Жасөспірімдер суицидін педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдары



КІРІСПЕ

1 ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 «Суицид» ұғымына сипаттама

1.2 Жасөспірімдер суицидінің психологиялық ерекшеліктері

2 ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АЛДЫН.АЛУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Суицидке бейім жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстар мазмұны

2.2 Жасөспірімдер суицидін педагогикалық тұрғыдан алдын.алуға бағытталған эксперимент жұмыстарының нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп жатқан дүние жағдайларында алынған терең білімдерінің негізінде балалар өздерін еркін бағалай білуге, өзін–өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс шешім, адамгершілік тұрғыдан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұрғаны қалыптастыру деп көрсеткен [1].
Кәмалетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардын профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алтын-алу туралы Қазақстан Республикасының Заңында: өмiрде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балалар болып табылады және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын-алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесі, - деп көрсеткен [2].
Бұл мәселе өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі, елімізде жасөспірімдер арасында суицид мәселесі жиі болуда. Елімізде суицид деңгейінің өткен жылдармен салыстырғанда азайғандығы мәлім болды. Дегенмен бұл мәселенің шешімі табылды деген сөз емес. Сондықтан да жасөспірімдер суицидін алдын-алуды мектептерде жүргізу мектептердегі педагог-психологтардың міндеті.
Адамның ең қымбат, қастерлі табиғи құқығы − өмір сүру. Алайда өмірдің қадірін жете түсінбеу салдарынан өзіне-өзі қол жұмсап, суицид жиілеп, жасөспірімдер өз өмірлерін қиюда. БӘДСҰ жүргізген санағы бойынша, бүкіл әлемде 1миллион адам өзін өзі өлтірсе, соның 8 мыңы біздің отандасымыз да екен. Және ұйымның жыл басында жасаған сараптамасына қарағанда, еліміз суицидтің таралымы бойынша 193 мемлекет арасында 3 орынды, ал жасөспірімдер суициді жөнінен Ресейден кейінгі екінші орынды тұрғаны белгілі болып отыр. Психолог Л.Ілімханованың келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан бойынша жасөспірімдер суициді ең көп тіркелген (100 мың тұрғынға шаққанда) аймақтар − Солтүстік Қазақстан облысы (59 адам), одан кейін Шығыс Қазақстан (55 адам), Қарағанды (39 адам), Атырау (29, 3 адам), Қызылорда (13, 2 адам), Оңтүстік Қазақстан (14, 1 адам) облыстары екен. Бар болғаны 16 миллион ғана халқы бар Қазақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш.
1. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында
2. «Кәмелеттке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалусыз және панасыз қалуының алдын-алу» туралы ҚР Заңы, 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591
3. Мектеп психологының қызмет ережесінде. //Мектептегі психология, 3 2012.
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі (топтама); Заңтану топтамасы. - Алматы "Мектеп" 2002.
5. Дюркгейм Э. Самоубиство соцологический этюд. – Москва,
6. Cидоркин А. Лекции по психологии индивидуальности. – М., 1996
7. Ласой С. Человек: психология. – М., 1986
8. Тихменко В.А. Грамматика общения М.,1995
9. Камю А. Курс лекций по дисциплине "Психология младшего школьника" -Караганда, 2006.
10. Елшібаева К.Ғ. Суицидті алдын алу. –Алматы, 2009.
11. Амбрумова А.Г и др. Рабочая книга школьного психолога М.,1995
12. Личко А.Е. др. Психология общих способностей 2-е изд. Питер:, 2000
13. Павлов И.П. Общество и подросток: социологический
14. Кудро Н.М. Социально-правовое регулирование поведения личности.

15. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. М., 1981
16. Леонтьев А.Н. Психология общения. Тарту: ТТУ,1974
17. Ломов Б.Ф. Проблема общения в психологии. М.,1981
18. Люблинская А.А. Общая психология и психология личности Москва, 1996
19. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы. –Алматы, 1999.
20. Социология молодежи //В.Т.Лисаковскийдің басш.ред. –Москва, 1996
21. Орлова И.Б. Самоубиство – явление социальное. М., 1995.
22. Помро К. Суицидальные поведение в юношеском. М., 1995.
23. Уоррен Шибл Смерть:междисциплинарный анализ. – Америка, 2000
24. Максимов В.Г. Педагогическая диагностика в школе: Учеб.пособие для студ. высш. пед.учеб. заведений. - М.: изд.центр. «Академия», 2002.-272 с.
25. Носс И.Н. Психодиагностика :тест, психометрия,эксперемент. –М.,КПС,2000
26. Психологическая диагностика детей и подростков .учебное пособие для студентов : М.К.Акимова, К.М. Гуревича и Е.М. Борисовой. М., 1995
27. Посохова С.Т. Психодиагностика: конспект лекций. М., 2004
28. Шевандрин Н.И. Основы психологичекой диагностики. Часть2. М., 2003
29. Анастизи А. Психологическое тестирование. М. 1982
30. Абрамова Г.С. Практическая психология. – Екатеренбург, 1998
31. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.- М.,1968
32. Выготский Л.С. Мышление и речь. – М., 1996
33. Краткий психологический словарь. // сост. Л.А. Карпенко; Под общ. Ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. – М., 1985
психологиясы жөнінде. А.,1981
34. Мухина В.С. Возрастная психология. М.,1998
35. Психологический словарь. – М., 1990
36. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы А.,1987
37. Райс Филипп. Психология подросткового и юношеского возраста. –СПб.,2000
38. Сабирова Р.Ш. Некоторые аспекты социально- психологичекого климата в коллективе. Караганда., 2002
39. Ефремов В. С. Е92 Основы суицидологии. - СПб.: «Издательство «Диалект», 2004. - 480 с: ил.
40. Құрманбаева Н. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмасуы. //Денсаулық журналы, №10, 2001 жыл
41. Бейсенова Ж. Суицидтің алдын-алуға бола ма? //Заң газеті, №65, 8 мамыр, 2012.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Жасөспірімдер суицидін педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдары

Түркістан 2013 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Суицид ұғымына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .7

1.2 Жасөспірімдер суицидінің психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .1 8

2 ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Суицидке бейім жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстар
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

2.2 Жасөспірімдер суицидін педагогикалық тұрғыдан алдын-алуға
бағытталған эксперимент жұмыстарының
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .54

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасында 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты –
жылдам өзгеріп жатқан дүние жағдайларында алынған терең білімдерінің
негізінде балалар өздерін еркін бағалай білуге, өзін–өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс шешім, адамгершілік тұрғыдан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұрғаны қалыптастыру деп көрсеткен [1].
Кәмалетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардын профилактикасы
мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алтын-алу туралы
Қазақстан Республикасының Заңында: өмiрде қиын жағдайға душар болған
балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған
және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын
балалар болып табылады және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар,
қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын-алуға,
оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға
бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту
және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына
терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке
профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық,
медициналық және өзге де шаралар жүйесі, - деп көрсеткен [2].
Бұл мәселе өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі, елімізде
жасөспірімдер арасында суицид мәселесі жиі болуда. Елімізде суицид
деңгейінің өткен жылдармен салыстырғанда азайғандығы мәлім болды. Дегенмен
бұл мәселенің шешімі табылды деген сөз емес. Сондықтан да жасөспірімдер
суицидін алдын-алуды мектептерде жүргізу мектептердегі педагог-
психологтардың міндеті.
Адамның ең қымбат, қастерлі табиғи құқығы − өмір сүру. Алайда өмірдің
қадірін жете түсінбеу салдарынан өзіне-өзі қол жұмсап, суицид жиілеп,
жасөспірімдер өз өмірлерін қиюда. БӘДСҰ жүргізген санағы бойынша, бүкіл
әлемде 1миллион адам өзін өзі өлтірсе, соның 8 мыңы біздің отандасымыз да
екен. Және ұйымның жыл басында жасаған сараптамасына қарағанда, еліміз
суицидтің таралымы бойынша 193 мемлекет арасында 3 орынды, ал жасөспірімдер
суициді жөнінен Ресейден кейінгі екінші орынды тұрғаны белгілі болып отыр.
Психолог Л.Ілімханованың келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан бойынша
жасөспірімдер суициді ең көп тіркелген (100 мың тұрғынға шаққанда) аймақтар
− Солтүстік Қазақстан облысы (59 адам), одан кейін Шығыс Қазақстан (55
адам), Қарағанды (39 адам), Атырау (29, 3 адам), Қызылорда (13, 2 адам),
Оңтүстік Қазақстан (14, 1 адам) облыстары екен. Бар болғаны 16 миллион ғана
халқы бар Қазақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш.
Еліміздегі әлеуметтік жағдайдың қиындығы, экологияның кері әсері,
ақпарат құралдарындағы қажетсіз ақпараттардың, атап айтқанда, атыс-шабыс
фильмдер, қырып-жоятын виртуалды ойындар, суицидке итермелейтін сайттардың
жасөспірімдер санасына әсерінен, адамның өзіне деген сенімнің жоқтығынан
бүгінгі таңда жүздеген жастар қапияда көз жұмуына өздері себепкер болып
отыр.Елімізде суицидалды өлімді көбіне 14-24 арасындағы жастар, оның ішінде
қыз балалар, ал 29 жастан жоғары ер азаматтар таңдайды екен. Әсіресе, 14
-17 жас аралығында жасөспірімдердің ажалға құштар болуы алаңдатарлық жайт.
Мұның себебін психолог мамандар жасөспірімдердің өмір сүруге
тәжірибелерінің жоқтығы, санасында туындаған кейбір мәселелерге байланысты
үлкендердің түсіндірмеуінен, қамқорлықтың, мейірімнің болмауынан деп
түсіндіреді. Сондай-ақ, тұрмыс жағдайының төмен болуы, отбасында дау-
жанжалдың орын алуы, қатарластарына қызығуы, өздерін олардан кем сезіну
секілді жағдайлармен байланыстырады. Ал қыз балалардың өзіне қаскөйлік
жасауына жауапсыз махаббат, некесіз жүктілік секілді факторлар әсер етсе,
ер азаматтардың отбасындағы жанжалы, отбасын асырай алмауы өмірден ерте
кетуіне себепкер болады.
Суицидті түбірімен толығымен жоймаса да, оның алдын алуға, белең алуын
тежеуге болады. Алматы қалалық Білім басқармасының өкілі Р.Б.Ахмедова
бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы сиуцидтің алдын алу мақсатында
мектептерде түрлі психологиялық сабақтар, семинарлар, тренингтердің жиі
ұйымдастырылуда екенін айтады. Полиция майоры С.Нұрбекованың айтуынша, жыл
басынан бері жасөспірімдерді суицидке итермелейтін сыртқы күштерді,
нақтырақ айтқанда, жасы үлкендердің кішілерден ақша бопсалауды, күш
көрсетуді тежеу үшін қолдан келетін шаралардың барлығы жасалып жатыр.
Осындай суицидке қарсы үгіт-насихат жұмыстары, ішкі істер департаменті
тарапынан жасалған жұмыстар өз нәтижесін бергендей. Себебі былтыр
жасөспірімдер арасында 237 суицид оқиғасы тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш
біршама төмен – жыл басынан бері 120 оқиға тіркеліпті.
Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерде жасөспірімдер
арасындағы суицидтің алдын-алуға бірден-бір жауапты тұлға мектептің
ұстаздары, сынып жетекшілер мен педагог-психологтар т.б. Алайда, мектеп
жасындағы жасөспімдердің суицидке баруын зерттеу Қазақстан ғалымдарының,
тәжірибелі педагогтардың тарапынан толық шешімін таппай келеді. Оның
себебі, біз зерттеу жұмысына байланысты әдебиеттермен танысқанымызда К.Ғ.
Елшібаева мен Ж.Бейсенованың ғана еңбектерін кездестірдік. Ал Ресейлік
авторлардан Тихоменко В.С, Ефремов.,Павлов ... ... ... т.б. көптеп
кездестіруге болады. Бірақ бұл орыс авторларының барлығы бірдей
жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесін қарастыра бермеген. Бұл өз
кезеңінде мектептегі педагог-психологтардың жасөспірімдер суицидін алдын-
алуда ғылыми еңбектер мен әдістемелік көмектердің толыққанды жарыққа
шықпай, тіпті толық зерттелмей жатқандығын көрсетеді.
Мектеп психологының қызмет ережесінде оның міндеттерін былай деп
көрсеткен: психолог әрбір оқушыға кеңес береді, оның қабілеті мен мінез
ерекшеліктері бар жеке тұлға екеніне көз жеткізе отырып, оқушылардың
потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатындықтарына сенімді болуы
керек; псиолог жеке тұлғаны кезенді зерттеу негізінде (өмірбаяны, басынан
өткен оқиғалар, анкета сұрақтарына жауабы, бақылау көрсетулері, дәрігерлік
диагноз, психодиагностика қорытындылары) қорытынды жасайды, сондай-ақ
кеңесші ретінде психолог өзіне қажетті тәжірибелерді жан-жақты зерттеуі
керек, оқушылардың кемшіліктерін және мінезінің жайсыз жақтарын түсіндіріп,
оларды түзету жолдарын көрсету керек; олардың интеллектуалдық және
эмоционалды ортасына ықпал жасап, әрдайым оның психологиялық жағдайын
ескеріп отыру қажет, - деген [3].
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстанда
жасөспірімдер суициді қоғамдағы техникалық өркендеу, информациялық
ресурстардың алшақталуы адамның қажеттілігінсіз өсуі, адам бақытының
ұлғаюы, адам психикасындағы ауытқушылықтардың көбеюімен байланысты оларды
алдын-алу өзекті мәселе болып отыр. Сонымен қатар жоғарыда атап
өткеніміздей білім беру мекемелеріне қатысты нормативті құқықтық құжаттарда
оны алдын-алу мәселесі аталып өткендіктен жалпы білім беретін мектептерде
жасөспірімдердің суицидін алдын-алу байлансты мектеп нақты тәжірибесінің
жоқтығы және оны алдын-алудың жолдарына арналған зерттеулердің жоқтығына
байланысты зерттеу қарама-қайшылығының орын алып отырғаны белгілі болып
отыр. Осы аталған қайшылықтардың шешімін іздестіру, зерттеу мәселесін
айқындау мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Жасөспірімдер суицидін
педагогикалық тұрғыдан алдын-алу жолдары деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық
үдеріс.
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептерде суицидке бейім
балаларды педагогикалық тұрғыдан алдын-алу.
Зерттеу мақсаты: Суицид терминінің мәнін, жасөспірімдер суицидіннің
психологиялық тұрғыдан анықтау. Жасөспірімдер суицидінің себептерін, оның
факторлары мен түрлерін, психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Суицид суицид әрекеті, парасуицид т.б. терминінің мәніне
ғылыми талдау.
2. Жасөспірімдер суицидінің негізге факторлары мен түрлеріне ғылыми
талдау.
3. Суицидке бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін анықтау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, жалпы
білім беретін мектептегі психологтың қызмет ережесі, кәмалетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардын профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алтын-алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы және
осы тақырыпқа арналған ғылыми-зерттеулер мен мақалалар, мұғалімдердің озық
педагогикалық тәжірибелері, осы тақырыпта жазған психологтардаң еңбектері.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, тарихи-
пеадгогикалық әдебиеттерге, құқықтық-нормативтік құжаттарға шолу. Ғылыми
зерттеу жұмысының анкета, бақылау, эксперимент, озық педгогикалық
тәжірибені талдау әдістері.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе бөлімінде дипломдық зерттеу жұмысының көкейтестілігі, қарама-
қайшылығы мен зерттеудің мақсаты, міндеттері, зерттеу көздері, зерттеу
объектісі мен нысаны, әдістері мен көздері қарастырылған.
Жасөспірімдер суицидінің ғылыми теориялық негіздері атты бірінше
бөлімінде суицид терминінің мәні ашылып, оның суицид әрекеті,
парасуицид, суицидтік мінез-құлық т.б. ұғымдармен байланысты анықталды.
Сонымен қатар жасөспірімдер суицидінің факторлары, түрлері мен
психологиялық ерекшеліктері сипатталды.
Жасөспірімдер суицидін педагогикалық тұрғыдан алдын-алу жолдары атты
екінші бөлімінде суицидке бейім балаларды алдын-алу жолдары, оларды анықтау
әдістері, олармен жұмыс істеудің жолдары қарастырылған. Сонымен қатар
эксперимент жұмыстарының нәтижесі берілген.
Қорытындыда ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі, ғылыми жаңалықтардың
барысы мен ұсыныстар мен пікірлер берілген.
Қосымшада мектептегі педагог-психолог тәжірибесіндегі суицидке бейімі
балалармен жүргізілетін жұмыстардың үлгі-нұсқалары берілген.

1 ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Суицид ұғымына сипаттама

Әлем ғалымдарын толғандыратын мәселе жасөспірімдер арасында жиі
кездесетін-суицид мәселесі. Суицид терминін итальян психологы Г. Дэзен
алғаш рет 1947 жылы ғылымға енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” -
деп түсіндіреді. Ғалымның пікірінше, - суицид дегеніміз - өзін-өзі өлім
жағдайына апаратын саналы түрдегі өз-өзіне қастандық жасау.
Суицид латын тілінен алынған қасақана өзін-өзі өлтіру деген
мағынаны білдіреді. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын
сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында
таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі
өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге
артады дейді мамандар.
Жасөспірімдер арасында суицидке барушылар, әдетте, өте қатты рухани
күйзеліске ұшырағандар, стресс жағдайындағылар, сонымен қатар, өз
мәселелерін шеше алмайтын сезімге әлсіз адамдар және мен тұжырымдамасы
қалыптаспаған, яғни, әлеуметтенбеген жасөспірімдер болып табылады.
Өзіне өзі қол жұмсау, суицид, суицидтік және аутоагрессиялық
мінез-құлық, парасуицид түсініктерінің анықтамалары әртүрлі. Өзіне-өзі
қол жұмсау терминін тұңғыш славян, грек тілі мектебінің ұтазы
Ф.Поликарпов-Орлов өзінің құрастырған сөздігінде қарастырған.
Томас Браунның 1635 жылы жазылып, 1642 жылы басылып шыққан Religio
Medici кітабында суцид термині бірінші рет пайдаланылған. Алайда кейбір
авторлардың пікірінше бұл термин ХІІ ғасырда пайда болған. 1651 жылы
Оксфорд сөздігінде болғанын қарамастан ұзақ уақыт бойы (ХҮІІІ ғасыр
ортасына дейін) әдебиетте кездеспейді. Үш тілді лексикондада өзіне-өзі
қол жұмсау суицид емес басқаша аударылған. Сонымен ағылшын тілінде
қолданылатын орыс, неміс әдебиеттерінде бүгінге дейін қолданылатын өзін-өзі
жою түсінігі адам өлімі өлген адамның өз әрекетінің нәтижесінде
болатындығы. Бұл термин адамның өз еркімен дүниеден кетуіне қоғамдық
сананың байланысын білдіреді. Бірінші кезекте діни сана. Суицид деген
бейтарап сөз өлтірме! деген христиан уағызының бұзылуына байланысты
айыптаушы сипаттағы терминмен ауысқан. Әулие Августин бұл күнәні белгілеу
үшін өзін-өзі өлтіруге анық түсінік береді. Ол күнә шіркеу және қоғам
атынан айыпталады және жазаланады.
Суицидология термині орыс ғылыми әдебиттерінде бірінші рет ХІХ
ғасыр аяғында пайда болды. Батыста бұл терминді белгілі суицидолог Э.
Шнейдманның мәліметі бойынша тек 1929 жылы пайда болды.
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі
өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын
нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу.
Депрессивті жағдайлар жиналып соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы
мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен
ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық
қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады.
Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараланады.
Мысалы:
1. Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне
есеп беретін, бірақ кінәсіз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде
болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының
жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
2. Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу
т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
3. Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы
не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі
өлтіруге аяқ астынан бел буу);
4. Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру [4].
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша
дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы
суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда
болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Индияда. АҚШ-та
өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе,
КСРО-де шамамен 23-24 адамнан келеді.
ХХ ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі
кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы
мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі
өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға
байланысты. Мәселен Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны
үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен
теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда
5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің
арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы
жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид
15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға
дейін көтерілген.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-
өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар,
ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда
болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін,
себептерін зерттеуге тырысты.
Суицидология комплексті ғылыми пән ретінде суицидті (кең көлемде
аутодеструктивті) мінез-құлықты ХХ ғасырдың ортасында зерттей бастады.
Бүгінгі суицидология қарқынды дамып келе жатқан теориялық және тәжірибелік
ғылым. Ол көптеген ғылыми пәндердің жетістіктерін пайдаланылады және
олармен өзара байланыста қарастырылады. Атап айтқанда, психиатрия,
психология, юриспруденция, социология т.б.
Өзіне-өзі қол жұмсау анықтамасын, оның осыған ұқсас құбылыстардан
ажырататын маңызды межелерін француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгейм өзінің
классикалық еңбектерінде өзін-өзіне қол жұмсау терминінен: Зардап
шегушінің оң немесе теріс әрекетінің нәтижесінде болған әрбір өлім жағдайы,
егер зардап шегуші өз әрекетінің өлімге соғатынын білетін болса, өзін-өзіне
қол жұмсау деп аталады,- деген. Сондай ол өзіне-өзіне қол жұмсау
қастандығы ол ақырына дейін жеткізілмеген бірыңғай әрекет деген анықтама
берген. Суицидолог М.Фабер (1968 ж.) суицидке былай деп анықтама берген:
өзіне-өзі қол жұмсау – саналы, әдейі және тез өз өмірін қию. Бұл
өлшемдердің барлығы маңызды: түсінікті, әдейі және нақты әрекет адам
денсаулығын бұзар және қайғылы жағдайға алып келуі де мүмкін. Автор
келтірген өзіне-өзі қол жұмсау өлшемдігі – аутоагрессиялық (кең
аутодеструктивті) әрекеттердің кез келген түрін зерттеудің, бөліп
қарастырудың негізгі шарты болып табылады.
Өз өмірін тоқтату пиғылы өзіне өзі қол жұмсау анықтамасының өлшемі
ретінде Э.Дюркгеймге дейінде белгілі болған. Өлім мен ағзаға арналған
Семахота трактатында өзіне өзі қол жұмсау пиғылын нақты дәлелдеу мүмкін
болмағандықтан оны суицид қатарынан шығарып тастауға негіз болды. Мұнда
психикалық аурудың белгілерінің күдігі болғандықтан суицидке жатқызылмады.
Сонда дені сау адам өзіне-өзі қол жұмсамайды ма? Егер адам талға немесе
шатырға шығып құлап өлсе, өзіне өзі қол жұмсау емес, ал егер ол жоғарыға
шықпастан бұрын Мына талға немес шатырға шығамын да төменге секіремін деп
айтса және куәлардың көзінше айтқанын орындаса, онда өзіне-өзі қол жұмсау
деп атаса болады. Асылып немесе семсерге өзін-өзі тастап өлген адамды
ақылынан адасып өлді деп есептейді.
Суицид және өзін-өзіне қол жұмсау терминдері синоним ретінде
қолданылады. Өз өмірін тоқтату үшін аяқталған немес аяқталмаған әрекеттер
суицид емес өзін-өзіне қол жұмсау терминін білдіреді дейді автор. Мұнда
клинико-суицид алды бақылау зерттеулерінде тек қана аяқталмаған жағдайлар
қарастырылған, суицид термині сәтсіз суицидтен кейін аурухналарға түскен
адамдарға қатысты.Жоғарыда аталғандар зерттелген аурулардың аутоагрессиялық
әрекеттерінің шектігін айырып, ажырату мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Бірінші кезекте ол өзін-өзіне қол жұмсау қатаңдығы туралы айтылып
тұр. Бір жағынан суицидтің әртүрлі сипаттамаларының көмегімен
диагностикалық мәнін анықтау, екінші жағынан өзін-өзіне қол жұмсау
қастандығын соған ұқсас жағдайлардан шекарасын ажырату керек. Э.Дюргеймнің
өзін-өзіне қол жұмсауды анықтаудың шешуші өлшемі - өз өмірін қиюға деген
пиғылының болуы.
Өзін-өзі қол жұмсау сәтсіз аяқталған жағдайда адамды ауруханада
бақылағанда ол адамда ондай пиғылдың болған, болмағанын анықау жеңіл
болады.
Локальді өзін-өзі қол жұмсауға мүшесіне зақым келтіру, симуляция,
полихирургия, әдейі апатқа ұшырау, белсіздік және жыныстық салқындық
жатады. Органикалық өзін-өзіне қол жұмсауға өзін-өзі күйдіретін
элементтерді тасымалдаушы аурулар жатады. Ол өзін-өзі күйдірудің әртүрлі
жағдайларында көрініс береді. Мысалы, анық, қалпына келмейтін органикалық
және ұстамалы кеселдер және темекі шегу сияқты қалыпты әдеттер.
Жоғарыда келтірілген түсініктемелер З.Фрейд ілімі бойынша қисынды
және қалпына келтірудің клиникалық әдістерін жасағанда негізге алынды.
К.Меннингер өзін-өзі күйрету теориясы мен клиникалық кеселдің ара
қатынасын анықтауға әрекет жасап, оны емдеудің техникасы мен әдістері
туралы былай деді: Бұзылу экологиясы (өзін-өзі күйрету) сәйкес емді
анықтамайды; психологиялық ем физикалық немесе физиологиялық емді жоққа
шығармайды. Ол өзін-өзіне қол жұмсауды үш құрылымға бөлді:
- өлтіруді қалау;
- өлуді қалау;
- қайтыс болуды қалау.
Бірінші екі құрамда қатыгез элементтер бар, сонымен бірге қайтыс болу
процессі өмірлік ұстанымдардан ерікті түрде айырылу, одан басқа өлімге
ұмтылу әртүрлі қалпына енуі мүмкін (айтылған басқа пиғылдар сияқты). Өзін-
өзіне қол жұмсауды ажыратылмайтын үш элементі бар өлімнің ерекше түрлі деп
қарау керек: қайтыс болуы, өлтіру және өлтірудің құрбаны. Бұл элементтердің
әрқайсысы жете зерттеуді талап етеді. Өйткені олардың саналы және санасыз
себептері бар. Үш элементтің бір мезгілде қатар келуі қайғылы жағдайға
соқтырады. Ал ол элементтердің жоқ болуы немесе әр элементтің әр уақытта
қатысуы аутоагессиялық жеңіл түрде өтуіне себеп болады. Өз-өзіне қол
жұмсауды үш міндетті түрге бөлу керек: ақыл ойдың ойыны емес сананың
өзіндік құрылымы, суицидтік мінез-құлықты әртүрлі жақтан зерттеудің
бастапқы нүктесі. Өзін-өзі қол жұмсау себептерін терең зерттеу адамды
өлімге итермелейтін бірнеше шарттардың жорамалын дәлелдейді. Өзін-өзі
күйретудің жабайы инстингдігі мен одан күрделі сабептер өзара қатынасқа
түскенде өзіне-өзі қол жұмсау пиғылы пайда болады. Ол адамның өзін-өзі
құртуға деген бет алысын одан сайын күшейтеді. Бұларға авторлар созлмалы
суицидретінде анықтама береді.
Э.Дюркгейм мұндай аутодеструктивті мінез-құлықты шартты суицид деп
атаған. Қазіргі түсінік бойынша өзін-өзі күйрету мінез-құлықты тұлғаның
ерте физикалық өлім бағытында нақты немесе мүмкін ерік бақылауында іске
асатын кез-келген әрекет деп түсіну керек. Тікелей емес өзін-өзі қол жұмсау
терминінің сипаттамалары көп: жасырын өзін-өзіне қол жұмсау, санасыз
суицидтік мінез-құлық немес суицидтік эквивалент деп аталады. Тікелей
емес өзін-өзіне қол жұмсау жағдайларының барлығында адамдар өзін-өзі
күйрететін немес өзіне зиян келтіретін әрекеттер жасайды, бірақ ондай
әрекеттер жасауға пиғылы болғанын жасырады. Мұндай өлім көзге жазатайым
өлім сияқты көрінеді [5].
Тікелей емес өзін-өзі қол жұмсауға немесе субпиғылды және жасырын
суицидке қатысты түсінікер мен терминдерді енгізу суицидология пәні бойынша
зерттелетін аутодеструктивті феномендердің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік
береді. Мұнда жаңа пайда болған ғылымға қатысты зерттелетін объекті
шекарасы айқын емес.
Суицид айқын тұжырымдалған өлшем ретінде өзін-өзі қол жұмсауға өзін-
өзі қол жұмсау мінез-құлқының тек бір түрі болып шықты. Бірнеше ондаған
жылдар бұрын Лос-Анжелестегі американдық суицидологиялық орталықтың
аутодеструктивті мінез-құлықты зерттеу институты болып құрылуы кездейсоқтық
емес. Сонымен бірге суицидологтарға ғылым ретінде тек аяқталған суицид пен
өзін-өзі қол жұмсау қастандығына кіру керек деген көзқарас бар. Суицидтік
пиғылдың шындығы өмірді тоқтатуға жасалған әрекеттердің салмақтылығы – бұл
суицидтің негізгі белгілері. Өмірге шын қауіп төніп тұрған кезде ғана мінез-
құлық суицид деп есептеу керек. Суицидтік ойлар мен нақты әрекеттің арасы
жер мен көктей. Зерттеушілердің пікірінше суицидтік пиғылдың шындығын тек
өлімге алып келген жағдай дәлелдейді, сондықтан суицидологияның зерттеу
объектісі тек аяқталған суицид болу керек.
Жоғарыда келтірілген суицидтік феномендер шекаралары туралы екі
көзқарас (аутодеструктивиті мінез-құлықтың кез-келген формасы және тәндік
аурулар мен тек аяқталған өзін-өзі қол жұмсаулар) классикалық суицидке
қатысы бар өте көп құбылыстарды бағалаудың күрделі екенін көрсетеді.
Соңғысы үшін өмірден кетуге шын пиғылы болуы мүмкін.
Алайда, бұл пиғылдың шындығын анықтау шын мәнінде өте қиын, әсіресе,
аяқталған өзін-өзі қол жұмсау қастандығы болған жағдайда суицид жасаған
адамның пиғылын әділ бағалау да өзін-өзі қол жұмсау да қиын. Шын суицид
әр түрлі себептер мен жағдайларда ауыр салдарға соқтырмауы мүмкін, ал
жұрттың көзінше әдейі шантаждық мінез-құлық қайғылы аяқталуы мүмкін.
Егер суицид түсінігі кез-келген өмірге қауіп төндірген әрекетке
қатысты қарастырылатын болса, мұндай өзінше ерікті экстраполяция
суициология объектісін ғылымнан жоғалтуға алып келді. Алайда, өзінің кәсіби
міндетін өмірге қауіпті жағдайда орындап жүрген адамда өзін-өзі қол жұмсау
пиғылы бар дегенге ешкім сенбейді. Бірақ өте қажет жағдайда ерікті түрде
өз өмірін қиюды (соғыс жағдайында, басқа адамдарды құтқару үшін, мемлекетке
шығын келтірмеу үшін) өзін-өзі қол жұмсау деп есептемеу керек (түсініктің
клиникалық мағынасы). Мұндай жағдайдағы және суицидтік мінез-құлық
әрекеттерінің ұқсастығы олардың себептерінің ұқсастығы емес. Бұл жағдайда
өз еркімен өмірден кету жеке емес, қоғамдық мүддеге байланысты. Сәйкесінше
кез-келген өзін-өзі құрбан ететін батырлық әрекеттер және өмірге қауіпті
жағдайдағы кәсіптік әрекеттер өзін-өзі қол жұмсау емес.
ХІХ ғасырдың басында ғылыми психологияның негізін қалаушы Эскироль
жазған, кімде кім заңды, дінді немесе өз отанын қорғау үшін игілікпен, кең
пейілділікпен өз өмірін қауіпті жағдайда өлімге тіксе өзін-өзі қол
жұмсауға жатпайды. Алайда, өз кезінің көптеген психиатрлары сияқты қол
жұмсауға қарапайым көзқараспен қараған, оның пікірінше адам тек қана
ақылынан адасқан жағдайда өзін-өзі қол жұмсайды. Барлық өзіне-өзі қол
жұмсағандар есі ауысқан адамдар. Дюркгейм жазған кішіпейілділік сеніммен
өлгендер мен басқа сеніммен өлгендердің арасында шұғыл шекара жоқ. Егер
бірінші жағдайда өзіне-өзі қол жұмсау деп атасақ, екінші жағдайда да солай
деп атауға болады. Жоғарыда айтқандар өз еркімен өмірден кету әрекеттерін
бағалау үшін кету жағдайлары мен себептерін түсіну маңызды. Әдетте
суицидтік мінез-құлыққа қатысты алдымен жеке себеп бойынша өмірден кету
пиғылы қарастырылады. Мұндай өзін-өзіне қол жұмсау және қол жұмсауға
қастандық – аутодеструктивті мінез-құлықтың бір түрі. Оған толық
суицидологиялық зерттеулер жүргізу керек. Себебі ол қайғылы нәтиже және
қайталау мүмкіндігі бойынша өте қауіпті.
Жеке өзін-өзіне қол жұмсау (жеке себеп бойынша суицид) кейбір
әлеуметтік және діни қауымдастықтардың әдет-ғұрыптары, заңдары бойынша өз
еркімен өмірден кету мүмкіндігін жоққа шығармайды. Институттық суицид
көне заманнан бері белгілі, өкінішке орай қазіргі кезде де сақталған.
Сөз әлеуметтік талап бойынша өзіне-өзі қол жұмсау: Индияда, Қытайда
жесірлер мен малайлар өзін-өзі өртейді, ертеде христиандардың құрбандық
азаптары, Жапониядағы Харакири, діни соғыстарда жеңілгендердің жаппай
өздеріне қол жұмсаулары. т.б. Көне замандағы кейбір халықтарда
(германияда, кельттерде т.б.) өзін-өзі өлтіру лайықты өлімнің табиғи әдісі
деп есептелген.
Осы мәселені зерттеушінің бірі Д.Сапожниковтың пікірі бойынша бұл
пихопотологияның бір көрінісі – ол оған берілген бағаның бір нұсқасы.
Орыстардың бөлінуі кезіндегі өздерін өзі өртеу еңбегінде автор былай
дейді: орыс халқында діни түсінік бойынша сенім мәйітпен және өлім туралы
суық оймен үйлеспейді. Автор айтады: мұндай өзіне қол жұмсау түрлерінің
пайда болуы христиан ескі сенімдерінің басшысы Аввакумге байланысты дейді.
Аввакум бойынша сенім үшін зорлықпен өлу құрметі: Бұл Аввакумның ойлары
бекерге кетпейді қанды оқиғаларға алып келеді..
Сол заманда адамдардың бір бөлігі өз еріктерімен өздерін өртеді,
екінші бөлігі ақырзаман таянды деп ойлаған, ал үшінші бөлігі қуғыншылар
олардың өмір сүру тәртібін өзгерткенде өртеген, ал олардың ішкі ісіне
араласпағанда өртемеген. Өздерін өтегендерді толық зерттегенде анықталғаны
адамдардың көбісі бұлай өлуге келісім бермеген, оларды ұстаздары өртеген.
Бұл еңбегінде автор ескі салтты ұстанғандар арасындағы жаппай өзін-
өзі өлтіру жағдайларына да баға береді.
А.Сикорский 1684 жылы тарихта болған өздерін өртеу жағдайы туралы
ресми мәлімет келтірді. Ол мәлімет былай аяқталады: Шаруалар өздерін
өздері өртеді, не үшін өртенгендерін білмейді Автордың пікірінше мұндай
өзіне-өзі қол жұмсау өте күрделі құбылыс, оны тарихи көзқараспен түсіндіру
мүмкін емес. Ал бұл жағдайда психологиялық және психиатриялық мәліметтер
арқылы түсіндіруге болады [6].
А.Сикорсий жаппай өзін-өзі қол жұмсау жағдайында ұстаздардың теріс
ролін атап көрсетті. (олардың ресми аты –бөлінгендердің ұстазы). Олар кесел
және пихопаттарды жалпы мақсатқа біріктірді, яғни, өзін-өзі өлтіруге. Бұл
діни үгітшілер халық арасындағы бейімділікті дамытып кең көлемдегі
әрекеттер жасады. Автор былай деп жазды: үгітшілер көбіне өздеріне зақым
тигізбей, өзін-өзі өлтіруге қатыспай, құрбандарын бір жерге жинап, өздері
қашып кеткен және олардың мүлкін пайдаланған. Сойтіп өздері тірі қалған.
Бұл мақсат тек пайда үшін емес, өздерін сақтау үшін орындаған [6].
Ескі дәстүрлердің өзін-өзі өлтіру және оларға діни насихат
жүргізуші зерттеушілермен баға беру дәлелді болады. Себебі, ол белгілі
сәтсіз жағдайда дініи наным сенімге сәйкес өмірін қиюмен байланысты. Баға
беру сол қоғамдағы көсемдердің діни көзқарастарымен шешілген.
1977 жылы ағылшын суицидологы N.Kretiman өзін-өзі өзі өлтіруді мақсат
ететін субъектілер әрекеттерін бөлу үшін парасуицид деген ұғым ұсынды.
Парасуицид пен суицид әрекеті өзін-өзін өзі ерекшелейтін ұғымдар. Осы
феноменннің әрқайсысы төменгі суицидтік бағытқа ие: парасуицид өлімнің
төмен интенцисы, суицид әрекеті – жоғары интенцисы.
Е.В.Ласойдың пікірі бойынша парасуицидтің қазіргі анықтамасы әрекетті
орындау ниеті факторының классикалық түрімен қиылысып, мақсаттарда
ажыратылады. Мұнда мақсат ретінде субъекті өлімі емес, оның өмірлік
жағдайының өзгеруі есептеледі. Автордың ойынша парасуицид пен суицид
әрекеті үшін бірлік клиникасының әдісін пайдалану – көмек беруде
манипулятивті типті суицид әрекетіне қарамай елемей кету ықтималдығын
азайтады [7].
Бірыңғай және нақты анықтау өлшемдерінің жоқтығын және
терминологиялялық шатасуыды ескеріп, 1982 жылы ХДҰ суицид әрекеті және
парасуицид терминдерін тең деп көрсетті. Осылай анықталған парасуицид
терминін физиологиялық нәтиже есебінен субъекті ниетіне сай әрекеттерді
диагностика жасауға пайдаланылсын делінген.
R.Piehstre анықтамасы бойынша көптеген зерттеулер парасуицид
түріндегі көптеген суицидтік әрекеттер клиентке өзін-өзі өлтіруге ең күшті
тәуекел факторы болып есептелінеді. 10-14% суицид әрекетін жасаған адамдар
келесі әркетке жетпей өледі, осы өзін-өзі өлтіру тәуекелін 100 есеге
өсіреді. Сонымен бірге, суицид әрекетін түрлі зерттеулерге сүйене отырып,
ол осы мотивтерді үш категорияға бөледі:
1. өзін-өзі өлтіруді саналы түрде тоқтату;
2. Үзіліс – сана сезімді уақытша тоқтату;
3. Басқа адамдар әрекетін өзгертуге және өзіне назар аударуға шақыру.
Автордың пікірінше көптеген суицидтік әрекет (парасуицид) үзіліс
пен шақыру үйлесінде негізделеді. Сөйтіп осындай әрекетті күрестің
жеңісі деп атауға болады. Бірақ өлімнің жоғары интенциясының бар болуы
өмірді нақты тоқтату ниетінің бар болуы суицид активінің белгілі
кезеңдерінде орын алуы соңына дейін іске асырылуы деп есептеу дұрыс емес.
Түрлі себептер әсерінен суицид әрекетін орындау барысында өзін-өзі өлтіру
әрекеті суицид жасаушының өзімен тоқтатылуы мүмкін. Ол үшін сыртқы
әсердің өзі жеткілікті.
Мысалы, құтқарушылар биік үй шатырынан секіреді деп тұрған адамды
тоқтатпайды. Сұраныстар көмектеспейді, ең соңғы ұсыныс ретінде сырадан
ішсін деп айтады т.б.
Неміс психиатры Р.Телленің пікірі бойынша суицидтер мен суицидтік
әрекеттер тек қана түрлері мен нәтижесі бойынша ғана емес, психологиялық
мотивтер бойынша да бөлінеді (нақты шекара жоқ). Бұл мотивтер қиылысады.
Суицидтің бір уақытта өздерін жоятындай және т.б. тенденцияларының болуы
мүмкін. Оған парасуицид жақын келеді(нақты ерекшеленбейді). Автор жалпы
суицид әрекеті өмірді сақтауға арналған тенденцияларды да біріктіреді және
бір уақытта оны бұзу тенденцияларында мойындайды: белсенділігін (жаулап
алу, деструкция, агрессия), пассив (қамығу т.б.). Осы көзқарастағы автор
суицид пен парасуицидтердің үш түрін бөледі:
1. Демонстативті әрекет көрсету;
2. сол күйден шығу үшін амбивалентті орнату.
3. артқа қайтпайтын, тік шешімді суицид.
Олардың көпшілігі психикалық ауруларға шалдыққандар және үлкен
күйзеліске (депрессияға) ұшырап, болашақта үмітсіз қарайтындар.
Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі
келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді. Сонымен қатар
әлеуметтану үдерісі толық болмаған тұлғалар да суицидке барады. Осындай
әлеуметтік мінез-құлық қалыптастыруда болатын кемшіліктер мінез-құлық
ауытқушылықтарын тудырады: адамгершілікті мойындамау, ардан аттап кету,
әртүрлі жағымсыз мінез-құлықтар, құқық пен мораль нормаларын жоғалту т.б.
Осындай ауытқушылықтарды әлеуметтанушылар теріс мінез-құлық деп атайды. Ол
жазылған немесе жазылмаған нормалар мен заңдылықтарға бағынбайтын, сәйкес
келмейтін кез-келген әрекеттерді қамтиды.
Ауытқу себептерінің позитивті және негативті болуына байланысты теріс
мінез-құлықтың түрлерін бірнеше жаққа бөлуге болады.
Бірінші түріне қоғамдағы әлеуметтік жағдайлармен келіспейтіндер:
революционерлер, террористер, сатқындар, атеистер.
Суицидтік мінез-құлық ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді, ішкі
суицидтік мінез-құлыққа суицидтік мағынасыз ойлары, қайғыру, мәнсіз
елестер. Сонымен қатар суицидтік тенденциялар, үмітсіз клиенттер жатады.
Бұл деңгейге жету 3 тәжірибелік баспалдақтан өтумен байланысты болады:
1. Пассивті суицидтік ойлар өз өліміне деген құштарлықты (бұл жерде
өзін-өзі өлтіруге емес) қамтиды. Яғни, суицидтік мінез-құлыққа ие болған
адам. Өлу жақсы емес пе? Ұйықтап адам кейін оянбау өмір қиыншылығы мен
азабынан құтқарады – деген ойлармен шырмалып өлуге құштар болады.
2. Өлімге деген құштарлықтан кейін пайда болатын екінші баспалдық
суицидтік мінездің белсенді (активті) түрі болып табылады. Бұл кезеңде адам
өзін-өзі өлтіруге құмартады, яғни өзін-өзі өлтірудің тәсілдерін, уақыттын,
орнын ойластырады.
3. Үшінші кезеңде адам жоғарыдағы 2 кезеңді басынан өткеріп ішкі
ниетті сыртқы мінез-құлықпен байланыстырады, яғни бұл кезеңдегі адамның
мінезінен және жүріс-тұрысынан өзін-өзі өлтіруге бағытталған ниетін анық
байқауға болады.
Суицидтік ойлардың пайда болғаннан бастап оның шынайы орындалуына
дейінгі кезеңді суицид алдынғы кезең деп атайды. Оның ұзақтығы кейде
бірнеше минут болса (жедел суицид), кейде бірнеше айларға (созылмалы
суицид) созылуы мүмкін. Өзін-өзі өлтірудің көптеген түрлері мен әдістері
бар, солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік.
1. Дюркгейм өзінің Өзін-өзі өлтіру (әлеуметтік этюд) деген
еңбегінде өзін-өзі өлтірудің көбеюіне не азаюына бірден-бір әсер ететін
әлеуметтік ортаның түрлі жағдайларын нақтылап талдаған. Олар: діни сенім,
жанұя, саяси өмір т.б. Өзін-өзі өлтірудің себептері эгоистік, альтруистік
және аномистік болып бөлінеді [5].
Эгоистік өзін-өзі өлтіру. Индивид өзінің жеке менін қоғамдық
меннен жоғары қойып, оған өзін қарсы қоятын болса, индивид пен қоғам
арасында келіспеушілік, түсінбеушілік, наразылық, ренжушілік сезімдер
пайда болады. Нәтижесінде, мағынасыз қоғамнан өзін алшақтапқысы келіп,
өмір сүруден бастартады. Егер бұл индивидуалды сипатқа ие болатын болса,
оны эгоистік өзін-өзі өлтіру деп атауға болады.
Ұжымдық байланыс, қоғамның ұйымшылдығы өзін-өзі өлтіруге кедергі
жасайды. Егер қоғамның ұйымшылдығы әлсіресе, онда индивид әлеуметтік
өмірден бас тартып, өзінің жеке ұстанымдарын бәрінен, тіпті қоғамнан да
жоғары қояды. Дюркгеймнің пікірінше, қоғамның әлеуметтік құлдырауы кезінде
өзін-өзі өлтірудің де саны өседі. Бұл мәселенің статистикасының жоғары
болуына саяси жағдайлар мен үлкен соғыстар да әсер етеді.
Альтруистік өзін-өзі өлтіру. Жекелеген индивидуалдық адамды өзін-өзі
өлтіруіне әкеп соғады. Адам қоғамнан шеттетіліп қалса, онда оның санасында
өзін өлтуріге деген жаман ойлар тез туындайды, сонымен қатар мұндай
пікірлер өзінің тұпғалылығын қоғамға мойындата алмаған адамда да болады.
Альтруизм дегеніміз – адам өз менін жоғалғанда, өзінің бүкіл болмысы
санасына бағынбаған жағдайда пайда болатын психологиялық ауытқушылықты
айтамыз. Альтруистік өзін-өзі өлтіруде адамда алу алдындағы парыз бірінші
орында тұрады. Бұл әсіресе діни жоралғыларды орындау барысында көптеп
кездеседі.
Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген
кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан
кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың
ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті:
эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен
балалармен жасөспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына
байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке
тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.[19]
Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік
психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді
жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі
және мінез-құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер
арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс
себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр
уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады.Сол проблемалардың шешілмеуіне
байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін. .[19]
Жоғарыда біз өзін-өзі өлтірудің әлеуметтік көрінісін талдадық. Енді
психология саласында үлкен жетістікке жеткен, суицид мәселесін зерттеген
ғалым В.А.Тихоменконың еңбегіндегі талдауларға тоқталып өтейік
В.А. Тихоменко өзінің еңбектерінде мынадай мәселелерді келтіреді:
Жасөспірімдердің қан тамырын кесуін оның орындалуына қарай
қарастырылады:
а) көп қан жоғалтып, өлімге алып келген жағдайда бұл шынай өзін-өзі
өлтірушілік деп саналады;
б) жан-жағындағыларды өзін-өзі өлтірушілікке сендіріп, ойластырып,
соңы өлімге емес, өзіне зияндық жасаумен ғана шектелетін болса, бұл
демонстрациялық бақылау үшін жасалған әрекет болып табылады екен.
Жоғарыда келтірілген талдауға тағы бір көзқарасты қосуға болады. Бұл
көзқарас жеке мағынаны қамтитын категория деп саналады. В.Т. Тихоменко
осыған байланысты келесі себептерді атап көрсетеді: қарсылық, кек, ұран,
үндеу, жазадан қашу, қайғы-қасіреттен қашу, өз-өзін жазалау, бас тарту [8].
Философия әлемінде әйгілі болған Сизиф туралы миф деген еңбегінде
А. Камю: Философияның негізгі қарастыратын жалғыз мәселесі-өзін-өзі
өлтірудің мәселесі. Бұл өмір оны сүруге тұрады ма, немес керісінше ме? Бұл
философияның жауап беретін іргелі сұрақтары болып табылады. Ал әлемнің үш
өлшемділігі, ақылдың тығыз немесе он екі категориясының маңыздылығы –бұлар
қосымша қарастырылатын мәселелер. Бұл қағиданың жағдайы мынадай: Бәрінен
бұрын жауап беру керек- деген маңызды кіріспеден басталған болатын [9].
Француз ойшылының осы көзқарастарына орыстың атақты ойшылдары Ф.
Достоевский, Л.Н. Толстой сонымен қатар В. Соловьев, Н. Бердяев, А. Кони
т.б. қосылды. Орыс ойшылдары үшін суицид талдауы әрқашан жеке тұлғаның
шекаралық жағдайына байланысты, яғни оның негізгі өмрілік бағытын
таңдауына байланысты болады.
Соңғы жылдары Жасөспірімдер суициді деген ұғым өз алдына бөлек
отау тікті. Мамандардің пікірінше, жасөспірімдер арасында суицид
оқиғаларының жиiлеуiне отбасылық және қоғамдық жағдайлар, тәрбиенiң
жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар,
атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Ғалымдар
бұл абыройсыз өлім көбінесе өмірдегі таршылық, материалдық тапшылықтан,
одан қалса ақыл-есі кемдіктен болады деген болжам айтып келеді.

Өзін-өзі өлтіруді әлеуметтанушымен қатар заң, психология, философия
ғылымдары да қарастыратын болғандықтан, аталған мәселенің негізгі
деңгейлерін нақты әлеуметтану саласы бойынша айқындау және бұл мәселеге
қоғамдық назар аудару, түсініктеме мен кеңес беру, суицидтің алдын-алу.
Зерттеушілерде., суицидтік көзқарастар,
суицидтік ойлар, суицидтік ниет, пиғыл т.б. ұғымдар мен
категориялар қолданылады.
- Өзін-өзі өлтіру (суицид) дегеніміз - өзіндік немесе ішкі эмоциялардың
кері немесе жанама әсерінен пайда болатын, жәбірленуші де өзі, жәбірлеуші
де өзі болып ақыры өліммен бітетін іс-әрекеттік жағдай.
- Суицид дегеніміз – құлдырау жағдайында өліммен құтылудың шынай
мүмкіндіктерінен бас тартуға және өз өмірін өзі тоқтатуға бағытталған
адамның өзінің басқарусыз мінез-құлқы
- Девиация – қоғам мүшелерінің айыптауынан пайда болған жолын
заңдылықтардан ауытқушылық
- Пассивті суицидтік көзқарастар- өз өліміне құштарлықтың негізіндегі ойдан
шығарылған немесе фантазиялық ойлар
- Суицидтік ойлар –бұл суицидтік ойлардың белсенді, іске асуға көшірілген
процесі және жоспардың шынайы көрініс бере бастауы. Бұл кезде өзін-өзі
өлтірудің әдістері, уақыты және орны ойластырылады
- Суицидтік ниет-пиғыл – суицидтік ойлар мен оған деген ниеттің бірігіп,
теория практикаға ауысады. Бұл кезде девионттық бойынан, сыртқы
себептімен, өзін-өзі ұстаушылығынан оның ауытқушылыққа ұшырағанын
байқауға болады.

1. 2 Жасөспірімдер суицидінің психологиялық ерекшеліктері

Жасөспірімдер суициді психологиялық, әлеуметтену, педагогика т.б.
ғылымдар жүйесінде қарастырылады. Оның психологиялық мәні – адамның еркімен
және еркісіз қандайда бір мәселені қиынсынып, оны көтере алмай,
эмоционалдық жүктемеден өзін құтқаруы. Суицид тек адам ғана жүзеге
асыратын әрекет. Бүндай жағдайға баратын адамдар рухани дерттен зардап
шеккендер немесе өз басындағы шешілуі күрделі мәселенің түйінін таппай,
оған бір өзінің дәрмені жетпейтіндіктен күйзеліске душар болғандар [10]
Суицидтің Жасөспірімдердің өз-өзін өлтіруінің себебі көп деп түсіндіреді.
Алайда, олардың басты мәселесі - жалғыздық. Егер мектепте қандай да бір
мәселе туындап жатса - ата-ана балаға көмек көрсету керек, ал отбасындағы
мәселеге педагогтар мен ата-аналар назар аударуы тиіс. Жеткіншектік және
қыз-бозбалалық шақтың психологиялық ерекшеліктері бар.Жеткіншектік және қыз-
бозбалалық шақ қарапайым шақ емес және неше турлі қарама-қайшылыққа толы
кезең, ата-аналардың көбісін алаңдатаын, уайымға берілдіретін күрделі шақ.
Аса көп алаңдататыны: мектепте де отбасында да агрессияның көтеріңкілігі,
дау-дамайдың жоғарылылығы, эмоциялыкқ тұраксыздык, ашықтан ашық наразылық,
ата-ананың қамқорлығын қабылдамаушылығы, ұялшақтық және қыз-бозбалалық
максимализм. Жеткіншектің мінез-кұлқындағы өзгерістер себебін түсіну үшін
оның психологиялық механизмін білу керек. Ата-аналар өздерінің балалары
жеткіншек жасқа (11-15) жеткен уакытта күрделі, тіпті кей жағдайда неше
түрлі қайшылықтарға кездесетінін түсінулері қажет[14].
Бұл шақ жас ерекшедігінің өзгерістері және дағдарыстарымен
сипатталады. Жеткіншектер өздерін отбасының, сыныптың, коғамнын тең құқықты
мүшесі, түлға ретінде сезіне бастайды. Бұл жастардың осы шақтағы аса
манызды психологиялык ерекшеліктері. Жеткіншектер бүл шақта өздерін
қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде сезінумен бірге болашақтағы ересек
өмірге жоспарлар құра бастайды. Бұл жоспарлары көбінесе тәжірибелері
жоқтықтың нақты емес, көмескі болып келеді, шалалык пен балалық аңғалдықты
аңғартады. Бірақ та олар жеткіншек үшін өте манызды, оған ересек адамдардың
араласуын жақтырмайды, кызғанады, себебі олар осы қиялмен өмір сүреді. Ата-
аналар мен ұстаздар, тіпті балалар үшін маңызды адамдар, жеткіншектердің
осы ерекшеліктерін ескермей, ой-пікірлеріне құлақ аспай, олардың қиялдар
әлеміне беталды араласуы аркылы, жасөспірімдердің өздеріне деген сенімі мен
араларындағы қарым-қатынасын жоғалтып алады. Жеткіншектік жас дағдарысы,
баланың коғамға енердегі кедергілерді жеңуімен аяқталады. (Бұл
жолдастарымен және ата-аналарымен карым-қатынас дағдарыстары, өзіндік сана-
сезім дағдарысы - адам өзіндік даралық сезімін иелене бастауы). Бүл жаста
бала ересектер қатарына да жатпайды бірақ та бала болғысы да келмейді.
Сондықтан да жеткіншекке ересек адамның тығыз байлынысы мен терең өзара
түсіністігі аса кажет. Бұл жас төмендегідей жыныстық жетілуімен психикиалық
есеюімен сипатталады:
- жоғары деңгейдегі сезімталдығы;
- жылауықтық (әсіресе кыз балаларда);
- ой-қиялы мен іс-әрекеттеріндегі қарама-өайшылық;
- мінез-құлқындағы бүлікшілдік.
Сонымен қатар жеткіншек шақта тұқым қуалаған немесе жүре пайда болған
психикалык аурулары да қозып немесе пайда болуы да мүмкін (эпилепсия,
шизофрения, мінездің психопаттык сипаты және т.б.).
Суицидалды әрекет жасарда көбінесе оның алдын ала дайындық яғни,
бейімделу қабілеттерінің төмендеуімен сипатталатыны сәті байқалады (бұл
мынандай жағдай болуы мумкін: үлгірмеушілік, қызығушылығының төмендеуі,
қарым-қатынасының шектелуі, эмоционалдық тұрақсыздык және т.б.). Бұл
кездері өзіндік суицидалды ойлардың қалыптасуы, яғни, төмендегі сөздер
арқылы хабарлауы: мұндай өмір жалыктырды, ұйыктап кетіп оянбай калсам
ғой, өмірде кездесетін проблемалар мен өлімге деген қызығушылық және т.б.
пайда болуы.
Суицидалды актіге итермелеудің тікелей түрткісі дау-дамайдың пайда
болуы. Дау-дамай дегеніміз, белгілі бір адамға маңызды, кұнды ұстанымына
әсер етуші жағымсыз жоспарланған әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Бүл
мүмкін жақын адамының өлімі, бөлінбеген махаббат, жауапсыз махаббат және
т.б. болуы. Өзінің олқылығын сезінгендегі ойлардан, өзін-өзі кінәләудан,
кез келген сөз оған жазғыру сияқты елес беретіндей көріністерден пайда
болған күйзелістен қалыптасатыны жиі кездеседі. Дау-дамайдың жиі пайда
болуына, созылмалы, ұзақтан келе жатқан күйзелістік жағдайларға немесе аяқ
астынан болған дағдарысқа жауап ретіндегі әлеуметтік-психологиялық
дезадаптация кезеңі болып табылады. Суицид қаупі туатын жеткіншектерде
жалғыздықты, еш көмек күтпеушілікті қайғырушылык, эгоцентрлік көрінісінің
тереңдеуі, басқаның куанышы мен қайғысына деген ортақтасушылықтың төмендеуі
жиі кездесетіндігі орын алатындығы белгіленген. Рухани құндылықтың
кесілуі жеткіншекті басқаларға қарағанда үйреншіксіз жағдайларға әкеп
тірейді, ал олар үшін бұл жағдай күйзеліске, жоғары деңгейдегі жүктілікті
талап ететіндей болып қабылданады. Сондыктан да кез келген микроконфликт
суицидалды көріністің орындалуына дайындық ретінде арандату болып табылады
[15].
Тәрбиедегі ақаулык, физикалық жазалаудың басымдылығы, балада эмоциялық
тұрақсыздыктың дамуына, эмоциялық реактив деңгейінің жоғарлауына
әкелетіндігі жиі кездеседі. Ата-аналардын қаталдығы немесе авторитарлығы,
шектен тыс қамқорлығына байланысты тәрбиедегі сиықсыздық, балаларда
әдеттегі қиындыктарға немесе барлық жағымсыз әрекетке төтеп беруде
қайшылықтар тудырып жатады.
Жеткшшектерде өлімге негізделмеген, манипулиятивті суицитталған әрекет
жасау жиі бақыланады. Балалық-жеткіншектік жастағы суициденттерде
сипатталатын өздерінің өліміне деген айналасындағылардың реакциясының
куәгерлеріне немесе екінші рет туылатындығына үмітке ұмтылуы болып келеді.
Жас суициденттердің басым көпшілігінде, жекелік мүмкіншіліктеріне
сәйкес келмейтін, талаптану деңгейінің жоғарлауына байланысты аныкталған
айқын керінетін эгоцентризм немесе өзімшілдік екендігі байқалады. Қандай да
бір себептермен баланы рухани және эмоциялык тепе-теңдікпен камтамасыз ете
алмаған отбасы, оның суицидалды мінез-кұлығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУҒА ӘРЕКЕТТЕНЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде, оның мәні мен мазмұны
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Пәндер