реттеп отыратын белгілі бір жүйесі пайда
болады. Жеке адамның психикалық қасиеттері дегеніміз – индивитке тән
психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір сандық-сапалық
деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс.
Процестердің өту сипаты ми белсенділігінің функциялық деңгейіне
немесе, басқа сөзбен айтқанда, жеке адамның психикалық белсенділік
күйіне байланысты болады. Психикалық күйді жеке адамның жоғары немесе
төмен белсенділігі ретінде көрінетің және нақ сол шақта қалыптасатың
психикалық іс-әрекеттің біршама тұрақты деңгейі деу керек. С.Л.
рубеинштейіннің анықтауы бойынша, күй дегеніміз – психикалық іс-
әрекеммің белгісі және іс-әрекет немесе көңіл күйі содан туындайтын
қалып. Шындығында да, қандай да болсын оқиғаны бейнелеу – күрделі
құбылыс. Ол көптеген әр түрлі процестерді қамтиды: түйсік пен қабылдау,
жаңғырту, ойлау, эмоция тағы басқалар. Іс-әрекетке тартылған күштер
жеке адамның белсенділігі белгілі бір ыңғайға бағыттайды.
Алайда психикалық тонустың белсенділігін қажетті қалыпқа
келтіргенде бейнелейтің нәрсенің көлемі емес, мазмұны шешуші мәнге ие
болады. Ықпал етудің немесе ниеттің қоғамдық және жеке бастық мәнің
сезіну тиісінше эмоциялық туғызады, ал мұндай эмоциялар өздерінің
сипатына қарай жеке адамның жалпы белсенділігінің деңгейін не жоғары
көтеріп немесе төмендететің болады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан
деңгейі инерция бойынша біраз уақыт сақталады. Бүкіл одан арғы,
психикалық белсенділік пайда болған көңіл күйіне байланысты өтіп
отырады.
Көңіл күйі сыртқы немесе ішкі жағдайларға баланысты өзгеріп
отырады, алайда оның динамикасы мен сипаты сол адамның қасиетіне тәуелді
болады. Мысалы, нерв жүйесі инертті адамның көңіл күйі мінезі шапшаң
адамның жағдайымен салыстырғанда анағұрлым тұрақты келеді. Біреулер өз
атына айтылған сын- ескертпелерден тиісті қорытынды шығаруға тырысатың
болса, екінші біреулердің нақ осындай сынға жасып, ұнжырғасы түсіп
кететіні белгілі. Өзіне берілген бағаға көзқарас мінез- құлықтың:
атаққұмарлық, менмендік, өзіне сенушілік, ерік санасы, эмоциялық
реактивтілік және тағы басқа осындай қасиеттеріне байланысты болады.
Сонымен, жеке адмның психикалық өмірінің құрылымы күрделі, сан
қырлы және динамикалық болады екен. Оның барлық компоненттері өзара
байланысты әрі біріне-бірі тәуелді. Жеке адамның дамуына байланысты оның
құрылымында да өзгерістер болып жатады. Сонымен бірге әрбір жеке адамның
құрылымы біршама тұрақты да. Онда жеке адамға тән қасиеттер
жинақталған, соларға қарап өмірдің белгілі бір жағдайында адамның қандай
мінез көрсететінін күні бұрын-ақ білуге болады. Сөйтіп, әр адам өзгеруші
мен тұрақтының қосындысы болып табылады және тек осының арқасында ғана
адам өзімен-өзі бола алады, жағдайда икемделе өмір сүреді.
Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз –сол адамның талғамы мен
белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі. Ерте заманнан бері-ақ ойшылдар
жеке адам белсенділігінің қайнар көзін табуға, адам өмірінің мәнін ашуға
тырысып келді.Олардың біреулері өзінің жан рақатын күйттеу индивид іс-
әрекеті мен қылығының негізгі мақсаты деп есептеді (гедонизм ілімі).
Басқалары адам өмірі мен ниетінің басты мақсаты борышының өтеу дер тапты
(неміс философы И. Кант). Мұндағы борыш абстрактылы түрде, нақтылы
қоғамдық талап-тілектерден тыс қарастырылады.
Қазіргі кезде психологияның қайсыбір ғалымдары жеке адам мінез-
құлқының мәнін тек биологиялық елігуден көруге тырысады, мәселен
сексуалдық елугі (Фрейд), екіншілер – үстемдік етуге немесе бағынуға
деген әлеуметтік құштарлық (А Адлер) дейді. Ниет жағындағы мұндай
түсінік адам баласын мүлде бұрмалап көрсетеді. Адамның ниеті материалдық
та, идеалдық та мотивтерден туады. Адамды материалдық мүдделер, ниеттер,
құштарлықтар, түптен келгенде сыртқы себептер, өмір жағдайлары,
экономикалық, моральдық және саяси қатыныстар билеуі хақ,-деп Ф. Энгельс
атап көрсеткен болатын.
Латын афоризмі былай дейді: Мен адаммын, ендеше адмға тән
нәрсенің бәрі маған да жат емес. К. Маркстен нені қызықтайтыны туралы
сұраған кезде, ол осы афоризмді мысалға келтірген-еді. Шындығында да,
жеке адам алуан қырлы қоғамдық байланысқа, қатынастарға түседі және
практиканың алуан саласыгда іс-әрекет атқарды: бұл ретте жеке әр алуан
ниетке немесе мотивке сүйенеді. Мотивтер дегеніміз- іс-әрекет пен мінез-
құлықтың саналы түрде жасалынуы. Адамның әрбір іс-әрекеті мен қылығы
нормаға сайылған және ол мұнысын айқын түсінеді.
Қайсыбыр жағдайларда адам қоғамдық борышты сезінуді басшылыққа
алады, басқа кезде өз қажеттіктері мен мүддесін, үшіншісінде – белгілі
бір дәрежеде сезім негіздеріне байланысты (махаббат, сыйластық, кек, жек
көру тағы да басқалар) әрекет етеді. Сонымен қатар, әрбір ересек адамда
жеке негізгі бағытты белгілейтін әлдебір жетекші қасиет те болады.
Олардың бірі өз өмірінің мәнін ғылым жолындағы істен тапса, басқалары -
өнер саласынан, ал үшіншілері – қоғамдық қызметтен табады. Әрине, бұл
ретте әрбір адам өзінің халыққа неғұрлым көп пайда келтіретін салада
еңбек ету парызын терең сезініп іске кірісуі немесе жеке бас пайдасын
көздеп даңқ, атақ үшін, мансапқұмарлықпен келуі мүмкін.
Бұдан шығатын қорытынды, іс-әрекет пен мінез-құлықты талдаған
кезде негізгі талпынысты ғана емес, сондай-ақ жеке адамның моральдық-
психологиялық жағын да ескерген жөн, ал мұның өзі адамның өмірлік
позициясын, оның болмыстың әр алуан қырына деген көзқарасын айқындап
береді. Сөйтіп, мотив ретінде алуан түрлі жайттар көрініс бере алады:
адамның өзі түсініп-ұққан қажетсіну мен мүддесі, оның дүние танымы мен
сенімін, сезімі мен ой-ниеттері, яғни адамның белгілі бір моральдық-
психологиялық жағы мен мұраты көрінеді.
Адам мотивтерін зерттеу жеке адамның моральдық-психологиялық мәнін
түсінуде ерекше роль атқарады. Біреулер, мысалы, өзінің қажетсінуімен
адал еңбек етсе, басқалары-өз парызын түсіне отырып, ал үшіншілері –
уақытша, өзінің көздеген мақсатына жеткенше ғана еңбек етеді. Бұл
берілген сипаттамалар әр түрлі адамдардың әлеуметтік дамуының днңгейі
түрліші болатының көрсетеді.
Өмір сүру үшін адамдар: тамаққа, киімге деген және басқа да толып
жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті. Қажеттілік дегеніміз-
өмір мен дамудың белгіл бір жағдайларында адамның міндетті түрде кере
ететін қажетсінулері. Қажеттіліктер организмнің ішкі отасының немесе
өмірдің сыртқы жағдайларының тұрақты талаптарын бейнелейді. Олар
танылып, айқын болғаннан кейін мінез-құлық мотивтері формасында көрініс
табады.
Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Адам өмір
сүру үшін қоғамдық өндірісті қалыптастырады және дамытады. Сонымен
бірге, қажеттіліктер өндірістің өсуімен қатар дамып отырады. Бұл
түсінікті де: қажеттіліктерді қанағаттандыру түгелдей өмірге қажетті
керек-жарақты өндіру дәрежесіне және қоғамда үстемдік ететін еңбек
өнімдерін бөлу сипатына байланысты. Тек қана тұтыну ұдайы өндірістің
болуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, адамның барлық қажеттілігі қоғамдық
тұрғыда шешіледі, олардың дамуы қоғамдық өндіріс пен бөлу сипатына қарай
анықталады.
Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініші-сүйінішіне,
ойлануына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен
тәсіліне қарай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалуына байланысты
адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу
сезімдеріне тап болады. Қажеттілік- адамдардың ойлау қызметін тудыратын
негізгі күш болып табылады. Өз қажеттіліктерін өтеу үшін адам белгілі
бір құралдарды табуға, ал соларға сүйене отырып, әртүрлі теориялық және
практикалық міндеттерді шешуге тиіс. Ф Энгельстің дәлелдегеніндей, адам
өзінің ойлауы материалдық өндіріске байланысты емес деп ұйғарады, ал шын
мәнінде, ойлау түптен келгенде себептер нәтижесінде пайда болады, Ойлау
дегенің өзі-қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдарды табуды
қамтамасыз ететін психикалық іс-әрекеттің бір жағы.
Сондай-ақ, ерік-жігер де қажеттіліктер ықпалынан туындапотырады.
Бұл жайында Ф. Энгельс балай деп жазды: Қажеттіліктер адамның басы
арқылы өтеді, яғни аңғарылып, түсініледі және ерік түрінде көрініс
танытады. Ерік күші, табандылық арқасында адам өз мақсатына жету
жолындағы қиындықтардыжеңеді және белгілі бір дәрежеде қажеттілікті
қанағаттандырумен байланысты алға қойылған міндеттерді іс жзүзіне
асырады.
Қажеттілік өрісі адамның даму деңгейі мен оның өмірдің
материалдық жағдайларына байланысты. Адам саналы түрде өз
қажеттіліктерің реттеп отырады және ол жануарлардан осы қасиетімен
ерекшелінеді. Қажеттіліктерін реттей отырып, ол тек сыртқы жағдайларды
ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы мінез-құлықтың моральдық нормаларын
да ескереді. Сондықтан өз қажеттіліктеріне тойымсыз адам емес, өз
қажеттіліктерін өзге адамдардың қажеттіліктері мен қоғам мүддесін ескере
отырып, орнымен қанағаттандыратын адам тәрбиелі болып есептеледі.
Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Олардың топтарға бөле отырып,
материалдық рухани және қоғамдық қажеттіліктер депкөрсетуге болады.
Мұндай топтарға жіктеудің негізіне жеке адамның белгілі бір объектіге
деген бағалауы алынған. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір
тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, мекен жайға деген қажеттілікткр)
негізіне байланысты. Олар адамның филогенетикалық, қоғамдық-тарихы
дамуы процесінде қалыптасқан және оның тектік қасиетін
құрайды.Адамзаттың табиғат пен күресінің барша тарихи мен таптық
күрестің тарихы ең алдымен материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға
жағдай жасау үшін жүргізілген күрес тарихы болып табылады.
Барлық адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандыру оларды
күн көріс үшін болатын қиян-кескі күрес нәтижесінде туындайтын
қомағайлық, көре аумаушылық, ұрлық істеу сияқты қалықтардан құтқарады.
Адамның қажетсінуінде,-деп жазды А.С. Макаренко,-қомағайлық жоқ. Егер
адам түтінді, қапырық қаладан қарағайлы орманға келіп рақаттана кең
тыныстаса, оны оттегін тым көп пайдаланады деп ешкім айыптаған болар
еді. Қомағайлық бір адамның қажеттілігі екінші біреудің қажеттілігімен
қақтығысқан жерден, рақат немесе қанағат сезімін көршіңнен күшпен,
айламен немесе ұрлық істеу арқылы тартып алу керек болған жерден
басталады
Егер жоғарыда көрсетілген жағымсыз әдеттер біздің қоғамымыздағы
жекеленген адамдар бойынан кездесіп қалатын болса, ол әдеттер тіпті де
адам мен адамның арасында қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайлары
үшін болатын күрестің салдары емес, керісінше қоршаған капиталистік
ықпалдың (кғино, радио, әдебиет арқылы) және адамдардың санасы мен мінез-
құлқындағы ескілік сарқыншақтарының нәтижесі деп білген жөн. Ескі
қоғамға тән болған жайт-ертеңгі күнге қауіптене қарауға біздің
қоғамымызда негіз жоқ, алайда бізде өмірдің мәні тек қана материалдық
байлықты жинауда деп түсінетің адамдар әлі де болса кездеседі. Адам тек
қана дүние-мүлік үшін өмір сүрген кезде,ақша өмір сүрудің құралы емес,
мақсатына айналған кезде байлық жинау процесінің өзі нысансыздықты
туғызуы мүмкін. Міне, осындай қажеттіліктер қомайғылыққа әкеп соғады.
Материалдық қажеттіліктерді нысапсыздықпен пайдалану рухани азған,
бар білетіні-қара басының қамың ойлау ғана болып табылатын сыңар жақ
адамдардың бойында кездеседі. Рухани және әлеуметтік қажеттіліктері
дұрыс дамыған адамдар материалдық қажеттіліктерін орынды түрде
қанағаттандырады. Мұндай адамдар өмірдің мәнін творчествалақ еңбекке деп
біледі және іс-әрекет арқылы өзін бақытты сезінеді, көпшілікке пайда
келтіргеннен жан рақатын табады.
Рухани қажеттіліктер –адамға ғана тән қажеттілікитер. Оларға
танымдағы және эстетикалық ләзаттағы қажеттіліктер жатады.
Танымдағы қажеттіліктер жалпы (тұтас әлем жайлы)және жеке
(болмыстың белгілі бір құбылыстарын тануға деген құштарлық) болып
келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми творчествоға деген
дербес қажеттілік пайда болады. Мұндай жағдайда таным мақсат емес,
творчестволық қажеттілікті қанағаттандырудың құралына айналады.
Эстетикалық ләзаттану қажеттілігі адам өмірінде айрықша орын алды.
Соның арқасынеда адам өз тұрмысын, демалысын, өзінің өмірін мәнді етуге
құлшынады. Болмыстағы және өнердегі эстетикалық байлықты қызықтай білу
адамның мерейін тасытады, оны асқақ етеді. Мұндай қызықтау көркем
творчествоға деген қажеттілік дәрежесіне дейін көтерілуі мүмкін: ондай
жағдайда адам дайын эстетикалық байлықтарды иеленіп қана қоймайды,
сонымен қатар өнер заңдылықтары бойынша оларды өзі де жасайтын болады.
Адамның тірілік-тұрмысында көрсетілген қажеттіліктерден басқа,
қоғамдық қажеттіліктер де: еңбекке, адамдармен қарымқатнасқа қоғамдық іс-
әрекетке деген қажеттіліктер маңызды орын алады. Бұларды материалдық
та, рухани да қажеттіліктерге жатқызуға болмайды, өйткені бұл екеуінде
де осы қажеттіліктердің қайсысының болсын белгілі бір нышаны байқалмай
қоймайды.
Еңбекке деген қажеттілік барған совет адамдарының негізгі
қажеттілігіне айналып отыр. Еңбекке деген қажеттілк өмірге керекті әрі
ләззат әперер іс-әрекетпен айналысуға құлшыныс түрінде көрініс табуда.
Мұндай жағдайда адам еңбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл
мүнкіншілікпен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін
сәтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады.
Өмірдің бірінші қажеттілігіне айналған еңбек адамға үлкен қуаныш
пен бақыт әкеледі. Еңбекке деген қажеттілік таяу болашақта әр адамның
қажеттілігіне айналатын болады. Техниканың дамуы еңбек күнін қысқартуға,
еңбекті мейлінше жеңіл әрі интеллектуалды етуге мүмкіндік туғызады.
Адамдар қабілеттеріне қарай өз еңбегін, күшін қоғам мүддесіне ақысыз-
пұлсыз беретін болады және өмірінің мәнін еңбектен іздейтін болады.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның әлеуметтік табиғатын
танытады. Бұл қажеттілік Ф. Энгельс атап көрсеткеніндей, еңбекте
қалыптасты, өйткені қарым-қатынас – қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың
қажетті шарты. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну жеке адам дамуына игі
әсерін тигізеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес,
сонымен бірге өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірбиесін
жинақтайды. Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық
және эмоциялық жағынан байыта түседі; білім, тәжірибе және пікір
алмасуына өз ықпалын тигізеді. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну достықты
туғызады. Жан-жақты дамыған адамның бойында жоғары әлеуметтік қажеттер
басты роль атқара отырып, қажеттіліктердің бәрі де болуға тиісті.
Қызығу дегеніміз-жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен
эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар
қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олрдың өзі емес. Қажеттілік
міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-
әрекетке адмның жеке қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған және
орнықты болған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен, театрға
деген қызығу –спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна
ісімен өзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін.
Қызығудың қалыптасуын әрқашан қажеттіліктерді , талантты немесе
қоғамдық борышты сезінуден бастала бермейді. Қызығу объектінің эмоциялық
тартымдылығы өз-өзіне және бет алды көрінуі мүмкін ал кейін :
қажеттіліктер, қоғамдық талаптар, қабілеттілік сияқты көптеген себептер
арқылы анықталып әлгі объектінің өмірлік мәні танылуы мүмкін.
Объектінің эмоциялық тартымдылығың, алғашқы кезде, бәлкім,
аңғарыла қоймағанымен, терең тамыры болуы мүмкін, ол тамыр объектінің
қасиетінен де, сондай-ақ субъектінің қасиеттерінен де көрінбекші.
Неліктен объект назар аударып, қуаныш, рақаттану сезімін туғызады?
Себебі, ол өзінің қасиеттерімен белгілі бір дәрежеде адамның психикалық
көңіл күйіне немесе қажеттілігіне жауап береді. Сол бір объектінің
барлық адамдардың бойында біркелкі сезім туғызбайтыны да содан. Рас,
кейбір объектілер адамдардың жалпы адамзаттық табиғатына жауап берсе,
басқалары-жас мөлшерінің ерекшеліктеріне, үшіншілері әлеуметтік – топтық
және төртіншілері – жеке адамның биімділігі мен икеміне, көзқарасы мен
талғамына сай келеді. Мәселен, жалт-жұлт еткен объекті, дыбыстық ырғақ,
әуен барлық балаларды да ләззаттандырады.
Объектіге деген көзқарастың бір-біріне ұқсамауы жеке адамның өмір
тәжірбиесінің көп немесе аз болуына, білімділігі мен тәрбиесіне, оның
өмірі мен қызметінің тарихын бейнелейтін рухани дүниесінің өзіндік
ерекшеліктеріне байланысты болады.
Субъектінің көзқарасын басқа адамдар бағыттап қана қоймайды,
сонымен бірге ол тәрбиеленеді де. Мәселен, объектінің сапасы және оның
өмірлік мәні туралы коллективтік пікір, оған беделді адамдардың
көзқарасы-осының барлығы жеке адамның сол объектіге деген көзқарасына
ықпал етеді. Авиацияның айрықша дамыған кезінде жастар авиацияға құштар
болды, ал космонавтика дәуірінде ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері туралы
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық- педагогикалық дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының көрі арқылы қабылдаудың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь