Жүрегімнің түбіне терең бойла..


Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толуына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла . . . » атты
көрменің ғылыми концепциясы
Тақырыптың негіздемесі
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жүмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма . . . » -
деп, мұң мен налаға толы осы жолдарды келер ұрпақ, алдағы замандарға сәлем хаттай жолдаған ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 165 жыл.
Қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Шыңғыстау аспанмен таласқан заңғар шыңдары бар асқар тау болмаса да, тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті мекен.
І-витрина: Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі, киелі жерлер бар. Ол-ел өмірінің ұлы белестерін айғақтайтын, халықтың ұлы перзенттерін дүниеге келтіріп, олардың ерлігі мен ғажайып талантының ашылуына куә болған мекендер. Орыстар үшін Ясная Поляна, италяндықтар үшін Флоренция қандай ыстық болса, қазақтар үшін Шыңғыстау жері соншама киелі де қасиетті. Өйткені бұл жерде халқымыздың үш бірдей кемеңгер суреткері дүниеге келіп, өздерінің өлмес жырларын толғаған. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Ертістің суы мен Шыңғыстың топырағы олардың бойына да шапағат нұрын құйып, қиялына қанат бітіріп, көкірек көздерін ашыпты. Олар өткен соқтықпалы, соқпақсыз жерде қалған іздері әлі де осы Шыңғыс жерлерінде, Қарауыл өзеннің бойында, көне Семейдің көшелерінде сайрап жатыр. Міне, осындай қасиетті жерде тобықты елін билеген беделді отбасында Абай дүниеге келген.
Абайдың әкесі Құнанбай ХІХ ғасырда қазақ арасынан шыққан әйгілі қайраткер, ел билеушісі болса, оның әкесі Өскенбай Ырғызбайұлы Тобықты елін билеген беделді адам болыпты. Өскенбайдан бастаған билікті оның ұрпағы 150жыл бойына, кеңес өкіметі келгенге дейін қолдарынан шығармаған. Құнанбай әуелі шағын ауылды басқарды, кейін болыс билеушісі болып сайланып, Тобықты елін билеген. Келе-келе Қарқаралы қаласының аға сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріледі. Құнанбайдың 4-әйелі болған. Бәйбішесі Әйбөбектен Құдайберді, 2-ші әйелі Ұлжаннан-Абай, Ысқақ, Оспан; Айғыз деген әйелінен Халиолла, Смағұл, Кәмшат дүниеге келген. Төртінші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.
1846жылы патша үкіметі қазақ даласындағы мал-жан санағы, жер-су, өзен-өлкені картаға түсіру, Ұлы жүз қазақтарын Ресей өкіметіне бодандыққа алу сияқты түбегейлі мүдделерін іске асыру үшін арнайы экспедиция ұйымдастырады. Оның құрамына генерал Вишневский, Ивашкевич сияқты Батыс Сібір әскери-губернаторлығы кеңесінің шенді адамдарымен бірге жасы 40-тан енді ғана асқан ел әкімі Құнанбай да енгізіледі. Олармен бірге жүрген бірнеше ай ішінде экспедиция мүшелері Құнанбайдың іскерлігі мен кісілігіне қатты риза болған. Құнанбайды көзімен көрген поляк Янушкевич өз күнделіктерінде: «Құнанбай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz