Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі



1. Гносеология ғылыми зерттеудің жалпығылымдық
әдіснамалық негізі.
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасының негізгі аспектілері
3. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық амалдары.
Гносеология (грек. «gnosis» -таным, «logos» - түсінік,ілім) - бұл таным және бейнелеу теориясы. Таным теориясы - танымның мазмұны, заңдылықтары мен түрлері туралы ілім, ал таным - адам санасындағы обьективті ақиқатты бейнелеуге бағытталған адам қызметінің қоғамдық-тарихи процесі.
Ақиқат адам санасында танымдық қызметтің белгілі бір түрлерінің көмегімен белгіленеді:
сезімдік таным түрі (қабылдау, сезіну, түйсік);
рационалдық таным түрі (абстрактілі ойлау түрлері - ұғым, пікір, ой тұжырымы).
Осы жерде сол екі форманың, яғни сезімдік және рационалды танымдардың қандай айырмашылықтары бар деген сұрақ туады. Олардың айырмашылықтары атқаратын қызметтерінен көрінеді. Адам сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар туралы түсінік алады. Сезім мүшелері заттар мен олардың жеке қасиеттерінің сезімдік-көрнекілік бейнесін береді. Ал абстрактілі ойлау түрлерінде (рационалды танымда), яғни ұғым, пікір және ой тұжырымында заттардың, құбылыстардың, заңдылықтардың арасындағы байланыстар және олардың дамуы бейнеленеді.
Осылайша, таным абстрактілі ойлаудың формасы ретінде ойлау қызметінің негізгі бірліктерінің бірі болады. Осы логикалық форма жәрдемінде басқа ойлау формалары (пікір, ой тұжырымы) құрылады. Таным сезім, қабылдау және түйсікке қарағанда болмысты тереңірек тануға жағдай жасайды.
Сезімдік-көрнекілік тәжірибені бейнелейтін сезіну, қабылдау және түйсік негізінде тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тэн, ал таным, пікір мен ойлау тұжырымы сезімдік тәжірибеден тыс жатады.
Танымның пайда болуы сыртқыдан ішкіге, құбылыстан мәнге енуге жәрдемін тигізетін абстракция арқылы іске асады.
Еңбек қызметі процесінде тіл, сонымен бірге абстрактілі ойлау, яғни заттарды қолмен ұстап көрмей-ақ оларда түсініктерді пайымдау мүмкіндігі пайда болды. Міне, осыдан бейнелеудің белсенді мазмұны айқын көрінеді, яғни адам дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар идеал дүниені, рухани мәдениетті де жасайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
2. Гносеология ғылыми зерттеудің жалпығылымдық
әдіснамалық негізі.
Гносеология (грек. gnosis -таным, logos - түсінік,ілім) - бұл таным және бейнелеу теориясы. Таным теориясы - танымның мазмұны, заңдылықтары мен түрлері туралы ілім, ал таным - адам санасындағы обьективті ақиқатты бейнелеуге бағытталған адам қызметінің қоғамдық-тарихи процесі.
Ақиқат адам санасында танымдық қызметтің белгілі бір түрлерінің көмегімен белгіленеді:
сезімдік таным түрі (қабылдау, сезіну, түйсік);
рационалдық таным түрі (абстрактілі ойлау түрлері - ұғым, пікір, ой тұжырымы).
Осы жерде сол екі форманың, яғни сезімдік және рационалды танымдардың қандай айырмашылықтары бар деген сұрақ туады. Олардың айырмашылықтары атқаратын қызметтерінен көрінеді. Адам сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар туралы түсінік алады. Сезім мүшелері заттар мен олардың жеке қасиеттерінің сезімдік-көрнекілік бейнесін береді. Ал абстрактілі ойлау түрлерінде (рационалды танымда), яғни ұғым, пікір және ой тұжырымында заттардың, құбылыстардың, заңдылықтардың арасындағы байланыстар және олардың дамуы бейнеленеді.
Осылайша, таным абстрактілі ойлаудың формасы ретінде ойлау қызметінің негізгі бірліктерінің бірі болады. Осы логикалық форма жәрдемінде басқа ойлау формалары (пікір, ой тұжырымы) құрылады. Таным сезім, қабылдау және түйсікке қарағанда болмысты тереңірек тануға жағдай жасайды.
Сезімдік-көрнекілік тәжірибені бейнелейтін сезіну, қабылдау және түйсік негізінде тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тэн, ал таным, пікір мен ойлау тұжырымы сезімдік тәжірибеден тыс жатады.
Танымның пайда болуы сыртқыдан ішкіге, құбылыстан мәнге енуге жәрдемін тигізетін абстракция арқылы іске асады.
Еңбек қызметі процесінде тіл, сонымен бірге абстрактілі ойлау, яғни заттарды қолмен ұстап көрмей-ақ оларда түсініктерді пайымдау мүмкіндігі пайда болды. Міне, осыдан бейнелеудің белсенді мазмұны айқын көрінеді, яғни адам дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар идеал дүниені, рухани мәдениетті де жасайды.
Адам санасы бейнелеудің ең жоғары және күрделі формасы. Бейнелеу қызметі әр түрлі жағдайда көрінеді:
жансыз табиғаттағы қарапайым бейнелеу түрлері (жер бетіндегі шұңқыр, іздер, т.б.);
жанды организмдердегі бейнелеудің сапалық жаңа формасы - тітіркену ( өсімдік жапырақтарының жарыққа қарай бет бұруы т.б.);
жоғары дамыған жануарлардағы бейнелеу формасы - психика. Ол заттың бейнесін және оның жеке қасиеттерін тану қабілетінде көрінеді. Жоғары дамыған жүйелі жануарлар психикасы адам санасының тууына негіз болды.
Жоғарыда біз, абстракция арқылы сыртқыдан ішкіге, құбылыстан мәнге өту іске асатынын айтқан едік. Осыған қатысты мән мен құбылыс заттың өзара диалектикалық байланыстағы мазмұны екендігін айта кеткеніміз жөн. Мән заттың немесе процестің белгілі бір жақтарының ішкі байланыстарын білдіреді, заттың алуан түрлі қасиетінің бірлігін ашады.
Құбылыс - сезімдік таным (қабылдау, сезіну, түйсік), яғни заттың сыртқы қасиеттері мен белгілері. Құбылыста заттың мәнін құрайтын заңдар болады.
Философия тарихында мән мен құбылыс туралы түрлі пікірлер бар. Мысалы, Кант мәнді танып-білуге болмайтын өзіндік зат, ал құбылыс адам санасына тэн болған қандай да бір субьективті нәрсе деп түсіндірді.
Таным обьективті дүниені бейнелеу деңгейі, таным әдістері мен формалары жағынан бір-бірінен ерекшеленетін белгілі сатыларменн (эмпириялық танымнан теориялық танымға) ауысады.
Эмпириялық танымға тэн әдістерге бақылау, белгілеу, қадағалау жатады. Таным процесінің бұл сатысында заттардың сыртқы көріністерін, қасиеттерін белгілейтін мәліметтерді жинау іске асырылады.
Теориялық таным - бұл құбылыстың ақиқат мәніне адам ойлауының тереңдей енуі. Мұнда ғылыми (теориялық) таным моделдеу, гипотезалар, теориялар және т.б. әдістерден пайдаланады. Сонымен қатар, таным процесінде адам түрлі логикалық, яғни анализ, синтез, дедукция, индукция, абдукция сияқты тәсілдерді (кейбір авторлар мұны ой әрекетінің тәсілдері, ал басқалары - ойлау операциялары деп атайды) қолданады.
Гносеологияның жүйелі-құрылымдық мәнін мына суреттен көруімізге болады:

Таным
Таным қызметінің түрлері

Сезімдік таным түрлері

Қабылдау тұжырым]
г, сезіну, түйсік ы
1
Рационалды таным түрлері
Таным, пікір, ой

Таным қызметі түрлерінің міндеттері

Таным сатылары

Таным теориясына қайта оралайық. Таным теориясында философияның негізгі мәселелерін шешуде материалистік және идеалистік екі бағыт бар. Олардың басты ерекшелігі - философияның негізгі мәселесі болған материя мен сананың қайсысы алғаш пайда болды деген сұраққа жауап беруінде жатыр. Осыдан заттық болмыс, яғни зат туралы ілім туындайды. Материя - бұл обьективті шындық. Материяның өмір сүру тәсілдері - қозғалыс түрлері.
Субьективті және обьективті идеализмде сананы бірінші, ал материяны одан туындайды ( Платон, Гегель, т.б.) деп қарайды. Ал кейбір агностицизм бағытындағы философ-идеалистер ( Юм, Кант және т.б.) болмыстың, заттың мәнін танып-білуге болмайды деп түсіндірді. Матералистер (Демокрит, Бэкон, Дж. Локк, 18-ғасырдағы француз матералистері және т.б.) материя, зат бірінші, ал сана болмыстың бейнесі деп дәлелдеді.
Таным процесіндегі негізгі моменттер туралы да түрлі пікірлерді кездестіреміз. Осылайша, таным теориясында эмпириялық, рационалдық, иррационалдық,матералистік диалектика бағыттары пайда болды.
Эмпиризм танымның сезімдік немесе эмпириялық түрлерін негізге алады, рационализм теориялық танымға, абстрактілі ойлауға ерекше назар аударады, иррационализм затты толығымен тану құралы ретінде ақыл, ой интелектіне сезінуді қарсы қояды. Материалистік диалектика танымның күрделі диалектикалық мазмұнын санада бізден тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстардың бейнеленуімен байланыстырады, диалектика мен таным теориясының бірлігін, таным мен практикалық қызметтің өзара тығыз байланысын қолдайды.
Таным обьектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және оған тэуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның обьективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады.
Жоғарыда біз, гносеология - бұл таным теориясы деген едік. Сондықтан енді теория түсінігіне тоқталайық.
Теория (грек. theona - бақылау, қадағалау, зерттеу) - ойлаудағы ақиқаттың жалпы бейнелену формасы. Теория термині негізгі екі мағынада қолданылады. Кең мағынасында - ол ғылым, адамның практикалық қызметіне қарағанда жалпы таным, ал тар мағынасында, теория - белгілі бір қатаң формаға ие болған таным.
Анау немесе мынау обьектіні тану барысында адам оны сырттай түсіндіруге, оның жеке қасиеттерін белгілеуге ұмтылады. Обьектінің бағынатын заңдары ашылған соң, адам заттың белгілі бір ішкі логикалық құрылымға ие толық жүйесін анықтап, заттың жекелеген қасиеттерін біріктіріп түсіндіреді. Осылайша, алынған зат туралы жан-жақты, терең білім теория деп аталады. Кез келген ғылым теориядан тұрады (мысалы, қазіргі физика - кванттық теория, салыстырмалы теория, элементті бөлшектер теориясы, т.б.).
Теория обьектісі тек ақиқат құбылыс пен заттар ғана емес, сонымен бірге теорияның өзі де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда теория туралы теория метатеория деп аталады. Ешқандай теория зат туралы аяқталған абсолютті танымды бере алмайды. Дамып бара жатқан таным жаңа фактілерді, ережелерді, заңдарды тауып отырады.

2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасының негізгі аспектілері
Педагогикалық зерттеу әдіснамасы дегеніміз ғылыми-танымдық педагогикалық іс-әрекеттің амал, тәсілдері мен түрлері, құрылымдық принциптері туралы ілім.
Ғылыми зерттеу әдіснамасы аспектілеріне:
ғылыми танымның философиялық тұжырымдамасының жетекші идеялары болып табылатын кез келген ғылымның жалпығылыми әдіснамалық негізі; диалектика заңдары, нақты әлемді, болмысты зерттеудің диалектикалық әдісі, яғни материалистік диалектиканы, гносеологияны (таным теориясы), логика мен ғылыми шығармашылық теориясы;
ғылыми зерттеуге әдіснамалық тұрғыда қарау;
ғылымның нақты саласының әдіснамалық постулаты;
ғылымның нақты саласының әдіснамалық постулаты;
зерттеуші ғылыми ізденіс пен практикалық іс-әрекет барысында басшылыққа алатын нақты ғылыми мәселенің әдіснамалық постулаты жатады. Бұлай бөлудің негіздемесі жалпыдан жалқыға өту қағидасы болым табылады.
Ғылыми зерттеудің әдіснамасы туралы айта келе, біз әдіснамалық негіздер, әдіснамалық тұрғыда қарау, әдіснамалық мәселелер, әдіснамалық постулаттар сияқты ұғымдарды атап көрсетеміз.
Кез - келген ғылыми пән, зерттеу немесе оқу пәні барлық осы әдіснамалық аспектілерге сүйенеді. Жоғарыда аталған аспектілерге кейінірек тоқталамыз.
Себеп пен салдар - пәнаралық байланысты көрсететін, бір құбылыс (себеп) екіншісін (салдар) қажеттілікпен тудыратын философиялық категория. Әрбір құбылыс немесе оқиға салдарды тудырады, бұл салдар өз кезегінде себеп болып басқа салдарды тудырады. Мәселен, барлық қолданыстар үшін жеткілікті негіз заңы себепті белгілейді, соған сүйеніп заңды түрде белгілі бір құбылыстың бар немесе жоқ екендігін шығаруға болады. Сөйтіп, егер жалпыфилософиялық ережелер, диалектика ережелері, таным теориясы (гносеология) ғылыми зерттеудің дәстүрлі әдіснамалық негізі болып табылады, тіпті егер олар жұмыс кіріспесінде белгіленбей жобаланса да, онда зерттеуге қойылған мәселенің шешілу шарты, жолдары, тәсілдері және гипотезаның дәлелдемесі осы негіздің салдары болып табылады.
Әдіснамалық амал түсінігі дәстүрлі әдіснамалық негіздемелерге қатысты теориялық жаңа жасалымдар болып табылатын әдіснамалық бағыт, әдіснамалық позиция (лат. Position - ереже, көзқарас) ретінде түсіндіріледі. Егер ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізі кез-келген ғылым саласындағы зерттеулер үшін тұрақты, қажетті, инвариантты болып қалса, онда ғылыми даму үдерісінде әдіснамалық амал пайда болады, уақыт өте келе олардың біреуі ескіреді, кейде бұрынғы бар нәрселерге қарама-қайшы жаңалары пайда болады.
Э.Г.Юдин амал түсінігін зерттеудің принципиальды әдіснамалық бағдарлау, зерттеу нысаны ретінде қарастырылатын көзқарасы сияқты, зерттеудің жалпы стратегиясына басшылық ететін ұғым немесе принцип ретінде анықтайды.
Ғылыми - педагогикалық зерттеудегі негізгі әдіснамалық амалдар:
жүйелі-құрылымдық
синергетикалық 3)аксиологиялық 4)антропологиялық
герменевтикалық
феноменологиялық
ізгілікті
мәдениеттанулық
эзотериялық
Әдіснамалық мәселер- қойылуы мен шешілуі басқа бір әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелерді негізделіп қойылуы мен шешілуі үшін қажет мәселер болып табылады. Бірақ барлық мәселеде белгілі қайшылықтар болатынын ескере отырып, әдіснамалық мәселеде таным нысаны (мәселен,педагогикалық) мен қайта жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан дамыту
Таным – шындықтың бейнеленуі
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Пәндер