Ұлттық парктерді туристік –экологиялық мақсатта зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздері
Кіріспе
I .бөлім . Ұлттық парктерді туристік .экологиялық мақсатта зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздері.
1.1. Ұлттық парктердің калыптасуы мен дамуы,құрылымы мен ерекшеліктері.
1.2. Мемілекеттік парктер мәселесі.
1.3. Ұлттық парктердің туристік.экологиялық мәні.
II . бөлім. Баянауыл Ұлттық паркінің табиғат жағыдайы мен рекреациялық ресурстарының туристік мүмкіншіліктері және экологиясы.
2.1 Табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктеріне рекреациялық баға беру.
2.2Баянауыл ұлттық паркінің мәдени .тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі мүмкіндіктері.
2.3.Баянауыл ұлттық паркінің экологиялық жағдайы.
2.4.Туризм және экскурсиялық ерекшеліктері
Қорытынды
Қосымша материалдар
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қазақстанда кейінгі жылдары туризм көпшілікті қамтитын ең дамыған демалыс түріне айналып келеді. Туристік саяхат жасау - дене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын да өсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан көтереді. Сол сияқты адамның денсаулығын да жақсартады. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Туған өлкеде саяхат жасау адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.
Туризм осындай мол рухани қазына силаумен қатар жасөспірімдерге тәрбиелік дәріс беретін қоғамдық мектеп. Ұлы саяхатшы
Н.М. Прежевальский « Өмір сүрудің тамашалығы сол, әрқашанда саяхат жасауға болады » деп үнемі айтып өткен. Туристер өз жорықтарында жаңалықтар ашып, қоғамға белгілі бір дәрежеде пайда келтірсе, екінші жағынан денсаулығын шынықтырады, организмдерінің мезгілсіз қартаюына жол бермейді.
Елімізде туризм экскурсиясын кең көлемде дамытудың маңызы мен қажеттілігі мемлекеттік құжаттарда нақтылы көрініс тапқан. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі - Қазақстанның экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту болса, оның бір жолы - туризм.
Елбасы Н.Назарбаевтің 2030 стратегиялық бағдарламасында « Туризм, спорт, денсаулыққа баса назар аударуды басшылыққа ала отырып, туған елімізде салауатты өмір салтының даңғыл жолын салуға болады » делінген. Сондықтан туристер еліміздің қай жерінде болмасын табиғатқа және оның сұлулығына сүйіспеншілікпен қарап, қоршаған ортаның сән аясында тәртіп бұзбай, жақсылап демалып қайтып отырса құба – құп. Егер туристер жүрген жерде табиғатты қорғау туралы заңдардың талабын орындамаса, онда табиғатқа өлшеусіз шығын келтіретіні сөзсіз.
Турист табиғатты білуге міндетті.Табиғаттың негізгі өзара қатынасын түсініп, оның табиғи байлығын адамдардың бірқалыпты тіршілігі мен денсаулығы үшін дұрыс пайдалану қажет екендігін республикамыздың қай түпкірінде болсын өзі жүрген жерді кең көлемде түсініп, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізулері керек. Ол үшін әрбір турист табиғат қорғау мәселелері жайында жазылған әдебиеттерді көбірек оқуы керек және өзі таңдап алған баратын жерінің тарихын, халқын, жер бедерін, ескерткіштерін, жануарлар мен өсімдік дүниелерін жетік білуі қажет. Өздері жүрген жерлерде топырақтың құнарлы қабатына зақым келтімей, жүрген – тұрған, қонған жерлерінде бұталарды сындырмай, тамақ пен ыдыс – аяқтың қалдықтарын қалай болса солай лақтырып кетпеулері керек. Жерді қадірлеу керек. Өйткені жер қай заманда болмасын адамның ата – мекені және халық игілігіне жарайтын табиғаттың мол байлығының бірі. Сондықтан болар « Жер – ана » деп аталуы Баянауыл тауларының етегінен басына дейін өскен бозтал, балқарағай, ақ қайың орманы, тау аралығындағы қазаншұңқырда жатқан суы мөлдір көлдер ( Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр, Біржанкөл ) әсем құзы, алуан бейнелі алып жартастары, үңгірлері, тау етектерінен аққан бұлақтары табиғатқа ерекше көрік береді.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I –бөлім . Ұлттық парктерді туристік –экологиялық мақсатта зерттеудің
теориялық және тәжірибелік негіздері.
1. Ұлттық парктердің калыптасуы мен дамуы,құрылымы мен ерекшеліктері.
2. Мемілекеттік парктер мәселесі.
3. Ұлттық парктердің туристік-экологиялық мәні.
II – бөлім. Баянауыл Ұлттық паркінің табиғат жағыдайы мен рекреациялық
ресурстарының туристік мүмкіншіліктері және экологиясы.
2.1 Табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктеріне рекреациялық баға беру.
2.2Баянауыл ұлттық паркінің мәдени -тарихи туристік нысандары және
олардың туризмдегі мүмкіндіктері.
2.3.Баянауыл ұлттық паркінің экологиялық жағдайы.
2.4.Туризм және экскурсиялық ерекшеліктері
Қорытынды
Қосымша материалдар
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ.
Қазақстанда кейінгі жылдары туризм көпшілікті қамтитын ең дамыған
демалыс түріне айналып келеді. Туристік саяхат жасау - дене шынықтырумен
бірге адамның дүние танымын да өсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес,
адамдарды мәдени және рухани жағынан көтереді. Сол сияқты адамның
денсаулығын да жақсартады. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу
жерлермен таныстырады. Туған өлкеде саяхат жасау адамдардың табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттырады.
Туризм осындай мол рухани қазына силаумен қатар жасөспірімдерге
тәрбиелік дәріс беретін қоғамдық мектеп. Ұлы саяхатшы
Н.М. Прежевальский Өмір сүрудің тамашалығы сол, әрқашанда саяхат жасауға
болады деп үнемі айтып өткен. Туристер өз жорықтарында жаңалықтар ашып,
қоғамға белгілі бір дәрежеде пайда келтірсе, екінші жағынан денсаулығын
шынықтырады, организмдерінің мезгілсіз қартаюына жол бермейді.
Елімізде туризм экскурсиясын кең көлемде дамытудың маңызы мен
қажеттілігі мемлекеттік құжаттарда нақтылы көрініс тапқан. Бүгінгі таңдағы
өзекті мәселенің бірі - Қазақстанның экономикасын көтеріп, халықтың әл-
ауқатын жақсарту болса, оның бір жолы - туризм.
Елбасы Н.Назарбаевтің 2030 стратегиялық бағдарламасында Туризм,
спорт, денсаулыққа баса назар аударуды басшылыққа ала отырып, туған
елімізде салауатты өмір салтының даңғыл жолын салуға болады делінген.
Сондықтан туристер еліміздің қай жерінде болмасын табиғатқа және оның
сұлулығына сүйіспеншілікпен қарап, қоршаған ортаның сән аясында тәртіп
бұзбай, жақсылап демалып қайтып отырса құба – құп. Егер туристер жүрген
жерде табиғатты қорғау туралы заңдардың талабын орындамаса, онда табиғатқа
өлшеусіз шығын келтіретіні сөзсіз.
Турист табиғатты білуге міндетті.Табиғаттың негізгі өзара
қатынасын түсініп, оның табиғи байлығын адамдардың бірқалыпты тіршілігі мен
денсаулығы үшін дұрыс пайдалану қажет екендігін республикамыздың қай
түпкірінде болсын өзі жүрген жерді кең көлемде түсініп, үгіт – насихат
жұмыстарын жүргізулері керек. Ол үшін әрбір турист табиғат қорғау
мәселелері жайында жазылған әдебиеттерді көбірек оқуы керек және өзі таңдап
алған баратын жерінің тарихын, халқын, жер бедерін, ескерткіштерін,
жануарлар мен өсімдік дүниелерін жетік білуі қажет. Өздері жүрген жерлерде
топырақтың құнарлы қабатына зақым келтімей, жүрген – тұрған, қонған
жерлерінде бұталарды сындырмай, тамақ пен ыдыс – аяқтың қалдықтарын қалай
болса солай лақтырып кетпеулері керек. Жерді қадірлеу керек. Өйткені жер
қай заманда болмасын адамның ата – мекені және халық игілігіне жарайтын
табиғаттың мол байлығының бірі. Сондықтан болар Жер – ана деп аталуы
Баянауыл тауларының етегінен басына дейін өскен бозтал, балқарағай, ақ
қайың орманы, тау аралығындағы қазаншұңқырда жатқан суы мөлдір көлдер (
Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр, Біржанкөл ) әсем құзы, алуан бейнелі алып
жартастары, үңгірлері, тау етектерінен аққан бұлақтары табиғатқа ерекше
көрік береді.
Баянауыл өлкесінің сұлу табиғатының ортасы – Баянауыл тауларының
жоталар аймағы жасыл орманға бөленген биік тау қиялары, күмістей мөлдір
көлдері, жұпар иісі аңқыған гүл жамылған алаңдары, жидекті – жемісті табиғи
баққа толы сай – салалары, сарқырап аққан бұлақтары, таңғажайып жаратылған
жартастары мен тау шыңдары, самал ауасы жанға сая болған бұл таулы алқапты
халық ежелден Сарыарқаның Жер ұйығы атаса, қазірде Қазақстанның
Швейцариясы атайды.
Баянауыл ұлттық табиғи паркі, Павлодар облысының Баянауыл
ауданында орналасқан. Ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1985ж 12 тамыздағы
Павлодар облысында Баянауыл ұлттық табиғи паркін құру туралы №276
қаулысымен құрылды. Ұлттық парк Қазақстанның Сарыарқасының орманды
жазирасында орналасқан. Оның жалпы көлемі 50688 га, соның ішінде орманды
алқап 18241 га. Ұлттық парктің аумағы 3 филиалға бөлінген: Баянауыл (19188
га), Жасыбай (22904 га,) және Далба (8596 га).
1994ж ұлттық паркке Қызылтау мемлекеттік табиғи қорығы қосылды.
Оның аумағы 60000 га.
Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоғырларынан тұрады ; Саябақта 20-
дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тасты
жазулар мен таңбалар, үңгірлер ( Әулиетас , Драверт т.б.) бар.
Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге
айналған жартастар ( Найзатас , Кемпіртас , Көгершін , Атбасы
т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі
мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400- ден астам түрі
(қарағай, қайың, қандыағаш т.б) сондай – ақ Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізген жабысқақ, қандыағаш, көктем жанаргүлі де осына өседі. Омыртқалы
жануарлардың 100 – ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40 -тан аса
түрлері ( арқар, елік, қасқыр, түлкі т.б ) мекендесе, құстардың 143- ден
астам түрлері ( шіл, бүркіт, қаз, аққу ) ұялайды. Аққу, арқар, бүркіт
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Балықтың 8 түрі ( шортан,
сазан, оңғақ т.б ) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық,
қорықшалық және демалыс белдемелеріне бөлінген. Қорықтық белдемеде
шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тиым салынып, биологиялық алуан
түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар
белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына
келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының
табиғат қорғауды адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде
алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор. Дипломдық
жұмысың міндеттері мен мақсаттары
Баянауыл ұлттық паркінің негізінде қорғауға алынған табиғи территориялық
комплексті сипаттама бере отырып географиядан , геологиядан , ботаникадан
, экологиядан алған білім қорларын пайдалана отырып физика-географиялық
ландшафтық экологиялық талдау жасау , табиғи денсаулық сақтау , туристік
ресурстарына талдау . Нәтижесінде географиялық , алған білімді
мүмкіншілігінше пайдалану барысында географиялық түсініктерді тереңдете
түсу . Физика – географиялық сипаттама мектеп программасына сәйкес
кластар бойынша қарастырылады . Қорытындылай келе ұлттық мемлекеттік
парктің ашылу себебі , оның мақсаты мен міндеттері айқындалу қажет .
Жұмыстың көкейтестілігі: Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи
саябағының туристік - рекреациялық даму мүмкіншіліктерін айқындап, осы
өлкенің рекрация қуаттылығын көрсету және табиғатты пайдалану принципіне
негізденіп, оның табиғи ортасын сақтауды қамтамассыз ету. Осы аймақты үлкен
халықаралық дәрежедегі демалыс орнына айналдыру. Осы өлкенің қазіргі
жағдайы мен мүмкіншіліктерін есептеу арқылы көрсет. Математикалық
сараптамалар жасалып, тарихи деректер жинақталд. Туристер мен
демалушылардың демалу мүмкіншіліктері толық көрсетілді. Қазіргі
мүмкіншіліктер мен келешекте болуға тиісті мүмкіншіліктерге ұсыныстар
жасалды. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік –
рекреациясын дамыту жолдарын көрсетіп, адамдардың көңілді демалуы үшін
табиғатты табиғи қалпына келтіру.
1.1. Ұлттық парктердің қалыптасуы мен дамуы .құрылымы мен
ерекшеліктері.
Ұлттық парктер алғаш капиталистік мемлекеттерде пайда табу
мақсаты мен ашылған . Яғни олар ең алдымен экономикалық мақсатпен
салынды . Соған байланысты соңғы уақыттарға дейін ұлттық парктердің
негізгі функциясы айқын болмай келді . Негізгі зерттеулер шамамен 1968
жылдан басталады .
Ұлттық парктердің даму кезеңдерін қарастырсақ , бірінші
ұлттық парк 1872 жылы Солтүстік Америкада құрылған . Ол ескі Иеллоустон
табиғат паркі . Мұнда көлемі 900 мыңга
жуық алқапта 3000 –нан астам гейзерлер мен ыстық су көздері ,
Иоллоустон өзендерінің сарқырамалары , жан –жануарлар мен құстар мол
мекендейді . Сонымен бірге адам қолы тимеген жабайы ормандар бар . 1980
жылы Калифорния штатындағы Сьерра-Невада тауарларының батыс беткейінде
300 мың – га –дан астам жерді алып Иосемид ұлттық парктерінің табиғат
комплекстерін қорғау ұйымдастырылады . 1885 жылы Канаданың құзды тауларында
Банф ұлттық паркі құрылды . Бірте –бірте осындай парктердің көбейе
беруіне байланысты ұлттық парк ұғымы 1969 жылы Халқаралық табиғат және
табиғат ресурстарын сақтау қоғамы ассамблеясында ресми түрде бекітілді
. Осы уақытқа дейін 100 жыл өтті . Бұл ұлттық парк идеясы көптеген
мемлекеттерді қамтиды . Оның негізгі тарихи идеясы табиғаттың өте
әдемі ерекшеліктерін дамытып , сақтап халыққа көрсету .
XIX ғасырлардың соңында шамамен 100 мемлекетте 2 мыңдай
ұлттық парк пайда болды . Ұлттық парк саны жөнінен өте күшті
қарқынмен көбейе бастады . Яғни ол пайда табудың негізгі кездерінің
біріне айнала бастады . Әсіресе ұлттық парктың даму жылдамдығы дамып
келе жатқан елдерде күшті жүрді . Мысалы , Индонезияда қысқа мерзім
ішінде , яғни 1980 жылы мен 1982 жыл аралығында 16 ұлттық парк пайда
болды .
Ұлттық парк ұғымының ұлттық анықтамасы сонау 1933 жылы
Лондондағы болған конференцияға қабылданған . Дамып келе жатқан
елдерде ұлттық парктердің тез кқбеюі ірі капиталистік мемлекеттер
оларды отар ретінде ұстап жерлеріне қожайын етіп , ұздеріне пайда табу
үшін көбейтті .
Соңғы ондаған жылдардың ішінде табиғаттың жақсы жерлері
халықтың демалысы үшін пайдаланылуда . Адамдар табиғатты әсем жерлерге
көптеп демалуға ағылып жатады . Мысалы , Африка материгіндегі құрылған
униқымды ұлттық парктерге жылына ондаған миллион адам демалуға
барады . Табиғат аясында демалу қажеттілігін қанағаттандыру көптеген
мемлекеттік мәні бар мәселеге айналды . Батыс мемлекеттерінің
кейбіреулерінде демалыс орындарынан түсетін пайданың мөлшері өндерістің
басқа саласынан түсетін пайдадан әлдеқайда артық болып отыр. Мысалы ,
Африкадағы Кения ұлттық паркіне келген туристерден тусетін пайда 1971 жылы
50 миллион , АҚШ парктері II , 2 мил. пайда түсірген . Туристерден түстен
пайда кейбір елдерде жалпы мемлекеттік пайданың 1223 бөлегіне тең
келеді . Осыған байланысты АҚШ – тың кейбір шаруашылығының табиғи
демалушылардан қосымша ақша түсіру үшін ғана пайдаланылады . Осы жолдармен
демалыс мақсатында пайдалану табиғатқа көп зиян келтіреді. Өсімдіктермен
тіршілік жағдайын нашарлатып , жануарлардың жер аударуына немесе жойылып
кетуіне , ластанудың әсерінен жалпы табиғи зиян келтіреді . Өсімдіктердің
тіршілік жағдайын нашарлап , жануарлардың жер аударуының немесе жойылып
кетуіне , ластануын әсерінен жалпы табиғи биоценоздардың дамуына
кедергі жасайды .
1.2. Қазақстан республикасындағы парктер мәселесі
Тәуелсіз мемлекеттердің территориясында 20-дан астам ұлттық парктер
бар , ал алдағы уақытта жоспарланып отырған парктердің саны 40-тан астам .
Біздің еліміздің, яғни кең байтақ Қазақстан республикасында қазірге
дейін бір ғана ұлттық парк жұмыс істейді . Ол Баянауыл ұлттық паркі .
Баянауыл ұлттық паркін айтар алдында табиғи парк пен парктің
айырмашылығын анықтап алғанымыз жөн .
Мемкеттік табиғи парктердің ұлттық парктердің негізгі
айырмашылығы жөнінен елімізде бірінші рет 1921 жылы қыркүйектің 10 – да
шыққан халық комиссарлар кеңесінең деректерінде былай деп айтылған . Ол
ұлттық парктен гөрі көлемдірек , ішінде табиғи архитектуралық ескерткіштері
бар қорықтық ұлттық парк болуы тиіс . Бұдан біз ұлттық парктің тек
қана парк емес , сонымен қатар қорықтық мәні болу керек екендігін
кқреміз . 1962 жылы республиканың жоғары Советінің Қазақ СССР
табиғатын қорғау
үкімі шығарылды . Онда табиғат парктері ландыщафы өте сұлу және әр
алуан , халық шаруашылығы үшін игерілмеген және көлемі бірнеше мың-га
жететін аймақ болу қажет делінген .
Қазақстан бойынша бірінші ұлттық парктің Баянауылда
орналасуына екі түрлі себеп болды : яғни , бұл аймақтың тез
урбанизациялануы индустриясы мен ауыл шаруашылығының күрт дамуы және
соған байланысты табиғи ортаның бұзылуы .
Бұл жердің географиялық орны және ландшафтың ерекше сұлулығы ,
батаникалық – географиялның құндылығы және рекреациялық артықшылығы
болды .
Сондықтан 1977 жылы 19 қыркүйекте Қазақ СССР – нің Министірлер
Советі Баянауыл ұлттық паркіне айналдыру туралы қаулы қабылданды . Парктің
құрылымы туралы проектіде басқа мәселелермен қатар мынандай шаралар
жүргізу туралы атап көрсетілген. Бірінші орташа таулы – орманда фауна
мен флораның генофондына талдау жасау , ландшафтық табиғат қорғауға
бағытталған және рекреациялық баға беру мәселелері табиғат
комплекстерін мейлінше мұқият сақтау . Әрбір белдеудің статусы мен
шекараларын анықтау.
Жоспарланған ұлттық парктер
Ұлттық парктер табиғат қорғау мәселесінде басқа қорғалатын
объектілер ішінен ерекше орын алады.
Қазіргі уақытта Қазақстан республикасы бойынша орман
шаруашылығы министрлігіне қарайтын бір ғана ұлттық парк бар. Ол Павлодар
облысында 1985 жылы мемлекеттік орман фонды территориясында 46,0 мың га
жерге орналасқан Баянауыл ұлттық паркі .
Болашақта табиғатты қорғау және тіршілік ортасынан экологиялық
жағдайларын жақсарту мақсатымен Қазақстан республикасының ғылыми
Академиясы Қазақстан республикасының қорықтық қоры объектілерінің
жалпы схемасы атты ғылыми негізге сүйенген схема жасалынды . Ол схема
бойынша шамамен 2005 жылы мынандай ұлттық парктер құрылу қажет .
Іле сырты Алатауы ;
Қарқаралы;
Себин ;
Іле аңғары . Таблица – I
Бұдан бұрын іске асырыла бастаған Қарқаралы ұлттық паркінің
құрылысы үстіміздегі жылда бітуі тиіс . Іле сырты Алатауы ұлттық паркінің
техникалық – экономикалық жобасын
Табица -1
КазГИПРАФ институты жасап бітіреді . Ал парк ісінің қолға алынуы биылғы
жылдың,
Шілдесінде орман шаруашылығы аймағында орын белгілеуден басталды .
Көкшетау облыстық атқару комитетінде Бурабай ұлттық паркін құру туралы
мәселе қарастырылуда. Ол қорық Щучье-Бурабай курорттық белдеуінде
рекреациялық аймақта орналасады . Оған Борабай экологиялық фондық
станциясының территориясынан Зеренді , Имантау , Шалқар көлдөрі
кірмейді .
Казэкология орталығының бұл парк туралы жасаған тұжырымы
қазіргі кезде Қазақстан Ғылым академиясына және басқа да мүдделі
орындарға тапсырылған . Егер ол орындар құптайтын пікір айтса , онда
орман министрлігі Көкшетау облысының атқару комитетімен бірге отырып
ұлттық парк құру мәселесімен шұғылданады . 1991 жылғы 10 көкекте Қазақ
СССР Министірлігі берген № 59 нұсқауына байланысты мемлекеттік
экологиялық комитетінің шешімі бойынша және Талдықорған облысының
атқару комитетінің 1991 жылғы 18 маусымдағы № 33 9 137 бойынша
Алтынемел мемлекеттік ұлттық паркін орналастыру жөнінде арнайы топ
құрылды . Бірақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік архитектура
құрылысы № 59 қаулысының № 4 тарауы бойынша берілетін нұсқау
берілмеген . Сонымен қатар Жезқазған облысында Қызыл арай ұлттық
паркін құру туралы мәлімет түсті , бірақ ол қаралған жоқ .
Осы айтылған құрылуға тиіс ұлттық парктердің көлемі 1995 жылы
шамамен 977 мың га , ал 200 жылы 15000 мың га жетуі тиіс .
Көлемінің бұлай өсуі алдағы уақытқа болжалынған Себин және Ұлытау
ұлттық парктері есебінде көбейіп отыр. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан
облысындағы Бұқтырма су қоймасы маңайында ұлттық парк орналастыру өте
қажет , оның негізгі орталығы ретінде Марқакөл қорығы болуы өте тиімді .
Бұл ұлттық парктің , рудалы Алтай өндірістері жағдайында қажеттілігі
айтпаса да түсінікті . Ұлттық парктер бір жағынан адам экологиясы үшін өте
қажет объект ,болып
Есептелінсе , екінші жағынан материалдық шығынды көп қажет ететіндіктен
және халық шаруашылығына қажетті территорияда орналасатындағынан
халық шаруашылығына көп қиындық тигізеді . Мысалы, Баянауыл ұлттық
паркінің жобасы бойынша 6,5 миллион сом , ал Іле сырты паркіне 84,5
миллион сом бөлінген . Сонымен қоса алғашқы есептеулер , келісулер ,
проектілер жасау және қажеттілігін дәлелдеу жұмыстарында үлкен қаржы
керек болады . Қазіргі кездегі экологиялық жағдай тіршілікті сақтап қалу
мәселесін алға шығарады . Сондықтан ұлттық парктер және басқа да
қорғалуға қажет объектілерді іске асыру кезек күттірмейтін шара жіне бұл
мәселелер ешқандай ақша мөлшерімен есептелмеуге тиіс. Ұлттық парк құру
міселені әрбір облыс бойынша қарастырылып , әсіресе халық шаруашылығына
зиянды – зиянсыз жақтары егжей-тегжейлі тексеріліп , жергілікті
республика органдары , қалың бұқара және шаруашылық басқармалары
бойынша өзара келісіліп экологиялық комитеттің арнайы шешімі бойынша
іске асырылуы тиіс.
1.3. Ұлттық парктердің туристік – экологиялық мәні.
Экологиялық негізгі мақсаты –адам тіршілігін сақтау , яғни
қоғамдық ондіріс және тұтыну әрекеттері мен табиғи байлықтардың даму
сәйкестігін сақтай отырып адамның рухани интеллектуалдық активтілігін
үнемі жоғары деңгей үстау.
Адам табиғи объект , олай болса оның барлық болмысы табиғатпен
тығыз байланысты болу қажет. Бұл мәселе қазыргі экологиялық қолайсыздық
жағдайда күшті сезілуде . Ғылыми техникалық прогресс жетістігінде адамзат
табиғатпен белгілі бір мөлшерде алшақтап кетті . Соның әсерінен адам
денсаулығы нашарлауда , жалпы тіршілік потенциалы төмендеп барады .
Сондықтан қазіргі кезде адам денсаулығын , оның рухани және физикалық
күшін орнына келтіру , ұлғайту немесе тұрақтандыру қазіргі экология –
лық сәтсіздік заманында өте күшті болып отыр . Адам өзінің
интеллектуалдық мүмкіншіліктерін табиғат аясында ғана көтере алады.
Адам демалысы үшін ең қолайлы орта – ұлттық парк.
Ұлттық парк дегеніміз не ? Ол қандай орта ? Алдымен міне осы
ұғымға келер бол –
сақ , Ұлттық парк дегеніміз – ландшафтарды қорғау мен адамдардың демалысын
ұйымдастыратын объект . Яғни ұлттық парктерде табиғатты қорғау халықтың
тынығуын және жаппай туризмді ұйымдастыру мен ұштастырылады . Бұлар ,
әдетте , табиғат ресурстарын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының мүддесіне
пайдаланылмайтын аса үлкен территория . Ұлттық парктерге қызметтің алуан
түрі көрсетіледі . Бұл осындай қорғалатын территориялардың финанстық
жағынан жоғары рентабельділігін қамтамасыз етеді . Туристерден түсетін
кіріс әдетте өнеркәсәп пен ауыл шаруашылығында қорықтық табиғат ресурстарын
тікелей пайдаланудан алуға болатын пайдадан асып түседі . Мысалы,
қорғалатын аса зор мәңгі көгеріп тұратын секвоя АҚШ ормандарында
туристердің қатынасынан түсетін пайда осы орындардағы бүкіл ағаштың
бағасынан он есе жоғары . Сөйтіп ұлттық парктер бірегей ландшафтардың ,
өсімдіктер мен хайуанаттардың , сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің
сақталуын қамтамасыз етеді . Сонымен бірге демалыс пен туризмнің де тамаша
орны болып табылады . Оларды күтіп баптауға кететін шығындарын толық ақтап
, едәуір кіріс кіргізеді . Ұлттық парк етекше қорғауға алынатын
территорияларға жатады . Ерекше қорғалатын территориялар қорықтар ,
экологиялық фондық станциялар . Егер алдыңғы категорияның негізгі мақсаты
табиғат дамуын ғылыми түрде зерттеу және бақылау болса , ал ұлттық
парктердің негізгі міндеті – адам экологиясын зерттеу.
2-тарау.Баянауыл Ұлттық паркінің табиғат жағыдайы мен рекреациялық

2.1.Табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктеріне рекреациялық
баға беру.
Ұлттық парктің орналасқан орыны мен құрылымы. Баянауыл
ұлттық паркі Павлодар облысының Қарағандмен шектес бөлігінде
жартылай шөлейтті таулы аймақта орналасқан . Ұлттық парктердің
Қазақстан бойынша қажеттілігі көп уақытттан бері басталған
мәселе.
Ұлттық парктің орналасқан орны таблица – 2. Қазақстан
Республикасының ең әсем жерлерінің бірі . Алғашында ол заказник болған
. Заказник көрікті Баянауыл тауларын , Жақсыбай , Сабындыкол , Торайғыр
көлдерін , Баянауыл , Далба орман шаруашылықтары мен көрші савхоздардың
ормандарының біраз бөліктерін қамтиды . Парктің көп бөлігі жер бедеріне
, өсімдіктер мен жануарларына зиян келтірмеу мақсатын көздейді. Заказник
бөлігі демалыс ландшафтысы әсіресе жаз айларында демалыс пен туризм үшін
ең қолайлы және сұлу өлке болып табылады. Аудан өзінің этнографиялық ,
тарихи ескерткіштерімен әйгілі. Бұл жерде көне заман зираттары , көмбелер
, халық күресінің көріністерін көрсететін бейнелер және орта ғасырдағы
қоныс орындарын көрсететін ескерткіштер бар . Ұзақ демалыс пен туризм
Сабындыкөл , Жақсыбай көлдеріне орналастырылған . Ол жерге үлкендер мен
балаларға арналған 5 мың демалушыларды қабылдайды . Сонымен қатар 20 мың
адамды қысқа мерзімдік демалысқа қабылдай алады .
Ұлттық парктің мазмұны 5-бөліктен тұрады :
Активті демалушылардан , табиғи комплекстен , қызмет
көрсетушілерден , техникалық құрылыстар , басқару орындарынан тұратын
территориялық комплекс.
Ұлттық парктегі ұйымдастыру , орналастыру және міндеттерін
белгілеуде ЮHECKO жанындағы халықаралық табиғат қорғау ұйымының ТМД
– ң мемлекеттік жоспары ғылыми мен техника жөніндегі мемлекеттік
комитеттің 1981 жылғы арнайы қаулысы басшылыққа алынады. Эталондық
табиғат резервтерінен ұлттық парктердің негізгі айырмашылығы оның
территориясында туризмге рұқсат етіледі . Ұлттық парктер территориясы үшін
ең соңы эстетикалық талғамға жауап бере алатын географиясы төнінен
қайталанылмайтын табиғи-территориялық комплекс алынады. Территория
көлемі табиғи- территориялық комплекске сай, экономикалық нұсқан
келтірмейтіндей
мөлшерде белгіленеді. Әрбір халқаралық маңызды ұлттық паркке ЮНЕСКО
–ның сертификаты беріледі.
Ұлттық парк - табиғаттың қайталанбас ежелгі үлгірерін табиғат
ресурстарына ,
Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін , олардың қолайлы
ортада дамып қайта қалпына келтіруіне сонымен бірге табиғаттың әсем
жерлерін ғылыми мақсатта сақтауға негізделген.
Оның негізгі мақсаты : урбанизацияға ұшырамаған биогеоценозды
адам рекреациясы үшін пайдалану . Ұлттық парк аумақты жерді қорңау
мен пайдаланудың ерекше ұйымдасқан формасы . Табиғат байлығы мен тарихи
ескерткіштері бар бұл жерге келіп демалғысы келген мыңдаған адамдардың
әрқайсысы қонақжайлық кең қамтамасыз етілуі тиіс . Демалуға келген
қонақтар жылдың қай маусымында келсе де табиғат сұлулығының біркелкі
ләззәт алуы қарастырылады.
Ұлттық парк- табиғатты қорғаудың ерекше формасы. Орманның адам
денсаулығын жақсарту қасиеті бұрыннан белгілі жағдай . Сондықтан да
кейінгі жылдары бұған мән беріліп отыр.
Ұлттық парктердің қорықтардан және кәдімгі демалыс сауық сайран
парктерінен ерекшелігіне келер болсақ , қорықтарда адам демалысы
болмайды , бірақ адам баласы табиғаттың ерекшеліктерін көре алады .
Қорықтар негізінен азайып немесе жойылып бара жатқан түр популяциясын
сақтау міндетін көздейді . Ал, кәдімгі демалыс сауық – сайран
парктерінде адам баласы демалып , түре алады. Бұдан ұлттық
парктердің айырмашылы транспорт деген жүрмейді , айқай шу деген
болмайды .
Ұлттық парктердің структурасы үш болімнен тұрады .
1. Мониторингтік – орталық ,
2. Демалу
3. Административтік.
Мониторинг бөлігінде адам демалысына тыйым салынады . Ол тек
ғылыми бақылаулар жүргізілетін білік. Яғни онда табиғи ортаны уақыт
бойынша өзгерісі зерттеледі.
Демалу бөлігі адамдардың активті демалысы іске асырылады.
Административтік бөлікте демалушыларға қызмет көрсету мақсаты жүзеге
асырылады .
Баянауыл таулы –орман массивіне таулы және жазықты он бір
түрлі аймаққа бөлінеді . таблица-3.
I. Территориялық қорықты қозңалмалы зона . Аймақтың 77
процентін қамтиды . Бұл ландшафты –экологиялық сипаттама және
ландшафтық участіктерді ; жануарлар мен өсімдіктерді , құстарды ;
жойылып бара жатқан ландшафты қалпына келтіру мақсаты көзделеді .
Қорғармалы территориялар өздерінің ерекшеліктеріне қарай зона
тармақтарына бөлінеді .
I. қорық режиміндегі зона тармағы ;
2. заказник режиминдегі ;
3. ландшафты біртіндеп қалпына келтіру ;
4.жас қарағайлы ормандар бөлігі
II. Демалыс рекреоциялы зон. Территорияның 15 процентін қамтиді. Табиғи
ортаны сақтау және оған адам жіберуде күшті қадағалау мақсатымен
территорияға белгіленген шаршрут бойынша зонаға саяхат жасауға рұқсат
етіледі . Ондай маршрут Баянауыл және Баян тауы маңында орналасқан . Ол
жерлерде табиғат ескерткіштері және әдемі көріністер көп. Екінші бір
маршрут Біржан мен Торайғыр көлінің маңында орналасқан . Өз кезеңінде
зона тармақтарына бөлінеді .
5. рекреациялық комплекстер мен қызмет көрсету ориалығы ;
6. туризм мен экскурсиялық , яғни интенсивті түрде адам қатынайтын
зона тармағы;
7. қысқа мерзімдік демалыс үшін рұқсат етілетін жер;
8. парктің буферлік зонасы ;
9. экскурсиялық намыдық зона.
Парктің солтүстік – батыс бөлігінде орман 2,3 мың га жерді
алып жатыр . Ол жерге адамды кедергісіз жиі жібереді , бірақ белгілі
бір уақыт немесе маусым ішінде жібереді. Экспозициялық бөләктеріне
жасанды алаңдар , үңгірлер әдемі тастар қалашығы кешендері
комплекс орналасқан . Жасыбай көліне қарай атты маршруты
белгіленген . Торайғыр , Сабындыкөл , Біржан көлдерінің маңында қысқа
мерзімдік демалыс базалары орналасқан . Ол жерлерде адамдарға саңырау
құлақтар жеміс-жидек теруге рұқсат етіледі .
III . Рекреациялық зон . Аймақтың 8 процентін алып жатыр . Демалыс
кешендері , инженерлік құрылыстар салынады , бірақ олар табиғи
ортаны өзгермейтін жағдайда болу қажет. Бұл зонада адам көп жүретін
бөлік . Зонаның әрбір бөліктерінде қоғамдық және спорттық
орталықтар , шаруашылық кешендік объектілер орналасқан . Бұл бөлік
төмендегідей зона тармақтарына жіктеледі .
10. экскурсиялық танымдық туризм ;
11. энтенсивті туризм , яғни адам жіберу шамалы зона тармағы;
12. қоныстық пункт.
ОРОГАФИЯСЫ МЕН ГЕОМОРФОЛОГИЯСЫ Негізгі орографиялық
элеметттері болып тауаралық аңғарлармен бөлінген жатаған таулар
мен ұсақ шоқылардан тұрады. Олардың орташа биіктігі теңіз деңгейінен
500-600 м. жоғары орналасқан. Күшті денудацияланған . Жатаған
таулардың орташа биіктігі 500-700 м. Тек кейбір таулар қатарына
жатқызуға болады . Ақбет -1027 м, Жасыбай-869 м, Сарытау – 747 м,
Нияз-686 м.
Ұсақ шоқылар жеке- жеке жолдардан , төбешіктерден және
биіктігі 350-500 м. жететін сүйір тастардан тұрады . Аймақтың
рельефі жалпы алғанда тар аңғарлар , шатқалдар, жыралар, тік
тектоникалық жарықтармен айғызданған .
Қазіргі кезде рельефінде шөгінді жыныстардың суысуы ,
аккуляциялық процестер орын алған . Бұл жерде рельефтің үш типі
кездеседі :
Бірінші : эрозиялық - тектоникалық рельеф . Пенепленденген
көне беттің біртегіс эрозияға ұшырамауына байланысты әр түрлі дәрежеде
тілімделген . Оның кей жерлерінен кейінгі тектоникалық қозғалыстар
нәтижесінде жер бетіне шыққан гранитті интрузиялар жалпы рельев
бойынша әдемі көрініс беріп тұрады . Бұл рельеф негізінен аймақтың
солтүстігі мен орталық бөлігіне тән . Бұл жерлерде үстірт тәрізді
қыраттар көп таралған . Олардың кейбіреулерінің биіктігі 1000 м дейін
жетеді . Қырат аралық ойыстар мен шатқалдар тік жарлы болып келеді .
Тау беткейлері қылқан жапырақты ормандар мен ал етектері жалпақ
жапырақты ағаштар , бұталармен көмкерілген . Кейбір жалаңаш құздар
экзогенді процестердің әсерінен әр түрлі рельеф формаларына ие
болған .
Екінші , эрозиялық - скульптуралық – денудациялық рельеф
ұсақ шоқырлардан , денудацияланған эрозиялы беткейлерден тұрады . Ұзақ
таулы рельев жағдайында олардың биіктігі 500- 700 м . арасында
болады. Беткейлердің аралары жатаған сайлармен және тольвектермен
бөлінген. Жынысы негізінен шөгінді эффузивтік болады . Ұсақ
шоқыларының биіктігі 280-350 метрге дейін жетеді . Ұсақ шоқылардың
төбелері де су айрықтары болып есептеледі және қышқыл эффузифтер
мүжілуге салыстырмалы түрде тұрақты келеді . Сырттан қарағанда
биіратты формалы . Жартастары түйетайлы, аралары кең аңғарлармен
бөлініп тұрады . Орта таулы ұсақ шоқылардың жыныстары мүжілуге
тұрақты келеді . Олар бір – бірімен ұзын аңғарлармен бөлініп тұрады .
Беткейлері делювиялық – провюалдық шөгінділермен жабылған . Жатаған
ұсақ шоқылар негізінен сур-19
эффузивтік шөгінді жыныстардан тұрады . Олардың биіктігі 15-50 м.
айналасында болады . Үшінші , декудациялы аккумулятивтік рельеф. Көне
депрессиялармен , аңңарлардан тұрады. Олардың шөгінділері негізінен
кайназойлық болады. Бұл рельеф формасына өзен аңғарлары мен уақытша
сулар , терассалар тән .
Геологиялық құрылысы:Аймақтың геологиялық тарихи ұзақ уақытты
қамтиды . Бұл жерлерде әр түрлі қатпарланулар және интрузиялардың
иінулері болып отырған . Өте күшті суланудың әсерлері төменгі және
орта девон кезінде өткен . Ортаның девонның аяғында вулканизм сөніп
орнына шөгінді жыныстардың жинақталуы орын алған.
Төиенгі карбоннон соң бұл аймақ жалпы көтерілуге ұшыраған . Пайда
болған тау системасы полезойдан бастап триасқа дейін үнемі
денудацияланып отырған , олегеоценде аймақ қайтадан көтерілу
нәтижесінде су эрозиясы күшті орын алған .
Сөйтіп құрғақ климатты аймақта көлдер пайда болған . Аймақтық
геологиялық құрылымына әр түрлі жастағы иффузивтік – муфтық шөгінді
және интрузивтік тыныстар тән . Оның бетін көпшілік жағдайда
төрттік дәуірдің борпылдақ жыныстары жауып жатады . Палезойдың
кембрилік құрылымдары бұл территориялардағы Төртқұлдық массивінде
және порфириттер , туфтар , ящмалық кварциттер , құмшауыштар ,
алевролиттер кездеседі . Оның қуаттылығының 1000-1700 метрге жетеді
. Ордовик құрылымдары территорияның оңтүстігінде және солтүстік
–шығысында кең тараған . Олар сұрғылт жасыл құмшауыттардан ,
алевролитттерден , порфориттерден және туфтардан тұрады . Жалпы
қуаттылығы 700-800 метр . Бұл жыныстардың тереңдігі 40-50 м. жететін
көптеген жапырақтарға бөлінген . Ордовик құрылымдарының кей жерлерінен
силур шөгінділерінің қуаттылығы 950-1350 м. жетеді . Территорияда
ең көп таралған девондық шөгінділер олар солтүстік – шығыстан
оңтүстік – шығысқа оңтүстік – шығысқа дейін таралған . Жыныстары
порфирилер , порфиттер , туфтар , құмшауыттар , конглемераттар ,
извесняктар , түсті мергелдер , сазды немесе көмірлі сланецтерден
тұрады . Қуаттылығы 3000-3600 м. жетеді . Төрттік шөгінділер барлық
жерлерде таралған . Олар көбінесе қазіргі делювиялық – провюалдық ,
алювиялдық және көлемдік аммовиялық шөгінділер түрінде кездеседі .
Қуаттылығы 10-12 м. жетеді. Литологиялық құрамына қарай бірнеше
қабаттардан тұрады . Қазіргі алювиялды , провюалды шөгінділерде малта
тастар , қой тастар , құмшауыттар , саздар өте көп кездеседі .
Территорияда интрузивтік құрылымдар өте көп . Олар әр түрлі дәрежеде
метаморфизмге ұшыраған химиялық және минералдық құрылымдары алуан
түрлі болып келеді . Ірі интрузиялардың бірі ретінде жоғарғы
полезойлық Баянауыл грониттік массивті атауға болады. Интрузивтік
массивтер локолит , күмбез тәрізді кейде сүйір төбелі массивтер
пайда етеді. Интрузивтік кешендердің негізгі заңдылығы неғұрлым
қышқыл және ұсақталмаған болса соғұрлым геологиялық жасы жас болады .
Мысалы , жоғарғы полезойлық кешендер , кварциттер , диориттер ,
грандиориттер және плагиграниттер тұрады . Ал , орта және жоғаары
полезойдың кешендері сілтілік сиениттерден , граниодиориттерден
тұрады . Геологиялық құрылымның алуан түрлігіне байланысты және
климат ерекшеліктеріне қарай физикалық мүжілулер , судың эрозиялық
және желдің дефляциялық әрекеттері өте күшті орын алған . Баянауыл
таулы-орманды массивінде негізгі орынды физикалық мүжілулер алады .
Соған байланысты территорияда табиғи тас ерекшеліктері таралған .
Бұл аймақта температура аумақты өте күшті байқалады . Кейбір
жылдары абсалюттік минимум -470 , 480-ге тең , ал максимум +35 , +40
арасы . Температураның осылай ауытқуына байланысты жартастар жыныстарының
біркелкілігі бұзылады . Судың әсерінен үнгірлер , бағаналан , пирамидалар
және басқа да адам және жан –жануарлардың басы тәрізді формалы табиғи
ескерткіштер кең таралған . Мүжілулердің әсерінен тау жыныстарының
жарықшақтауы әсіресе пластинка тәрізді тігінен жарылулар көп байқалады .
Климаттың құрғақ болуына байланысты рельевтің теріс элементтерінде
әсіресе көктемде қар еріген кезде мұндай жерлерде сорлар қалыптасады.
Территорияның батпақтануы өзен жағалауларында және көл маңайларында
тараған . Көлемі 30-50 м-ден 200 м-ге дейін жетеді . Сабындыкөлдің батыс
жағасында ұзындығы 5 м-ге жететін батпақтар бар . Су эрозиясының әрекеті
жоталардың экспозициясына бағынышты болады . Оң жақ беткейлерге күн
жақсы түсетіндіктен өсімдік жамылғысы жақсы жетілген . Сондықтан бұл
жерлерде су эрозиясының әрекеті жоталардың экспозициясына бағынышты
болады . Оң жақ беткейлерге күн жақсы түсетіндіктен өсімдік жамылғысы
жақсы жетілген . Сондықтан бұл жерлерде су эрозиясының әсері әлсіз
байқалады . Ал , солтүстік беткейлерде жағдай керісінше болады .
Табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстары және ландшафт ерекшеліктері.
Жасыбай көлінің терістігіндегі таулы жотадан бөлек, жер ортасынан
тікке көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың 320м дәл ортан белінен алуан
түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген, белбеумен
белуарынан айналдыра тартылған. Шыңның етегін айнала аққан бұлаққа қайың,
терек, қанды - қарағаш көптеп өскен. Маңайы жидекке, қаптап бойлап өскен
жұпар иісті, түрлі өсімдіктерге толы.
Шыңның төрт құбыласы тік және беті жылтыр, тұлғасы жұмыр.Сондықтан
бұл шың басына әдейі дайындалған альпинистер болмаса, жайынан адам баласы
шығуы мүмкін емес.
Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауылдың экзотикалық жартастары
дала зонасында ерекшеленіп көтеріңкі келетін гранит массивтерімен
ажыратылады. Эолдық процестер көптеген жартастарға экзотикалық келбетін
қалыптастыра отырып, ұзақ уақыт бойы олардың көрінісін қатты өзгертті.
Жартастардың ішінде Кемпіртас жартасы Баянауылға ерекше көрініс берген.
Одан басқа таңқаларлық жартастарға Құсайын Найзатасы, Көгершін, Ат
басы, Сәкен шыңы (Пик Смелых) және т.б. кездеседі.
Шыңның аты ертеден ел аузында Құсайын Найзатасы аталады. Аңыз
бойынша Құсайын атты құсбегі – аңшы ғана шың басына шығып бүркіттің
балапанын алған. Кейінгі уақытта бұл шыңды Гора булка атап, туристер
тамашалап, талай рет республикалық альпинистер жарысы да өткізіліп
отырылған.
Бұдан әрі жол аузын қонақжай Қазақ дәстүрімен зәулім келген, хан
ордасындай көк Киіз үй қарсы алады, оның оң қанатында аспан астында
салынған үлкен ашық табиғи театр дөңгелене келген сымбатты балкондамен
шектелсе, балконның оң жақ үстінен құрметті қонақтар лоджиясы үлкен
үңгір қуыста жеке орналасқан.
Кемпір тас аталған бұл табиғи тас мүсіннің биіктігі соншалықты,
қасына келген адам бас киімі түскенше шалқайып, тастың шыңына көз салар.
Еңкейе қараған таудай басын қылтиған жіңішке мойынын әзер ұстап, шақша
шекесі желкесіне құлай біткен, жалтыраған таз басының дәл төбесінде шөгір
қарағаннан біткен жалғыз тал шашы селтиген, алдыңғы шашы шот маңдайына
қалпақтана құлап, көзі шатынап, қоңқия біткен құс мұрыны істіктеніп, тіссіз
кемиек ауызы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, бірге күлмейтін
жан болмайды.
Ақбеттаудың баурайында айнадай жарқырап жатқан, мөлдір суының
бетінен әсем таудың суреті көрінетін, дөңгелене біткен көгілдір көркем
Торайғыр көлінің түстік жиегінде жарқабағы қораптана бітіп, найзадай үшкір
басы Ақбеттаумен таласқандай аспанға өрлеген биік шың Найзатас тұр.
Жасында нағашы жұртына келген сұлу Сәкен осы шыңның басында көгілдір көркем
көлге көңілі толып, сұлу Ақбет тауын таңдана тамашалап, осы ортада туып
өскен, қазақ даласына мәлім атақты сері-әнші Жарылғапбердінің қарындасына
арнаған Біздің Ақбет әніне өзінің сұлу сазды Тау ішінде әнін қоса
шырқаған. Сол себепті бұл шың Сәкен шыңы аталып жүр.
Жасыбай көліне келер жолдың бойында, тау өлкесінің шегінде жеке дара
төбе етегінен шың құзы Қос батырдың басы тұр. Дулығасын маңдайына
көлеңкелей баса киіп, түсі салқын Жас батыр қырға қыранша көзін тігіп,
өлкеде жатқан елінің сақшысы болып тұрса, артындағы ақылшысы қаба сақал,
абзал жүзді Кәрі батыр осы өлкеде бейбіт жатқан еліне, сұлу табиғат
ортасына мерейі қанып, маужыраған сезіммен етекке көз салады. Қос батырдың
сыртындағы өлкеде бейбіт өмірдің белгісіндей Көгершін тас шыңы тұр.
Климаты .Баянауылдың Азия материгінің ортасында орналасуы , сонымен
бірге мұхиттар мен теңіздерден алшақ жатуы климатына өз әсерін тигізеді .
Климаты шұғыл континенталды , жазы әлсіз ыстық , қысы аязды , қарлы ,
жауын – шашын түсімі өте аз . Баянауыл массивіне тигізетін негізгі
климаттық факторлар ретінде рельеф ерекшелігін атау керек . Солтүстіктен
Баянауыл массивінің батыс бөлігі көтерілген тауаралық жазық кең дала
болып келеді . Оның ең үлкен Сабындыкөл алып жатыр . Бұл аймаққа
жылдамдығы шамамен 4,4 -5,4 мс жететін батыстан соғатын жел тән . Қыста
оның жылдамдығы 5 мс жетеді. Максимумы т15 мс. Осындай күшті желдер
көбінесе желтоқсан айында 4-5 күндей ұдайы соғады . Қаңтардың орташа
температурасы -13,2 С тең , максимумы суықтығы -30 С тең келеді . Кейде
-47 С жетеді . Суық уақыттан ұзақтығы 333 күнге тең . Территорияда қар
жабындысы тұрақты сақталады . Оның орташа қалыңдығы 7-9 см , максимумы
-25 см жетеді . Бірақ рельефіне байланысты әр жерде қалыңдығы әр түрлі
болады . Көп жағдайда желтоқсан – қаңтар айларында 6-7 рет қарлы – боран
болып тұрады . Баянауыл таулы – орманның жазы жылы болады . Шілденің
орташа температурасы 20,5 С тең. Максимумы 38 С
жетеді . Ауаның орташа күндік ылғалдылығы 40-44 процент болады.
Территорияның рельефі алуан түрлі осы жағдайда микроклимат қалыптасады .
Тау аңңарларында күндізгі және түнгі температуралық айырмашылықтарына
байланысты күндіз турбуленттік жылу алмасу орын алады . Түнде
төңірегіндегі беткейлерден суық ұлғаяды. Кейбір жел ағынымен бағыттас
орналасқан қазан шұңқырларда мұндай айырмашылық байқалмайды .
Температураның желдік режимінің өзгерісі көл маңайларында да жақсы
байқалады , мұнда негізгі орынды бриздік циркуляция алады . Бриздік
желдердің алатын ауқымы 1,5 – 2 км. Жетеді . Күндізгі бриздің нәтижесінде
көлдің айналасындағы ауаның басқа жерлермен салыстырғанда температурасы 1-
1,5 төмен , ылғалдылығы жоғары болады . Бриз желдерінің әсері көл
жағалауының рельефіне де байланысты болады . Жағалау неғұрлым тік жарлы
болса , бриздің әсері сол құрлым аз байқалады . Мысалы , Торайғыр көлінің
солтүстік жағы жазық жағалауында бриз желдерінің әсері айқын сезңледі .
Ал Жасыбай көлі жан-жақты түгелдей дерлік жағалаулармен қоршалған қазан
шұңқырында орналасқандықтан бриз желінің әсері онша байқалмайды .
Сондықтан көл суының температурасы 0,5 - 1 С жоғары болады . Басқа
көлдермен салыстырғанда Сабындыкөлдің микроклиматы айқын білінбейді .
Мұнда негізінен батыс , солтүстік – батыс желдерінің әсері зор .
Жалпы алғанда көл маңайына күн сәулесі жақсы түседі . Күн түсуінің
жалпы мөлшері 2393 сағат . Оның максимумы маусым – шілде 326 сағат
айларына , ал минимум желтоқсан 65 сағат айына тура келеді .
Жазда тұманды күндер жоқтың қасы . Курорттық маусымның ұзақтығы 102
күнге 25 мамыр – 4 қыркүйек дейін , ал шомылу маусымының ұзақтығы 31
күнге 3 маусым – I тамыз дейін созылады.
Гидралогиясы: Территорияның гидрологиялық жағдайына
геологиялық құрылысы , георморфологиялық ерекшеліктері және
климаттық әсері зор . Бұл территорияда негізгі орын алатын Баянауыл
және Жаманауыл массивтері , олардың беткейлері өте күшті эрозияға
ұшыраған , тілімделген . Аралары эрозиялы аңғарлармен бөлінген .
Территорияның гидрологиялық торына байланысты ландшафтық
ерекшеліктері қалыптасқан . Ішкі сулары көлдер мен өзендерге бай .
Территорияның таулы бөліктерінің су айырықтарында , жарықшақтардан
шығатын жылғалар мен тұнбалар көп . Гидрографиялық негізгі
ерекшеліктерінің бірі көктемгі мұз еритін уақытқа тура келеді және
құрғақ жазғы уақыттарда құрып қалатын уақытша су ағындары болып
саналады . Өзен булармен қатар пайда болумен көлемі әр түрлі көлдер
көп. Көлдердің жалпы акваториясы 3 проценті алып жатыр .
Баянауылдың ең ірі көлі Сабындыкөлі болып есептеледі . Оның
ұзындығы 4 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz