Орталық қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары


Мазмұны :

Кіріспе

І тарау. Орталық Қазақстан көлдеріне жалпы шолу

  1. Орталық Қазақстанның физикалық географиялық орыны. Гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі.
  2. Орталық Қазақстан көлдерінің шығу тегі
  3. Орталық Қазақстан көлдерінің су режимі
  4. Орталық Қазақстан көлдерінің суының химиялық қасиеттері

ІІ тарау. Орталық Қазақстанның көлдеріне аймақтық шолу

2. 1. Қарағанды облысының солтүстік және солтсүтік-шығыс бөлігінің көлдері

2. 2. Қарағанды облысының орталық және шығыс бөлігінің көлдеріне шолу.

2. 3. Орталық Қазақстанның батыс бөлігінің көлдеріне шолу

2. 4. Орталық Қазақстанның су қоймалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Орталық Қазақтанның аумағында табиғаттағы маңызы зор нысандардың бірі табиғи су қоймалары көлдер болып табылады. Олар Теңіз-Қорғалжың сыяқты өзіне тән бірегей органикалық дүниесі бар ірі көлдер Сарыарқадағы жылу мен ылғалдың таралуында, ерекше орын алады.

Аридті аймақ болып табылатын Орталық Қазақтанның аумағының халқын балық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар жазғы демалыс орыны болып табылатын көлдерді жан-жақты оқып үйреніп оларды бірегей табиғи нысан ретінде қорғаудың маңызы

Бітіру жұмысының өзектіліг і: Бітіру жұмысы Орталық Қазақтанның аумағындағы көлдердің түзілу жолдарын, қоректену режимдерін, табиғаттағы маңымен оларды қорғаудың маңызын ашып көрсетуімен өзекті.

Бітіру жұмысының мақсаты: Орталық Қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарын;

  • -гидрологиялық режимдерін, динамикасы мен су балансын;
  • -қоректену ерекшеліктері мен физикалық-химиялық қасиеттерін
  • -органикалық дүниесімен табиғаттағы маңызын ашып көрсетіу.

Бітіру жұмысының міндеттері:

  • Орталық Қазақтанның физикалық географиялық орыны мен көлдердің гидрологиялық тұрғыдан зерттелуін айқындау;
  • Сарыарқадағы көлдерінің шығу тегіне қарай топтастыру;
  • Орталық Қазақтанның аумағындағы көлдердің су режиміне температура мен жауын- шашынның таралуыныңы, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктерінің әсерін анықтау;
  • Көлдердің су режимідерінің ерекшеліктері мен қасиеттерін Ашып көрсету;
  • Орталық Қазақтанның көлдері мен су қоймаларының гидрологиялық режимдерін, қоректенетін су көздерімен балансын, органикалық дүнйесін және оларды қорғау мәселелерін айқындау.

Бітіру жұмысының әдістемелік - методологиялық негіздері: Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. М. Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының практикалық маңызы:

Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, өндірістің жеке салаларының мамандары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады.

Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны: б ітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігіғ мақсаты мен міндеттері ашып көрсетілген.

Бірінші тарауда Алматы облысының аумағындағы көлдердің зерттелу тарихы, көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарыі гидрологиялық режимдеріне талдау жасалған. Екінші тарауда Балқаш-Алакөл ойыстарындағы ірі және шағын көлдердің су режимі мен органикалық дүниесімен шаруашылықтық маңызы қарастырылған.

І тарау. Орталық Қазақстан көлдеріне жалпы шолу

1. 1. Орталық Қазақстанның физикалық географиялық орыны. Гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі

Сарыарқаның физикалық - географиялық орнының ерекшеліктері. Қазақтың ұсақ шоқылы аласа таулы аймағы Сарыарқа Тұран Солтүстік Қазақстан, Ертіс, Құйынды жазықтары мен Тарбағатай тауларының аралығында орналасқан. Оңтүстік шекарасы 47 - 78° солтүстік ендігі ұлы таудың оңтүстік сілемдері мен Балқаш көлінің солтүстік жағалауымен шектесетін шыбыр тау арқылы өтеді. /1/

Солтүстік шекарасы 53° солтүстік ендіктегі Есіл, Тобыл даласы солтүстік шығыс орта Ертіс аңғарындағы ескі арналы Сілеті теңіз, Жалаулы, Шүрексор көлдері арқылы өтеді. Батыс шекарасы Ұлы тау жыланшық таулары арқылы өтіп, біртіндеп солтүстік Торғай ойысы мен Торғай қаласына ұлысады.

Шығыс шекарасы 80° шығыс боилықтағы Сарыарқаның Қалблба, Тарбағатай тау жоталарына ұлысатын бөлігі болып табылатын Аягөз, Шар өзендерінің аңғарлары арқылы өтеді. Қазақстан мен Ресей ғалымдарынын Қазіргі кездегі зертеулерінің деректеріне сай Орталық Қазақстан геотектоникалық құрлысы жағынан тау түзілу кезендері палеозой эрасынын каледон, герцин қатпарлығында аяқталып кайназой эрасының неогентөрттік дәуірдегі неотектоникалық қозғалыстардың әсері баяу жүрген, ұсақ шоқылар мен олардың аралығың бөліп жатқан қабатты денудациалық жазықтардан тұратың эли палеозойлық платформа болып табылады.

Материктің ішкі аймағындағы құрлықтың сектордағы орнына сай климаты шұғыл, континентті қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігіндегі дала, шөлеит және шөл зонасына тән аумақтың табиғат кешендері таралғаң ежелден мал шаруашылығы дамыған аймақ болып табылады. 61 - 85° шығыс бойлықтар аралығында аймақ 1500 шақырымға, батыс бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке 95° шығысында 350 - 400 шақырымға созылып жатыр. Қазақтын ұсақ шоқылары Сарыарқаның аумағы 700 мың шаршы шақырым. Сарарқа аумақтың тұрғыдан жербедері аталған аймаққа сәикес келетін ірі орографиалық бірлік болып табылады. Аталған аумақта қатпарлы негіздегі денудациалық жазықтармен аласа таулы алқаптар кен таралған. /2/

Орталық Қазақстанның көлдерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. Орталық Қазақстанның көлдерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды.

Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеуде географ ғалым белгілі климатолог А. И. Воейковтың еңбектерінде (1884 жылғы) жан-жақты сипаттама берілген. Ол алғаш рет Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейінің ауытқу себептерін, су балансы мен оның деңгейінің теңесуін зерттеп, оған әсер ететін орта жағдайын ашып көрсетті. А. Красовскийдің, М. Лемпицкиидің, И. Солавлевтің, В. Граменаның, Н. Игнатевтің, М. Жилинский, А. Козлов басқада ғалымдардың арнайы экспедициялары мен саяхаттарының барысында орталық Қазақстанның көлдері жөнінде мол мағлұмат жиналды.

Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеудің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың 90 жылдары мен ұлы қазан төңкерісінің аралығын қамтыды. Бұл кезеңде көлтану ғылымының теориялық-әдістемелік негіздері қаланды. Жалпы зерттеулермен қатар биологиялық, гидрохимиялық арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Д. Н. Анучин “Воды суши озера” атты (1896ж) еңбегінде өзі жүргізілген гидрологиялық бақылаулардың нәтижелерін кеңінен қолданды. Ол өзі сипаттаған көлдері ландшафтның негізгі компонентінің бірі ретінде қарастыра отырып олардың қоршаған ортамен байланысын табиғаттағы маңызын шаруашылықтық мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін анықтайды /1/.

Бұл кезеңде көлдер гидробиологиялық тұрғыдан зерттеу тек танымдық сипатта болды. Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеудің үшінші кезеңі ұлы қазан төңкерісінен кейін басталды. Бұл кезеңде көл суларын шаруашылықтың мақсатта пайдалану, ірі су қоймалары мен су электр станцияларын салу, көл суларының 1920-30 жылдардың аралығында қорғалжың Балқаш көлді аудандарында арнайы кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізіліп, шаруашылықтың мақсатта пайдалану мүмкіндіктері анықталды.

1930 жылдары КСРО ғылым академиясының Галургия институты мен тұз зертханасы Қазақстан көлдеріндегі тұздың қорларын анықтап оны тиімді пайдалану мәселелері зерттелді. 1928-1931 жылдар аралығында П. Ф. Дормачевтің басшылығымен алғаш рет Балқаш көліне кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізілді.

Үш жылға созылған зерттеулер нәтижесінде батиметриялық өлшеулер жүргізіліп көлтабанын түзетін жыныстардың құрамы, судың термикалық және химиялық құрамы, плангтондары мен бентостары туралы деректер жиналып, кешенді сипаттама берілді /2/.

1932 жылы құрылған КСРО ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің құрамына кірген зоология, ботаника секторлары Орталық Қазақстанның көлдерінің флорасы мен фаунасын жоспарлы түрде оқып үйрену бағытында кешенді жұмыстар атқарды.

Сарыарқаның көлдерін зерттеуде 1931 жылы басталған КСРО-ның су кадастры маңызды роль атқарды. Г. В. Никольскийдің 1940 жылы жарық көрген “Арал теңізінің балықтары” атты монографиясында Қазақстан көлдерінде мекендейтін балықтардың 20 түріне сипатта беріп, олардың қоректенуіндегі плагтондармен бентостың алатын орынын ашып көрсетті /3/.

Сарыарқаның тұзды көлдерін 1941 жылы Е. В. Пасхов зерттеді. 1941-1943 жылдардың аралығында қорғалжың теңіз, зайсан көлдерін В. А. Догальдың, С. С. Печниковтың, Т. А. Сениннің және К. В. Смирновтың басшылықтарымен жүргізілген гидрологиялық экспедициялар аталған көлдердің фито, зооплангтодары мен бентостарын зерттеп, олардың балық қорын арттырудағы алатын орындарын анықтады. Зерттеу нәтижесінде Теңіз - Қорғалжың, Зайсан көлдерімен қара ертісте балық шаруашылығын дамытуды қайта жаңғырту жөнінде ұсыныс жасады. К. В. Смирнов Алакөл мен Балқаштың паразит жәндіктерін зерттеді.

Ұлы Отан соғысы жылдары Сарыарқа мен Оңтсүтік Қазақстанның көлдерінде С. А. Зернов, Н. Н. Воронин, В. А. Доволь, В. И. Жадин, Я. Я. Цееб, Н. А. Акатова, В. Я. Понкратова, Г. Х. Шарогнинова сынды биолог-гидролог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Орталық Қазақстанның көлдерін КазКСР ғылым академиясының зоология институты айланысты. Орталық Қазақстанның аквофаунасы мен олардың санын арттыру мен гидрологиялық режимін белгілі ғалымдар: Н. П. Серов, А. С. Машковская, А. И. Горюнова, С. К. Тютенков, В. И. Ерещенко, В. А. Киселева, П. Ф. Мартехов, В. Я. Пильчук, И. К. Иванов зерттеді.

1945-1950 жылдар аралығында балық шаруашылығын тиімді пайдалану мақсатында Орталық Қазақстан көлдерінде В. В. Селезнев, А. П. Селезнева, Н. А. Әмірғалиев, Н. Ш. Қайыровалар зерттеу жүргізді.

1965-1969 жылдар аралығында КСРО ғылым академиясының көлтану зертханасы А. В. Шнитныковтың орталық және солтүстік Қазақстанның көлдерін зерттеді /3/.

Ұлы Отан соғысынан кейін Балқаш Теңіз-Қорғалжың Арал, Алакөл сияқты ірі көлдермен қатар Сарыарқаның шағын көлдерін зерттеу ісі қолға алынды. Бұл бағытта КСРО-ның мемлекеттік гидрология институты көп жұмыс атқарды. 1954-1956 жылдар аралығында А. П. Богордницкидің басшылығымен зерттелді.

1954 жылдан бастап Қазақстан мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің) физикалық география кофедрасы Г. Г. Муравлеваның басшылығымен Орталық Қазақстан көлдерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1957 жылдан бастап Қазақ КСР-ның ғылым академиясының география секторының ғылыми қызметкерлері Т. Р. Омаров, Е. А. Казанская, Т. М. Тимофеева, П. Н. Кравченко бүгінгі таңға дейін зерттеу жұмыстарын зерттеп келеді.

1. 2 Орталық Қазақстан көлдерінің шығу тегі

Орталық Қазақстан көлдерінің морфологиясы мен таралу ерекшеліктері. Орталық Қазақстанның аумағында аумағы бір гектардан астам көл бар. Олардың ішінде аумағы 1км 2 аспайтыны 97, 3% шаруашылықтық маңызы бар көлдер небары 2, 7% құрайды /4/.

Орталық Қазақстан жауын-шашын аз түсетін шөлді-шөлейтті, далалы зонасының шегінде орналасқандықтан аумақтың көлдігі небары 0, 23. Орталық Қазақстан дала, шөлейт және шөл зонасының шегінде орналасқандықтан көлдердің басым бөлігі дала ландшафтлық зонасында көп кездеседі. Онда аумағы беткі ауданы 100 га асатын 23 көл бар, олардың жалпы ауданы 108 км 2 . Булану артып жауын-шашынның кемуіне байланысты аймақтың оңтсүтігінде ірі көлдер жоқ. Облыс аумағындағы 23 ірі көл аймақтағы көлдердің 71% құрайды. Олардың барлығы Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде шоғырланған.

1 кесте

Орталық Қазақстанның көлдігі

Облыстың ауданы мың км2есебімен: Облыстың ауданы мың км 2 есебімен
Ауданы: Ауданы
Барлығы: Барлығы
Жалпы ауданы км2есебімен: Жалпы ауданы км 2 есебімен
Көлді Ғ1% есебімен: Көлді Ғ 1 % есебімен
Облыстың ауданы мың км2есебімен: 1км 2 аспайтын
Ауданы: 1км 2 асатын
Облыстың ауданы мың км2есебімен: Көлдердің саны
Облыстың ауданы мың км2есебімен: 398, 8
Ауданы: 17779
Барлығы: 131
Жалпы ауданы км2есебімен: 1910
Көлді Ғ1% есебімен: 926
23

Орталық Қазақстанның көл қазан шұңқырлары шығу тегі жағынан тектоникалық және экзогендік ойыстар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Көлдер тереңдігі, мөлшері, жағалау сызықтарының ерекшеліктері гидрологиялық режимі жағынан алуан түрлі болып келеді. Сарыарқаның көл қазан шұңқырларының түзілуі геологиялық (жаңа тектоникалық қозғалыстарға, геологиялық құрылымына, сейсмикалық, тау жыныстарының литологиялық құрамы) және экзогендік (өзен эрозиясының әрекеті, желдің, карстылы, суфозиялық гравитациялық үрдістер) сонымен қатар климаттағы өзгерістер мен адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді.

Орталық Қазақстанда көл қазан шұңқырларының бірнеше генетикалық типтері бар.

Тектоникалық ойыстарда түзілген көл қазаншұңқырлары. Сарыарқада тектоникалық көлдердің екі түрі бар олар тектоникалық бөгенді көлдер және тектоникалық тақталардың иініндегі түзілген көлдер.

Тектоникалық бөгенді көлдер тектоникалық қатпарлардағы қысымы төмен шағын өзен аңғарларды шоңғалдардың немесе ысырынды жыныстардың бөгеп қалуынан түзіледі. Аталған көл қазаншұңқырына Сарыарқаның шығысындағы Қара сор көлі жатады оған Талды, Қарасу сияқты шағын өзендер келіп құяды. Көл аталған өзен аңғарын биіктігі 23 метрге жететін төбесі текшелі дөң бөгеп тұр. Ол төрттік дәуірдегі жаңа қарқаралы қатпарлығында жүрген көтерілулер нәтижесіндегі солтүстік-шығысқа бағытталған тектоникалық жорықтың бойында түзілген. Көл жас болғандықтан жағалық текшелері әлі қалыптаспаған. Қоянды ауылының маңында өзен әрекетінен түзілген 1, 5 және 6 метрге жететін екі текше бар /5/.

Тектоникалық тақталардың иінінде түзілген көлдің қатарына қазақ қалқанының тегіс иінінде түзілген теңіз-қорғалжың көлдер жүйесі жатады. Ол іргетасы 2-2, 5 метр тереңдікте орналасқан палеозой иіні болып табылады. Ағынды Қорғалжың тұйық теңіз көлі қалыптасуы төрттік дәуірде басталды. Орта төрттік кезеңде ойыстың иілуі күшейіп оның шығыс бөлігіндегі жіңішкерген иінді Нұра өзенінің аңғары қамтып, жоғарғы төрттік кезеңінде Қазан шұңқырды Нұра өзенінің суы толтыра бастады. Көп Қазан шұңқыры жас болғандықтан жағалық текшелер жоқ.

Орталық Қазақстанның экзогендік көл Қазаншұңқырлары. Орталық Қазақстанда эрозиялық сорлы - дефляциялық, суфозиялық және гравитациялық үрдістердің әсерінен түзілген қазаншұңқырлары басым олар көбінесе жерасты суы жер бетіне жақын жатқан өзен аңғарлары мен ойыстарда кең таралған.

Орталық Қазақстанның көл Қазан шұңқырларын шығу тегіне қарай топтастыру

Эрозиялық ойыстар қазан қалқанындағы жылға тәрізді ұзыннан ұзақ ежелгі ескі өзен арналарын бойлай созылып жатады.

Эрозиялық көлдердің екінші тобына Сарыарқада кең тараған шағын көлдердің қатарына Нұра, Сарысу, Терісаққан, Құланөтпес өзендерінің аңғарында түзілген эрозиялық-денудациялық көлдерді жатқызуға болады.

Эрозиялық көлдердің үшінші тобына Сарысу, Нұра өзендерінің жайылмаларында түзілген ескі арналы көлдер жатады олар шағын күшті минералданған тұзды болуы-суфозиялы көлдер Сарыарқаның лесті жынысты беткейлерінде бос жыныстарды және үрлеу нәтижесінде түзіледі.

1. 3 Орталық Қазақстан көлдерінің су режимі

Орталық Қазақстанның көлдері су алмасуының жағдайларына қарай суы белгілі бір кезеңмен алмасатын ағынсыз тұйық және тұрақты үздіксіз алмасатын ағынды көлдер болып екіге бөлінеді. Сарыарқада көбінесе ағынсыз тұйық ащы көлдер басым. Суының көлемінің аздығы мен ағынсыз болуы ұсақ шоқылы жер бедерімен, құрғақ климатымен, сирек әрі аз сулы өзен торлары мен тығыз байланысты /6/.

Орталық Қазақстанның тұйық көлдері негізінен суық кезеңде жауған жауын-шашынның еруінен қоректенеді. Наурыздың аяғымен сәуір айында қыстай жауған қардың қарқынды еруінің нәтижесінде көл суларының деңгейі жете көтеріле бастайды. Ол 10-15 күнге созылады. Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейі орта есеппен тәулігіне 1-2 сантимертге жауын-шашын мол түскен жылдары 5-10 сантиметрге дейін көтеріледі. Көл суларының деңгейін көктемде орта есеппен 20-30 саниметрден 60-80 сантиметрге дейін жетеді. Шағын тұйық көлдердің деңгейі тәулігіне 40-60 сантиметрге дейін көтеріледі. Кейбір көлдердің табанына судың сіңіуіне байланысты көктемде деңгейі 10-20 сантиметрге төмендейді. Орталық Қазақстан көлдерін көп зерттеген белгілі гидролог А. В. Шнитников көлдің деңгейінің маусымдық ауытқуымен қатар көп жылдық ауытқуын бөліп көрсетеді. Көл деңгейінің көпжылдық ауытқуы құрғақшылық және ылғалды жылдармен алмасып отыруымен тығыз байланысты. А. В. Шиткаков ғасыр ішілік көп жылдық циклының көл деңгейінің көтерілетін кезеңдері деңгейі төмендейтін кезеңіне 2, 5 есе төмен болып 19-47 жыл аралығында ауытқитынын анықтаған.

Қорғалжың, Теңіз, Балқаш сияқты ірі көлдерде ауа температурасы жауын-шашынның түсуі, өзен ағыны мен көл деңгейінің циклында байқалады.

Температура мен жауын-шашынның түсуінің кіші циклі 4-9 немесе 4-7 жылда қайталанады. Температураның ең жоғарғы циклінің шегі жауын-шашын аз түсетін жылдарға сәйкес келеді. Жауын-шашынның басты бөлігі циклдің бірінші жартысында түседі. Температура режимінің үлкен циклі 17-21 жылға созылады. Ол бірін-бірі алмастыратын үш іші циклдан тұрады. Үлкен циклда жауын-шашынның ең көп мөлшері оның соңында байқалады. Бұл кезеңде жауын-шашынның ең жоғарғы шегімен өзен ағынының мол суы кезеңінің ең жоғарғы шегінде бір бірімен сәйкес келеді /7/.

Көл танушы ғалымдардың ұзақ мерзімді тұрақты зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып өзен ағынының ауытқуының кіші үлкен және ғасырлық циклын анықтаған. Өзен ағынының үлкен циклы бірін-бірі алмастыратын төрт кіші циклдан тұрады. Үлкен цикл 17-21 жылға созылады. Өткен ғасырда орталық Қазақстанда өзен ағынының үш үлкен циклы байқалған. Біріншісі 1906-1908 -1926-1927 жылдардың аралығын, екінші үлкен циклі 27-28-1943-1945, үшінші үлкен циклы 1944-1946-1962-1963 жылдар төртінші үлкен цикл 1963-1965-1985-1987 жылдардың аралығын қамтыды.

Орталық Қазақстан көлдерінің су балансы. Орталық Қазақстандағы судың беткі ағыны жауын-шашын, жерасты еспе сулары, инфильтрация (жерастына сіңу) және буланудың жыл ішіндегі және көпжылдық өзгерістерге ұшырауы байқалады.

Орталық Қазақстан көлдерінің суының таяздығымен ауданының шағындығы су балансының тұрақсыз болуына әсер етеді. Сондықтан аймақтың таяз шағын көлдері жазда буланудың әсерінен таязданып кеуіп, қыста қатып қалады. Кейбіреулері жауын-шашын аз түскен жылдары кеуіп қалады.

Көп суларының кіріс бөлігін өзен суының беткі ағыны, жауын-шашын мен жер асты еспе сулардың ағыны құрайды. Су жинайтын ауданы біршама ірі Теңіз-Қорғалжың сияқты көлдердің суының 50% астамын беткі ағын құрайды. Жекелеген жылдары көп жылдық орташа көрсеткіштен 5-10 есе артуы мүмкін. Жерасты еспе суларының ағыны көлдердің су балансының 5-20% құрайды.

Ағынсыз тұйық көлдердің шығыс бөлігін судың бетінен жүретін булану құрайды.

Қорғалжың, теңіз, Балқаш көлдерінің бір жылда бетінен буланатын судың қалыңдығы 700-1200 мм аралығында ауытқиды. Орталық Қазақстан көлдерінің шығынының 10-15% жер астына сіңуге (инфильтрацияға) жұмсалады.

Көл суын өндірістік мақсатқа пайдаланғанда жылдық буланудың бірнеше пайызынан асыруға болмайды.

Орталық Қазақстан көлдерінің физикалық қасиеттері. Сарыарқаның көлдерінің көбі ұсақ шоқылардың аралығындағы ойыстарда түзілген шағын болғандықтан аумағы 1км 2 аспанды сондықтан олардың суының мөлдірлігі 0, 3-18 метр аралығында ауытқиды. Мөлдірлігі қыста көктемге қарағанда жоғары болады /8/.

Тұщы әрі лай суға күн сәулесі баяу тұзды суға қарағанда онша терең енбейді.

Жоғары өнімді органикалық дүниесіне бай көлдерде судың мөлдірлігі төмен болумен ерекшеленеді. Оны плонгтондармен бентостардың, нейстондар мен пектондардың қарқынды дамуымен түсіндіруге болады.

Көлдерінің түсін фотометриялық әдіспен анықтайды. Сарыарқа көлдерінің суларының табиғи түсі көгілдір-жасыл мен сарғыш қоңырдың аралығында ауытқиды. Дәміне қарай тұзды, қышқыл, ащы, тәтті болып бөлінеді.

Орталық Қазақстан көлдерінің температура режимі. Географиялық орнының ерекшелігіне метеорологиялық факторларға, теңіз деңгейінен биіктігіне өсімдік өсу дәрежесіне және судың физикалық -химиялық қасиетіне байланысты көл суының температурасының маусымдық ауытқуы байқалады. Егер күшті минералданған болса температура -20 0 немесе оданда төмен түскенде қатпайды.

Көл сулары жылуды баяу сіңіріп, баяу суынады, сондықтан көл суы атптап ыстық құрлықтың бетіне қарағанда 6-10 0 дейін төмен болады. Көп бетіндегі ең жоғағы температура кешке ең төменгі таңертең ерте байқалады. Орталық Қазақстандағы көл суының температурасының маусымдық ауытқуының жоғары болуы онда мекендейтін ағзалардың тіршілігіне күшті әсер етеді.

Сарыарқа көлдеріндегі жылы кезең 180 күнге созылады. Жыл ішіндегі температура ауытқуының амплитудасы 30 0 шамасында. Қар ери бастағанда мұз астындағы көл су 2-3 0 дейін қызып төмен түсіп терең қабаттардағы біршама салқын сулармен араласады. Нәтижесінде көл бетіндегі мұз толық ерігенде судың температурасы +3+3, 5 0 С дейін жетеді. Мамыр айының соңында көл суының температурасы +7 . . . +20 0 дейін көтеріледі. Терең көлдерде табанына жақын су қабаттарында +6 . . . +10 0 аралығында ауытқиды. Саяз сулы көлдерде ауа температурасымен шамалас болады.

Жазда көл суының әр 10 метр қабатында температураның өзгеруі айқын байқалады. Тамыздан бастап орталық Қазақстан көлдерінің суларының біртіндеп суына бастауы айқын байқалады /9/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының көлдерінің температура режимі
Алакөл мұнай кен орнының геологиялық құрылысы
Сарыарқаның табиғаты
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
Өзен және батпақтардың геологиялық рөлі
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Литосфераны қорғау
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Солтүстік Американың географиялық орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz