Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»



1. Aудармашылар
2. Дастан
3. Дастанның идеясы
4. Туындысынан үзінді
5. Төрт сахабаның ерекшеліктері туралы
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін салушы- Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет ,ғылым-білім саласында басқа қалаларымен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқари Диуани луғат ат- түрк (1072-1074) сөздігі мен Жамал Қашқаридың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б. шығармаларды айтсақ та жеткілікті.
Ж.Баласағұни де осы қалада білім алып, өнерпаз әкесінің тәрбиесінде шыңдалады. Өсе келе әке жолымен Құсайынның дерті дейтін күй де шығарады. Кейін өзі өмір сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің әйгілі шығармасы Құдағту білікті (1) 1069-1070 жылдардың аралығында жазған. Таза дидактикалық, моральдық-этикалық қағидаларды қамтитын бұл шығарма 85 тараудан, 6500 бәйіттен тұрады. Құдатғу , құт , бақыт , құтты , ал екіншісі сөз - білім деген мағынаны білдіреді. Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген ортадағы түркі халықтарының 500-ге тарта мақал-мәтелін пайдаланады. Солардың ішіндеқазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында кездесетіндері де бар. Ақын, сондай-ақ өз тарапынан небір түйінді, тұжырымды,нақылға бергісіз қанатты сөздерді қалыптастырған. Ж.Баласағұнидың Құтты білі дастанының осындай ерекшелік сипатын ескере келіп, Ж.Баласағұнидың Құтты білік дастанындағы қанатты сөз үлгілері деген тақырыпты диплом жұмысымызға арқау етіп алдық.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жүсіп Баласағұн және Құтты білік

Жоспар:
1. Aудармашылар
2. Дастан
3. Дастанның идеясы
4. Туындысынан үзінді
5. Төрт сахабаның ерекшеліктері туралы

К і р і с п е
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық
әдебиеттің негізін салушы- Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс
елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының
шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат
етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол
тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім
алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер
мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет ,ғылым-білім
саласында басқа қалаларымен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған
дәлел ретінде Махмуд Қашқари Диуани луғат ат- түрк (1072-1074) сөздігі мен
Жамал Қашқаридың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б. шығармаларды айтсақ та
жеткілікті.
Ж.Баласағұни де осы қалада білім алып, өнерпаз әкесінің тәрбиесінде
шыңдалады. Өсе келе әке жолымен Құсайынның дерті дейтін күй де шығарады.
Кейін өзі өмір сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр, әдет-
ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің әйгілі шығармасы Құдағту білікті (1) 1069-
1070 жылдардың аралығында жазған. Таза дидактикалық, моральдық-этикалық
қағидаларды қамтитын бұл шығарма 85 тараудан, 6500 бәйіттен тұрады. Құдатғу
, құт , бақыт , құтты , ал екіншісі сөз - білім деген мағынаны білдіреді.
Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген ортадағы түркі халықтарының 500-ге
тарта мақал-мәтелін пайдаланады. Солардың ішіндеқазіргі қазақ тілінде қаз-
қалпында кездесетіндері де бар. Ақын, сондай-ақ өз тарапынан небір түйінді,
тұжырымды,нақылға бергісіз қанатты сөздерді қалыптастырған. Ж.Баласағұнидың
Құтты білі дастанының осындай ерекшелік сипатын ескере келіп,
Ж.Баласағұнидың Құтты білік дастанындағы қанатты сөз үлгілері деген
тақырыпты диплом жұмысымызға арқау етіп алдық.
Соңғы жылдары Құтты білік дастаны жөнінде Х.Сүйіншәлиевтің,
Н.Келімбетовтың, Ә.Дербісәлиевтің, А.Егеубайдың, тілші ғалым
Ә.Құрышжанұлының жекелеген мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері жарыққа
шықты. соған қарамастан, дастандағы қанатты сөз үлгілері әдебиетші,
фольклортанушы ғалымдардың арнайы зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ.
Тіптен, дастандағы мақал-мәтелдерді тұтастай қамтыған жеке жинақ та жарыққа
шығарылған жоқ. Егер бұл мәселе оң шешімін тауып жатса, қазақ халық ауыз
әдебиетінің ежелгі үлгілерін оқыту бұрынғыдан да нәтижелі болатындығы анық.
Сөзсіз, қазақ мақал-мәтелдерінің де туу, қалыптасу, даму кезеңдері жайлы
маңызды мағұлмат ала аламыз. Осы тараптан келгенде біз қарастырып отырған
тақырыптың бүгінгі күн талабымен үндескен өзектілік сипаты айқындала
түседі.
Мақал-мәтелдер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған көркем ойлау жүйесі
мен өмірлік тәжірибесінің, философиялық таным-түсінігінің жемісі. Олай
болса Құтты білік дастанында көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қазақ
халқының ауыз әдебиетінде қалай жалғасын тапқандығы, өзгеріске түскендігі,
мағаналық үндестігін айқындау біздің диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты
болып табылады. Ж.Баласағұнидың даналыққа толы ғибратты ойлары қазақтың
жазба әдебиетінде де дәстүрлі жалғасын тапқан. Әдебиеттегі дәстүр ұғымы-
бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, тарихи тұрғыдан
қалыптасқан нормалар мен іс-әрекеттердің рухани негізі десек, Құтты білік
арқылы жалғасын тапқан көркемдік дәстүрдің кейінгі қазақ поэзиясында ықпал
етпеуі мүмкін емес.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет
қайраткері. Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы
Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың
орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу
жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл
облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде
Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын
айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді
аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы,
Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан
еді. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы
тілдерінде еркін сөйлейді. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық
"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға
арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы
толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900
жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек
тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен
еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген
атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев
қазақ тіліне аударды. "Құтты білік" поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық
шығарма болып табылады.

ІХ-ХІІ ғасырларда түркі ой әлеміндегі белгілі ойшыл Жүсіп Баласағұн
Құтты білік еңбегін түркі дәуірінің өркендеген кезеңі Қарахандар
дәуірінде жазды Құтадғу білік (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұн шығарған
дидактикалық поэма. Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес
халықтардың ортақ қазынасы. Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын
адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік
мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам
нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық
ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас
қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, рахатты, салауатты өмір
сүруі үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды
белгілейді.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери
іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби
дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген,
қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани
қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой
толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің
солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік
сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының
дәстүрлі бірлігі мен мұндалап тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті
басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен
тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр
еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.
Жүсіп Баласағын Құтты білікті 1069—1070 жылы Баласағын қаласында
бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық
әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес
бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан
Боғратегінге тарту еткен.
Құтадғу Біліг – Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Дастанның бізге жеткен
үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен
(қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14
ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы
қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда
араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану
институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың
әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік"
дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы
Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне
аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл
шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен
орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910)
айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын
да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. Түркия ғалымдары 1942–43 жылы
Құтадғу Білігтің үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды.
Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және
А.Дильгар, көп ғалымдар еңбек сіңірді. Құтадғу Біліг дастаны орта
ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті
түріктерінің тілінде жазылған.
Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан
осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам
мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн
өзінің Құтадғу Біліг дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада
елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар
мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен
нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, тағы басқа
қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен
міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі
барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этикалық талаптар
сипатталып көрсетілген.
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген.
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ
заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны
көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі
патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат.Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеуметтік рөлі уәзірдің
баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы,
дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның Құтадғу
Білігінде өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат,
дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.
Әзіз уа ұлы Аллаһтың құдіреттілігі айтылады:
Аллаһ атымен бастадым сөз әлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!
Шексіз құрмет, шүкірлік мың да бір,
Ол мәңгілік, Хаққа лайық кіл қадір.
Жаратты Ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,
Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.
Қалады да, жаратты бар болмысты,
Бол! - деді де, бірден бәрін болғызды.
Төрт сахабаның ерекшеліктері туралы:
Төрт серігі бар еді оның сенетін,
Әрбір істе бірге қолдап еретін.
Бәрінен де Атық ұлы, ірі де,
Хаққа түзу көңілі де, ділі де!
Тәрк қылды мал, жан-тәнін, жүдеді,
Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.
Сон соң, Фаруқ еді кісі сарасы,
Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.
Діннің көркі, жәрдемші еді асқан ол,
Шариғатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Хас Хажып Баласағұн
Жүсіп Хас Хабыж Баласағун
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Құтты білік дастаныны
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Құтты білік дастанының нұсқалары
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Құтты біліктің зерттелуі
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Әл-Фараби- ғалым-энциклопедист
Пәндер