Жаңа тұрпатты ұстаз жаңарған қоғамға қажет


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ2006-11-21:

Жаңа тұрпатты ұстаз жаңарған қоғамға қажет

Төл тарихымыздың тағылымды тұлғаларының бірі, “аққан жұлдыз” атанған Шоқан Шыңғысұлы “Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет” деген екен. Сол азаттықтың, тәуелсіздіктің таңының атқанына биыл он бес жыл. Егемен ел болып, өз бетінше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізге тағдыр, егер адам жасының мөлшерімен алсақ, мектеп жасындағы шақта, “замандастарыңнан озып алға шық!” деген кезекті тарихи жолды ұсынып отыр.

Тәуелсіздік жылдары білім саласына да тың, сапалық өзгерістер әкелді. Сыңаржақ сіреспе, қасаң идеологиялық тұжырымдарға бағындырылған халыққа білім беру жүйесінің орнына жеке тұлғаға бағдарланған, ізгілікті, шынайы демократиялық нышандағы бүкіладамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадамдар жасалды. Заман талабына сәйкес заңнамалық ак­тілер қабылданды, құрылымдық өзгерістер өмірге келді, оқыту, тәрбие беру ісінде инновациялық идеялар мен технологиялар орнығу үстінде. Елбасымыз Н. На­зарбаевтың Қазақстан халқына жылма-жылғы жолдауларында білім беру саласының өзекті мәселелері жан-жақты талданып, оларды шешудің неғұрлым тиімді жолдары ұсынылды.

Мұғалім - біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.

Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы - оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда институт ұстаздарын қатты толғандырып отырған мәселелердің бірі - болашақ мұғалімді балаларды өзіне үйренуге, одан кейін үйретуге үйрету. Сол себепті институттағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруда, жүзеге асыруда, оның қыры мен сырын әрбір студентке олардың өздеріне тән ерек­шеліктерін ескере отыра жеткізіп, иландырып, сіңіруде қолданылатын инновациялар мен соны технологиялардың пәрменін осы міндеттерді ойдағыдай орындау ісіне пайдалануға тырысу қажет.

Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа формация мұғалімі дегеніміз, ол - педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығармашылық тұлға, білікті маман. Еліміздің мақсаты да өзін өзі дамытуға және өзін барынша көрсетуге қабілетті жоғары сауатты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Білікті кадрлар дайындауда, педагогикалық білім жүйесін жетілдіруде сапалық өзгеріс жасау қандай да болмасын жүйеге мазмұндық талдау жасаумен тікелей бай­ланысты. Сондықтан алдымен осы саланың келелі мәселелерін анықтап алған жөн.

Өркениетті елдерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Ол сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болуда.

Негізгі тенденциялар қатарына: үздіксіз білім беруге көшу, білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру және білім берудегі инновация жатқызылады.

Білім беру жүйесін дамытудың бұл бағыттарының бәрі жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге көшуге ықпал етуде. Жеке тұлғаға бағдарланған білім жеке тұлғаның өзінің өсіп келе жатқан рухани, әлеуметтік мәдени, білімдік сұраныстарын қанағаттандырады, сол арқылы мемлекет қажеттілігі де қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда жеке тұлға өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы өзгерістерге тиімді бейімделуге көмектесетін интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отыруы қажет.

Педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т. б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр.

Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі” тұжырымдамасында анықталған негізгі бағыттарды басшылыққа ала отырып, жаңа тұрпатты педагогті қалыптастыру жүйесінің белгіленген 5 сатысының сапасын жақсарту ең басты мәселе болып табылады.

Бірінші саты - жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби бағдар беретін бейінді оқу, яғни бұл мұғалім мамандығына кәсіби бағдар беру сатысы.

Болашақ барлық маман өз бастауын мектептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мыңдаған жеткіншек арасынан мектеп өзіне қажетті, болашақта сапалы педагог бола алатын тұлғаны таңдап, кәсіби бағдарлауға мән бермесе, мұғалім мамандығынан басқа мамандыққа беріле бермейтін зор мүмкіндігімізді қолдана алмаушылық болады. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі білімді, білікті жастарына, оларды оқытатын мұғалімдерге байланысты десек, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің бірінші сатысын қалыптастырып, дамытудың бағдарламасын жасау, оны жүзеге асыру басты келелі мәселе болуы қажет.

Бірінші саты нәтижесі бойынша мектеп түлегі 12 жылдық білім жүйесі құрылымына сай 10-сыныптан кейін педагогикалық колледжге немесе әрі қарай 11-12 сынып­тарда бейінді оқу арқылы жоғары оқу орнына түсуге дайындалады. Міне, бағдарлама жасауда осы екі сатының бірінен-біріне өту кезеңіндегі бірізділік, біртұтастық қағидалары ескерілуі керек.

Екінші саты - педагогикалық колледж. 12 жылдық білім жүйесінде 11-12 сыныпта оқитындар саны күрт азаюы мүмкін деген болжам бар. Бұл биылғы жылдың өзінде-ақ шындыққа айналып отыр. Оған “Келесі жылғы бірыңғай ұлттық тестілеу талабы қиындатыла түседі” деген ақпарат бірден-бір себеп болып, бұл құбылыстың басталуын жақындата түсті. Оған гуманитарлық колледждің мұғалімдік мамандығын қалаған талапкерлердің санының жылдағыдан әлдеқайда көп болып отырғандығы мысал бола алады. Бұл - құптарлық жағдай.

Сонымен қатар, 2 сатыдан 3 сатыға өткен педагогикалық колледждің кейбір түлектерінің жоғары білім алуы үшін институтқа түскенде, базалық білімдерінің жетіспей жатуы да ойландыратын мәселе. Сондықтан үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі колледж бен институт байланысын түрлі аспектіде қарастыру арқылы сапалық серпіліс жасау екінші келелі мәселеге жатады. Соның бірі - педагогикалық колледжді педагогикалық институттың бір құрылымы етіп қайта құру ( Мұндай құрылым тәжірибеде бар) . Бұл арнаулы орта білімді бастауыш сынып мұғалімі мен жоғары білімді бакалавр мамандарының бірізді, біртұтастықта, сапалы даярлануларына жол ашар еді.

Үшінші саты - бакалавриат дайындайтын педагогикалық институт.

Біздің институт биыл екінші жыл несиелік оқыту жүйесіне көшіп, бакалавриат даярлайтын стандарттармен жұмыс жасауда. Өткен оқу жылы арнайы бағдарлама жасалып, студенттердің жалпы және педагогикалық мәдени тұлғасын қалыптастыру мақсатында зерттеулер жүргізілді, кадр дайындаудағы сапалық бетбұрыстың өзекті мәселелері анықталды. Басты мәселе 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламада белгіленгендей, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мазмұнын білім берудің білім үстемдігі үлгісінен “құзыретті” үлгісіне көшу арқылы өзгерту, білім беру деңгейлерінің құрылымын ЮНЕСКО-ның білім беру халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкестендіру талаптарына сай жұмыс жасау болып отыр.

Осыған орай, институт бойынша барлық факультет студенттеріне 4 бағытта сауалнама жүргізіліп, қорытындысы шығарылды. Мұғалім тұлғасының мамандыққа бағытталуын бағалауға арналған сауалнамаға - 1526 студент, студенттердің жалпы мәдени деңгейін анықтау сауалнамаға - 867, кәсіби-педагогикалық мәдени деңгейін анықтауға арналған сауалнамаға - 760 және 1 курс студенттерінің ақыл-ой еңбегі мәдени деңгейін зерделеу сауалнамасына 579 студент қатысты. Нәтижесінде студенттердің кәсіби - педагогикалық мәдениеттілігі өлшемдерінен факультеттерде тұрақты түрде үйірмелер ұйымдастыруға тақырыптар таңдалуға мүмкіндік туды.

Институтта биыл үшінші жыл “Институт - мектеп ” ғылыми-әдістемелік орталығы жұмыс жасайды. Мектептердің сұранысы бойынша келісім-шартқа отырып, олардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарына басшылық жасалуда. Мысалы, Темір ауданындағы Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының 17 арнайы курс бағдарламалары бір оқу жылының өзінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан өңделіп, сараптау комиссия­сынан өткізілді. Ақтөбе қаласының №42 орта мектебінде “12 жылдық білім беруге көшу - уақыт талабы” атты педагогикалық оқу, “Бастауыш мектеп жасындағы тұлғаның дамуында тілдің алатын орны” атты қалалық семинар, №30, 34 мектеп мұғалімдерімен 12 жылдық білім беру мәселелері туралы кездесулер өткізілді. Бүгінгі студент - ертеңгі маманның “Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім” тұжырымдамасы талаптарына сай жаңа тұрпатты мұғалім болуға бағдарлау мақсатында “Студенттердің жалпы және кәсіби-педагогикалық мәдени тұлғасы қандай болу керек?” атты институтта айлық, т. б. өтті.

Ең басты мәселе үздіксіз білім жүйесін қалыптастыруда оның сатыларының ара­сындағы байланысты жоғары дәрежеге көтеру болып отыр. Осы үшінші мәселені облыс ұстаздарының биылғы тамыз мәслихатында арнайы ортаға салдық.

Үздіксіз педагогикалық білім жүйесін жетілдіруде мектептегі педагогикалық практикаларды сапалы өткізудің жолдарын қарастыруды төртінші келелі мәселе деп белгілеп, ол да институт пен мектептің құрылымдық интеграциясын жасаумен жалғасын табуы керек деп ойлаймыз. Атап айтқанда, мектептерде педагогикалық кадрлар даярлауға сапалық жағынан ықпал ететін кафедра филиалдарын ашып, фа­культативтер жүргізу сияқты шараларды қолға алған жөн деп отырмыз.

Төртінші саты - магистратура, докторантура. Пединститут түлегі - бакалавр екі жолды таңдай алады: бірі - орта білім беретін мектепке барып қызмет ету, екіншісі - магистратураға түсу. Біздің институт жанында магистратура бөлімі бар. Биыл алғашқы түлектеріміз бітіріп, магистр атақтарын алды. Міне, үздіксіз педагогикалық білім жүйесі құрылымындағы үшінші, төртінші сатыларының осы қысқаша сипатынан педагог кадрлардың білім сапасына қаншалықты талап қойылып отырған­дығын байқау қиын емес. Атап айтқанда, педагогикалық кадр даярлауда білім беру жүйесінің әр саласы әр жаққа қарамай, олардың ғылыми-әдістемелік тұрғыдан байланыста жұмыс жасауларын қамтамасыз ететін аймақтық педагогикалық кадр даярлаудың үздіксіз бағдарламасы керек.

Бесінші саты - педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру. Қазіргі заманғы білік­тіліктің өзіне тән сипаты оның динамизмі болып табылады. Бір жолғы алынған біліктілік кәсіптік білімдер мен машықтардың қайсыбір тұрақты жиынтығы деуге болмайды, ол жаңа технологиялардың дамуына орай үнемі жаңартылып отыруға тиіс. Мұның өзі үздіксіз білім беру тұжырымдамасы арқылы жүзеге асырылады. ЮНЕСКО үздіксіз білім беруді кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы проблемаларын шешудің негізі және болашақтағы білім беру жүйесінің үлгісі деп ресми түрде қабылдады.

Екі жылдан бері облыстық педагогтардың біліктілігін көтеру мен қайта даярлау институтымен қатар, біздің оқу орнының жанында да осындай орталық мұғалімдерге қызмет етуде. Орталықта өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар - жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптас­тыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады. Болашақта оның құзіреттілігіне батыс аймақтық педагогикалық тәсілде кадрлардың біліктілігін көтеру мен қайта даярлау ісі де кіреді деп жоспарлап отырмыз. Үздіксіз білім беру жүйесінің 5 сатысының бұл екі түрінің ішкі - мазмұндық та, сыртқы - құрылымдық та жағынан ұқсастығы мен айырмашылықтары, сонымен қатар, бұл буындардың өздеріне қатысты салалармен әрқилы байланыстары бар. Міне, осы байланыстар қазіргі таңда нақтыланбай отыр. Егер үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің осы сатыларының арасындағы сабақтастықты да реттесек, бұл мәселе де өз шешімін табар еді. Мұны міндеттеп отырған бесінші саты деуге болады. Аталған мәселелердің біртұтас жүйе ауқымында сарапталып, талданып, материалдық және интеллектуалдық әлеуетпен қамтамасыз етілуінің білікті педагог кадрларды даярлау ісін алға бастырарына сөз жоқ.

Бүгінгі күні тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негізінде құру осы саладағы жұмыстардың басты бағыты болып отыр.

Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н. Назарбаев: “Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы”, - деп атап көрсеткен болатын. Осыған сәйкес, оқыту барысында және аудиториядан тыс мәдени-көпшілік шараларын өткізу барысында студенттер бойында осы аса маңызды тұлғалық қасиетті қалыптастыруға тиісті көңіл бөлуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім мамандығының ерекшелігі мен оның даму жолдары
Жаңа тұрпатты мұғалімнің құзырлы іс - әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы
Білім берудің құрылымы
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар арқылы өзінің мамандығына деген жауапкершілікті күшейту
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты тарихшы мұғалім дайындаудың мәселелері
Саяси сана жайлы
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz