Бейімделген тест дайындау жүйесінде тест сұрақтарын дайындау


қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Физика-математика факультеті
Оқытудың ақпараттық жүйелер кафедрасы
түлектік жұмыс
Бейімделген тест дайындау жүйесінде тест сұрақтарын дайындау
МАК-на қорғауға жіберілсін
кафедра меңгерушісі ф. -м. ғ. д, профессор Искаков К. Т.
«___» 2008 ж.
Ғылыми жетекші,
аға оқытушы Сатымбеков А. М.
«___» 2008 ж.
Жұмыс авторы:
Жаймбаева Эльмира
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
І - ТАРАУ. ОҚЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ШОЛУ ЖАСАУ5
ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1. 1. Бейімделген оқыту жүйесін тұрғызу . . . 8
ІІ -ТАРАУ. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ТЕСТІЛЕУ ПРОГРАММАЛАРЫН ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ16
2. 1. Жауап беруге жұмсалатын уақытты есепке алу16
2. 2. Тестілеуге жұмсалған уақытты есепке алу19
2. 3. Күмәндануды есепке алу19
2. 4. . Қосымша программаларды қолдануды есепке алу21
2. 5. Жасанды интеллект элементтері мен тестілеу программасын жүзеге асыру23
2. 6. Delphi программалау ортасы27
ІІІ -ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕСТ ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ40
3. 1. Тестті құрастыратын TDL тілінің сипаттамасы41
3. 1. 1. TDL тіліндегі бейімделген тесттің сипаттамасы42
3. 2. Программа құрылымы43
3. 3. оқыту жүйелерінің мысалдары59
ҚОРЫТЫНДЫ61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ62
ҚОСЫМШАЛАР63
Кіріспе
Қазіргі кезде заман талаптарына сай компьютерлік тест жүйелері орта және жоғары білім беруде кеңінен қолданылады. Сондықтан мен түлектік жұмысымды компьютерлік тест дайындаудың жаңа технологиясы- бейімделген тест жүйесінде тест сұрақтарын дайындауға арнадым. Мұғалімдер өз оқушыларының білімін бейімделген тест жүйесінде күнделікті тексеру мүмкіндігіне ие болды. Бұл оқу жүйесіндегі үлкен жетістік деп санаймын. Себебі, дәстүрлі тест жүйесін қолданып, оқушының қай тақырыпты дұрыс түсінбегенін, меңгермегенін біле алмайсыз. Ал бейімделген тест жүйесі оқушы дұрыс меңгермеген тақырыбын түсінгенше сол тақырыпқа қатысты сұрақтарды қоя береді. Егер тағы да жауап бере алмаса, онда сол тақырып бойынша анықтамалар мен түсініктері бар дәріс файлы ашылады.
Компьютерлік тест - тестілеу болжамын тұжырымдауға (немесе тұжырымдамауға) мүмкіндік беретін циклдік стимулдар мен реакциялардың тізбегі. Тестілеу болжамы - тексеруге жататын логикалық тұжырым, яғни тестілеу кезінде қандай да бір дәрежедегі сенімділік пен ықтималдықты тексеру.
Компьютерлік тесттің дәстүрлі тесттерге (қағаз түріндегі және визуалды) қарағанда едәуір артықшылықтары бар, сонымен қатар кемшіліктері де кездеседі.
Педагогика, психология және медицина ғылымдары бойынша тестілеу барысында индивидтің жағдайын бір тесттің көмегімен толығымен анықтау мүмкін емес, бірақ қандай да бір болжамды тұжырымдауға болады.
Тест математикалық түрде негізделуі тиіс, себебі тестілеу ықтималдықтар теориясының, графтар теориясының, көпмүшелік теориясының қағидаларына сүйенеді. Тесттің негізгі сипаттамаларына жататындар:
Сенімділік -тәжірибенің бірнеше сериядағы нәтижелерінің қайталанбау дәрежесі.
Тиімділік - нөлдік мәндермен салыстырғанда, абстрактілі бірлікте берілетін тест ұзындығы.
Валидтілік - үміт күтетін жағдайдың нақты жағдайға сәйкестік дәрежесі.
Түлектік жұмыс бейімделген тестілеу программасын қолданып, тест құруға арналған. Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар оқушының білімін тексеру үшін дайындалған. Кейбір сұрақтардың жауаптар нұсқасында бірнеше дұрыс жауап берілген.
Түлектік жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1-тарау. Оқыту жүйелеріне шолу жасау
Оқыту жүйесінің негізгі түсініктері
Оқыту жүйесін құру - оқыту барысында тиімділікті жоғарылату тәсілі. Оқушы оқыту кезінде басқару объектісі, ал оқытушы мен оқыту жүйесі (оқытушы ретінде қызмет атқармайды, тек ғана оқытушыны толықтырып отырады) басқару субъектісі болып табылады.
Оқыту жүйесі үш негізгі бөлімнен тұрады:
- теориялық;
- жаттығу жұмыстары;
- бақылаушы.
Оқыту жүйесін екі топқа жіктеуге болады:
- селективті жүйе
- интеллектуалды немесе сараптау жүйесі.
Селективті оқыту жүйесінде оқуды басқару жүйе авторының көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір оқушы оқытудың тек ғана бір жолымен жүріп өтеді, яғни әрбір оқушыға бейімделмейді. Мұндай жүйенің артықшылығы - әмбебаптылығында (тест жалпыға бірдей құрылады), кемшілігі - әрбір оқушының білім дәрежесіне жүйенің бейімделуі өте төмен.
Интеллектуалды оқыту жүйесінде оқуды басқару оқыту нәтижесінің негізінде оқыту жүйесі анықталады. Мұнда оқыту сценарийі ағымдағы жағдайға сәйкес динамикалық түрде қалыптасады. Тарату пәндік сала, оқыту үрдісі, оқушы жайлы білім негізінде жүзеге асады. Кемшілігі, қандай да бір пәнге бағытталған.
Оқушының танымын басқару оқу бағдарламасының негізгі функциясының бірі болып табылады. Ол үшін программа оқыту үрдісі, оқушының оқу материалын меңгеруі, тестілеу нәтижелері және практикалық тапсырмалардың орындалуы жайлы мәлімдемелерді алуы тиіс.
Яғни «үйрену-оқу бағдарламасы» жүйесінде кері байланыс болуы қажет. Кері байланыстың екі түрі бар: сыртқы және ішкі.
Ішкі кері байланыс - бұл оқу программасынан оқушыға оның тапсырманы орындау кезіндегі іс-әрекетіне байланысты келетін ақпарат. Ол оқушының оқу барысын өзі қадағалап, оқудан қаншалықты үйреніп және нені қаншалықты түсінбегенін біліп отыруға мүмкіндік береді. Ол оқу барысының нәтижесін дұрыс бағалап, реттелуіне бағытталған. Ішкі кері байланыстың өзі дайындау мен нәтижеге байланысты екіге бөлінген. Дайындықтың өзі әр түрлі болуы мүмкін: көмек, түсіндіру, әрі қарай жалғастыру үшін бір рет көмек беру, көтермелеу және т. б. Нәтижеге бағытталған кері байланыс түрлі болып келеді: «дұрыс-бұрыстан» бастап дұрыс нәтиже немесе дұрыс іс-әрекетті көрсетіп жіберуге дейін.
Сыртқы кері байланыс - бұл үйретуші программадан оқытушыға келіп түсетін ақпарат. Оның көмегімен оқытушы оқушының оқу барысын реттеп, үйрету сценарийін тиімді бағытқа өзгерте алады.
Оқыту программасына оқытудың мақсаты келіп түседі. Осы мақсатқа сәйкес программа оқушыға теориялық материал, мысалдар, есептер, сонымен қатар оқыту барысын басқаратын (мысалы, оқу материалы бойынша навигация болғандағы көмек) ақпарат береді. Оқушы теорияны меңгеріп, есептер шығарғаннан кейін оның нәтижесі программаға икеліп түседі.
Оқушының оқу барысында маңызды сәті болып, үйрену барысында кездесетін түсініксіз сұрақтарды өзі құрып, оған өзі жауап береді. Программа үйрену барысы жайлы ақпарат алып, оны талдап, оқушыға баға қойып, әрі қарай қалай оқыту туралы шешім қабылдайды.
Нәтижесінде оқушыда білім, дағды қалыптасады. Оны біз үйрену нәтижесі деп атаймыз.
Сонымен қатар программаға бейімдеуші бөлім кіреді. Оның мақсаты үйрену барысына түзетулер енгізу, яғни нақты бір оқушыға арнап баптау алып, оқытушы программаның жұмысына түзетулер енгізіп, оны оқушының танымымен салыстырады.
Егер «оқытушы-оқу бағдарламасы-оқушы» жүйесін қарастыратын болсақ, онда оқыту сұлбасы мына түрде болады:
Оқушының
түзетуі
Мақсат Программаны Оқыту жайлы
түзету ақпарат Сұрақтарды қою және
оларға жауап
Н
Оқыту жайлы Ә
ақпарат Т
И
Ж
Е
Программаны
түзету
Оқушыны
үйрету
1-сурет. «Оқытушы-оқу бағдарламасы-оқушы» оқыту жүйесінің сұлбасы.
Бұл сұлбада оқытушы маңызды орын алады. Ол оқытудың мақсатын алға қояды, оқу барысы жайлы ақпаратты алады, сонымен қатар программаға қосымша түзетулер енгізеді.
- Бейімделген оқыту жүйесін тұрғызу
Бейімделген оқыту жүйесін тұрғызуды оңтайландыру оқыту кезінде тақырыптарды тізбекті түрде беруден және олардың арасындағы логикалық байланыстан, сонымен қатар білімді тексерудің оңтайлы жүйесін тұрғызудан тұрады.
Оқу курсын жобалаудың бастапқы сатысында оқуды тез меңгеру үшін жоспарланған оқу материалы жеке оқу элементтеріне бөлінеді.
Меңгеру моделінің құрамына кезек қатынасының және оқу элементтерінің логикалық байланысының матрицалары, оқу элементтерінің оқыту тізбегінің, оқу элементтерінің логикалық байланысының графы кіреді. Моделді тұрғызу төрт сатыдан тұрады:
- оқу элементтерінің кезегін қалыптастыру;
- кезек қатынасының матрицасын өңдеу және оқу элементтерінің тізімі түрінде оқу материалын оқыту тізбегі құру;
- оқу элементтерінің логикалық байланысының матрицасын қалыптастыру;
- оқу элементтерінің логикалық байланысының графын тұрғызу.
Алдымен, бос матрица құрылады, оқу элементтерінің өсуіне сәйкес олардың қатарлары мен бағаналары нөмірленеді. Әрі қарай матрица ұяшықтары нөлдермен және бірліктермен толтырылады.
Матрица ұяшықтарын толтыру кезінде кезек қатынасы екі оқу элементінің арасындағы кезек қатынасын анықтайды. Егер қатар нөмірінде көрсетілген оқу элементі бағана нөмірінде оқу элементінен кейін оқылатын болса, онда бір қойылады.
Оқу материалына талдау жасау кезектің қайталанып келуін болдырмайды. Оқу материалын бейнелеу формасына әр түрлі факторлар (субъективті және объективті) әсер етеді: құрастырушының ойлану қабілеті, оның дағдылары.
Оқу материалын меңгеру үлгісі оқу жүйесіндегі оның берілу мазмұнының тізбегін анықтайды. Гипермәтінді тұрғызу кезінде логикалық байланыс және оны оқыту траекториясы беріледі.
Оқу элементтерінің логикалық байланысы бағытталған графтар түрінде көрнекілік үшін бейнеленеді. Оқу элементерінің логикалық матрицасы негізінде граф тұрғызылады.
Оқу элементтерінің кезегінің матрицасын тұрғызу мысалын келтірейік. Мысал ретінде «Delphi объектілі-бағытталған программалау негіздері» оқу курсының фрагменттерін қарастырылады.
Оқу материалы 15 тақырыпқа бөлінген:
1. Delphi программасының интерфейсі
2. Компоненттер тақтасы
3. Объектілер инспекторы
4. Код редакторы
5. Button тобының компоненттері
6. Тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар
7. Шартты өту
8. Символды ақпараттың редакторы
9. Мәзір мен тізім тобының компоненттері
10. Мультимедиа мен графика
11. Web-Browser компоненті
12. html -парағы мен flash-жобасын қосу
13. Сыртқы программаларды, файлдарды, каталогтарды шақыру
14. Электронды оқулықтың қабықшасын құру
15. Тесттік бақылау
Логикалық байланыстың матрицасы екі түрде болуы мүмкін: толық және қысқартылған.
2-сурет. Логикалық байланыстардың толық матрицасы.
3-сурет. Логикалық байланыстардың қысқартылған матрицасы.
Қысқартылған матрица артық байланыстарды алып тастағанда шығады. Мысалы, 12-ші элементті оқу үшін оқушы 11-ші элементті, содан кейін 10-шы, содан кейін 4-ші элементті оқуы керек. 4-ші элементті оқу үшін 1-ші, 2-ші, 3-ші оқу элементтерін білу қажет.
Сәйкесінше, толық және қысқартылған графты тұрғызуға болады.
Қысқартылған граф логикалық байланыстардың қысқартылған матрицасы бойынша тұрғызылады.
4-сурет. Логикалық байланыстың қысқартылған графы.
Толық граф логикалық байланыстардың толық матрицасы бойынша тұрғызылады.
5-сурет. Логикалық байланыстың толық графы.
Мұндағы 2, 3, 4, 5 -бағалар; 0- жауап дұрыс емес; 1-жауап дұрыс; a, b, c - сұрақтардың күрделілік деңгей
- Интеллектуалды жүйелер
Білім деңгейін тексеруші интеллектуалды жүйелер төмендегі элементтерді ескере отырып, білімді бағалайды:
- Жауап беруге кететін уақыт - 23%
- Дұрыс жауаптар саны - 50%
- Тестілеуге кететін барлық уақыт - 7%
- Күмәндану - 10%
- Сұрақты өткізіп жіберу - 7%
- Қосымша программаларды қолдану - 3%
Жасанды интеллект элементтері:
Бірінші элемент: Әр сұрақтың үш жауабы бар делік, ықтималдықтар теориясы бойынша, нұсқалар араластырылып берілсе де, тек бір жауупты баса беретін болсақ, онда 30% - тік жетістікке жетуге болады. Жасанды интеллекттің бірінші элементі былай жұмыс жасауы тиіс, егер тест тапсырушы тек бір ғана жауапты таңдайтын болса (мысалы В), онда келесі жауаптың дұрыс нұсқасы кездейсоқ не А нұсқасы, не С нұсқасы болуы мүмкін. Яғни, ықтималдықтар теориясы бойынша сирек жағдайда 12% жетістікке жетуге болады.
Екінші элемент: Сұрақтар кездейсоқ таңдалатын емес болса (тесттің нұсқалар жиыны қамтамасыз етіледі), алдыңғы жауапты таңдау және осы сұраққа кеткен уақытты есепке алумен таңдалуы тиіс.
Алдымен, тест тапсырушыға берілуі мүмкін: Жеңіл, орташа, қиын (күрделілік деңгейі бойынша) сұрақтар. Барлық нұсқаларды қарастырайық.
Оңай сұрақ
Дұрыс жауап берді: егер тест тапсырушы жеңіл сұраққа дұрыс жауап беріп және аз уақыт жұмсаса, онда сол тақырып бойынша тапсырма күрделендіріледі және сұрақ орта деңгейге дейін көтеріледі. Егер сұраққа көп уақыт жұмсалса, онда программа осы тақырып бойынша ұқсас сұрақ береді және тапсыушы келесі деңгейге көтерілгенше тесттен өтеді.
Қателессе: егер тест тапсырушы сұраққа дұрыс жауап бермесе және ол аз уақыт жұмсаса, онда программа оны дұрыс жауап бергенше бірнеше рет тесттен өткізеді.
Егер уақыт берілген мөлшерден асып кетсе, онда программа автоматты түрде тест режимінен электрондық оқулық режиміне көшеді.
Күрделілік деңгейі орта сұрақ
Күрделілік деңгейі орта сұраққа көшкеннен кейін программа кездейсоқ басқа тақырыптың сұрағына өтуі немесе ағымдағы тақырып бойынша сұрақты күрделендіруі мүмкін. Бәрі алдыңғы сұраққа жауап беруге жұмсалған уақытқа тәуелді.
Мысалы, бір тест тапсырушы бір минут ішінде 5 сұрақтан тұратын тестке жауап беріп, өте жақсы баға алуы мүмкін. Екінші тест тапсырушы 25 сұраққа жауап беріп, 15 минут уақыт жұмсап, ол да өте жақсы баға алуы мүмкін. Екінші тест тапсырушы 5 сұраққа дұрыс жауап берсе, ол да тестті бір минутта аяқтауы мүмкін еді, егер де бірінші сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, оған ұқсас беріліп отырады.
Білімді тексеру жүйесі уақыт пен дұрыс жауаптың қатынасын талдайды. Содан кейін сәйкес баға қойылады.
Күрделі сұрақ
Егер тест тапсырушы күрделі сұраққа көп уақыт жұмсаса, бірақ дұрыс жауап берсе, онда ол жеңіл сұраққа тез бергенімен тепе-тең.
Егер тест тапсырушы күрделі сұраққа өте аз уақыт жұмсайтын болса (логикалық ойлануды және жауап беруге уақытты қажет ететін сұрақ) және дұрыс жауап берсе, онда ол не жауапқа шамалап басуы, не алдын-ала жауапты білуі мүмкін. Мұндай жағдайда, тест тапсырушының % -і аз болады.
Баға объективті болады, егер әрбір тест тапсырушының білім деңгейі есепке алынса.
2-тарау. Жасанды интеллект элементтері бар тестілеу программаларын құру технологиясы
Білім деңгейін тексеру жүйесінің сипаттамалары:
- Әрбір сұрақтың тек бір ғана жауабы бар;
- Әрбір сұраққа 45 секунд беріледі;
- 45 секунд өткеннен кейін келесі сұраққа автоматты түрде көшіріледі;
- Сұрақтар мен жауаптар нұсқасы қатаң тәртіпте шығып отырады.
2. 1. Жауап беруге жұмсалатын уақытты есепке алу
Әрбір дұрыс жауапқа жұмсалған уақытты есепке ала отырып баға қойылады.
Егер тест тапсырушы орта деңгейдегі сұраққа 15 секунд ішінде жауап берсе, онда 5 балл қойылады. Егер уақыт 20 секундтан асса - 5 балл, егер 25 секундтан асса - 4 балл, 30секундтан асса - 3 балл, 35 секундтан асса - 3 балл, 40 секундтан асса - 2 балл, 45 секундтан асса - 1 балл.
1- кесте. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңдау кезінде жұмсалған уақыт ішінде жиналған балл саны
Жеңіл сұрақ
(а і )
Орташа
сұрақ (b і )
Қиын сұрақ
(с і )

К 1 - тез жауап беру кезінде “5” алу ықтималдығы, яғни 15 секундтан аспаған уақытта жауап беру,
G шығын - жауаптың дұрыс нұсқасын таңдауға жұмсалған уақыт ішінде жиналған балл саны,
G шығын = А·а+В·b+C·c
А, В, С - күрделілік деңгейлері бойынша сұрақтар саны.
А+В+С=V, мұндағы V - тесттегі сұрақтар саны.
а - а деңгейіндегі дұрыс жауап саны
b - b деңгейіндегі дұрыс жауап саны
c - c деңгейіндегі дұрыс жауап саны
G max - 1-ге тең “5”-ке білім ықтималдығын ескеріп, барлық тесттің баллдарының ең жоғары саны.
G max мына формуламен анықталады:
G max = A·a max +B·b max +C·c max
а max - оңай сұрақтар үшін жоғары балл саны (а деңгейі)
b max - орташа сұрақтар үшін жоғары балл саны (b деңгейі)
c max - қиын сұрақтар үшін жоғары балл саны (c деңгейі)
Тесттегі сұрақтардың күрделілік деңгейі келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
а деңгейіндегі сұрақтар (оңай) - 50%
b деңгейіндегі сұрақтар (орташа) - 30%
с деңгейіндегі сұрақтар (қиын) - 20%
Біздің тест 5 сұрақтан тұрады, оның 2-уі оңай, 2-уі орташа және 1-уі қиын сұрақ, онда
G max =2*3+2*5+1*6=22
G max кестесін келтірейік:
Тесттегі
сұрақтар саны
Барлық жауаптар дұрыс және әрбір сұраққа жұмсалған уақыт 15 секундтан аспаған жағдайда, тест тапсырушының білімініің ықтималдығы 1-ге тең.
Дұрыс жауаптар санын есепке алу:

К 2 - уақыттан тәуелсіз барлық сұрақтар бойынша білім ықтималдығы
N жауап - тест тапсырушының дұрыс жауаптарының саны
V - сұрақтар саны
2. 2. Тестілеуге жұмсалған уақытты есепке алу
Тестті өткізуге жұмсалған уақытты есепке алу үшін келесі формуланы қолдану қажет:

К 3 - тестті өткізу ықтималдығы
Т жұмс - тестілеуге жұмсалған уақыт
Т мах - тестілеуге жұмсалатын максималды жетерлік уақыт.
Тестте 30 сұрақ болса, онда:
3 кесте. Тесттен өту ықтималдығы
Максималды берілетін уақыт
Т мах (сек)
2. 3. Күмәндануды есепке алу
Ең күрделі сұрақтардың бірі - сұрақ күрделілігінен тәуелді тесттен өту кезіндегі күмәндануды есепке алу. Мысалы, егер сұрақ оңай болса, онда тест тапсырушының сұраққа жауап беруінде күмәндану болмауы тиіс. Егер сұрақ орташа немесе қиын болса, ондай жағдайда күмәндануды ескеуге болады. Сұрақтардың күрделілік деңгейіне байланысты күмәндануды есепке алу қажет болса, онда жауапты алдын-ала нұсқасын таңдайтын, содан кейін оны (подтверждать) программа керек. Онда барлығы жауаптардың алдын-ала нұсқасының санына келіп тіркеледі.
Сұрақтар күрделілік деңгейіне қарай бөлінетін болғандықтан, күмәндану ықтималдығының қатынасы а:b:c=0. 5:0. 3:0. 2 болады және мына формула анықталады:

К 4 - барлық жауаптапға күмәнданбау ықтималдығы.





Күмәндану көп болған сайын, тест тапсырушы жауаптарына күмәндану ықтималдығы көп болады. Күмандану саны аз болған сайын, К 4 - үлкенірек (көбірек) .
Егер тесттік программада сұрақты өткізіп жіберу мүмкіндігі бар болса, онда өткізбеу ықтималдығына әсер ететін өткізуді есепке алу керек:

К 5 - өткізбеу ықтималдығы
P a , P b , P c - a, b, c деңг. өткізу саны
Нақты есепке алуды жүргізу үшін шектеулер енгізу керек.
P amax , P bmax , P cmax - a, b, c деңгейі бойынша сұрақтарды өткізулердің ең үлкен саны.
P amax <=15, P bmax <=9, P cmax <=6.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz