Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
КІРІСПЕ.
І ТАРАУ.ЖЕКЕ АДАМ ФЕНОМЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІНЕ СИПАТТАМА
Жеке адам жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері
Жеке адамды зерттеудің мақсат.міндетттері және оның қоғамдық мәні
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫНА ТҮСІНІК
Тәрбиелеу.тұлға қалыптасуының негізгі жолы. Жанұялық тәрбие
Жеке адамды қалыптастырудағы орта мен тұқым қуалаушылықтың ролі мен маңызы
Жеке тұлға қалыптастырудың құралы.мектеп.
Жеке адамның қалыптасу кезеңіндегі ұжымның ролі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Зерттеу өзектілігі жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Қорыта келгенде, жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып-қарым-қатынас болып табылады. Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.

1. А.С. Григорева. «Психология и личность»., М., 1980 гг
2. В.Ф. Ряхов. «Отбасы суреті»., М., 1990 гг
3. А. М. Эткинд. От свойств к взаимодействиям: становление системной ориентации в психологии личности // Системные исследования. М., 1982
4. Жалпы психология. Алматы: Білім, - 1996, - 224 б.
5. Жарықбаев Қ. Психология. Оқулық: - 3 - ші басылым. - Алматы: Білім, 1993 ж.
6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: Оқулық. -Алматы, 2002 ж.
7. Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
8. Елеусізов С. Қарым-қатынас психолоогиясы. Алматы, «Рауан», 1995ж.
9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии В 2т-Т. I –М., 1989
10. Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктеріктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектертері.Алматы, 1999ж.
11. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
12. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
13. Мухина В.З. «Детская психология» М. 2001г.
14. Люблинская Т.С. «Детская психология» М. 1996г.
15. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
16. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
17. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
18. Айсмонтас Б.Б. Общая психология. Схемы. Москва Владос. 2003.
19. Намазбаева Ж.Ы., Сангилбаев О.С. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. Алматы. 2005.
20. Стоялеренко Л.Д. Основы психологии. Феникс. Ростов-на-Дону.2001.
21. Якобсон П.М. Психология чувств и мотивация. М.,1998.
22. Рубинштейін С.Л. «Основы общей психиологии», Москва, 1989год.
23. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
24. Теплов Б. М. Психология. Орта мектептерге арналган оқулық. ОПБ,А,1953.
25. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Пединституттар мен университет студенттеріне арналған. Алматы: «Мектеп», 1966.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ.ЖЕКЕ АДАМ ФЕНОМЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІНЕ СИПАТТАМА
Жеке адам жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері ... ... ... ... ... ... ..7
Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндетттері және оның қоғамдық мәні ... ..12
Жеке ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫНА ТҮСІНІК
Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы. Жанұялық тәрбие ... ... ... .16
Жеке адамды қалыптастырудағы орта мен тұқым қуалаушылықтың ролі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Жеке тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Жеке адамның қалыптасу кезеңіндегі ұжымның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 31
Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуға тиіс.Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқылы болады.
К.Г. Паустовский
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Зерттеу өзектілігі жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Қорыта келгенде, жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып-қарым-қатынас болып табылады. Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді. Жеке адамның қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясында әсер етеді. Қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік таңындағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдараға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардық, ал социализм жағдайында-тұтас қоғамның идеологиясы мен психологиясына орайласып келеді екен.
Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.
Жеке адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана-дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т.б көңіл аудармаймыз. Біз, тірі организімнің бойында жүріп жатқан химиялық реакцияларының жаратылыстану-ғылыми мәніне көңіл бөлмейміз. Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оның тұлға ретінде түсіндірудің психологиялық ұғымына жатады.
Жұмыстың мақсаты. Жеке адам түсінігіне сипаттама жасай отырып, жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды, қозғаушы күштерін, жолдары мен құралдарын ашып көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
-Жеке адам туралы жалпы түсініктерді салыстыра зерттеу.
-Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері мен қоғамдық мәнін зерттеу.
-Жеке адамның қалыптастыру жолдары мен құралдарын жеке-жеке зерттеу.
-Жеке адам дамуының қозғаушы күштері мен факторлары зерттеу.
Зерттеу пәні. Жеке адамның қалыптастыру жолдары мен құралдары.
Зерттеу объектісі. Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі. Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларын зерттеу мәселесісіне Л.С. Выготскийдің, В.Н. Мясищев, В.Т. Ананьев, А.А. Бодалев іс-әрекеттік ықпалын тигізді. Сонымен қатар шетел психологтары Зигмунд Фрейд, Джордж Герберт, Гарольд Гарфинкельд өз концепциядары мен теориялары зерттеу жұмысына негіз болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер - Г.С. Абрамова, А.А. Бодалев, Ганс Айзенк, Л. Первин, О. Джон, В.С. Мухина, В.Н. Куницына, Б.Д. Парыгин т.б. жұмыстары болды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бірін-бірі толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды. Л.С. Григореваның Психология и личность атты еңбегінде жеке адамның қалыптасуындағы әсер ететін қозғаушы күштер мен құралдар кеңінен көрсетілген. В.Ф. Ряховтың Жеке адамның қарым-
қатынас деңгейін анықтайтын тест, Стюзен Деллингердің жеке адамның ерекшеліктерін анықтайтын Психогеометриялық тест қолданылды. Сонымен қатар жас ерекшелігіне байланысты бастауыш мектеп
жасындағы баланың қалыптасуына қозғаушы күштерді анықтауға арналған Отбасы суреті тесті қолданылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесі бойынша психологиялық -педагогикалық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену, зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ақуалын анықтау істері жүргізілді. Осының негізінде зерттеу параметрлері, әдіснамасы, зерттеу объектісі, пәні, болжамдары, әдістері анықталды.
Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға жүйелі - құрылымдық талдау жүргізілді. Жас ерекшелігіне байланысты жеке адамның даму ерекшеліктері ашылып, қарым-қатынас даму динамикасын зерттеуге арналған экспериментті-эмпирикалық жұмыстар жүргізілді.
Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі -- Австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді.
Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның-белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, Эдип комплексі дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың Эдип патша атты шығармасының сарынын уағыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі-айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А. Кординер, Е. Фромм, К. Хорни, З. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше жаңа фрейдизм деген ағымды тудырды.
Жаңа фрейдизм ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. Жаңа фрейдшілдердің ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады.
К. Хорни адам қоғамнан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, жаңа фрейдшілдер адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми-материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын.
Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекет-терімен ұштасады.
Курс жұмысының құрылымы. Курс жұмысы екі тарау және тараушалардан құралған.
Бірінші тарауда: Жеке тұлға феноменіне түсініктеме бере отырып, жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және қоғамдық мәнін ашуға бағытталған зерттеулер бандалған.
Екінші тарауда: Жеке адамның қалыптасу жолдары мен құралдары, дамуының қозғаушы күштері және факторлары көрсетілген. Курстық жұмыс кіріспеден, тарау, тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша бөлімдерінен құралған. Жалпы көлемі 31 бет (1 интервал).
І ТАРАУ.ЖЕКЕ АДАМ ФЕНОМЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІНЕ СИПАТТАМА
Жеке адам жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды, бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, ұжымдық өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады. Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Жеке адам түсінігі адам түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипатта-масының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.
Жеке адам-қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролін атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мәселен, ата-ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту барысын ұйымдастыру.[2].
Жеке адамның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдьқ, еңбек міндеттеріне деген қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай-ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз-қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принципті қатынастар, олар ситуация таланттарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен анықталады. Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамда әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады. Жеке адам дегеніміз-ол да сол адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан қарастырылады. Физиолог адамда организм ретінде зерттейді, әлеуметтанушы адамда жеке адам ретінде қарайды. Міне,сондықтан да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын беретін кейбір психологтармен келісуге болмайды. Жеке адам дегеніміз-саналы индивид. Жеке адамның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады.
Жер бетінде адамнан қастерлі,адамнан артық еш нәрсе жоқ. Себебі адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс. Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: Адам-ақыл иесі, Адам-сана иесі, Адам-бостандық иесі. Ақыл, сана және бостандық-адамның адамдық жігерлігінің сипаттамасы.
Адам жөнінде психологияда сөз қозғасақ, онда нақтылы жеке адам туралы айтатынымыз рас. Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бір-біріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: адам, индивид, даралық, тұлға. Жалпы алғанда бұл ұғымдар бір ғана мағына бергенімен, ал өмірде, ғылымда олардың әр-түрлі түсініктері болады.
Индивид жеке адам -бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынастардың белгілі, тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйе-сіне қосылады.
Жеке адам дегеніміз-әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сапалы, не қаны, не дене құрылысы ғана білдіріп қоймайды, оның әлеуметтік сапасы айқындайды. Еңбектену арқылы пайда болған тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады, ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы, сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсіндіруге ұмтылады.
Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиет-тері еңбектің нәтижесінде, тарихи даму арқылы қалыптасқан. Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы. Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды, себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.
Даралық-жеке адамның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн.
Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды, оның ақыл есінің, ойының, зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұғатып, көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмо-циялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген мені - ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қоюмен іс-әрекетіп бағалауларына түрткі болады. [3].
Жеке адамға белгілі дәрежеде сипаттама берегенде оның белсенділігін бірінші кезекте қарастыру керек. Белсенділік-адамға өмірдегі өз орнымен жағдайын анықтауға, ұстаған адамзаттың позициясын аңғаруға мүмкіндік тудырады.
Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көрсете білуі арқылы анықталады. Жеке адамның өзін-өзі жасай алу қабілеті оның тағдырын, қоғамға қаншалықты бағалы екендігін, әрине, сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді.
Жеке адам-белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның себепшісі де. Қоғамдағы экономикалық саяси, әлеуметтік қатынастар әр-түрлі көріністерге ие болады. Олар әрбір жеке адамның әлеуметтік сапасын және оның іс-әрекетінің мазмұнын айырып, ажыратады. Атап айтқанда, адам осы процестің барысында өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады және сыртқы әлемге деген өзінің көзқарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік орнымен атқаратын әлеуметтік нормалармен құндылықтар, пайдаланатын жүйе белгіле-рі, әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы, білім дәрежесі мен арнаулы дайындығы, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, жігері және шешім қабылдауға дербестік дәрежесі жатады. Осы элементтердің жиынтығы-жеке адамның әлеуметтік сапасы жөніндегі түсінікті айқындайды.
Даралық дегеніміз-өзіндік өзгешілігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте даралық деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара, бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға-таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп тұрады да, басқаларыныкі онша байқала қоймайды.
Даралық интеллектілік, эмоциялық, еріктік салаларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында бірден көрінуі мүмкін. Интеллектінің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтіндігі көре білу қабілетінде, ин-формацияны өңдеу ерекшіліктерінде, яғни алдына мәселе қойып, оның шеше білуінде болып табылады. Сезімдердің ерекшелігі олардың белгілі біреуінің шеттен тыс дамуынан эмоциясының өте шапшаңдығынан көрінуі мүмкін. Ерік ерекшелігі ерік-жігердің күшінен, таңғажайып ерліктен немесе асқан ұстамды-лықтан көрініс табады. Өзінділік нақтылы адамның бойындағы қасиеттердің оның мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне ерекше өң беріп, үйлесін табады деу керек.
Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек, солай болған соң да толығырақ сипатайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де, сондай-ақ психологияның басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің тұрақты обьектісі болып табылады Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы адамдармен қарым-қатынас процесінде жүзеге асады. Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшелігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдардан ажырата білу қажет. Индивид ұғым кісінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырғандағы физикалық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді. Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бетімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адамды қоғам дамуының нәтижесі, әлеуметтік ұжымның бір бөлігі, мүшесі деп ұйғарады. [5].
Жеке адамның дамуын филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан түсінуге болады. Адам өзінің жеке басын алғашқы қауымдағы ру бірлігінен ажыратып, ұжымнан бөлініп шыққаннан кейін барып жеке адам пайда болады. Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Жеке адамның қарым-қатынас, еңбек негізінде қалыпта-сады. Яғни, қарым-қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс, адамдардың танымдық хабарлар, алмасуы, өзара түсілуі, бірін-бірі қабылдауы. Қарым-қатынассыз жеке адамның ешбір психикалық функциясы да психикалық процессі де, толығымен дамып, қалыптаспайды. Қоғамдағы және топтағы жеке адамның өмірі қарым-қатынассыз болуы мүмкін емес.
Жеке адамның бойында қаыптасқан бағытылық онымен байланысты қабылдаулармен эмоциялық реакциялардың таңдалып алуына әкеліп соғады. Міне, сондықтан да адам болмыстың қажеттілігіне, мүддесіне және бағдарына байланысты өзі көргісі келетін жайыттарды ғана аңғарады. Бейнелеу-объективті процес болғаны мен ол жеке адамның субъективтік қасиеттермен күрделене түседі.
Жеке адамның психикалық қасиеттері дегеніміз-индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс. [6].
Процестердің өту сипаты не белсенділігінің функциялық деңгейіне немесе, басқа сөзбен айтқанда, жеке адамның психикалық белсенділік күйіне байланысты болады. Алайда психикалық тонустың белсенділігін қажетті қалыпқа келтіргенде бейнеленетін нәрсенің көлемі емес, мазмұны шешуші мәнге ие болады. Ықпал етудің немесе ниеттің қоғамдық және жеке бастық мәнін сезіну тиісінше эмоцияны туғызады, ал мұндай эмоциялар өздерін сипатына қарай, жеке адамның жалпы белсенділігінің деңгейін не жоғары көтеріп немесе төмендететін болады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан деңгейі инерция бойынша біраз уақыт сақталады. Бүкіл адам арғы психикалық белсенділік пайда болған көңіл күйіне байланысты өтіп отырады. Сонымен, жеке адамның психикалық өмірінің құрылымы күрделі, санқырлы және динамикалы болады екен. Оның барлық компоненттері өзара байланысты әрі біріне-бірі тәуелді. Жеке адамның дамуына байланысты оның құрылымында да өзгерістер болып жатады. Сонымен бірге әрбір жеке адамның құрылымы біршама тұрақты да, онда жеке адамға тән қасиеттер жинақталған, соларға қарап өмірдің белгілі бір жағдайында адамның қандай мінез көрсететінін күні бұрын-ақ білуге болады. Сөйтіп, әр адам өзгеруші мен тұрақтының қосындысы болып табылады және тек осының арқасында ғана адам өзімен-өзі бола алады, жағдайға икемдене өмір сүреді. [8].
Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз-сол адам талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі. Ерте заманнан бері-ақ ойшылдар жеке адам белсенділігінің қайнар көзін табуға, адам өмірінің мәнін ашуға тырысып келеді. Басқалары адам өмірі мен ниетінің басты мақсаты борышын өтеу деп тапты. Қазіргі кездегі буржуазиялық психологияның қайсы бір ғалымдары жеке адам мінез құлқының мәнін тек биологиялың елігуден көруге тырысады. Қайсыбір жағдайларды адам қоғамдың борышты сезінуді басшылыққа алады, басқа кезде өз қажеттіліктерімен мүддесін, үшіншісінде-белгілі бір дәрежеде сезім негіздеріне байланысты әрекет етеді. Сонымен қатар, әрбір ересек адамда жеке негізгі бағытты белгілейтін әлдебір жетекші қасиет те болады. Олардың бірі өз өмірінің мәнін ғылым жолындағы істен тапса, басқалары-өнер саласынан, ал үшіншілері-қоғамдық қызметтен табады. Бұдан шығатын қорытынды да, іс-әрекет пен мінез-құлықты талдаған кезде негізгі талпынысы ғана емес, сондай-ақ жеке адамның моралъдік-психологиялың жағын да ескерген жөн, ал мұның өзі адамның өмірлік позициясын, оның болмыстың әр алуан қырына деген көзқарасын ашып береді. Сөйтіп,мотив ретінде алуан түрлі жайттар көрініс бере алады: адамның өзі түсініп-ұққан қажетсінуі мен мүддесі, оның дүниетанымы мен сенімін, сезімі мен ой ниеттері, яғни мұраты көрінеді. [9].
Адамның биологиялық қасиеттері оның организмнің морфологиялъқ, гене-тикалық құбылыстарынан және сондай-ақ, ми-жүйкелік, электрохимиялық, т.б. кейбір процестерден көрінеді, ал психикалъқ жағына адамның ішкі рухани дүниесі-саналы және санасыз іс-әрекеттері еркі, көңіл күйі, есі, мінез-құлқы, темпераменті жатады. Алайда адам қасиеттерінің ешқайсысы жеке-дара адам құбылысының біртұтастығын бере алмайды. Жеке адам ақыл ойы бар жан дейміз. Сонда оның ақыл ойы дегеніміз не?, ол тек биологиялъқ заңдылықтарға болғаны ма?, әлде әлеуметтік заңдылықтарға ғана бағына ма? Адамның ақыл-ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс; оның материалдық негізі әрине биологиялық құбылыс болып табылады, ал мазмұны психикалық құбылыстар мен әлеуметтік құбылыстардың өзара араласуы екені сөзсіз: мұнда әлеуметтік құбылыс сезімдік - ақыл-ой, ерік процестері арқылы психикалық процесс түрінде көрініс табады. [10].
Жеке адам бойында айырығысыз бірлікте болатын әлеуметтік және биологиялық жақтары адамның алуан түрлі қасиеттері мен іс-әрекеттерінің тек екі жағын ғана абстрактілі ұғым ретінде бейнелендіреді. Мәселен, егер жеке адамның биологиялық қасиеттерін ғана талдау жолына түссек, онда оның тірі организмдік заңдыльқтарын ғана мойындау дәрежесіне түсеміз. Бұл тұрғыдан қарағанда, адам материя қозғалысының тек биологиялық формасының ғана иесі болып көрінеді. Алайда жеке адам тек тірі организм ғана, биологиялық түр ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық қатынастардың субъектісі, егер адамның морфологиялық және психофизиялогиялық және рухани құрылымын талдауға көшсек, онда оның әлеуметтік психологиялық жан, яғни адамдың тұлға екенін ұғынамыз.
Жеке адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана-дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т.б көңіл аудармаймыз. Біз, тірі организімнің бойында жүріп жатқан химиялық реакцияларының жаратылыстану-ғылыми мәніне көңіл бөлмейміз.
Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оның тұлға ретінде түсіндірудің психологиялық ұғымына жатады. Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым құалаушылық механізіміне байланысты болады. Ал адам тұлғасының әлеуметтік жағы қоғамның мәдени-тарихи мазмұнымен анықталады. Адамның биологиялық жағы да, әлеуметтік жағы да жеке алғанда оның ішкі мәнін анықтап бере алмайды. Адамның мәнін анықтайтын-биологиялық жағы мен әлеуметтік жағын табиғи бірлігі. Бірақ түрліше дүниетанымдық және тәжірибелік мақсатта адамның биологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық жағы басымрақ қарастырылуы мүмкін. Дегенмен қорытындысында адамның бұл екі жағы міндетті түрде бірлікте қаратырылуы тиіс. Мысалы, қоғамдық жағынан жетілуге, дамуға оның биологиялық, табиғи мәнінің қандай әсері бар немесе керісінше, адамның табиғи дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың әсері қандай деген мәселелерді зерттегенде бір жағының басымырақ қаралуы керек.
Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндетттері және оның қоғамдық мәні
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол-адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі- адамның өзіндік сипат-белгілері, оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қанытас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі-осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын таныл білу иесіне (субъектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады. Осындай ерекшелік-терімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекет-теріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі жан дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа бөлініп тұрады. [12].
Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер-темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді, Сондай-ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгертіп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерек-шелік бар. Оның бірі- әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл-адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі-сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор -- адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор -- адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының қоғамның тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. [15].
Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі-оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі -- Австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның-белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, Эдип комплексі дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың Эдип патша атты шығармасының сарынын уағыздайды. [18].

Жаңа фрейдизм ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. Жаңа фрейдшілдердің ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К. Хорни адам қоғамнан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, жаңа фрейдшілдер адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми-материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекет-терімен ұштасады.
Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу-оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты.
Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қатиды. Сондықтан жасалған теориялар, әлбетте олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеолисттік немесе материалистік сипатта болады. [16].
Буржуазиялық психологияда жеке адам жайындағы сан алуан түрлі, көп ретте қарама-қайшы және бірін-бірі жоқа шығаратын концепциялар орын алып келеді. Олардың ішінде әсіресе биологиялық, биоәлеуметтік және әлеуметтік концепциялар даралануда.
Биологизм, әсіресе З.Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да оның көрініс тапқан. Фрейдтің ілімі бойынша жеке адам дегеніміз-үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ьқпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсермен немесе инстингтерімен, ең алдымен жыныстық елігумен бағытталып отырады. Фрейд сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату инстингтерін қанағаттандыруы ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуімен туындайды деп санайды. Фрейд концепциясы-жеке адамның тек қана биологиялық индивидуализмнің концепциясы.
Биоәлеуметтік концепциясының өкілдері адамды шартты түрде екі бөлікке бөледі де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік құбылыстармен анықталып отырған тұста, адамның психикалық процестерінде биологиялық табиғат бар деп санайды.
Буржуазиялық психологияда жеке адам жөніндегі әлеуметтік концепция да кең тараған. АҚШ-та, әсіресе әлеуметтендіру теориясы деп аталатын концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан иесі ретінде өмірге келген адам өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсері арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өзара қарым-қатынасқа және психологиялық өзара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол адамдардың экономикалық және саяси қатынастары мен олардың жеке адамға әсері есепке алынбайды. Осы концепцияның өкілдері конформизм құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтын ықпалына көп назар аударады. Буржуазиялық группизм психологтары топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, буржуазиялық тәртіптер жеке адамның саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей заңдылық деп даурығады. Бұл ретте компормизмді универсал механизм деп санайды. [18].
Шындығында, топтың, коллективтің жеке адамға ықпалы әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялың көзқарасына, мінез-құлқына да, сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшіліктеріне де байланысты. Жолдастық ынтымақ және өзара көмек жағдайында коллектив пен жеке адам арасындағы өзара қатынас принципті, ал коллектив мүшесінің көпшілік мүддесі үшін істеген әрекеті-нағыз коллектившіл адамның ісі болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу түрғысындағы мінез - құлыққа ешқандай қатысы жоқ.
Ендігі бір әлеуметтік - психологиялық концепция оқып - тоңу теориясы дегенге салды. Бұл теория бойынша, жеке адамның өмірі, оның қатынастары оқулық, бірқатар білімді меңгерудің нәтижесі. Әрине, оқу мен білімнің өмірлік, оның ігиінде, жеке адамды қалыптастыруда да үлкен маңызы бар. Алайда жеке адамның бүкіл дамуын тек оқудың ғана нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Оның қалыптастуына өмірдің өзі, еңбек, адамдар арасындағы қатынастар шешуші ықпал етеді.
Шетел психологиясында ролдер теориясы өте кең тараған. Бұл теория бойынша әр адам өмірінде өзіне ғана арналған белгілі бір ролъ орындаушы ғана. Орындайтын роліне байланысты жеке адамның мінез-құлық сипаты мен оның басқа адамдармен қатынасы анықталады.
Әрине, жеке адамның ролін зерттеу психологиялық теория үшін де, әлеуметтік практиканы түсіну үшін де маңызды. Алайда буржуазиялық психологияда ролъ тек психологиялық қатынастар жүйесінде ғана қарас-тырылып, онда жеке адамның ұстанатын позициясын да, оның қоғамдық өмірдегі орнын да анықтайтын материалдық, саяси және идеялогиялық қатынастар есепке алынбайды. Жеке адамның әлеуметтік ролін түсінуге таптық тұрғыдан келмеу-ролъ теориясын зерттеушілердің бәріне тән құбылыс.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫНА ТҮСІНІК
Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы. Жанұялық тәрбие
Тәрбиелеу дегеніміз тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамдардың арнайы әрекеті. Тәрбиелейдің негізгі мақсаты-жеке адамды қоғамдағы белгілі бір функцияны орындауға, қоғамдық өмірдегі белсенді роль ойнауға дайындау.
Жеке тұлға қалыптасуындағы тәрбиелеудің орны ерекше. Бұл әдістің тамыры тереңге жайылған және көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін білімді әрі білікті адамдар арнайы дайындықтан өтеді. Сондықтан да тәрбиелеу тұлға қалыптастыруда шешуші роль мен үлкен ықпалға ие.
Тәрбиелеу сөзщінің кең мағынасына тоқталатын болсақ: тәрбиелеу-өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тікелей және жанама әсер ету, оқыту мақсатында белгілі бір өмір салтын, ұжымдағы өмірді, жеке мысалдар арқылы ықпал етуді айтамыз.
Тәрбиелеу сөзінің тар мағынасына-оқытушының талап қою жүйесін айтамыз.
А.С. Макаренко тұлғаның ұжымдағы тәрбиеленуін талап етудің дамуы деп қарастырды. А.С. Макаренконың тәжірибесі мен теориясына сүйене отырып А.А. Бодолев 1952-1953 жылдары оқытушы талаптарын тәрбиелеушілердің мойынсыну процессін анықтады. Бұл процесс бірнеше кезеңдерден құралған. Алғашында оқышының басқа мүмкіндігінің жоқтығынан өзі қойылатын талаптарды орындайды. Екінші кезеңде тәрбиеленуші қойылатын талаптарды өз еркімен мойындап, қойылған жүкметелерді орындайды. Ең соңғы кезеңде ғана тәрбиеленуші өзіне өзі нақты талап қоя бастайды.
А. А. Бодалев талаптар біртекті ретпен кездеспейтіндігін анықтады: индивидте де, ұжымда да өз-өзіне қойылатын талаптар мен талап қоюшылық әр-түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бір талаптар бірінші кезеңде болса, екіншілері екінші кезеңде, ал кейбіреулері нық орнығып жеке тұлғаның ішкі қажеттілігіне айналуы да мүмкін. Өз-өзіне талап қою мектеп оқушыларында, бір ұжым ішінде де әр-түрлі дәрежеде қарқындауы мүмкін.
Жанұялық тәрбие. Жанұялық тәрбиенің маңыздылығы өте зор. Жанұяда өскен бала, әсіресе мектеп жасына дейін және бастауыш сынып жасындағы бала көп қарым-қатынас жасайтын ата-анасына қарап әр-түрлі қылықтарын, сөйлеу әдептерін, мінез-құлқын өзіне қабылдауға тырысады. Жанұялық ұжымының жалпы мінездемесін, өмір-салтын өмірде ұстанады. [17].
Балаға үлгілі жанұялық тәрбие беру үшін ата-ананың өзі ұстанымды, үлгі тұтарлықтай өмір сүруі тиіс. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жанұялық тәрбие фундаментальды роль атқарады. Бала не ойнап отыр?, Кіммен ойнап жүр? осы сұрақтардың барлығы қарым-қатынастар мен ұстанымдардың қалыптасуына әсері бар. Баланы күнделікті үй тұрмыстарына жүйелі түрде араластыру еңбек сүйгіштік, жұмысқа қабілеттілік қасиеттерін қалыптастырады. Күнделікті сабақтар (әңгімелер, кітап оқу, сурет салу, мүсін жасау) білім алудың бастамасы ғана емес, сонымен қатар жеке адам бойында шығармашылыққа, білімге деген сүйіспеншілікпен құрмет сезімін тудырады.
А. С. Макаренкомен көптеген педагог-зерттеушілердің бақылауларына сүйене отырып жанұялық тәрбиенің ең көп кездесетін үш типін ажыратамыз.
Тәрбиенің бірінші типі. Жанұяда бала мақтаныш пен сүйіспеншілік объектісі болып табылады. Бұл баламен ата-анасы тек жылы сөйлеседі.
Баланың барлық қалаған ойыншықтарын, кітаптарын, суреттері сатып алынып беріледі, аз ғана уақыттан кейін бұл ойыншықтар керек емес халде лақтырылады. Көптеген мұражайларға, кино, балалар театрларына алынып барылады.
Еңбек сүйгіштікке, өзіне-өз қызмет жасауға және ата-анаға жәрдемдесуге тәрбиеленбейді. 6 жасқа дейін ата-анасы киіндірсе, 7 жасқа дейін қасықпен тамақтандырады. Киіндірер алдында бала қырсығады. Бұл бала мектепке барғанда барлық жағдайлар жасалынады. Ата-анасы баласының әрбір қадамын мақтаныш тұтады. Үй тапсырмасын орындамаса да баланы жаршатпайық деп ешкім балаға талап қоймайды. Осылардың барлығы жеке тұлғада аффективті немесе импульсивті мінез типтерінің қалыптасуына септігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz