Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы



Кіріспе 2
І Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы 3
II Қазақтың алғашқы жүйелі философиясы . Үш анық 6
III Шәкәрім . философ 10
Қорытынды 16
Әдебиеттер тізімі 17
Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кемеңгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің гуманистік, адамгершілік идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы, зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл, жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі болғаны және халықтың түпкі түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден туғаны анық. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық, эстетиялық көз қарастары Х1Х ғасырдың екінші жартысында негізінен қалыптасты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған, Абай заманына өзгелерден бір табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын жалғастырушы ірі тұлға болды.
ХХ ғасырдағы қазақ ойшылары түрлі философиялық ізденіс жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірін алғашқы болып жүйелі философиялық деңгейге көтерген Абайдың немесе інісі Шәкәрім Құдайбергенов (1858-1931). Ол орыс, араб, парсы, түрік тілдерін білген, Еуропадағы қоғамдағы ойлармен және орыстың революцияшыл - демократ ойшылдарымен таныс болған. Ол Абайдың қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан 1928 жылға дейін, яғни 30 жыл бойы табанды ізденістің нәтижесінде қазақтың алғашқы жүйелі философиясының жолын салды, «Үш анық» деген еңбегін шығарды.
1. Базарбаев М. Шәкәрім ақын // Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет.- Алматы, 1997.- Б.226-267
2. Байғалиев Б. Шәкәрім // Қазақ.- Алматы, 1994.- Б.152-159
3. Мағауин м. Ақын, тарихшы, философ: Ш.Құдайбердиев // Бес арыс.-Алматы, 1992.- Б. 85-127
4. Мырзахметов М. Ынсап, әділет, мейірім немесе Шәкәрімнің «Үш анығы» туралы // Әлем.- Алматы, 1991.-Б. 15-18
5. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Педагогикалық көзқарастары, психологиялық көзқарастары // Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім –тәрбиесі.- Алматы, 1995.- Б.233-241

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
І Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы 3
II Қазақтың алғашқы жүйелі философиясы - Үш анық 6
III Шәкәрім – философ 10
Қорытынды 16
Әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кемеңгер, ойшыл,
қазақ әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың
басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың
азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын
ансаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің
гуманистік, адамгершілік идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті,
мейірімділікті жақтауы, зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі
прогресшіл, жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі
болғаны және халықтың түпкі түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден
туғаны анық. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық,
эстетиялық көз қарастары Х1Х ғасырдың екінші жартысында негізінен
қалыптасты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері
ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған,
Абай заманына өзгелерден бір табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын
жалғастырушы ірі тұлға болды.
ХХ ғасырдағы қазақ ойшылары түрлі философиялық ізденіс жасады. Қазақ
халқының қарапайым ой-пікірін алғашқы болып жүйелі философиялық деңгейге
көтерген Абайдың немесе інісі Шәкәрім Құдайбергенов (1858-1931). Ол орыс,
араб, парсы, түрік тілдерін білген, Еуропадағы қоғамдағы ойлармен және
орыстың революцияшыл - демократ ойшылдарымен таныс болған. Ол Абайдың қара
сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан 1928 жылға дейін,
яғни 30 жыл бойы табанды ізденістің нәтижесінде қазақтың алғашқы жүйелі
философиясының жолын салды, Үш анық деген еңбегін шығарды.

І Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы

Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі
Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Шәкәрім Абайдың
немере інісі болғандықтан тәлім-тәрбиені мол алған. Ұлттық дәстүр-өнегесін
көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде
болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген.
Бірнеше тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін меңгерген.
Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол
көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі – Стамбул кітапханалардағы асыл
мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге,
өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір
қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан
дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған
тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста
идеалист, өмір бағытында реакционер болған емес. Оның көптеген
шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне
рационализмге, деиизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені
жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі – табиғатың,
жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы:
өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады
да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-
өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы – демократтары
да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де
солардың ізінде болды.
Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді өнер
деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. Арман, Жастарға, Қазақ
айнасы, және т.б өлеңдерінде, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-кебек, Нартай лақ
пен Айсулу поэмаларында, Бәйшешек бақшасы, Өзімшілдік сынды прозалық
туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап, тілектері терең
танылады.
Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кемеңгер, ойшыл, қазақ
әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында
кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту
ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған
қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің гуманистік,
адамгершілік идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы,
зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл, жаңашыл қоғамдық
күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі болғаны және халықтың түпкі
түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден туғаны анық. Шәкәрімнің
дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық, эстетиялық көз қарастары
Х1Х ғасырдың екінші жартысында негізінен қалыптасты. ХХ ғасырдың бас
кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-
жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған, Абай заманына өзгелерден бір
табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын жалғастырушы ірі тұлға болды.
Шәкәрімнің қайталанбас өзіндік ақындық тұлғасын танытатын сипат-қасиеттер
лирикасына тән нақыл насихатшылдық, фәлсапашылдық, поэмаларындағы
дастаншылдық дәстүр, шығыс ақындарының көркемдік үлгі өрнектерін қызықтауы,
орыс әдебиетінің сюжеттеріне бой ұруда, шежірешілдігі - бәрі де өз заманың
тілек–талаптарына сәйкес қалыптасқан. Шәкәрімнің ақындық әлемі бай, көп
қырлы, тақырыбы, жанрлық түрлері жағынан да сан алуан. Ақынның Еңлік-
кебек, Қалкаман-Мамыр сияқты дастандарынан халық өмірін терең білетін,
сан ғасырлық халық поэзиясының, сөз өнерінің бай дәстүрлерін, бейнелеу
тәсілдерін еркін игергенін айқын аңғарсақ, фәлсапалық лирикасына өте
күрделі философиялық ойларды әсерлі жеткізудегі ақындық шеберлігін,
жаңашылдығын сезініп тәнті боламыз. Шәкәрімнің өлендеріне шығарған
әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынан
алғанда Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзі әдебиетінде өте
сирек құбылыс дей аламыз. Жастарға атты 1879 жылы жазылған өлеңінде:

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал, енді олай болса, кімді алалық,
Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық.
Шын іздесек – табармыз шыны ғылым!
Жалыналық Абайға, жүр, баралық.
Шәкәрім жастардың өмірлік мақсаты тұралы айта отырып, өзінің өнерпаздық
бағытында айқындайды Қазақта қай жақсы бар сөз саларлық? деген сауал
қойып, кім болса да үлгі аларлық білімді, данышпан, шынайы ғылым Абай
дейді. Өлеңнің негізгі идеясы-жастарды Абайдың жолымен жүруге шақыру.
Абайдың арман-мұратын білім, ғылым үйренуді, адал еңбек етуді,
адамгершілікті, әділдікті ту етіп көтеру, надандыққа, ала ауыздыққа қарап
күресу.
Шәкәрім өзіне Абайдың шыншыл сөздері қатты әсер еткенін тебірене атады.
Абайдың салған ізімен жүру бірден-бір дұрыс деген шешімге келеді.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ
болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күйі, ішкі сезім әсерлері,
махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында
сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сары күшті. Шәкәрімнің
ойшылдығының, ақылдығына тән фәлсапашылдығының сыры неде десек, бұл
алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен
қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы-
жыраулармен қатар арғы-бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы,
орыс және батыс ақындарының шығармаларының өте жақсы білген.
Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану салаларындағы
түрік тілдегі, орыс тілдегі, араб тіліндегі ғылым еңбектерді ұзақ жылдар
жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан-жақты, энциклопедиялық білімі бар
ғұлама оқымысты дана адам болған.
Қазақ халқы-рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан
саналы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы мол
қазынаның түп төркіні сонау VI-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей, ежелгі түркі
жазбаларынан басталады.
Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық
қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыз тек мал баққан, жерін шет жаудан
қорғаған батыр, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша сәулетші, мүсінші,
суретші, ұста, зергер болғанын да дәлелдеп отыр.
Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбрай, Абай,
Шәкәрім еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе.
Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жинаған рухани мұрасын
ғылыми жағынан саралап, әрі оқу құралына тән белгілі талапқа сай баяндаумен
мықтап төгуді қажет ететіні, инемен құдық қазғандай қиын шаруа екені
белгілі.
Басқасын былай қойғанда, көшпенділер тіршілігіне байланысты әрідегі
архив материалдарының болмауы, ал бірен-саран барларының өзі жат жұрт
тілінде әр жерде шашырап жатқандығы, олардың бізге там-тұмдап өте
қиындықпен жеткені рас.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде
қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене
араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды
уағыздаған, Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра
қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші,
өз бетімен ғылым-білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді. Сол
кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылықтарына қарай әлеуметтік,
экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте, қазақ
даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана, тынымсыз ізденіске түскен,
орталықта Революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге құлшына
араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстүрін әрмен қарай
жалғастырады. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, Ұлы
Абайдың ізін қуушы, оның немере інісі Шәкәрім жеті жасында жетім қалса да
атасы Құнанбайдың ерке немересі болып өмірден ешбір таршылық көрмей өсті.
Жастайынан өнер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға
құмар болып, он бестен былай қарай өз бетімен ғылым жолына ойысып, білім
өрісін кеңейтеді. Бірнеше тілдерді (араб, түрік, парсы, орыс) меңгеріп, тал
шығармалар жазумен қатар, басқа халықтардың рухани байлығына бойлайды.
Олардың кейбірін қазақ тіліне аударады. Ол географиялық орыс қоғамның Батыс
Сібір бөлігінің Семей бөлімшесіне мүше болды.
1905-1906 жылдары Меккеге сапар жасап оралды, жолда Стамбул
кітапханаларындағы рухани асыл мұралармен танысады. 1909-1910 жылдары оқу,
жазу мен алаңсыз айналысу үшін ел ортасын тастап, оңаша елсіз жерге барып
мекендейді. Сол жылдары оның еңбегінен көптеген төл еңбектер туындайды.
Солардың бірі Түрік-Қырғыз, Қазақ-һәм хандар шежіресі атты шығарма
(бірінші бөлім), ертеректе жазылған Қалқаман-Мамыр мен Еңлік-Кебек
поэмалары жеке кітап болып жарық көреді. Осы жылдары Том ағайдың
балағанын Л.Н.Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударады.

II Қазақтың алғашқы жүйелі философиясы - Үш анық

Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге
дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Ш. Құдайбердиев болды. Ол Абайдың
Қырық бес қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан
бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, еңбек етті, сөйтіп Үш анық
деген философиялық еңбегін жазып шықты. Ол еңбегінде Шәкәрім түрлі
философиялық мәселелерге арнайы тоқталады. Бұлар — дүние, таным, тән мен
жан, жану мен шіру, ождан, т.б. сияқты мәселелер. Ождан, дейді Шәкәрім,
адамдағы нысап, әділет, мейірім, осы үшеуінің қосындысы. Оны тілейтін жан,
деп түсінеді Шәкәрім. Бұл еңбегінде ол бірде материяны мойындаса, бірде
идеяны алғашқы санап, идеализмге бас иеді, бірде ғылымға жүгінсе, бірде
спиритизмді қуаттайды. Бұл Шәкәрімнің ізденісі қиын болғандығын, қазақ
арасында бұған дейін қалыптасқан, жүйеленген философия мектептерінің
болмағандыгын көрсетсе керек. Көлемі шағын кітапшаны ұзақ жыл зерттеп
жазғаны да соны дәлелдейді; Мен жанды былай түсінемін, дейді ол, біз
дененің түп негізін тексергендей, жанның да түбін тексерсек, жан да дене
сияқты басынан бар болып табылады. Сөйтіп, адамның адамгершілік, ар-
ожданының негізі жан өлмейтін, өшпейтін, мәңгі құбылыс болып шығады. Одан
әрі Шәкәрім былай дейді: Ғылым жолында әлде неше түрленіп, өзгерсе де
дененің ешнәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да ешнәрсесі жоғалмайды (Ш.
Құдайбердиев. Үш анық. Алматы, Қазақстан баспасы, 1991, 276.). Бірақ
мұндай қайшылықтарына қарамастан, жалпы алғанда Шәкәрім прогреске, ғылымға,
адамдыққа сенеді. Мәселен,— дейді ол,— мен асқан білімді, өнерлі болып
керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасағам, соның істеп
шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина жасады дейсіз бе? Бер
жағынан қарағанда, дәл сол кезде жасап шығарған машина ғой. Ал ол машинаға
соншалық қуат, шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм
машинаға керекті нәрселерді шығарып тұрған жаратылыстың негізгі табиғаты
ғой (бұл да сонда). Ал ол табиғаттың ар жағында басты жаратушы, тәңірі бар
деп түсінген. Бірақ ескі дін молдалары жаратылыс жолында оның сырына
шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған, деп қорытады Шәкәрім.
Тіпті ғылым арқылы ол жанның да бар екенін дәлелдеуге ұмтылды. Жанды қуат,
энергия деп түсінеді Шәкәрім. Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң
қаламын (33б.),— деп жазды ол. Оның пікірінше, прогреске тірек болатын таза
дене, толық мінез, ой, істер (30б.).
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль
философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер
қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты
шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман
талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік
заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады, Тәңірі, Нұр,
Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, Киелі ұғымдар.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әл
Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары
бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен
айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес.
Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің
кепілі — Нұр. Оған адамның жәй ақылы жегпейді, оны аңғару, түсіну, жан
дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу,
басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға
қосылуы. Жан — дейді Шәкәрім, — менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған
денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып
кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанын жоғалуына түк дәлел
жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді. (Үш
анық — Әлем, 39 б.) Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң
жазған және ол жаңа замандағы қазақ кәсіпқой философиясының алғашқы
туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы
қатпарлары мол. Батыстағы материализм және идеализм тәрізді екі анықпен
Шәкәрім шектелмей, өз жолы — үшінші анықты ұсынады:
Еңбекпенен, өрнекпенен Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір Ар ілімі оқылса.
Яғни, басты мәселе — ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы
шәкәрімнің ар ілімі деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі
категориясы, мәдениеттіліктің тірегі — ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін
Шәкәрімнен үзінді келтірейік: Әрине, жаның өлген соң тазарып,
жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште
болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның
тілегі екеніне нанған кісі қаянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына
жете қуанса керек. Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген
соңғы өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей таяныш
екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң
тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның
азығы екеніне әбден нанса оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам
атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін
жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп
жүрген шатақ дін жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір
түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы — ұждан, совесть деумен еш
нәрседен кемді көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жәрдемі үш анық
дегенім осы. (Үш анық — Әлем, 44—45 б.).
Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі каллокагатия,
И. Канттың кесімді императив ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз — ынсап,
әділет, мейірім.
Үш анық деген не?:
1. заттық дүниені ғылыми жолмен тану.
2. Діни ұғымдар, ғажап жағдайларға сену (магентизм, спиритизм, телепатия)
3. Ұждан, былайша айтқанда ынсап, әділет, мейірім деп оны бөліп, адамның
моральдық мәселелерін арнайы қозғайды. Ұжданды орысша совесть деп атап
келіп, Шәкәрім: Совесть - жанның тірегі- дейді.
Бірінші аныққа, дүние өздігінен жаралады деген ғалымдардың ой
тұжырымына сүйене отырып, бес дәлел келтіреді. Бірінші дәлел: Қайта
айналыс жолы - дүниенің эволюциялық өзгерісте, айналымда екенін айтады. Ол
Кант секілді, Жер, Күн, Ай, планеталар бастапқы кезде газ, түтін, жалын
сияқты болып, содан кейін салқындап денелерге айналады және сол қалпында
қалмайды, қайтадан, бір - біріне соғысып бөлініп, бөлшектеніп сұйық затқа,
одан газ, түтін қалпына келеді. Бұл процесс мәңгі қайталану түрінде үдіксіз
жүріп жатады, қайталаудан әлем, өсімдік, хайуан, адам пайда болған - деп
қорытады. Екінші дәлел: Жаратылыс жолы - Бұл жерде Жаратылған, жаратушы
бекер сөз, Бардың бәрі белгілі бір заңдылыққа бағынатынын айтады.
Табиғатта ең бейімделінген, ең күшті құбылыстардың, заттардың дамитынын
уағыздайды. Үшінші дәлел - тұқымдардың жолы, әртүрлі заттардың түрі
бірден пайда болған жоқ, олар ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі дейді.
Дүниенің негізі төрт нәрсе: от, су, жапырақ, ауа. Ал басқалар деп төрт
нәрсенің әрқайсысын жеке алып, олардың ішінде көзге көрінбейтін бөлшектерді
айтады. Ол философиядағы атом теориясы туралы ой қозғап, оны Демокрит пен
Левкип, кейін дамытқан Эпикур мен Лукреций деп, онымен тоқталмайды. Шәкәрім
әлгілерге дейін Ион-грек елінің философы Пифагор, одан да бұрын Финикияның
Садда қаласынан шыққан Моско деген болған деп, ғылымда бұған дейін кең
тарамаған пікірді ортаға салады. Ол физика ғылымдарының соңғы
жетістіктеріне сүйене отырып, атомның одан әрі бөлшектенетінін айта келіп,
оның атомнан гөрі кіші бөлшегін электрон деп атайды (арабша аты жоқ),
осындай бөлшектерінің бірін Шәкәрім Нұр деп қарайды. Олай болса, барлық
әлемнің түп негіз, нұр болған - дейді. Шәкәрім нұр, сәуле - бір
секундта үш жүз мың шақырым жүреді деп, күннен шыққан нұр (сәуле) жерге 8
м 17 сек келіп жететінін негіздейді. Ол күннен де алыс планеталар жұлдыздар
бар, олардың нұры жерге жүздеген, мыңдаған жылдарда келіп жететіндігін
айтады. Төртінші дәлел - дене сезімі жолы. Бір нәрсені сезіммен білеміз
деп, осы белгілі ғылыми-философиялық таным теориясы сенсуализмді жақтайды.
Бесінші дәлел - әртүрлілік жолы, ол қоршаған ортаның әртүрлігінде, соған
бейімделу қажеттілігінде жатыр.
Екінші анық магнетизм, спиритизм (о дүниеге, аруақтарға солармен
тілдеусіге болатынына сенетін мистикалық ағым), телепатия туралы ой
қозғайды:
1. Магнетизм - оның пікірінше бір адам жанының қуатының әсері арқасында
басқаларды еріксіз ұйықтатып, одан өткен немесе келесіде болатын істі сұрап
ғайыптан хабар айтқызады, әлде басқа істерді істетеді. Бұл белгілі бір
ғылыми жаңалық емес, өзімізге таныс ГИПНОЗ, оны халық көз байлау дейді.
2. Спиритизм - Рухты материяға қарсы қоятын, оны материядан дербес
өмір сүретін ерекше субстанция деп санайтын философиялық көзқарас. Мұны ол
ғылымның соңғы жаңалығының нәтижесі деп түсінген. Спиритизм, оның
пікірінше, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Қазақтың шоқ жұлдызы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Жастарға атты 1879 жылы жазылған өлеңінде
Шәкәрім және парсы әдебиеті
Пәндер