Монополияға қарсы заңдар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе.

І. Монополиялының қоғамдық зияны.

  1. Монополияның сипаты.
  2. Монополияның зияны, пайдасы.

ІІ. Монополияға қарсы заңдар, қызметі.

2. 1. Монополияға қарсы заң негізі.

2. 2. ҚР монополияға қарсы заң актілері.

2. 3. ҚР антимонополиялық комитет, қызметі.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиет.

Кіріспе.

Монополияны талдауда «монополия ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан («моно» - біреу, «полео» - сатамын) шығару дұрыс емес. нақты өмірде рынокта бір ғана фирма - тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес.

«»Таза» монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, «жетілмеген бәсекелес» - П. Самуэоьсон, «баға іздеуші» - П. Хейне.

Жетілген бәсеке деп, басты бақылаушысы тұтынушының мүддесі болып табылатын рынок деп түсіну керек. Өндірушілер сатып алушылардың қалған заттарын шығара отырып, сол тұтынушылардың талғамдарына сергектікпен қарайды және олар бір-бірлерімен бәсекелестікте болғандықтан тауарларын мүмкін боларлықтай ең төменгі бағамен өткізуге тырысады. Егер өндірістегі немесе өнім таратудағы өзгерістер кез келген тұтынушының немесе сатушының (ешкімнің де осы жағдайға дейінгі күйлерінен төмендетпестен) жағдайларын жақсарта алмаса, рынок сол кезде тиімділікте болып шығады. Қоғамның әл-ауқаты әбден жақсарады, себебі ресурстар барынша тиімді пайдаланылады, ал өнім шығарудың көлемі оңтайлана түседі.

Монополиялық бағаның құрылуы, сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені монополист өзі шығарған өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді пайдалануға болар еді. Міне сондықтан монополия жұмысын реттеу үшін антимонополиялық комитет құрылады.

Монополиялының қоғамдық зияны.

Монополияның сипаты.

Монополия - бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы.

Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі «таза» монополия болмайды. П. Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.

Монополияны талдауда «монополия ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан («моно» - біреу, «полео» - сатамын) шығару дұрыс емес. нақты өмірде рынокта бір ғана фирма - тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес.

«»Таза» монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, «жетілмеген бәсекелес» - П. Самуэоьсон, «баға іздеуші» - П. Хейне.

Жетілген бәсеке және «таза» абсолютті монополия екі логикалық шекті, қарама-қарсы рыноктық жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар. Бұл үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдласын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.

«Таза» монополияның абстрактілі жағдайлары мынадай маңызды сипаттармен ерекшеленеді.

  1. Монополист деген жақын субинституттарда (яғни, өзара алмастыратын тауарлар) жоқ тауарды жалғыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы жоғарыда айтылды.
  2. Монополист - сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы пайымдау оғаш көрінуі мүмкін. өйткені үйреншікті түсінікте монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты. Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түсіну үшін жетілген және жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.

Жетілген фирма «өндіруші» рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға - баға деңгейін рынок белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндіріс көлемін іздеу арқылы көбейте алады.

Жетілмеген бәсекелік жағдайында монополистің бағаға белгілі бір билігі бар. Баға деңгейінде бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формаларына байланысты әр түрлі. Бірақ бастысы - монополист саналы түрде пайда ең жоғарғы болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұнайда сұраныс қызметі белгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайлы деп болжанады. Ал, егер сұраныс икемділігі категориясын еске алсақ, мынадай заңдылық бар: егер баға өссе, онда сұраныс (басқа шарттылықта) төмендейді және керісінше, баға төмендесе, сұраныс өседі. Егер «таза» монополист барлық рынокты басып алса, онда ол қосымша көлемде өнім сату үшін, бағаны төмендету керек екенін біледі. Бұл факт монополистің бағаға билігі абсолютті емес екенін тағы да қуаттайды, ол өзінің сыртынан бәсекелестерінің оның тауарының субинституттарын өндірушілердің тынысын сезінеді.

Монополияның түрлері:

  • табиғи монополия;
  • жасанды монолия.

«Монополияның үш негізгі көзі бар: «техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім… қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жо жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады». (М. Фридман - Капитализм және бостандық) . Жетілмеген бәсекемен салыстырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады.

Таза монополия - бір сатушы. Таза немесе жетілген монополия - бір фирма, көп сатып алушылар;

Монополия өнімі таңғажайып, оның теңдесі жоқ. Сатып алушы үшін балама жоқ. Таза монополист тауар мен игі қызметтердің бғаларына билік етеді. өнімге сұраным жүрмей тұрған кезде бағаның өзгерісін жасап, ұсынылған өнімнің санымен амалдау, яғни ол баған бақылайды. Монополист өз саласына басып кіру қаупін тудырған жаңа фирмаларға стратегиялық инвестицияны жүзеге асыру арқылы қасарыса жауап қата алады.

Монополияның зияны, пайдасы.

Бәсеке деген ұғымға тоқталайық. Бәсеке - рыноктық қатынас субъектілері арасындағы күрестің немесе бақталастықтың қоғамдық формасы. Бәсеке мақсаты - өндіріс факторлары мен тауарларды таратуға апаратын жақсы жағдайларды ұйымдастыру арқылы қосымша таза табыс алу. Бәсекелестік күрестің негізгі әдістері болып: баға және бағадан тыс бәсекелестік саналады.

Бағадан тыс бәсеке - бұл төменгідей жолдармен қосымша таза табыс табу үшін кәсіпкерлер арасындағы күрес:

  • ең жаңа технологияны қолданып, соның негізінде жаңа және жоғары сапалы тауарлар мен игі қызметтерді шығару;
  • ұқсас тауарлар жасау;
  • сатып болғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсетуді жақсарту;
  • өз тауарларыңды жарнамалдау.

Баға бәсекесі - бұл мынадай жолдармен таза табыс алу үшін фирмалар арасындағы күрес:

- өндіріс шығынын азайту және, тиісінше, ассортименттер және тауарлар мен игі қызметтердің сапаларын өзгертпестен бағаны төмендету.

Жетілген бәсеке деп, басты бақылаушысы тұтынушының мүддесі болып табылатын рынок деп түсіну керек. Өндірушілер сатып алушылардың қалған заттарын шығара отырып, сол тұтынушылардың талғамдарына сергектікпен қарайды және олар бір-бірлерімен бәсекелестікте болғандықтан тауарларын мүмкін боларлықтай ең төменгі бағамен өткізуге тырысады. Егер өндірістегі немесе өнім таратудағы өзгерістер кез келген тұтынушының немесе сатушының (ешкімнің де осы жағдайға дейінгі күйлерінен төмендетпестен) жағдайларын жақсарта алмаса, рынок сол кезде тиімділікте болып шығады. Қоғамның әл-ауқаты әбден жақсарады, себебі ресурстар барынша тиімді пайдаланылады, ал өнім шығарудың көлемі оңтайлана түседі.

Жетілген бәсекенің өмір сүруін көздейтін келесі жағдайларда белгілі бір рынокта бәсекелес әрекеттің туу ықтималдығын болжағанда пайдалы болмақ:

  1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болулары.
  2. Рыноктағы бір сатып алушының сатып алған немесе бір сатушының сатқан өнімдерінің саны осы рыноктағы сатылған жалпы санмен салыстырғанда соншалықты аз, ол санды өзгерткеніңен, ол дәл сол рыноктағы бағаға ешқандай ықпал ете алмайды.
  3. Өнім біртекті болып, бірде-бір сатып алушының бір сатушыны өспеттеуіне және керісінше теріс пиғыл білдіруіне себеп жоқ.
  4. Барлық сатушылар мен сатып алушылар рыноктағы баға туралы және сатылып жатқан өнімдердің сипаттамасы туралы ең соңғы мағлұматтарды біледі.
  5. Рынокқа ену секілді, одан шығуға да толық еркіндік бар.

Рыноктың бұл жағдайлары не себепті бәсекеге ықпал ететіндігін қысқаша талдау мынаны көрсетеді. Сатушылар көп болса бірде-бір өндіруші сол тауардың өндірілуі мен таралуына байланысты шығындарынан асып түсерліктей (инвестицияланған капиталға келген таза табысын қамтый отырып) баға қоя алмайды. Егер өте жоғары баға қойса, сатып алушы тікелей ол сатушының бәсекелесіне тартады. Рынокқа шығу мен одан кетудің жеңілдігі өте маңызды нәрсе, өйткені солардың арқасында инвестиция тартымды болып кетеді: рынокта «қаңтарылып» тасталған фирма, сатылып та кете алмайды, оның тартымдылығы да аз, ал сол рыноктағы фирманың рынокқа шығуының оңайлылығы фирманың тауар санын аз өндіріп және бағаны бірлесіп немесе жекелеп көтеру мүмкіндігін шектейді.

Жетілген бәсеке билік еткен, рыноктың жұмыс істеу механизмін көрсету үшін мынадай мысал келтіруге болады. Стандарттанған өнім - сүт шығаратын әлдебір мықтымсынған өнеркәсіпте дайындығы мықты 100 сатушы және 500 хабардар сатып алушы әрекеттенеді. Жеке бірде-бір сатушы (немесе сатып алушы) сүттің бағасына ықпал ете алмайды, себебі олардың әрқайсысы рыноктың болымсыз ғана бөлшегі болып табылады. Егер рынок өзгермесе (шығындағы өзгерісті, тұтынушылардың талғамдарын және т. б. көрсетіп) баға біркелкі болады. өнімнің біртекті болуына орай сатып алушылар өздеріне өте қолайлы бағалар мен игі қызметтерді ұсынатын сатушыларға клиент болады. Бұның өзі сатушылардың өз тауарлары мен игі қызметтерін жақсартып, сонымен қатар олардың салыстырмалы түрде айтарлықтай төмен бағаны қамтамасыз етулеріне итермелейді.

Жетілген бәсеке тұтынушылар үшін қолайлы, себебі ресурстар тиімді пайдаланылады және бөлінеді. Былайша айтқанда елеулі сәттерді еске алу (қайталау) әрқашанда пайдалы, біз де солай етеміз. Жетілген бәсекелі рынокта жеке фирмалардың қызметтері өндірілетін тауарлардың санын реттеуші секілді болып көрінеді. Бірақ фирмалар шеккен шығын деңгейінде сатады және тек инвестицияланған капиталға ғана толымды таза табыс алады. Әрбір фирма рынок бекіткен бағаны қабылдайды. Бірде-бір фирма өнім шығаруды өзгерте отырып бағаға, немесе өзгерте отырып өнім шығаруға ықпал ете алмайды. Әрбір фирма өз өнімдерінің көлемін өзгерте отырып (сатылатын тауарлар санын көбейтуге немесе азайтуға), оның шектеулі шығындары рыноктық басымдылықтағы бағаға теңескенге дейін таза табысты ұлғайта беруге тырысады. Бұл жағдайда бәрін анықтайтын фигура тұтынушы болып шығады. Бәсекелі рынокта фирмалар рыноктық бағаның өзгеруіне көңіл қояды (оны билеп, төстемейді) . Сонымен еркін рынок жүйесі жекелеген фирмалардан тиімділікті талап етеді және бірде-бір фирма монополиялық таза табыс алмайды.

Жетілген бәсеке теориясы өте аз сандағы рыноктарды сипаттайтындығына қарамастан (егер жалпы алғанда ондай рыноктар өмір сүреді деп ойлайтын болсақ) өте маңызды мәнде болып келеді. Бұл теорияның ережелері мен тұжырымдары бәсекедегі рынок қалай жұмыс істейтіндігін және ол қандай пайда келтіретіндігін айқындайды. Мұның сыртында ол рыноктың жұмыс істеу тиімділігін өлшеу үшін белгілі стандартты қамтамасыз етеді. Жетілген бәсеке шарттары (сатушылар мен сатып алушылардың көптігі, рынокқа қатысудағы шамалы үлес, біртекті өнімдер, жетілген ақпарат және рынокқа шығу мен одан кетудің оңайлығы), сондай-ақ бәсекелік әрекеттердің сөзсіз болатындығын болжамдау кезінде де пайдалы. Екінші жағынан бұл шарттардың болмауы рыноктың бәсекелестік әрекетіне қалайда кедергі келтіреді деп айтуға болмайды. Көптеген салалардың тәжірибелері көрсетіп отырғандай (мысалы, азаматтық ұшақтар жасау), егер, тіпті, рынок жоғары дәржеде шоғырлануымен сипатталынса да қарқынды бәсеке алға шығады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл шарттар жетілген бәсекені айқындай алмайды және бәсекелестік күрес сөзсіз немесе боулы ықтимал жерлерде долбар болмайды.

Сонымен, «бәсеке, егер оған кедергі келтірілмесе ол өнімнің өндірілуіне жағдай жасайды: біріншіден, кім де болса, нені болса да өндіріп және оны сатып алу үшін таза пайдалы тиімді бағамен сата алатын болса, екіншіден, соның бәрін жасай алатын адамдар арқылы өндіріп, болмаған жағдайда, тағы біреулер секілді әбден арзандатып (тіпті, сол бір әлдекім, бәлкім, сол өнімді шығармайды да), және, үшіншіден, барлығы ең төменгі бағамен сатылатын болады (немесе, аз мөлшерде төменгі бағамен), іс жүзінде сол тауарды сатпайтын кісі солай деп баға белгілеуі мүмкін. 1

Монополиялық бағаның құрылуы, сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені монополист өзі шығарған өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді пайдалануға болар еді.

Ғылыми айналысқа «өнім даралануы» ұғымын енгізген Э. Чемберлиннің жұмыстарының маңызын атап өткен жөн. Рыноктағы монопольды билікті Э. Чемберлин бәрінен бұрын сатылып жатқан тауарлардың ерекшеліктері мен сипатын ескереді. Ол сатушы мен сатып алушының рыноктық қатынастарының белгілі дәрежеде өнімнің сипатына байланысты екеніне көңіл аударады. Өнім дараланған жағдайдағы монополия бағаға қайсыбір билік ретінде сипатталады. Сондықтан сұраныстың баға бойынша илікпелілігі сияқты факторы ерекше маңызды болады. Жетілген бәсеке жағдайында тауарлардың біртектілігінде қандай да бір форманың өніміне сұраныс абсолютті икемділігімен сипатталады, өз өніміне бағаны өсіріп сатушы ештеңе сата алмайды, ол төмендетіп қалай болса да көп сата алады. Неге? Өйткені рынок «белгілер» бағада өз тауарына бағаны көтерудің ешқашан мәні жоқ. Егер айналада дәл сондай, бірақ бағасы төмен тауарлар көп бағаны төмендете отырып (қалыптасқан рыноктық бағадан төмен) сатушы, әрине, өз тауарын жеңіл өткізеді. Бірақ бұл операция да мәнсіз. Баға неге төмендетіледі егер өзінің барлық өнімін қалыптасқан рыноктық бағамен сатуға болатын болса?

Монополист-фирманың рационалды тәртібі оның ең жоғарғы пайда алуға ұмтылатынын көрсетеді. Сондықтан монополист фирма жалпы табыспен жалпы шығындардың айырмашылығы барынша үлкен болатын баға мен өндіріс көлемін орнықтырады. Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы. Сұраныс қисығына ілесе отырып, монополист бағаны төмендетіп, сату көлемін ұлғайтуы мүмкін. Жетілген бәсеке жағдайында фирма сату бағасын төмендетпей өз өндірісін ұлғайтады. өндіріс шығындар мен табыстар тепе-теңдігіне жеткен сәтке дейін ұлғаяды. Жетілмеген бәсекелес те сол ережені басшылыққа алады. Жетілмеген бәсеке жағдайында монопольді пайда «қарапайым» пайданың деңгейінен асып түседі. Рационалды түрде әрекет етуші фирма қоғамдық мүдделер «үшін» өндірістің ұлғаюы қосымша табыстарға қарағанда ол үшін үлкен қосымша шығындар орын алатынын дұрыс жағдай деп есептемейді.

Қоғам өндірістің үлкен көлемі мен жеке өнімге аз шығындарға ынталы. Шығарудың өсуі кезінде орта шығындар азаяр еді, бірақ онда қосымша өнімді өткізу үшін не бағаны төмендету, не сатуды ынталандыратын шығындарды көбейту керек. Бұл жол жетілмеген бәсекелес үшін жарамайды. Ол өз рыногын бағаны төмендету арқылы «бұзғысы» келмейді. Фирма бағаға себепші болатын белгілі бір тапшылық жасайды. Жетілмеген бәсеке рыногы үлесінде монопольді пайда жетілмеген бәсеке белгіленген әдеттегі пайдадан артық пайда ретінде түсініледі. Монопольді пайда жетілген бәсекені бұзу ретінде, рыноктағы монопольді фактордың көрінісі ретінде көрінеді.

Маңызды сұрақ: бұл артық пайда «қарапайым» пайдадан көп қаншалықты тұрақты сақталады? Ол осы салаға жаңа фирмалардың ену мүмкіндіктеріне байланысты. Жетілген бәсеке кезінде қосымша пайда салаға (әдеттегіден жоғары) жаңа фирмалардың көптеп енуіне байланысты тез жоқ болып кетуі мүмкін. Егер салаға ену тосқауылдары жеткілікті жоғары болса, онда монопольді пайда тұрақты сипат алады. Жетілген бәсеке өндірістің барлық факторларынының бір саладан екінші салаға еркін жағдайында, неоклассикалық мектеп аты көрсеткеніндей, «нөлдік пайдаға» деген тенденция анық көрінеді. Нөлдік, пайданың жоқ болуы емес, тек пайданың әдеттегі деңгейде болуы.

Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы жақтарымен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Рыноктық процестердің дайындықсыз жүруі шаруашылық өмірдің кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады. «Өзімен өзі болған» жетілген бәсеке, жетілмеген бәсекеге айналады. Монополия - бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді. Ал бұл билік әр түрлі алғы шарттарға негізделуі мүмкін, салалық өндірістің басым бөлігін басып алу (капитал мен өндірістің шоғырлануы мен орталықтануы) рынокты және баға деңгейін бөлу, жасанды тапшылықтар жасау т. б. құпия және ашық келісімдер жасау.

Монополияға қарсы заңдар, қызметі.

Монополияға қарсы заң негізі.

Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірибені шектеп экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған.

АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан таризхы быр. Ол «үш китке», үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:

  1. Шерман заңы (1890 ж. ) . Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғаз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімген келуге тыйым салады.
  2. Клейтон заңы (1914 ж. ) - өткізу саласындағы шектеу іс-әрекеттеріне, баға алалаушылығына (барлық жағдайда емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.
  3. Робинсон-Пэтмэн заңы (1936 ж. ) - баға алалаушылығы «баға қайшысы» т. б. сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салды.

Шерманның 1890 жылғы Заң актілері. Оның негізгі екі бабы мыналар:

§1: Әрбір шарт, трест формасындағы немесе басқа формадағы бірлестік немесе бірнеше штаттармен немесе басқа елдермен арадағы сауда еркіндігін шектеу мақсатындағы құпия келісім заңды бұзу болып жарияланады (айыппұлмен немесе түрмеге қамаумен жазаланатын қылмыстық іс болып саналады) .

§2. Кез келген алам, монополиялаушы немесе монополиялауға тырысқан, я болмаса., сауданың қай саласында болмасын немесе бірнеше штаттармен немесе басқа елдермен монополия туралы кез келген басқа адамдармен бірлесу немесе келісу қылмыстық іс жасаған болып саналады (және сол үшін жазаланады) .

Конгресс Шерман Заңын сауданың шектеулі еркіндігін бағалау үшін жарамды стандарттарға жалпы құқық соттарының көзқарастары пәрменді өзгеріп тұрған кездерде бекітті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антимонополдық әдістер
Қазақстан Республикасының антимонополиялық реттеу
Монополияға қарсы - заңдар және экономиканы реттеу
Монополияның ерекшеліктері
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Монополия түсінігінің негіздері
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Монополия және монополиялық билік
Жабық монополия
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz