Баланың дамуына әсер ететін факторлар



1. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
2. Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
3. Жасөспірім шақ (15.17 жас)
4. Жасөспірімдер іс.əрекеті жəне тұлғаның дамуы
5. Қолданылған әдебиеттер
Біздің жоғары технологиялар дамыған заманымызда жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесі мәселесі елеулі орын алатыны сөзсіз. Тұлғаның адамгершілік қалыптасуы тікелей ата-анасына байланыстылығы бәрімізге мәлім. Ал адамгершілік тәрбиенің тұлға қалыптасуындағы маңыздылығы отбасындағы ата-ананың тәрбиесі арқылы анықталады, әсіресе бұл бала дамуының жасөспірімдік кезеңінде ерекше мазмұнға ие болары сөзсіз.
Біздің қоғамымызда мәдениеттілігімізді сақтап қалу үшін, рухани байлығымызды нығайту үшін адамгершілігімізді нығайту керек. Адамгершілігі жоғары адамдар қоғамдағы нормаларды сақтап, қоғамның елеулі орнына ие болады, ал адамгершілік қалыптасу дамуында шегеріліп қалса, онда қоғамға қарсы тұлғалар қалыптасып, олардың антигуманды әрекеттері біздің қоғамымызға зиян әкелетіні бәрімізге мәлім.
Қоғамға жат қылықтар адамдар арасында сынға түседі, осының барысында ол қоғам қабылдамаған адам болып шыға келеді. Қазіргі кезде болсын, осыдан 10-20 жыл бұрын болсын, мұндай қауіпті топтар қатарына жасөспірімдер жатады. Сондықтан да жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қазіргі қоғамның маңызды ережелерінің бірі болады.
Адамдармен көптүрлі қатынаста дамитын балалар міндет, ар-намыс, мейірімділік, қатыгездік, әділеттілік туралы түсінігі қалыптасып, әртүрлі адамгершілік нормаларды игереді. Адамгершілік көзқарастардың, ой-тұжырымдар мен мұраттардың қалыптасуы адамгершілік нормаларды таңдау шартында қалыптасады. Бұл таңдау -өзінің мінез -құлқы мен іс-әрекетінде анықталады. Оның адамгершілік тұжырымдарында адамгершілік нормаларын білумен қатар, оған деген қатынасы көрінеді.
Отбасында, мектеп қабырғасында дұрыс ұйымдастырылған адамгершілік тәрбие жасөспірім бойында қажетті мінез-құлық қалыптастырып, қоғамға пайдалы әрекет етуді, оның алдағы өмірде «жағымды кейіпкер» болуын қамтамасыз етеді. Қазіргі дамуы қарқынды өтіп жатқан заманымызда кейбір ата-аналардың балаларына қатынасы әлі де болса ескі көзқараста қалып қойып отыр, сонымен бірге олар баласының психологиялық даму ерекшеліктерін де біле қоймайды. Ал осының салдарынан адамгершілік және де басқа тәрбие түрлері де дұрыс ұйымдастырылмай, ата-ана назарынан тыс қалады.
http://www.bauka.kz
http://www.kitaphana.kz

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
2. Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
3. Жасөспірім шақ (15-17 жас)
4. Жасөспірімдер іс-əрекеті жəне тұлғаның дамуы
5. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Біздің жоғары технологиялар дамыған заманымызда жасөспірімнің
адамгершілік тәрбиесі мәселесі елеулі орын алатыны сөзсіз. Тұлғаның
адамгершілік қалыптасуы тікелей ата-анасына байланыстылығы бәрімізге мәлім.
Ал адамгершілік тәрбиенің тұлға қалыптасуындағы маңыздылығы отбасындағы ата-
ананың тәрбиесі арқылы анықталады, әсіресе бұл бала дамуының жасөспірімдік
кезеңінде ерекше мазмұнға ие болары сөзсіз.
Біздің қоғамымызда мәдениеттілігімізді сақтап қалу үшін, рухани
байлығымызды нығайту үшін адамгершілігімізді нығайту керек. Адамгершілігі
жоғары адамдар қоғамдағы нормаларды сақтап, қоғамның елеулі орнына ие
болады, ал адамгершілік қалыптасу дамуында шегеріліп қалса, онда қоғамға
қарсы тұлғалар қалыптасып, олардың антигуманды әрекеттері біздің
қоғамымызға зиян әкелетіні бәрімізге мәлім.
Қоғамға жат қылықтар адамдар арасында сынға түседі, осының барысында ол
қоғам қабылдамаған адам болып шыға келеді. Қазіргі кезде болсын, осыдан 10-
20 жыл бұрын болсын, мұндай қауіпті топтар қатарына жасөспірімдер жатады.
Сондықтан да жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қазіргі
қоғамның маңызды ережелерінің бірі болады.
Адамдармен көптүрлі қатынаста дамитын балалар міндет, ар-намыс,
мейірімділік, қатыгездік, әділеттілік туралы түсінігі қалыптасып, әртүрлі
адамгершілік нормаларды игереді. Адамгершілік көзқарастардың, ой-тұжырымдар
мен мұраттардың қалыптасуы адамгершілік нормаларды таңдау шартында
қалыптасады. Бұл таңдау -өзінің мінез -құлқы мен іс-әрекетінде анықталады.
Оның адамгершілік тұжырымдарында адамгершілік нормаларын білумен қатар,
оған деген қатынасы көрінеді.
Отбасында, мектеп қабырғасында дұрыс ұйымдастырылған адамгершілік
тәрбие жасөспірім бойында қажетті мінез-құлық қалыптастырып, қоғамға
пайдалы әрекет етуді, оның алдағы өмірде жағымды кейіпкер болуын
қамтамасыз етеді. Қазіргі дамуы қарқынды өтіп жатқан заманымызда кейбір ата-
аналардың балаларына қатынасы әлі де болса ескі көзқараста қалып қойып
отыр, сонымен бірге олар баласының психологиялық даму ерекшеліктерін де
біле қоймайды. Ал осының салдарынан адамгершілік және де басқа тәрбие
түрлері де дұрыс ұйымдастырылмай, ата-ана назарынан тыс қалады.

Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ
немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік
және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның
өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың
дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік
орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын
елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне
не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті
мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы
берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға,
биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым
қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен
берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн
Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай
музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи
мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық
дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне
ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне
елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады.
Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат
жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын
әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға
мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық,
эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер
адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық
талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті
материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан
тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі
себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас
баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми
мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында
тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға
ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала
және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп
кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі
ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде
бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде,
таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте
қиын болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі
аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді.
Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана
түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде
ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа
дейін өмір сүрген.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар
арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің
Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте
төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы
қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы
анықталады.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған
зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп
қарастырмайды.
2. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты
факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес
ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие
адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала
жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап
ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын
іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр
балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара
ерекшеліктерін білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-
15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді.
Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені
адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады.
Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі
өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация
(латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың
бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация
құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік,
иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез
жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда.
Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай
тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да,
өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта
қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің
борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы
мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.

Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі

Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың
бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудық келесі сатысына
көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының
ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында
қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер
енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа
түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі
бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың
қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер
жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті
ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне,
мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп,
сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға , санауға үйренеді. Оқытудық алғашқы
сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы
оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру
балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі
сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші
сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді.
Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша
бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой
болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы
сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі.
Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды
жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып
оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен
оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып,
үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл
тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі
зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық
жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау,
өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану,
балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін
түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері
мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене
жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі
бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын
ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына
ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз
кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез
байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін
асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу
тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге
бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің
оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына
көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе
- баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-
бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене
еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек.
Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс
орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік
құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі
қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін
құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр
болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін
үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны
қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене
тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
- қыздарда - 11-13 жас;
- ер балаларда - 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық
аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан
дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-
VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты
қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның
"өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында
бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке
басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік
белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен,
жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің
маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып,
қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы
биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты
ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды.
Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге
ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер
жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке
басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " -
деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу
қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.
Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра
білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті - оқу материалдарын
қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.
Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардық орнына өзінің
мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану
басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын терапиясының ерекшеліктері
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Тұлғаның дамуы
Тәрбие — жеке түлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретіңде
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсері
Тіл кемістігі және оның себептері
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
Жеке тұлға - өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі
Пәндер