Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
КІРІСПЕ
1 Білім беру жүйесінің барлық салаларының тиімділігі
2 Қыш материалы
3 Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясы
4 Қыш материалдарынан жасалатын бұйымдар
5 Болашақ мұғалімдердің қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс . әрекеттерде пайдалану

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Экономика салалары мен жұмыс берушілерді бәсекеге қабілетті дағдылары мен білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» мақсаты көзделіп, кәсіптік білім беру жүйесіне оқытудың ақпараттық, дистанциялық интерактивтік технологияларын енгізу іс-шараларын қолға алу міндеттелген. Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әрбір мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Мұндай нақты міндеттер жоғары оқу орындарында кәсіби маман даярлау үдерісінде бұйымдар жасау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырудың тиімділігін ескерсек, қарастырып отырған мәселенің өзекті екендігі байқалады.
Яғни, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беретін болашақ мұғалімдерді бұйымдар жасау технологиясы негізінде кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі таңда Британ мұражайының меншігіне айналып кеткен «Әмудария қазынасы», Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам», Қарғалы мүрделеріндегі «Алтын диадемалар» әлемде теңдесі жоқ қолөнер туындылары болып табылады. Қазақ халқы күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті бұйымдар жасап, азық-түлік өнімдерін өндірумен қатар, сән-салтанат та құра білген. Оларға қажетті әшекей бұйымдарды сырға, сақина, білезік, ат әбзелдерін соқты. Біз бұдан халық шығармашылығының қай түрін алсақ та, ешқайсысы бір-бірінен алшақ кетпей, тығыз дамығанын көреміз. Ал, қыш өнері сонау б.э.д. І-ғасырдан бері келе жатқандығы бәрімізге белгілі. ҚР орталық мұражайында б.э.д. І-ІІІ ғасырлардағы ыдыстар, тостаған, құмыралар, саптаяқтар, тегенелер тіпті Х-ХІІ ғасырлар мөлшеріндегі қыш құбырлардың қазбалары, еліміздің бұл материалымен біте қайнасып, өндірістің көптеген салаларында пайдаланылғаны айғақ болмақ. Халқымыз қыш бұйымдарынан тостаған, тегене, саптаяқ және т.б. көптеген бұйымдарды отын ретінде пайдаланбақ түгіл, оларды босағаға да қоймаған. Оларды қастерлеп, көшкенде өздерімен бірге ала жүрген. Тастан небір бұйымдар қашалып, сүйектен оюланып, өрнектер салынады; құмнан, гипстен құйылып, арнаулы бұйымдар шығарылады. Балшықтың орнын гипс, цемент т.б. шикі заттар басты. Яғни, бұйымдардың саны мен сапасы да өзгерді. Бірақ атадан балаға мирас болып келген қолөнер халық арасындағы жекеленген шеберлердің қажыр-қайраты мен терең зейінпаздығының арқасында күні бүгінге дейін мұра болып сақталып, бізге жетіп отыр.

1.Ауыл мектептерінде көркем керамика үйірмесін ұйымдастырудың
экспериментті – зерттеу нәтижесінің жалпы қорытындысы // Журнал
НиОЮК Наука образование №1/2008 -36-38 бет
2. Керамика шығармаларын дайындау технологиясы // Қазақ
мемлекеттілігінің хронологиясы, құрылымы және заңдылығы туралы
мәселелер атты Халықаралық ғылыми - теориялық конференция.
Түркістан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2008 -503-507 бет
3.Қыш өңдеу өнерінің өнер танымдық негіздері// Журнал НиОЮК Наука образование №1/2008 -22-25 бет (Қ.Ералин мен авторлық бірлестікте).
4. Қыш өнерінің көркемдік ерекшеліктерін қабылдау негіздері //
Журнал Қазақстан жоғары мектебі №2/2008ж -43-46 бет
5.Көркем керамиканың мазмұны, техникасы және технологиясы// Журнал Қазақстан жоғары мектебі №2/2008 -4-7 бет (Қ.Ералин мен авторлық бірлестікте).
6.Мектепте көркем керамика үйірмесін ұйымдастырудың әдістемесі// Журнал НиОЮК Наука образование №2/2008 -8-11 бет
7. Қыш өңдеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге студенттерді дайындау жүйесі// Журнал НиОЮК Наука образование №1/2008 -14-17 бет (Қ. Ералин мен авторлық бірлестікте).
8. «Көркем керамикада» үйірме сабақтарын ұйымдастыру// «Тұран»
Түркістан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 2006 – 60 - 63бет (Қ.Ералин мен
авторлық бірлестікте)
9. Болашақ көркем керамика мұғалімдерінің дайындығы// «Тұран»
Түркістан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 2008ж -78-81 бет
10.Қыш бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін талдау әдістері//
Қазақ мемлекеттілігінің хронологиясы, құрылымы және заңдылығы
туралы мәселелер атты Халықаралық ғылыми- теориялық конференция.
Түркістан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 2008 -567-569 бет (Т. Матеева мен
авторлық бірлестікте).
11.Қыш өнерінің болашақ мұғалімдерінің педагогикалық дайындығы// Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі Шымкент №1/(66) 2008-12-14 бет (Қ. Ералин мен авторлық бірлестікте)
12. Қыш өнерінің болашақ мұғалімінің педагогикалық дайындығы//
Бүгінгі Қазақстандағы тілдік этнокоммуникация: зерттеудің
иноовациялық технологиялары. Шымкент- Москва, 2008 -175- 178 бет
13.Қыш өнерінің көркемдік ерекшеліктерін қабылдау // Бүгінгі
Қазақстандағы тілдік этнокоммуникация: зерттеудің иноовациялық
технологиялары. Шымкент- Москва, 2008 -179- 181 бет

ӘОЖ _____________ Қолжазба құқығында
ДОСЫБЕКОВ ПЕРНЕТАЙ
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
(Өнер факультетіндегі арнайы пәндер негізінде)
13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2011
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы
Пралиев С.Ж.
педагогика ғылымдарының докторы
Ералин Қ.Е.
Ресми оппоненттері:
Жетекші ұйым:
Диссертация жылдың _____________сағат __ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30, 3-қабат.
Автореферат 20__ жылы ___ __________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Экономика салалары мен жұмыс берушілерді бәсекеге қабілетті дағдылары мен білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мақсаты көзделіп, кәсіптік білім беру жүйесіне оқытудың ақпараттық, дистанциялық интерактивтік технологияларын енгізу іс-шараларын қолға алу міндеттелген. Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әрбір мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Мұндай нақты міндеттер жоғары оқу орындарында кәсіби маман даярлау үдерісінде бұйымдар жасау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырудың тиімділігін ескерсек, қарастырып отырған мәселенің өзекті екендігі байқалады.
Яғни, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беретін болашақ мұғалімдерді бұйымдар жасау технологиясы негізінде кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі таңда Британ мұражайының меншігіне айналып кеткен Әмудария қазынасы, Есік қорғанынан табылған Алтын киімді адам, Қарғалы мүрделеріндегі Алтын диадемалар әлемде теңдесі жоқ қолөнер туындылары болып табылады. Қазақ халқы күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті бұйымдар жасап, азық-түлік өнімдерін өндірумен қатар, сән-салтанат та құра білген. Оларға қажетті әшекей бұйымдарды сырға, сақина, білезік, ат әбзелдерін соқты. Біз бұдан халық шығармашылығының қай түрін алсақ та, ешқайсысы бір-бірінен алшақ кетпей, тығыз дамығанын көреміз. Ал, қыш өнері сонау б.э.д. І-ғасырдан бері келе жатқандығы бәрімізге белгілі. ҚР орталық мұражайында б.э.д. І-ІІІ ғасырлардағы ыдыстар, тостаған, құмыралар, саптаяқтар, тегенелер тіпті Х-ХІІ ғасырлар мөлшеріндегі қыш құбырлардың қазбалары, еліміздің бұл материалымен біте қайнасып, өндірістің көптеген салаларында пайдаланылғаны айғақ болмақ. Халқымыз қыш бұйымдарынан тостаған, тегене, саптаяқ және т.б. көптеген бұйымдарды отын ретінде пайдаланбақ түгіл, оларды босағаға да қоймаған. Оларды қастерлеп, көшкенде өздерімен бірге ала жүрген. Тастан небір бұйымдар қашалып, сүйектен оюланып, өрнектер салынады; құмнан, гипстен құйылып, арнаулы бұйымдар шығарылады. Балшықтың орнын гипс, цемент т.б. шикі заттар басты. Яғни, бұйымдардың саны мен сапасы да өзгерді. Бірақ атадан балаға мирас болып келген қолөнер халық арасындағы жекеленген шеберлердің қажыр-қайраты мен терең зейінпаздығының арқасында күні бүгінге дейін мұра болып сақталып, бізге жетіп отыр.
Жалпы қазақ халқының қолөнері Еуропа зерттеушілерінің назарына ертеден іліккен. Орта Азия халықтарының этнографиясы, тарихы, өнері бойынша жазылған Н.И.Городсков, А.И.Августиник, В.А.Визир, А.Бобринский, Б.Х.Мальбахов, А.Фелькерзам, т.б. зерттеулерінде қазақ өрнектері мен қолөнері жайлы біршама пікірлер айтылған.
Кеңес дәуірі кезінде бірқатар тарихшы, этнограф, археолог, филолог, өнертанушы ғалымдардың С.М.Дудин, Б.В.Веймарн, В.Г.Мошкова, т.б. еңбектерінде қазақ қолөнерінің кейбір нұсқалары көрсетіліп, жасалу техникасы өз алдына қарастырылған. Көнекөз қазақтың ұлттық қолөнерін әл-Фараби, Дәруіш Әли, Қорқыт ата, Ықылас және т.б. негізін қалап кетсе, кейінгі замандағы қолөнерді халыққа танытудағы ғалымдардан Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Б.Сарыбаев, А.Жұбанов, Ә.Тәжімұратов, т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар арасындағы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: Ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, тұлғасының дамуымен ұштасып, нәтижесінде болашақ мұғалімнің біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады. Болашақ мұғалімдерге арнаулы пәндер негізінде қыш материалдарынан бұйымдар жасату арқылы кәсіби біліктілігі білім, іскерлік, дағды үштігінің бірлігін қалыптастырудан бастау алады. Сол себепті, біз, болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлауды зерттеуіміздің аймағы ретінде алып отырмыз.
Жалпы, мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелері Ю.К.Бабанский, Н.П.Сакулина, Г.Г.Лебедева, В.А.Кудин, В.П.Беспалько, Б.М.Теплов, Н.Д.Хмель, А.П.Сейтешев, Б.Әбдікәрімұлы, К.Ә.Дүйсенбаев, А.Н.Андреюшин, Ш.Т.Таубаева, Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Джанабаев, В.В.Егоров; қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылымдар тұрғысынан мамандардың кәсіби білімін жетілдіру Г.Ш.Ахметова, С.А.Ұзақбаева, Қ.Ералин, Ұ.М.Әбдіғапарова, К.Ибраева, Е.С.Асылханов, Ә.Табылдиев, Қ.Б.Бержанов, К.К.Құнантаева, Р.Төлеубекова, У.Ибрагимов, М.Оршыбеков, О.А.Сегизбаев, А.Д.Қайдарова, С.З.Коканбаев; мұғалімнің кәсіби-маңызды қасиеттерін, сондай-ақ педагогтық шеберлігін қалыптастыру Ю.П.Азаров, Л.В.Бабич, В.И.Загвязинский, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде ғылыми тұрғыда негізделіп, әртүрлі аспектіде қарастырылған.
Халқымыздың қолөнері арқылы студенттер мен мектеп оқушыларын оқыту, тәрбиелеу мәселесіне еңбектер арналғанымен, (атап айтсақ, Б.А.Әлмұханметов, М.Орынбеков, Қ.Мұқанов, К.Ш.Нұрланова, С.Толыбеков, С.Төленбаев, М.Өмірбекова, Б.Байжігітов, М.Ысқақов, А.Болтаев, т.б.) олар халық қолөнерін үйрету және сол арқылы өмірге даярлау мәселелерін шешуді зерттеу нысаны етіп алған.
Жалпы білім беретін мектептерде қолөнер мен бейнелеу, мәдениет негіздері арқылы оқыту мәселелері О.Сатқанов, Т.Мусалимов, Қ.Болатбаев, Б.Өтемұратова, Н.Исабек, Н.М.Адамқұлов және т.б. көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде зерделенген.
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау әлеуметтік сұраныс талаптарына сай көкейкесті мәселе екендігін көрсетеді. Сондықтан да жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет ету қажеттілігін қалыптастыруда жоғары оқу орындарында болашақ бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдерін даярлау үдерісінің көкейкесті мәселесі - олардың кәсіби іс-әрекетке қызығушылығын, біліктілігі мен іскерлігін дамыту.
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында қыш материалдары үлгісінде бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау теориялық және практикалық тұрғыдан оқыту үдерісінде әлі де болса нақты зерттеле қойған жоқ. Оның ең басты себебі, жоғары оқу орындарындағы мамандандыру пәні оқытушыларының және қазақ мектептеріндегі бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерінің қыш материалдарынан бұйымдар жасатудағы кәсіби біліктілігінің жеткіліксіз болуынан туындап отыр. Ал, тікелей қыш материалдарынан бұйымдарды жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге жасатудың озық технологиясын үйретудің ғылыми теориясы мен әдістемесі педагогикалық тұрғыда зерттелмеген, тек оқулықтардың нұсқаулары ретінде ғана біраз жоғарыда аталған еңбектер ғана жарыққа шықты. Сонымен, педагогика ғылымы саласында жарық көрген жұмыстарға жасалған талдау, болашақ бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жеткіліксіз қаралғандығын дәлелдейді.
Демек, қыш материалдарынан бұйымдар жасату технологиясын қазіргі заман ғылымы негізінде, студенттердің іс-әрекетін қалыптастыру жүйесінде пайдалану мен педагогика ғылымында бұл мәселенің қажетті деңгейде зерттелмеуі арасындағы; қыш материалдарынан бұйымдар жасату технологиясын тиімді пайдалана алатын кәсіби мамандардың жеткіліксіздігі мен бұл салада болашақ мұғалімдер даярлау деңгейінің төмендігі арасындағы; жоғары оқу орындарында бұл проблеманы ендіруге байланысты педагогика ғылымының теориялық негізі мен олардың шешімін табуға мүмкүндік туғызатын әдістемелік нұсқаулардың аздығы арасындағы шешілуге тиіс мәселелерді топтау арасында қарама-қайшылықтары бар екендігін байқатты.
Бұл қайшылықтардың шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды анықтап, диссертациямыздың тақырыбын "Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау (Өнер факультетіндегі арнайы пәндер негізінде)" деп алуымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
жүйесін жасау және аталған жүйені тиімді жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау.
Зерттеу пәні: болашақ бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдерін қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау білім беру үдерісінің маңызды бағытының бірі болса, болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделі жасалып, педагогикалық шарттар арқылы тиімді жүзеге асырылса, қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын пайдалануға байланысты әдістеме ұсынылса, онда болашақ мұғалімдердің қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын пайдалануда белсенділігі артады, ал бұл болса, кәсіби біліктіліктері жоғары, өздігімен дербес шешім қабылдай алатын тұлғаның қалыптасуын қамтамасыздандырады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық негіздерін анықтау.
2. Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жасау.
3. Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделін жасау және оның педагогикалық шарттарын айқындау.
4. Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың мазмұнын айқындау, әдістемесін жасау.
Жетекші идея: Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын нақты айқындалған жүйе бойынша меңгерту оларға меңгерген білім, іскерлік дағдысын кәсіби іс-әрекеттерде тиімді пайдалануда септігін тигізеді.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдар және т.б.); педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері біліктілік, кәсіби біліктілік жайлы философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, диалектикалық таным теориясы, үздіксіз білім беру және кәсіби педагогикалық білім теориялары, дамыта оқыту, тұлғалық-бағдарлы оқыту, іс-әрекеттік жүйелері, педагогикалық шығармашылық жайындағы еңбектер, педагогикалық және психологиялық тұжырымдамалары саналады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау; компьютерлік диагностика, модельдеу, бақылау, анкеттік сауалнама, эксперттік бағалау, тест, эксперимент нәтижелерін талдау және статистикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
І кезеңде (2005-2006 жылдар) зерттеу проблемасының бүгінгі жағдайы зерделенді, тақырып бойынша материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді, эксперимент бағдарламасы даярланды, анықтау және қалыптастыру эксперименті жүзеге асты, ғылыми мақалалар басылым көрді.
ІІ кезеңде (2007-2009 жылдар) қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, студенттердің білім деңгейлерін анықтау мақсатында кесінділер алынды, элективтік курс практикаға ендірілді.
ІІІ кезеңде (2009-2010 жылдар) бақылау эксперименті жүргізілді, олардың нәтижелері өңделіп, қорытындыланды, тұжырымдар мен ұсыныстар даярланды, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді, нәтижелері өңделіп диссертация талап бойынша рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық негіздерін анықталды;
- болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесі жасалды;
- болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделі жасалды және оның педагогикалық шарттары айқындалды;
- болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың мазмұны анықталып, әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы сол, жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне:
oo болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың мазмұны диагностикалық деңгейінің әдістемесі;
oo "Қыш өнері " эллективтік курс бағдарламасы және әдістемелік нұсқаулар ендірілді.
oo Зерттеу нәтижелерін арнаулы және жоғары оқу орындарының көркемсурет және графика, бейнелеу және қолданбалы қолөнер, сондай-ақ, мұғалімдер біліктілігін жетілдіретін салаларда кеңінен пайдалануға болады.
oo Зерттеу базасы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
oo Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми-теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының және ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының педагогикалық мақсат пен міндетке сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытындылаумен, олардың тәрбиелік жүйесі мен тиімділігі еңбекке баулу кафедраларында, бейнелеу және қолданбалы өнер факультеттерінде, мектептерде тексерілуімен қамтамасыз етілді.
oo Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларда (Алматы 2008, Қызылорда 2009, Түркістан 2006, 2007, 2008, 2009, 2010), Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен профессорларының ғылыми семинарларында (2006, 2007, 2008, 2009, 2010) баяндалып, талқыланды. Республикалық басылымдарда жарияланды.
oo Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
oo 1. Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесі өзара байланыстағы үш компоненттерді қарастырады: мазмұндық, іс-әрекеттік, технологиялық. Мазмұндық - технологиялық білімдер жүйесін ұсынады, іс-әрекеттік - кәсіби іс-әрекетте қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын пайдалану іскерлігінің және іс-әрекет түрлерінің жүйесімен айқындалады, технологиялық - болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын пайдалану барысындағы кәсіби іс-әрекеттерге пайдалану формаларының, әдістері мен құралдарының жүйесін ұсынады. Жүйе болашақ мұғалімдердің қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыруға бағыттады.
oo 2. Болашақ мұғалімдердің қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделі осы даярлықтың мақсатын, міндеттерін, әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдарын, компоненттері мен қорытынды нәтижесін қарастырды.
oo 3. Педагогикалық шарттар жиынтығы (болашақ мұғалімдердің тұлғалық субъективтік көзқарасын кәсіби іс-әрекеттерде оның қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын пайдалануға даярлығын қалыптастыру үдерісінде өзектендіру; болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерде қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын пайдалануға даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі басқаруды және өзін-өзі басқаруды жылдамдату;
кәсіби іс-әрекеттерде қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын пайдалану теориясы мен практикасындағы оқу материалын құрылымдауды модульдік технологиялау) болашақ мұғалімдердің қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыруға септігін тигізді.
4. Болашақ мұғалімдердін қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесінің тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелерімен дәлелденді.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық негіздері деп аталатын бірінші бөлімде болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың мәні, болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау психология-педагогикалық проблема ретінде баяндалды, болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың педагогикалық шарттары анықталды.
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың әдістемесі атты екінші бөлімде болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың мазмұны, болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың әдіс-тәсілдері, жоғары оқу орындарында білім беру технологияларын пайдаланудың тиімді жолдары айқындалып, оларды іске асыру әдістемесі көрсетілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мазмұны баяндалып, оның нәтижелеріне талдау жасалды, элективті курс бағдарламасының мазмұны беріліп, іс-тәжірибесінің нәтижелері көрініс тапты.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілді.
Қосымшаларда арнайы курстың бағдарламалары, тақырыпқа байланысты терминологиялық сөздерге түсініктеме, эксперимент материалдары мен диагностикалық материалдар келтірілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Білім беру жүйесінің барлық салаларының тиімділігі кадрлардың қызметіне байланысты. Өркениеттің алға басуы барлық уақытта жас ұрпақты адамзаттың бұрынғы ұрпақтары қалдырған құңдылықтарымен тәрбиелеу болып табылатын білім беру жағдайына тәуелді . Мұнда мәдениет пен білімді беруші қызметін мұғалім атқарды. Оның жеке тұлғасы көрнекті педагогтер зерттеулерінің басты обьектісі және одан кейінгі зерттеулердің де негізгі пәні болды. Республикамызда білім беру саласына еліміздің егемендік алғаннан соң ерекше мән берілді. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы мен орта білім мемлекеттік стандартында жеке тұлғаның шығармашылық, танымдық қабілетін дамытумен қатар біліктілігі жоғары білімді мамандарды бәсекеге қабылетті деңгейде даярлау көзделген.
Н.Н. Ростовцев, В.С Кузин, К.Е. Ералин, Б.А.Әлмұханбетов, Т.Қ.Мусалимов, С.А. Аманжолов еңбектері негізінде бейнелеу өнері мұғалімінің сәйкес қызметке кәсіби дайындалғандығы ретіндегі алдын-ала уақытынан бұрын, белгілі дәрежедегі даярлықты түсіндіріледі. Маманның бұл дайындығы: кәсіби дайындықтың іскерліктерін, дағдыларын, кәсіби маңызды қасиеттерін, жеке тұлғаның құндылықтарын, оның қарым-қатынастарын, қалауларын және т.с.с., жалпы айтқанда жеке тұлғаның кәсіби қызметке қажетті дайындық дәрежесінің белгілі деңгейі танылады
Қыш материалы құрамы саз, құм және судан тұратын саз балшықты күйдіру арқылы дайындалатын материал.Құрамы әр түрлі болып келетін саз табиғатта дайын күйінде кездеседі.Сазды қышқа айналдыру белгілі дәрежедегі дайындық іс әрекетінің негізінде жүзеге асырылады...
Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясы: сазды илеу, жасалатын зат формасын жобалау, зат формасын жасау, жасалған затты күйдіру, зат формасын бояу, заттың бетіне өрнектер салу кезеңдеріне бөлінетін іс әрекеттердің нәтижесі болып табылады
Қыш материалдарынан жасалатын бұйымдар: кіші көлемді және үлкен көлемді болып бөлінеді.Олар ыдыстар, тұрмыстық бұйымдар, шығармашылық жұмыстар, сувенирлер түрлеріне жіктеледі. Қыш материалдарынан бұйымдар жасаудың кәсіби іс - әрекеттерін оқыту мазмұны қыш материалдарынан тұрмыстық бұйымдар жасау технологиясын үйретуге бағытталған педагогикалық қызметтің бірлігімен анықталады
Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындау процесіне қажетті кәсіби білімдер, іскерліктер мен бағдыларды меңгеру негізінде жүзеге асырылады.
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындаудың педагогикалық білімдері қатарына мыналар жатады:
Гностикалық білімдер: қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттері: жаңа бұйымдар жасау технологиясын анықтау; жасау кезеңдерін анықтау; зерттеу, талдау; өз қызметін сыни бағалау, дер кезінде шығармашылық қателерді болдырмау және оны жөндеу бағыттарын қамтиды.
Жобалау білімдері алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қыш материалдарынан бұйымдар жасаудың кәсіби іс - әрекеттерін жоспарлау; шығармашылық қызметінің ең тиімді әдістері мен түрлерін болжамдау; сазды илеу, жасалатын зат формасын жобалау, зат формасын жасау, жасалған затты күйдіру, зат формасын бояу, заттың бетіне өрнектер салу бағыттарымен сипатталады:
Ұйымдастырушылық білімдері: қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясы кәсіби іс - әрекеттерін жоспарлау; ұйымдастыру осы қызметті басқарумен сипатталады
Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдаланудың педагогикалық білімдері; керамиканы оқыту бойынша оқушылар қызығушылықтарын ескеріп үйірме дәрістерін ұйымдастыру; оқушылар қызметіне қажетті шығармашылық материалдарды дайындау, ұйымдастыру; белгіленген жоспарларды түзету және бағалауды іске асыру; оқушыларды әр алуан шығармашылық қызметке қамтудың көп түрлі формаларын пайдалану бағыттарын қамтиды.
Болашақ мұғалімінің қыш өнерінен педагогикалық білімі: өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіру; қыш өнері шығармаларын өзі жасай білу, қыш формаларын жасау; форманы күйдіру технологиясын меңгеру; қыш өнері шығармаларын бояу мен безендіру; қыш бұйымдарының формаларын ойлап табу; қыш өнері шығармаларын оқыту мазмұнына сай талдау мен бағалау, қыш өнерін оқыту шеңберінде меңгеруі тиіс арнайы тәсілдер білімдер шеңберін қамтиды.
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындау мазмұны - оқу мазмұны, студенттерге кәсіптік дағдыларды қалыптастыруға арналған, кәсіптік қызметтің алғашқы тәжірибесінің жинақталуы ретінде қарастырылады. Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындау дегеніміз дайындық мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, әдістері мен құралдарын таңдау мен жобалауды айтамыз.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау негізінде болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлау мазмұны туралы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
1.Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлау әдістемесінің құрылымы болашақ педагогтың, сынып жетекшісінің ағартушылық, тәрбиелік қызметінің ерекше бір саласы болып табылатын қыш өнерін меңгерту педагогикалық білімдерін, педагогикалық іскерліктер мен дағдылардын моделдейді.
2. Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға болашақ мұғалімдер дайындығын ұйымдастырудың құрылымындағы педагогтің білімі - қыш өнері арқылы оқушыларға көркемдік білімі мен эстетикалық тәрбиесін ұйымдастырудың қазіргі жағдайына диагностика жасау, керамиканы үйірме жұмысында оқытуды ұйымдастыру, оқыту нәтижелерін талдау іс әрекеттерімен айқындалады.
3.Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби педагогикалық іс - әрекеттерде пайдалануға дайындау құрылымындағы педагогтың іс-әрекеттері: оқушыларға керамика қыш өнері өнері шығармашылығын оқыту мазмұнын анықтау; оқушыларға керамика өнері шығармашылығын оқыту әдістері мен формаларын айқындау; оқу үдерісіне басшылық көрсету мен оларды талдау іс әрекетін меңгеру сипатымен анықталады және оның құрылымына сай нәтиже береді.
4. Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға болашақ мұғалімдерді дайындау мазмұны болашақ мұғалімдерді қыш өнерін меңгеруді жоспарлау, керамика өнері шығармашылығына басшылық жасау іс әрекеттерін жоспарлауға үйрету қызметтер жүйесін қамтиды.
5.Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындау формалары жоғары оқу орынында лекциялық, практикалық сабақтар өткізу, студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарды орындауына басшылық жасау, педагогикалық практика кезіндегі болашақ мұғалімдердің мектепте (қыш өнерін меңгерулен дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар, сабақтан тыс тәрбие сағаты, байқаулар, кештер өткізу, ата-аналармен жұмыс, семинар, пікір сайыстар, форумдар, көрмелер т.б.оқу тәрбиелік іс әрекеттер) шараларды ұйымдастыру болып табылады.
6.Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындау ісін ұйымдастырудың нәтижелері: қыш өнерін меңгеруге деген оң көзқарасының болуы; қыш өнерінің білімдік тәрбиелік ықпалы туралы түсініктерінің болуы; жеткілікті дәрежедегі педагогикалық (баланы ынталандыру, материалдық жәрдем көрсету, мадақтау, т.б.) білімі мен іс әрекеттерінің болуымен анықталады.
7.Болашақ мұғалімдердің қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындық нәтижесі олардың қыш өнерінен өнертанымдық және технологиялық білімдер, қыш өнерін меңгертуді диагностикалау, жоспарлау, ұйымдастыру және талдаудың әдістемелік білімдері және педагогикалық іскерліктерінің дағдыларының жеткілікті деңгейінің болуымен сипатталады.
Болашақ мұғалімдердің қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындаудың педагогикалық шарттары оқытудың мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Мазмұндық қамтамасыз ету: Қыш өнері шығармашылығы пәндерінің бағдарламасын жасау және сол бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтар өткізу; Қыш өнері шығармашылығы атты элективті курс бағдарламасын жасау және оның сабақтарын өткізуді Педагогикалық іс тәжірибе бағдарламаларына Қыш өнері үйірмесі қосымша бағдарлама енгізу арқылы студенттердің мектептегі бейнелеу өнер пәнінен сабақтар мен сабақтан тыс қыш өнерінен іс шаралар ұйымдастыру арқылы даярлықты қамтамасыз ету карастырылады. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша: қыш өнері технологиясы мен әдістемесі бойынша дипломдық, курстық жұмыс, өнер мұражайларына экскурсиялар ұйымдастыру, тренинг, тест тапсырмаларын орындау, баяндама, нұсқау, кеңес беру, сауалнама дайындау, өнер туралы кеш, пікір алысу, конференция, семинар, дебат, көрме жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету танылады. Әдістемелік қамтамасыз ету бойынша: керамиканың технологиялық іс әрекеттерін негіздерін оқып үйренуге бағытталған оқу бағдарламалары, оқулықтар, көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың қамтамасыз етілуі көзделеді. Материалдық қамтамасыз ету: оқу үдерісі кітапхана қорымен, интерактивті тақта, видео, компьютерлік кластармен, оқу материалдарымен жабдықталуының қамтамасыз етілуі жоспарланады.
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға педагогикалық дайындық жүйесі- жалпы педагогикалық дайындықтың міндеттері бойынша біріктірілген, бір тұтас байланыстағы жиынтық. Жүйе басқа жалпы жүйеге (гипержүйеге) оның элементі болып енуі мүмкін. Болашақ мұғалімдерді қыш өнерін менгертуге педагогикалық дайындық: мектеп оқушыларына қыш өнерін оқыту жүйесі және болашақ мұғалімдерге оны меңгерту жүйесін біріктіреді.
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясы кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындықтың құрылымы -- жүйенің ішкі құрылысы; элементтер мен олардың арасындағы байланыстарды ашудың негізгі заңдылықтарымен байланысты. Қыш өнерін меңгеру жүйесі -қыш материалдарының түрлері, формасы, технологиясы, тарихы, құралдары, шеберлері, түрі, түсі, қыш күйдіру, кептіру, бояу технологиясына байланысты өнертанымдық білімдерді студенттерге меңгерту мен қыш өнерін өз бетінше жасауға қажетті практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
Қыш өнерін меңгерту білімдерін жүйелеу керамика тарихы, керамика технологиясы, қыш бұйымдары формаларын жасау білімдерін меңгерту және оны жасаудың іскерліктері мен дағдыларын үйретудің педагогикалық іс әрекеттеріне жіктеледі. Ал қыш өнерін меңгертуге болашақ мұғалімдерді дайындау білімдері қыш өнерін оқыту мазмұнын, әдістерін, формаларын таңдау, оқыту мазмұнын жоспарлау, ұйымдастыру, оқыту нәтижелерін талдау білімдерін іскерліктерін болашақ мұғалімдерге игерту болып табылады.
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға педагогикалық білімдерін жүйелеу дәрежелері - педагогикалық жүйе элементтерінің жалпылығымен сипатталатын білімдерді белгілі бір әдістемелік жүйеге біріктіретін сатысы. Қыш өнерін оқыту білімдері, бұл дәреже
эмпирикалық, теориялық, методологиялық болуы мүмкін. Әрбір келесі
және оны жасаудың іскерліктері мен дағдыларын үйретудің педагогикалық іс әрекеттеріне жіктеледі. Ал қыш өнерін меңгертуге болашақ мұғалімдерді дайындау білімдері қыш өнерін оқыту мазмұнын, әдістерін, формаларын таңдау, оқыту мазмұнын жоспарлау, ұйымдастыру, оқыту нәтижелерін талдау білімдерін іскерліктерін болашақ мұғалімдерге игерту болып табылады.

дайындық
Қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлау міндеттері
Мақсаты: бүгінгі қоғам талабына сай қыш өнерін оқытуға кұзырлы кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру
Қыш технологиясы іс-әрекеттерін меңгертудің педагогикалық іскерліктеріі
Қыш технологиясы іс-әрекеттерін оқытудың педагогикалық білімдерін меңгертудің
Қыш технологиясы іс - әрекеттер дағдасын меңгерту
Технологиялық іс әрекет білімін беру
Қыш өнеріне болашақ мұғалімдер даярлау мазмұны
Алған білімді шығармашылықпен дамыту, ақпараттық құралдарды пайдалану
Қыш өнерін оқытудың педагогикалық білімдері, іскерліктері, дағдылары
Қыш өнері білімі
Болашақ мұғалімдерді қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлаудың педагогикалық технологиясы
Даярлықты бағалау
Даярлықты талдау
Даярлықты ұйымдастыру
Даярлық жоспары
Даярлық жобасы
Даярлық диагностикасы
Болашақ мұғалімдерді қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру компоненттері
Іс-әрекеттік
Мазмұндық
Мотивациялық
Болашақ мұғалімдерді қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлығының қалыптасу өлшемдері
Қыш жасау шығармашылығының
кәсіби іс - әрекеттері
Қыш жасау
кәсіби іс - әрекеттерінің практикалық іскерлігі дағдысы
Қыш жасау
кәсіби іс - әрекеттерінің іргелі теориялық білімі
Қыш жасау
кәсіби іс - әрекеттеріне ынтасы,қызығушылығы
Болашақ мұғалімдерді қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлығының қалыптасу көрсеткіштері
Қыш жасау технологиясынан кәсіби өз іс-әрекетінің нәтижесін салыстыру, бағыттау, бағалау қабілетінің болуы
Қыш жасау технологиясы шығармашылық қызметте пайдалау қабілетінің болуы
Қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерінің негізгі тәсілдерінен білімінің болуы
Қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдаланудан өзін-өзі жетілдіруге талпынысы болуы
Болашақ мұғалімдердің қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру деңгейлері
Төмен
Орта
Жоғары
Сурет 2- Болашақ мұғалімдердің қыш жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық моделі
дәрежеде (болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемелік білімдері) алдыңғыларының жалпыламасы болады. Дәрежелерді жіктемелеу қойылған мәселенің шарты және ол әр түрлі белгілері (қасиеттер) бойынша орындалуы мүмкін. Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерде пайдалануға дайындықтың элементі (компонент)- қандай да бір күрделі құрылымның бөлігі, ол негізгі белгілер (қасиеттер) бойынша ажыратылып тұрады және салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз қарастырылады. Олардың қатарынан мотивациялық, мазмұндық, іс әрекеттік компоненттер танылады.(1-сурет)
Компоненттері
Өлшемдері
Көрсеткіштері
Мотивациялық
Қыш материал арынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттеріне кәсіби
бейімділігін
қәжетсіну
- қыш материалдарынан бұйымдар жасау іс - әрекеттеріне оң қатынасының болуы;
бұйымдар жасау технологиясының кәсіби іс - әрекеттерін меңгеруге қызығуының болуы; қыш өнерін шығармашылығына қызығушылығының болуы; кәсіби қызметте үнемі өзін -өзі жетілдіру қажеттілігінің болуы,; керамиканы жасау білімдерін,тәсілдері мен дағдылардын алуға талпынысының болуы;
Мазмұндық
Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс - әрекеттерібілімдер
жүйелілігі
қыш материалдарынан бұйымдар жасау теориясын білуі; қыш материалдарынан бұйымдар жасау кәсіби іс - әрекеттерін білуі;
қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын білуі; кәсіби іс - әрекеттерін меңгеру әдістерін білуі; кәсіби іс - әрекеттерін кезеңге бөліп орындау тәсілдерін білуі; шығармашылық жұмысты ұйымдастырудың мәні мен ерекшеліктерін білуі;
Іс-
әрекет-
тік
Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясы іскерліктері
мен
дағдылардың
тәжірибеде
іске асуы.
Қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясы әрекеттерін меңгеруі; қыш материалдарынан бұйымдар жасау іс - әрекеттерін талдау іскерлігінің болуы; қыш материалдармен жұмысты жоспарлау іскерліктерінің болуы; қыш материалдарын өңдеудің іс әрекеттерін меңгеруі; қыш материалдарынан бұйымдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz