Қоршаған ортаның ластануының жасыл құрбақаға әсері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ:
1.1 Жасыл құрбақаның (Bufo viridis) морфофизиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жасыл құрбақаның (Bufo viridis) экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Ластаушы химиялық элементтердің әсері мен зияндылығы ... ... ... ... ... ... ...15
1.3.1 Су құрамында кездесетін химиялық элементтердің ролі ... ... ... ... ... .15
1.3.2 Топырақ құрамында кездесетін уытты элементтердің ролі ... ... ... ... ...16
1.3.3 Өсімдік құрамында кездесетін уытты элементтердің ролі ... ... ... ... ...19
1.3.4 Жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің
биологиялық ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ІІ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ІІІ. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
3.1 Топырақтың ластануына жүргізілген экологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ..28
3.2 Судың ластануына жүргізілген экологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.3 Өсімдіктердің ластануына жүргізілген экологиялық зерттеулер ... ... ... ... ...30
3.4 Жасыл құрбақаның (Bufo viridis) биосубстраттарының ластануына жүргізілген
экологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.5 Қоршаған ортаның ластануының жасыл құрбақаға (Bufo viridis) әсері ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
КІРІСПЕ
Қосмекенділер – саны жағынан аз тараған омыртқалылардың өкілдері, олар балықтар мен жорғалаушылардың аралық формасы болып табылады, сондықтан оларды эволюциялық зерттеулер үшін өте бағалығын көрсетеді.
Қосмекенділер теориялық зерттеулер төңірегінде зоогеография, генетика, популяциялық экология ғылымдарын қызықтыруда.
Қосмекенділер тірі табиғаттың обьектісі ретінде физиологиялық жағынан адамға жақын. Оларда жүрген реакциядан қоршаған ортаның ластануы ғана емес, адамның денсаулығын ластаудың соңына алып келетіндігін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан территориясында тіршілік ететін жасыл құрбақалардың (Bufo viridis) популяциялық құрылысындағы байланысты зерттеу, олардың морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, тіршілік етуінің экологиялық ерекшеліктерінің ғылыми заңдылықтарының жағдайын, биогеоценоздың продуктивтілігін анықтайды, осы жұмыстар бойынша көтерілген проблеманың теориялық мәні анықталынады.
Тақырыптың өзектілігі: Жасыл құрбақалар (Bufo viridis)Оңтүстік Қазақстан облысында кең тараған, саны жағынан жоғары, барлық тіршілік ортасында кездеседі және әртүрлі техногенді факторларға, қоршаған ортаның өзгеруіне төзімді болып келеді.Олардың биологиялық және морфофизиологиялық параметрлерін, жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің биологиялық ролін зерттеу бұлардың болашақта популяцияларына болжам жасауға маңызды болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ғылыми жұмыстың ең алды мақсаты жасыл құрбақалардың (Bufo viridis) қоршаған ортаның биоиндикаторы ретінде маңызын анықтау. Шымкент қаласынан алынған өсімдік, су, топырақпен салыстырыла жасыл құрбақаларға уытты элементтердің (Pb, Zn, Cu, P) әсері мен зияндылығы зерттелінбеген. Шымкент қаласында тіршілік ететін жасыл құрбақалардың морфологиясын, геоэкологиясын зерттеу. Осыған байланысты төмендегі міндеттер қойылған:
- Шымкент қаласында және оның төңірегіндегі аудандарда тіршілік ететін қосмекенділердің мекен ортасына сипаттама беру;
- жасыл құрбақалардың морфофизиологиясында жыныстық диморфизмді анықтау;
- Жасыл құрбақалардың мекен ортасына, жасына, маусымдық айырмашылығына байланысты морфофизиологиясын анықтау;
- Жасыл құрбақалардың экологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін көрсету;
- Жасыл құрбақа және оның тіршілік ету аймағына ауыр металдардың зияндылығын анықтау;
Ғылыми жаңалығы: Бұл жұмыс жасыл құрбақаның (Bufo viridis) биогеоэкологиясын, морфофизиологиясын зерттеуге бағытталған. Алғаш рет биогеоэкологиялық зерттеулер жүргізілді. Ауыр металдармен ластанған қоршаған ортаға және жасыл құрбақаларға әсері мен зияндылығына баға берілді.
Практикалық маңызы: Зерттеу жұмысының нәтижесі қоршаған ортаны қорғау ұйымдары үшін қолдануға өте маңызды. Алынған мәліметтер қосмекенділердің қалыпты жағдайдағы сақталуына, көбеюіне, биоценозда таралуына өз үлесін қосады. Сонымен қатар алынған мәліметтер зоология, герпетология, жануарлар физиологиясы пәндерін орта және жоғары оқу орындарында оқытуда пайдалануда маңызы жоғары болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. И.В.Семенов. Индикационная зоология / Природа. 1987г 86-91 бет
2. Писанец Е.М. Новые данные по кариологии Bufo viridis-complex
(Amphibian,Bufonidae) и вопросы происхождения азиатских тетраплоидных
жаб / Герпетологические исследования, Л.: 1991. Вып. 1 41-51бет
3. Кузьмин С.Л. Зеленая жаба, Среднеазиатская жаба. Озерная лягушка /
Земноводные бывшего СССР.-М.: Товарищество научных изданий КМК,
1999.162-236 бет
4. Щварц С.С. Метод морфофизиологияческих индикаторов в экологии
наземных позвоночных животных / Зоол.ж.,1958.-Т.37, вып.2.
5. Писанец Е.М. Основные направления в исследовании р.Bufo Руководство по
изучению земноводных и пресмыкающихся Киев, 1989.46-72 бет
6. Межжерин Е, Писанец Е генетическая изменчивость зеленых жаб
комплекса Bufo viridis в фауне СССР.222-226 бет
7. Шалгимбаева С.М. Некоторые данные личиночного развития жаб Bufo
viridis / Вестник КазГУ.А-1998. сер.биологическая.№6 30-35бет
8. Никольский А.М. Земноводные . / Пресмыкающиеся и земноводные Кавказа.
- Тифлис: Изд. Кавказского Музея. 1913.
9. Гончаренко А.Е. Методика определение возроста безхвостных амфибий.
Журнал Вестник 1988.
10. Ищенко В.Г. Метод морфофизиологических индикаторов / Руководство по
изучению земноводных и пресмыкающихся. Киев, 1989.92-103бет
11. Nurtazin S., Chromov V., Duisebaeva T. Gjmparative Lung Morphology in Dreen
Toads of the Bufo viridis Complex / 19977 Pragua. Czech Republic. 152 p
12.Щербак Н.Н. Картирование ареалов / Руководство по изучению земноводных и пресмыкающихся. Киев, 1989.99-110 бет
13.Вайнерт Э., Вальтер Р. и др. Воздействие антропогенных стрессоров на
анатомо-морфологические структуры животных / Биоиндикация загрязнений
наземных экосистем.-М.: Мир, 1988. 59-65 бет
14.Никольский А.М. Земноводные . / Пресмыкающиеся и земноводные Кавказа. - Тифлис: Изд. Кавказского Музея. 1913.
15. Бедряга Я.В. Земноводные и пресмыкающиеся. Научные результаты
путешествия Н.М.Пржевальского по Центральной Азии. Отд. Зоол. 1989.
16. Кашков.Д.Н. Животные Туркестана. –Ташкент; Гос издат. 1932.-452бет
17. Даль С.К. Позвоночные низовьев реки Зеравшан / Тр. УзГУ .-Смарканд,
1936.-7.-142
18.Богданов О.П. Земноводные. Зеленая жаба-Bufo viridis / Экология
позвоночных животных хребта Нуратау.- Ташкент: ФАН,1970.-11 бет
19.Вашетко Э.В., Сартаева Х.М. Экология зеленой жабы в Ферганской долине/
Вестник зоологии, 1990.-№4 -74-76 бет
20. Авцын А.П., Жаворонков А.А., Риш М.А., Строчкова Л.С. Микроэлементозы человека: этиология, классификация, органопатология. - М.: Медицина, 1991г.
21.Беспамятнов Г.П. Временные гигиенические нормативы содержания химических элементов в основных пищевых продуктах № 2450-51. Минздрав СССР, 1985г.
22.Вода питьевая. Гигиенические требования и контроль за качеством. Государственный стандарт Узбекистана. Ташкент, 2000 г.
23.Ильин В.Б. Тяжелые металлы в системе почва-растения. Новосибирск: Наука, Сибирское отделение. 1991г. Каббата-Пендиас, Х. Пендиас. Микроэлементы в почвах и растениях. М., Мир, 1989 г.
24. Ноздрюхина Л.Р. Биологическая роль микроэлементов в организме животных и человека. М.: Наука, 1977 г.
25. Райцес В.С. Нейрофизиологические основы действия микроэлементов. - Л.: Медицина, 1981г.
26. Сает Ю.Е., Ревич Б.А., Янин Е.П. Геохимия окружающей среды. – М:Недра. 1990 г.
27. Bowen H.J.M. Enviromintal Chemistry of the Elements, Akademic, Press, New York, 1979

Қоршаған ортаның ластануының жасыл құрбақаға әсері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ:
1.1 Жасыл құрбақаның (Bufo viridis)
морфофизиологиясы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.2 Жасыл құрбақаның (Bufo viridis)
экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Ластаушы химиялық элементтердің әсері мен
зияндылығы ... ... ... ... ... ... . ..15
1.3.1 Су құрамында кездесетін химиялық элементтердің
ролі ... ... ... ... ... .15
1.3.2 Топырақ құрамында кездесетін уытты элементтердің
ролі ... ... ... ... ...16
1.3.3 Өсімдік құрамында кездесетін уытты элементтердің
ролі ... ... ... ... ...19
1.3.4 Жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің
биологиялық
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24

ІІ. ЗЕРТТЕУ
ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 27

ІІІ. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
3.1 Топырақтың ластануына жүргізілген экологиялық
зерттеулер ... ... ... ... ... ..28
3.2 Судың ластануына жүргізілген экологиялық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ...29
3.3 Өсімдіктердің ластануына жүргізілген экологиялық
зерттеулер ... ... ... ... ...30
3.4 Жасыл құрбақаның (Bufo viridis) биосубстраттарының ластануына
жүргізілген
экологиялық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...31
3.5 Қоршаған ортаның ластануының жасыл құрбақаға (Bufo viridis)
әсері ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .37

КІРІСПЕ
Қосмекенділер – саны жағынан аз тараған омыртқалылардың өкілдері, олар
балықтар мен жорғалаушылардың аралық формасы болып табылады, сондықтан
оларды эволюциялық зерттеулер үшін өте бағалығын көрсетеді.
Қосмекенділер теориялық зерттеулер төңірегінде зоогеография,
генетика, популяциялық экология ғылымдарын қызықтыруда.
Қосмекенділер тірі табиғаттың обьектісі ретінде физиологиялық
жағынан адамға жақын. Оларда жүрген реакциядан қоршаған ортаның ластануы
ғана емес, адамның денсаулығын ластаудың соңына алып келетіндігін
көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан территориясында тіршілік ететін жасыл
құрбақалардың (Bufo viridis) популяциялық құрылысындағы байланысты зерттеу,
олардың морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, тіршілік етуінің
экологиялық ерекшеліктерінің ғылыми заңдылықтарының жағдайын,
биогеоценоздың продуктивтілігін анықтайды, осы жұмыстар бойынша көтерілген
проблеманың теориялық мәні анықталынады.
Тақырыптың өзектілігі: Жасыл құрбақалар (Bufo viridis)Оңтүстік
Қазақстан облысында кең тараған, саны жағынан жоғары, барлық тіршілік
ортасында кездеседі және әртүрлі техногенді факторларға, қоршаған ортаның
өзгеруіне төзімді болып келеді.Олардың биологиялық және морфофизиологиялық
параметрлерін, жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің
биологиялық ролін зерттеу бұлардың болашақта популяцияларына болжам
жасауға маңызды болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ғылыми жұмыстың ең алды мақсаты
жасыл құрбақалардың (Bufo viridis) қоршаған ортаның биоиндикаторы ретінде
маңызын анықтау. Шымкент қаласынан алынған өсімдік, су, топырақпен
салыстырыла жасыл құрбақаларға уытты элементтердің (Pb, Zn, Cu, P) әсері
мен зияндылығы зерттелінбеген. Шымкент қаласында тіршілік ететін жасыл
құрбақалардың морфологиясын, геоэкологиясын зерттеу. Осыған байланысты
төмендегі міндеттер қойылған:
- Шымкент қаласында және оның төңірегіндегі аудандарда тіршілік ететін
қосмекенділердің мекен ортасына сипаттама беру;
- жасыл құрбақалардың морфофизиологиясында жыныстық диморфизмді анықтау;
- Жасыл құрбақалардың мекен ортасына, жасына, маусымдық айырмашылығына
байланысты морфофизиологиясын анықтау;
- Жасыл құрбақалардың экологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін көрсету;
- Жасыл құрбақа және оның тіршілік ету аймағына ауыр металдардың
зияндылығын анықтау;
Ғылыми жаңалығы: Бұл жұмыс жасыл құрбақаның (Bufo viridis)
биогеоэкологиясын, морфофизиологиясын зерттеуге бағытталған. Алғаш рет
биогеоэкологиялық зерттеулер жүргізілді. Ауыр металдармен ластанған
қоршаған ортаға және жасыл құрбақаларға әсері мен зияндылығына баға
берілді.
Практикалық маңызы: Зерттеу жұмысының нәтижесі қоршаған ортаны
қорғау ұйымдары үшін қолдануға өте маңызды. Алынған мәліметтер
қосмекенділердің қалыпты жағдайдағы сақталуына, көбеюіне, биоценозда
таралуына өз үлесін қосады. Сонымен қатар алынған мәліметтер зоология,
герпетология, жануарлар физиологиясы пәндерін орта және жоғары оқу
орындарында оқытуда пайдалануда маңызы жоғары болып табылады.

1.1 Жасыл ҚҰРбақаның морфофизиологиясы
Морфофизиологиялық көрсеткіштерді оқып-білу табиғаттағы жануарлардың
физиологиялық ерекшеліктерін бағалау, маусымдық процесіндегі олардың
тіршілік ету әрекетінің комплексі бойынша ерекшеліктерін береді.
Жасыл құрбақаның үсті ашық сұр-сарғыш түсті, тоқ жасыл дақтары бар және
ұзынынан жіңішке қара түспен жиектелген. Терісі кедір бұдырлы, басының
жанынан улы бездерінің жинағынан екі ірі құлақ түбі бездері қабынған. Ең
үлкен жасыл бақаның өлшемі 140мм болады. Кавказда жақсы жайлы зоналардың
өзінде бұл түр орташа 75мм өлшемді болады. Солтүстікте, Оңтүстік- Шығыста
мүмкіндігінше Батыста жасыл құрбақалардың дене өлшемі кішірейе береді.
Осындай кең таралғандығына қарамай жасыл бақалар Оңтүстік жануарларына тән
қасиеттерге ие. Бұлардың бұлшықет ұлпалары белгілі жылу тұрақтылығымен
ерекшеленеді, негізінде бұл түр 33ºС те де өзін жақсы сезінеді.
Қосмекенділердің құрғақ жерде мекен ету бейімділігі екі жағдайда дамиды:
терісінде судың өтімділігі кем және ағза зиянсыз, көп ылғалды шығара алады.
Жасыл құрбақаларда судың теріге өтімділігі шөпқоректі құрбақаларға
қарағанда үш есе аз болады. Жасыл құрбақалар 50% денесінің суын
жоғалтқанның өзінде тіршілік ете алады, ал шөпқоректі құрбақалар өзінің
денесінің 15% суын жоғалтқаннан өліп кетеді. Тері арқылы судың өтімділігі
теріні жауып тұрған шырыштық консистенциясымен реттеледі. Қосмекенділерге
қоршаған ортада ылғал жеткіліксіз жағдайда, олардың терісінде жұқа, құрғақ,
жылтыр суды аз өткізетін қабықша пайда болады. Жас құрбақа тәулік бойына
ылғалдылық уақытын таңдап, қараңғылық немесе түнгілік өмір салтын ұстайды.
(С.Л.Кузьмин,1997).
Құрбақалардың тілдері аз қозғалады, тілінің түбі аузының алдына
бекіген, ұшы артқа қайрылып бос жатады.Мұндай баяу қозғалатын жануарларда
ең қорғанатын қорғанышы –улы бездері-паротидтері және көптеген майда дара
улы бездері болып табылады.. Құрбақалардың улы бездерінің арнайы апараттары
жоқ. Ұсақ дара улы бездерінде арнайы сыртқы өскіндері болады(А.Атаев,1987).
Құрбақаны аңдыған жыртқыш оны ұстап алғанда, құрбақаның ең кішкентай улы
бездерінен ұдайы өткір иісті, бүлдіргіш және құстырғыш зат бөлінеді.
Жыртқыш құрбақаны тастауға мәжбүр болады.Құрбақаны ұстамайынша, оны қанша
артынан жүргенмен оның бездерінен ештеңе де бөлінбейді. Құлақжаны
бездерінің өскіндерінің аузы ерекше тығынмен, сыртқа ақпайтындай жабылған.
Құлақ жаны бездерінен бөлінген сұйықтық, жыртқыштың ағзасына түскен соң,
оны улайды(С.Л.Кузьмин,1999).
Құрбақалардың ұйықтауы кезінде, құлақ жаны бездері ағзаның
қызметіне тәуелсіз өзінің қызметін атқара береді, адамдар үшін бұл улы
сұйықтық қауіпсіз. Шөлді далаларда жасыл құрбақаның жазғы ұйқыға
кететіндері де бар. Күнделікті активті тіршілікке көшкенде, итшабақтар
судың түбінде болады және арқа құрсақтарының жалпаюы, дене қалпының пішін
ерекшелігіне байланысты. Оларда, алдыңғы бас бөлімінде тұмсығы алға
шығыңқы, танауы мен көзі бір-біріне жақын орналасқан және артқа
ығыстырылған. Құрбақа итшабақтары оттегі жетіспейтін ортада өмір сүрсе де,
олардың сыртқы желбезектері қысқа және желбіремейтін болады. Бірақ қан
тамырлары құйрық жүзбе қанаттарында басқа итшабақ түрлеріне қарағанда
айтарлықтай қою болады. Бұл маңызды, себебі олардың өкпемен тыныс алуы
кешірек жұмыс атқарады.
Қосмекенділердің ет системасының негізінен екі айырмашылығы бар:
біріншіден – алдыңғы және артқы аяқтарында күрделі және күшті еттер дамиды.
Екіншіден - өте күрделі қозғалысына байланысты дене еттері бірсыпыра
жіктелген.ет сегменттерінің метамерлі орналасуын құйрықсыздардың кеуде
бөлімінің біраз жерінен көруге болады (Л.Вершинин,1987; В.Топоркова,1985;).
Қосмекенділерде парлы иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен
бір пар танау тесігімен қатынасады. Иіс сезі капсуласынан ішкі танау тесігі
хоандар кетеді, олар ауыз-жұтқыншақ қуысымен жалғасады. Бұл айтылған
система иіс қабылдаумен қатар тыныс алуға да қатысады. (В.Топоркова,1985).
Қантамырларымен қанның қозғалу схемасын қарастырсақ, вена қаны- вена
қолтығына, одан оң жүрекшеге барып құяды. Сол кезде сол жүрекшеге өкпе
веналары арқылы таза артерия қаны келіп құйылады. Жүрекшелер жиырылған
кезде артериялық және веноздық қандар екі жүрекшеге ортақ тесік арқылы
қарыншаға келеді. Осы кезде қарыншада веноздық және артериялық қан араласып
кетеді. Бірақ оның сол жақ бөліміндегі қан, оң жақ бөліміндегі қанға
қарағанда оттегіне бай болады. соның нәтижесінде үш артериялық доғаға
(өкпе, ұйқы, системалық) аралас қан келеді. (С.П.Наумов, 1990)
Соңғы жылдардағы зерттеулерге, шығыс жасыл құрбақасының жүйелеуін
жатқызуға болады. Киргизиядағы жасыл құрбақалардың кариотиптерінің негізгі
ерекшеліктері (Bufo viridis) деген жұмыс 1976ж жарияланды, онда
Киргизиядағы Шулық және Ыссық көлдік тетраплоидты және диплоидты
құрбақалардың екі формасы ұсынылған. Bufo viridis комплексті тетраплоидты
құрбақалар Каспий теңізінің аралығында кең көлемді батыс Монголия және
Солтүстік-шығыс Қытайға дейінгі территорияны мекен етеді.Бұл құрбақалар
тасты, жартылай шөлді 400-4000 м дейінгі жерлерде де кездеседі. Диплоидтары
Туран ойпаты мен кейбір орталық Азияның таулы ойпат белдеулерінен орын
алады. Таксономиялық комплексі әлі талқылануда.
Hemmer et al.морфологиялық ерекшеліктерінің негізінде Bufo viridis
turanensis түр тармағы, яғни Каспий теңізінің шығысында туран бассейінінде
тіршілік ететіндігі белгілі болды.Bufo viridis Laurenti 1768, Bufo viridis
turanensis Hemmer, Sckmidtler et Bohme, 1978 және Bufo viridis
skraartusiensis диплоидты болады.Bufo danatensis Pisanetz оңтүстік –батыс
Түркменияда құрбақалардың популяциясымен салыстырмалы жазылған болатын,
1978 Bufo viridis морфологиялық және экологиялық тұрғыда ерекшеленеді
(И.С.Голубев,1990). Тағы Bufo danatensis Түркменияның оңтүстігінде ,
Өзбекстанда, Тәжікстанда және Қазақстан мен Қырғызстанның биіктаулы
аймақтарында тіршілік етеді.Өлшем көрінісі белгілерінің нәтижесі және
индекстері авторлардың 3 популяциялық топтарын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Шығыс топтарындағы жасыл бақалар Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда теңдей
болуы, Bufo viridis turanensis түр тармағының берілуінен болады
(Е.М.Писанец,1987; Щербак,1979). Келесі зерттеулердің көрсетуінше,
жүйеленгенде олар бірдей топтар ғана емес, кең көлемді ареалды сипаттайды.
Ары қарай әр түрлі бағыттағы Bufo viridis комплексті жүйесі зерттеледі.
Bufo viridis turanensis диплоидты (78,6±0,47; n=244) және Bufo danatensis
тетраплоидты (59,4±0,99;n=21) дене өлшемдерінің айырмашылықтарын
тапты.(Василенко.О, Е.М.Писанец,1991). С.В.Межжерин және Е.М.Писанец
тетраплоидтық популяцияны оңтүстік-шығыс Қазақстаннан Шымкент қаласына
жақын жерден тапты.
С.Л.Кузьмин Орта Азия мен Қазақстанға Bufo viridis және Bufo
danatensis -ті бағыттайды.(1999)
С.М.Шалғымбаева (1998) даната бақасының дернәсілдерінің белгілерін
сыртқы морфологиялық түрде сипаттады: Жасыл бақалардың морфологиялық
өзгеріс белгілерімен Нижнего Поволжья үш пунктінің ерекшелігі бойынша
бақылауға алынды. Нижни Поваложья бақалары Ростов облысының бақаларынан
ерекшелік белгілері: L.t.c.; L nap.; Lt.nap; F; Lnap; L, C, int. және
арқа мен жиек жағындағы түстермен ерекшеленеді.Негізінде жасыл бақа
түрлерінің морфологиясы туралы көп жазылған.
Морфометрикалық ерекшеліктеріндегі диплоидты және тетраплоидты
түрлерін мына белгілері бойынша ажыратылады: L-тұлға ұзындығы, L.c.-бас
ұзындығы соңына дейін және L.nap.-паротид ұзындығы.Ең нақты ерекшелік
4n=44 тетраплоидты кариотипі (Bufo danatensis) немесе диплоидты 2n=22 (Bufo
viridis) хромосома жиынтығы болып табылады.
Bufo viridis кариологиялық зерттеулер бойынша көптеген популяциялық
көріністерде негізінде ол Bufo danatensis.Жасыл бақалардың көбінесе
таксонды плоидтары белгісіз болып қала бермек.

1.2. ЖАСЫЛ ҚҰРБАҚАНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Жасыл бақа Европада, Солтүстік Америкада, Европа бөліктерінің бұрынғы
СССР-де, Крым, Кавказ, Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Турция, Афганистан,
Шығыс Алтайға дейін, батыс Монголия мен батыс Қытай жерлерінің бәрінде
таралған. Жартылай шөлді алқаптарда, далаларда және жалпақ жапырақты
ормандарда кеңінен таралғандығы солтүстік аралас орман шекарасына дейін
барады(И.В.Семенов, 1987). Жасыл бақа 4500 мың биіктіктегі Гималайдан да
табылған.
Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.

Қазіргі кезде қосмекенділердің 4000-нан астам түрі жер шарының
тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі.
Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек
кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Даму кезеңінде су дернәсіл күйінде сақталады. Үлкенді кішілі
су ортасымен байланысы көпшілік өкілдерінде және есейгендеде болады.
Олар көне саусақ қанатты балықтардан девон дәуірінде шыққан және
балықтармен қазіргі құрлық омыртқалардың ортасында тұр. Қазіргі
қосмекенділердің денелерінің ұзындығы 2-3 см 1,8 м дейін барады.
Терілері жұмсақ , жалаңаш, оларды көптеген шырын бездерінің
шірнелерінің әсерінен әруақытта ылғалды болып тұрады. Терілері
арқылы газ және су өтіп кейбір мөлшерлі газ алмасу болып тұрады.
Кейбір тері қаңқасының құрамдары топырақта тіршілік ететін
аяқсыздарда және кейбір құйрықсыздықтарда кездеседі. Көптеген
өкілдерінің терілерінде улы бездері болады. Қазіргі қосмекенділердің
қаңқасында көптеген шеміршектер кездеседі. Басы мен кеудесінің
қосылған жері қозғалмалы. Алдыңғы аяқтары, төрт саусақты, артқы бес
саусақты. Құйрықты қосмекенділердің ішінде қақпа мұрындылар артқы
аяқтарын жоғалтқан. Кеуде қуысы жоқ, сондықтан ауа ауыз қуысының
еттері тартылған да өкпеге жіберіледі. Кейбір өкілдерінің өкпелері
болмайды. Мидың мишықтары нашар дамыған. Құйрықсыздардың, орта
құлағында дабыл жарғағы болады. Жүректері, үш бөлімді, өкпесіздерде
екі бөлімді. Үш бөлімді жүректің сол жүрекшесіне тек өкпеден күре
қандары келіп түседі, ал оң жүрекшесіне көк тамыр қандарымен қоса
тері көк тамырларынан келген күре қанда түседі. Бұл жағдай жүректе
қанды таза екі түрде бөлуге мүмкіндік етпейді. Бүйректері балықтар
сияқты денелік. Жыныс бездерінің және бүйректің түтіктері айналшықта
ашылады (А.Г.Банникова,1985).
Жасыл бақа көбіне құрлықта өмір сүреді, суда тек белгілі уақытта
уылдырықтар кезінде ғана болады. Бақа кейбір қосмекенділер бара алмайтын
құрғақ жерлерде де мекен етеді.Арнайы бақылау бойынша топырақ қабатының
ауа ылғалдығы 51-90% тең жерлерде жасыл бақалардың 91% кездессе, одан да
жоғары 91-100% ылғалдылықта бұл жануарлардың 9% ғана кездеседі
(З.Бердибаева,1986).
Суық қанды жануарлар сондықтан зат алмасу процесінің өнімділігі
үлкен емес. Денелерінің жылулығы тұрақты емес. Қосмекенділердің
көпшілігі суда көбейеді. Барлық дерлік құйрықсыздардың және кейбір
құйрықтыларда ұрықтану сыртта өтеді, құйрықтылардың көпшілігінде және
аяқсыздарда іштей. Жұмыртқа туады, тірі туатындары да кездеседі.
Дамулары толық өзгерумен жүреді, дернәсілдері ересектерінен
айрықшаланады. Уылдырықтарын жерге салатын кейбір қосмекенділердің
дамулары тікелей. Кейбір құйрықтыларға жыныстық ерте жетілу тән.
Қазақстанда қосмекенділердің екі тобының: құйрықты және
құйрықсыздардың өкілдері бар.(А.Г.Банникова,1985).
Денесін артық сулармен толтыра, қорек аулауға шыққан жасыл бақалар суда
жиі шомылады (Е.Писанец, 1978) Жазда жасыл бақа кешкі сағат 20ºº-12ºº ге
дейін қоректенеді. Күзде жасыл бақа қорегін аулауға кешкі сағат 17ºº- де
шығады. Кейде олар күндіз қоректерін аулап, кешке тынығады. Олар қорегінің
барлығын құрлықта аулайды. Тек жалпы қорегінің 0,1% ғана су жәндіктері
болып табылады. Кавказда негізгі қоректері- қоңыздар, қандалалар,
жұлдызқұрттар және құмырсқалар(А.Ф.Ковшарь,1964). Арменияда қоректерінің
жартысы негізінен қоңыздар, шыбын, дернәсілдер мен қандалалар және
құрттар.Жасыл бақа ұшып келген шыбын шіркейлерді аулауы өте сирек болады.
Ол жасыл бақаның қорегін аулап жүрген кездегі секіруі мен орнынан
қозғалуына байланысты. Артқы қысқа бұлшықеттерінің дамуына байланысты,
жасыл бақа қорегін аулауда, күшті секірулер жасай
алмайды(А.Параскив,Е.Ананьева,1972) .
Жасыл құрбақалар қысқы ұйқыға ауа температурасы орташа 7º-8ºС-қа
жеткенде кетеді, және 3-4ºке түскенде мүлдем кездеспейді. Күндіз қай жерде
тығылатын болса, сол жерде қыстап шығады: кеміргіштердің індерінде,
шұңқырларда тастың астында, топырақтың астында 10-12 см тереңдікте
жасырынады.Қысқы ұйқыны жалғыз немесе 3-4 түрлері бірге өткізеді. Жасыл
құрбақалар қыстап шыққаннан соң, көбеюге кіріседі (Бердибаева.З,1986).
Жасыл құрбақалардың ұрықтану сыртта болады. еркегі ұрғашысының үстіне
шығып, алдыңғы екі аяғымен арқасына мықтап жабысып алып, ұрғашысының
жұмыртқасын қысып шығарады. Бұл процесс ұзақ уақытқа , кейде бірнеше күнге
созылады. Бұл кезде олар су ішінде болады (Наумов С.П., 1979).
Уылдырықтағаннан соң, құрбақалар судан шығады. Уылдырықтау әртүрлі
түрлерде әрқалай жүреді, осы уылдырықтау кезеңі шілдеге дейін, кейде
тамызға дейін жүреді. Уылдырықтары жіпше тәрізді екіжақтама орналасқан.
Жалпы жіпшесінің ұзындығы 7м дейін барады, ал ондағы уылдырық саны 12800-ге
жетеді. Жұмыртқа клеткасының диаметрі 1-1,5мм дейін ұсақ болады.Жіпшелері
су астында, түбінде немесе су өсімдіктеріне жабысып жатады. Судың 23ºС
орташа температурасында итшабақтар 5-6күнде 6-7мм-ге жеткенде, бадыраяды.
Ең алғаш олар жіпшелерге жабысып, кейіннен су асты өсімдіктеріне және
әртүрлі нәрселерге бекінеді. 3-4 күннен кейін оларда ауыз пайда болады,
және олар үздіксіз қоректенуге кіріседі (Шварц С.С,1988).
Жасыл бақаның итшабақтары 1-45ºС ке дейін температурада өмір сүре
алады. Олар диатомды және жасыл балдырлар, өсімдіктер қалдықтары және
жануарлармен қоректенеді. Тіршілігі күндіз жүреді. Құйрықсыз
қосмекенділердің ішінде жасыл бақалардың итшабақтары ең тез дамуымен
ерекшеленеді.5-ші күн дегенде олардың сыртқы желбезектері жойылады, 20-шы
күні артқы соңғы бүйректері пайда болады, 30-шы күні соңғы артқы суставтары
бөлінеді, 38-ші күні алдыңғы аяқтары пайда болады, 39-шы күні құйрығының
қысқарып, жойылуы басталады. Итшабақтар жай өседі, бір күнінде орта есеппен
0,8мм өседі. Негізгі жағдайда суының температурасы 21,5º-та дамуы 45-55
күнге, ал 24,8º-те 55-60 күнге созылады (И.Семенов,1987).
А.М.Никольский былай деп жазған: Құрбақа немесе теңбіл бақаның (Bufo
viridis)түрлері Каспий маңы мен Түркістанда сол қалпында сақталған. Жасыл
бақа әртүрлі ортада алқаптан жоғары бұталы-ағашты белдеуге дейін тіршілік
етеді, 4000м теңіз деңгейіндей. Тибет пен Гималай тауларына 4200м биіктікке
көтеріле алады. (1913)
В.В.Дубининнің (1950) зерттеуі бойынша шөл далада жасыл бақа көп
кездеседі, бірақ олар көбіне тұрғын үйлер мен қышлақтардың бақшаларында
кездеседі. Бақа өзендердің бойында, таулы аймақтарда, әртүрлі
ауылшаруашылық егістіктерде, бақшаларда тұрғын үйлердің маңында шөлейтті
жерлерде кездеседі. Ал, тіршілік ортасы шөпті жағалау, қамысты және ну
тоғайлар. Шөлейтті жерлердегі жасыл бақалар бұлақтар мен аз минералданған
су маңдарында шоғырланған және де оларды аз минералданған суларды сіңіретін
жерлерден де табуға болады. Үлкен қалаларда мысал, Алматы қаласында бақалар
суаттар орналасқан жердің бәрінде де кездеседі. Ал жасанды суаттарда көл
бақалар мен жасыл құрбақалар көптеп кездеседі. Орта ағысты Ангрен өзенінің
алыс жағалауы мен тоғайлы жерінен жасыл құрбақаны кездестіруге болады.Ал
осы өзеннің таулы аймақтарынан тек көл бақа мен жасыл құрбақаларды барлық
жерінен көруге болады. Өйткені олар құмды жерлер мен жасыл бұғаздарда
кездеседі. Қосмекенділердің кез келген түрі құрғақшылықты ортаға төзімдірек
келеді. Жасыл құрбақа ылғалды батпақты жерлерді мекендейді. Нуратин тауының
барлық сайларында тіршілік етеді. Негізінен ол сайлардың дымқыл түбінен
қоныс тебеді. Амударияның тоғайлы жерлерінде жасыл құрбақа сирек кездеседі.

Ал, Хорезм облысындағы мәдени Оазисте жасыл құрбақаның қарапайым түрі
батпақты жазықтықта Амударияда жасыл құрбақа әдеттегідей кездеседі.Ал
Хорезмнің құмды Оазисінің батыс жағында құрбақалар мүлдем жоқ. Жеззак
облысының таулы аймақтары мен өзенді бойлай бақалардың әртүрлі биотоптары
мекендейді. Біз Хаят-башы тауының 2000м биіктігінен де жасыл бақаны таптық.
Қара-таш тауының етегінен де Янги –Кишлак поселкесінен де Айдаркөл тұзды
ешкімге керек емес көлдің жағалауынан да кездестірдік (А.М.Никольский).
Құрбақа өмірге тез бейімделгіш жануар болып табылады. Біз білетін
құрғақ жерлерде де тұрғын үйлердің маңында да өте үлкен пішінде кездеседі.
Соған қарағанда қаланың жағдайы мен су қоймалары бұлардың сақталуына көп
жәрдем тигізеді. Сондықтан олар қаланың кез – келген жерінен кездестіруге
болады. Әртүрлі аралас суқоймалардан және далпақжапырақты ормандарда,
далалар мен шөлдерде қатты ағысты өзендерде көл бақалар тіршілік етеді.
Теңіз деңгейінің 2500м не дейінгі таулы биіктіктерге көтеріле алады.
Тәжікстанда жасыл құрбақаны 1100-1200м биіктіктегі теңіз деңгейіне дейін
көтерілген жерінен тапқан. Қазақстан мен Өзбекстанда құйрықсыз
қосмекенділер түрі кеңінен танымал. Олардың кез келген тұрып қалған
суаттардан, арықтардан, күрішті егістіктерінен көлшіктерден кездестіруге
болады (С.Л.Кузьмин, 1999).
Жасыл құрбақалар кейде құстардың балапандарына, ұсақ кеміргіштерге
және балықтарға шабуыл жасайды. Итшабақтары өсімдіктермен қоректенеді.
Құрғақшылық кезінде балшыққа көміліп, інге, тастың астына тығылып, ұйқыға
кетеді. Біздің жердегі құрбақалар қыркүйек айында ауау температурасы 8-12
градус жылылықта ұйқыға дайындалады да, 3-5 градуста ұйқыға кетеді. Жасыл
құрбақалар сәуірдің соңы мен мамыр айының бас кезінде оянады
(И.Семенов,1987).
Еліміздің Қызыл Кітабында жетісу аяқты балығы, данатин құрбақасы,
қызылаяқбақа енгізілген. Данатин құрбақасы Қазақстанда Зайсан
ойпатында, Іленің ортаңғы және төменгі ағыстарында, Алакөл су
алқабында тіршілік етеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде оның тауда
да, тегісте де мекендейтіні анықталды. Көк және данатин
құрбақаларының таралу аймақтары аралас. Қолдан өсірілмеген, оны қорғау
шаралары қолданылмаған. Бұл құрбақаның таралуын және симпатриялық
түр-көк құрбақамен қарым қатынастарын зерттеу керек. Жетісу аяқты
балығы таралу аймағы шағын, сирек кездесетін түр. Жоңғар аладауының
эндемигі. Таралу аймағының көпшілік бөлігі Қазақстанда. Су деңгейінің
тұрақты болмауы, тау жоталарында малдың жайылуы және сулардың
ластануы-оның санының азайып кетуінің негізгі себептері. Оны қорғаудың
нақты жолы-жоғарғы көк су мерзімді қорығынан қандай да бір болмасын
адам әрекетінен тысқары жерді бөліп, оны айрықша қорғау. Қолдан
өсірудің белгілі тәсілдерін тәжірибе жүзінде іске асыру керек.
Адамдардың іс әрекетінің ықпалына сәйкес популяцияның өзгеруін
қадағалауды одан әрі жалғастыру керек.
Оларды сақтап , санын көбейту үшін мекендейтін жерлерінде
қорықтар құрып, онда мал жаюға, ағаш дайындауға, балық аулауға тиім
салынуы керек. Жергілікті халықтың арасында түсінік жұмысын
жүргізген дұрыс болады. (А.Г.Банникова,1985)
Басқа омыртқалыларға қарағанда , қосмекенділердің практикалық маңызы
аз. Жалпы қосмекенділер адамға пайдалы. Көбінесе кейбір түрлері бағалы
жыртқыштардың қара күзендердің, жанат тәрізді иттердің негізгі қорегі болып
есептеледі. Бақалармен көптеген пайдалы құстар үйректер мен тырналар
қоректенеді. Үй құстарын қоректендіру үшін итшабақтарды өсіру тәжірибесі
жүргізіліп отыр. Кейбір елдерде бақалардың етін тамаққа пайдаланады.
Сонымен қатар бақаны көптеген ғылыми және оқу процесінде пайдаланады.
(С.Л.Кузьмин, 1999).
Бақалар көп мөлшерде зиянды насекомдарды аулап, ауыл шаруашылығына кө
пайдасын тигізеді. Неміс шаруашылығының өз бау-бақшаларына бақаларды арнайы
жіберуі де тегін емес. Мұндай көкөністерді қорғаудың түрі улы химикат
заттармен қорғағанмен бірдей болады. Оңтүстік Қазақстан территориясында
даната бақаның кездеспейтін жері жоқ, ол үшін оларды алып, арнайы көбеюіне
жағдай жасап қолдануға болады. Сонау ертеде адамдар құрбақа мен көлбақаның
улы безін пайдаланған. Адамдар үшін көптеген амфибиялардың улы безі зиян
емес, бірақ ұсақ жануарлар мен құстар үшін қауіпті. Сонымен қатар
бақалардың улы безін медицинада қолданады. (А.М.Никольский).

1.3. ЛАСТАУШЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ
ӘСЕРІ МЕН ЗИЯНДЫЛЫҒЫ

1.3.1. Су құрамындағы химиялық элементтердің әсері
Қорғасын. Қорғасынның су бетіне эндогенді және экзогенді минералдардың
еруі процесі нәтижесінде түседі. Қорғасын құрамы көрсеткіштерінің жоғарлауы
қоршаған ортадағы көмірді жағумен, тетраэтилсвинцті мотор майларына
антидетонатор ретінде қабылдау, кейбір металлургиялық заводтар мен химиялық
өндірістер шахталармен байланысты (Авцын А.П.,1991).
Қорғасын табиғи суларда ерітінді күйде болады. Ерітінді формасы
минералды және органоминералды комплексті түрде, жай ион күйінде, ерітінді
емес – негізгі сульфид, сульфаттар мен карбонаттар түрінде де кездеседі.
Өзен суларында қорғасынның концентрациясы 1дм3 –та ондық үлестен
микрограмм бірлігіне дейін толқиды.Сулы объектердің сулары полиметалды кен
аудандарының өзінде 1дм3 –ң концентрациясы ондық миллиграммға сирек жетеді.
Тек хлорлы термальды суларда қорғасын концентрациясы 1дм3 –тың бірнеше
миллиграмына кей-кезде жетеді (Ноздрюхина Л.Р., 1977).
Қорғасынның ШРК-сы 0,03 мгдм3 құрайды (зиянды – санитарлық – уытты
лимиттеуші көрсеткіші). ШРК – 0,01 мгдм3 (зиянды – уыттық лимиттеуші
көрсеткіші)
Мырыш. Табиғи суға мырыш табиғи процестердің бұзылуынан, тау жыныстары
және минералдардың еруінен (сфалерит, цинкит, госларит, смитсонит,
каламин), гальваникалық цехтар және кенбайыту фабрикаларының суларынан,
пергаментті қағаз өндірістері, краска минералдары, вискоз талшықтары
нәтижесінде түседі.
Суда мырыш негізгі ионды формада болады немесе оның минералды және
органикалық комплексті формаларында, кейде ерітілмеген формаларында
кездеседі: гидроксид, корбанат, сульфид түрлерінде және т.б.(Сает Ю.Е.,
1990).
Өзен суларында мырыштың концентрациясы 3-120 мкгдм3 ауытқиды,
теңіздерде 1,5-10 мкгдм3 болады. РН көрсеткіші төмен кен және әсіресе
шахта суларында мырыш айтарлықтай болады (Авцын А.П.,1991).
Мырыштың ШРК-сы 1 мгдм3 құрайды (жалпы санитарлы зиянды лимиттеуші
көрсеткіші). Мырыштың ШРК – 0,01 мгдм3 (зиянды – уыттық лимиттеуші
көрсеткіші) (Скальный А.В., 1987).
Мыс. Табиғи тұщы суларда мыс екіден 30 мкгдм3 болады, теңіздерде -0,5
тен 3,5 мкгдм3 болады. Табиғи сулардан мыстың (ІІ) байланысы жиі
кездеседі.
Табиғи суларға мыстың түсуінің негізгі көзі химиялық өндірістердің,
металлургиялық өндірістердің, шахталардан шыққан сулары, балдырларды жоюға
қолданатын альдегидті реагенттер болып табылады.
Жерасты сулары құрамында мысы бар тау жыныстарының сумен әрекеттесуінен
мыс пайда болады (халькопирит, халькозин, ковеллин, борнит, малахит,
азурит, хризаколла, бротантин). Мыс үшін ШРК (мыс ионы бойынша) 1мгдм3
болады (органолептикалық- зияндылығының лимитті көрсеткіші). ШРК-
0,001мгдм3 (зиянды-уытты лимит көрсеткіші) (Райцес В.С., 1981).

1.3.2. Топырақ құрамында кездесетін уытты элементтердің ролі

Қорғасын - атомдық салмағы 207,2. Приоритетті элемент-токсикант.
Қорғасынның барлық еритін қосылыстары улы. Табиғи жағдайда ол негізінен PbS
түрінде кездеседі. Жер қыртысында қорғасынның кларкы 16,0 мгкг. Басқа ауыр
металдармен салыстырғанда оның жылжымалылығы төмендеу, сонымен қатар
топырақтың әктенуі кезінде элементтің жылжымалылық дәрежесі қатты
төмендейді. Жылжымалы қорғасын органикалық заттармен кешен түрінде
кездеседі (60-80% жылжымалы қорғасын). РН –тың жоғары көрсеткішінде
қорғасын топарықта химиялық гидроксид, фосфат, карбонат және және қорғасын-
органикалық кешен түрінде жиналады (Риш М.А.,1991).
Топырақтағы қорғасынның табиғи мөлшері аналық жыныстан беріледі және
оның минералдық және химиялық құрамымен тығыз байланысты. Бүкіл әлемдегі
тапырақтарда бұл элементтің орташа концентрациясы 10-35 мгкг дейін түрлі
бағаланады. Ресейде торпырақ үшін қорғасынның ШРК 30мгкг сәйкес келеді.
Топырақта қорғасынның концентарциясының жоғарылауы табиғи геохимиялық
аномалиялармен қатар антропогендік әсер етулерге байланысты. Техногенді
ластануда элементтің ең жоғарғы концентрациясы топырақтың беткі қабатында
байқалады. Бірқатар өндірістік аудандарда ол 1000 мгкг дейін, ал Батыс
Европа түсті металлургия кәсіпрындары айналасындағы топырақтың беткі
қабатында 545 мгкг жетеді (Авцын А.П.,1991).
Ресей территориясындағы топырақта қорғасынның мөлшері топырақтың
типіне, өндіріс кәсіпорындарына жақын орналасуына және табиғи геохимиялық
аномалияларға байланысты едәуір түрленеді. Селитебті, әсіресе қорғасыны бар
өнімдер өндіру және қолданумен байланысты аймақтар топырағында бұл
элементтің мөлшері жиі ондаған және одан да көп рет ШРК-дан жоғары болады.
Алдын-ала жасалынған бағалау бойынша ел территориясының 28%-да топырақтағы
қорғасынның мөлшері орта есеппен фондық мөлшерден төмен, ал 11% - тәуекел
аймағына жатады. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында топырақтың қорғасынмен
ластану мәселесі – айрықша селитебті территория мәселесі (Х.Пендиас,1989).
Мырыш - атомдық салмағы 65,4. Оның жер қыртысындағы кларкы 83 мгкг.
Мырыш саз балшықты шөгінділер және тақта тастарда 80-120 мгкг мөлшерінде,
сары топырақты және карбонатты саздақ Орол шөгінділерінде, Батыс Сібір
саздақтарында 60-80 мгкг мөлшерде шоғырланған.
Мырыштың топарықта жылжымалылығына әсер ететін маңызды фактор саз
балшықты минералдардың мөлшері және рН көрсеткіштері болып табылады. рН
жоғарылаған кзде элемент органикалық кешенге өтеді және топырақпен
байланысады.
Мырыш иондары, сонымен қатар монтмориллониттің кристалдық торының пакет
аралық кеңістігіне түскенде жылжымалылығын жоғалтады. Органикалық
затттармен мырыш тұрақты форма түзеді, сондықтан көпшілік жағдайда қара
шірік мөлшері жоғары топырақ қабатында және шым тезекте жиналады.
Әлем топырағындағы мырыштың орташа мөлшері 90 мгкг. Европа
территориясы топырақ жамылғысында оның концентрациясы 32-60 мгкг, ал Батыс
Сібір топырағында – 60-81 мгкг тең (Х.Пендиас,1989).
Топырақта мырыш мөлшерінің жоғарылау себебі табиғи геохимиялық
аномалиялармен қатар техногенді ластану болуы мүмкін. Оның түсімінің
негізгі антропогендік көзі, біріншіден түсті металлургия кәсіпорындары
болып табылады. Бұл металмен топырақтың ластануы бірқатар облыстарды оның
топырақтың беткі қабатында өте жоғары мөлшерде (66400 мгкг дейін)
жиналуына әкеп соғады. Бақша топырағында 250 –ге дейін және одан да көп
мгкг мырыш жиналады. Мырыштың құмды және құмайт топырақ үшін ҚШК 55мгкг
тең (Ноздрюхина Л.Р., 1977).
Мыс - атомдық салмағы 63,5. Жер қыртысындағы кларкы 47 мгкг. Химиялық
тұрғыдан мыс – белсенділігі төмен металл. Мыс мөлшерінің көрсеткішіне әсер
тетін, негізге алынатын фактор топырақ түзуші жыныстарындағы оның
концентрациясы болып табылады. Жарылған жыныстардан элементтің жоғары
мөлшері негізгі жыныстарда – базальттарда (120-140 мгкг) және андезиттерде
(20-30 мгкг) жинақталады. Жабындық және сары топырақты саздақтар мысқа бай
емес (20-40 мгкг). Оның ең аз мөлшері құмдақта, әк таста және гранитте
байқалады (5-15 мгкг). Бұрынғы КСРО территориясының европалық бөлігіндегі
саз балшықта металл концентрациясы 25 мгкг жетеді, ал сары топырақты
саздақтарда 18 мгкг жетеді.
Таулы Алтайдың құмайт және құмды топырақ түзуші жыныстарында орташа
есеппен 31 мгкг, Батыс Сібірдің оңтүстігінде 19 мгкг мыс жиналады
(Ноздрюхина Л.Р., 1977).
Топырақта мыстың жылжымалы формасының мөлшері жеткілікті жоғары болса
да, әлсіз миграцияланатын элемент болып табылады. Жылжымалы мыстың мөлшері
көптеген факторларға байланысты: аналық жыныстың химиялық және минералдық
құрамы, топырақтағы ерітіндінің рН көрсеткіші, органикалық заттардың
мөлшері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мәселелері және шетелдік тәжірибелер
Жылу энергетика және қоршаған орта
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы
Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері
РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР ФИЗИКАЛЫҚ ЛАСТАНУДЫҢ ТҮРІ
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары және экологиялары
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Қышқылдық жаңбыр
Ауаны ластайтын ластағыш заттар
Картограммадан Қонаев көшесінің көліктік ағымының қозғалыс қарқындылығы
Пәндер