Мемлекет – басқару функциясы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Мемлекеттің механизмі . . . 4

2. Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің принциптері . . . 5

3. Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны . . . 6

4. Мемлекеттік механизмнің буындарының сипаттамасы . . . 7

5. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі . . . 9

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 12

Кіріспе

Мемлекеттік органдар әдеттегідей, өкілетті сипатта болады және белгілі әкімшілік-аумақтар көлемінде қызмет етеді (муниципалдық кеңестер, префекторлық жиналыстар, халық депутаттарының кеңесі, ұлттық кеңестер, ұжымдық кеңестер) . Жергілікті өкілетті органдар, тікелей әкімшілік-аумақтар тұрғындарымен сайланады. Оларға, заңда белгіленген мөлшердегі жергілікті кәсіпорындар, жергілікті бюджет, көлік, сумен жабдықтау, жергілікті тұрғындардың тұрмыс қажетін өтеу, халық білімі, денсаулық, құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтық қорғаныс т. б. жатады.

Жергілікті жерде, мемлекеттік билікті құрудың тарихи екі нысаны пайда болды. Жергілікті үкіметтің демократияға көп жақындығы, билікке сай болатыны. Барлық жергілікті жұмыстар, сайланған әр түрлі деңгейдегі органдардың қолында болуы кажет.

Мысалы, Жапонияда барлық негізгі ішкі мәселелерді префектурада, қалаларда, поселкелерде және ауылдарда (деревняларда - жергілікті жерлерде) сайланған органдар шешеді. Біздің елде де, жергілікті мемлекеттік өкімет органдары әкімшілік-көлемдік (поселок, ауыл, қала, аудан, облыс) бөлімдерде әр түрлі ішкі өмір мәселелерін өздері тәуелсіз шешуге толық мүмкіншіліктері және құқықтары бар.

Кейбір елдерде, жергілікті өзін-өзі билейтін органдар өзінің жұмысында белгілі деңгейде орталық өкіметпен тежеледі. Олар жергілікті шаруашылықты, қаржыны, денсаулық сақтауды, жол салумен және басқа маңызды мәселелермен шұғылданып басқарса да, тәртіп сақтау, орталықпен тағайындалған адамға жүктеледі. Ондай сипаттағы жағдайға Франциядағы жергілікті өкіметтін ұйымдастырылуы мысал бола алады. Оның департаменттеріндегі ортаңғы өкімет, президентпен тағайындалған префект арқылы жүргізіледі.

Префектіге барлық ведомствалық қызметкерлер бағынады, ал муниципалды кызметтің үстінен жүргізілетін бақылауды полиция басқарады. Генералды кеңес, өзін-өзі билейтін орган ретінде, барлық қалған маңызы бар жергілікті мәселелерді шешеді, муниципиалды кеңес коммуналарда қызметте жүріп, орталықтың өкілі, жергілікті полицияны, мэрді сайлайды.

Мемлекеттік биліктің атқарушы және билеу органдары Мемлекет басшысы.

Көп елдерде мемлекет басшысы атқарушы органды басқарады. Конституциялық монархияда, мемлекет басшысы формалды түрде монарх болып есептеледі. Конституцияның негізінде, қалыптасып қалған әдет бойынша парламент туралы монархтың мынадай құқықтары бар: сессия шақыру, төменгі палатаны тарқату, жоғарғы палатаның мүшелерін тағайындау, заңдарды бекітіп жариялау, кейбір жағдайда "вето" құқығы бар.

1. Мемлекеттің механизмі.

Мемлекеттің механизмі ұғымы. Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағвты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған мемлекеттік құрылымдардың барлығын бірнеше түрге бөлуге болады. Олардың ішінде мемлекеттік механизмнің маңызды буынын құрайтын мемлекет органдарының шоқтығы бөлек. Оның басқа бір буыны болып биліктің айрықша ұйымдастырушылық және ұйымдастыру - мәжбүрлеу құралдары (армия, полиция, түрме, барлау, және котрабарлау) табылады. Мемлекеттік құрылымның үшінші бір түріне келетін болсақ, (бұл жерде мемлекеттік шаруашылық, әлеуметтік - мәдени және басқа ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар айтылып отыр), ол мемлекеттің механизміне тікелей кірмейді, тек жанап қана өтеді.

Мемлекет механизміне орасан зор роль берілген. Ол іс жүзінде мемлекеттік билігі жүзеге асыруға міндетті. Барлық биліктік жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің шексіз құқығы. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жасалып, сонымен түзетіліп, жүзеге асырылады.

Мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін құралған мемлекеттің барлықө органдарының, сондай - ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру - мәжбүрлеу құралдарының жүйесі.

Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл түсініктердің ара қатынастары туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан бір бірімен өте жақын және көп жағдайда бір біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада: мемлекеттік аппарат мемлекет механизмінің мемлекеттік қызмет принциптеріне негізделген буындарын ғана қамтиды. Сондықтан да мемлекеттік аппаратқа, мысалы жергілікті өеілді органдар, қызметші болып табылмайтын, депутаттық қызметі үшін мемлекеттен ақы алатын депутаттар кірмейді. Сөйте тұрып, жергілікті өкілді органдар, күмән жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып табылады[1] .

2. Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің принциптері.

Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің принциптері. Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болуы. Бір организмнің (мемлекеттің ) бір бөлігі болып отырып, олар бір біріне қарсы қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік нысаны қамтып, қоғамды біртұтас басқаруды қамтамасыз етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.

Мемлекет механизмінің ішкі бірлігі туралы ережені талдап, түсіндіре келіп, биліктің салыстырмалы түрде үш дербес әрі тәуелсіз тармақтарының (заң шығару, атқару, сот) бар екендігін ескере кеткен артық болмайды. Олар бір бірінен оқшауланған, әр түрлі нақтылы міндеттерге акцент жасайды, және түрлі істерме айналыса отырып, тек өздеріне ғана тән қызмет нысанын пайдаланады. Бұл факт билікті бөлу теориясында негізделген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен принциптерін әлемнің көптеген елдері конститутциямен бекітіп берді. Барлық биліктің бір органда немесе -бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет механизмінің үш тармағының арасында аргументтерін келтіре отырып, билікті бөлу теориясы: 1) олардың тежемелік әрі тепе теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс - қимыл жасауының қажеттілігін; 2) бір биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен алмастыруына жол бермеуді; 3) билік құрылымдарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.

Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен қызметінде белгілі бір принциптер бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешілікке, тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмамдалуына ие болады. Олардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың конститутцияны, заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы басты талабы болып табылатын заңдылық принципі;
  • Мемлекеттік тәртіп пен төменгі тұрған органдар бастама көрсеткенде және оны қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін барлық мемлекеттік органдар ме лауазымды тұлғалардың иерархиялық принципі және олардың өзара қарым - қатынасы;
  • Мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп және оны шеше білуге келіп тірелетін, толғағы жеткен қоғамдық дамудың қажеттіліктерін анықтау және оларды мемлекеттік - құқықтық нысандарда тұлғалап білдіретін жедел басшылықтың, меңгерудің және бақылаудың принципі;
  • Мемлекет қайраткерлерінің берілген өкілеттіліктер шеңберінде нақтылы жағдайының ерекшіліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен тұратын кәсіпқойлық пен құзіреттілік принципі;
  • Жариялылық принципін жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекет механихмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы;
  • Мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың мүддесін ескеру принципі[2]

3. Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны.

Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Мұндай органдарының жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлкеттің құрылымдық компоненті екендігін негізге алу қажет. Согдықтан мемлекеттің жалпы сипаты мемлекеттік органдардың сипатына өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде мемлекеттік органда қандай жағдайцда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықтары болса да, құзіреті басқа құрылымдардың құзіретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.

Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік - билік өкілеттері туралы ережені ұсынады. өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметіне олар азаматтарының барлығына немесе белгілі бір категорияларына, лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесе нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйымдар аталған органның моральдық - қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік - мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де сүйенеді[3] .

Мемлекеттік органдардың басқа сипатты белгілеріне мыналар жатады:

  • Олардың әрқайсысын конститутцияның, заңдар немесе басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде құру;
  • Мемлекеттің олардың әрқайсысының алдына қойған міндетінің ұйымдық құрылым мен құзіретінің ауқымына сәйкес келуі;
  • Қызметтің олардың өздеріне ғана тән айрықша нысандары мен әдістерін пайдалануы.

4. Мемлекеттік механизмнің буындарының сипаттамасы.

Заң ғылымында мемлекеттік органдарды мемлекет функциялары бойынша топтастырудың мүмкін еместігі туралы қалыптасқан пікір дұрыс, өйткені олардың көпшілігі бір ғана емес, екі немесе одан да көп функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Сондықтан мемлекеттік органдарды топтастыру үшін басқа негіздемелер алынады. Олардың ішінде ең көп тарағаны - өздерінің тікелей қатысы бар билік тармақтары бойынша топтастыру болып табылады. Бұл негіздеме бойынша барлық мемлекеттік органдар:

1) заң шығарушы және өкілді;

2) атқарушы;

3) сот органдары болып бөлінеді.

а) Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және өкілді органдары.

Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және өкілді органдары белгілі бір дәрежеде халықтық егемендікті бейнелейді. Сайлау процесімен халық сайлаған соң, олар өздерін мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге халықтың өзінен мандат алған сияқты сезінеді. Әдетте, заң шығару функциясы мемлекет механизмінде негізгі орындардың бірін алып отырған парламент жүзеге асырады. Федеративті мемлекеттерде әдетте парламент екі палаталы, ал көптеген біртұтас мемлекеттерде бір палаталы құрылымда болады. Бірақ, бұл қатып қалған заң емес, басқаша болуы да мүмкін. Парламент заң шығармашылығынан басқа бірқатар жалпымемлекеттік өкілеттіліктерді де жүзеге асырады, және соңғысының нақты көлемі бір елдің парламентінде ауқымды болса, басқаларында - шамалы[4] .

Қазақстан бір палаталы Жоғарғы Кеңестен екі палаталы Парламентке ауысу жүзеге асырылады, мұнда Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттіктері бірдей емес, олар әр түрлі мәселелерде бірін бірі толықтырып, маңызды қоғамдық қатынастарды заңға сәйкес реттеуді қамтамасыз етіп отырады.

Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрады, тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызды роль атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілер қабылдайды.

Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті өзін - өзі басқару халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді өзі шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін - өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай - ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асады.

б) Атқару органдары.

Атқару органдарының қатарына мемлекеттік саясатты іс жүзінде дайындап, іске асыру, конститутция мен заңдар талабын іс жүзіне асыру, конститутция мен заңдар талабын іске асыру міндеті жүктелген органдар жатады.

Үкімет және салалық орталық, сондай - ақ маңызды жергілікті атқарушы оргагдар мемлекет басшысына тікелей есеп береді және бақылауында болады, кейде оларды мемлекет басшысы тағайындайды және қызметінен босатады, толығымен дерлік соған бағынады. Сондықтан саяси - заң ғылымында мемлекет басшысы дәстүрлі түрде атқарушы органдар қатарына жатады, елдегі атқарушы «вертикальдің» шаңы болып есептеледі. Алайда соңғы кездері Қазақстанда және ТМД - ның бірқатар елдерінде президент билік бірлігін бейнелейді, билік тармағының үстінен қарайды, олардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді деген идея тарауда. Осы көзқарастардың алғашқысы, президент атқарушы билікті басқарып қана қоймайтындығын, сондай - ақ мемлекет басшысы ретінде атқарушы биліктің шегінен шығатын бірқатар функцияларды жүзеге асырады. Екінші көзқарас президентті билікті бөлу шегінен шығарып жібереді. Бұл мәселе қосымша зерделеп, талдау жасауды қажет ететін сияқты[5] .

Атқару органдары жүйесіндегі маңызды орынды үкімет алады. Ол елді тікелей басқаруды жүзеге асыратын, министрліктер мен ведомствалардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттің жоғарғы атқарушы және жарлықшы органы болып табылады. Үкімет құзіреті экономиканың, әлеуметтік саланың, мәдениетті, ғылымды, білім беруді дамытудың, бюджеттің орындалуының, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырудың құқығын қамтамасыз етудің, елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың көптеген мәселелерін қамтиды. Үкімет қаулы шығарады, ал Премьер - министр - мемлекет аумағында міндетті күші бар жарлық шығарады. дара басшылық бастауында әрекет ететін префектуралар коммуналар, жергілікті үкіметтер, мэриялар, қауымдастық басқармалары жеогілікті жерде әкімдер, олардың департаменттері және оларға бағынатын басқа да құрылымдар атқарушы органдар міндетін атқарады.

в) Сот органдары.

Сот органдары әділ сотты қылмыстық, азаматтық, шаруашылық нысанда, ал көптеген елдерде - конститутциялық сот өндірісі нысанында жүзеге асырылады. 1995 жылдың тамыз айның соңына дейін Қазақстан Жоғарғы сот басқаратын төрелік сот және Конститутциялық сот болады. Қазір жалпы және төрелік соттар Жоғарғы сот басқаратын бір жүйеге біріктірілді, ал Конститутциялық сот Конститутциялық Кеңеске орын берді.

Сот органдарының қызметі мемлекеттегі конститутциялық құрылысты қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қоғамдық қатынастар субъектілердің арасында туған дауларды заң негізінде шешуді қамтамасыз етеді. Бұл қызметтің ерекшелігі, заңмен белгіленген процедуралар мен ережелерді сақтай отырып, айрықша процессуалды нысанда жүзеге асыру болып табылады. Жаңа заманға сай мемлекеттер конститутциялары соттың заң шығарушылар мен атқарушы билігінен тәуелсіз екендігін, әділсот функциясын жүзеге асырған кезде тек конститутция мен заңға бағынатындығын, заң алдында барлығының тең екндігі принципін жүзеге асыратындығын, айыпкердің қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, кінәсіздік презумциясын белгілеп берді[6] .

3. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдарды өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар;

Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінін барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді, Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Өкілетті органдар, Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Респу6ликаның ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 15 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 107 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғары органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдауға құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Кдзақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға? ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент - негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, оларлан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүгзеге асырады[7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
Мемлекет функция түрлері
Мемлекет функциялары туралы
Қазақстан Республикасының мемлекет функциялары
Мемлекет туралы ұғым
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Халықаралық қатынастар тарихындағы мемлекет рөлі
Мемлекеттің ішкі функциялары
Мемлекет функциясын іске асыруәдістері мен заңдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz