Коммерциялық түрдегі банктердің несиелік портфелін басқару



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Несиелік портфельдің экономикалық мәні, мазмұны және оны басқарудағы несиелік саясаттың ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Несиелік тәуекелдің дәрежесіне қарай банктің несиелік портфелінің жіктемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Қазіргі кезеңдегі коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару тәжірибесі мен даму тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару тәжірибесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Коммерциялық банктердің несиелік портфель табыстылығына несиелік тәуекелдің әсерін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 «АТФБанк» АҚ.ның несиелік портфелінің сапасы мен құрылымын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың проблемалары мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ..
3.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфельді басқарудағы өзекті мәселелерді шешуде өтімділіктің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Банктің несиелік портфелін басқарудағы мониторингті жүргізудің тиімділігі мен негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. 3 Банктің несиелік тәуекелдерді төмендету арқылы несиелік портфельді оңтайлы басқарудың жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір елдің тұрақты даму дәрежесі оның экономикалық жағдайымен анықталады. Осы экономикалық жағдайды қалыптастыратын негізгі ұйымдық институционалдық құрылымдардың бірі – банк жүйесі болып табылады. Осы жүйедегі бүгінгі таңдағы өзекті мәселе – несиелік портфельді басқару болып отыр. Себебі несиелік портфельдің сапасының төмендігі банктерді көптеген шығындарға ұшыратады, тәуекелдерді көбейтеді. Банктерде несиелік портфельді басқаруды дұрыс жүргізе отырып, мүмкін болатын жоғалтуларды алдын алуға болады. Несиелік портфелді басқару – банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік портфельді басқару несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ несиелік портфель банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Банк қызметкерлері бүгінгі таңда қарыз алушыларға несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешіп, несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай отырып, банк үшін маңызы бар мәселелерді тиімді жолмен шешуде. Несиелік портфельдің нақты жағдайына банктің қабылдаған портфельді басқару жүйесі әсер етеді.
Несиелік портфельді басқару несиелік тәуекелдің алдын алу немесе азайтуға бағытталған несиелеу процесін жүзеге асырудағы банк қызметін ұйымдастыру болып табылады. Несиелік портфельді басқарудағы несиелік ұйымның түпкілікті мақсаты болып – біріншіден, активті операциялардан пайда табу, екіншіден, банктің тұрақты және қауіпсіз қызметін ұстау табылады. Несиелік портфельді басқарудағы ұйымдық құрылымның негізінде құзыретті кеңейту принципі жатыр, яғни несиелерді ұсыну, несие мөлшеріне байланысты несиелік мәмлелердің шарттарын өзгерту, тәуекел дәрежесі мен басқа да сипаттамалары бойынша түрлі дәрежедегі жетекшілер өкілеттіліктерін нақты бөлу.
Коммерциялық банктердегі несиелік портфельді басқару шараларының жүйесінде несиелік саясатты әзірлеу мен жүргізу маңызды рөл атқарады. Несиелік саясаттың тиімді жүргізуінің көрсеткіші болып оның қаржылық нәтижелері қарастырылады. Олар банк пайдасы немесе шығындар қорытындысында көрінеді. Банктің табысының өсуі, оның қаржылық тұрақтылығын білдіреді және меншікті капиталының өсуіне ықпалын тигізеді. Банктің несиелік саясаты несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтай отырып, оларды өз кезегінде несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде қарастырады. Несиелік саясаттың элементтеріне несиелік қызметті ұйымдастыру, несиелік портфельді басқару, несиелеуге бақылау жасау, несиелеуді талдаудың жалпы критерийлерін анықтау мен несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасауды жатқызуға болады. Банктегі несиелік саясаттың стратегиясы мен тактикасы орталық кеңседе Несиелік Департамент пен банктің Несиелік Комитетімен әзірленеді. Несиелік Комитет әдетте әрбір банкте құрылады және банктің несиелік қызметіне жетекшілік жүргізетін Басқарма Төрағасының орынбасарымен басқарылады. Несиелік саясатта жалпы мақсат қалыптасып, оған жету жолдары анықталады: несиелік салымдардың басымды бағыттары, банк үшін қолайлы және қолайсыз активті операциялар, артықшылықты несие алушылар ортасы және тағы басқа. Несиелік портфельді оңтайлы басқару ЕДБ-дегі берілген несиелер көлемі мен сапасын жоғарлатып қоймай, осы банктің имиджін жақсартып, тұрақты клиенттер тобын құрап, банктің басқа да ұсынылатын өнімдердің жоғары сұранысын қалыптастырады.
1. под общ.ред. Г.С. Сейткасимова «Банковское дело» - Астана: КазУЭиМТ:ИПЦ, 2007 – 183 стр
2. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 225 бет.
3. Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. «Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент». Оқулық – Алматы: Экономика, 2007 – 87 бет
4. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 225 бет
5. Соколинская Н.Э. «Учет кредитных рисков и анализ кредитного портфеля». Налогообложение, учет и отчетность коммеческого банка №6: 2000 – 73 стр
6. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп». Оқулық. – Алматы: Экономика, 2004 – 321 бет
7. Хамитов Н.Н. «Современное кредитное дело». Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2008 – 170 бет.
8. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп». Оқулық. – Алматы: Экономика, 2004 – 323 бет.
9. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 150 бет.
10. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 151 бет.
11. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 152 бет.

12. Сейткасимов Г.С. «Банковское дело». Учебное пособие. – Астана: КазУЭФиМТ, 2007 – 603 стр.
13. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқулық. – Алматы: Экономика, 2008 – 67 бет.
14. «Банки Казахстана» №1 журналының мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.
15. ҚР-ның Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені, 03.2010 ж., 174 бет.
16. ҚР-ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған, 2010 ж., 14 бет.
17. «Эксперт Казахстан» журналының мәліметтері негізінде құрастырылған – №19 (213) – 2009 ж.
18. «АТФБанк» АҚ-ның 2009 жылғы жылдық есебі, www.atfbank.kz

19. «АТФБанк» АҚ-ның 2009 жылғы жарты жылдық қаржылық есебі. 30 бет.
20. ЕДБ-дің несиелік портфелін талдау, www.expert.kz

21. Абжанова Д.Ш. Схема и оценка эффективного кредитования малого бизнеса. // Қаржы-Қаражат: 2006 – № 3
22. Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007 – 129 бет
23. Хамитов Н.Н. Қазіргі кезеңдегі кредитік іс: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2009 – 123 бет.
24. Банковское дело: Учебник / Под ред.О.И.Лаврушина. – Москва «Финансы и статистика», 2004 – 87 стр.
25. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 255 бет.
26. Шаяхметова К.О, Тлеубай Н. Несиелік бақылау (мониторинг) // ҚазЭУ хабаршысы, №2 (48) 2005 – 60 бет.
27. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 257 бет.
28. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Алматы экономика және статистика институты – 2001 – 131 бет.
29. «Управление банковским кредитным риском» С.Н.Кабушкин. Москва 2005 – 171 стр.
30. Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007 – 321 бет.
31. «АТФБанк» АҚ-ның 2008 жылғы есебі: 2008 ж - 92 бет www.atfbank.kz
32. «АТФБанк» АҚ-ның 2009 жыл 1 тоқсан есебі: 2009 ж - 14 бет www.atfbank.kz
33. «АТФБанк» АҚ-ның 2009 жыл 2 тоқсан есебі, 2009 ж - 14 бет www.atfbank.kz
34. «АТФБанк» АҚ-ның 2009 жыл 3 тоқсан есебі, 2009 ж - 14 бет www.atfbank.kz
35. Долан Э.Дж., Кэмпбелл К.Д., Кэмпбелл Р.Дж. «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» - Санкт-Петербург: 1993 – 88 стр.
36. Цисарь И.Ф., Чистов В.П., Лукъянов А.И. «Оптимизация финансовых портфелей банков, страховых компаний, пенсионных фондов» - Москва: 1998 – 16 стр.
37. Синки Дж.Ф. «Управление финансами в коммерческих банках» - Москва: 1994 – 10 стр.
38. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. - Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 461 б.
39. О.И.Лаврушина. «Управление деятельностью коммерческого банка» под.ред. - Москва: 2005 – 447 стр.
40. С.Н.Кабушкин. «Управление банковским кредитным риском». - Москва: 2005 – 184 стр.
41. Г.Г.Коробовой. Банковское дело: Учебник/Под ред. - Москва: 2005 – 696 стр.
42. Панова Г.С. «Кредитная политика коммерческого банка» - Москва: 1997 – 139 стр.
43. Пашков А.И. «Оценка качества кредитного портфеля» - Бухгалтерия и банки: 1996 – №3 – 29 стр.
44. И.Д.Мамоновой. под ред. «Банковский надзор и аудит» - Москва: 1995 – 50 стр.
45. О.И.Лаврушина. под ред. «Основы банковского менеджмента» - Москва: 1997 – 74 стр
46. Ермаков С.Л. «Работа коммерческого банка по кредитованию заемщиков» - 1995 – 73 стр
47. Мақыш С.Б. «Банк ісі». Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007 – 460 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Коммерциялық банктердің
несиелік портфелін басқару

Студент ___________________________________ _______ Умирзаков А.А.

Ғылыми жетекші:
э.ғ.к., доцент м.а. __________________________________ Мадыханова К.А.

Қорғауға жіберіледі:
"Қаржы және несие" кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., профессор _______________________ Бертаева К.Ж.

Алматы, 2010 жыл
мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
1 Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың теориялық 6
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
1.1 Несиелік портфельдің экономикалық мәні, мазмұны және оны басқарудағы
несиелік саясаттың 6
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
1.2 Несиелік тәуекелдің дәрежесіне қарай банктің несиелік портфелінің 13
жіктемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2 Қазіргі кезеңдегі коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару
тәжірибесі мен даму 22
тенденциялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін басқару тәжірибесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Коммерциялық банктердің несиелік портфель табыстылығына несиелік
тәуекелдің әсерін 34
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 АТФБанк АҚ-ның несиелік портфелінің сапасы мен құрылымын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік портфелін
басқарудың проблемалары мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... .. 52
3.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфельді басқарудағы өзекті
мәселелерді шешуде өтімділіктің 52
рөлі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
3.2 Банктің несиелік портфелін басқарудағы мониторингті жүргізудің
тиімділігі мен негізгі 60
бағыттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
3. 3 Банктің несиелік тәуекелдерді төмендету арқылы несиелік портфельді
оңтайлы басқарудың жетілдіру 67
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер 80
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әрбір елдің тұрақты даму дәрежесі оның
экономикалық жағдайымен анықталады. Осы экономикалық жағдайды
қалыптастыратын негізгі ұйымдық институционалдық құрылымдардың бірі – банк
жүйесі болып табылады. Осы жүйедегі бүгінгі таңдағы өзекті мәселе –
несиелік портфельді басқару болып отыр. Себебі несиелік портфельдің
сапасының төмендігі банктерді көптеген шығындарға ұшыратады, тәуекелдерді
көбейтеді. Банктерде несиелік портфельді басқаруды дұрыс жүргізе отырып,
мүмкін болатын жоғалтуларды алдын алуға болады. Несиелік портфелді басқару
– банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен
әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін
белгілейді. Несиелік портфельді басқару несиелік механизм көмегімен
жүзеге асырылады. Сондай-ақ несиелік портфель банктің бүгінгі иелігіндегі
немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Банк
қызметкерлері бүгінгі таңда қарыз алушыларға несие беру мүмкіндігі туралы
сұрақты шешіп, несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай отырып,
банк үшін маңызы бар мәселелерді тиімді жолмен шешуде. Несиелік портфельдің
нақты жағдайына банктің қабылдаған портфельді басқару жүйесі әсер етеді.
Несиелік портфельді басқару несиелік тәуекелдің алдын алу немесе
азайтуға бағытталған несиелеу процесін жүзеге асырудағы банк қызметін
ұйымдастыру болып табылады. Несиелік портфельді басқарудағы несиелік
ұйымның түпкілікті мақсаты болып – біріншіден, активті операциялардан пайда
табу, екіншіден, банктің тұрақты және қауіпсіз қызметін ұстау табылады.
Несиелік портфельді басқарудағы ұйымдық құрылымның негізінде құзыретті
кеңейту принципі жатыр, яғни несиелерді ұсыну, несие мөлшеріне байланысты
несиелік мәмлелердің шарттарын өзгерту, тәуекел дәрежесі мен басқа да
сипаттамалары бойынша түрлі дәрежедегі жетекшілер өкілеттіліктерін нақты
бөлу.
Коммерциялық банктердегі несиелік портфельді басқару шараларының
жүйесінде несиелік саясатты әзірлеу мен жүргізу маңызды рөл атқарады.
Несиелік саясаттың тиімді жүргізуінің көрсеткіші болып оның қаржылық
нәтижелері қарастырылады. Олар банк пайдасы немесе шығындар қорытындысында
көрінеді. Банктің табысының өсуі, оның қаржылық тұрақтылығын білдіреді және
меншікті капиталының өсуіне ықпалын тигізеді. Банктің несиелік саясаты
несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтай отырып, оларды өз кезегінде
несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде
қарастырады. Несиелік саясаттың элементтеріне несиелік қызметті
ұйымдастыру, несиелік портфельді басқару, несиелеуге бақылау жасау,
несиелеуді талдаудың жалпы критерийлерін анықтау мен несиелер бойынша зиян
шегу жағдайларына резерв жасауды жатқызуға болады. Банктегі несиелік
саясаттың стратегиясы мен тактикасы орталық кеңседе Несиелік Департамент
пен банктің Несиелік Комитетімен әзірленеді. Несиелік Комитет әдетте әрбір
банкте құрылады және банктің несиелік қызметіне жетекшілік жүргізетін
Басқарма Төрағасының орынбасарымен басқарылады. Несиелік саясатта жалпы
мақсат қалыптасып, оған жету жолдары анықталады: несиелік салымдардың
басымды бағыттары, банк үшін қолайлы және қолайсыз активті операциялар,
артықшылықты несие алушылар ортасы және тағы басқа. Несиелік портфельді
оңтайлы басқару ЕДБ-дегі берілген несиелер көлемі мен сапасын жоғарлатып
қоймай, осы банктің имиджін жақсартып, тұрақты клиенттер тобын құрап,
банктің басқа да ұсынылатын өнімдердің жоғары сұранысын қалыптастырады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың зерттеу
мақсаты нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктердің
несиелік портфелін басқарудың теориялық және тәжірибелік жағын саралай
отырып, ҚР-дағы ЕДБ-дің несиелік портфелінің сапасын бағалау мен даму
ағымына талдау жасау, сондай-ақ банктегі несиелік портфельді оңтайлы
басқаруды жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады. Несиелік портфельдің
қалыптасқан жағдайын сараптау негізінде жүргізілетін несиелік саясаттың
орындалуын болжап, несиелік портфельдің критерийлерін (несиелік тәуекел,
табыстылық және өтімділік деңгейі) сапалы бағалаудың ерекшеліктерін ескере
отырып, баға беретін әдісін табу. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер
қойылады:
- несиелік портфельдің мазмұнын теориялық және тәжірибелік жағынан
зерттеу;
- нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында несиелік портфельді
басқарудың дамыту ерекшеліктерін айқындау;
- несиелік портфельді оңтайлы басқарудың жүзеге асыру
механизмін қарастыру;
- ҚР-ғы коммерциялық банктердің несиелік саясатын шетел
тәжірибесімен салыстыру;
- ЕДБ-дің несиелеу жағдайы мен банктің несиелік портфелінің
сапасын бағалау;
- несиелік портфельдің сапасының критерийлерін, яғни несиелік
тәуекел, табыстылық және өтімділік деңгейін анықтау;
- несиелеу кезінде туындайтын несиелік тәуекелді басқарудың
ерекшеліктерін қарастыра отырып, алдын алу жолдарын табу;
- несиелік портфельді оңтайлы басқаруда несиелік тәуекелдерді
анықтау;
- мониторинг жүргізу және проблемалық несиемен атқарылатын
жұмыстарды зерттеу.
Зерттеу пәні коммерциялық банктерде несиелік портфельдің сапасын
тиімді басқарудың теориялық және әдістемелік проблемасы болып
табылады.
Зерттеу обьектісіне ҚР-дағы коммерциялық банктердің несиелік
портфелінің құрылымы және банктегі несиенің көлемі жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі
отандық және шетелдік экономистердің банктік несиелеуде орын алатын
мәселелер туралы және несиелік портфельдің банктің дамуында рөлін
сипаттайтын зерттеулер мен ғылыми еңбектер пайдаланылды. Заң актілері, ҚР-
ның банктік жүйені реттеу туралы Жарлығы, статистикалық және ақпарттар
базасы ретінде ҚР-сы ҰБ-тің ақпарттық статистикалық және есептік деректері,
нормативтік құжаттары, ҚР-дағы ЕДБ-дің жылдық есеп деректері және түрлі
деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, монографиялық
зерттеулер, ҚР-ның Статистика Агенттігінің материалдары, сондай-ақ
несиелік портфельді басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және
шетелдік басылымдағы мақалалар пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жүргізу барысында дипломдық
жұмыстың ғылыми жаңалығы және қорғау құралы болып табылатын келесі
нәтижелер алынды:
- Портфель және несиелік портфель түсінігінің мәні және
мағынасы терең теориялық тұрғыдан зерттелініп, зерттеушімен
портфель және несиелік портфель терминдеріне толықтырулар
енгізілді;
- несиелік портфель құрылымындағы жіктеменің толық нұсқасы
ұсынылды;
- несиелік портфель мен оның сапасына теориялық тұрғыда баға
берілді;
- несиелік портфельдің сапасын жетілдіру жолдары сипатталды;
- несиелік портфельді сапалы бағалаудың критерийлері, яғни
несиелік тәуекел, табыстылық және өтімділік деңгейі ғылыми
тұрғыдан зерттелді;
- несиелік тәуекелді басқарудың құрылымы зерттеліп, жаңа сызбасы
жасалды;
- несиелік портфельді басқарудың оңтайлы жолдары анықталынып
ұсынылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің несиелік портфелін дұрыс
ұйымдастырыу мен басқару саясатын жақсартуға пайдаланылады. Қорытынды мен
ұсыныстар екінші деңгейлі банктер қызметінде жақсартуда қолданылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспе, 3
тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде: коммерциялық банктердің несиелік
портфелін басқарудың теориялық аспектілері туралы жазылған.
Екінші бөлімінде: қазіргі кезеңдегі коммерциялық банктердің несиелік
портфелін басқару тәжірибесі мен даму тенденциялары және несиелік
портфельге несиелік тәуекелдің әсер ету дәрежесін, сонымен қоса "АТФБанк"
АҚ-ның несиелік портфелінің сапасы мен құрылымы туралы жазылған.
Ал үшінші бөлімінде ҚР-дағы коммерциялық банктердің несиелік портфелін
басқарудың проблемалары мен жетілдіру жолдары жайлы жызылған.

1 Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың теориялық
аспектілері

1.1 Несиелік портфельдің экономикалық мәні, мазмұны және оны
басқарудағы несиелік саясаттың ерекшелігі

Несиелік портфельдің мәнін зерттеу үшін алдымен оның бастапқы
түсінігіне жүгінуіміз керек. Портфель – бұл банктің, компанияның және тағы
басқа ұйымдардың нарықтық нишасы ретінде беретін қаржылық немесе басқа
параметрлердің мүмкіндіктері немесе ұсынатын сипаттамалары, бағыты,
перспективалық қызмет көлемі, белгілі материалдар қоры, жиынтығы.
Портфельдің негізгі түсінігі сипаттаманы біріктіретін жиынтық болып
табылады. Портфель – жиынтық ретінде нарықтық экономиканың барлық
сферасында кеңінен қолданылатын ұғым.
Зертеуді жалғастыра отырып, банктің несиелік портфелінің өзіндік
ерекшеліктерін қарастырамыз. Бантік жүйедегі қызметтер көп және ақша
қаражаттарын тарту және орналастырумен байланысты. Жиынтық ретінде бұл
операциялардың активті портфелін және пассивті портфелін көрсетуге болады.
Банктік несиелік портфельдің өзіндік ерекшелігі бір жағынан несиелік
операциялардың мәнімен, екінші жағынан банктік қызметтердің мақсаты жағынан
анықталады.
Несиелік портфель – бұл несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану
тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша
жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы деп,
ұсынылған анықтамаларды үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Бірінші топ – банктің активтер мен пассивтерін қарастыра отырып,
несиелік портфельдің мазмұнына кең түсінік береді;
2. Екінші топта – авторлар банктің несиелік портфелі тек несиелік
активтерден немесе ссудалардан жинақталады деп санайды;
3. Үшінші топ – авторлар несиелік портфельді несиелік салымның
сыныпталған жиынтығы деп санайды.
Сапалы несиелік портфель көбінесе банктің өтімділігіне, табыстылығына
және қаржылық сенімділігіне байланысты. Портфельде болатын және оны
құрайтын несиелік тәуекелдер, белгілі өтімділік деңгейі және табыстылық –
несиелік портфельдің басты ерекшелігін анықтайды. Соған байланысты
портфельдің құрамына ссуданы, банктен алынған және беретін банкаралық
несиені, факторинтік қарызды, кепілді, вексельді, депозитті және басқа да
несиелік талаптарды енгізу қажет.
Несиелік портфельдің мәнін әртүрлі аспект ретінде анықтама беруге
болады. Біріншіден, тар және кең мағынада қарастырайық. Тар мағынада,
несиелік портфельді – өтімді, табысты және несиелік тәуекел критерийі
бойынша топтасқан несие сипатындағы активтер мен берілген қысқа мерзімді,
ұзақ мерзімді және мерзімнен өткен қарыздар, банкаралық несиелер және
басқа банкке депозит ретінде салған банк активтерінің жиынтығы ретінде
анықтаймыз. Қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік қағидаты
коммерциялық банктің активті және пассивті операцияларында орын алады Соған
байланысты, несиелік портфельдің кең мағынада анықтамасы, несиелік портфель
– тек қана қарыз алушыға ұсынған несиелерді ғана емес, сонымен қатар
банктен алған ссудаларды, тартылған депозиттерді қамтиды. Яғни, несиелік
портфель банк балансында бар несиелік операцияның жиынтығын ғана емес,
сонымен қатар пассивте орналасқан депозит, несиелік міндеттемелер және
банкаралық несие жиынтығы ретінде анықталады.
Екіншіден, несиелік портфельдің мәнін қолданбалы және категориалы
деңгейде қарастыруға болады. Қолданбалы деңгейде белгілі критерийге
байланысты топтасқан тәуекелдің факторлары мен түрлерін қоса отырып,
банктің активті (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және мерзімінен өткен
ссудалар мен вексельдер) және пассивті (несиелік ұйымдардан алған ссудалар)
шоттағы қалдықтар жиынтығын анықтауға болады. Ал категориалы деңгейде,
несиелік портфельдің түсінігі – несиелік талаптар мен міндеттемелер
жиынтығы бойынша банк пен контрагенттер арасындағы экономикалық қатынас.
Несиелік талаптар мен несиелік міндеттемелерге операцияның алты негізгі
тобы сәйкес:
- активті меншікті несиелік операциялар;
- пассивті меншікті несиелік операциялар;
- факторингтік операциялар;
- лизингтік операциялар;
- репо және кері репо операциялары;
- кепілдік операциялар.
Несиелік портфель банктің берген несиелерінің негізінде
қалыптасатындықтан, несиелік портфельді жиі талдап отыру қажет. Себебі
талдау арқылы ғана несиелік жұмсалымдарды әртараптандыруға болады. Оны
талдау мына кезеңдерден тұрады: қарыздар сапасын бағалау критерийлерін
талдау, мұндай бағалаудың әдістерін анықтау (нөмірлік немесе балдық жүйеде
бағалау, тәуекел тобына қарай жіктеу, әрбір топ бойынша тәуекел пайызын
анықтау, жалпы несиелік портфель бойынша әрбір топтың көлемінде тәуекелдің
абсолюттік шамасын есептеу, қарыздар бойынша мүмкін зияндарды жабуға
арналған резервтер көздерінің шамаларын анықтау, қаржы коэффициенттері
жүйесінің, сондай-ақ оны құрылымдық талдау негізінде несиелік портфельдің
сапасын бағалау). Қарыздың сапасын бағалау критерийлеріне әлемдік
тәжірибеде мыналар жатады: несиенің тағайындалуы, несиенің түрі, қарыздың
мөлшері, қарызды қайтару кестесі, іскерлік тәуекелді бағалаудың толықтығы,
несиелік операциялармен байланысты қарыз алушының сапасы, оның меншік
нысаны, қарыз алушының несиелік қабілеттігі, ол туралы толық ақпараттың
болуы, қарыздың бағасы, қарызды қамтамасыз ету тәсілі [1, 185 б.].
Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған
тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін
деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына
жататындар:
- нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі
банктік лимитін белгілеу;
- несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз
алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді
талдау формасын жасау;
- әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
- төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
- жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік
саясатты қатаңдату;
- несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Банктің несиелік портфелін басқаруда, несиелік саясат – банктің
несиелік қызметін, міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін,
сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін
белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизмнің көмегімен жүзеге
асырылады. Ол – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу
процесіне қажетті кұжаттар жүйесін жасау шарттарын анықтайды. Несиелік
саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру
негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін
(ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді. Жалпы несиелік саясат банктің
несиелік портфелін басқаруда маңызды орын алады, несиелік саясаттың
ерекшелігін мынадай сипатқа бөлуге болады:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға
мүмкіндік береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін
қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен
нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады [2, 225 б.].
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару
облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Оның дұрыс жүзеге асуы
несиелік портфельді оңтайлы басқаруда орны ерекше. Несиелік саясат несиелік
қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап
беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік
стандарттар мен критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын
тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің
сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің
тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды
міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір
тәртібі болмайынша, несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу
мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны
іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін
құрайды.
Несиелік портфельде үмітсіз несиелердің үлесін банк жүргізетін
несиелік саясаттың дұрыс қалыптасуы мен жүзеге асуы арқасында азайтуға
болады. Несиелік саясат екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің бүгінгі
таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ
несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы
бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз
клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат
банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік
өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер
(айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық
несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта
қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Яғни банктің несиелік портфелін тиімді басқаруға қосатын үлесі зор.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру
болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы
сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау,
жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау,
банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық
несиелерге қойылатын жалпы бақылау). Ішкі несие саясатын жасау банк
жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың
банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай
келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң,
соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды
атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса
несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулары жасалады [3, 87 б.].
ЕДБ-дің несиелік портфелі – өтімді, табысты және несиелік тәуекел
критерийі бойынша топтасқан несие сипатындағы активтер мен берілген қысқа
мерзімді, ұзақ мерзімді және мерзімнен өткен қарыздар, банкаралық несиелер
және басқа банкке депозит ретінде салған банк активтерінің жиынтығы болып
табылады. Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі
аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі
қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және
ұсыныстары енгізілгеннен кейін, несиелік саясат бойынша комитет (немесе
директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес
нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін кейде несиелеу бойынша
жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз
алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта
барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі
де, қарастырылуы да мүмкін. Несиелік саясатта несиелік комитет туралы
ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап,
несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды. Отандық банктер
тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің
несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін
бекітеді;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар
белгілейді;
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды
және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік портфель – банктер кірісінің, сондай-ақ активтерді салу
кезіндегі тәуекелдің негізгі көзі. Банктің тұрақтылығы, оның беделі
(репутациясы), оның қаржылық табыстары банк портфелінің құрылымы мен
сапасына тәуелді. Сондықтан барлық банктерде портфель ішіндегі несиелердің
сапасына бақылау, банктің несиелік саясатының қабылданған стандарттары мен
мақсаттарының ауытқу жағдайларын анықтау мақсатында сараптама жүрізіледі.
Әдетте, портфельде екі немесе одан көбірек инвестициялық құрал болады және
олар әртараптандыру мақсатында жасалады. Бұл шығындар тәуекелін азайту үшін
қасиеттері бойынша инвестициялық құралдарды қолдану дегенді білдіреді.
Портфель түсімділік көзқарасы бойынша инвестордың мақсатына қол
жеткізілмейінше әртараптандырыла береді. Рейтинг бойынша несиелерді жіктеу
банкке несиелік портфель құрамын бақылауға мүмкіндік береді. Соңғы
тексерістің нәтижесі бойынша ілгеріде 1,5%-дан аспаған ссудалар несиелік
портфельдің 5% құрайды деп жорамалдайық. Портфельдің төмендеу себептерін
анықтау және жағдайды түзеу үшін шаралар қолдану қажет. Егерде несиелердің
теріс нәтижесінің өсуі шаруашылықтың белгілі бір саласының қарыз алушысына
немесе несиенің белгілі бір түріне байланысты болса, ол жағдайда бұл
несиені беруді тоқтату қажет.
Қарыз алушының несие төлеушілігін бағалау бір көрсеткішке – қарыз
алушының рейтингісіне жинақталуы мүмкін. Рейтинг балмен анықталады.
Баллдардың сомасы қандай да болмасын коэффициенттің кластығы мен оның
үлесін пайыздарға көбейту арқылы есептеледі. Мысал үшін, бірінші класқа 100-
150 балл, екінші класқа 151-250 балл, үшіншіге 251-300 балл алатын қарыз
алушылар жатады. Несиелік портфельдің кірісі нақты несие бойынша нақты
мөлшерлеменің көлемін оңтайландырған кезде ғана көбейеді. Мұндай жағдайда
несиелік мөлшерлемені оңтайландыру әрі қарай өсірілсе, қарыз алушы несиелік
желіге түсетін салмақты азайта береді, я болмаса несиелік қатынасты басқа
банктің пайдасына қарай шешеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс. Несиелік саясатпен банк
қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен
нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі
болып табылады.
Несиелік саясаттың тиімді жүргізуінің көрсеткіші болып оның қаржылық
нәтижелері қарастырылады. Олар банк пайдасы немесе шығындары қорытындысында
көрінеді. Банктің табысының өсуі, оның қаржылық тұрақтылығын оңдалуын
білдіреді және меншікті капиталының өсуіне ықпалын тигізеді. Банк
шығындарының өсуі оның активті операцияларды басқаруда жіберген
кемшіліктердің нәтижесін көрсетеді, олар кредиторлық берешек көрсеткішінің
өсуінде байқалады. Өкінішке орай, баспасөзде жарияланатын есеп берулерде
бұл мәліметтер көрсетілмейді. Кредиторлық берешек туралы толық мәліметтер
банктердің тек қаржылық іс-әрекеті туралы жасалатын есеп беруінде ғана
ашылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды
өз кезегінде несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі
ретінде қарастыруға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер
көрсетілуге тиіс:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- несиелік портфельді басқару;
- несиелеуге бақылау жасау;
- құзыретті бөлу принциптері;
- несиелеуді талдаудың жалпы критерийлері;
- несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
- несиелермен жасалатын жылдық жұмыстардың приниптері;
- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен
әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат
түрінде көруге болады:
- несиелеу мақсаты:
- несиелеу стандарты;
- несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ, аталған үш құжат ерекше бір құжатта Несиелік саясат
бойынша жетекшілік ету біріктіріледі. Несиелеу саясатында несиелеуді
жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын есиелік
нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен
бағдарламалары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын
барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты. Несиелеу стандартында
мынадай сұрақтар қарастырылады:
- қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
- несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне
қойылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- құжаттардың толтырылуына койылатын талаптар;
- несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық
немесе тұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында
несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай
құжаттарға: несиелік келісімшарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт
жатады.
Несиелік нұсқаулық – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы
алгоритмі бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді. Басқаша
айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады [4, 225 б.].
Жалпы несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау
және несиелік қабілетіне талдаудан бастап несиелік талдау және аудит,
несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің
барлық кезеңдері көрсетіледі. Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде
болу;
- несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама
материал және нұсқау ретінде болу;
- несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаудың талаптарының
орындалуына бақылау жасау туралы;
- несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге
асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік портфелін басқару, өтімділікті басқару,
банктің активі мен пассивін басқару, тәуекелдерді басқару, табыстылықты
басқару және банк саясатын басқару жалпы банктегі қаржы менеджментінің
бағыты болып табылады. Сапалы да, тиімді банктік менеджмент тек қана теріс
ішкі және сыртқы факторларға қарсы тұрып қоймай, өз кезегінде оларды
бейтараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай
менеджменттің банкте дұрыс ұйымдастырылуы оның тұрақтылығын нығайта түсіп,
қызметінің тиімділігін және банктегі несиелік портфельдің сапасын
арттырады. Осыған байланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мәселесі
немесе қазіргі қолданылып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің
сәйкестігіне қатысты мәселесі туындайды. Банк менеджменті бағаланатын
көрсеткіштерді мынадай санаттарға бөлуге болады: сандық және сапалық;
объективті және субъективті; формалды және формалды емес.
Несиелік портфельдің сапасына несиелік тәуекел де тікелей байланысты.
Несиелік портфель – банк қызметінің беретін несиелері бойынша нәтижесі
болғандықтан, мұқият ұйымдастырылатын несиелік процесс несиелік тәуекелді
азайтуға әкеледі. Несиелік тәуекел – қарыз алушының несиелік келісімдегі
мерзім мен жағдайларға сәйкес несие берушіге деген өз міндеттемелерін
орындамаудың ықтималдығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша
қарызын және оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына
байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Несиелік портфельдің ерекшелігі
несиелік тәуекел дәрежесіне байланысты несиенің жіктелуі, яғни келесі
бөлімде қарастырылады.

1.2 Несиелік тәуекелдің дәрежесіне қарай банктің несиелік портфелінің
жіктемесі

Несиелік портфельдегі тәуекелдердің жиынтығын оны құрайтын элементтер
белгілейді, яғни қаражаттар мен несиенің мерзіміне сәйкес өтімділікті бұзу
тәуекелі, несиелік портфельдегі тәуекелі жоғары несиені қайта игеру
тәуекелі, әртүрлі ссуданы әртараптандырудың жеткіліксіз тәуекелі,
макроэкономикалық жағдайдың қолайсыз өзгеру тәуекелі. Бұл жерде бағалаудың
әдістеріне қарамай, тәуекел түрлері (өтімділікті бұзу тәуекелі) мен
факторлары (несиелік портфельдегі тәуекелі жоғары несиені қайта игеру
тәуекелі, әртүрлі ссуданы әртараптандырудың жеткіліксіз тәуекелі,
макроэкономикалық жағдайдың қолайсыз өзгеру тәуекелі) араласып жатыр.
Несиелік тәуекел, табыстылық және өтімділік несиелік портфелді сапалы
бағалаудың критерийлері болып табылады. Несиелік тәуекелді екі шамамен,
яғни жеке несиелеудің салмақталған орта шама тәуекелі және портфельді
тәуекелмен сипаттауға болады. Банк несиелік портфельдің құрылымын құруда
өтімділігі жоғары, өтімді және өтімділігі төмен несиенің жеткілікті өлшемін
игеру керек, сонымен қатар несиелік салымның табысын алу мүмкіндігін ескеру
қажет. Несие сипаттамасындағы тәуекелі жоғары ссудалық және басқа да
операциялар өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Соған байланысты несиелік
тәуекел, өтімділік және табыстылық – несиелік портфельдің сапасын бағалау
критерийлеріне сәйкес (1 - сурет).

1 - Сурет. Несиелік портфель және оның сапасын бағалау критерийлері
арасындағы негізгі ерекшеліктер
Дерек көзі: Соколинская Н.Э. Учет кредитных рисков и анализ кредитного
портфеля [5, 71 б]
Бағалау негізі, оның технологиясы және алынған нәтижені құрайтын
несиелік портфельдің сапасын бағалауда мынадай элементтер бар:
1. Бағалаудың субъектілері;
2. Бағалаудың критерийлері;
3. Бағалаудың көрсеткіштері;
4. Сапа бойынша несиелік портфельдің элементтерінің жіктемесі.
Бағалаудың субъектілері – ҚР-ның заңын, нормативті-құқықтық актілерін
және банктің ішкі ережелерін ескеретін, несиелік портфельдің сапасын
бағалайтын несиелік департамент, несиелік комитет, ішкі бақылау банктің
ішкі аудиті, рейтингтік және талдау ұйымдары.
Несиелік портфельдің сапасын бағалау критерийлеріне 1-суретте
көрсетілген несиелік тәуекел, табыстылық және өтімділік деңгейі жатады.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын
немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты
банктің зиян шегуін сипаттайды. Ал коммерциялық банктегі несиелік
портфельдің сапасын басқару дәрежесін бағалаудың екі негізі бар.
Біріншіден, несиелік тәуекел жиынтығы мынаған байланысты:
1. Портфель сегментіндегі несиелік тәуекелдің дәрежесі сегменттің
өзіндік ерекшелігімен байланысты.
2. Несиелік портфельдің әртараптандырылған құрылымына және бөлек
сегменттерге байланысты.
Екіншіден, несиелік тәуекелдің дәрежесін бағалауда көптеген аспектілер
(қаржылық, құрылымдық) көрсеткіштерінің жүйесін қолдану керек. Банк
жұмысының мақсаты – тәуекел деңгейінде де максималды түрде пайда табу
болғандықтан, несиелік портфельдің табыстылығы оның сапасын бағалаудың
критерийі болып табылады [5, 73 б.].
Банктің өтімділік деңгейі активтер және несиелік портфельдің сапасымен
анықталатындықтан, табысты және сапалы банктің ссуданы немесе оның бөлігін
сату қабілеті мен банктің ұсынған несиелері белгіленген келісімшарт
мерзімінде қайтарылуы маңызды. Қаншалықты жақсы топтарға жіктелген несиелер
үлесі жоғары болса, соншалықты банктің өтімділігі жоғары болады. Несиелік
портфельдің элементіндегі тәуекелдің төмен болуы, оның сапасының жоғары
екенін көрсетпейді, яғни пайызы көп емес қарыз алушыларға ұсынатын бірінші
категориядағы ссудалар жоғары табыс әкелмейді. Сондықтан несиелік тәуекел
сапалы несиелік портфельдің жалғыз критериийі емес, ол табыстылықты жоғалту
және өтімділік тәуекелімен байланысты. Несиелік портфельдің сапасын
бағалайтын көрсеткіштердің үш тобын бөлуге болады: қаржылық көрсеткіштер,
саралау көрсеткіштері, жоғалту мөлшерінің болжамы.
Барлық берілген несие банктің активтер, шартты міндеттемелер мен
оларға қарсы мәжбүрлі шығындар құру туралы 2002 жылдың 16 қарашасында
бекітілген № 465 қаулысына сәйкес жіктеледі. Әрбір несиелік операциялар
бойынша несиелік портфельді жіктеу несиелік тәуекелдерге провизия есептеу
мақсатында жүзеге асады. Банктердің несиелік операциялары бойынша мүмкін
болар зияндардың орнын жабу үшін провизия (резерв) құру қажеттігі банк
қызметіндегі несиелік тәуекелдің болуымен негізделеді. Несиелік
тәуекелдерге байланысты провизия құру банк активтерінің сапасының
нашарлауын немесе несиелік операциялардың тәуекелдігінің жоғарлығын ескере
отырып жүзеге асырылады. Банк үшін провизияның құрылуы, оның қаржылық
қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді [6, 321 б.].
Банк негізгі қарыздың толық сомасына байланысты шығындардың орнын жабу
мақсатында ұлттық және шетел валютасындағы барлық несиелік операциялар
түрлері бойынша резервтеу коэффициентіне сәйкес провизия құра алады.
Аталған резерв есебінен кейіннен қайтарылмаған несиелер бойынша зияндар
шегеріледі.
Несиелік тәуекел деңгейіне қарай, яғни қарыз алушының келісімшартта
бекітілген мерзімде несие берушіге төлемеген негізгі қарызы мен пайызының
сомасына қарай несиелер жіктеледі. Несиелік тәуекелдің шамасына қарай
барлық несиелер мынадай сыныптарға бөлінеді:
1) Стандарты;
2) Күмәнді:
- 1-санатты күмәнді – төлемдерді уақтылы және толық төлеген
жағдайларда;
- 2-санатты күмәнді – төлемдерді кешіктіріп немесе жартылай төлеген
жағдайларда;
- 3-санатты күмәнді – төлемдерді уақтылы және толық төлеген
жағдайларда;
- 4-санатты күмәнді – төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген
кезде;
- 5-санатты күмәнді;
3) Үмітсіз.
Стандартты несие – қайтару мерзімі жетпеген және оның сапасы күдік
тудырмайтын несие. Бұл санаттағы несиелер қайтарылмай қалу туралы күдік
тудырмайды.
1-санатты және 2-санатты күмәнді несиеге мынадай несиелер жатады:
қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерге берілген, бірақ белгілі дәрежеде
қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері бар, мысалы дебиторлық қарыздардың, өтімді
емес тауар қорлардың, дайын өнімнің өсуі.
3-санатты күмәнді несиеге – негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару
бойынша төлемдерді тоқтатпайтын төлемдерді жатқызамыз. 30-60 күнге дейін
және кем дегенде бір рет шарт мерзімін ұзарту, өндіріс құлдырауының
нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жағдайы шамалы немесе әлеуетті
төмендеуі, конъюктуралық нарықтың өзгерістеріне байланысты, қарыз алушыда
сәйкес несиелік құжаттаманың болмауы.
4-санатты күмәнді несиелерге – 60-90 күнге дейін төлем кешіктірілуі,
яғни қарыз алушының негізгі табыс көзінен алынған қаражаттарының жүйелі
жетіспеушілігі. Кем дегенде бір жыл мерзімге сауықтыру шараларын белгілеу,
қарыз алушы зиян шеккен, бірақ оның қызметін тоқтатуға әсері жоқ форс-
мажорлық жағдайлар, басқа банктерден алынған несие және кепіл бойынша
мерзімі өтіп кеткен қарыздардан туындайтын несиелер жатады [7, 170 б.].
Егер келесі негіздердің бірі болса, онда несие үмітсіз болып табылады:
- негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемнің 90 күннен
асқан мерзімде кешіктірілуі;
- қарыз алушыны банкрот деп жариялағанда;
- кем дегенде бір жыл мерзімде сауықтыру шаралары жарияланғанда;
- форс-мажорлық, қарыз алушыға материалдық залал келтірген және өз
қызметін әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін басқа да
жағдайлар.
Жіктеуде банк тиісінше өзінің несиелік портфелін бақылауды жүзеге
асырады, оның сапасын талдайды және сапасын жетілдіру үшін шаралар
қолданады. Келесі несие беруде өздерінің есептеулерін ескере отырып,
тәуекелді анықтайды. Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінен туындайтын
қарыздың қайтарылмауынан шегетін зияндарды болдырмау мақсатында банктерде
несиелік тәуекелді бағалау тәжірибесі жүзеге асады.
Барлық несиелер және несиеге теңестірілетін клиенттердің қарыздары
бойынша несиелік тәуекел бағаланады және оны тиісті шоттар бойынша
жіктеледі. Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша
қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел
анықталады. Жалпы активтерді, соның ішінде несиелерді жіктеу және несиелік
тәуекелді бағалау мынадай критерийлерді ескере отырып жүзеге асады:
1. Қарыз алушының қаржылық жағдайы;
2. Банк алдындағы жіктелінген активтер және шартты міндеттемелер
бойынша мерзімі өткен қарыздарының болуы;
3. Қамтамасыз ету сапасы;
4. Несие мерзімінің ұзартуы;
5. Өзге де мерзімі өткен міндеттемелердің болуы;
6. Несиелердің көздеген мақсатқа жұмсалынбаған бөлігі, пайызбен;
7. Өзге несие берушілер алдында шегерілген қарыздарының болуы;
8. Қарыз алушыда ҰБ-тің бекіткен тізіміне енген рейтинттік
агенттіктердің рейтингінің болуы [8, 323 б.].
Несиелерді жіктеу үшін ең бастысы қарыз алушының қаржылық жағдайына
баға берілуге тиіс. Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауда отандық
банктер тәжірибесінде несиелік скоринг жүйесі қолданылады. Қарыз алушы
заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын бағалау тоқсан немесе жарты жыл сайын
бір рет клиенттің берген қаржылық есебі негізінде жүргізіледі. Мұндағы
қаржылық есепке бухгалтерлік баланс пен пайда және зиян есебі жатады.
Осындай құжаттар негізінде несие-менеджері қарыз алушының қаржылық
жағдайына несиелік скоринг көмегімен жедел бағалауды жүзеге асырады.
Несиелік скорингті жүргізу барысында қарыз алушының қаржылық қызметін
сипаттайтын бес параметр пайдаланады. Аталған параметрлер екі топқа
бөлінген:
1 – топ: Қаржылық көрсеткіштердің өзгерісінің динамикасы:
- өндіріске жұмсалатын шығындардың сатудан түсетін түсімдерге
қатынасына қатысты өзгерісі;
- негізгі құралдар құндарының өзгерісі;
- меншікті капиталдың өзгерісі;
- міндеттемелердің жалпы өзгерісі.
2 – топ: Қаржылық көрсеткіштер негізінде қарыз алушының несиелік
қабілетін бағалау. Мұнда қарыз алушының несиелік қабілетін сипаттайтын
мынадай қаржы көрсеткіштері есептеледі:
- ағымдағы және жылдам өтімділік коэффициенттері;
- автономия коэффициенті;
- сауданың рентабельділігі;
- меншікті капталдың рентабельділігі;
- тауарлы-материалды запастардың айналымдылығы;
- дебиторлық қарыздар айналымдылығы;
- кредиторлық қарыздар айналымдылығы.
Әрбір бағалау парметрлеріне сараптамалық немесе есептеу жолымен
бекітілетін балл беріледі және маңыздылық салмағы белгіленеді.
Скоринг – берілген баллдар мен тиісті салмағының сомасы ретінде
есептелінеді және оның мәні нөл мен бірдің арасында болады. Есептеу
нәтижесінде анықталған мәнді қарыз алушының қаржылық жағдайының деңгейін
анықтау үшін және сол санат бойынша тиісті балл беру үшін пайдаланады.
Активтер мен шарты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәндінің
санаттарына және үмітсіздерге жатқыза отырып, оларға қарсы провизия құру
Ережесіне сәйкес, әрбір класс қарыз алушылардың белгілі бір қаржылық
жағдайына сәйкес келеді (1 - кесте).

1 - Кесте
Қарыз алушының қаржылық жағдайына байланысты сипаттамасы

Класс Қаржылық Сипаттамасы
жағдайының
сапасы
1 2 3
Қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты; компания
1 Тұрақты зиянсыз, төлем қабілетінде, нарықта жақсы позиция
ұстанған; актив бойынша жасалған келісімшарттың қызмет
ету мерзімі ішінде қарыз алушының қаржылық жағдайының
нашарлауына ықпал ететін сыртқы немесе ішкі факторлар
айқындалмаған; өзінің міндеттемесі бойынша банкпен
есеп-айырысудағы клиенттің мүмкіндігі күмән туғызбайды;
қарыз алушының активтері мен пассивтері мерзімдері
бойынша өлшенген.
2 ҚанағаттанаҚарыз алушының қаржылық жағдайының уақытша нашарлауының,
рлық табыстарының, төлем қабілеттілік деңгейінің, нарықтық
позициясының төмендеу белгілері бар; актив бойынша
жасалған келісімшарттың қызмет ету мерзімі ішінде қарыз
алушының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін
сыртқы немесе ішкі факторлар айқындалған; өзінің
міндеттемесі бойынша банкпен есеп-айырысудағы клиенттің
мүмкіндігі күмән туғызуы; бұл жерде қарыз алушының
уақытша қиындықтарды жеңіп, банк алдындағы өзінің
міндеттемесімен есеп-айырысатын -

1 кестенің жалғасы
1 2 3
дығына сенім бар.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы үздіксіз
3 Тұрақсыз нашарлағандығының, қызметі зияндылығының, төлем
қабілеттілік деңгейі төмендеуінің, нарықтағы үлесінің
азаюының белгісі бар; бұл жерде қарыз алушының қаржылық
жағдайының тұрақтану немесе жақсаруына сенім жоқ; қарыз
алушыға 1 жыл бойы санациядан өтудің жариялануы;
қызметінің тоқтауына ықпал етпеген, бірақ қарыз алушыға
материалдық залал әкелген форсмажор немесе өзге
жағдайлардың болуы; қарыз алушының қаржылық жағдайын
бағалау үшін қажетті мәліметтердің немесе несиелік
іс-құжаттарының болмауы.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы үздіксіз нашарлауы,
4 Қауіпті зиянмен жұмыс жасауы, төлем қабілетсізідігі, нарықтағы
позициясын жоғалтуы; меншікті капиталдың теріс
көрсеткішке ие болуы; қарыз алушыға 1 жылдан жоғары
мерзімде санациядан өтудің жариялануы; қарыз алушының
банкрот ретінде танылуы; қызметінің тоқтауына ықпал
еткен, бірақ қарыз алушыға материалдық залал әкелген
форсмажор немесе өзге жағдайлардың болуы. Сонымен қатар
қарыз алушының қаржылық жағдай туралы ақпарат болмаған
кезде, оның жағдайы қауіпті болып саналады.

Дерек көзі: С.Б.Мақыш Банк ісі. Оқулық - Алматы: ИздатМаркет, 2007 ж. [9,
150 б.]

Скоринг көмегімен есептелінген, қарыз алушының қаржылық жағдайының
класына сәйкес аталған критерийлер бойынша балл беріледі (2 -кесте).

2 - Кесте
Қаржылық жағдайдың баллдық сипаты

Класс Қаржылық жағдайының сипаты Балл
1 Тұрақты 0
2 Қанағаттанарлық +1
3 Тұрақсыз +2
4 Қауіпті (критический) +4

Дерек көзі: С.Б.Мақыш Банк ісі. Оқулық - Алматы: ИздатМаркет, 2007 ж.
[10, 151 б.]

Скоринг көмегімен мерзімі өткен қарыздары бар несиелер бойынша қарыз
алушы жеке тұлғаның қаржылық жағдайын тоқсан сайын немесе жарты жылда бір
рет бағалауды жүзеге асыруға болады.
Ережеге сәйкес, әрбір класс қарыз алушылардың белгілі бір қаржылық
жағдайына сәйкес келеді (3 - кесте).
3 - Кесте
Қаржылық жағдайдың кластық сипаттамасы

Класс Қаржылық Сипаттамасы
жағдайының
сапасы
Қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты. Қарыз
1 Тұрақты алушы 6 айдан астам мерзім бойында жұмыс жасайды
және табыстар тұрақты түсуде. Төлем қабілеттілік
коэффициенті (қарыз алушының және оның отбасы
мүшелерінің барлық шығыстарының барлық табыстарына
қатынасы) 0,9-дан кіші немесе тең. Қарыз алушының
қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін
факторлар айқындалмаған.
Қарыз алушының қаржылық жағдайының уақытша
2 Қанағаттанарлықнашарлауының белгісі бар. Қарыз алушы 6 айдан
төмен, бірақ 2 айдан жоғары мерзімде жұмыс жасайды
және табыстарының түсуі тұрақты. Төлем
қабілеттілік коэффициенті 0,9-дан 1-ге дейінгі
аралықты құрайды. Қарыз алушының қаржылық
жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар
айқындалған.
Қарыз алушының қаржылық жағдайының уақытша
3 Тұрақсыз нашарлауының белгісі бар. Қарыз алушы 2 айдан
төменгі мерзімде жұмыс жасайды және табыстарының
түсуі тұрақсыз. Төлем қабілеттілік коэффициенті
1-ге тең немесе жоғары. Қарыз алушының банк
алдындағы өзінің міндеттемесімен есеп
айырысатындығына сенім жоқ, сондай-ақ қарыз
алушының несиелік іс-құжаттары жоқ.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы қауіпті жағдайға
4 Қауіпті жеткен, табыс алу көзі жоқ. Төлем қабілеттілік
коэффициенті 1-ден жоғары. Клиент төлем
қабілетсіз.

Дерек көзі: С.Б.Мақыш Банк ісі. Оқулық - Алматы: ИздатМаркет, 2007 ж.
[11, 152 б.]

Қамтамасыз ету сапасының критерийлері бойынша балдарды аталған Ережеге
сәйкес есептейді. Активтерді жіктеу барысында анықталатын қорытынды балл
жоғарыда аталған барлық критерийлерді қосу арқылы анықталады. Қорытынды
балдың мәнінің негізінде несие бөлімінің қызметкері жіктелінетін активтер
санатын бекітіп, соған сәйкес провизия мөлшерін анықтайды (4 - кесте).

4 - Кесте
Активтерді жіктеу категориясы

Бал саны Активтердің жіктелім Провизия мөлшері (негізгі
санаттары қарыздың сомасынан %-бен)
1 2 3
1-ге дейін Стандартты 0
Күмәнді
1-ден 2-ге дейін 1-санатты 5% – төлемдерді уақтылы және
толық төлеген жағдайда;

4 кестенің жалғасы
1 2 3
1-ден 2-ге дейін 2-санатты 10% – төлемдерді кешіктірсе
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар
Банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер
Банктегі несиелік тәуекелділік. «Алматы сауда қаржы банкі» акцонерлік қоғамының несиелік қызметіне талдау
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Несиелік портфельді басқаруды талдау
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық операциясы
Коммерциялық банктердің несиелік cаясатын қалыптастыру
Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
Пәндер